Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
КІРІСПЕ
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау . «Жұлдыз», «Жалын» журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана.сезім мен ұлттық мінез.құлықты қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер,
сілтемелер көрсеткіші тізімі

Бүгінгі әдеби басылымдардың проблемалары мен ізденіс ерекшеліктері.
(Жұлдыз, Жалын журналдарының 2000-2006 ж.ж. жарияланымдары
бойынша)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Тарау - Жұлдыз, Жалын журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
1.2. Әдеби басылымдардың авторлары мен бас редакторлары
ІІ Тарау Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1. Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
2.2 Әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығына көзқарас
2.3. Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-құлықты
қалыптастырудағы ролі
III ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер,
сілтемелер көрсеткіші тізімі
КІРІСПЕ
Қазақ топырағындағы әдебиет туралы ғылым туу, қалыптасу дәуірінен
әлдеқашан өтті. Бұл ғылым бүгінде күрделі даму - өсу, өркендеу кезеңдерін
бастан кешіріп отыр. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні
арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша
литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағынада
қолданылғанын білу онша қиын емес. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара
түсу керектігін айтқанда, біз жұрт мұншалықты жадағай, әріпшіл талап қоюдан
аулақпыз.
Әрине, әдебиет - өнер. Өнердің түрі көп: кескін өнері, мүсін өнері,
сәулет өнері. Ал әдебиет – сөз өнері. Мүсіншінің құралы - үн, бишінің
құралы – қимыл болса, әдебиетшінің құралы – тіл. Сөз әдебиеттің құрылыс
материалы (Федин).
Қоғамдық сананың айрықша саласы - өнер десек, мұның жалпы адамзат
мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар
қызметі орасан зор. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі
қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен бірлігі бола тұра
өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей
жетімді деу қиын сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей
түсінікті бола аламйды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма
сол тілде ғана туады. Әдебиет кез-келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде
құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда сөз өнерін – бар
өнердің басы, өнер атаулының ең қиыны және күрделісі (Бальзак), ең
жоғары түрі (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының
өнер алды – қызыл тіл деген білгір тұжырымы да тегіннен-тегін тумаған-ды.
Әдебиет - өнердің бір түрі, сөз өнері. Ал өнер жайлы сөз қозғап, сол
өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды. Дүниені өзгертіп,
құбылтып, құлпыртып келе жатқан адам баласы ақиқат өмірдің құпия сырларын
тек абстракция, ой, ұғым арқылы ғана топшылап қоймайды, қолмен ұстап,
көзбен көрер нақты, затты құралдар арқылы әбден анық таниды. Адамға өмір
мен күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де керек. Міне,
дәл осы арада шындықты дәлелдейтін ғылыммен қатар оны көзге көрсететін
көркем әдебиетте өзінің қоғамдық ролін ойнай бастайды. Әдебиеттің қоғамдық
мәнін айтқанда ең алдымен оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай
бір көркем шығарма болсын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты,
бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын соңды
беймәлім дүниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне
белгісіз құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ. Көркем шығарма адамға
өмірді танытады; таныта тұра, адамды тәрбиелейді. Бұл арадан келіп
әдебиеттің қоғам өміріндегі тағы бір тамаша маңызы шығады. Әдебиет
адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын
қалыптастырады, мінез құлқына ықпал етеді, бүкіл тұрмыс-тіршілігіне әсер
етеді.
Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма
арқауы – шындық. Ілгерішіл әдебиет пен өнер - әрқашан өмірдің мектебі,
шындықтың шежіресі, сәулетті болашақтың болжаушысы. Мұндай әдебиет пен өнер
әрқашан қиян-кескі идеялық күреспен дамып, өрлеп келеді. Мәселен, өнер
ғасырлар бойы философиямен бәсекеге түсіп, күндердің күнінде жер бетінде
тек ғылым мен білім қалады да, өнер жоғалады деген қатал үкім де естіп
көрді. Уақыт өтіп жатты. Дүниеге небір ғажайып суреткерлер, ғаламат көркем
туындылар берген шын мәніндегі өнер жоғалу былай тұрсын өз басынан әр алуан
ренессанстар кешірумен келеді. Өнердің мұншалық күші неде? Өнердің кәусар
туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да,
сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады.
Қазақ ұлты – сан ұлттар мен ұлыстардың мекеніне айналған ежелгі қазақ
жеріндегі ата ұлт. Олай болса, басты ұлт қандай бір мәселеде өзгелерге
үлгі боларлықтай өнегесімен, ұлылығымен ұйытқы болу керек. Демек, көрнекті
ақын Жұбан Молдағалиев айтқандай: Мен қазақпын! - деген бір ауыз сөз
бүкіл халықтың ұранына, оны өзгелерден даралап көрсетер үніне айналуы
қажет. Өйткені, бүгінге дейін Қазақстанда ұлтыңды сүю, ұлтыңды мақтаныш
тұту саясаты ешқашан мемлекеттік дәрежеде жүргізіліп көрген емес.
Ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық сана-сезімді оңтайлы жолдармен
дамытудың, ұлттық тәрбиені дұрыс арнаға түсірудің амал-тәсілдерін
қарастырғанда, ойға ең алдымен оралатын да, дерек-дәйектемелерімен
расталатын да бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Қазіргі қоғамды
улап отырған маскүнемдік, есірткіге әуестік, ана тілінен мақұрым
болушылық, қазақы менталитеттен аулақ мәңгүрттік, ұлттық намысты
жоғалтушылық сияқты теріс құбылыстардан да сақтанудың, ұлт ұрпағына дұрыс
тәрбие берудің басты құралы іспеттес.
Елбасы: Журналистің, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтық
жауапкершілігі, әсіресе мемлекеттік пен демократияның қалыптасуы кезеңінде
ерекше жоғары1,- деген сөздері журналистерге артқан үміті тәріздес. Осы
орайда мемлекеттің дамуы үшін, ұлттың мықты болуы мен алдағы ауыртпалықты
жеңе білуі үшін ауызбірлік пен ынтымақтастықтың нығаю шарты алға қойылады.
Ұлт ынтымақтастығы әуелде ұлттың ұлтын сезінуден басталатынын ескерсек,
бұқаралық ақпарат құралдарының осы жолда қарқынды іс жүргізуге міндетті
екенін атап өткен жөн.
Кез келген ұлттың ұлттылығы, ең алдымен, байырғы заманнан қанына
сіңіп, ана сүтімен бойына дарып келе жатқан ана тілінің құдіретімен
дәлелденеді. Мұнда қазақ тілі әлі өз қолданылу аясын кеңейте алмаған тұста
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мына бір сөздері ойға оралады:
...Біздің көпұлтты мемлекетіміз үшін маңызды ерекше мәселенің бірі –
республикалық ақпарат арналарын өз ойын айта білу үшін, мәдени
құндылықтарды, дәстүрлерді, ұлттық тілді сақтау проблемаларын шешу үшін
пайдалануына мүмкіндіктер туғызу керек.2 Өкінішке орай, егемен ел боп
ірге көтергелі он үш жылды артқа тастасақ та, мемлекеттік тіл проблемасы
өзектілігін жоймауда.
Ұлттық психологияның ажырамас бөлігі - ұлттық мүдде ең алдымен
күнделікті беріліп жатқан ақпараттар негізінде де көзделуі шарт. Ұлттық
қауіпсіздігіміз, ұлттық білім деңгейі, ұлт денсаулығы, жалпы әлеуметтік
жағдайы, ұлттық санын арттыру мәселесі күн тәртібінен түспеуі қажет. Тек
ұлттық арналар ғана емес, тәуелсіз арналар да - ұлт жағдайына жанашыр
болуға мүдделі. Ұлт мүддесін көздей отырып, қалың көрерменді ұлтын сүюге,
ұлтын сезінуге, ұлты үшін қызмет етуге шақыру арқылы ұлттық тіліміз бен
ділді, дін мен мәдени ошақтарды, әдебиет пен мәдениетті жоғарылату міндеті
туады.
Ұлттық мүдде мен талғам түйісе келіп, ұлттық тілдің жаңғыра түсуіне
даңғыл жол дайындайды. Ұлттық тіл негізінде қазақ ұлты жаңа бір қырынан
таныла түсіп, халық бойына сан ғасырлар бойы тарихи өміріміздегі ұлт үшін
күрес нәтижесінде бойға жинақтаған асыл да игі қасиеттердің көрінуіне себеп
болады. Ұлттық мінез-құлық иман-инабаттылықтың барлық критерийлерін
жинақтай келе, өзгеге де, өзімізге де қазақ ұлтын қайталанбас ұлт ретінде
таныстырып өтері де даусыз. Ар-ождан, ұят, намыс дегенді әрдайым “өлімнен
күшті” санаған дана халық бүгінгі беделіне де сондай асыл қасиеттері арқылы
жеткенін есте ұстаған абзал.
Қазақы салт-дәстүрлерді құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелей отырып,
ұлттық тіл арқылы бойына ұлттық мінез-құлықтарды дарыту, ұлттық сана-
сезімін ояту - аталы істердің бірі. Оның барлығы “журналист - халыққа жақ,
санаға сақ болу керек” дегендей, ұлттық сананың ұйтқысы болып табылатын
ақпарат құралдармен қатар, ұлтты сыйлауды, құрметтеуді “үйренуге тиіс”
тәуелсіз арналар үшін де үлкен сыни өткел.
Ата-баба мұраларын, халық қаһармандары мен мәдениет, өнер
қайраткерлерінің ерен еңбектерін елеп, пір тұта білу үшін де ұлттық тарихты
ғана біліп қоймай, бүгіні мен ертеңін таразылай білу қажет. Салт-санамыз
бен тілімізді, дінімізді, жерімізді ата-бабамыз ұзақ жылдар бойы сақтау
жолында қасық қаны қалғанша күрескені – ертеңгі ұрпаққа мұра қалдыруға
ниет білдіруі.
Ұрпақтан ұрпаққа жеткен мұраны таза қалпында бойымызға дарытумен
қатар, ұлтымыздың ұлылылығын мойындай отырып, өзгелерге де мойындату -
журналистердің де халық алдындағы биік борышы деп түсінеміз.
Баспасөз – қоғамдық өмірдегі орасан маңызды да мағыналы құбылыстардың
бірі. Оның алар орны тым ерекше. Ол – халқымыздың өткен тарихының алуан-
алуан сырларының шежіресі, бүгінгісінің мөлдір айнасы мен келешегінің
жаршысы. Өзінің осы тамаша қасиеттерінің арқасында біздің баспасөз
дәуіріміздің ақыл-ойы, ар намысы, сенімді қажымас, талмас ұраншысы
дәрежесіне көтеріліп отыр. Осы орайда: БҮГІНГІ ӘДЕБИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ІЗДЕНІС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (Жұлдыз, Жалын журналдарының
2000-2006 ж.ж. жарияланымдары бойынша) -атты диплом жұмысының негізгі
мақсаты – бүгінгі таңда өзектілігін жоймай келе жатқан ұлттық идеологияны
қалыптастыруда басты рөл атқаратын әдеби басылымдардың маңыздылығын
айқындау. Сондай-ақ ұлттық ойды қалыптастыруда қандай бағыт бойынша жұмыс
істеу керектігін тұжырымдап, ғылыми қорытынды жасау болып табылады.
Зерттеуге таңдап алынған бұл тақырыптың өзектілігі – ғаламдастыруға
бет алып, ұлттық болмыс, ұлттық менталитет, т.с.с. ұғымдарды санадан тыс
қалдырмау мәселесін бірінші орынға қоя отырып, қазақ ұлтының ұлттылығын
айқындауға, ғылыми талдау жасау. Сондай-ақ Жұлдыз, Жалын әдеби
журналдарының бүгінгі бет - бейнесі, проблемалары туралы сөз қозғау болып
табылады.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды мен
сілтемелерден, әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау - Жұлдыз,
Жалын журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі деп аталып, Алғашқы
әдеби басылымдар тарихынан, Әдеби басылымдардың алғашқы авторлары мен
редакторлары атты тақырыпшалардан құралды. Екінші тарауды Қазіргі әдеби
басылымдардың ерекшелік сипаты деп атадық. Ол Бүгінгі әдеби
басылымдардағы жанрлық ерекшелік, Әдеби басылымдардағы жастардың
туындылары, Әдеби басылымдардың ұлттық сана-сезім мен ұлттық мінез-
құлықты қалыптастырудағы рөлі атты тақырыпшаларға бөлініп, ғылыми
тұжырымдамалар жасалынды.
Қорытындыда негізгі тарауларда қарастырылып өткен мәселелерге
қорытынды талдау беріліп, жалпы зерттеу жұмысы бойынша ғылыми-түйін
жасалынады.
Диплом жұмысының барлық мазмұны осы тақырып аясында бұрын-соңды
жарыққа шыққан ғылыми еңбектер, басылымдарда жарық көрген публицистикалық
мақалалар, сыни пікірлерге талдау жасау негізінде жазылды.
Жұлдыз, Жалын журналдарының тарихы мен қалыптасу кезеңі
1.1. Алғашқы әдеби басылымдар тарихы
Баспасөз – жалғаншыл баспасөзге қарама-қарсы, шынайы шындықтың айнасы.
Ар мен адамгершіліктің, жаңа мен жақсының жаршысы. Баспасөз –насихаттаушы
және ұйымдастырушы. Осы міндеттерге сәйкес, газеттердің күнделікті ісінде
өмірдегі ең прогресшіл игі құбылыстың бәрінің де өркен жаюына кең жол
ашылуға тиіс. Бұл әрине басылымдардың сапасын үнемі арттыра беруді, дәлірек
айтқанда түрін мейлінше байытып, тіл байлығын жетілдіре түсіп, мазмұнын
тереңдетуді талап етеді. Сондықтан да баспасөз материалдарын шебер
ұйымдастырудың, оны барынша ұғымды етіп жазудың тәсілдері мен стильдерін
анағұрлым жақсартуы шарты айқындалуы тиіс. Бұл міндеттерді жүзеге асыру
газет жанрларының әрқайсысына тән ерекшеліктерді сақтай отырып, олардың
жанрлық мүмкіндіктерін молайту - әр журналистің қаламға жүйріктігін, мәнер
машығын жетілдіру, сөйтіп әр жанрда талай әсем туындылар беру мақсатына
тығыз байланысты. Басылымдар әр түрлі, соған сәйкес олардың ерекшеліктері
де сан алуан екені мәлім. Ал олардағы материалдардың сапалы болуы оларды
жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол
ерекшеліктерін жете айыра отырып, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер
журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті
қолдана білсе, газет материалдары бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсап
тұрмай, бірін-бірі қайталамай, әрқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді,
сапасы жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді,
нәтижесінде ондай газет материалдарын оқушылар сүйсініп, қызыға оқитын
болады. Сайып келгенде, газет , журнал материалдарының сапасын
жақсартудың, журналистердің қалам шеберлігін арттырудың негізгі бір тиімді
тәсілі, нақты жолы осы деп білген жөн.
Журналист еңбегі – оңай еңбек емес. Ол – аса бір құрметті еңбек. Бұл
еңбекті көпшілік сынайды, сыйлайды. Журналист еңбегі – үнемі ізденіп,
шығармашылық жаңалықтарды талап ететін еңбек. Сондықтан да журналист өмірді
жай ғана қызықтыра көркем суретші немесе өмір өзгерістерін жай ғана бір
бақылаушы емес, ол сол өмірдің нағыз белсенді күрескері. Демек, ол
–қоғамдық пікірдің ұйытқысы мен ұйымдастырушысы; қоғамдық пікірдің қожасы
мен иесі. Сондықтан да оның баспасөз жанрларын жете меңгеруі, оларды өз
творчествосында шебер қолдана білуі қажет.
Осындай жауапты қызметті иеленуші журналистер қауымының еңбек ететін
бір саласы бұл - әдеби басылымдар. Әдеби басылымдар әрине елімізде қазір
көп-ақ. Ал аға басылымдар - Жұлдыз бен Жалынның орны бір бөлек. Бұл
басылымдардың тарихы әріден басталады. Жұлдыз - алаш жұртының әдеби,
әлеуметтік журналы. Қазіргі бұл әдеби басылымның құрылтайшы және шығарушы:
Қазақ газеттері Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Редакторлар
кеңесінің төрағасы – Бас директор Мереке Құлкенов. Бас редактор – Темірхан
Медетбек. Жауапты хатшы – Сайлаубек Жұмабек. Бөлім меңгерушілер: Мұхамедия
Жұмағалиев, Ділдар Мамырбаева, Қуандық Түменбай. Редакция алқасы: Төлен
Әбдіков, Дулат Исабеков, Әбіш Кекілбаев, Тұманбай Молдағалиев, Шерхан
Мұртаза, Қадыр Мырза Әлі, Ақселеу Сейдімбек. Қазақ газеттері
серіктестігінің өкілдері: Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысы, Астана қаласы мен
Ақмола облысы, Қарағанды облыстарында. Редакцияға түскен шығармалар
рецензияланбайды. Қолжазба қайтарылмайды. Көшіріп басқан жағдайда
Жұлдызға сілтеме жасау міндетті.
Жарияланған дүниелердегі деректердің нақтылығына авторлар жауап береді.
Пікір-толғамдар редакция көзқарасымен сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жұлдыз
журналында жарияланған материалдардың авторлық құқы Қазақ газеттері ЖШС-
не тиесілі, жарнаманың тілі мен мәтініне редакция жауапты емес.
1922 жылдан шыға бастаған Жұлдыз журналының тарихына қысқаша тоқталып
өтсек. Жұлдыз әдеби, мәдени, қоғамдық саяси журнал. Алғашқы саны Жаңа
әдебиет деген атпен 1928 жылы жарық көрді. 1932-38 жылдары – Әдебиет
майданы, 1939-41, 1945-56 жылдары Әдебиет және искусство, 1944-45
жылдары Майдан деген атпен, 1957 жылдың қаңтарынан бастап Жұлдыз
журналы болып осы күнге дейін шығып келеді. Қазақстан партия ұйымының
көмегімен жазушылар ұйымы 1928 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұрынғы бірер
рет шыққан Жыл құсы деген жинақтың орнына дербес журнал шығарды. Оның
атын жаңа дәуірге сай Жаңа әдебиет деп атады. Осы журнал бетінде Сәбит
Мұқанов ескі әдеби мұраларды талғап пайдалану керек, бұл жөнінде байшыл-
ұлтшылдармен ымыраласуға болмайды деп мәлімдеді. Біздің принциптеріміз
райласпақ емес, өйткені біз әдебиетті еңбекшілер тұрғысынан бағалаймыз, ал
байшыл ұлтшылдар байлардың тұрғысынан қарайды. Сондықтан біздің ымыраға
келуіміз мүмкін емес.3
Қазақстан Өлкелік партия комитетінің 1929 жылдың декабрінде болған 5
пленумы қазақ совет әдебиетінің дұрыс бағытта дамуына жөн сілтеді.
Пленумның қаулысында: Қазақтың пролетарлық әдебиетін нығайту және дамыту
оның бүкіл ұлттық көркем әдебиеттегі жетекшілік ролін қамтамасыз ету үшін
қазақ және шығыстағы аз ұлттар коммунистерінің арасындағы қазіргі кезде
пролетариат әдебиетін жасаудың мүмкіндігіне сенбеушілікті, күдіктенушілікті
біржола жою керек-4 деп байшыл-ұлтшыл жазушыларға соққы болып тиетін
жауап қайтарды. Қызыл Қазақстан деген атқа ие болған журнал 1921 жылы 15
қыркүйекте РКП(б)-ның Қазақ облыстық комитетінің органы Қызыл Қазақстан
(кейін Қазақстан коммунисі деген атқа ие болған) журналы айына екі рет
шыға бастады. Шығарушы: Кирревкомның үгіт-насихат бөлімі. Қол қойған:
редколлегия. Ол жалпы қоғамдық-саяси, шаруашылық және мәдениет мәселелерін
қамтитын журнал болды. Оның бетінде РКП(б)-ның съездері мен Қазақстан
партия
3.С.Мұқанов. Жазушы мектебі. Қазақ әдебиеті, 4 май, 1962
4.С.Мұқанов. Әркім өзінше ойлайды. Жаңа әдебиет №3, март
ұйымдарының шешімдері мен қарарлары насихатталды. Оның алғашқы жылдардағы
нөмірлерінде Советтің соты, Кеңес мектептері туралы, Октябрь төңкерісі
Һәм қазақ әйелі, Қазақстанның шаруа кәсібі, Октябрь һәм жастар, Халық
һәм әдебиет т.б. мақалалар жарияланды. Журнал қазақ еңбекшілерін
К.Маркстің, В.И.Лениннің өмірбаяндарымен, революциялық қызметімен
таныстырды, партия гимні Интернационалдың қазақша аудармасын басып
шығарды.
Сөйтіп, журнал қазақ еңбекшілеріне Совет өкіметінің халықтық өкілет
екенін, оның жұмысшы-шаруа одағы және халықтар ынтымағы негізінде
құрылғанын, пролетариат диктатурасын, пролетарлық интернационализм идеясын
түсіндірді. Коммунистік партияның лениндік ұлт саясатын, социализм және
коммунизм идеяларын насихаттады.
1921-1925 жылдары журналдың не бәрі 48 нөмірі жарық көрді. Қағаз, қаржы
тапшылығынан кейде оның 3-4 нөмірі біріктіріліп шығарылды. Партия
тұрмысымен қатар республиканың саяси шаруашылық және мәдени өмірін қамтитын
журнал болғандықтан, оның бірнеше бөлімдері болды. Ең бастысы ол кезде
партия бөлімі болды.
Сол сияқты журналдың шаруашылық, денсаулық сақтау, халық ағарту, білім-
ғылым, әйелдер арасындағы жұмыс, әдебиет бөлімдері және сыртқы хабарлар,
сын және библиография, кино және театр сыны тағы басқа бөлімшелер мен
рубрикалар болды.
Журнал әдебиет мәселелеріне де үлкен көңіл бөліп отырды. Онда 1923-1925
жылдары Сәкен Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешуінен үзінділер, Сәбит
Мұқановтың Сынға сын деген мақаласы және басқа ақын-жазушылардың
шығармалары басылды. Нәзір Төреқұлов 1923 жылы Москвада шығып тұрған Темір
қазық журналының №1,2,3 нөмірлерінде басылған мақалаларының бірінде
Сәкеннің революцияшыл жырларына жөнді мән бермеді. Сәбит Мұқанов оған қарсы
шығып, Сәкенді асыра сілтеуші сыншылардың шабуылынан қорғады.
Қызыл Қазақстан журналының жақсы жақтарымен қатар осал жақтары, тіпті
қателері де болды. Оның бетінде кейде идеялық жағынан ұстамсыз, мазмұны
құнсыз материалдар да орын алып келді.
Баспасөз бетінде көтерілген идеологиялық айтыста, әрине, партия бағытын
ұстаған жазушылар жеңіп шықты. Бұл туралы Қазақстан жазушыларының 1932
жылғы бірінші съезінде қазақ совет әдебиетінің негізін қалауда байшыл-
ұлтшылдарға қарсы күресте қол жеткен табыстарға қорытынды жасалды.
Қолжазба “Садақ” журналын Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқып жүрген
қазақ жастары 1915-1918 жылдары шығарыпты дегенді 1952 жылы адал жүрек
ақын, атақты “Әли қарттың әңгімесі” поэмасы үшін “жемеген таяғы жоқ” Жақан
Сыздықов айтып кеткен. Бүгінгі Жұлдыз журналының құрылтайшылары: Қазақ
газеттері жабық акционерлік қоғамы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы,
Редакция ұжымы. Қазіргі айдарлары: Проза, поэзия, Шетелдегі қазақ
әдебиеті, Түрік дүниесі, Дін-ислам дәрістері, Өнер, Қазақстан -
2030, Әдебиеттану, Әдебиет тарихы, Зерде, Алтыншы дәптер, Хат
хабар, ой толғам тағы да басқа болып табылады. Қазіргі бас редакторы -
Мұхтар Мағауин, бас редактордың орынбасары -Тұрысбек Сәукетай, жауапты
хатшы - Серікқали Хасан. ... Көркем әдебиет өмір шындығының айнасы
дейміз. Өмірдің дамылды күндері де бар, дауылды күндері де бар. Жел
желпімей, өрт өшірмейді 5дегендей, дарынды шығармалардың денін дауылды
күндер туғызуын әдебиеттер тарихынан аңғарамыз. Тасыған өзеннің, толқыған
теңіздің арнасынан ақтарыла төгілуі сияқты, әдебиеттің де тасқындаған
кезінде әдеттегі арнасына симай кететін шағы болады. Сол кезде тұрақты
кітаптың баспасөзден орын жетпей, газет, журнал, альманах сияқты мерзімді
баспасөздер молырақ керек боп қалады.
...Осы өскелең әдебиеттің қажетін өтеу үшін, 1927 жылдан қазақтың
бірінші баспа альманағы – Жыл құсы жарық көрді. Сол альманах өркендей
келе журналға айналып, соңында, тиражы 160 мың данадан тұратынЖалын
атауына тірелді.
Бүгінгі әдебиетіміздің аумағы, әсіресе жылдан-жылға саны молайып келе
жатқан талантты жастарымыздың шығармалары: қолымыздағы бар баспасөздердің
шеңберіне симай, тағы бір альманах туғызудың сәті түсті. Ол – жоғарыда
аталған Жалын. Бұл альманахқа қаламы төселген ақын-жазушылармен қатар,
әдебиет әлеміне жаңа ғана аяқ аттай бастаған жас таланттардың шығармаларына
да кең орын берілмек.
Осыдан ширек ғасырдан бұрын астам уақыт бұрын Жазушы баспасының
жанынан балалар және жасөспірімдер әдебиетінің Бас редакциясы құрылған
болатын. Сол редакция жанынан Жалын атты альманах шығару көзделген . Бас
редакторлыққа бұрын Орталық партия комитетінде үгіт насихат бөлімі
меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған, белгілі жазушы Өтебай
Қанахин тағайындалды да, орынбасары болып Бек Тоғысбаев шақырылды.
Альманах деген сөз – араб тілінде әдеби шығармалардың жиынтығы деген
мағынаны береді. Ең алдымен тақырыптық жоспар жасалып, көркем әдебиет
аталатын зәулім сарайдың табалдырығын алғаш аттаған жастардың сәтті
қадамдарын көрсетуді, бет-бағдарын айқындауды мақсат етті. Бірінші нөмірде
оларға Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әлкей Марғұлан сияқты халқымыздың
ұлы перзенттері жол болсын айтып, бата берді. Алғашқы сандарда сол кездері
отызға ілікпеген Оралхан Бөкеевтің, Төлен Әбдіковтың, отыздан асса да жас
саналатын Әкім Таразидің повестерін, Тұманбай Молдағалиевтің, Қадыр
Мырзалиевтің, Сағи Жиенбаевтың жаңа өлеңдерін, бірсыпыра әдеби сын
мақалалар, рецензиялар, пулицистикалық толғаныстар, спортқа шолу, әзіл-
сықақ бұрышын, тағы басқа жанрлар бойынша материалдар жарияланды.
Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті мен Қазақстан Жазушылар Одағының екі
айда бір шығатын әдеби-көркем және қоғамдық – саяси журналы ретінде 1969
жылдан бастап шыға бастады. Ал енді әділіне келетін болсақ, Жалын журналы
шыға бастаған күнінен балаңдық, осалдық көрсеткен кезі жоқ. Сол күш-қайраты
тасыған жалынды жастығынан бір айныған емес. Осы жылдар ішінде әдеби журнал
Жалын қазақтың рухани әлемінде қандай үлес қосты? Журналдың ең асыл
мұраты – жас таланттардың шығуына жағдай жасау, көмектесу. Осы орайда бір
ғана мысал. Журналдың тұңғыш санына ҚазМУ-дың филология факультетінің 3
курс студенті Смағұл Елубаевтың әңгімелері жарияланды.
Нарықтық экономикаға бет бұрған бүгінгі таңдағы қазақ баспасөзінің
ауыр халі баршаға аян. Қағаз тапшылығы, типографиялық шығынның, басқа да
өндірістік айналымда бағасының күрт өсуі – мерзімді басылымның қай-қайсысын
да қиын жағдайға тіреп отыр. Әлгіндегідей объективті себептерге байланысты
Жалын да алдағы жылы өзінің жылдық жазылу бағасын 24 сомға көтерді. Бұл,
әрине, мойын бұрғызбас қажеттіктен туындаған шара. Алайда, келесі жылдан
бастап ай сайын шығамыз деген үміт қандай да болмасын кедергіден абыройлы
өтеміз-ау деген болмашы сенімге негіз болғандай. Бұл сенім сонымен бірге
өзінің Жалынға деген оң ықыласыңа, азаматтық пейіліңе бағышталды, қадірлі
оқырман!...
Жалын альманах ретінде емес, кәдімгі заман ағымына, күнделікті
тіршілікке лайық әдеби-көркем дүниелермен көріне бастады. Бұған түксие
қараушылар да табылды, біраз айтыс тартысты да бастан кешірген. Басқасын
былай қойғанда, бірінші нөмірдегі эмблема ретінде басылған, тұлпар мініп,
қолына алау ұстап шауып келе жатқан жігіт бейнесі (бұл қайда шауып барады,
ескіліктің исі тұрған жоқ па?), эмблеманың астында Назым Хикметтің: мен
егер лаулап жанбасам, сен егер лаулап жанбасаң –Түрілер түнек түн қашан?!-
деген Сағи аударған өлең жолдары қып-қызыл дау туғызып, жоғарғы жақтан
сөздер естіліп, ақталуға, дәлел іздеуге мәжбүр болған күндерде бастан
өткен. Түрілуге тиіс ол – қай түнек?. Бұл - өсіп өркендеген Кеңес
қоғамында шығып отырған басылым емес пе?-деген күдік, бопсалардан құтылу
оңай болған жоқ. Өлеңді алып тастасақ та ат мінген жігіттің бейнесін сақтап
қалған.
Ал енді Жалын журналы туралы ағалар лебізіне келер болсақ, ...Ұлы
тойлардың қарсаңында туған Жалынға берер батамыз: жалының жарқырай
түссін, өрең биіктей түссін, өрісің кеңи түссін! - басылымның 1969 жылғы
№1 нөмірінде жазушы Сәбит Мұқанов жылы лебізін осылай білдірсе, осы
санында Ғабит Мүсірепов: Жалын өзінен өзі жанбайды. Оның қорегі ең
алдымен жиырма бес төңірегіндегі талантты жастар қаламынан таматын сия! Сөз
тізбегі емес, ой тізбегі. Жайылым су емес, сарқырап, долданып, булығып-
бұрқанып, сақылдап күліп, кәрленіп жататын тасқын су - өнер де жігер, от
жалынды ой, жүрегіңді дірілдетер сезім тереңдігі. Жаңалықтың құлақ бұрауы
емес - өзі! Эксперимент жазушы столының үстінде жасалып, жемісін Жалын
алдына жайып салғанда күлдіре алар, қуанта алар, мұң айта алар, жігеріне
жігер қосар болсын! Шын талант арманы осы болмақ.
Жалынға қараңғылық қауіп емес. Сылбыраған ақ жаңбыр қауіп, байырғыдан
басқаның бәріне жатсырай қарайтын күрең қабақ қауіп, жастарды жастайынан
қартайтатын қара жұдырық қауіп. Жалын қазақ кеңес әдебиетінің теориялық
бағыты әбден айқындалған, ержеткен дәуірінде шығармашылық тәжірибесі
молайған дәуірде туып отыр.Бұл кезде балаңдыққа орын болса да, балалыққа
орын жоқ-деп жазады.6
Жалын - Жұлдыз журналының туған інісі. Бірақ оның сарқытымен
күнелтпейді. Бұл Юность, Молодая гвардия сияқты өз бет алысы бар
альманах. Мұның өз даусы, өз жалыны болу керек. Тіпті аға журналдардың
кейбір кезде бет жыртпайтын көлегейлігінен аулақ болар деп үміт етеміз. Бұл
үмітіміздің бірінші белгілері Жалынның бірінші санынан бастап-ақ атой
берсе игі еді!-деген ыстық ықыласын білдіреді. 7
Қазақ әдебиеті тағы да бір бұтақ жарды – дүниеге Жалын атты жастар
альманағы келді. Өскелең әдебиет бір қалыпта тұрмақ емес, осылайша оқтын-
оқтын жаңарып, белден-белге, өрден-өрге жоғарылай береді. Өмір мен ой
дамуына шек қойылмаса, әдебиет дамуына да шек қойылмаған. Бірақ, әдебиетте
бір өзгешелік бар. Басқа еңбек, ғылым саласында әлемді бүгін таңдандырған
тамаша табыстар бара-бара өзінен өктем шыққан кезде жай бір тіршілік құралы
болып қалады. Ал, әдебиет қанша өссе де оның бір кездегі биігі аласармайды,
әрдайым биік. Бұны өзіміздің ескі эпостарға немесе ұлы Абайға қарасақ та
айқын көреміз. Алдыңғы ағалар, соңынан өрбіп келе жатқан әдебиет
жеткіншектерінің үні, сыр-сипаты, ой қабілеті қилы-қилы. Өте қызық. Олар
әдебиет көктемі. Жалынның бетінде сол жайнаған көктемді, әдебиет
биіктерін көрсек, Жалын бәсеңдемей лаулай берсе -деген тілекпен Ғабиден
Мұстафин де өз ойын жеткізген екен. 8
Жалынның жиырма бес жыл толған мерейтойлық нөмірінде журналист
Зәйгүл Асқарованың Іңкәр... өмірге іңкәр Орағаң... деген естелік
мақаласында журнал жайлы: Оралхан Бөкей десе, алдымен осы Жалын
журналының алғашқы саны жарыққа шыққан күн есіме түседі. ... Қазіргі кезде
күніне бір газет, күніне бір журнал ашылып жатыр ғой. Ол заманда мұндай
оқиға ел өміріндегі елеулі құбылыс болатын. Журнал болғанда шаруашылықтың
бір саласына емес, халықтың рухани өміріне қатысты әдеби журнал ашылды.
Қолдан қолға тигізбей оқитын Жұлдыздың інісіндей боп жаңа басылым келді
өмірге. Ол кезде біз мектеп қабырғасындағы бойжеткен қыз, бозбала
жігіттерміз. Жұлдыз үлкендердің журналы еді, енді жастардың төл журналы
шықты деп алақайлап қуандық. Міне, осы Жалынның тұңғыш санының Орағаңның
Іңкәр атты повесімен ашылғаны біздің есімізде мәңгі қапты-деген ойлар
айтылған. 9
Өткір де өршіл, сыршыл да сыншыл жауһар жырларымен қатарластары
арасынан ерекше дараланып, ерте танылған Фариза Оңғарсынова есімін
білмейтін қазақ жоқ десе де болғандай. Өлең айдынында құлаш ұрған өзінен
кейінгі сіңілілері мен інілерінің көпшілігіне ұстаз болған, әлі де бола
беретін, сөйтіп қазіргі қазақ поэзиясында өзгелер үлгі тұтар өзгеше әуенді
берік орнықтырған Фариза ақын - Жалын журналының тұрақты авторларының
бірі.
Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаев Жалын туралы өз ойын
былай деп жеткізеді: Жалын халқымыздың қалың ортасынан қаулап өсіп
шыққан жас дарындардың журналы, олай болса, бұл журналдың алдында үлкен де
ұлы міндет бар. Ол – ұлттық әдебиетіміздің келешегін баулып, тәрбиелеу. Бұл
басылым осы жолда да әрдайым күш жігерін жанып, жұлқынып жұмыс істеуі
керек.
Бір жағынан, Жалын журналы – қазіргідей қым қуат тірлігі көп кезеңде
де басты бағытынан айнымай, әдеби үрдісімізге өлшеусіз үлесін қосып, рухани
игіліктерімізді байытып келе жатқан басылым. Бұған, меніңше, ешкімнің
таласы болмас.
Сондай-ақ бұл басылымның халқымыздың рухани әлемінен алар орны да
ерекше айқын емес пе?! Мен бұл басылым мен оның шығармашылық ұжымына,
авторларына зор табыс, бақытты ғұмыр тілеймін.10
Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев: Бүгінгі әдеби өміріміздің
белді өкілдері ішінде алғашқы туындысын Жалынның беттерінде жариялатып
осы басылымның ақ батасын алмағандары жоқ болса, келер толқынның да ішінде
Жалында бағын сынатып, Жалынмен бірге жалындағысы келетіндер аз
болмауға тиіс қой. Сондықтан мен оларға:-Әрдайым Жалынмен бірге
жалындаңдар!-дер едім. Біздің әдебиетімізді дамытып, өсіруге атсалысып
отырған қос тыныс болса, соның бірі – Жалын-деген пікірі бар. 11
1.2. Әдеби басылымдардың бас редакторлары мен авторлары
Әдеби басылымдардың бас редакторлығында еліміздің бетке ұстар ел
азаматтары отырды. Авторлар да басылымдардың шығып тұруына белсенді
араласты.
Жұлдыз бен Жалын журналдарының бас редакторлары мен авторлары
құрамында әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңба қалдырған, қалдырып жатқан ақын-
жазушыларымыз қызмет істеп келеді. Жұлдыз қоғамдық-әлеуметтік, әдеби-
көркем журналының 2007 жылғы наурыз айындағы нөмірінде Поэзия. Проза
айдарында жазушы Шерхан Мұртаза ағамыздың Жалғыз, Тарпаң атты
әңгімелері, ақын Темірхан Медетбектің Көк түріктер сарыны тақырыбымен
өлеңдері, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың Рухтар жерден кетеді романы,
ал Ел межесі – елулікке ену айдарында жазушы Қуандық Түменбайдың Жүрдек
пойыз келе жатыр Қазақстан Темір жолына қатысты мақаласы, Мәдени мұра
айдарында жазушы Жолтай Әлмашевтің Әуезовті ардақ тұтқан ағалар атты
естелік әңгімесі жарық көрген. Сондай-ақ осы нөмірінде Сын және
әдебиеттану айдарында жазушы Бекен Ыбырайымның Сыншы мұраты атты
көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Қирабаевтың 80 жас
мерейтойына орай жазылған мақаласы, ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің
туғанына 70 жыл толуына орай ақын Бауыржан Жақыптың Сендей саңлақ өмірге
келер ме екен қайтадан атты еске алу мақаласы, сыншы Қансейіт Әбдезұлының
Ұлт тағдырын толғаған деген жазушы Смағұл Елубаев туралы мақаласы,
филология ғылымының докторы Мекемтас Мырзахметұлының Бауыржан Момышұлы –
түркі халықтары әскери әдебиетінің негізін салушы атты еңбегі жарияланған.
Жұлдыз журналының Қыз-келіншектер жырлайды айдарында ақын Баян
Бекетованың Өмір өзі жазып берді өлеңді..., жас ақын Мақпал Жұмабайдың
Түндігін жырдың түрдім..., жас ақын Асылзат Айтмаханованың Ақындар күнге
ыстық, айға ғашық... тақырыбында өлеңдері оқырманмен сағына қауышқан.
Шетелдегі қазақ әдебиеті тақырыбы да Жұлдыздың назарынан тыс қалмаған.
Тұрсынхан Әлқанұлының Этнографиялық әңгімелері Сексеуілдің сынығы,
Қасқырдың тарамысы тақырыптарында өте қызықты өрбіген.
Поэзия мен проза, балалар әдебиеті, әдеби сын, әдебиет тарихы, т.т.
барлығында да шығарманы тану мен бағалаудың мызғымас алғышарты ретінде
көркемдікті іздеуі сыншы талғамының өсіп, таным көкжиегінің үнемі кеңейіп,
уақыт өткен сайын толыса түскенін дәлелдейді. Өлеңдер мен поэмалардан
кестелі мысалдар келтіре отырып, әр ақынның өзіне тән ерекшелігін тап басып
танып, дәл айтатын, әдебиет тарихын жете білгендіктен, қай ақынның да
шығрамаларын немесе шығармышылығын әдебиет дамуының өрісінде қарастыру -
өскен сыншылық шеберліктің, өскелең талғамның куәсі. Әдеби басылымдардың
тұрақты авторлары да міне осы сыншылар қауымы.
Тәжірибелі ақындардың жастардан бір ерекшелігі - өздері өткен өмір
сырын бүгінгі шындықпен сабақтастыра ойлану, уақыт пен адам өміріндегі
жаңалықты бай тәжірибе арқылы қорыту өзгешелігінде - дейді сыншылар.
Өмірлік тәжірибені аналитикалық қорыту көркемдік мазмұнның байлығы мен
айрықшалығына бастайтынын әдеби процестегі нәзік құбылыс ретінде
айқындалған.
Сонымен бірге, әр ақынның өзіндік белгілері – мәселен, нәзік те
сыршыл, өр сезімді, табиғат сырлары мен адам сезімін астастыра
суреттеуге шебер Әбділдә Тәжібаев, өмір сүйгіш Қалижан Бекхожин, өмір
сырын, оның күрделілігін терең танытатын Жұбан Молдағалиев, жұмсақ мұң,
ойлы сезімталдық дарыған Қадыр Мырзалиев, албырт көңілді, бала мінезді,
ақ жарқын жыр жолдар иесі Тұманбай Молдағалиев, оттылығын, жігерлілігін
танытатын Мұқағали Мақатаев, еркін ырғақпен сөйлейтін Фариза
Оңғарсынова, нәзік, биязы, табиғи Күләш Ахметова т.б. ақындық айшықтары
әдеби басылымдарда айқын бедерленеді.
Ақындық алымы, мінезі, танымы әрқилы дарындарымыздың шығармаларының
өмірлік негізі, нақты болмыспен тереңнен тамырласуы, заман мәселесін алға
тартуы, ең бастысы, тебірене бейнеленуі - әркез басылым назарында. Көркем
шығраманы сүйсіне таразылағанда, әрқашан сергек. Әр ақын шығармашылығын
немесе жеке туындысын сол кездегі әдеби процеспен, онымен де шектелмей,
өткен кезеңдермен салыстыра қарастыруы - әдеби басылымдар басшылығының
көзқарасының кеңдігі мен етерңдігінің, біліктілігінің куәсі.
Шын ақын өз дәуірінің, өз замандасының сырына үңілмей тұра алмайды.
Содан тапқаны мен көргенін айтады, сол негізінде халық өмірі, оны
толғантқан мәселелер жайлы ойланады, соның бәрін оқушысымен бөліседі. Әдеби
басылымдарда Әбділдә ақынның азаматтық кейпі өз оқырмандарына ұсынар бай
тәжірибесінен, айтар өнегесінен танылса, ал Хамит Ерғалиев саяси лириканы
тақпақтап, ұран айтуға емес, құбылыстың ішкі мазмұнына үңілу арқылы өлеңнің
азаматтық рухын көтеруге негіздеп жазады. Жұбан Молдағалиев өлеңдерінде
адамдық қарыз бен парыздың өзекті проблемалары жатады, олардың
шығармашылығындағы негізгі сипаттарды, бұл сипаттардың өмір шындығымен
байланыстылығын, дәуір құбылыстарын танып, толғай алған парасатты азаматтық
даусын жазбай танып, жүйелеп жеткізеді.
Жалынның тұңғыш бас редакторы Өтебай Қанахин ағамызды қалың оқырман
қауымы Дәмелі, Жүрек қалауы, Құдірет романдары, Жас дәурен, Тұңғыш
махаббат, Жер басып жүрсем, Бақыт бәйшешегі, Қарт сарбаз хикаясы,
Қарлығаш сынды прозалық жинақтары арқылы мәңгі есінде сақтары анық. Бұл
кітаптар кезінде сыншылар мен жалпы әдебиет сүйер қауым тарапынан өз
бағасын алды да.
Алайда жазушы арамызда жүргенде айтылған жылы лебіздер мен жаңа
шығармасына жедел қабыл жазылған рецензиялардың орны бір бөлек те, ол
өмірден озған соң, таза ғылыми бағасын берудің орны бір бөлек. Бұл тұрғыдан
келгенде жазушы Өтебай Қанахинді танып болдық деп те, жұртшылыққа таныта
алдық деп те айта алмаймыз. Төрт жыл бойы оқ пен өрттің ортасында жүріп,
соғыс аяқталғаннан кейін де 53 – ші жылдың қоңырқай күзіне дейін Қытайда
әскери қызметте болған Өтеағаңның мінезіндегі туралықты, адалдықты,
ұқыптылықты құрдастары аңыз қып айтар еді. Өмірде де, әдебиетте де тік
жүріп, тура айтуды ту қылып ұстанған жазушы өз ғұмырында осы мінезінен
талай теперіш те көрді, бірақ алған бетінен қайтқан емес.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан
Республикасының халық депутаты Шерхан Мұртаза Жалын журналының 1970-1973
жылдар аралығындағы бас редакторы болды. Ал жазушы Төлен Әбдікұлы Жалын
журналы бас редакторының 1971-77 жылдар аралығындағы орынбасары, кезінде
журналдың редакция алқасының мүшесі болды. Оның Райхан, Оң қол
әңгімелері, Тозақ оттары жымыңдайды хикаяты ең алғаш осы журналда жарық
көрді.
Мемлекеттік сыйлықтың және Физули атындағы халықаралық сыйлықтың
лауреаты Тұманбай Молдағалиев – Жалын журналының 1973-1984 жылдар
аралығындағы бас редакторы. Тұманбай аға Жалын журналында қызмет істеген
жылдарын былай деп еске алады: Мен Жалын журналында жұмыс істеген
жылдарымды өмірімнің, ақындық тіршілігімнің ең жұлдызды, ең биік жылдары
болды деп есептеймін. Сол жылдары Жалында қазақ әдебиетінің алтын қорына
қосылған қандай жақсы шығармалар жарық көріп еді дегенде, есіме көп нәрсе
түседі. Мысалға, бүгінгі атақты жазушы Мұхтар Мағауиннің Бір атаның
балалары атты повесі Жалынның жабық бәйгесінде бірінші орын алды. Осы
шығарма 1973 жылы күзде жариялады. Сол жабық бәйгеде дүниеден ерте кеткен
талантты жазушы Қарауылбек Қазиевтің Иманжапырақ атты повесі де бірінші
бәйге алды. Бұл шығарма да 1973 жылы Жалында жарық көрді. Дулат
Исабековтің, Оралхан Бөкеевтің, Төлен Әбдіковтің, Кәдірбек Егізбаевтың,
Молдахмет Қаназовтың повестері, Смағұл Елубаевтың, Серік Асылбековтың,
Рафаэль Ниязбековтың, Мейрам Асылғазиннің, Серік Байхоновтың әңгіме,
повестері Жалын арқылы көпшілікке танылды.
Ақындардан Жұматай Жақыпбаев, Күләш Ахметова, Иранбек Оразбаев,
Жарасқан Әбдірашев, Шөмішбай Сариев, Кеңшілік Мырзабеков, Серік
Тұрғынбеков, Махмұтбай Әміреев, Базарбай Исаев, Әбен Дәуренбеков, Серік
Ақсұңқарұлы, Кәрім Сауғабаев, Жүрсін Ерманов, Темірхан Медетбеков, Сейсен
Мұхтарұлы тағы басқа бір топ ақын Жалын арқылы қанат жайды.
Төлен Әбдіков менің орынбасарым боп екі жылдай қызмет істеді. Дулат
Исабеков прозаны басқарды. Очерк бөлімін Нұрқасым Қазыбеков, поэзияны
Жарасқан Әбдірашев басқарды. Жалын журналы үлкен әдеби журнал болды. Енді
Жұлдызбен жарыссын. Әдебиетке үлес боп қосылатын үлкендердің де
шығармаларын жарияласын. 12
Бүкілодақтық комсомол сыйлығының лауреаты, белгілі мемлекет және қоғам
қайраткері Мұхтар Шаханов – Жалын журналының 1984-93 жылдар аралығындағы
бас редакторы болды.
Сексенінші жылдар еліміздің тарихындағы небір дүбірлі оқиғаларға толы
кезең еді. Қайта құру басталысымен қанат жайған жариялылық пен демократия
жетпіс жылдан бері қысып келген тоталитарлық жүйенің бетін ашты. Бұған
дейін тарихтағы айтылмай келген шындықтарды қалпына келтіру үшін бұл
тақырыпқа белсене кіріскен басылымдардың бірі – осы Жалын журналы
болатын. Дәл осының алдында ғана қайта жаңғырып, сілкініс пен рухани
түлеуді күткен зәру нәрсе тіл мәселесі еді. Бұл тек жазушылардың ғана емес
бүкіл халқымыздың шаруашылық өмірін, оқуын, күнделікті тұрмысын, өмір
салтын қамтитын үлкен жай болатын. Көтерілген тақырыптардың қай-қайсысы да
зор қоғамдық пікір тудырды. Жалпы бұл аталған жайлар төңірегінде ғана емес,
көпшіліктің назарын аударуды қажет ететін істің кез-келгеніне Жалын
журналы дер кезінде араласатын. Кейіннен әлем жұртшылығының назарын
аударған Арал теңізінің экологиялық жағдайы, әйгілі Желтоқсан оқиғасының
егжей-тегжейі де журнал беттерінде бар шындығымен жазылды. Бұл – Жалын
журналының кезеңдік істердегі белсенді позициясы. Ал әдеби журнал болған
соң ол әрине терең де көркем мазмұнды болуға керек. Сондықтан да 1980-90
жылдардағы поэзияда болсын, көркем сөзде болсын, сын әдебиетте болсын өнер
жүгін арқалаймын деген азаматтардың ең таңдаулы дүниелері осында жарық
көрді. Әдебиет есігін алғаш ашып, өнер өлкесіне енді енген жастар үшін
Талаптың мініп тұлпарын деген айдар ашылды. Аға қаламгерлер оларға сәт
сапар тілеп, пікір білдіретін. Бүгінгі әдебиеттегі отыз бен қырықтың
арасындағы тұтастай ұрпақ сол жылдарда қанаттанып, қалыптасып шықты. Мұхтар
Шаханов редактор болған жылдары Есенғали Раушанов, Мәди Қайыңбаев, Қасымхан
Бегманов, Балтабай Әбдіғазиев, Жұмабай Шаштайұлы, Тынышбай Рахимов, Қанипаш
Мәдібаева, Серік Асылбековтер қызмет істеді. Айтылған жайлармен ғана
шектеліп қалмай басылымның тақырып аясын үнемі кеңейтіп, өнер, тіл,
эстетика, тарих мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Озық үлгі айдарымен әлем
әдебиетінің таңдаулы дүниелері мен аудармалар берілді. Сол кездегі Одаққа
әйгілі орыс, украйн, қырғыз, беларус әдебиетінің біраз ақын-жазушылары
Жалынның бетінде қазақша сөйледі. 1987 жылы Жалын альманағы кеңейіп,
әдеби-көркем журналға айналды.
ІІ-Т А Р А У
Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
2.1 Бүгінгі әдеби басылымдардағы жанрлық ерекшелік
Басылымның жанрлық ерекшелігін әңгімелегенде ең алдымен, оны хабар
жанрларынан бастағанымыз жөн. Хабар жанрлары басылымдардың күнделікті
ісінде өте маңызды орын алады. Егер күнделікті шығатын баспасөзден оқушының
шұғыл назарын аударарлықтай қысқа-қысқа хабарлар кездесіп отырмаса, онда
газет не журнал немесе альманах сияқты боп, я болмаса мақалалар мен
корреспонденциялардың жиынтығына ғана ұқсап кетер еді. Сондықтан екіпіні
күшті дәуіріміздің ұшқыр жаршысы хабар жанрларының мерзімді баспасөзімізден
кең орын алуы қуанарлық та, құптарлық та іс боп саналады. Ал бұл әдеби
басылымдардағы негізгі жанрлар интервью (сұхбат), оның ішінде әңгіме түрі,
суреттеме түрі кездеседі. Әрине әдеби басылымда ақпараттық хабарлар
кездеспейді. Өмір фактілерін жинақтап, оны жақ-жақты талдап зерттеудің және
қорытудың негізінде шындық құбылыстар мен оқиғаларды баяндайтын жанр
корреспонденция да, қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп ұғынудың,
талдап және жинақтаудың қорытындыларынан туған идеяның негізінде жазылатын
публицистикалық шығарма – мақала жанры да әдеби басылымдардың жанрлары.
Қазақ совет баспасөзінде фельетон жанрын кіргізгендердің бірі Ілияс
Жансүгіров болды. Ол Жаңа әдебиет (Жұлдыз) журналының 1931 жылғы 6
нөмірінде басылған Мен қалай жаздым деген мақаласында Сықақ атты жинақ
шығарып, күлкі, сықақ жанрын дамытуға ат салысып отырғандығын айтады.
Менің көрнекті еңбегім,-деп жазды Жансүгіров, - қазақтың журналистикасында
жатыр. Фельетонның жаңа түрін, үлгісін қазақ баспасөзіне кіргізуге біраз
қызмет қылып келемін...13
Біздер, еңбекшілер тілегіндегі жазушылар, өндіріс жоспарымызды
орындауымыз керек! - деп Ілияс өзінің әріптестерін социалистік құрылыстағы
екпінді бригадалар санатына қосты. Шынында да тап осы кезде оған қосыла
үшкір қаламын ұстап Бейімбет Майлин, Аманғали Сегізбаев, Асқар
Тоқмағанбетовтер қазақ баспасөзінде сықақ жанрын өркендетті. Қазіргі таңда
елімізде ұлттық рухта тәлім-тәрбие беріп, ұлттық сана сезімдерін мейлінше
арттыра беруде әдеби басылымдардың орны айрықша зор. Республикамызда қазір
мыңдаған дана кітаптар мен кітапшалар басылып шығып, кинофильмдер
көрсетіліп, ондаған пьесалар театр сахналарында қойылып, көркемөнер
ұжымдары немесе жеке орындаушылар көпшілік алдында өз өнерлерін көрсетіп
жатады. Осылардың әрқайсысы бізідң шалқыған салтанатты мәдени өміріміздің
ғажап оқиғалары мен таңқаларлық құбылыстары болып саналады. Әрине, бұл
оқиғалармен құбылыстардың қалың бұқараның сана-сезіміне, жан-дүниесіне,
көңіл-күйіне, тигізерлік әсерлері жөнінде белгілі бір пішінде ашық пікірлер
білдіріледі. Олардың кемістік жағын мінеп-сынайды, ал жақсы жағына тиісті
баға беріледі. Міне, баспасөздегі мұндай жанрды – рецензия деп атайды.
Егер біз рецензия деген сөздің қайдан шыққан тегін алар болсақ, оның
өзі латын тілінен шыққан екен. Бұл сөздің тікелей мағынасы – ғылыми,
техника, көркемөнер, шығармаларын терең зерттеп, тексере қарап талдау және
олар туралы жүйелі түрде жақсы - жаманын тура айтып, пікір жазу мағынасын
білдіреді. Сонымен, рецензия, белгілі бір туындыны немесе мәдени өмірдің
құбылыстары мен оқиғаларының мән-жайларын қалың бұқараға жете түсіндіріп
үгіттейді, оған тек әлеумет және қоғам мүдделерінің тұрғысынан тиісті
талдау жасап, пікір айтып, баға беруді көздейді. Міне осы рецензия жанры
әдеби басылымдарда кеңірек орын алған.
Жұлдыз журналының 2004 жылғы 10 санында Қара кітап айдарында
Жанымбеттің Сәбит өлеңдеріне сын атты рецензиялық мақаласы жарық көрді.
Бұл мақала 1927 жылы шыққан Еңбекші қазақ газетінде 24 желтоқсан күнгі
нөмірінде жарық көрген екен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz