Қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесінде қолдану әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

Бастауыш мектептің оқыту процесінде ұлттық ойынды қолданудың теориялық негіздері.

1. 1 Бастауыш сыныптағы оқыту әрекетінің ерекшелігі

ІІ. Қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесінде қолдану әдістемесі

2. 1 Қазақтың ұлттық ойындарын оқу процесінде қолданудың тәжірибелік әдістемесі. .

2. 2 Қазақ мектептерінде ұлттық ойындарды оқу процесінде қолдану жағдайы

2. 3 Ұлттық ойындарды оқу процесінде қолданудың тиімділігінің эксперименттегі нәтижесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Еліміздің дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі білім беру саласына жаңа талаптар қояды. Бұл талаптарды жүзеге асыруда нарықтық экономика талаптарына өз мүмкіндіктерін үйлесімді ете алатын, мәдени-әлеуметтік жағдайларға бейімделу қабілеті бар болашақ ұрпақтың қажеттігі белгілі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру» деп белгіленген . Сол сатылардың бірі мектепке дейінгі ұйым және ондағы педагогиклық процесті, баланың жетекші әрекеті ойынды дұрыс бағытта ұйымдастыру арқылы жүзеге аспақ.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келе, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағын сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерлерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады».

Ойынның негізгі ерекшелігі балалардың қоршаған өмірде - адамдардың өмірін, қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылдарынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, метро станциясы да, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі - оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Ойын процесінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен роль атақарады. Сөйлесе жүріп баллар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.

Зерттеу мақсаты: Кіші мектеп жасындағы балалардың ойын әрекетінің теориясын және қазіргі балалар өміріндегі орнын зерттеу

Зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балалардың ойын әрекеті

Зерттеу пәні: кіші мектеп жасындағы балалардың ойын әрекетін

ұйымдастыру процесі

Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасы мемлекеттік құжаттары; көрнекті философтардың, психологтардың, педагогтардың жеке тұлғаның дамуындағы ойынның рөлі туралы еңбектер

1 Бастауыш мектептің оқыту процесінде ұлттық ойынды қолданудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сыныптағы оқыту әрекетінің ерекшелігі

Бастауыш сыныпта білім беру, тәрбиелеу мәселелері, ең алдымен педагогика ғылымдарының заңдлықтарына бағыталады. «Дидактика» гректің «дидактос» деген сөзінен қалыптасқан, мазмұны - үйрету, білдіру ұғымдарына жақын. Сондықтан дидактика баланың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру ақыл-ойын тәрбиелеу, білім берудің теориялық жолдарының амал-тәсілдерін қарастырады. Дидактиканың білдіру, үйрету, оқыту, негізінде әрбір жеке пәндердің әдістемесі жасалады. Бастауыш сыныптағы дүниетану, математика сабақтарының оқытылу тәсілдерінің негізінде осы пәндердің әдістемесі жасалады. Дидактикалық заңдылықтардың негіздері психологиялық негіздермен ұштастырылады. Бұл екеуін жеке бөліп қарастыруға болмайды.

Бастауыш сыныптардағы ғылым негіздерінің оқытылу, олардың теориялық негіздерін білдіру, меңгерудің заңдылықтары баланың психологиялық ақыл-ой қаблеттерімен бірлікте қарастырылады. Баланың дүниетанымын дамыту ойлауға баулу, берілген білімді саналы қабылдауға баулудың амал-тәсілдерінің негізі сабақ барысында қалыптастырылады.

Баланың ақыл-ойы дүниетаным қаблеті білім алумен, оқумен, іскерлігімен көрінеді. Бастауыш сыныптарда берілетін білім мазмұны белгілі бір пәннің бағдарламалық негіздерімен шектелмеуі керек. Оқыту процесінде теориялық және практикалық мәселелер оқу бағдарламалары мен тақырыптың жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша бірізділікпен бөлінеді. Жүйелілік және бірізділік ұстанымы бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетін дамыта оқыту процесінде оқушыларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге, күнделікті сабаққа жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Педагогикада оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен өз бетінше жұмыс істеу қаблеті - оқытудың дамытушы өзегі екендігі айталады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы нақты болып келеді, бұл оның өмір тәжірибесінің аздығына байланысты. Ал, балалардың өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретуде ойындардың маңызы зор. Білім негізі бастауыштан басталады десек, бастауыш сынып оқушыларының білімді, саналы, болып қалыптасуында ойындардың маңызы ерекше. Дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін арттырып, танымдық, әрекеттерін қалыптастыра алады. Бастауыш мектептердегі оқу әрекетінде ойын жетекші орын алады. Кез келген ғылым үшін ерте ме, кеш пе оның өзін-өзі біртұтас дүние ретінде танитын, өзінің әдістерін ойластыратын және фактілер мен құбылыстар арқылы өзі қолданатын түсініктерге назар аударатын сәті келеді, - деп Л. С. Выгодский әр кездәң даму жолдарының өзіндік ерекше, жаңа ғылыми қадамына назар салуды көздеген. Білімді жобалап, ягни, алдын-ала анықтап, мүмкін болатын бір бағытын кабілеттерді дамытуға саналы бағыттылуға ұмтылдыру, өмірлік іс-әрекеттерді өз бетінше және керкейту - оныц субъектісі болуын қамтамасыз ету.

Бала туралы айтқанда біз жас ерекшклік шектерін және оның өміріне, денсаулығына және даму мүмкіндіктерне қатер туғызбайтын жеке формаларын ескеріп отыруымыз керек. Қиын - мәдени-табиғи ескерілмеген бірде-бір айта алмаймыз. Біздің көз алдымызда бастауыш сынып оқушыларыньщ оқу үрдіснде өзбетіншілік шектері туралы көріністер шұғыл өзгеріп кетті. Бастауыш мектеп бағдарламасында жазылған дербес үйрену деп және үйрену ептілін тәрбиелеу талабы бүгінгі күні ешкімді таң қалдырмайды. Сонымен бірге үйрену епттілігінің болмауы, өз оқу іс-әрекетінің субъектісі бола алмау ересектің әділ наразылғын: бастауыш мектептерді бітіруде бұндай ептіліктерді меңгермеген бала орта мектеп жасында оқуды қояды, негативизм және невротизмнің жасөспірімділік қиындықтарын тудырады, ал кәмелеттік аттестат алғанда өзінің терең толмағандығын, өзгермелі әлемде езінің өмір сүруге дайын еместігн байқайды. Бастауыш мектеп бағдарламасында оқушының рефлексивті даму мүмкіндіктері туралы сабақ бұдан бірнеше жылдар бұрынғы бағдарламамен мүлдем сай келмейді ол кезде бұл сұрақ валюнтаристі болып көрінетін. Себебі, мұндай сұрақтың қойылуына бала туралы барлық педагогикалык білімдер қайшы болды. Калыпты бастауыш сынып оқытушысы ғылыми ұғымдарды қалыптастыруға да, қайтымды интеллектуалды операцияларды орындауға да кабілетті емес, әдеттегі эмпирик болып керінеді.

Бұл болжамды негінен ала отырып, бастауыш мектеп психологиясымен айналысатын ғалымдар қалыптастырушы эксперимент жағдайын пайдалана отырып жасаған еңбектері мынаны көрсетті: бастауыш мектеп окушыларының дамыған оқу іс-әрекетін жүйелі орындауы оларды теоретикалык санамен ойлау негіздерінің дамуына көп ретте әсер етеді. Соңғы жылдары біздщ еліміздеде бастауыш мектеп психологиясына деген қызығушылықтар қатарын көруге болады. Көптеген жаттығулар мен ойындар, мақалалар, монографиялар жарық, керуде. Көптеген оқытушылар мен психологтар оқу үрдісінде танымдық; процестердің дамуына ғана көңіл бөлу жеткіліксіз деген шешімге келді, сонымен қатар арнайы жаттығу, тренингтер, ойын сабақтарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау процестерін, киялдау, есте сақтау сияқты танымның тәсілдерін жетілдіре түсу керектігіне көп көңіл бөлінген.

Осы жұмыс процесінде кейбір жаңа бағыт бойынша тәжірибелер жинақталып, көбіне жеке сұрақтар арқылы ойын сабағын ұйымдастыру осындай тренингтің тиімділігін анықтайды. Танымдылықты көрсетуге бағытталған жұмыстарды ойын формасында жүргізген дұрыс. Қарапайым өмірден жеңіл материалдарды пайдаланып, балаларды мәселен шешуге, түрлі есептің шешу жолдарын қарастыруға болатын сәтсіздіктердің себептерн мойындауға, өзінің шешімін басқалардың жұмысымен салыстыру арқылы үйретуге болады.

Кейіннен балаларға күрделендіріп, оқу материалы түрінде беріледі.

I. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы принциптері.

1. Бұл оқушының кәдімгі сабақтарда екі жақты қиындытарға
кездесетіндігімен ерекшелінеді: бір жағынан, оларга оқылатын
материалдың өзі күрделі болып келеді (яғни, әдеттегідей таныс
емес), екінші жағынан, оған өзінің түсінігіне кұрылған материалды
игерудің әдіс-тәсілдері де қиындық туғызады. Нәтижесінде оны
игеру тәсілдері жеткіліксіз болғандықтан материал толық
игерілмейді, ал ол өз кезегінде ары қарай бұл әдіс-тәсілдерді еш
жерде пайдалана алмаған сон, оқылатын материал жеткіліксіз бола
береді. Осылайша, көптеген оқушылардың ерекше төмен үлгерімінің
бастамасы болып тұйық орта пайда болады, бала осы тұйық ортадан
өз бетінше шыға алмайды.

2. Тапсырманы орындаудағы әр түрлі бағыттардың өзара
алмасуы және әрбір оқушының танымдық процестерінің,
диапазонын кеңейту. Әдетте бала өзіне таныс, кенеттен пайда
болатын интеллектуалды әдістер жиынтығы қолданады, ол әдістер
жиынтығы бір жақты, тиімді емес, шектеулі, кейде қарапайым да
болуы мүмкін.

3. Балалардың интеллектуалдық ашылуы жене сабактың
жалпы эмоционалдық жағымды ортасын қалыптастыру. Бала үшін
оқуда кездесетіп қиындықтар - кебінесе мектедегі, сабақтағы ситуациялар стрессогендік факторлар болып келетін толық интеллектуалдық кедергілердің қатарымен жалғастырылады және бұл жағдайда шығармашылық белсенділігінің іске асырылуы мүмкін емес болады.

Сондықтан тренинг жағдайы балаға сабақ жайын аз мөлшерде еске түсіру керек. Басқа ортада езін еркін ұстап, өз құрбыларымен қатты күліп сейлесуге мүмкіндік беру қажет. Жетекші оларды әр уакытта ынталандырып, мақтап, жарыстың белсенділігін арттырып отыруы тиіс. Осындай жаңа, сабақтан тыс жағдай міндетті түрде болуы керек. Ескерте кететін жағдай, сабақты интеллектуалды ойындар мен мимикалық жаттығулар негізінде көру әрекеті сәтсіз болып келеді.

П. Дамытушы ойындардың жүргізілу реті. Көптеген балаларда оптималды Тізбектік көбінесе ойлаудың дамуымен, қиялмен, еспен байланысты болып келеді. Бұлар көбінесе қиялдың ойлау операциясымен байланысты тәсілдермен жүргізіледі. Егер де топта таным процестерінің, дамуы толық емес болса, онда сол топтагы мықты топтан басталады. Мысалы, балалар материалды есте сақтау мен жаңғыртуда қиындыққа душар болса, онда алдымен мимикалық жаттығулар жасап, сонан сон дамытушы ойынға кешу керек.

III. Ойын сабағына қатысушылардың жасы мен интеллектуалдық деңгейін ескеру керек. Тренинг топтарыныц ішінен барынша бір жастағы ойыншыларды алған абзал. Интеллект деңгейі бірдей балалар ойында бір-бірінен жауап күтіп, бастамшылық білдіріп, бір-бірінін жауабына бағытталады.

Ал әртурлі интеллектуалдық деңгейдегі балалардың жоғары деңгейдегілері стандартты жауап берсе, төмен денгейдегілері солардың стратегиясына бағынып, келесі сұрақты шешкенде соларға сеніп кетуі мүмкін.

Демек, балалардың интеллектуалдық деңгейін анықтау- ете қиын жағдай. Үлгерімнің көрсетуінше сүйеніп анықтау арқылы түпкілікті шешім шығару мүмкін емес. Орта үлгерімді балалар озат оқушыдан интеллектуалдық дамыған болуы мүмкін. Бүны топтағы балаларға аздап күрделілік мазмұндағы 2-3 сұрақтың нәтижесінде алуға болады. Сонымен қатар, әрбір топта бір немесе бірнеше ойынға қатыспай отыратын балалар кездеседі Бұл жағдайда алдымен сол ойыншыға жеке сұрақ қойып, оған жауап беруін талқылау арқылы қандай деңгейде екендігіне көз жеткіземіз.

Тәжірибеге сүйеніп, 7-10 бала ойыншымен жұмыс істеу нәтижелі болдады. Бұл өз инициативасын болдыруға және әр түрлі интеллектердің диапазонына да жақсы әсер етеді.

IV. Өткізілген сабақтардың тиімділігін ойын тапсырмаларын
орындаудағы нәтиженің динамикасынан, дәстурлі интеллектуалды
жене мимикалық тестерді орындау жетістіктерінен э оқушылардың
жалпы үлгерім динамикасы мен олардың белсенділік деңгейінің есуі
сияқты критерийлердің жиынтығынан көруге болады.

Кейінгі жылдарда алынған мәліметтер бойынша сабақ жүргізудің тиімділігі турлы жағдайларда белсенділік танытып, оқу процесне 12-13 реттеп қатысқан балаларда 96 пайызға дейін өскендігн байқалған, тестіні нәтижені орындауы 46 пайызға, оқуға қатысу белсенділігі мен үлгерімділік 50-70 пайызға көтерілгендігі анықталды.

V. Ойын сабағының келем! мен жүргізілу аралықтарына
келсек, нақты бекітілген сабақтың саны жоқ. Оның мөлшеріне
көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Бірақ нәтижелі қорытындыны
алу үшін ойын тапсырмаларын 2-3-тен кем бермеу керек. Мысалы,
ойлау төңіегіне 12-14 сабақ, қиялдауға 16-18, еске 8-10 сабақ
арналғаны орынды, сейлемдегі сөздердің орын тәртәбін жақсы менгеріп, қазақ тілндегі дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылану қажет. Ойын дәл, анық, түсінкті жеткізу оқушының сөздік қорының молдығына байланысты. Қазақ тілі сабағында да әрбір дыбысты, сездд анық, айқын айту, бірқалыпты орташа дауыспен оқу, буынға екпінді дұрыс түсіру, мәнерлеп оқи білу, т. б. шарттар қойылады. Әрине, оларды орындау үшш, мұғалімнің әр сабақты қызықты құрып (күні бұрын ойланып жоспарлауы, оқушыларға қойылатын талаптың, жаңа сабақтың мақсаты, т. б. ), сабақтың әр кезеңін әдістемелік талапқа сай жүргізуі қажет.

Тіл үйрену, тіл ұстарту оқушының ойлау кабілетімен тығыз байланыста болғандықтан, мұғалім олардың ойлау дағдысын жан - жақты дамытып, керкейтіп отыруы тиіс. Оқулық бойынша мектептің ішкі істеріне қатысты мәтіндерді еткенде, оларды тікелей оқушылардың өз жұмыстарымен (қабырға газеті, жолдастары туралы, үй ішіне жәрдем, т. б. ) байланыста түсіндіріп, соңында өздеріне айтқызған мақұл. Сонда ғана оқулықтағы материал оқушылардың күнделікті іс-әрекетімен ұштасып, оларға жаңа сөз, сейлем үйретуде үлкен жәрдемін тигізеді немесе жыл мезгілдеріне байланысты мәтіндерді еткенде, өз ана тілінен алған біліммен, күнделікті өз байқауларымен ұштастырылып, өздерінің жылдың қай мезгілін ұнататынына негізделіп үйретілген (ауызша, жазбаша) сөз, сөз тіркестері, сейлемдер оқушылардың естерінде ұзақ сақталады.

Мұғалімнің, міндеті - әр оқушы ойын қысқа болса да, өз бетінше айтып, жазып беруіне көмектесу, соған дағдыландыру.

Мүгалім осы талаптарды сабақ мақсатына қарай ұштастыра жүргізсе, оқушы қазақ тілін тәуір меңгеріп, өз ойын ауызша жеткізе алатын болады.

Ойын сабақтарын аптасына 2 реттен өту аралығы барлық қатынастарда ыңғайлы болады. Осылайша, балаларға бір жағынан, кеп салмақ түсірілмейді және уақыт жетіспеушілігін сезінбейді. Екіншіден, олар алған интеллектуалды дағдылар келесі сабаққа дейін ұмтылмайды, қызығушылықтары да жоғалмайды. Кейбір балалар ойын тапсырмаларын тренингте ғана емес, үйлерінде де қолданып, сабақ үрдісінде ұнаған кейбір ойын тапсырмаларын өз бетінше орындауы да мүмкін.

Әрине, оқушыларға арналған интеллектуалдық; тренингтерді ұйымдастырудың барлық; жақтарын бұ баяндамада көрсету мүмкін емес. Ойындарды нақты жағдайға байланысты, сабақтың етуіне, жас ерекшелігіне, балаларының жеке қасиеттеріне байланысты өзгертіп толықтыруға болады.

Бірақ; сабақ; түгелі мен ойын түрінде өтілмеуі тиіс. Балалардың іс-әрекетіне, проблеманы шешу түрлеріне жиі анализ жасап отыру қажет. Сонымен бірге ойын сабақтары барысында оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруға, өзінің сезімдерін, эмоциялық күйлерін емін-еркін айтуға үлкен мүмкіндік беру пайдалы.

Көптеген зерттеу нәтижелерә бұл бағыттың тиімділігін оқу практикасы барысында оқушылардың танымдық, іс-әрекетінің жақсаруымен ғана емес, өздерін еркін ұстауы, сенімділіктік болуы және оқуға деген мотивацияның жоғарылауынан, ішкі ойын жеткізе алмау мүмкіндіктері деңгейін, т. б. көптеген бастауыш мектеп оқушысына тән психологиялық даму критерийлерін көрсетеді.

1. 2 Ойынның теориясының қалыптасуы және оқу-тәрбие процесіндегі орны

Ойынның материалға, мазмұнына, ұйымдастыру формасына, баланың дербестігіне, оның қалыптасу деңгейіне байланысты бірнеше түрлері бар. Ойын туралы ХХ ғ. зерттеулер пайда болды. Тұңғыш рет ойын бала үшін еңбек деген пікірді неміс психологы-философ В. Вунд, орыс философы 1912 жылы Г. В. Плеханов өзінің еңбегінде көрсетті. Плеханов бұл проблеманы зерттейтін адамзат қоғамының бір өмірдің қалыптасуы деп түсіндірді. Сөйтіп өнер мен ойын арасында генетикалық жалпылық бар деп айтты. Плехановтың пікірі бойынша қоғам тарихында еңбек ойында белгілеп анықтайды. Плехов ойынның әлеуметтік мазмұнын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениет деп түсінеді.

Еңбек құралдары күрделенуіне байланысты бала ересек еңбегінен араласа алмаған себебі білімнің, біліктің, икемділікті талап еткен. Сөйтіп ересектер балаға еңбек әрекетінің жаттықтыратындай ойыншық дайындаған.

Алғаш рет Фребель ойынды тәрбие құралдарын көрсете жіктей білген. Оның пікірінше ойынды саралау принципін негізін ақыл-ойынның ықпал етуі (ақыл-ой ойыны)

2. Ішкі сезім ойындардың сыртқы орган (сенсорлық ойындар) .

3. Қимыл-қозғалыс ойындары (моторлық ойын),

К. Грос неміс психологы ойынның педагогикалық мәніне байланысты былайша жіктеледі:

1. қимыл-қозағлыс ойыны

2. ақыл-ой

3. сенсорлық

4. еркін дамытушылық

Ойынның үшеуін қарапайым қызметі бойынша топтасыратын ойындар. Екіншщі топ ойынның арнаулы қызметі бойынша «арнаулы» бұл ойындарға инстинг жетілдіру мақсаттары жатады. Оған отбасы, аң аулау, күту ойындары.

ТМД елдеріндегі мектепке дейінгі педагогика балалар ойынының жіктелуі баланың шығармашылығына және дербестігіне тұңғыш рет осы принциппен Ф. Лесгаф, П. Ресга бұл теорияны Н. Крупская жалғастырды. Лесгафтың пікірінше мектепке дейінгі педагогика жаңа балалардың жаңа әсеріне иметациялық әрекеттері көрініп ақыл-ой еңбегінің саналы түсінгендігін түсінетін кезең болып саналады.

6-7 жастағы баланың сыртқы орта туралы түсінігі ойын арқылы көрініп, мазмұны иметациямен беріліп. Ал ұйымдастырылуы бойынша дербестігін көрсетіп ешқандай ересектердің көмегінсіз. Ал мектепке келгенде арнаулы ұйымдастырылған ересек көрсетіп берген ойындар ойнайды.

Лесгаф балалардың ойынын 2 түрге жіктеген:

  1. иметациялық ойындар (еліктеу)
  2. қимыл-қозғалыс (ережелік ойындар)

Лесгаф әрбір ойынның түрінде педагогикалық ұйымдасуына белгілі бір білімі болып бала бақшада ұйымдасу қажетіне, сол сияқты «Баланы отбасында тәрбиелеу» жөнінде еңбек те балалардың 8 жасқа дейінгілері балалар үйінде тәрбиелеу. Балалар бақшасының аздығына байланысты қимыл-қозғалыс ойындары тек қана мектепте ғана ұйымдастырылады деді.

Н. Крупская осы принцип бойынша баланың ойынын былайша топтастырған:

1. шығармашылық ойын

2. ережелік ойын

Бала мен бала колликтивінің дамуында бастауыш сынып оқушылар іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын орасан зор роль атқарды.

Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатының, онда өмір құбылыстарының бейнеленетінін атап көрсете келе, ол алдымен ойынды қоршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің құралы деп білді. «Бастауыш сынып оқушылар үшін - деп жазды ол, - ойынның айрықша маңызы бар, ойын олар үшін - оқу, ойын, олар үшін - еңбек, ойын олар үшін - тәрбиенің мақсаты, формасы».

Ойын бастауыш сынып оқушылары үшін айналадағына танып білу тәсілі.

Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.

Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасйды. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттеріне: ғылыми-дидактикалық, материалистік дүниеге көзқарасты қалыптастыру; Ақыл-ой күштерін, яғни интеллектуальдық күш жұмсауға және ұзақ интеллектуальдық қызметке қабілеттілік жатады.

Дүниеге көзқарасты қалыптастыру ең маңызды негізгі адамды қоршап тұрған табиғат және әлеуметтік орта туралы ғылыми-материалистік білімдердің негіздерін игеру және адамды осы негізде дербес талдау жасауға және өзі өмірде кездестіруге тура келетін жаңа, бұрын өзіне мәлім емес табиғат пен қоғам құбылыстарын дидактикалық ойнауда ойлауды дамыту болып табылады.

Баланың ақыл-ой тәрбиесі процесіне қалыптасатын ғылыми дидактикалық материалистік көзқарастардың негіздері адамдардың табиғатқа және онда болып жатқан өзгерістерге қатынасын түсінуді, сондай-ақ қоғам дамуының заңдары мен табиғат пен қоғамды қайта өзгертуге халық бұқарасының тарихи ролін танып білуде қамтиды.

Сонымен балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастырудың ғылыми материалистік негізі өздері түрлі оқу пәндерін оқып үйренгенде алған табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары туралы білім негіздерімен қаруландыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны
Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды қолдану
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Дене тәрбиесі және спорт
Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері
Ұлттық ойындардың дене жаттығуларына әсері
Қазақ салт - дәстүрлері арқылы балаларға тәрбие беру барысы
Мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындарды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz