Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тарау 1. Біріккен Ұлттар Ұйымы:халықаралық тұрақтандыру мен бейбітшілік жетістіктерін қолдауда негізгі механизм (тетік) ретінде ... ... ... ... ... ... . 10
БҰҰ.ның құрылу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
БҰҰ.ның мақсаты мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
БҰҰ.ның бітімгерлік міндеті (миссиясы) және оның аймақтық қауіпсіздік мәселелерді реттеудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Тарау 2. Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда ... ... ... ... ... ... 34
2.1 Араб.Израиль жанжалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
2.2 Балқан жанжалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.3 Пакистан.Үндістан жанжалы. Кашмир мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
Дипломдық жұмыс
Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. Тарау 1. Біріккен Ұлттар
Ұйымы:халықаралық тұрақтандыру мен бейбітшілік жетістіктерін қолдауда
негізгі механизм (тетік) ретінде ... ... ... ... ... ... . 10
БҰҰ-ның құрылу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
БҰҰ-ның мақсаты мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
БҰҰ-ның бітімгерлік міндеті (миссиясы) және оның аймақтық қауіпсіздік
мәселелерді реттеудегі рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Тарау 2. Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
... ... ... ... ... ... 34
2.1 Араб-Израиль жанжалы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
2.2 Балқан жанжалы

... ... 39
2.3 Пакистан-Үндістан жанжалы. Кашмир мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... 45
Қорытынды

... ... ... ... ... .. 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әр ғасыр адамзат тарихында өзіне ғана тән
ерекшеліктерімен із қалдырып келген. XX ғасыр әлемде бейбітшілікті сақтау
және қауіпсіздік туралы жаңалықтар енгізді. Ғылым мен техника, мәдениет пен
рухани саласындағы жетістіктерден тыс халықтардың әлеуметтік, саяси,
экономикалық, денсаулық жағдайындағы өзгерістерді және ғаламдастыру, оның
әлемге енген бағыттары туралы атаған дұрыс.
Соңғы жылдары ғаламдастыру термині адамның күнделікті тұрмысына тез
қарқынмен еніп, бұқаралық ақпараттар құралдарында жиі қолданылып жүр.
Ғаламдану – ұлттық экономикалардың бүкіл әлемдік жүйеге бірігуі.ол
соңғы онжылдығында пайда болған капиталдың еркін қозғалысына,әлемнің
ақпараттық жаңалықтарға ашытылығына,те [1].
Ғаламдану – бірмезгілде мемлекетаралық және трансұлттық формаларды
дамытатын екі жақты процесс. Ғаламдастырудың бағыттары: мемлекеттер,
мемлекеттік одақтар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар. Бұлар
олигополистикалық бағыттар.
Ғаламдану – бұл нарықтық процесс, өмірді гомонегизациялау [2]. Оның
жүйесіне азық-түлік, оның бағасы, денсаулықты сақтау деңгейі, нарықтық
табыстардың деңгейі, банктік проценттік баға жатады. Бұл принциптер әлем
деңгейіндегі беталысты теңдестіруге және әлемдік экономика процесінің
құрылымына өзгерістер еңгізуге бағытталған.
Тақырыптың өзектілігі ғаламдастыру процессінде халықаралық қарым-
қатынастардағы акторлар мен субъектілердің Біріккен Ұлттар Ұйым (БҰҰ)–ның
қызметімен байланысты болуында. Себебі БҰҰ дербес мемлекеттердің ерікті
түрде бірігуі арқасында құрылған халықаралық ұйымы ретінде мәртебесі
ауқымды және аймақтық жанжалды реттеуде ұлттық жағдайларды үйлестіруде
әлемдегі барлық аспектілерді қауіпсіздіқ пен тұрақтылықты және
бейбітшілікті қамтамасыз етуде ұжымдық бастамаларды дамытуда ерекше рөл
атқарады.
Тақырыптың өзектілігі БҰҰ-ның әлемдік рөлін нығайтуда саммиттердің,
форумдардың, кездесулердің, құжаттардың ерекшелігімен де байланысты. Осыған
байланысты XXI ғасырда БҰҰ халықаралық қарым-қатынастарда – ұжымды реттеуде
жетекші механизм (тетік) ретінде БҰҰ Уставы мен принциптері халықаралық
құқықтың нормаларына сүйенуі тиіс. Мемлекеттердің суверенттік және аудандық
тұтастығының базалық принциптерінің тұрақтылығы мен өміршеңдігі
императивтік маңызын сақтайды.
БҰҰ-ның көпшілік мемлекеттері және оның мұшелері осы шараларды қолдайды.
Себебі, БҰҰ қызметінің ауқымды және әлемдік сипаты халықаралық масштабта
оның беделінің артуын және оның атқаратын рөлінің жоғарлауын көрсетеді.
Бұқаралық хабарландыру құралдарында ғаламдастырудың қолдануы, оның әлемдік
жағдайда бейбітшілікті сақтау және қауіпсіздікті тұрақтандыруға байланысты
БҰҰ-ның және ұлттық – экономиканың жалпы әлем жүйесіне енуі қызметінің
әртүрлі саласында қолданыла бастауы диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуға
септігін тигізді. Тақырыптың маңыздылығы, оның айқындылығы және өзектілігі
осыдан сезінеді. Осыған орай диплом жұмысының тақырыбы Біріккен Ұлттар
Ұйымы аймақтық жанжалдарда деп аталды.
Жұмыстың дереккөздері. Тақырып бойынша дерек көздерін шартты түрде
бірнеше топқа бөлуге болады
Деректердің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар мен БҰҰ-ның
құжаттары қалыптастырады. Олардың қатарында:
• БҰҰ Бас Хатшыларының қорытынды баяндамалары,
• БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессияндағы Хатшылардың
бағдарламалық баяндамалары,
• БҰҰ-ның резолюциялары мен қаулылары.
БҰҰ-ның Бас Хатшыларының қорытынды баяндамаларын талдағанда БҰҰ-ның соңғы
жылдардағы құжаттары қарастырылды. Себебі бұл құжаттарда қазіргі кезеңдегі
ғаламдану процесі негізгі мәселелердің бірінен саналады. Мұндай
дереккөздердің бірінші типі БҰҰ Бас Хатшыларының жылсайынғы қорытынды
баяндамалары. Бұл баяндамалар БҰҰ қызметін қорытындылауда аса маңызды
құжаттар. Мәселен, 1995 – 2000 жылдардағы қорытынды баяндамаларда БҰҰ
қызметінің әртұрлі аспектілірі саласында: аймақтық және ауқымдық істері,
шешімдерінің нақтылы жолдары белгіленген.
БҰҰ Бас Хатшыларының баяндамалары бағдарламалық құжат, олар қорытынды
баяндамалардан тұжырымдылығымен, пікірталастығымен ерекшеленеді. Олар сөз
дереккөздерінің түріне жатады.
1997 жылғы есепте БҰҰ жетекшісінің мирасқоры Б. Гали болған кезде К.
Аннан БҰҰ-ның құрылымын және оның Уставын реформалау жөнінде ұсыныс
түсірді. К. Аннанның реформасы БҰҰ қызметін, оның Бас Ассамблея мен
Қауіпсіздіқ Кеңесінің арасындағы алшақтықты ретке келтіру еді. 2000 жылғы
55-ші саммиттегі БҰҰ-ның Бас Хатшысы К. Аннанның есепті баяндамасына
әлемнің әртүрлі мемлекеттерінен 189 басшылар қатысты. Біз халықпыз: XXI
ғасырдағы БҰҰ-ның рөлі атты бағдарламалық баяндамада К. Аннан жаңа әлемдік
идеологияны – ғаламдастыруды бекітті. Әрине, ғаламданудың мәнін жеке
мемлекеттер өздерінше пайымдайды.
К. Аннанның баяндамасында мемлекет ішіндегі зорлық, озбырлық
әрекеттерінен халықты және нақты адамдарды жалпы қорғау ісінде кауіпсіздіқ
концепциясы белгіленді. Ядролық қарусыздандыру саласында ірі халықаралық
конференция шақыруды ұсынды. Ядролық қарусыздандыру жөнінде К. Аннан
Консультативтік Кеңестің делегаттары алдында жасаған баяндамасында (2 ақпан
2001 жыл) ядролық қаруды жоюдың қажеттілігін атады.
Мемлекет басшыларының саммиттегі баяндамалары ғаламдастыруға байланысты БҰҰ
рөлін жоғары бағалауда және әлемдегі елдердің моральдық қүндылықтарының
басымдылығын биікке көтеруде жемісті болатыны күмән туғызбайды. Бұл жөнінде
Ұлыбританияның премьер-министрі Т. Блэрдің Африка үшін біз не істей
аламыз деген сұрағының дамушы елдерге британ бюджетінің 70% бұл
көрсетілген қаражаттардың жартысынан астамы Африкаға жәрдемге берілуі
тәжірибе болуы тиіс.
Деректердің екінші тобына халықаралық мемлекет емес ұйымдардың
құжаттары енген. Олардың қатарында ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Деректердің үшінші тобына мемуарлар мен мемлекет басшыларының сөздерін
жатқызуға болады. Бұл деректердің қатарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың
сөздеріде кіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев БҰҰ мінберінен
ғаламдастыру жөнінде құнды пікірлер айтты. 1992 жылы Азияда (СВМДА) өзара
көмек және сенім білдіру мәслихатын шақыру, ал БҰҰ-ның Бас Ассамблеясінің
50-ші юбилейлік сессиясында (1995 жылы) Орталық – Азия аймағының ғаламдық
маңызын мәлімдеді, Орталық – Азия үшін БҰҰ-ның комиссиясын құрудың
бастамашылығын атады.
Мемлекет басшыларының саммиттегі баяндамалары және олардан туындайтын
шешімдер, БҰҰ қызметін жоғары деңгейге көтеру проблемалары тақырыптың
өзектілігінің маңызын кұшейте түсетіні сөзсіз.
Диплом жұмысының тақырыбын іріктеуде және оның өзектілігін айқындауда
мемуарлар және авторлардың субъективтік пікірлері мәселенің спектрін танып
білуге көмектеседі .
Сонымен, БҰҰ-ның қызметіне, оның бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздіқті
тұрақтандыру, ғаламдастыру дереккөздеріне шолу жасап, оларды талдап диплом
жұмысының негізі етіп алдық. Бұл тарихи деректер және ғаламдық БҰҰ-ның
әлемдік рөлі процесте ой пікірімізді тереңдетіп тақырыпқа танымымды,
қызығушылығымды арттырды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысына байланысты зерттеулерді
батыстық, ресейлік және отандық деп үшке бөлуге болады.
Батыс зерттеушілері, солардың ішінде, американдықтар мен британдықтар
ғаламдастарумен шұғылданғанда бұл проблеманың концептуальдык және
вестернизация жағына мән берген. Тақырыптың зерттелу деңгейіне қарай
ғаламдастыруға арналған авторлардың еңбектері топтастырылды, оларға шолу
жасалды. Ғаламдастаруға арналған еңбектердің ішінен ағылшын Р. Робертсонның
теорияның терминологиялық аспектілерінің әдісіне шолу жасаудан басталды
[3]. Ол 1983 жылы өзінің зерттеулерінде ғаламдану ұғымын алғаш рет
қолданған, оны 1985 жылы ғаламдастыру термині деп атап, 1992 жылы арнайы
зерттеулерінде концепциясының негізі етіп қарастырады. Р. Робертсонның
концепциясы екіжақты дефиницияны қамтиды. Біріншісі, әлеуметтік жүйелерге
сәйкес сауданың, әскери бірлестіктердің және мәдени мәселелердің ара-
қатынасын нығайту. Бұл капиталистік дәуірге түбірімен сәйкес кететін көне
процесс. Екіншісі, ғаламдану сананы күшейтетін – жаңа феномен. Робертсонның
түсінігінше, жеке феноменологияны, адамдардың мінез-құлқын анықтайтын
әлеммен біртұтас байланыста болатын құбылыс, ал оның аймақтық және ұлттық
сектормен ешқандай байланысы жоқ.
Екіншіден, ғаламдастыру ісіне үлкен мән берген Гарвар бизнес мектебі.
Ғаламдастыру термині жөнінде жапондық Омэ 1990 жылы Мир без границ (Әлем
шеқарасыз) [4] атты кітабын жарыққа шығарумен белгілі. Оның пікірінше
әлемдік экономика үш орталықтың Триада (ЕС, АҚШ, Жапония) өзара
әрекеттестігімен анықталады. Ол кейбір мемлекеттердің жеке экономикасының
бәсеңдеу, экономикалық аренада ғаламдық фирмалардың ең күшті акторларының
рөлі кұшейді деген тұжырымға келеді. Омэның ұстамы ғаламдастыруға
пікірсайыз туғызыға жағдай жасайды.
Ғаламдастыру және БҰҰ-ның саналуан аспектілері жөнінде қазіргі заманның
ғаламдық процестері және ғаламшардағы қоғамдық-саяси өмірінде түрлі
өзгерістердің орын алуы жөнінде Ресей эксперттерінің И.А. Василенконің,
А.Н. Чумаковтың, М.А. Чешкованың, М.И. Куликованың, Г.Х. Шахназаровтың
еңбектері оқырмандар қарасында кең таратылған.
Ресей ғалымдарының зерттеулерінде ғаламдастыруға байланысты БҰҰ-ның
халықаралық – құқықтык қызметі саласында жазылған еңбектердің қатарына С.С.
Алексееваның, И.И. Лукашуканың, Г.И. Тункинаның, Н.А. Ушакованың
зерттеулері жатады. БҰҰ-на мұше болып кіретін ұйымдармен мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастары туралы ұсыныстар жасалған.
Қазақстан ғалымдарының да саяси ғылым саласында, әсіресе, БҰҰ-мы мен
Қазақстанның өзара қарым-қатынастары жөнінде бұрынғы шетелдер министрі Қ.К.
Тоқаевтың [5] үш монографиялық еңбектері атауға тұрарлық. Біріншісі - Под
стягом независимости (Тәуелсіз туының астында). Екіншісі - Ғаламдастыру
жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты. Үшіншісі - ООН: полвека
служения миру деп аталады (Біріккен Ұлттық: бейбітшілікке жартығасыр
қызмет ету).
Сонымен қатар, А. Арыстанбекованың Ұлттар Ұйымы және Қазақстан [6] атты
кітабын ерекше атауға болады. Кітап соңғы жылдардағы халықаралық қатынастар
мен мемуарлар әдебиеті қатарындағы көрнекті құбылыс. Автор БҰҰ-ның және
оның сан қилы мекемелерінің іс - әрекет тетіктерімен жете таныс. Сондықтан,
А. Арыстанбекова өзінің кітабында БҰҰ-ның құрылу тарихы, оның саяси,
әлуеметтік – экономикалық және гуманитарлық салаларындағы, қарусыздану,
халықаралық қауіпсіздікті сақтау, бітімгерлік және ізгі ниетті дипломатия
шеңберінде тіршілігі жайындағы деректер мен материалдар келтірілген.
Бүлардан басқа БҰҰ-ның қызметіне арнап жазылған Қазақстан ғалымдары Д.
Коваленконың, Г. Кинязбаеваның, Б. Жүмахановтың ғылыми мақаларының мазмұны
қоғамды жетілдеру және ғаламдастыру мәселесіне арналған. Ал Қазақстанның
сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздіқ мәселесіне арналған Е.М. Абеннің,
Л.К. Бакаевтің, Р.К. Жоламанның, Б.С. Жүсіповтің, Н.Т. Қасенованың
еңбектері ең маңызды зерттеулер.
Жұмыстың мақсаты. Аймақтық және ұлттық жанжалды ретке келтіру және даулы
мәселелерді орынды шешу саласында БҰҰ қызметінің кейбір аспектілерін
зерттеу. БҰҰ қызметінің принциптерінің, формаларының әмбебаптылығын және
әлемдік сипатын анықтау. БҰҰ әлемдегі басқа қоғамдық ұйымдарымен салыстыру,
оның жетекшілік, халықаралық рөлін сипаттау. Диплом жұмысының мақсатынан
төмендегі міндеттер туындайды:
• Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі БҰҰ халықаралық қатнастарды
реттеудегі ролін көрсету
• аймақтық даулы жанжалдарды реттеу, оның себептерін аймақтық және
ұлттық ерекшеліктерін көрсету;
• Аймақтық қақтығыстарды реттеудегі БҰҰ ролін анықтау;
• реформаланған БҰҰ –ның бітімгершілік оаерацияларының ролін сараптау
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізін – зерттеудің жалпы
әмбебаптылық әдістер – синтез және анализ құрастырады. Жұмыста жұйелі
тұрғы: көпфакторлық, құрымдылық, тарихи-салыстыру, логикалық әдістер
қолданылды. Бұл ғылыми зерттеу әдістері БҰҰ қызметін халықаралық ұйым
ретінде және оның сан қилы мекемелерінің іс-әрекет тетіктерінің қазіргі
жағдайда рөлін пайымдауға мұмкіңдік береді.
Жұмыстың қурылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және дипломдық жұмысқа сілтеме
жасаған еңбектердің тізімдерінен тұрады.
Тарау 1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы, қызмет аясы және органдары
халықаралық тұрақтандыру мен бейбітшілік жетістіктерін қолдауда негізгі
механизм (тетік) ретінде
1. БҰҰ-ның құрылу және даму тарихы
Соғысты болдырмау және бейбітшілікті сақтау үшін адамзат ерте кезден
бастап ғаламдық мемлекетаралық ұйымдарды құру идеясын жақтады. Мұндай
алғашқы құрылған ұйымдардың бірі Ұлттар Лигасы болды. 1919 жылы бұл ұйым
саяси және халықаралық ынтымақтастық инструментін құру ретінде Версаль
жүйесіне енді. 1939 жылы халықаралық жағдайдың шиеленісүне байланысты
Әлемге Екінші Дүниежүзілік соғыстың қаупі төнді. Бұл агрессияға қарсы
мемлекеттік және қоғамдық бастамашылықтың бірігуіне қуатты итеріс болды.
Бейбітшілікті қорғау және соғыс әрекеттерін болдырмаудың кешендік
халықаралық инструмент ретінде гитлеродағына қарсы елдер ұйымдық
қауіпсіздікті дүниежүзілік ұйымды құруды қажет деп тапты.
1919 жылы АҚШ президенті Вудро Вильсон Ұлттар Лигасын құрудың басты
талаптарының бірінен саналатын 14 пунктен тұратын бағдарламасын Париж
конференциясына өзімен бірге ала келді. Конференцияда жаңа ұйымның Уставы
жасалып, бекітілді. Ұлттар Лигасының мақсаты Уставқа сәйкес Халықтар
арасындағы бастамашылықты дамыту және олардың бейбіт өмірі мен
қауіпсіздігіне кепілдік беру. Ұлттар Лигасының Уставы 1919 жылы Версаль
бейбіт шартына кірістірілді, Уставқа 44 мемлекеттер қол қойды. Ұлттар
Лигасын құру барысында Әлем қауымы болашақта жаңа дүниежүзілік соғысты
болдырмауға сенім білдірді. Өкінішке орай бұл үміт ақталмады. Устав
қағидаларын жасаудың жүйесіндегі кемшіліктер ұйымның пәрменсіздігінің
негізгі себептері болып табылды. 30-жылдардағы фашистік қауіптөнушіліктің
күшейе түсін болдырмауға және Екінші дүниежүзілік соғысқа қарсы тұру
мүмкіншіліктері әлсіз болды. Ұлттар Лигасы жалпы әлемдегі қауіпсіздікті
қолдау мақсатында соғыстың алдында құрылған ұйым болды, бірақ өзінің іс-
әрекетінде терең дағдарысқа ұшырады. Оның саяси қызметі қысқарып,
конференциялар да шақырылмады. 1946 жылы 8 сәуірде Женевада ұйымның соңғы
Ассамблеясы шақырылды. Ассамблеяда Ұлттар Лигасының өкілдігі мен функциясы
БҰҰ-на берілсін деген қарар қабылданды. 1946 жылдың 18 сәуірінде Ассамблея
Ұлттар Лигасының қызметін тоқтату жөнінде дауысқа салды. Ұлттар Лигасының
орнына БҰҰ-мын құрудың қажеттілігі туды.
Декларация және Атлантикалық Хартия БҰҰ-ның және оның мемлекеттер
жүйесінің құрылуына себепші болды. БҰҰ құрылу тарихы 1941 жылдың ортасынан
бастау алады. Бұл жылдары Әлемді соғыс өрті жайлады. Мемлекеттердің ортақ
күш біріктіруі қажет болды. Адамзат ойы болашақ әлемнің идеялары және
барлық халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі жолында жұмыстар атқарылды [7].
Бұл бағыттағы алғашқы қадамның бірі 1941 жылғы 12 маусымда Лондонда қол
қойылған Одақтар арасындағы декларация болды. Одақтар декларациясына
қатысқан мемлекеттердің өкілдері, атап айтқанда, Ұлыбританияның,
Канаданың, Австралияның, Бельгияның, Оңтүстік Африканың, Грецияның,
Польшаның, Югославияның, генерал де Голльдің, бұл құжатта соғыс кезінде
де, бейбіт уақытта да басқа еркін халықтармен бірге жұмыс істеуге өз
ниеттерін білдірді. Батыс әлемде бұл құжат Атлантика хартиясы деп аталды.
1941 жылы 14 тамызда АҚШ пен Біріккен Корольдің басшылары – Президент
Франклин Рузвельт пен Премьер-Министр Уинстон Черчилль бейбітшілік пен
қауіпсіздікті сақтау үшін халықаралық ынтымақтастың жалпы принциптерін
ұсынды. Әлдебір теңіз төрінде Арджентия шығанағында ағылшын-америка
декларациясына қол қойлған бұл құжат Атлантика Хартиясы атымен мәлім
болды. Атлантика Хартиясында соғыс аяқталған соң барлық мемлекеттердің өз
шеқаралары шеңберінде бейбіт өмірін қамтамасыз ететін жалпы қауіпсіздіктің
өте кең және тұрақты жүйесін құру туралы айтылды. 1942 жылы 1 қаңтарда
Кеңес үкіметі Атлантика Хартиясының негізгі принциптеріне қосылатынын
жариялады әрбір халықтың құқы және қоғамдық құрылыс орнату жөнінде
түзетулер ендіріп, қол қойды. Осы бағдарламаны жетілдіре отырып Кеңес
үкіметі жалпы халықаралық ұйым құруды ұсынды. 26 мемлекеттің өкілдері
(фашистік басқыншылық блокына қарсы соғыс ашқан елдер) осы құжаттың соңына
Вашингтонда қолдарын қойды. Бұл құжат Біріккен ұлттар декларациясы деп
аталды. Декларацияға қол қойған 26 мемлекет Атлантика Хартиясына мақсаттың
ортақ бағдарламасы ретінде өз қолдауларын көрсететінін мәлімдеді. Осындай
шаралардың нәтижесінде, Президент Рузвельт ұсынған Біріккен Ұлттар
термині алғаш ресми түрде қолданылды.
Сонымен, Біріккен Ұлттар декларациясының жариялануы КСРО, АҚШ және
Ұлыбританияның басшылығымен 26 мемлекеттің коалициясын құруы көрсетеді. Үш
ұлы ірі мемлекеттердің басшыларының конференциялар шақыруы және олардың
атқарған қызметі халықаралық жаңғыру саласында маңызы өте зор болып
табылды.
Қауіпсіздік мәселесін шешу жөнінде Мәскеу конференциясының алатын орны
ерекше. Себебі мұнда ірі мемлекеттердің өкілдері халықаралық ұйым құрылымы
жөнінде мәселе талқыланды [8].
1943 жылы 1 қазанда Мәскеу конференциясында КСРО, Біріккен Корольдік, АҚШ
пен Қытай үкіметтері Жалпыға ортақ қауіпсіздік мәселелері жөніндегі төрт
мемлекеттің декларациясына қол қойды. Декларацияда бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдау жөніндегі жалпыға ортақ халықаралық ұйым құруға шақыру
болды. Бұл мемлекеттер бірлесіп мемлекеттердің теңдік принциптеріне
негізделген ортақ халықаралық ұйым құру қажеттігін түсінетіндіктерін
мәлімдеді [9].
Мәскеу конференциясының шешімі АҚШ, КСРО және Біріккен Корольдік
басшыларының 1943 жылғы 1 желтоқсандағы Тегеран конференциясында бекіді.
1944 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәскеу конференциясына қатысушылар
арасында болашақ Ұйымның бейнесі жөнінде дипломатиялық келіссөздер
жүргізілді. 1944 жылы 15 маусымда АҚШ Президенті Рузвельт халықаралық ұйым
құру жоспарлары жөнінде мәлімдемен сөз сөйледі. Халықаралық ұйымның мақсаты
- қауіпсіздікті қорғауды да, ұлттар арасындағы бейбітшілік және достық
тұрақтылық үшін ынтымақтастықты да қалтамасыз ету.
Осы халықаралық ұйым құру шараларын жүзеге асыру мақсатында конференция
өткізудің қажеттілігі туды. Сөйтіп, БҰҰ туралы бірінші құжаттың жобасы
Вашингтонда Думбартон-Окс атымен конференцияда жасалды. Думбартон-Окстағы
конференция Біріккен Ұлттар ұйымның құру жолындағы алғашқы қадам болды.
Думбартон-Окстегі келіссөздер 1944 жылдың тамызында басталып, екі
кезеңнен тұрды. Қыркүйектің 21-28 аралығында оған ҚСРО, Ұлыбритания және
АҚШ өкілдері қатысты, ал 29 қыркүйектен 7 қазан аралығында Қытай,
Ұлыбритания және АҚШ өкілдері болды. Бұлай болу себебі кеңес Қытай қарым-
қатынасын ескергендіктен еді. КСРО Жапониямен одақтас болды, ал Қытай
онымен соғысып жатты. Осыған байланысты екі ірі мемлекет келіссөздерге бір
уақытта қатыса алмады.
Кеңес делегациясын А.А. Громыко басқарды. АҚШ делегациясының Мемлекеттік
Хатшының орынбасары Эдвард Р. Стеттиниус басқарды. Ұлыбритания делегациясын
сыртқа істер жөніндегі Хатшысының орынбасары сэр Александр Кадоган
басқарды. Конференцияны 1944 жылы 21 тамызда АҚШ Мемлекеттік Хатшысы К.
Халл ашты. А.А. Громыко мен сэр А. Кадоган сөз сөйледі. Конференцияда
талқыланған басты сұрақтар болашақ ұйымның әрекетіне, оған мүшелікке және
Қауіпсіздік Кеңесіндегі дауыс беру жөніне қатысты болды. Біріккен Ұлттар
Ұйымының негізін салушылар экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, яғни
Қосымша органдар құру қажет деп тапты.
7 қазанда конференция жұмысын аяқтаған кезде төрт мемлекеттің Жалпыға
ортақ халықаралық ұйым құру жөніндегі ұсыныс жарияланды, онда
Халықаралық ұйым Біріккен Ұлттар атымен құрылуы керек делінді. Бұл мәселе
талқыланған соң қабылданды. Әскери күш-жігерді біріктіру жағдайында
қалыптасқан бұл атауды бейбітшілік кезде сақтап қалуға шешім қабылданды.
Сонымен, Думбартон-Окстегі келіссөздер нәтижесінде қабылданған құжатта 12
тарау болды: 1) мақсат; 2) принциптер; 3) мүшелік; 4) негізгі органдар; 5)
Бас Ассамблея; 6) Қауіпсіздік Кеңесі; 7) Халықаралық Сот; 8) басқыншылықтың
алдын алу, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау туралы шаралар;
9) халықаралық экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі ынтымастық
саласындағы шаралар; 10) Хатшылық; 11) түзетулер; 12) өтпелі кезеңнің
шаралары.
1945 жылы 5 наурызда АҚШ укіметі өз атынан, сондай-ақ КСРО, Біріккен
Корольдік және Қытай үкіметтері атынан Сан-Францискодағы Конференцияға
қатысу үшін 39 елді шақырды. Кейін шақырылғандар саны 42-ге дейін жетті.
Айта кеткен жөн. Президент Рузвельттің кенет қайтыс болуына байланысты
конференция кейінге шегерілген жоқ. АҚШ-тың жаңа Президенті Гарри С. Трумэн
мемлекет басшысы міндетін қабылдап, конференция жоспар бойынша өтеді және
оны АҚШ тарапынан қолдау бұрынғы жағдайда қалады деп мәлімдеді.
Думбартон-Оксте келіссөздердің барысында қолжеткен келісімдер 1945 жылы
маусымда Сан-Францискода қабылданған БҰҰ Уставы үшін негіз болды.
Қырым конференциясының шешімдеріне сәйкес АҚШ, Кеңес үкіметі, Ұлыбритания
және Қытай мемлекеттері өздерінің тарапынан Сан-Франциско конференциясына
жалпы халықаралық ұйымның Уставын дайындау үшін 42 елдің үкімет орындарын
шақырды. Сонымен, 1945 жылы 25 сәуірде Сан-Франциско қаласында БҰҰ
конференциясының өз жұмысын бастады. Бұл сол кездегі ең ірі халықаралық
форум болды. Конференцияға 50 елден 800 делегат келді. Сан-Франциско
конференциясы БҰҰ құруда жауапты және қорытынды кезең болды. Конференцияда
БҰҰ-ның Уставы қабылданды, мақсат-міндеттері белгенді.
Сонымен, Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дербес
мемлекеттердің ерікті түрде бірігуі арқасында 1945 жылы маусымда құрылған
халықаралық ұйым.
БҰҰ-ға алғаш 51 мемлекет кірді. Кейін оның мүшелер саны 126-ға жетті.
БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары болып Бас Ассамблея (БА),
Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Бақылау Кеңесі,
Халықаралық Сот және Секретариат сайланды. Олардың мақсаттары мен
міндеттері Уставта белгіленді. БҰҰ-да талқыланған мәселелер жөніндегі шешім
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана толық
қабылданады. БҰҰ-ның қызметі сан түрлі. Олардың ішіндегі негізгі орынды
дүниежүзілік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздандыру,
Әлеуметтік-экономикалық, бейбітшілікті сақтау және нығайту, мемлекеттердің
бейбіт қатар өмір сүруді, талас мәселелерді келіссөз арқылы шешу
мәселелері.
БҰҰ-ның ең басты органы - БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы. Оған ұйымның барлық
мүшелері кіреді. Бас Ассамблеяда әр мемлекеттің бір ғана дауысы бар,
мемлекет делегациясының өкілдері 5 адамнан артық болмауы керек. Бас
Ассамблея тек бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау жайында Қауіпсіздік
Кеңесінде қаралған мәселелерден басқа қай мәселені болсын БҰҰ Уставы
негізінде қарайды. Халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті сақтау
жолында мемлекеттердің ынтымақтық қарымқатынас принциптері жөнінен БҰҰ-ға,
Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар беріп отырады. Бас Ассамблеяның Уставта
көрсетілген маңызды мәселелер жөніндегі қарары дауыс берген мүшелердің
үштен екісі қуаттағанда, ал қалған мәселелер жөніндегі қарары жай көпшілік
дауыспен қабылданады.
Бас Ассамблеяның кезекті сессиясы жыл сайын (қыркүйек айының 3-
сейсенбісінде) шақырылады. Арнаулы және төтенше сессиялар қажетті
жағдайларда шақырылады. Бас Ассамблеяда мынандай комиттер жұмыс істейді:
Бас комитет, саяси және қауіпсіздік мәселелері, экономикалық және қаржы
мәселелері, әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет мәселелерін бақылау,
әкімшілік және бюджет мәселелері, құқық мәселелері жөніндегі комитеттері.
БҰҰ-ның негізгі құжаты - Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы. Устав
кіріспеден және 19 тараудан тұрды. Устав бойынша БҰҰ өз міндетін орындауы
үшін оның мүшелері мына принциптерді басшылыққа алды: барлық мүшелердің
дербестік теңдегі; ұлы мемлекеттердің бірауыздылығы; барлық мүшелердің
халықаралық талас мәселелерді бейбіт келіс сөз арқылы шешу; ұйым
мүшелерінің халықаралық қатынастарда күш көрсету саясатынан және қандай
елдің болмасын аумақтық тәуелсіздігіне немесе саяси бостандығына қарсы күш
қолдану саясатынан бас тартуы; барлық мүшелердің БҰҰ-ның Уставы бойынша
жүргізген іс-әрекетін, бейбітшілікке қауып төнген не ол бұзылған жағдайда
төтенше жүргізген шараларды қолдауы; басқа елдің ішкі ісіне БҰҰ-ның қол
сұкпауы. Устав бойынша БҰҰ мүшелігіне тек бейбітшілік сүйгіш дербес
мемлекеттер кіре алады. БҰҰ мүшелері ұйымнан шығуына хақысы бар.
БҰҰ-ның экономикалық комиссиялары, азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы,
сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД)
жұмыс атқарады. Бұл ұйымдар өздерінің тарапынан ұлы мемлекеттердің басын
қосып конференциялар, симпозиумдар, семинарлар ұйымдастырады. БҰҰ-ның
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің арнаулы аймақтық органдарына
жататындар: Азия мен Қиыр Шығысқа арналған экономикалық комиссия, Африкаға
арналған экономикалық комиссия, Латын Америка елдеріне арналған
экономикалық комиссия, Европаға арналған экономикалық комиссия. Жылдар
өткен сайын БҰҰ қызметінде жаңа өзгерістер болды. Жаңа арнайы халықаралық
ұйымдар құрыла бастады. Олар БҰҰ-ның кең жүйесін құрастырды. Соғыстан қирап
қалған елдерге көмек көрсету және қалпына келтіру қажеттілігі туды. Осыған
байланысты 1943 жылы 9 қарашада БҰҰ Әкімшілігі құрылды, азық-түлік және
ауыл шаруашылығы жөніндегі Ұйым (ФАО) дүниеге келді. 1944 жылы 1 шілдеде
АҚШ-та БҰҰ қаржы институтарын туралы халықаралық конференция ашылды. 45
мемлекеттердің өкілдері 22 шілде айында Халықаралық Даму және Қайта құру
Банкін (ХДҚБ) және халықаралық Валюта Қорын (ХВҚ) құру жөнінде келісімге
қол қойды. 1944 жылы қараша айында халықаралық Азаматтық Авиация ұйымы
(ИКАО) құрылды. 1946 жылы халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕУ) БҰҰ-ның маманданған
мекемесіне айналды. 1946 жылы ЮНЕСКО -БҰҰ-ның білім, ғылым мен мәдениет
ұйымы болып құрылды. 1947-1948 жылдары бұрынғы ескі халықтар ұйымдар -
Халықаралық Пошта Одағы мен Халықаралық Телекоммуникация Одағы БҰҰ-ның
арнайы мекелелері болып саналды. Кейін БҰҰ ұйымдарының жүйесі 21 ұйымды
және 19 мамандырылған мекемелерді біріктірді.
БҰҰ-да қаралған халықаралық мәселелер - бұл үлкен құжат. Оларды қарау
үшін 4 комитет құрылды, ол өз кезегінде 12 комитетке бөлінді. Олар БҰҰ
қызметінің мақсаттарына, Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына
Халықаралық Сотты ұйымдастыруға қатысты мәселелерді қарастырды. Олардан
басқа: 1) барлық делегация басшыларынан Басқарушы Комитет, 2) Атқарушы
Комитет, 3) өкілеттікті тексеру жөніндегі Комитет құрылды.
БҰҰ-ның қажетті құжаттарының бірі - ұйым жарғысы. Жарғыда БҰҰ-ның басты
мақсаты аталды. Ол бейбітшілікті сақтау мен халықтардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету. Жарғының кіріспесінде: Біз Біріккен Ұлттардың халықтары,
біздің өмірімізде адамзатқа екі рет айтып жеткілексіз қайғы әкелген соғыс
апатынан болашақ ұрпақтарды арылтуға берік бекіндік.... 25 маусымда БҰҰ
жарғысы қабылданды. Жарғыда көп міндеттер аталды. Мәселен, халықаралық
қауіпсіздік үшін жауапкершілік Қауіпсіздік Кеңесіне жүктелді. Бас Ассамблея
халықаралық мәселелерді талқылау кеңесші орган болды. БҰҰ-ға мүше
мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесі үшін қарулы күштер беруге келісті.
Экономикалық және Әлеуметтік кеңеске маңызды міндеттер жүктелді.
Халықаралық Соттың рөлі артты. Қамқорлық Кеңесі құрылды. Жарғы III баптан
тұрды, оның мәтіні бес тілде жазылды: қытайша, французша, ағылшынша және
испанша. 1945 жылы 26 маусымда БҰҰ Жарғысына 51 мемлекет қолдарын қойды.
БҰҰ жарғысын бекітудің өзалдына қарастылынған тәртібі болды. Жарғының 10-
шы бапында БҰҰ-ның жарғысын бекіту тәртібі қарастырылды. 10-шы бап бойынша
жарғыны бекіту оған қол қойған мемлекеттердің Конституциясындағы рәсімдеуге
сәйкес жүргізіледі. Бекіткен грамоталар АҚШ үкіметінің сақталуына
ұсынылады. Мәселен, 110 баптың 3 пункітіне сәйкес 5 ұлы мемлекеттердің және
Жарғыға қол қойған мемлекеттердің көпшілігінің бекіту грамотасы сақтауға
берілген соң жарғы күшіне енеді. Сонымен, БҰҰ-ның құрылу және оның даму
тарихы 27 қазан барлық әлемде БҰҰ-ның күні ретінде аталады.
БҰҰ Уставының негізгі қағидалары оның қызметінің аясында және
органдарында көрсетілген. БҰҰ-ның Уставының кіріспе сөз басында: Біріккен
Ұлттардың халықтары бекемдікпен адам құқығының негіздеріне, адамның жеке
басының қымбаттығы мен құндылығына, ерлер мен әйелдердің теңдігіне және
үлкен мен кіші халықтардың теңдігіне сенімді қайта нығайтуға және шарттар
мен халықаралық құқықтың басқа қөздерімен шығатың адалдық пен сыйластықты
сақтауға қажет жағдайларды жасауға және үлкен бостандық барысында өмір сүру
жағдайын жақсарту мен әлеуметтік прогреске ықпал етуге , - ұмтылады
делінген.
БҰҰ-ның Уставы құрылғанының 50 жылдық мерей тойы 1995 жылы атап өтілді.
БҰҰ Уставы маңызды халықаралық құжат. 2005 жылы оның әлемді нығайту,
мемлекеттер арасында қауіпсіздік пен қарым-қатынасты, сол сияқты, барлық
халықтардық экономикалық және әлеуметтік дамуында 62 жыл қызмет етіп
келеді. Соңғы кездерге БҰҰ қызметінің саласында, әсіресе, БА байланысты
оның пленарлық мәжілісінде Бас Комитетті бекітеді. Осыған Бас Ассамблеяның
6 Басты Комитеттері бар:
- Бірінші Комитет - қарусаздану және халықаралық қауіпсіздік,
- Екінші Комитет - экономикалық және қаржылық мәселелер,
- Үшінші Комитет - әлеуметтік, ізгілік және мәдени мәселелер,
- Төртінші Комитет - арнайы саяси мәселелер және отарлықтан арылу
мәселелері,
- Бесінші Комитет - әкімшілік және бюджеттік мәселелер,
- Алтыншы Комитет - құқықтық мәселелер.
Сонымен, БҰҰ-ның басты 6 органының бірі Қамқорлық жөніндегі Кеңес БҰҰ
мандатына қарайтын аумақтарды басқару үшін құрылған. БҰҰ Жарғысы бойынша
қамқорлық жүйесінің негізгі мақсаттары халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікті сақтауда, қамқоршылыққа алынған аумақтың тұрғындарының саяси,
экономикалық және әлеуметтік прогресіне жағдай жасауға және оның біртіндеп
өзін өзі басқаруына немесе тәуелсіздікке жетуіне болысуда болып табылады.
Қорыта келе айтарымыз, бірінші тарау БҰҰ-ның мүшелерінің бірлескен
күшінің нәтижесінде қазіргі халықаралық құқықтың басты принципі болып
табылатын мақсат пен принциптерді атап өттік. Халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде халықаралық құқықтың принциптері ерекше рөл атқарады.
Дұрыс жасалған принциптердің арқасында адамзат үшінші дүниежүзілік соғыстан
аман қалды. Социалистік блоктың кеңістігінде көптеген қайшылықтар мен даулы
мәселелер шешімін табуда. Соның бірі Кувейт мәселесі тек халықаралық құқық
принциптерінің тұрақтылығынан ұзаққа созылған Ирак тарапынан болған
оккупациядан құтылуға мүмкіндік алды. Соңғы он жылдарың ішінде пайда болған
кейбір мәселелерге қарамастан БҰҰ-ның мақсаты мен принциптері қазіргі
халықаралық қарым-қатынастар жүйесінде өз орнын жоғалтқан жоқ. Болашақта
БҰҰ-мы өзінің қызмет аясында халықаралық тұрақтандыру мен бейбітшілік
жетістіктерін қолдауда көптеген әділетті шешімдерге келетіні сөзсіз.
2. БҰҰ-ның мақсаты мен принциптері
Екінші тармақтың алдында тұрған маңызды және күрделі мәселенің бірі - ол
халықаралық қауіпсіздікті ретке келтіруде, оның құруылымы мен механизмі
(тетігі) басты рөл атқарада. Соңғы елу жыл ішіндегі мемлекет аралық
қатынастарды жөнге келтіруде БҰҰ ең басты актор болып табылады. Бұл салада
БҰҰ-ның Уставындағы орын алған мақсат пен принциптері қазіргі кездегі
халықаралық қатынастары түрлі типі үшін негіз болып саналады. Халықаралық
құқық субъектілерінен қопжақты келісімге келудің өзінде бұл мәселе қойылып
отырған шеңберден шығып кете алмайды. Бүгінгі күнде БҰҰ бейбітшілік пен
тұрақтылықтың негізі болып есептеледі. БҰҰ-ның Уставында көрсетілгендей
оның шеңберінде басқа да көптеген халықаралық ұйымдар өмір сүруде. ОБСЕ,
ЕС, НАТО және басқа ұйымдар БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымдары консолидарлық
құрылымды қалыптастырады [10]. Бұл жағдайда БҰҰ-ның принциптері мен
міндеттері практикада жузеге асыралады. БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар
құқық саласындағы функцияларды орындайды [11].
Бұл жөнінде халықаралық ұйымдар халықаралық қарым-қатынастардың
механизмін (тетігін) реттеуде орасан зор рөл атқаратыны сөзсіз. БҰҰ
Уставының принциптерінде көрсетілгендей халықаралық ұйымдар БҰҰ-ның құрамды
біртұтас бөлігі. Оның рөлі жыл сайын артуда. Мәселен, халықаралық
ассоциациялар Одағының деректері бойынша 1998 жылы 6020 халықаралық ұйымдар
болған, соңғы он жыл ішінде олардың саны екі есе өскен.
Халықаралық ұйымдар екі негізгі топқа бөлінеді:
1. Мемлекетаралық ұйымдар.
2. Халықаралық мемлекет емес ұйымдар.
Бірінші ұйымдар мемлекеттер тобы болып халықаралық шарттардың негізінде
бекітіледі. Бұл ұйымдардың шеңберінде елдер - мүшелердің өзара қимыл-
әрекеттері жүзеге асырылады, сыртқы саясатты басқару жүзеге асырылады.
Екінші ұйымдар мемлекеттер арасында болатын шарттардың негізінде емес,
керісінше, физикалық немесе құқықтық іс-әрекеттердің негізінде бірігеді,
мемлекеттердің сыртқы саясатының шеңберінен тыс жүзеге асырылады.
Мемлекетаралық ұйымдар халықаралық саяси дамуға күшті әсер етеді.
Халықаралық аренада мемлекеттердің жетекшілік орын алатынын көрсетеді.
Мемлекетаралық ұйымдарға қарағанда халықаралық мемлекет емес ұйымдардың
саны өте көп. Мәселен, 1968 жылы олардың саны 1899, 1978 жылы – 2420, 1987
жылы – 4235, 1998 жылы – 5766 болды. Бұлай болудың өз алдына себебі бар -
әлемдік жүйеде ғаламтанудың дамуы және әртүрлі трансұлттық өзара
әрекеттердің көлемінің ұлғаюынан болып отырған жағдайлар. Жоғарыдағы
мемлекетке байланысты екі бағыт халықаралық аренада үш қағиданы көрсетеді.
Біріншіден, мемлекетаралық ұйымдар халықаралық құқық субъектілерінің екінші
белгісі ретінде халықаралық нормаларды қалыптастыру процесінде белсенді рөл
атқарады.
Екіншіден, бұл ұйымдардың іс-әрекеттері халықаралық істерге қатысып
отырған мемлекеттердің халықаралық-саяси жағдайына әсер етеді. Үшіншіден,
мемлекеттердің әлемдегі саны екі жүз бола тұрсада бұл мемлекеттер
халықаралық аренада жетекші күш, мемлекетаралық ұйымдар көп, кәзіргі
халықаралық қатынастарда барлық сегменттерді қамтиды [12].
1998 жылы 254 мемлекетаралық ұйымдар болды. Олардың санының өсуі жалпы
тенденцияларға байланысты:
а) аймақтық аспектілердің күшеюі;
ә) ұйымдар санының жыл сайын көбеюі;
б) мемлекетаралық ұйымдардың ұлттық және аудандық өкілдерінің өсуі.
Мемлекетаралық ұйымдар масштабы, сипаты және ауқымдылығы жағынан
халықаралық-саяси өмірге ерекше ықпал етеді. БҰҰ-ның мақсаты мен
принциптерін қазіргі халықаралық қатынастарды талдауда арнайы мәселені
қарастыруды қажет етеді. Енді соларға қысқаша шолу жасайық.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ мемлекетаралық ұйымдар жүйесінде басты орын алып қоймайды, сонымен
қатар, ол қазіргі халықаралық-саяси дамуда айрықша рөл атқарады. 1945 жылы
халықаралық ұйым ретінде құрылған, бейбітшілік пен халықаралық
қауіпсіздікті қолдауды және мемлекеттер арасында қарым- қатынасты дамытуды
алдына мақсат етіп қойған, БҰҰ бүгінгі таңда 185 әлем елдерін қамтиды.
БҰҰ-ның қазіргі халықаралық қарым-қатынастарға ықпалы жан-жақты, өте көп.
Олар төмендегі негізгі формалармен анықталады:
- БҰҰ мемлекеттер арасында халықаралық дамудың өзекті проблемалары
бойынша пікірсайысын өткізудің көрнекті форумы,
- БҰҰ-ның Уставы қазіргі халықаралық құқықтың, мемлекеттер іс-
әрекетінің танымал кодексін танытатын және өзара қарым-
қатынастарды тұрақтандыратын фундамент,
- БҰҰ халықаралық нормалардың механизм (тетігін) бекітетін құралға
айналды және басқа ұйымдардың ішінде халықаралық құқықтың қайнар
бұлағы ретінде ерекше орынға ие болуда. БҰҰ шеңберінде жүздеген
халықаралық конвенциялар мен келісімдерге қол қойылуда. Бұл
құжаттар қоғамдық өмір аясындағы жағдайларды ретке келтіруде,
- БҰҰ құру принциптерінде халықаралық саяси жүйенің объективтік
шындағы көрсетілген, ал олардың өзгеріске ұшырап отыруы бұл ұйымды
реформалауда негізгі стимул болып табылады,
- БҰҰ-ның соғыс және бейбіт мәселелерді шешуде компетенциясының
алатып орны және маңызды зор [13].
БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йоркке орналасқан. Онда алты органдардан бесеуі
орналасқан. Бас Ассамблеяда әрбір мемлекет бір дауысқа ие. БА жыл сайын
өзінің сессиясын өткізеді.
Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден турады. Бесеуі тұрақты (Ресей, АҚШ,
Ұлыбритания, Франция, Қытай). Қалғандарын БА екі жылға сайлайды. БА
шешімдерін 15 мүшеден көпшілік дауысқа салынып 9 дауыс қана қабылдайды.
Экономикалық және Әлеуметтік кеңес БҰҰ шеңберіндегі экономикалық және
әлеуметтік мәселелермен шұғылданады. Зерттеулер жүргізеді, конференцияларға
баяндамалар дайындайды. БА басшылығымен бұлардың құрамы 54 мемлекет-мүшелер
кіреді.
БҰҰ-ның Хатшылығы әкімшілік функцияларды орындайды. Ол 170 елден
қамтылған 15 мың адамнан тұрады. Хатшылық жер бетіндегі барлық
бөлімшелерінде жұмыс істейтін халықаралық персонал. Ұйымның күнделікті
әрекетін қамтамасыз етеді. Оның басында Бас Хатшы отырады. Оны Қауіпсіздік
Кеңесінің кепілдемесі негізінде БҰҰ. Бас Ассамблеясы 5 жылға тағайындайды,
Бас Хатшы ұйымның басты әкімшілік қызмет адамы деп табылады.
Халықаралық Сот Гаага қаласында орналасқан. Ол 15 адамнан тұрады. Оларды
БА мен Қауіпсіздік Кеңесі 9 жылға сайлайды. Сайлау компетенция критерийлері
бойынша өткізіледі.
БҰҰ қарамағына 14 мамандандырылған мекемелер кіреді. Солардың ішінен
қазіргі халықаралық қатынастарда Халықаралық валют фондысын және
Халықаралық банк атауға болады. Бұл екі ұйым мемлекет-мүшелерінің валют-
қаржы саясатын координациялауда үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, атом
энергиясы бойынша Халықаралық агенттігін атауға болады.
Европадағы қауіпсіздік және қарым-қатынас бойынша ұйымдастырылған ұйым (
ОБСЕ)
Бұл ұйым 20 жылға жуық Европада қауіпсіздік пен қарым-қатынасты орнату
мәслихаты деп аталады. 35 мемлекеттің құрамында дипломатиялық форум ретінде
1973 жылдан бері жұмысын атқаруда. Олардың құрамына Европаның барлық елдері
енді, солардың ішінде АҚШ пен Канада болды. ОБСЕ-нің ерекшелегінің бірі
мемлекеттердің түрлі қоғамдық-саяси жүйесіне және бір-бірінің әскери
құрылымына қарамастан (НАТО және Варшава келісімінің ұйымы) континент
әлемінде бейбітшілікті сақтау және оны тұрақтандыру жөнінде өзекті
мәселелердің саласында диалог және келісім процессті ұйымдастыра білді.
ОБСЕ әрекетінің қорытындысы Қортытынды акт болды, ол 1975 жылы Хельсинкиде
қабылданды. Ол мемлекеттер арасындағы өза қарым-қатынас принциптерін
анықтады. Мәселен, 1977-1978 жылдары Белградта, 1980-1983 жылдары Мадридте,
1986-1989 жылдары Венада, 1980 жылы Боннда, 1985 жылы Будапеште, 1990 жылы
Мәскеуде, 1991 жылы Копенгагенде ОБСЕ мемлекеттерінің кездесулері өтті,
экономикалық қарым-қатынас бойынша форумдар мен конференциялар өтті. 1990
жылы Европада қарулы күштер жөнінде келісім бойынша келіссөздер жүргізілді.
Соңғы жылдары ОБСЕ қатысушылардың саны көбеюде. Ұйымның құрамына барлық
мемлекеттер, соның ішінде, Югославия аумағындағы барлық елдер кірді.
Нәтижесінде қазір ОБСЕ-нің мүшесі ретінде 55 мемлекеттер еніп отыр [14].
ОБСЕ-нің жоғарғы құрылымдық жүйесіне мемлекет басшыларының және үкімет
орындарының кеңесі жатады. Ол екі жылда бір рет сайланады. Орталық басшы
орган - Министрлер Советі. Жетекші кеңес және Тұрақты кеңес бар.
Европалық одақ (ЕС) және Батысевропалық одақ (ЗЕС)
Бұл одақтар БҰҰ-ның қызметінде ерекше орын алады. Европалық одақ (ЕС) 15
мемлекетті қамтиды, халықаралық ұйымдардың ішінде ерекше орын алады.
Европалық одақтың щеңберінде экономика басты орын алады. Экономика
интеграциялық даму үстінде болуы тиіс. 1968 жылы мемлекеттер арасында сауда
саласында барлық таможеналық жинақтау істері жоққа шығарылды. Сыртқы
шекараларда жалпы таможеналық тарифтер енгізілді. 1985 жылы Біріңғай
европалық акт қабылданды. 1992 жылы ішкі рынок пайда болды. 1990 жылы
экономикалық және валюттік одақ қалыптасты. Интеграциялық дамуда бұл
дәстүрлі бағыт бірте-бірте жаңа салада тиісті компетенциялармен, атап
айтқанда, денсаулық, көлік, телекоммуникация, энергия, индустриалдық
саясат, білім, мәдениет, ортаны сақтау, ғылыми зерттеулер, технологияның
дамуы, әлеуметтік саясат сияқтылармен толықтырылады. 1992 жылы Маастрихте
(Нидерландыда) Европа одағы шартына қол қойылды. Оның екі жағы басым болды.
Біріншісі сот практикасы және ішкі істер мәселесі. Екіншісі - сыртқы саясат
және қауіпсіздік саясаты. Бұл жұмыстарды атқаруда ЕС-тің Кеңесінің рөлі
ерекше. Ол өзінің отырыстарын ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы,
көлік, өнеркәсіп министрлерінің қатысумен өткізеді. ЕС-тің құрамында
комиссия - атқарушы орган ретінде жұмыс істейді. Ол 15 мың адамы бар үлкен
аппарат. Европалық парламент жұмыс атқарады. Оның 626 депутаты бар. Олар
дауыс беру арқылы сайланады. ЕС-тің ұлттық белгілерінің бірі - Сот болып
саналады. Қоғамдың құқықты қалыптастыруда оның алатын орны зор [15].
Сонымен, БҰҰ-ның мақсаты мен принциптеріне сәйкес халықаралық ұйымдар
одағы және олардың қызмет аясындағы бағыттарын еске ала отырып айтарымыз
бұлардың бәрі қарым-қатынас принциптерің арқасында ғана жүзеге асады. Жан-
жақты қарым-қатынас орнату идеясы БҰҰ Уставында көрсетілген, ал принцип
Декларацияда халықаралық құқық принциптері ретінде орын алған болатын.
Сонымен, принцип мемлекеттерді қарым-қатынас орнатуды төмендегі негізгі
бағыттар бойынша міндеттейді:
- Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;
- Адам құқын құрметтеу;
- Суверендік теңдік және араласпаушылық принциптерге байланысты
экономика, әлеуметтік, мәдени, техника және сауда саласында
халықаралық қатынастарды жүзеге асыру;
- БҰҰ-мен байланыс жасау және Уставта көрсетілген шараларды
қабылдау;
- Барлық әлемде экономикалық дамуға, солардың ішінде, әсіресе,
дамушы елдердің экономикасының өсіп жетілуіне әрекет ету [15].
Бұл принциптер халықаралық құқық принциптерімен тығыз байланысты және
басқада принциптердің арасындағы байланыстарды ұштастыра түсетін буын,
диспозитив ретінде принциптердің мазмұнын аша түседі.
БҰҰ-ның қызметінің саласында Уставтың принциптеріне сәйкес аймақтық
жанжалды немесе даулы мәселелерді ретке келтіруде мемлекеттер арасындағы
әскери немесе қараулы күштер саласында мәселелер жатады. Мәселен, XX
ғасырдың соңғы онжылдығында талас-тартысты реттеуде сапалы өзгерістер
болды. 1989-1994 жылдардың арасында әлемде 94 қарулы жанжал болды, солардың
ішінде 4 өзінің табиғатына сәйкес мемлекетаралық. Даулы істердің сипаты да
өзгерді, кәзір олар азаматтық сипат алуда, этникалық белгілеріне байланысты
елдер тобының арасында өзгерістерге ұшырауда. Бұл мәселелер БҰҰ-ның
Уставының 2-7-ші бапында көрсетілген.
БҰҰ-ның Уставы бойынша мемлекет немесе мемлекеттер бір-біріне қарсы
қарулы күштерін екі жағдайда қолданыла алады:
а) БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қаулысына сәйкес әлемге қауіп төндіруді
тоқтату, агрессия ақтыларын басу. Қауіпсіздік Кеңесінің барлық шешімдері
әскери әрекет жасауда кеңестің 9 мүшесі дауыс бергенде ғана шындыққа
келеді, әрине, Кеңестің барлық тұрақты мүшелері - АҚШ, Ресей, Ұлыбритания,
Франция, Қытай мемлекеттерінің қатысуымен (Уставтың 27-ші бапы);
ә) қарулы шабуыл жағдайында жеке немесе ұжымдық өзін өзі қорғауда құқықты
іске асыру.
Уставта басқа жағдайларға байланысты күш қолдану көрсетілмеген. БҰҰ-ның
декларациясына сәйкес (1970 ж.) халықаралық құқық принциптері туралы - қол
сұқпау, араласпау принціпі кез келген елдердің ішкі немесе сыртқы істеріне
түрлі себептерге байланысты араласпауға тиым салынған. Шығыс Европадағы
өзгерістерден кейін 90-жылдары жағдай өзгерді, Қауіпсіздік Кеңестің
шеңберінде қарым-қатынастар жақсарды. 1991-1994 жылдары Қауіпсіз Кеңесінің
резолюциясы арқылы Ирак мемлекетінің репрессиясынан Ирак азаматтары, соның
ішінде, Курд халқы қорғалды. Гаитидегі жағдайға ұлықсат алынды. Сомалиге
гуманитарлық көмек көрсету жөнінде елдер мүмкіндік алды. Ал 1992 жылы
Сомалиде қаруланған топтар елді дезинтеграцияға, аштыққа және түрлі
ауруларға әкеп соқты. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікке келудің
жолдары жөнінде шешім қабылдады. Сомалидегі болған оқиғалардан кейін
Бейрут, Руанда, Югославия аймақтық зоналарда болды. БҰҰ-ның Уставының VII
бапында Аймақтық келісімдер деген тарау бар. Онда аймақтық деңгейде
аудандардағы жанжалды ретке келтірудің принциптері аталған. Сонымен, БҰҰ
мемлекеттер арасындағы аймақтық даулы істерді жөнге салудағы халықаралық
ұйым [16].
3. БҰҰ-ның бітімгерлік міндеті (миссиясы) және оның аймақтық
қауіпсіздік мәселелерді реттеудегі рөлі
Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауда БҰҰ-ның бітімгерлік
немесе бейбіттворчестволық операциялары маңызды құрал болып саналады.
Олардың атқаратын қызметі БҰҰ Уставы қабылдаған Бас Ассамблея
резолюцияларына негізделген. БА бітімгершілік операцияларды тұрақты
қарастырады. Оның қажеттілігі мынада - бітімгерлік операцияларды өткізу
Уставта қарастырылмаған, бұл бейбіт шаралар БҰҰ-ның мақсат және
принциптерінен туындайды. Бітімгерлік операциялардың мақсаты - дау, таласты
саяси тұрғыда реттеу, дипломатиялық істерге көмектесу. БҰҰ-ның әлемдік
бейбітшілікті және қауіпсіздікті сақтаүда талас-тартыс, жанжалды келіссөз
арқылы шешуді қолдайды, бұл мәселені шешу жөнінде негізгі принциптер
сақталған. БҰҰ-ның Уставының 1-ші бапында: Халықаралық бейбітшілікті және
қауіпсіздікті қолдау қажет. Бейбітшілікке төніп тұрған қатерлі қауіптер
және агрессиялық актілер шектелуі тиіс, халықаралық дау, таластар немесе
ситуациялар реттелуі тиіс. Бұлар бейбітшілік құралдары арқылы іске
асырылғаны жөнделінген. Сонымен қатар, БҰҰ Уставының VI және VII
тарауларында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда негізгі орган -
Қауіпсіздік Кеңесінің нақтылы шаралары анықталған. Мәселен, VII тарауда
Дау, таластарды бейбітшілік жолмен шешу керек делінген. Уставтың 41-42
баптарында Қауіпсіздік Кеңесі талас, тартыстарды бейбітшілік құралдары
арқылы шешуі тиіс (әуе, теңіз, жаяу әскер күштері). Бұл үшін БҰҰ-ның барлық
мемлекет – мүшелері қауіпсіздік кеңесінің қарамағына қажетті әскери
күштерін берулері тиіс делінген. Бұл шаралардың қолдануы туралы жоспарды
әскери – Штаб Комитеттің көмегімен Қауіпсіздік Кеңесі құрастырады. Бұл
салада оның бес тұрақты мүшелерінің алатын орны ерекше. БҰҰ-ның бітімгерлік
операцияларын жүзеге асыру барысында бірнеше міндеттер қарастырылуы қажет.
Араб-Израиль жанжалынан кейін бітімгерлік миссиялар 1964 жылы Кипрде болды.
Мұның мақсаты - соғыс қимылдарын тоқтату және тәртіпті қалыптастыру. 1993
жылы Грузиядағы жағдай – грузин-абхаз жанжалын ретке келтіру. 1994 жылы
Таджикистандағы жағдай - діни мәселеге байланысты қайшылықты ретке келтіру
еді. БҰҰ-ның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz