Қазақстанның инвестициялық саясаты
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ . ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Инвестиция туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Инвестициялық жобаны таңдаудың көрсеткіштері ... ... ... 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар ... ..14
2.2 Инновациялық экономикаға өтудегі инвестициялық саясаттың негізгі мәселелері ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі
1.1 Инвестиция туралы жалпы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік
инвестициялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..14
2.2 Инновациялық экономикаға өтудегі инвестициялық саясаттың негізгі
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 28
КIРIСПЕ
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген
өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында
экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн
арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет
етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары
және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн
стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-
қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды,
икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн
қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты
нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi
мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi
экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк
қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы
екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада
өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiндi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын
азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты
экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру
кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай
кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi
жоғарлату әдiстерiнi басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды
болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және
қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың
жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және
өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты
тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң
пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.
Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру
мәселесiнiң маңызы артуда.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республика Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2008 жылғы ақпан айындағы Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деген
жолдауында: Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы
жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың
келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50
елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын
қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты
стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек, - деп, атап көрсеткен болатын.
Елбасы ұсынған бұл құжатта республиканың даму серпінділігін айқындайтын
көптеген жобалар халықаралық қатысу арқылы іске асырылатыны атап
көрсетілген. Демек, инвестицияның қажеттілігі де, сол үшін елімізді
инвестициялық тұрғыда тартымды ету міндеті де өзекті бола түседі.[1].
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-
экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық реформалардағы жетістіктер,
табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып
табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды
елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді.
Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға,
халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды.
Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында
алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе
негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды
елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-
дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Инвестиция теориясының мән-мағынасын,
түрлерін, инвестициялау объектілерін анықтау. Сонымен қатар, Қазақстанның
қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқаратынын
көрсету.
Аталған мақсаттарды ескере отырып, курстық жұмысқа мынадай міндеттерді
шешу көзделді :
▪ Инвестиция теориясының әртүрлі анықтамалары мен көзқарастарын
талдау арқылы мән-мағынасын толық ашу;
▪ Оның экономикаға тигізер әсерін нақты мысалдармен атап көрсету.
▪ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты қарастыру.
▪ Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының инновациялық экономикаға
өтудегі инвестицияның маңыздылығына тоқталу.
Жұмыстың ақпараттық негізі. Курстық жұмыс жазу барысында ҚР
президентінің халыққа жолдауы, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді
басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен
алынған ақпараттар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Инвестиция туралы жалпы түсінік
Инвестиция – деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, акциялар және тағы
басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері,
кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интеллектуалды игіліктер,
жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу
мақсатында әлеуметтік жағымды эффект өсіру деп аталады..
Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызметті жүзеге
асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.
Инвестиция объектісі:
1. Мүлік инвестициясы (материалдық инвестиция) – инвестиция тікелей
өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция - құрал-жабдық,
материалдарға, құрылысқа)
2. Қаржы инвестициясы – қаржы мүлігін, басқа фирма жұмысына қол сұғу және
т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)
3. Материалды емес инвестиция – материалды емес құндылыққа инвестиция салу.
(кадрлер дайындау, реклама)[2]
Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік
және тікелей.
Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты
дивидендтер алу, тағы да сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық
береді.
Портфельдің пайда болуы ол – құнды қағаздар және тағы басқа активтерді
сатып алу арқасында пайда болды.
Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар жиынтығы, бұл
инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді.
Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және
әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар қағаздар кіруі мүмкін. (акция,
облигация, жинақталған депозит, сертификаттар, және т.б.)
Тікелей (реалды) инвестиция – мемлекетпен және жеке фирмамен
инвестицияны бір өндіріске құйылуы.
Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі
инвестицияны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды
жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)
Екінші компонент – инвестицияны товар – материалдық қорға құю, бұл
дегеніміз шикізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын немесе
өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал
қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар
капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.
Тікелей инвестиция тағы да ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаражаты өзінің өндіріс факторына
өзінің қаржы – қаражаттан қаржыландыру.
Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына,
инвестиция керек шаруашылық субъект.
Тікелей инвестицияға тағы да жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға
болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені
ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады[3].
Ұсталыным сипаты бойынша:
Бірінші инвестициялар немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды
құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.
- Экстенцивті инвестиция: бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін
ұлғайтады.
- Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа
құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл
кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.
- Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал – жабдықтарды, жаңа құрал-
жабдықтарға ауыстыру.
- Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және
технологиялық процестерді модернизациялау.
Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:
- Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын
ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және жаңа өткізу
орындарын табу.
Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу,
кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.
Брутто инвестиция: ол нетто – инвестициямен реинвестициядан тұрады.
Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар
шығару түрінде, жаңа қызмет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен
байланысты.
Венчурлық капитал инвестициясы бір – бірімен байланысты емес
объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал
салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы
акциялардың конверсиялық құқығы бар[4].
Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын
кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді.
Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік,
кәсіпкерлік[5].
Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы жоғары және басқа
фирмалармен тығыз байланыста болады.
Уақыт факторы бойынша:
- Қысқа мерзімдік инвестицияляр
- Ұзақ мерзімдік инвестициялар
Аннуитет – инвестиция, әрбір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып
келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру
компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады.
Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу
мақсатында оларды құяды[6].
Анри Кульман – жанама және тікелей инвестициясы.
Франция экономика мектебінің көрнекті ғалымы – Анри Кульман
инвестицияның класификациясын, проблемасын мүлде басқа аспектте қараған. Ол
жанама инвестиция (ақшамен), ал тікелей инвестицияны (ақшасыз) жасауға
болады деп ойлаған.
Екінші түрде еңбек өнімін тікелей өндіру құрылымына ауыстыру,
капиталдың ақшалай форма кезеңіне аттап кету. Бұндай инвестицияның
механизімі көбінесе ауыл шаруашылығанда жасалады. Мысалы: фермер ірі – қара
малмен өз отарында бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес,
одан көп бұзаулар алу ұшін қолданады. Олар оз отарының санын ұлғайтуға әсер
етеді. Бұл кезде тікелей инвестициялау жүргізіледі.Сондай-ақ бақташыны
алсақ, ол да өзінің барлық гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75%
сатады, ал 25% тұқымға кетеді, яғни өзінің шаруашылығын ұлғайтады [7].
Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа
ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта
бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық
белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер”
атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет
ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын
инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды[8].
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол
Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның
нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк
қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп,
өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да
меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана
жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде
түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция - “өндiрiс шығындары
және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни
өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы[9].
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ
жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi
басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн.
Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана
емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны
тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық
қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда
капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде
болады[10].
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi
салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни
меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа
да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты
инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық
сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса
назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы
ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды,
яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi
кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi
мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып
алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға,
пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп
түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-
әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға
бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi
кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын
сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы
салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк капиталын –
негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы
бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi
құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға
қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен
ұйымдар жасайды.
Жаңа Өндiрiстi Тиiмдiлiктi Мемлекеттiк
өндiрiстi кеңейтуге арттыруға басқару
құруға бағытталған бағытталған органдарының
бағытталған инвес-тициял инвес-тициял талаптарын
инвестициялар ар ар орындауға
бағытталған
инвестициялар
Тәуекелдiлiктiң жоғары Тәуекелдiлiктiң төмен
дегейi деңгейi
Сурет 1. Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс [11]
Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші
болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады.
Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты
талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол
экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін
өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы
инвестициялық тартымдылыққа өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығы
тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің ұтымды жолдарының бірі
инвестициялық тиімділікті бағалауды өте дұрыс есептеу шарт. Шаруашылық
қызметтің негізгі шарттарының бірі болып, өндірістің барлық элементтерін
ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру. Шетелдік тәжірибеде инвестициялық
тартымдылықты арттыру көбінесе инвестициялық жобаларды ғылыми негіздеп, іс-
тәжірибеге лайық, сондай-ақ макродеңгейдегі болатын өзгерістерге барынша
төтеп бере алатын жобалар әзірлеумен анықталады[11].
1.2 Инвестициялық жобаны таңдаудың көрсеткіштері
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке
қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау,
инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған
қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан
инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға
топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты
ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк
қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың
шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай
инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе
құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай
инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын
немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды
қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа
нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру
мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi
экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары
жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған
жағдайда қолданылады[12].
Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай
тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма
жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай
алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару
болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен
байланысты, ал нарықпен қабылданған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн
жоғарылату (шығындарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң минималды
қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару мекемелерiнiң
талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвестициялар да
тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты. Толық ғылыми-техникалық
өндірістік циклді инвестициялауға болады немесе оның элементтерін
(сатыларын) – ғылыми зерттеулер, жобалық –конструкторлық жұмыстар, iс-
әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру
немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға
болады.Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту –
кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып
табылады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп
аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды
iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iске асырушы немесе заңды
тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-
әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар
және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-
әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар
немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және
заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды
тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық
ұйымдар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде
инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және
жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта
құрылымына мыналар кiредi:
- күрделi құрылыс ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы
өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
- инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады
потенциал iске асырылады;
- қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық
және қарыздық мiндеттемелер)[13].
Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика
деңгейiнде (макродеңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет.
Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни
тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң
сальдосы қарастырылады.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк
шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл
инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей
деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек
экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық
жүйе жағдайында жинақтардың иесi жеке тұлғалары екендiгiнiң принципиалды
маңызы жоқ, себебi бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында
мобилизацияланады[13].
Қазiргi жағдайда қаржылық қамтамасыз етудiң маңызды көздерiнiң бiрi
халықаралық экономикалық байланыстар арқылы келетiн қорлар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер
шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын
жасау үшiн бiрнеше альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне
ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай
жиi болады. Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың
бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен
шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады. [14]
Кәсiпорында инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық
қаржы бөлiнулер жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi
капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары
қалыптасады.
Табыстан төленетiн салықтар мен басқа да төлемдер төленгеннен кейiн
кәсiпорында таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн өндiрiстiк және әлеуметтiк
сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн.
Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде
инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет салаларын несиелеуге
тырысады.
Инвестициялаудың бағыттарының бiрi ретiнде лизингтi айтуға болады.
Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де
өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз.
Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң
құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды[7].
Бюджеттiк қаржы бөлiністері – бұл бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары.
Қазақстан Республикасының бюджетiнен қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк
орталықтандырылған капиталды салымдарды қаржыландыру, ол- объектiлер
құрылыс жұмыстарының бекiтiлген тiзiмiне және мемлекеттiк қажеттiлiгi бар
объектiлер қатарына енгiзiлсе ғана жүргiзiледi.
Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында
мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге
(мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және
экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң
тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы,
несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып
табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да
инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi.
Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның
рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi
және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.
Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң маңызын нарықтық экономиканың
iшкi тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей отырып, экономикалық саясаттың
Кейнсиандық теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық өндiрiс факторларын
жеткiлiксiз қолдану және тұрғындардың жұмыспен толық қамтылмау салдарынан
туындайтын ресурстарға сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен көрсетiледi. Сондықтан
Кейнс бойынша макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаты төлеуге араласуы
көмегiмен қол жеткiзетiн толық жұмыс бастылық болып табылады. Осылардың құн
өсiмiн қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде жалпы iшкi өнiм динамикасына
әсер етедi.
Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы
экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде
бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер)
деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы
деңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын
келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы – пайыз мөлшерi –
инвестиция – жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-
ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi[15].
Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк)
ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық
банк) өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және
мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.
Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек дамушы
елдерде ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған елдер де қолданады.
Мысалы, 80-iншi жылдардың бiрiншi жартысында АҚШ төлем балансының
жеткiлiксiздiлiгiн қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге,
әсiресе Батыс Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi
күрделенген жағдай экономикалық әдебиеттерде “өсiм ақы соғысы” деп атала
бастады.
Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. Өсiм ақыны
төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс
бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай
саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм
құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi
курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi[16].
Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр
факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп
факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы
(реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен
дәрежеде әсер етедi.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен
жөн:
1) Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;
2) Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Кәсіпорындарға шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет
қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және
акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды
халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция)
түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек
реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады.
Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа
заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген. Шетелдiк
капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу қызметтері
көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және инвестиция
түрiне байланысты жіктеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несие
беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң аралық
заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол қояды,
үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет несиенi
заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады.Бұл жағдайда мемлекет
ролi мынамен анықталады:
- ол кредитор, донор, гарант және заем берушi рөлiн атқара отырып,
халықаралық несиелiк қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады;
- мемлекеттiк несие беру бюджет құралдарын жинақтау жолдарымен жүзеге
асырылады;
- көптеген елдерде мемлекеттiк бюджет есебiнен кәсіпорындар мен
банктерге экспорттық несиелер берiледi;
- әлемдiк нарыққа сай қызмет көрсету үшiн жеке банктiк экспорттық
несиелерiне кепiлдiк беретiн сыртқы саудалық операцияларды несиеге
беру және сақтандыруды көздейтiн мемлекеттiк немесе жартылай
мемлекеттiк кәсіпорындар құруы мүмкін[9].
Кәсіпорындарға жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін елдің
саяси тұрақтылығы өте маңызды шарт болып табылатыны анық.

Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді
органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал
қалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз
ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай –
химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де
Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті,
агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ
өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ
құбырларын салуға жұмсалады.
Қазақстанның қазіргі инвестициялық жағдайына баға берер болсақ,
тәуелсіздік алған жылдардан бастап шетел инвестициясын өз экономикасына
тарту көлемі жағынан ТМД елдерінің ішінде көшбасшы қатарында. Сонымен қатар
елімізде жаңа салық және банк жүйесі құрылып, олар отандық кәсіпкерлермен
шағын бизнеске жан-жақты қолдау көрсете бастады. Ауылдық жерлерде де
экономика дұрыс жолға қойылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша орташа
табыс деңгейі бар мемлекеттер тобына кіреді. Сонымен бірге Қазақстан
Еуроодақ пен АҚШ-тың орынды мойындағанындай, бұрынғы Кеңестік одаққа
қараған мемлекеттердің ішінде рыноктық экономикасы қалыптасқан алғашқы
елдің бірі болып табылады. Ал енді дүниежүзілік банк Қазақстан
Республикасын инвестиция тартуға мүмкіндігі мол дүниежүзіндегі 20
мемлекеттің қатарына жатқызды. ТМД мемлекеттері арасында еліміз
инвестициялық рейтингке ие болды. Орталық Азия елдері бойынша алсақ, осы
өңірге келген барлық тікелей инвестициялардың сексен пайыздан астамы
Қазақстан еншісінде.
1993 жыл мен 2007 жылдың бірінші тоқсаны аралығында еліміздің
экономикасына құйылған шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 54,2 млрд.
АҚШ долларын құрады. Тек 2006 жылдың өзінде ғана 10 437,1 млн. АҚШ долларын
құрайтын шетелдік тікелей инвестициялар құйылды. Оның алдындағы жылмен
салыстырғанда бұл 57,7 пайызға артық көрсеткіш. [17]
Осылайша, Қазақстан экономикалық-саяси салада тұрақты дами келіп,
қазіргі уақытта сапалық жаңа деңгейге жетуге мүмкіндік алды.
Еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту, оны насихаттау мақсатында
іскер топтар өкілдерінің сапарларын, екіжақты кездесулер, бизнес-форумдар
және ынтымақтастықтың өзара тиімді басқа да шараларын ұйымдастырып отыруға
мән беріледі.
Осы салада жұмыс істейтін Инвестиция комитетінің жұмысының негізгі
бағыттарының бірі – инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын іске
асыру. Ол инвесторларға инвестициялық преференциялар беретін келісім-
шарттарды жасайтын, экономика секторына салынған инвестицияларды жүзеге
асыратын уәкілетті орган болып табылады. Ал преференциялар салықтық және
кедендік түрде беріледі.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының шикізаттық емес секторына
инвестицияларды тарту мақсатында шетелдік компаниялармен келіссөздер
ұйымдастыру және олармен мемлекеттік институттардың қарым-қатынасын
дамытуды өзара үйлестіру ісі де осы комитетке жүктелген.
Үшіншіден, бұл комитет Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Шетел инвесторлары кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін оның жұмыс органы
болып табылады. Ал Кеңестің өзі кеңесуші-консультативтік орган ретінде
Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлармен тікелей сұхбатты қамтамасыз ету,
сондай-ақ инвестициялық қызметке байланысты проблемалық мәселелерді шұғыл
шешу мақсатында Мемлекет басшысының 1998 жылғы 30 маусымдағы Жарлығымен
құрылған болатын.
Инвестицияларға арналған шарттардың бірыңғайлығы мен әділдігін
қамтамасыз ету, уағдаласушы мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын
нығайту, сондай-ақ инвестициялық бастамаларды ынталандыру секілді
мәселелермен де шұғылданады.
Бүкіләлемдік банк секілді беделді ұйымдар мен халықаралық рейтингтік
агенттіктердің біздің елдің инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалауы да
іске оң ықпалын тигізуде.[17]
Шетел инвесторлары кеңестің пленарлық және аралық мәжілістерін, сондай-
ақ, оның жұмыс тобы мәжілістерін Кеңес қызметіндегі негізі компоненттер деп
атасақ артық болмас.
Пленарлық мәжіліс Мемлекет басшысының төрағалығымен жылына екі рет
(маусымда және желтоқсанда) өткізіледі. Оған Қазақстан тарапынан Премьер-
Министр мен министрлер, Президенттің көмекшісі, Индустрия және сауда
министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы қатысады. Ал шетелдік
инвесторлар тарапынан Қазақстанда жұмыс істейтін трансұлттық
компаниялардың басшылары, дүниежүзілік даму институттарының өкілдері
қатысады.
Кеңестің шеңберінде бес бірлескен жұмыс тобы құрылған. Олар мұнай-газ
секторы бойынша, Қазақстан Республикасында инвестициялық имиджді көтеру,
шетелдік инвесторлардың ағымдағы қызметі, заңнама, салық салу мәселелері
бойынша жұмыстар жүргізеді.
Қазіргі таңда Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту құрылымында
өндіру саласының үлесі әлі де болса басым. Осыған орай Үкімет өңдеу
секторына да шетел инвестицияларының құйылуын жақсарту мақсатында шаралар
қабылдаған болатын. Оның нәтижесі жоқ емес.
Мәселен, 2004 және 2005 жылдары өңдеу секторына шетелдік
инвестициялардың ағымы азайған болса, өткен жылдың нәтижесі бойынша оңтайлы
ілгерілеушілікті көруге болады. Ал 2007 жылдың І жарты жылдығында өңдеу
секторына құйылған тікелей шетел инвестициясы 383,8 млн. АҚШ долларын
құрады. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштен едәуір жоғары. 2008 жылдың қаңтар-
ақпанында өңдеу саласының негізгі капиталына құйылған инвестициясы 25,1
млрд. теңге құрасы, оның 1,7 млрд. теңге мөлшері тікелей шетел инвестиция
үлесіне тиесілі. Оны келесі кестеден көре аласыз.
Кесте 1. Өңдеу саласының негізгі капиталына құйылған инвестиция
Негізгі Қаржыландыру көзі
капиталға
салынған
инвестиция
отандық шетелдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz