Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі



Мемлекеттігіміздің ең алғышартты белгілерінің бірі – Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа толыққанды мүше болып, әлем мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты.
Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бастап осы аса маңызды мәселеге айрықша мән беріп, ол мәртебенің тұрақтанып, нығая түсуі жолында аянбай, еңбек етіп келе жатқандығы да сол маңыздылықтан өрбіп келеді.
Мемлекет әдетте ұлттық негізде құрылады. Ол – ұлттың өсу, өркендеу қабілеттілігінің нышаны. Осыдан 14 жыл бұрын Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағанда, шіркін “мемлекет” деген статустың тұрақтағанын көзімізбен көріп, өзіміздің шын мәнінде ұлттық мемлекетіміздің өкілі екендігімізді өзімізден бөтен ел таныса, басқа әлем жұртының құлағы “Қазақстан” деген мемлекетке үйреніп, дағдыланса деп арман еткенімізді естен шығармағанымыз жөн болар еді.
Мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы әлемдік дәрежеде көптеген өркениетті елдермен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналып отырғанын әңгіме етер тұста қысқаша ғана болса да кешегі күнімізді де еске алғанымыз ләзім.
* * *
Қазақтың соңғы мемлекеттік сұлбасы ХІХ ғасырдың орта шенінде хандық құрылымның түбегейлі күйретілуі арқылы мүлдем жойылып, тынды. ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде басталған Ресей империясының отарлау саясаты толығымен жүзеге асырылып, орыс патшасының үстемдігі емін-еркін кең ауқымда жүргізілді. Қазақ жері бөлшектелініп, орыс генерал-губернаторларына бағындырылды. Империяның әкімшіліктері қазақ жері мен ел ішіндегі жағдайды өз тұрғысынан, яғни Ресей империясының отарлау саясатын кедергісіз жүргізу тұрғысынан басқарды. Кезінде жоңғар шапқыншылығына қарсы көтерілген қазақтың ұлттық рухын халық арасындағы көзі қарақты, санасы мен білімі озық тұлғаларды қуғын-сүргінге ұшыратып, әртүрлі жымысқы әдістермен көпшіліктің санасына ықпал ету арқылы жойып отыруды тәсіл етті. Сол дәуірде де, одан бұрынғы талай қиын кезеңдердегідей, жекелеген айрықша, табиғатынан сұңғыла тұлғалар болғанымен, қазақ – ел болып тұтасып, халық болып көтеріліп, қоғамға өз үнін шығарып, естірте алмады. Тек 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана 1920 жылдан алдымен Ресей құрамындағы автономиялық, 1936 жылдан Кеңестер Одағы құрамында одақтас республика болып осы құрылыммен 1991 жылдың желтоқсан айында жарияланған мемлекеттік тәуелсіздігімізге дейін келдік.
Аталмыш кезеңдерде, тұтас бірнеше ғасырлық дәуірлерде де талай ұрпақ мемлекеттікке қол жеткізе алмай кеткен. Бәрі де салыстырмалы құбылыста танылады емес пе? Немесе, басқа сөзбен айтсақ – біз кімбіз? – деген сұраққа жауап іздеу. Біз кім едік? Кім болдық?

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі

Мемлекеттігіміздің ең алғышартты белгілерінің бірі – Қазақстанның
дүниежүзілік қоғамдастыққа толыққанды мүше болып, әлем мемлекеттерімен
терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты.
Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміз
жарияланғаннан бастап осы аса маңызды мәселеге айрықша мән беріп, ол
мәртебенің тұрақтанып, нығая түсуі жолында аянбай, еңбек етіп келе
жатқандығы да сол маңыздылықтан өрбіп келеді.
Мемлекет әдетте ұлттық негізде құрылады. Ол – ұлттың өсу, өркендеу
қабілеттілігінің нышаны. Осыдан 14 жыл бұрын Қазақстан өзін тәуелсіз
мемлекет деп жариялағанда, шіркін “мемлекет” деген статустың тұрақтағанын
көзімізбен көріп, өзіміздің шын мәнінде ұлттық мемлекетіміздің өкілі
екендігімізді өзімізден бөтен ел таныса, басқа әлем жұртының құлағы
“Қазақстан” деген мемлекетке үйреніп, дағдыланса деп арман еткенімізді
естен шығармағанымыз жөн болар еді.
Мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы әлемдік дәрежеде көптеген өркениетті
елдермен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналып
отырғанын әңгіме етер тұста қысқаша ғана болса да кешегі күнімізді де еске
алғанымыз ләзім.
* * *
Қазақтың соңғы мемлекеттік сұлбасы ХІХ ғасырдың орта шенінде хандық
құрылымның түбегейлі күйретілуі арқылы мүлдем жойылып, тынды. ХVІІІ
ғасырдың бірінші ширегінде басталған Ресей империясының отарлау саясаты
толығымен жүзеге асырылып, орыс патшасының үстемдігі емін-еркін кең ауқымда
жүргізілді. Қазақ жері бөлшектелініп, орыс генерал-губернаторларына
бағындырылды. Империяның әкімшіліктері қазақ жері мен ел ішіндегі жағдайды
өз тұрғысынан, яғни Ресей империясының отарлау саясатын кедергісіз жүргізу
тұрғысынан басқарды. Кезінде жоңғар шапқыншылығына қарсы көтерілген
қазақтың ұлттық рухын халық арасындағы көзі қарақты, санасы мен білімі озық
тұлғаларды қуғын-сүргінге ұшыратып, әртүрлі жымысқы әдістермен көпшіліктің
санасына ықпал ету арқылы жойып отыруды тәсіл етті. Сол дәуірде де, одан
бұрынғы талай қиын кезеңдердегідей, жекелеген айрықша, табиғатынан сұңғыла
тұлғалар болғанымен, қазақ – ел болып тұтасып, халық болып көтеріліп,
қоғамға өз үнін шығарып, естірте алмады. Тек 1917 жылғы Қазан төңкерісінен
кейін ғана 1920 жылдан алдымен Ресей құрамындағы автономиялық, 1936 жылдан
Кеңестер Одағы құрамында одақтас республика болып осы құрылыммен 1991
жылдың желтоқсан айында жарияланған мемлекеттік тәуелсіздігімізге дейін
келдік.
Аталмыш кезеңдерде, тұтас бірнеше ғасырлық дәуірлерде де талай ұрпақ
мемлекеттікке қол жеткізе алмай кеткен. Бәрі де салыстырмалы құбылыста
танылады емес пе? Немесе, басқа сөзбен айтсақ – біз кімбіз? – деген сұраққа
жауап іздеу. Біз кім едік? Кім болдық?
Меніңше, біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің өсу, қалыптасу тарихын ерекше
ұлтсүйгіш ұждандылықпен, өте мұқият ұқыптылықпен тізбектеп, зерделеп,
кестелеп, дестелеп, көздің қарашығындай сақтай білуіміз, қасиетті
рухымыздай қадірлей білуіміз қажет. Осыны әрбір ұрпақтың санасына сіңіріп,
келер ұрпаққа түсіндіріп, тапсыра алсақ қана ел боламыз, ұлт боламыз,
күшті, қуатты мемлекет боламыз.
Бүгінгі мемлекеттік мәртебемізді, ең жақсы, бұрын-соңды болмаған
жетістіктерімізді әңгіме еткенде соның бәрі өздігінен болып жатпағанын
түсінудің де маңызы бар. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың кейде,
өкінішке орай, ерте заманды айтпағанда, жаңа тарихтан да хабарсыздығы
қынжылтады.
Қай заманда, қай кезеңде, қай елдің мемлекет басшысы қазақтың басшысымен
дәрежесі тең әріптесі ретінде сөйлесіп, келіссөз жүргізіп, тіпті
ұсыныстарын тыңдап, оны қабылдап, санасып еді? Осы сұрақтың тереңіне ой
жүгіртіп көрсеңіз, оған жауап табу да оңайға түсе қоймайды.
Тәуелсіз мемлекет болу – ұлтымыздың ғасырлар бойғы арманы болса, сол
тәуелсіздікті ұстап тұру, толыққанды мемлекет болып қалыптасу – одан да
биік мақсат, мұрат екендігін әрбір қазақ жанымен, санасымен, тәнімен
түйсініп, сезінуі ұлттық рухтың сапасын көрсетеді. Ұлттық рух мемлекеттік
рухқа ұштасып, қазақстандықтар өз мемлекетін көзінің қарашығындай қадірлеу
қажеттілігін түсіне алса – болашақтың көрсеткіші сол болмақ.
Былтыр теледидар арқылы халықпен тілдесуінде Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық
идея туралы өз тұжырымдарын ортаға салғанда бірінші тұғырға ұлттық
тәуелсіздікті шығара отырып, мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастық қатарында
тұрақтанып, нығаюына, бәсекелестікке қабілетті, дайын болу шарттарына
айрықша назар аударғанын көрермен көпшілік бірауыздан мақұлдап, кұптады.
Біз мемлекет болғалы жалғыз біз, біздің қоғам ғана емес, бүкіл дүние
керемет өзгерді. Кеше ғана теміртастай тұтас көрінген кейбір ұғымдар көз
алдымызда жаңа кейіпке ауысып жатқан құбылыстардың куәсі болып отырмыз.
Міне, осындай аламан жаһандасудың өзінде мәңгі сақталып, қасиетін жоймай,
керісінше қымбаттанып келе жатқан құндылықтар – ұлттық тәуелсіздік пен
мемлекеттілік. Адам құқының қайнар бұлағы да осы мақсаттармен байланысты.
Сірә, бүгін дәл осы құндылықтар ешкімнің де дауын туғызбаса керек. Ал осы
ұғымдарды біз осыдан 15 жыл бұрын дәл бүгінгідей дәрежеде түсіне алдық па?
Олай бола қоймағаны да шындық. Бүгінгі қоғамның дамуы да, біздің
мемлекеттік дүниетанымымыз да ол кезеңдердің бір де бірімен салыстыруға
келмейтіні де шындық.
Қазақстанның мемлекеттік мәртебесін айшықтайтын нышандар мен көрсеткіштер
бүгін баршылық. “Біз кімбіз? Сіз кімсіз?” – дегенде біз бүгін – “Қазақпыз”
деп қасқайып айтып, мақтанамыз. Күні кеше ғана қай елге барсаң да
“қазақпын” дегеніңді түсіне алмай, соңыра “е, орыс екенсіңдер ғой” дейтін
қытай, ағылшын, француз, америкалық, испандық бейтаныстар. “Ә, өте жақсы!
Танысқаныма қуаныштымын. Жерлерің көп. Мұнайларың көп. Астықтарың көп.
Малдарың көп” – деп Қазақстанды білетіндігін, Назарбаевты көргендігін
айтатын болды қазір. Тіпті Қазақстанда тұратындығын мақтан ететін ұлттар
саны көбейді. Бұл жерде тек бұрыннан қазақ жерінде өсіп, өніп отырған 130
ұлт пен ұлысты ғана айтып отырған жоқпын. Жаңа Қазақстан, мемлекеттік
дәуірімізде Қазақстанға келіп қоныстанған басқа ұлт өкілдерін, соның ішінде
өркениеті, тұрмысы озық дамыған, бай мемлекеттерден елге келіп қызмет етіп
жатқан адамдарды да айтамын.
Басқаны былай қойғанда – қай заманда Қазақстанға Ресей, Қытай әріптес деп
қарап еді? Тарихта екеуінің де Қазақстанға деген пиғылы бүгінгідей
болмағаны да шындық. Олар қазақ жеріне, еліне “жоғарыдан” қарап үйренген.
Біз өз дамуымыз арқылы ғана олардың көзқарасын өзгертеміз. ХІХ ғасырдың 80-
ші жылдарында қазақ жерінің шығысында шекара сызығын жүргізгенде осы екі
алып империяның өкілдері қай қазаққа қарайлап, қай қазақтың зарына құлақ
асып еді? 1882 жылғы Пекин, Петербург келіссөздерінде осы екі көрші алпауыт
мемлекеттер қазақтың жерін қазақтың қатынасуынсыз бөлді емес пе? Ал қазақ
сол келіссөзге неге қатыса алмады? Өйткені – елі де, жері де бодан болды.
Өзі мемлекет болмады. Мемлекет болмаған соң оның дауысы ешкімге де жетпеді.
Дүниежүзілік қоғамдастық қазақ деген ұлтты танымады, білмеді. Қазақ
ешкімнен көмек сұрап, шағына алмады. Сол шекара бөлісті түсіне алмай, 70
мыңға жуық қазақ әрі қашып, бері қашып босқындыққа ұшырады, мыңдаған қазақ
тектен-текке оққа ұшып, құрбан болды. Бұл – шекараға байланысты бір ғана
мысал. Бүгінгі шекаралық келісімдердің жеңісін көре алмаған кейбір
сыншылардың тым сайыздығына таң қалмасқа шара жоқ. Сөз реті келгенде
айтарым – кім де болса шекаралық келісімді сынау үшін алдымен тым болмаса
сол аймақтың жағдайын біліп алса, оған қоса – тарихқа үңілсе, үшіншіден,
геосаяси сарапты түсіне білсе – яғни, осы мемлекеттік шекарамызды бекітіп
алуға кімнің мүдделі екенін анықтай алса. Дүниені айбатты қуатымен
сескендіріп отырған Кеңес Одағының 74 жыл дәуірінде Қытай онымен шекаралық
келісімге келмеді. Осының сыры неде? Қытайдың екі жарым мың жылғы
мемлекеттік идеологиясында “Қытай елі аспан астындағы жалғыз мемлекет, ол
мемлекетте ешқандай шекара жоқ” деп насихатталғанын да білгеннің зияны жоқ.
Шүкіршілік, бүгінгі Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекетаралық қатынас
бейбіт, достық сипатында дамып отыр. Ол да мемлекетіміздің сыртқы
саясатының нәтижесі.
Қытай елімен шекаралас 15 мемлекеттің ішінде бірінші болып шекаралық толық
келісімге Қазақстан қол жеткізді. Осыған дейін қытай оқулықтарында ескі, үш
жүз жыл бұрын жасалған карталар қолданылып келді, ол карта бойынша тіпті
Шуға дейінгі аймақ “даулы жерлер” тізбегіне кіретін-ді. Ресми келісімнен
кейін, 1999 жылдан бастап шынайы карталар жарық көре бастады.
Сондықтан да тұңғыш рет Қазақстан мемлекетінің ресми шекарасының барлық
көршілермен тегіс танылып, келісілуі, ресми хатталуы –
мемлекеттілігіміздің, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жеңісі
деп танылуы әбден орынды.
* * *
Тәуелсіз мемлекет боларымыздың алдында ғана, социализм дәуірінде – өз
ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихынан гөрі орыс, Батыс Еуропа, әлем тарихын
мәртебелеп оқығанымызды да ұмыта қоймаған абзал. Оларды оқып, терең
зерттеп, көбірек, жүйелі түрде білгенге не жетсін. Ондай мүмкіндіктен қазір
де, алдағы уақытта да бас тартпай, керісінше, әлемдік өркениетке мейлінше
бойлауға бейімделуден ұтпасақ, ұтылмаймыз. Мәселе, қазақ ұлтының рухани
құндылықтарын, тарихын, мәдениетін әлемдік дәрежеге жеткізе алмағанымызда.
Оның да басты себебі – өзіміздің дербес мемлекеттігіміз болмағандығында
еді.
Абайды білмейтін қазақ жоқ. Абай – қазақ үшін қасиетті ұғым. Ал сол
Абайымызды әлем, басқа мәдениеттер тани ма? Шекспир, Гете, Чайковскийді
әлем қалай таниды? Сондай әлемдік тұлғалардың қатарында Фарабидің,
Шоқанның, Абайдың есімдері атала ма?
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тойланған Абайдың 150 жылдығы көпшіліктің
есінде. Осы мәртебенің көпшілік біле бермейтін қыр-сыры да бар. 1990 жылы
Қазақ ССР Үкіметі атынан ЮНЕСКО басшылығына жазылған хат қаралмаған. Себеп
– тек мемлекет Үкіметтерінің немесе тағы басқа құзырлы орындарының ұсынысы
назарға алынады. Ал ол кездегі біздің ресми Үкімет КСРО яғни Мәскеу.
Мәскеудегі орталық билік орындар Қазақстанның Абайдың 150 жылдығын ЮНЕСКО-
ға енгізу қажет деген ұсынысын қарамаған және өз тарапынан ЮНЕСКО-ға
ешқандай ұсыныс бермеген. Тек 1992, 1993 жылдары өзіміз тәуелсіз мемлекет
болғаннан кейін ЮНЕСКО басшыларымен бірнеше кездесу өткізіп, келіссөздер
жүргізілгеннен кейін ғана еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы
ЮНЕСКО-ның арнайы жиналысында тыңдалып, пікір алысылып, басқа мемлекет
өкілдерінің дауысына салынды. 1993 жылдың 2 қарашасында ЮНЕСКО-ның
Париждегі штаб-пәтерінде оның Бас Ассамблеясының аясында өткен алқалы
мәжілісте Қазақстан мемлекеті атынан Абай туралы баяндама жасау абыройы мен
бақыты сол кезде Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған, ЮНЕСКО
істері жөнінде Қазақстанның ұлттық комиссиясының тұңғыш төрағасы ретінде
менің үлесіме тигені әлі күнге жүрегімді, санамды ерекше сезімге бөлейтінін
жасыра алмаймын. Содан бір күн бұрын ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясында
Қазақстанды осы халықаралық беделді ұйымға мүше етіп қабылдау рәсімінде
Қазақстан туралы менің баяндамам тыңдалып, гимн орындалып, Туымыз еңсесі
биік ғимараттың төріне көтеріліп, дүние жүзілік қоғамдастықтың басқа
мүшелері қатарынан орын алып, мәртебеміз ерлеп, бүкіл дүние жүзінің 180-нен
астам мемлекеттері өкілдерінің Қазақстанды құшақ жая құттықтағанын сол
кезде менімен бірге болған Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұңғыш өкілі, әрі
Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Төлеухан Қабдрахманов екеуміз
қалай ұмытармыз. Көңіл шіркіннің көтерілгенде көркі қандай?! Және бұл – жай
бір адамның жеке басының ғана қуанышы емес, бүкіл елдің, бабалардың рухы
көтеріліп, Қазақстан деген жас мемлекетті әлемнің өркениеті танып,
мойындап, қабылдап тұр емес пе?
Қазақстанның ЮНЕСКО-мен қарым-қатынасы осылайша басталып, қазір оның
белсенді мүшесі болды. Бұл беделді ұйым тек соңғы жылдары дүниежүзілік
өркениетке байланысты Қазақстанның көптеген бастамашыл ұсыныстарын
талқылады. ЮНЕСКО-ның ұлы адамдар тізіміне Абайдан басқа Жамбыл Жабаев,
Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Әбілхан Қастеев енді. Біздің
Олжас Сүлейменов әрі елші, әрі сол халықаралық ұйымның белсенді қайраткері.
Мемлекет деген символикалық немесе абстрактілік ұғым емес. Мемлекеттің
мазмұны мен пішінін анықтайтын, айшықтайтын нышандар мен критерийлері көп-
ақ. Мемлекеттің басты байлығы да, мәртебесі де нақты адамдар, Мемлекет
басшысы, мемлекеттік институттарының бағыт-бағдары, іс-әрекеті, қызметінің
сапасы арқылы танылатыны белгілі. Қазір Қазақстанымызды әлемге таныту,
дүниежүзілік қоғамдастықтың әрі белсенді, әрі беделді, лайықты мүшесі болуы
жолында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамашылдығымен көптеген
білікті мемлекет, қоғам, өнер, ғылым, мәдениет, спорт қайраткерлері
салиқалы, нәтижелі үлес қосып келеді. Ел ішіндегі сапалы даму мен
өркендеуді халықаралық деңгейге ұштастырып, әлемдік мемлекеттермен әріптес
болып жүруде біздің еліміздің өкілі ретінде қызметке араласып жүрген
азаматтардың еңбегі де зор. Олар өз өкілеттіктері дәрежесінде Қазақстанның
көк туын көрсете білді. Қазақстанды тану, түсіну солардың біліктілігі мен
білімділігіне, саяси мәдениетіне, қабілетіне, отаншылдығы мен
ұлтжандылығына байланысты. Біз мемлекет болғаннан кейін Президенттің қолға
алған шұғыл шаруасы сыртқы саясаттың бағыт, бағдары, болашағы болды. Арнайы
тұжырымдама жасалды. Сыртқы істер министрлігі, оның жас қызметкерлері,
әсіресе басқа елдерге жіберілген Төтенше және өкілетті елшілер Елбасының
тапсырмасымен қыруар жұмыс атқара алды. Осы орайда ұзақ жылдан бері Сыртқы
істер министрі қызметін абыроймен, біліктілікпен атқарып жүрген
Президенттің серіктесі Қасымжомарт Тоқаевтың есімін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Еуропалық қауымдастықтан Еуропалық одаққа дейін
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі
ҚР сыртқы экономикалық саясаты
ҚР сыртқы экономикалық саясаты туралы
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Өзін-өзі басқару жүйесі
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер
Пәндер