Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты



Кіріспе

1. Монополизациясыздандырудың экономикалық мазмұны.
1.1. Монополияның мәні мен түрлері.
1.2. Монополияға қарсы заңдар және экономикалық реттеу
1.3 Монополияға қарсы саясаттың мақсаттары мен әдістері

2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты.
2.1. Қазақстан Ресубликасының монополияға қарсы мемлекеттік реттеу.
2.2. Қ.Р. монополияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары.

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Монополияға қарсы саясаттың қазіргі кезде маңызы өте үлкен. Себебі
қазіргі на-рықтық экономикада таңдау мүмкіндігі тұтынушыға берілетін болса,
ал монополиялда тұтынушыға таңдау мүмкіндігі берілмейді. Нарықтық
экономиканың басты сипаттамасының бірі-бәсекелестік. Тек бәсекелестік
арқылы өнімнің жоғары сапасын және жаңа түрлерін алуға болады. Кеңес
өкіметі кезінде негізінен монополия басым және бәсекелестік
жетілмегендіктен тұтынушыға таңдау мүкіндігі берілмеді. Сонымен қатар алға
ілгерілеушілік көзге көрінбеді. Осындай жағдай тумау үшін әр мемелекет
монопполияға қарсы заңдары қабылдап, жетілдіру үстінде. Монополияға қарсы
заңдар тек монополияны жойып қана қоймай сонымен қатар табиғи монополияны
реттеп отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Осыған байланысты қазіргі таңдағы Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңдарының өзекті мәселелерін көрсету
және оларды жетілдіру жолдарын ашып көрсету. Қазақстан Республиасының
қазіргі кездегі монополиялық жағдайын ашып көрсету.Монополияға қарысы
заңдардың қазіргі таңда үлкен маңызы бар. Ол бәсекелестікті жетілдіре
отыра, мемлекеттің ғылыми және өндіріс тұрғысынан жетіле түсуіне мүмкіндік
береді.
Тақырытың міндеттері. Монополияға қарсы заңдардың жетілдіру жолдарын
ұсыну және осыға дейін қабылдаған заңдарды талдау. Қазақстанда монополияға
қарсы саясат жаңа құбылыс болғандықтан оның нарыққа әсері өте төмен.
Сондықтан ол заңдары жетілдіре келіп, ұсыныстардың өзектілігін дәлелдеу.
Нарықтық экономканың маңызды сипаттамасының бірі – бәсекелестік болып
табылады. Рыноктің субъектілері арасында экономикалық жарысу нысаны ретінде
ол қоғамдық өндірісті реттеудің маңызды механизмі болып табылады. Алайда
өзінің дамуының белгілі бір сатысында бәсекелестік өзі монополияны
тудырады, ол өз кезегінде бәсекелестікке, ресурстарды тиімді бөлу
процесіне, экономиканың оптималды құрылымының қалыптасуына кедергі
келтіреді. Монополияның пайда болуы бәсекелестік күрестің сипатын, әдістері
мен нысандарын өзгертеді. Жалпы монополияның екі түрі бар. Олар: табиғи
және жасанды монополия. Табиғи монополияға: су жүйесі, металлургия,
телекоммуникация және т.б. жатады. Ал жасанда монополияға: концерндер,
тресттер, синдикаттар, т.б. жатады.
Алғашқы монополияға қарсы заңдар АҚШ-та қабылданған болатын. Ол заңды
ұсынған Шерман. Сондықтан ол заң Шерман заңы деп аталып кетті. Одан кейін
Клейтон заңы қабылданды. Бұл заңда Шерман штаттар және мемлееттер
арасындағы еркін саудаға жол ашты. Оның заңының негізгі мәселелері штаттар
арасындағы еркін саудаға жол ашу, тресттерге бірігуге жол бермеу және басқа
мәселелер болатын.Клейтон заңы Шерман заңының жалпы ережелерін түсіндіру,
талқылау, талпынысы болатын. Монополияға қарсы заңдар осымен шектеліп
қоймай, қазіргі кезге дейін жетілдірілуде.
Қазақстанда монополияға қарсы саясат салыстырмалы жаңа болғандықтан,
оның экономикаға әсері өте үлкен емес. әйкенде монополияға қарсы заңдар
үнемі жетілу, даму және толықтыруда. Қазақстан Республикасы монополияның
табиғи монополиға жататындықтан қазіргі кезде Қазақстанда Монополияға
қарсы және бәсекелестікті дамыту агенттігі және табиғи монополияны реттеу
агенттігі өз жұмысын атқаруда.

1. Монополизациясыздандырудың экономикалық мазмұны.
1.1. Монополияның мәні мен түрлері.

Монополия – грек сөзiнен монос – бiреу, жалғыз, палео – сатамын,
яғни жалғыз сатамын деген ұғымды білдіреді.
Монополия терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын
сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн
арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен
бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз
ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы
түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi
ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары
болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және
аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмi тиiмдiлiгi
бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи
кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи
монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы монополия
табиғи монополияға жатады.
Монополизм – жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң
жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына
жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.
Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының
нәтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар нарықта
үстемдiгiн, билiгiн жүргiзе бастады, өйткенi iрi кәсiпорындары өнiм
ондiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр
өнiмдi-тауардың денiн, көбiн өндiретiн, оны сататын тек бiр, болмаса 2-3
қана кәсiпорындар. Ал өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына
ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi бәскелiк себеп
болған. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi,мықты болса, сол
жеңеді. Ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындары. Олардың пайда болуы жаңа
технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп
болған.
Монополияның түрлерi. Тарихи кезеңде әр елдiң экономикасына
монополияның әр түрлерi құрылды:
а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс
элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер
қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай
монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа
коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету),
темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн,
газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық
кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат
бағалы металлдар.
Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа
сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.
Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің
амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.
б) жасанды монополия – бiреулердiң қолында белгiлi бір өнiмнiң тек
нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады. Бұл кездейсоқ,
тұрақты және жалпыға бiрдей болуы мүмкiн.
Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады . Ұсыныс
пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi
өндiрiп сату үшiн өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болғанда (озық
технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсеклестiң салдарынан бұл
экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.
Тұрақты монополия болатындар – iрi кәсiпорындар, өндiрiстi , тауарларды
өткiзу нарқын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның Ост- Инд, Германияның
Ганза компаниялары.
ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi:
картельдер, синдикаттар,трестер, концерндер, конгломераттар.
Картель – бұл өнеркәсiптiң бұл саласындағы бiрнеше кәсiпорындарының
одағы. Бұған қатысушылар құрал- жабдыққа және өнiмге өздерi ие, өздерiнiң
меншiгiнде болады. Өнiмдi нарықта өздерi өткiзедi, сатады, бiрақ жалпы
өндiрiлетiн өнiмдегi әр қайсысының үлесi (квота), сату бағасы, сататын
нарқы, тағы басқа туралы өзара келiсiм болады.
Синдикат – бұл бiр түрлi өнiм шығаратын бiрнеше кәсiпорындардың
бiрлестiгi. Мұнда шаруашылыққа кезектi материалдық жағдайлар, ресурстар әр
қайсысының өз меншiгiнде қалады, ал дайын өнiмдi өткiзетiн жалпы ортақ
сауда кәсiпорны ұйымдастырылып, тауарды сол сатады.
Трест – бұл монополияда құрал–жабдық. дайын өнiм, осыған
қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады
Концерн – бұл сөз жүзiнде бiрiне – бiр тәуелсiз кәсiпорындардың және
банктердiң одағы (өнеркәсiп, сауда,көлiк). Мұнда бас фирма басқаларына
қаржылық бақылау жүргiзедi.
Конгломерат – бiрнеше шағын және орташа, бiр бiрiмен өндiрiстiк
байланысы жоқ кәсiпорындардың бiрлестiгi.
ХХ ғасырдың екiншi жартысында жалпыға бiрдей монополия формасы пайда
болды. Мұнда халық шаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң
бiрлестiгiне бағындыру мемлекеттiң көмегiмен құралған. Бiрлестiктер көп
нарықта негiзгi сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда
мемлекеттiң көмегiмен негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi
сатушылар және сатып алушылар болып саналады. Мұнда мемлекеттiң өзi iрi
монополия болады. (әскери -өнеркөсiп кешенi).
Қалыптасқан, әдеттен шаруашылықта, қоғамда кездеседi – монополия – жеке
өзi сатып алушының нарығы. Кейбiр экономиканың маңызды секторын қолдау
саясатында, мысалы, ауыл – шаруашылық өнiмiн мемлекет өзi сатып алады.
Екi жақты монополия – белгiлi бiр нарықта тауарды әкелiп сатушы мен
бiрiккен сатып алушылардың қарсыласуы.
Капиталистiк экономиканы монополияндыру өндiрiстiк ғылыми – техникалық
прогресстiң ықпалымен шоғырландырудың нәтижесiнде. Бiрақ, кейiнгi уақытта
ғылыми- тхникалық революция басқа да үрдiс (тенденция) туындырды – ол шағын
және орташа техникалық жоғарғы класстық кәсiпорындардың ролiн жоғарлату.
Дамыған елдерде шаруашылықтың 70-80% шағын және орташа кәсiпорындар
құрайды. Америка Құрама Штатында Шағын бизнесті ұлттық өнiмнiң жартысына
жақынын өндiредi. Жаңа технология мұнда өндiрiсте тез және көп енгiзiледi,
қолданылады. Қазақстан Республикасында да қазiргi уақытта шағын және орташа
кәсiпорын құруға молынан мүмкiншiлiк берiлiп отыр.
Ірі монополдық бірлестіктердің рынокты түгелдей өздеріне бағындыру іс-
әрекеттері шағын және орта кәсіпкерлердің, жалпы қарапайым адамдардың
наразылықтарын туындырады. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға араласуын
талап етті. АҚШ- та, Батыс мемлекеттері монополияға қарсы заңдарды
қабылдап, оның рынокты монополияландыруына тоқтау қойыла бастады.

2. Монополияға қарсы заңдар және экономикалық реттеу
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде
қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік
және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.

Монополияға қарсы реттеу – елдегі құқықтық тәртәпті қамтамасыз ету
міндетінің құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Осы салада
мемлекеттің әрекеттенуі XIXғ. аяғында, яғни рыноктік экономиканың дамуы -
өте ірі, қуатты компаниялардың қалыптасуына әкелген кезеңде басталды.
Мемлекеттің ұйымдастырылған қарсы әрекеттерінің бастауы – 1890жылы
АҚШ-та қабылданған Шерманның антимонополиялық заңы болды. Оған сәйкес
трест немесе басқа түрдегі кез келген бірігу, кез келген контракт, сонымен
қатар, штаттар арасында немесе шетел мемлекеттерімен сауданың шектелуіне
бағытталған жасырын келісімдер заңынан тыс деп есептелінді. Бұл заңда
бірнеше штаттар арасында немесе басқа мемлекеттермен сауда операцияларының
саласын монополиялаған немесе монополиялауға тырысқан әр тұлғазаң, құқық
бұзушы деп көрсетілген.
Шерман заңы АҚШ президенті Бенджамен Франклин қол қойып, заң
қабылданды. Шерман заңының негізні секцияялары:
1 Секция. Трестке бірігудің қандай да бір келісім шарты немесе еркін
саудаға немесе фирманың еркіне кедергі жасайтын одаққа қабылдану келісім
шарттары заңсыз деп саналып, ауыр қылмыс болып саналады және айыпқұлмен
немесе бас бостандығынан айыру заң боынша қарастырылған.
2 Секция Қандай да бір жеке тұлға басқа тұлшғамен немесе тұлғалырмен
қылмыстық топ құрып, сауданың қандай да бір жүйесінде монополия құратын
болса және штаттар не мемлекеттер арасындағы еркін саудаға кедергі жасайтын
болса, ол қылмыс болып табылып, заңмен қудаланады.
3 Секция Саудаға қатысы бар тұлғаның арендаға беруде немесе сатуда
келісімшартқа , Сатып алушы немесе арендаға алушы жеке тұлға сатушының
бәсекелесімен ешқандай келісім жасамау туралы шарт болса, онда бұл
монополияняң пайда болуына немесе еркін бәсекелестікке кедергі жасап,
заңсыз болып табылады және қатаң жазаланады.
7 Секция Саудаға қатысы бар ешқандай корарация басқа корарацияның
акцияларын немесе каиталын сатып алуына құқы жоқ. Себебі егер бірнеше
корпорацияның акциялары тек бір жеке тұлғаның қолында болса, онда бұл
монополияның пайда болуының алғышарты болады. Жеке тұлға немесе
коммерциялық ұйым тек бір копорацияда ғана акциялары болуы керек. Себебі
олай болмаса, онда бұл бәсекелестіктің тым төмендеуіне әкелі соқтырады.
Екінші секция баға дискреминациясына; үшінші секция еркеше
келісімшартқа ; жетінші секция ерекше топтарға қарсы заң ретінде
көрсетілген. (6-7бет)
Бұл документ белгісіздік сипатта болса да, әлемдік экономикада
антимонополиялық саясаты негіздерін дайындауда маңызды орын алды.
АҚШ-та бұл заң негізінде кейіннен 1914ж. Клейтон заңы қабылданды.
Оған сәйкес
• Баға саясатында дискриминацияның барлық түріне тиым салынды;
• Ассортименттегі тауарлар өндірісі мен сатылуына шектеулер қою;
• Бәсекелестік күресті азайтатын, бәсекелестерінің акцияларын алу
есебімен фирмалардың бірігуіне тиым салынды;
• Іскер кәсіпорындар мен түрлі фирмалардың директорлар кеңесінде
мамандық дәрежелерін бір біріне сәйкестендіруге тиым салынды.
Басқаша айтқанда, Клейтон заңы – Шерман заңының жалпы ережелерін
түсіндіру, қаттылау, нақтылау талпынысы.
Федералды сауда комиссиясы туралы заң бойынша Шерман және Клейтонның
антимонополиялық заңдарының жүзеге асуын бақылайтын, бес адамнан тұратын
комиссия құрылды. Кейіннен олардың міндетіне тұтынушыларды өнім сапасына
байланысты жалған жарнамалардан, дұрыс емес ақпараттан қорғау кірді.
Негізінен бұл заң шынайы емес бәсекеге қарсы бағытталған еді[1].
Клейтон заңының тек көлденең түрдегі бірігулерді тиым салынуына
байланысты Селлер-Кефовер заңы қабылданды. Бұл заң бойынша көлбеу
интеграцияға да тиым салынды, сонымен қатар басқа фирманың акциясын ғана
емес, активтерінің заттай элементтерін сатып алуға жол берілмеді.
Бұл заңдарда және басқа да кейінгі нормативті актілерде шектеу
практикасына ұшырайтын монополия әрекеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
рынокты монополиялау, баға тағайындау, компаниялардың бірігуі,
директораттардың қиылысуы, бағалық дискриминация, арнайы контрактілер. Бұл
әрекеттер көптеген елдердің антимонополиялық заңдарында заңға қарсы ретінде
белгіленеді. Монополия әрекеттері заңға қарсы болған жағдайда түрлі шаралар
қолданылады: түрмеге қамау, айыппұл төлеу, және көбінесе азаматтық-құқықтық
санкциялар қолданылады. Олардың арасында:
• Бәсекелестермен, жеткізушілермен, сатып алушылармен жасалған
келісімдерді өзгерту немесе күшін жою;
• Компания фирмаларын немесе компанияның өзін тарату;
• Сотқа берген шаруашылық жүргізуші субъектілер немесе жеке тұлғалардың
шығынға ұшырауын үш еселік өлшемде қайтару.
Сонымен, антитрестік (антимонополиялық) заңнама ол – рыноктың
нәтижелі жұмыс істеуіне және іскер кәсіпорындар мен фирмалар арасында
бәсекелестікті реттеуге бағытталған заңдар пакеті. Антитрестік заңнама –
американ тарихының соңғы 100 жылы құрылған соттық шешімдер мен құқықтық
нормалардың, заңдардың күрделі желісі.
Мемлекеттік монополияға қарсы реттеу екі өзара байланысты бағыттан
тұрады:
a) Арнайы монополияға қарсы заңнаманы дайындау және қабылдау;
b) Монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыратын және қабылданған
монополияға қарсы заңдардың іске асуын бақылайтын органдар жүйесінің
құрылуы.
Монополиямен күресте антимонополиялық саясаттың бағыты мен
қатаңдығында маңызды мемлекет айырмашылықтар бар. Қазіргі кезде,
монополияға қарсы заңнаманың екі түрінің қалыптасқаны туралы айтуға болады.
Олар: американдық және Батыс Еуропалық. Айырмашылық критерийі –
монополиялық бірігулердің өмір сүруіне заңдардың принципті қатынасы болып
табылады.
АҚШ-та монополияға қарсы саясатта бәсекелестік ортаның құрылуына және
монополиялық бірігулердің кез келегн түріне қаталдықпен қарауға көп көңіл
бөлінеді. Түрлі көлденең және көлбеу бірігулер жақсылап зерттеледі, және
бірігуге рұқсат тек бірігу бәсекені нашарлатпайтыны дәлелденген жағдайда
ғана беріледі. Баға деңгейі немесе сату көлеме жайлы келісім шешімдер
қабылдаған монополиялар заңмен қадағалауда болады. Монополияға қарсы
санкциялар рыноктың маңызды бөлігін бақылайтын т.б. монополияларға
қолданылады. Жазалау шаралары ретінде тек азаматтық-құқықтық санкциялар
ғана емес, түрмеге қамау да қолданылады.
Монополияға қарсы реттеудің Европалық моделі американдыққа қарағанда
либералды. Мұнда назар шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекет,
тәртібіне аударылады. Кез-келген монополия емес, тек монополияның
әлеуметтік-экономикалық нәтижелері қоғам үшін теріс сипатта болған
монополия заңсыз деп қарастырылады. Арнайы әкімшілік органдар арқылы түрлі
рыноктардағы бәсеке жағдайы үнемі зерттеледі және бақыланады. Қажет
жағдайда бұл органдар әкімшілік сипаттағы түзетуші, бақылаушы және тиым
салушы шараларды қолданады.
Жапонодық тәжірибе қызықты: Жапония ұлттық монополияларды, әсіресе,
жоғары технологиялық салалардағыны қолдайды. Бұл жаңа, ақпараттық
ресурстарға негізделген экономика құрылымына өту қажеттілігімен,
прогрессивті, құрылымдық алға жылжуларды тездету қажеттілігімен
негізделеді. Сонымен қатар, ішкі рынокты бөліп алу қадағаланбайды,
экспортты фирмалардың бірігуі қолдау табады, ал депрессиялы салаларда заңды
түрде картельдер қалыптасады.
Байқағанымыздай, монополияға деген қатынас түрлі елдерде бірдей
емес, антимонополиялық саясат әр түрлі құрылған. Ол көптеген сыртғы және
ішкі факторларға, тарихи жағдайларының өзгеруіне байланысты.
Жоғары айтылғандардан шығатын қорытынды: Мемлекеттік саясатқа жоғары
дәрежеде тиімді ықпалды тұтынушылар емес, өндірушілер жасайды дегенді есте
сақтау қажет. Және осы саясат көп жағдайда өндірушілердің өздерін
бәсекелестік өмірдің қатаң заңдарынан қорғауға ұмтылу ықпалымен жасалынады.

3. Монополияға қарсы саясаттың мақсаттары мен әдістері

Кез келген антитрестік (антимонополиялық) шаралардың аяқты мақсаты
–фирманың рыноктың белгілі бір сегментін өзіне бағындырып және өз бақылауын
орнату талпыныстарына тиімді қарсы әрекет жасау. Алайда экономикалық
практикада табиғи монополия ретінде белгілі өндіріс ұйымдары мысалдары
кездеседі. Яғни бұл дегеніміз – рынокта белгілі бір кәсіпорынның доминантты
болуының алдын алу мүмкінемес.
Бір өндіруші бүкіл рынокқа қызмет еткенде, табиғи монополия жалпы
өндірістік шығындырды минималдайды. Табиғи монополияның кең тараған
мысалдары ретінде телефондық компанияларды, коммуналды қызметтермен
қамтамасыз ететін қызметтерді қарастыруға болады. Осындай жалғыз ұйым үшін
қосымша тұтынушылар санын өз жемісіне қосу оңайға түседі, ал бірнеше
компаниялар үшін бұл өте қымбат болады және бірдей қызметтерді ұсына отырып
бір көшеде қызмет ету көп шығынды талап етеді.
Осылайша, бұл жағдайда монополияға қарсы реттеудің негізгі міндеті –
бағалардың артуы жолында кедергілерді құру, табиғи монополияның
артықшылықтарын тұтынушыларға зиян келтіру үшін пайдалануды көздеген
фирмалардың өнімді шығаруды шектеуі жолында кедергілерді құру.
Елімізге келетін болсақ, Қазақстандағы монополияға қарсы және
бағалық саясаттың міндеті – демонополизациялау, ең алдымен ұйымдық-
басқарушылық құрылымдардың (холдинг, коорпарация және т.б.), содан кейін
монополиялық өндірістік құрылымдарды. Келесі бір мақсаты - өндіріс
концентрациясының төмендеуі, бәсекелестікті арттыру мақсатымен рынокқа
енудегі кедергілерді жою. Мемлекеттік реттеу әр түрлі болуы мүмкін. Оның
мақсаты – кәсіпкерлердің түрлі топтарының арасында пайданы қайта бөлу,
тұтынушыларды қорғау, мемлекет маңызды деп есептейтін әлеуметтік т.б.
міндеттерді шешу.
Сұраныс қисығы және орташа, шекті шығындар жайлы нақты ақпаратымыз
болса, тауардың оптималды бағасын таңдау қиынға соқпайды. Шынайы
экономикалық жүйеде бұл ақпарат күмәнді болуы мүмкін. Бұл ақпарат болмаған
жағдайда, тауарға баға тағайындауда пайда нормасына байланысты жанама
есептеу қолданылады. Фирманың пайда нормасы-пайыз түріндей кәсіпорының
өзіндік капиталына қатысты баланысты пайдасы. Бұл категория монополиялық
құрылымдарды реттеу мақсаты ретінде пайдалы. Осыған байланысты бақылаушы
органдар бес сатыға бөліп қатыстыруға болатын шараларды жүргізеді:
1. Фирманың меншік капиталына базалық бағалау Жүргізіледі. Мысалы ол
1200000$ құрса.
2. Экономикалық жүйеде осы уақытқа билік етіп тұрған орташа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Мемлекет тарапынан монополияны реттеу бағыттары
Қант өнеркәсібі
Монополиялық фирманың тауарына салық салу
Мемлекеттік монополия
Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу
Антимонополдық әдістер
Монополиялық бәсеке
Пәндер