Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 СТИЛИСТИКАЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7

2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІНДЕГІ ФИГУРАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1 СТИЛИСТИКАЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7

2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІНДЕГІ
ФИГУРАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
КІРІСПЕ

Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш
амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын,
қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі,
өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық,
лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін
сала. Стилистика сөйлеу, коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың
заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал-
тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-
прагматикалық, эстетикалық қызметті қарастырады. Стилистика көптеген ғылыми-
практикалық мәселелерді қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдерді
ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды
көздейді, сондай-ақ ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық
норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен
белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларды шешеді
[1,6].
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндері
кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың
тәсілдерін үйретеді әрі стилистикалық тәсілдерді коммуникативтік мақсатқа
сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді
саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен
контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық
мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы
ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке
ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен
бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі
саласы.
Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік
тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді.
Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте
маңызды орын алады. Олардың қатарына функционалдық стилистика, көркемдік
тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Жалпы тіл ғылымында
стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы,
стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді. Жалпы тіл
ғылымында функционалдық стильдерді былайша топтастырады:
– ауызекі сөйлеу тілі;
– ғылыми стиль;
– ресми стиль;
– публицистикалық стиль;
– көркем әдебиет стилі [2,8].
Стилистикалық фигуралар жоғарыда аталған функционалдық стильдердің
барлығында бірдей қолданыла бермейді. Стилистикалық фигуралар көркем
әдебиет стиліне тән стилистикалық тәсілдер болып табылады.
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет
тілінде сол тілдің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стилі –
стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль
түрі. Көркем әдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы әдебиетшілер
мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік-стильдік
тұрғыдан бөлектенетін тұстары да бар. Көркем әдебиет стилі тіл аясының
негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен, соған
қарамастан „көркем әдебиет тілі” бір-біріне ұқсас емес. Көркем әдебиет
стилі өзінің әдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті
шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық әдеби тілінің барлық
тілдік-стильдік ерекшеліктері көркем әдебиет стилінде көрсетіліп отырады
[3,36].
Көркем әдебиет стиліне әдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан
көркем әдебиет тілі арқылы әдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік-
эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады. Көркем
әдеби стилі жалпы әдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің
нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша әдеби тілден, ауызекі
сөйлеу тілінен, ұлттық әдеби тілден негізі қаланған көркем әдебиет стилі
көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мәнер түзе
алады.
Стилистиканың ерекше бағытының бірі – безендіруші стилистика.
Безендіруші стилистика – тілдегі экспрессивті әдіс-тәсілдерді қамтиды.
Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет стиліне
ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті-
прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тәсілдері безендіруші
стилистикада жан-жақты көрініс табады. Безендіруші стилистиканың зерттейтін
мәселелері мыналар болып саналады: тілдік бірліктердің безендіруші
тапсырмаларының сапалық және тиімділік қасиеттерін әр түрлі стилистикалық
амалдардың көмегімен анықтау. Олар: стилистикалық мағына, стилистикалық
тәсіл, стилистикалық амал, стилистикалық тапсырма.
Стилистикалық тәсілдер деп стильдерді құрастырушының әр түрлі тілдік
бірліктерді қолданудағы амал-тәсілдерін айтады. Олар: троптың түрлері,
стилистикалық фигуралар, стиль құраудың стратегиясы мен тактикасы.
Қолданыс аясында тілдік бірліктердің анық, көркем, бейнелі шығуына
стилистикалық мағына үлкен ықпал етеді. В.Г.Винокур бұл безендіруші
стилистиканың негізгі базасын құрайтын атауларды „узуальды-стильді
комплекс” деп атаған [4,16], ол мәтінде коммуникативтік актінің құрылымдық-
стильдік базасын толық қалыптастырады.
Тілдік бірліктердің ішінде сөз айрықша маңызды орынға ие. Тілдің
функционалдық жүйесінде сөздің ролін стилистика саласы анықтап бере алады.
Тілдің функционалдық стильдерге қарай ажыратылатын нормалар екені белгілі,
осы бағытта сөздің стильдік, прагматикалық мәнін ашуға болады. Тілдің
айшықтау белгілерін қолдану, прагматикалық мақсатын айқындап,
стилистикалық ерекшеліктерін анықтау мәселесі стилистика ғылымымен тығыз
байланысты.
Тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген
жөн. Тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де аса қажет тәсіл –
стилистикалық фигура (латынша figura – келбет, бейне) – сөз тіркестерін
дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен
құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ – сөздерге ерекше екпін, леп, тыныс беру,
сөйтіп, олардың оқырманға, тыңдаушыға әсерін күшейту [5,25]. Фигураның
түрлері: арнау, қайталау, шендестіру (антитеза), дамыту (градация),
ауыстыру (инверсия), эллипсис, егіздеу (параллелизм).
Бітіру жұмысымызда қарастыратын басты мәселе – көркем әдебиет тілін
лингвистикалық поэтикамен байланыста зерттеу. Жоғарыда стилистикалық
фигуралар функционалдық стильдердің барлығында кездесе бермейді дедік.
Алайда, ауызекі сөйлеу стилінде стилистикалық фигураның бір түрі
қайталаулар молынан ұшырасады. Қайталаулар – көркем әдебиет стилінде
суреткерлік стильдік ерекшелік ретінде танылатын стилистикалық тәсіл,
ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлік қасиеті айтылған ойға параллельдік қатар
түзу үшін пайдаланылады [6,102].
Қазір бәрі өзгерді, өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам
өзгерді, пиғылы да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір жақсарды, бәрі де
жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді сөзін сөйлеуші
бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемді құбылыстың сырын баян
етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды, ол бар-жоғы
екі рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-құбылыстың
жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр. Дегенмен біз зерттеу объектісі
ретінде стилистикалық фигуралар көп кездесетін көркем әдеби стилін алдық.
Бітіру жұмысымызда алдымызға мынадай мақсат-міндеттер қойдық:
– көркем әдебиет стиліндегі стилистикалық фигуралар мәселесін
айқындау;
– стилистикалық фигуралардың қызметін анықтау;
– стилистикалық фигуралардың стиль түзуші фактор ретінде мүмкіндіктерін
ашу.
Зерттеу барысында қазақ стилистикасында стилистикалық фигуралардың
түбегейлі зерттелмегені байқалды. Стилистикалық фигураларға әдебиет
теориясында әдебиет тарапынан анықтама берілген. Ал стилистикалық айшықтау
түрлерінің тіл білімінде стилистикалық қызметі, стиль түзуші фактор
есебіндегі мәселелері жан-жақты қарастырылмаған. Тек жекелеген авторлар,
мысалы ғалым Д.Әлкебаева М.Жұмабаев поэзиясындағы стилистикалық айшықтау
түрлеріне тоқталған. Ал қазақ тіліндегі стилистикалық фигуралардың
стилистикалық қызметі, тілдік стильдік ерекшеліктерін, стиль түзуші фактор
есебінде әлі де терең зерттеулерді қажет ететіні зерттеу жұмысымыздың
өзектілігін айқындай түседі.

1 СТИЛИСТИКАЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай
білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де аса қажет
тәсіл – фигура (айшықтау) – сөз тіркестерін, сөйлемді дағдылы синтаксистік
қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат
біреу-ақ – сөздерге ерекше екпін, леп, тыныс беру, сөйтіп, олардың
оқырманға әсерін күшейту.
Айшықтаудың түрлері көп, бітіру жұмысымызда фигураның бірнеше түрін
қарастырамыз.
Арнау – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы
жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей
кеңесуі. Арнауды Ахмет Байтұрсынов әуелден үш топқа бөлген: жарлай арнау,
сұрай арнау және зарлай арнау [7,223]. Кейін бұл үлгіге айналды.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың...
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың...
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.

(Абай)

Бұл жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа
қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.

Өн бойымды күш қысып,
Қаным неге қайнайды?
Ащы тілім ашынып,
Неменеге сайрайды?
Жас іркіліп мөлтілдеп,
Көзім неге жайнайды?
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды?
(Ә.Есмәмбетов)

– Шырағым-ау, шашың неге ағарды?
Әлде біреу кемітті ме бағаңды?
Сенің қара тұлымыңнан сипаған,
Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды?
– Тентегім-ау, мұртың неге қыраулы
Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?
(Қ.Бекқожин)

Бұлар – сұрай арнаудың үлгілері: ақын немесе ақын жырға қосып отырған
адам өз ойын өзгеге арнап, сан-сала сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі
сол сауалдарға жауап күтеді. Бұл – бірінші түрі. Енді мына шумақтарды
талдап көрелік.

Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Ту түбіне тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
(Махамбет)

Немесе мынау өлеңді оқып көрелік:

Қызығалдақтай қызық өмір
Күні келсе солмай ма?
Еркін жүрген ерке көңіл
Қайғы-зарға толмай ма?

Тасқан қайтып, толған солып,
Сарғайтпай ма сондайда?
Алтын жастық жалған болып,
Аһ ұрар күн болмай ма?

Бұлар да сұрай арнаудың үлгілері. Бірақ мұндағы өзгешелік – арнауда
қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ
түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр. Сұрай арнаудың
мұндай түрлерін шешендік, яғни риторикалық арнау деп атайды.

Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!
(„Қыз Жібек”)
Азаны шертер іштегі,
Аузыма сөз түспеді.
Жұртым-ау, кімнен айрылдық,
Ажал сұм неткен күшті еді.

(Д.Әбілов)

Алғашқысы – Жібектің зары, соңғысы – Дихан ақынның ұлы ғалым Сәтпаев
Қаныш қайтыс болғанда аһ ұрып, аза тұтып айтқан бір ауыз өлеңі. Екеуі де –
зарлай арнаудың үлгілері.
Фигураның тағы бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып,
оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте
қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.
Мұның да бірнеше түрі бар.

Күн еді – өмір бойы күлді! – дер ме?
Күн еді – сүймеуші еді түнді! – дер ме?
Күн еді күндей айқын күле білді,
Сол күлумен ақыры өлді – дер ме?
„Күн еді – өмір бойы күлді – дер ме? ”

Бұл – жай қайталаудың үлгісі. Мұнда ақынның ерекше мән бере толғап,
толғана жырлап отырғаны – жер дүниеге шуағын шашып тұрған күн, оқырман
назарын да осыған мықтап аударып, оның ойында күн туралы бүтін бір ұғым
қалыптастырғысы келді де, күн деген сөзге ерекше акцент жасап, бірнеше
жерде қайталап отыр.

Ау қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаған мен едім.
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
(Махамбет)
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.

Қалың зергер, құзды шаттар,
Құзды шаттар қалың ну.
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.

Бұлар еспе қайталаудың үлгісі. Мұндайда ой мен сыр шынында да бір
түрлі есіле түйдектеп, еселеніп келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы
ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай
болады.

Ұйқыдан соң –
Жапырақпын
Жаңбыр шайып жаңғырған.
Ұйқыдан соң –
Құспын
Ұзақ ұшып көліне кеп дем алған.
Ұйқыдан соң –
Көк айдынмын
Мөлдіреген шайқалып.
Ұйқыдан соң –
Ну орманмын
Желбіреген жайқалып.
Ұйқыдан соң –
Дауыл өткен,
Жауын өткен
Менде қала қалпы
бар.
Ұйқыдан соң –
Жаңа ашылған күн көзіндей,
Жаңа ашылған гүл жүзіндей,
Ой аспаным жарқырар!

(С.Мәуленов)

Бұл – әдепкі қайталаудың, яғни анафораның (грекше anaphora – биікке
шығару) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден
басталып отырады.

Күншілдер өледі:
Көңілін от қарып:
Батырлар өледі:
Борышын атқарып.
Бұзықтар өледі:
Пышаққа құлшынып:
Сұлулар өледі:
Құшаққа тұншығып.
Арғымақ өледі:
Артында шаң қалып.
Ақындар өледі:
Бәріне таң қалып!
(Қ.Мырзалиев)

Бұл – кезекті қайталаудың яғни эпифораның (грекше epiphora – соңынан
алып жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой
ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.
Фигураның бір түрі – шендестіру, яғни антитеза (грекше antithesis –
қарама-қарсылық) – бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап
ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан
мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-
кейпін анықтау, аңғару, елестету [8,231].
Мысал үшін „Ер Тарғын” жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа:

Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр, –

деп тақпақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немесе Абайдың „Қан сонарда
бүркітші шығады аңға” деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің
арпалысын суреттеп:

Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға, –

деп жазған өлең жолдарын әдебиет зерттеушілері шендестірудің шебер үлгісі
деп ұсынып жүр. Шендестіру қазіргі қазақ әдебиеті ақындарының өлеңдерінде
де жиі ұшырайды, және жаңа шыраймен көрінеді. Мысалмен дәлелдеп өтейік.

Бояулар: қара, қызыл, қоңыр, сары...
Қолында суретшінің соның бәрі.
Тек сарымен бояса, нетер еді?
Онда тегіс құлазып кетер еді.
Тек қарамен бояса қайтер еді?
Күндіз де түн бе деп айтар еді.
Ал бәрімен, әр түспен бояса ше?
Бәлкім ару күлімдер қара шашты.
Бәлкім гүлдер жайқалар алаулаған.
Бәлкім, таулар мұнартар манаураған.
Бір-бірімен тұтасын бояу біткен
Сәуле болып құйылар сонау көктен.
Сезімім кенет менің күбір етті:
Біріккен бояу қандай құдіретті?..

(Е.Ибраһим)

Фигураның бір түрі – дамыту, градация (латынша – gradatio – бірден
бірге күшейе беру) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды,
адыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу [8,232]. Мұның жа
жұртқа мәлім мынадай үлгілері бар.

Шырағым, Бурыл шу! – деді.
Құбылып Бурыл гуледі.
Табаны жерге тимеді.
Тау мен тасты өрледі.
Төрт аяқты сермеді.
Құлақтың түбі терледі.
Тер шыққан соң өрледі,
Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі...
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады,
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.
Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсады.
Құлан менен құлжаның
Марал менен бұғының
Ұзатпай алдын тосады.
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша
Белінен қия басады.
(„Қобыланды батыр”)

Қиқу салып құзға ұшқан,
Құздан суық мұзға ұшқан,
Мұздан биік бұлтқа ұшқан,
Бұлттан биік көкке ұшқан
Қарулы қыран кім еді?

(Т.Жароков)

Осылардың қай-қайсысы да оқырманды бір түрлі еліктіріп, түйдектеле,
еселене келетін екпінімен ертіп әкетіп бара жатады. Градацияның мұншалық
қызық әсері өлеңдегі секілді прозалық шығармаларға да өзгеше рең береді.

М.Әуезов „Абай жолы” эпопеясында дамытудың дәл осы қасиетін біліп
қолданған:
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп
жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр
желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып тұрады. Бұл атырап, бұл сахара бұрын
естімеген сарын есті. Ғасырлар бойы жұмбақтай үнсіз сұрақпен мелшиіп,
мүлгіп тұрған далаға жел қанатымен жырдай жауап есті: Игі желдей... Жыл
жетерін білдіретін көктем желіндей есті. Ақшоқыда туған өлең мен ән
жатталып, көшіріліп, әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең мен
ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жатты. Даланың қоңыр
желіндей, жай соққан самалындай лүпіп-толқып, Тобықты жайлауларын түгел
шарпып өтті. Сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесекке,
Қуандыққа да кетті. Аягөз, Тарбағатай, Алтай, Наймандарына да жетіп жатты.

(„Абай жолы”)
Қазақ поэзиясында қолданылу сипаттарына қарап градацияны, шартты
түрде Е.Ысмайыловтың үлгісімен екіге бөлуге болады. Бірі – түйдектету:

Адам ол – қайғырымпаз, қуанымпаз,
Жиіркенімпаз, сүйімпаз, уанымпаз.
Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз.
Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз.
(С.Мұқанов)

Екіншісі – баяулату:
Әм жабықтым, әм жалықтым,
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?

(Лермонтов – Абай)

Ал мына шумақта осының екеуі де – түйдектеу де, баяулату да бар:

Соқ, жігіт! Соқ! Соқ, жігіт! Күйіңді тарт!
Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!
Безілдет! Сарнат! Зарлат! Үздіктірші!
Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!
(
І.Жансүгіров)

Жалаң түр қуаламай, әр иіні мен иіріміне парасатты сыр ұялата, құр
босқа алабұртпай, терең және кең тыныспен тебірене білсе, дамыту – аса
әсерлі, адам жанын баурағыш нәрсе. Өйткені оның әр бұрылысына адамның әрі
аяулы, әрі асқақ сезімі жатады. Мәселен, мына соңғы шумақтағы әр сөз – жай
сөз емес, жігіт күйін тыңдаған қыздың керемет құштарлыққа толы көкірегінің
оты мен өрті, дауылы мен жауыны. Осыған қарап, күйге еліткен ханшаның
безгектей безілдеп, жанын қоярға жер таппаған қым-қиғаш қайсар қалпын да,
оқ тиген киіктей омақаса құлап түскен аянышты халін де әбден сезіп, тіпті
көріп отырамыз. Сонымен, дамытудың стилистикалық қызметі – оқиғаны бірінен
соң бірін дамыта, түйдектете баяндай келе, оқырманның жан дүниесіне әсер
ету.
Фигураның келесі бір түрі – сөз орнын ауыстыру, яғни инверсия
(латынша – inversio – орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық
шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс,
орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Тіл мен стильдегі үйреншікті
тәсілді де оқта-текте орнымен қолданудың оғаштығы жоқ.
Қазақ жазушыларының ішінде инверсияға көбірек бой ұратын – Ғабиден
Мұстафин. Оның романдарынан жиі ұшырайтын ауыспалы тіркестерге оқырман
басында тосырқай қарағанмен, кейін үйреніп кетеді. Мысал келтіріп өтейік:
Сапардың Аманы ... шаңқан боздың басынан аса секірердей, ерінен
көтеріле, ұмтыла береді алға... Жаныңнан безгенің келе бер, – дегендей,
етпетінен түсіп, көзінен от шаша күрілдеп жатыр көкжал. Қайтып тұра алған
жоқ, талшоқпар жүйемелдете тиді шекеге.
(„Дауылдан
кейін”)
Осы үш сөйлемнің де аяқталуы әдеттен тыс, үш сөйлемнің де соңғы
сөздері өз орындарынан ауысып түскен, жазылған емес, сөйленген, оқылған
емес, естілген сөздер секілді оқыс әсер туғызады. Инверсияның құбылту күші
міне осында.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.

(Ә.Сәрсенбаев)

Осы өлеңдегі әдеттегі заңды тіркестер тәртібімен құрсақ, былай болар
еді: Ол аяғын тізеден кесіп, ақшаға сатқан жоқ; қолтықтағы ұзын таяғын
еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, түсіндің бе, қарағым? Сен оны құрметте! Ал
ақын осы тіркесті инверсия айшығына салып, әдейі „бұзған” да, жай сөз емес,
өлеңге айналдырып, бұрынғы ұғым үстіне енді әсерлі жылу, қызу қосқан.
Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яғни эллипсис (грекше ellepsis
– түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап
айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.

Ақ көбігің... ақ жүзің
Айнам еді бір қарар.
Өткізген түнім... күндізім...
Тербетер мені, ой салар.

Сол майдандар... қатты айқас
Есіңде ме, ер Айдар?
Өшкен құрбан... аққан жас...
Өтті жылдар... көп айлар...
(Ж.Саин)

Осындағы әр ойдың арасында жеке сөз емес, бүтін сурет не үлкен
шындық қалып қойып отыр. Айталық, ақ көбік айна болу үшін тап-таза, мөп-
мөлдір болса керек. Оны ақын айтпайды. Айдарда өткен түн мен күн ақынды
тербету үшін олар – жай түн мен күн емес, ірі-ірі оқиғаға, шындыққа, сырға
толы түн мен күн. Оларды да автор айтпайды. Қай майдан? Қандай құрбан? Жас
төккен кімдер? Қай тұстағы жылдар мен айлар? Бұларды да автор тәптіштеп
жатқан жоқ. Өйткені бұлардың бірқатары ақынның шындықты суреттеу
тенденциясынан айқын көрініп тұрса, бір алуаны жалпы логикадан түсінікті,
ал қайсыбірін, тіпті айтудың қажеті жоқ.
Эллипсис кейде эвфемизмнің орнына да қолданыла береді: кейбір былапыт
сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады:
Шап, әкеңнің... – дедім мен оған ақырып. („Мөлдір махаббат”).
Эллипсис кейде адамның ішкі халін, қиын-қиын көңіл-күйін, шым-шытырық
оқшау сезімдері мен ұғымдарын, шытырман психологиялық иірімдерін аңғарту
үші де жұмсалады. Ала-құла ой, қиыр-шиыр қиял, әрі-сәрі түс, кейбір қияли
кісінің оқыс күйініш-сүйініші. Осылардың бәрін эллипсис арқылы ұқтыруға
болады. Мысалға ақылы ауысқан Қаракөздің мына сөздерін алып қаралық:
Жығылып барам. Ұйықтайын ба? Өлсем бе? Құлап кетем, тау басынан ұшып
келем... жерде тоғай... көп тоғай? Шақырады... Иә, иә, барам... Келе
жатырмын... тоғай. Ә... қайда кетті? (М.Әуезов)
Осыны әсіресе сахнадан Қаракөздің аузынан тыңдағандағы адамның үрейін
ұшыратын сұмдық әсер кейіпкер сөзіне эллипсис арқылы дарып тұр.
Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яғни параллелизм (грекше parallelos
– қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді
қатар қойып, жұптап суреттеу. Мұның түрлері көп. Біз кейбіреулеріне
тоқталып өтеміз.

Көк ала бұлт сөгіліп.
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жайнар.
(Абай)

Бұл – адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеудің,
яғни психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі, ақын жаздағы жаңбыр
мен адамның көз жасын қатар суреттей келіп, екі түрлі шындықты танытады да,
шынайы философиялық түйін шығарады.

Сарғая күтіп көктемді
Сап-сары боп су ақты.
Шынтаққа алып сексенді
Жағада жалғыз шал жатты.
Су сарғайды ылайлы,
Шал қарғайды құдайды.
Көктем келді, сарысу
Бола қалды мөп-мөлдір.
Жылға бойы у да шу,
Жамырады жас өмір...
Сылқ-сылқ етіп су күлді,
Шал бір ауыр күрсінді.
(Қ.Аманжолов)

Бұл да психологиялық параллелизм арқылы жасалған әсерлі сурет, сурет
қозғаған сезім, сезімнен туған сыр, шынында да табиғаттың биыл „кеткен
көктемі келер жылы жаңғырып қайта оралады, ал адамның өткен жас шағы ғұмыры
қайтып келер ме? Шал соны ойлап күрсінеді.

Екі жаяу келеді:
Біреуінде күрек бар, лүпілдеген жүрек бар,
Біреуінде күрек жоқ, жүрек бар да, жүрек жоқ.
Бірі шаршап келеді, күні бойы жер қазып:
Бірі шаршап келеді, жолдасына ор қазып.
Бірі үй сап, сол үйдің жылынуын тілейді:
Бірі – орға досының жығылуын тілейді.
Екі жаяу келеді, ортасында – бір күрек:
Сол күректің астына қашан түсер сұм жүрек.

(Е.Ибраһим)

Бұл ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты, солар қалыптастырған екі
түрлі бітімді, осылардан туатын адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі
ұғымды жарыстыра егіздейді. Бұл параллелизм де парасатты байлауға апарады.
Сағындың ба, Қарақұм,
Сарыарқадан жаңбыр болып келейін,
Сағындың ба, Қарақұм,
Жаңа туған ән-жыр болып келейін.

(М.Әлімбаев)

Манаурайды балбырап таң ғажайып,
Торғын төсін тосады таңға жайып.

(Қ.Шаңғытбаев)
Қыңыр болды не керек – болайын деп болды ма?
Бір үн болды керемет – болайын деп болды ма?

(Ж.Нәжімеденов)

Бұлар – әр алуан синтаксистік параллелизмнің үлгілері. Егіздеудің
мұндай түрлері де ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек
төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.
Сонымен, көркем әдеби тілді айшықтаудың түрлеріне жеке-жеке тоқталып
өттік. Енді қазақ әдебиетінде, жекелеген ақындар шығармаларында айшықтаудың
атқаратын стилистикалық қызметін қарастырамыз.

2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІНДЕГІ ФИГУРАЛАР

Әдеби тілді стилистикалық бояулы сөз өрнектерімен көркемдеумен қатар
формалық жағынан да айшықтай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі үшін ғана
емес, әсерлілігі үшін де аса қажет тәсіл – фигура (айшықтау). Айшықтау
дегеніміз – сөз тіркестерін, сөйлемді дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі
өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру дедік. Фигураларды көркем
шығармада қолданудың мақсаты – сөздерге ерекше екпін, леп, тыныс беру,
сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.
З.Қабдолов: „Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталама – сөз
әсерін күшейте отырып оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не
құбылысты бірнеше мәртебе қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият
сіңіре түсу” – деп анықтама береді [8,229].
Қайталамалар – дүние жүзі тілдерінде кең түрде дамыған, олардың әр
түрлі семантикалық-грамматикалық функцияларды атқаратындығы, соның
нәтижесінде әр түрлі мағыналарды беретіні белгілі.
Қайталамалар жаңа грамматикалық формалардың және мағыналардың
жасалуының негізі үшін қызмет етеді де, коммуникативті процестердің
құрылымдық және мазмұндық бүтіндігін жүзеге асырады. Сондай-ақ қайталамалар
кейде ақын не жазушының ұқыпсыздығынан да болатын нәрсе.
Адам өзінің психологиялық сезімін, ой өрісін тіл арқылы ғана жеткізе
алады. Яғни адамдар арасындағы түсіну құралы – тіл. Айтылған ойын ерекше
жеткізу үшін сөз әсерін күшейту үшін қолданылатын тәсілдің бірі –
қайталама. Қайталама – сөз жасау мен сөздерді қолдану барысында өте ертеден
келе жатқан құбылыс, сондықтан да көптеген халықтардың фольклорына тән. Ең
алғаш қайталама туралы зерттеу жұмысын жүргізген орыс ғалымы М.В.Ломоносов
„Повторение есть многократное положение речей в предложениях” [9,258]
деген еді. Зерттеу еңбектерінде В.И.Ломоносов қайталаудың классификациясын
жете зерттеу мәселесіне тоқталады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында лингвистер
қайтамаларға талдау жасауға көңіл бөле бастады. Американдық лингвист
Э.Сэпер барлық тілдегі қайталамалардың кең ауқымда дамуын көрсетіп, олардың
сан алуан семантикалық-грамматикалық функцияларының маңызын ашып берген
[10,59]. Орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О. Винокур, В.Жирмунский,
Е.А.Киселев және т.б. қайталаманың грамматикалық және стилистикалық
ерекшеліктеріне де көңіл бөлді [11,54].
Қазақ тіліндегі қайталамалар көне жазба ескерткіштерден бастап,
бүгінгі күнге дейін өзінің жалғастығын тауып келеді. Халықтың мақал-
мәтелдер, жұмбақтар ырғағы ұйқасы жағынан ешқандай өлеңдерден кем емес,
тоқсан ауыз сөздің тобықтай үлгісі ұйқасын келтіріп тұрған – тек қана
қайталама. [12,27].
Қазақ тіл ғылымында Қ.Өмірәлиев, З.Ахметов, З.Керімбаева еңбектерінде
қазақ ауыз әдебиеті, сондай-ақ белгілі ақын шығармаларындағы қайталамаға
тоқталып, олардың сан салалы тілдік ерекшеліктеріне талдау жасалынған
[13,7].
Қ.Жұмалиев қайталаманы белгілі стилистикалық тәсіл ретінде
қарастырмайды, ол қайталауды әр шумақ жолынан емес, бүкіл өлеңнен
іздестіріп мысалдар келтірген [14,220].
Қайталама – жаңа грамматикалық форманың және мағынаның жасалуының
негізі үшін қызмет етеді де, коммуникативті процестің құрылымдық және
мазмұндық бүтіндігін жүзеге асырады. Ауыз әдебиеті үлгілері мен жазушы-ақын
шығармаларының да ұйқас, ырғағы қайталама негізінде жасалады. Өз
шығармасында қайталаманы қолданбаған қаламгер жоқ шығар. Зерттеушілер
қайталаманы қос сөз түрінде, енді бір тобы сөздердің, сөз тіркестерінің
қайталануы түрінде қарастырған.
Қайталама ауыз әдебиетінде келе жатқан құбылыс болғандықтан, түрлі
дидактикалық сарындағы шешендік толғау өлеңдеріне тән бірден-бір ерекшелік
болып табылады. Қазақ поэзиясында баяндауыштық қайталама терме-толғау
өлеңдеріне тән. Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің толғау, терме, т.б.
түрлері өзінен кейінгі әдебиетке тигізетін әсері мол. Өлеңнің алғашқы
жолдары бір сөзді бірнеше рет қайталау арқылы басталады. Мұның өзі қазақ
поэзиясында ертеден келе жатқан құбылыс.

Бүгін менің құшағымда кім болды?
Бүгін менің құшағымда Гүл болды?
Бүгін маған алтын Күн еді,
Бүгін менің құшағымда Күн болды.
„Күн еді – өмір бойы күлді – дер ме? ”

Сөздердің қайталануы қазақ тілінде лексикалық және экспрессивтік
стилистикалық мақсатта жұмсалады. Әрбір қайталамалардың мағынасы айтушыны
не жазушының мақсатты бағытына, контексте және шығарманың жанрына
байланысты. Олай болса, қайталамалардың табиғатын ашуда жеке автордың ролі
зор. Стилистикалық тәсіл ретінде қолданылатын қайталамалар поэзия жанрында
қолдануында жаңа қырын байқатады.
Тілге үлкен күш және көтеріңкілік беретін қайталамалардың халықтың
поэтикалық тіліндегі мағыналық стилистикалық қызметін анықтауда Мағжан
Жұмабаевтың поэтикалық тілін талдауымызға болады.
Ауыз әдебиетінің, сондай-ақ орыс-батыс әдебиетінің тамаша үлгілерінен
сусындаған Мағжан қайталамалары жаңаша түр мен мазмұнға ие болды.
Мағжанның әсем ырғақты әсерлі ұйқасқа құралған көркем сөз кестелеріне толы
қайталамалары оқушысын селт еткізбей қоймайды.
Мағжан поэзиясындағы қайталамалар өлеңнің көркемдігін эмоциялық
эстетикалық әсерлілігін арттыруға ықпал етіп, лирикалық туындының
әдемілігін, мазмұндылығын күшейте түсу мақсатында жұмсалады.
Мағжан поэзиясындағы қайталамаларды оның шығармашылық өнеріне үңіле
отырып мынадай топқа бөлеміз.
1. Дыбыстық қайталамалар. Дыбыстық қайталамаларды В.А.Звегинцев
поэтикалық тілде өте ертеден қолданылатын белгілі дыбыстық элементтерді
қарастыру арқылы екшелеп көрсетуде шығармаға беретін эмоциялық мағынасын
атап көрсету керектігін айтқан.
Мағжан поэзиясында әсем де әсерлі үйлесімдерге құрылып, оның дыбыстық
қайталамалары арқылы өзіндік поэтикалық мәнерін айқындау үшін Мағжанның
„Шолпы” өлеңін алайық. Осы өлеңде с дыбысы 26 рет қайталанып келіп әдемі
әуезді поэтикалық дыбыстық әсерін күшейтіп тұр.
Тұманбай Молдағалиев жырларында да дыбыстық қайталама жиі кездеседі.

Сен түсіме кіресің күнде менің,
Саған деген махаббат , бұл дегенің.
Сен ән шырқа деген соң ән шырқадым,
Сен үндеме деген соң үндемедім.
Неаполь халқының әуендері

Көркем шығармада дауыс ырғағы арқылы жететін дыбыстық қайталама 2
түрлі тәсіл арқылы жасалады:
1. Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.
„Неаполь халқының әуендері” өлеңіндегі шумақта жырдың өзгеше
интонациямен айтылуы аллитерация арқылы әсерлі, әрі бейнелі. Бұның өзі
дыбыстардың біркелкі дыбыстардан басталуы өлеңнің пішінін келтіріп, әдеби
тілде ажарлау қызметінде жұмсалады.
2. Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбысты қайталау.
Алдамайтын арманым
Айтқаныңа сенемін.
Немесе
Алданба жүрегім, енді қайтып,
Арманға кезінде есік ашқан.
„Куә бол”

2. Буындық қайталамалар да ақын шығармаларында кездесіп қалады. Бұл
қайталаманың түрі көркем әдебиетте сирек ұшырасады. Сөйлемнің басындағы
бірінші буын қайталанады да, қосымшалар өзгеріске ұшырап отырады.

... Жолда келе жатамын мен әйтеуір
Жолым тосқан сол сәулеме жете алмай.
„Қол ұстасып”

Бұдан алғашқы буын, алғашқы түбір сөз қайталанып келіп, қосымша
өзгергенмен айтылатын ойға әуендік, әуездік сипат беріп тұр.
3. Сөздік қайталамалар. Түбір сөзге түрлі грамматикалық аффикстердің
жалғануы арқылы жасалады. Бұл қайталамалар бұрын-соңды белгілі қазақ
ақындарында кездеспейді. Жаңылтпаш, түр, ұйқас ретінде танылады. Автор
ойының белгілі түбір сөзге жалғанған аффикстер арқылы беруге бой ұрады.
Бірнеше құбылыс іс-әрекетті салыстыру арқылы қайталанған сөзге әсер беріп,
әуездік артып, тамаша стилистикалық өрнекке, әсем поэтикалық тәсілге
құрылған морфологиялық форманың ерекшелігін танытатын қайталамалар
кездеседі. А.Ысқақов: „Қазақ тілінде сөзді қайталау және қосарлау тәсілі –
өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе. Бұл жүйе бойынша сөзді қайталаудан я
қосарлаудан белгілі мағыналар туады, сөздің неше алуан жаңа формалары
жасалады, олардың мағыналары түрленеді, бірақ лексикалық түсінігі
өзгермейді, яғни жаңа сөз тумайды, сөз тек қана грамматикаланады”, – деген
[15,107]. Тұманбай Молдағалиев жырларында жеке сөздердің қайталануы жиі
кездеседі.
Жеке сөздердің қайталануына мысал келтіре кетейік:

. . . Саған көзі түспесе екен ажалдың,
Саған көзі түспесе екен жауымның.

„К. . . . . ға”.
Немесе
. . . Ерлерге мына әншілер әнін арнасын,
Ерлерге мына ақындар жырын арнасын.

„Комбайнер досқа”.

Енді Мағжанның шеберлігін танытатын қайталамаларды қарастырайық:

Сөнеді шырақ Сөнемін.
Сөнеді – Ай
Мен де ұзамай өлемін.
Батады Ай
Батқан Ай мен, мен батам
...Тілін ұқсаң, жел жылар,
Жер жыламас
Жел жыламас, ел жылар.
„Альбомына ...”, 146
бет.

Дәл осындай стилистикалық етістік категориясына негізделген
қайталамалар бұрынғы дәстүрлі поэзияда сирек. Мағжан табиғат құбылысы мен
адамның іс-әрекетін қатар алып, қайталамалар арқылы ойдың мазмұнын
тиянақтайды. Бұның оқырманға әсері ерекше сезіліп тұрады.
4. Тармақтық қайталамалар. Тармақтық қайталамалар өлеңнің әр жолында
келеді де, белгілі мақсатқа құралып, оқырманның эмоциясына әсер етіп,
поэтикалық тілдің көркемдігін арттырады. „Айдашы атты Сәрсенбай”, „Шолпы”
өлеңдері соған дәлел. Тұманбай Молдағалиев шығармаларының ішінде „Қара
теңіз дәптеріне” атты бөлімінде ақынның „Күндер мұнда жылдай боп өтер емес”
деген өлеңі үш шумақтан тұрады. Әр шумақтың басындағы бірінші және соңғы
өлең тармақтары қайталанып келіп отырады.

. . .Күндер мұнда жылдай боп өтер емес,
Қиял қайда ақынды жетелемес.
Өзім туған ауылымның ауасына,
Менің ғашық екенім бекер емес.

Күндер мұнда жылдай боп өтер емес,
Даусым елге алыста жетер емес .
Өзім туған тауыма, кең далама
Менің ғашық екенім бекер емес.
„Күндер мұнда жылдай
боп өтер емес”.

5. Шумақтық қайталамалар.

Қасірет батты жаныма,
Уға толды жас жүрек,
Орамалды жарыма
Бітемін қашан кестелеп?
„Орамал”, 62 бет.

М.Жұмабаевтың „Орамал” өлеңінде осы шумақ басында айтылып, орамалды
кестелеу себебі лирикалық кейіпкердің ой-арманы, өкініш-мұңы түсіндіріліп
болған соң, өлеңнің соңында осы шумақ тағы қайталанып оқырманның сезіміне
үлкен әсер қалдыра қайталанып барып аяқталады. „Гүлсімге”, „От” өлеңдері
де шумақтық қайталамаларға дәлел.
6. Сөз тіркестерінің, сөйлемнің қайталануы. Қайталаудың мұндай түрін
ғалым Д.Әлкебаева сөздік тіркестік және сөйлесімдік қайталамалар деп алған
[16, 27].
„Жазушылар кейде тип бейне жасау үшін кейіпкердің бір сөзін, не
сөйлемдерін көп қайталау арқылы оқушының көңілін аударады” – деп ғалым
М.С.Серғалиев айтқандай [17,32], Тұманбай жырларының мазмұнын аша түсетін
оқушының көңіліне тез қонатын қайталама түрлері көп, соның бірі – сөз
тіркестерінің қайталануы жиі кездеседі, біз оны есімді сөз тіркесі,
етістікті сөз тіркесі дейміз.
А) Есімді сөз тіркесі.

Миллион жанның арманын,
Миллион жанның ақылын,
Миллион жанның талғамын,
Өзіне жиған батырым.

„Алатау қызы”.

Есімді сөз тіркестерінен келетін қайталамаларға Мағжанның „Сен сұлу”
өлеңі жатады.

Білем анық жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда найзағай сұлу.
„Сен сұлу”, 113 бет.

Ә) Етістікті сөз тіркесі, басыңқы сыңар модаль сөз арқылы беріліп тұр.

Арманыңды сағынғанда гүл керек.
Құдіретіңе табынғанда гүл керек.
Жарың келіп қол алғанда гүл керек.
Туған жерге оралғанда гүл керек.

„Гүл керек”.

Етістікті сөз тіркестері де Мағжан поэзиясының стильдік мәнерін ашып,
айтылған ойдың көтеріңкілік қуатын күшейте түседі.

Өлді сұлу – өтті жылдар,
Өлді сұлу – бітті жылдар.

„Гүлсімге”, 120 бет.

Мағжан поэзиясында қайталамалардың өзіндік ерекшелігі бар. Ақын не
айтқысы келсе, сол ойын қарапайым жай сөйлемдерді қайталамалар арқылы
білдіреді. „Пайғамбар” өлеңінде „қап-қара түн” деген жай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стилистикалық фигуралардың сипаты
Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері
Поп - арт стильіндегі жастар киімінің үлгілерінің ерекшеліктері
Еуразия сауда орталығының дизайнын жобалау
Киім жиынтығынның фор - эскиздерімен жұмыс
Қоғамдық аумақтардың қоршалу элемент сызбасын жобалау барокко стилінде
Көркем әдебиет стиліндегі диалектизм
Класссикалық стильдегі интерьер дизайны
Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау
Фантастикалық стильдегі цирк костюмдерінің ерекшеліктері
Пәндер