Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары


ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Шығыстану факультеті
Түріктану кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ - түрік әдеби-мәдени байланыстары
Орындаған: 4 курс студенті Құрбан Б.
Ғылыми жетекшісі: аға
оқытушы Әбілдаев Ж. Ә.
Пікір сарапшысы: Ф. ғ. д.,
профессор Күмісбаев Ө. К.
қорғауға жіберілді
«»2005
кафедра меңгерушісі аға оқытушы Қалиев А.
АЛМАТЫ 2005
Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3
1 Тарау. Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарың қалыптасуы және дамуы
1. 1 Қазақ-түрік мәдени байланыстаның қалыптасуы . . . 7
1. 2 Өнер саласындағы байланыстар . . . 14
1. 3 Білім беру саласындағы байланыстар . . . 21
2 Тарау. Қазақ-түрік әдеби-мәдени байланыстардағы ТҮРКСОЙ ұйымының рөлі
2. 1 ТҮРКСОЙ -дың құрылымы . . . 29
2. 2 ТҮРКСОЙ -дың мақсаты мен міндеті . . . 31
2. 3 ТҮРКСОЙ -дың қызмет аясы . . . 32
3 Тарау. Қазақ-түрік арасындағы әдеби байланыстар . . . 38
Қорытынды . . . 46
Әдебиеттер тізімі . . . 48
Кіріспе
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басы адамзаттың даму тарихында үлкен бір дүбірлі өзгеріспен басталды. Бүкіл Евразия материгінде ең күшті, ең қуатты, саяси аренада социализм, коммунизм идеясын басшылыққа алып, капиталистік жүйеге қарсы бағытта дамып келе жатқан біртұтас республикалар жүйесі ыдырап, халықаралық аренада жаңадан жас тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуының өзі халықаралық қатынастардың даму тарихында жаңа бір кезең туғанын көрсетті.
Экономикасы мен саяси әлеуметтік дамуы бір орталыққа бағындырылған бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің бұдан былайғы кезеңде нақты даму бағытын белгілеп, халықаралық қатынастар жүйесінде өзіндік орнын табуы өзекті мәселеге айналды. Осы ретте тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасының алдында өзінің барлық экономикалық-әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндеті тұрды. Ал бұл мәселе шетел мемлекеттерінің қолдауынсыз халықаралық ұйымдардың көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес жағдай еді.
Мемлекеттер арасындағы сыртқы саясат, дипломатиялық қарым-қатынастар - достықты, бейбіт мақсатты, өзара сенімді, тиімді де пайдалы келісімді көздейді. Мұндай игілік - сауда, кең ауқымды мәдени байланыстар арқылы жүзеге асады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Әлемдегі мемлекеттердің даму тәжірибесін ескере отырып, елдегі қайта құру ісін нәтижелі жүзеге асыруда Қазақстан үкіметі Батыс Европа елдеріне қарағанда, Азия елдерінің даму үрдісінің жақындығын ескереді.
Он бір миллион шаршы көлемдегі кең - байтақ географияда тұратын екі жүз миллиондық Түркі әлемі, бүгінде Еуразияның нақты шындығына айналды. Бұл шындық, ғасырлар қойнауына қарай тереңдеген ұлы мәдениеті, адам ресурстары, мемлекеттік тәжірибесі, табиғи байлықтары және сан-салалы мүмкіндіктерімен әлем сахнасынан өз орнын іздеуде. Бұл ұлы әлемнің ұлттық және рухани құндылықтары: тілі, діні мен мәдениеті бір. Ойшылдары мен өнерпаздары ортақ. Өмірге, дүниеге деген философиялық көзқарастары, ғасырлар туғызған табиғи өзгешеліктерге қарамастан өте жақын әрі ұқсас, түркі елдері деп аталатын түбі бір, тілі ортақ 40-қа жуық елдердің бір-бірінен ұзақ жылдар ажырап қалуы - өзекті өртегені өкініш еді. Түркі елдерінің қайта қауышуына тәуелсіздік алған 5 мемлекеттің - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан басқа түркі халықтары мен Түркия мемлекеті арасында орнаған дипломатиялық, сауда, мәдение қатынастырдың аса қарқынды қанат жаюы - тарихи құбылыс, ұлы үрдіс болды. Қазақстан үшін бұл ретте түбі бір, діні бір, дәстүрі бір Түркия Республикасымен жақындасуы ғасырлар бойы түркі халықтарының арманының жүзеге асқандығы еді.
Соңғы он неше жылда ел өмірінде жүргізген қайта құрулардың арқасында Алдыңғы Азияда Еуропалық даму үрдісіне сай ақсүйектік державалардың біріне айналған Түркияның халықаралық аренада алатын орны мен даму тәжірибесінің Қазақстан мемлекеті үшін маңыздылығы ерекше.
Екі ел арасындағы тығыз бауырластық қарым-қатынастың орнауы туралы Н. Ә. Назарбаев:
«Қазақстан мен Түркияны байланыстыратын ортақ негіздер аз емес: географиялық жағынан екі ел Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде, этнографиялық тұрғыдан келсек - халықтардың шыққан тегі, тілі және мәдениеті тамырлас», - деген еді.
Түркияның экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салалардағы көмегі Қазақстан мемлекетінің бүкіл қажетін өтемегенімен де, белгілі бір дәрежеде қолдау, қуат бергені сөзсіз.
Тегі бір екі елдің өзара қарым-қатынасының барысы, даму деңгейі Алдыңғы және Орта Азия аймағы мен халықаралық аренада алатын орны мен бейбіт қатынасты қамтамасыз етудегі рөлі аймақтық интеграцияны жүзеге асырудағы белсенділігі бүгінгі күні бұл мәселердің өзектілігін айқындайды.
Бүгінгі күні Түркия мемлекетінің саяси қолдауы мен саяси қолдау мен экономикалық көмегі, мәдени саладағы нәтижелі ынтымақтастығы - нарықтық экономиканы құру бағытында дамып келе жатқан еліміз үшін үлкен әсерін тигіхзері даусыз.
Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының әртүрлі мәселелерін зерттеу оның халықаралық ұйымдар шеңберінде шетел мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастығын, соның ішінде түбі бір Түркия мемлекетімен мәдени-әдеби байланыстардың дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасау ғылыми жағынан да, саяси көзқарас тұрғысынан да өзекті мәселе.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның сыртқы саясатында Түркиямен қарым-қатынасының ұзақ болмауы салдарынан бұл тақырыпта арнайы зерттеулердің жоқтығына негіз болған. Алайда, қазіргі кезеңдегі Қазақстанның Түркия мемлекетімен байланысының қалыптасуы, болашағы зерттеліп бір қатар көлемді еңбектер де өз бағасын тауып отырғаны белгілі.
Қазақстанның Түркиямен болған әдеби-мәдени қарым-қатынасы орнауының алғашқы қадамдары және дамуы туралы түсіну мен негіздеуде Бурыбаева Ардақтының 2002 жылы жарық көрген «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Түркия қатынастары» атты кітабы дипломдық жұмысты жазуға негіз болды.
Сонымен қатар, 1992 жылы бастап еркін еларалық газет болып шыққан «Zaman-Қазақстан» басшылығының екі жақты қарым-қатынастың барлық жағын қамтып, құнды пікірлер мен тарихи-танымдық материалдар, көптеген мағлұматтар алудың басты көзі болды десек артық емес. сонымен қатар «Егеменді Қазақстан», «Түркістан», «Жетісу» сияқты газеттер мен «Түрік дүниесі», «Bilig», «Ақ желкен» журналдарының Қазақстан - Түркия әдеби-мәдени байланыстары туралы талдаулар жасауға, ғылыми негізде ой түйіндеуге септігі мол болды.
Республикамыздың мерзімді басылымдарымен қатар Түрік Республикасы өзі мұрындық болып ашқан орыс-түрік тілдерінде кеңінен мағлұмат беретін «Medya» және «Turk Dunyasi» атты басылымдардың көмегі көп.
Екі жақты қарым-қатынастың әдеби-мәдени салаларында дамып-өрбуінің деңгейін, факторлық сипатын, нәтижесін, болашаған анықтауда саралау, талдау әдісі қолданылды.
Екі жақты байланыстардың аймақтық дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесінің маңызын көрсететін салыстырмалы әдіс дер едік. Бұл әдіс Қазақстанның басқа елдерге қарағанда Түркиямен болған сыртқы саясатының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.
Күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар негізінде Қазақстан Республикасының Түркиямен әдеби-мәдени байланысының орнауы, дамуын анықтап, мәнін ашуда бақылау, қадағалау әдісін қолдандық.
Тақырыптың зерттелу деңгейіне көз жүгірте отырып, жұмысты жазуда мынадай мақсат алға қойдық: қазақ-түрік әдеби-мәдени байланыстарының түркі жақындастығының тарихи заңдылығын анықтау, екі ел арасындағы байланыстардың қалыптасуы мен барысын, қазіргі кезде қалай жалғасын тауып, дамып келе жатқанын және қатынас орнаған жылдардағы атқарған игілікті іс-шараларды, оның нәтижелерін жеткізу. Осы негізде дипломдық жұмысты жазуда туындайтын міндеттер: - Қазақстан мен Түркияны ортақ негізді, шығу тегінің бірлігінде, түркі тегінің, өркениетінің тарихи тамыры өткен ғасырлар қойнауында жатқанын көрсету.
- қазақ-түрік әдеби-мәдени саладағы байланыстардың барысын, қамтып отырған мәселелер ауқымын, қол жеткен жетістіктер деңгейі мен маңыздылығын анықтай отырып, екі жақты байланысты нығайтудағы рөлін негіздеу.
- ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыстарға қосқан үлесін анықтау.
Жұмыстың құрылымы: Дипломды жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Тарау. Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардың қалыптасуы және дамуы
1. 1. Қазақ-түрік мәдени байланыстарының қалыптасуы
Қай халықтың болмасын елдігін, өзіне тән ерекшелігін, мемлекеттігін білдіретін жағдай сол елдің мәдениеті, білімі, әдет-ғұрпы, салт дәстүрі. Өйткені жер бетінде адам қалай пайда болып тіршілік етсе, сол адаммен бірге мәдениет, әдет-ғұрып пайда болып, өркендеп дамиды. Сондықтан әр мемлекеттің даму дәрежесі оның мәдениетінің, ғылымы мен білімінің, адамдарының әл-ауқатының қаншалықты даму деңгейде екендігімен өлшенеді, соған қарап бағаланады.
Қандай заман болмасын, қандай жағдайда болмасын екі ел арасындағы қарым-қатынаста мәдени байланыстардың маңызы өте зор. Өйткені сол елдердің дәстүрі, ғылымы, өнері, мәдениеті осы елдерді жақындастарытын, бауырластыратын, достастыратын рухани күш. Өнердің құдіреті, ғылымның құдіреті ешқандай тосқауылды, шектеуді білмейді, оған тіпті аудармашының да қажеті жоқ. Күллі әлем мәдениетінің құдіретіне бас иіп, құрметтеп, қастерлеп ізгі дәстүрлермен мемлекеттің арасын жақындастыратын ерекше бір рухани күш ретінде үлкен маңыз береді.
Мәдениет - халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ауыз және жазба әдебиетіне, тіліне, сазына, дініне, мораль мен этикасына және экономикасына қатысты туындылары, осы әсемдіктің қоймасы мен халық болғандықтан, мәдениет - демократия.
Мәдениет - тарих, мәдениет - тіл мен дін, мәдениет көне қазбалар мен жазба жәдігерлер, музыка, әдебиет, асқақ рух және руханият.
Бұл ретте қазақ пен түріктің түбі бір түркі халықтары екендігі, ежелден дамып келе жатқан, тамыры тереңде жатқан түркі өркениетінің өкілдері екендігі екі елдің бір-бірімен жақындаса түсуіне негіз боларлықтай маңыз бепріліп отырғандығы бұлтартпас айғақ.
Бүгінгі күні түркі өркениеті әлемдегі қалыптасып қалған өркениет үрдісімен қатар қоярлықтай мыңжылдық тарихы бар үлкен үрдіс.
Түркі елдерінің арасынан шыққан көрнекті ғұламалардың, ойшылдардың, өнер қайраткерлерінің тізбегіне үстірт көз тастағанның өзінде түріктің өркениет тарихындағы орны мен мәніне қанығуға болады.
Алгебраның негізін салған Хорезми, «әлемнің екінші ұстазы» атанған философ Әл- Фараби, әмбебап білімпаз Бируни, тілші ғалым Қашқари, т. б. түркі өркениетінің көрнекті өкілдері. Бұған қоса түркі тілінде сопылық поэзияның негізін салған Яссауи, философиялық - дидактикалық дастан жаратқан Баласағұн, ақындар Низами, Навои, Физули сынды жұлдыздарды мәңгі есте сақтау, ұрпақтарға үлгі ету біздің парызымыз /28/.
Осындай ұлы адамдар негізін салып берген түркі өркениеті бүгінде жалғасын табуда. Бүгінгі күні түркі тілдес мемлекеттердің мақсаты - осы өркениеттердің ізгі туындыларын, мәңгі өлмес дәстүрлерін жаңартып, жаңғыртып бүкіл әлемге түркі өркениетінің өшпес маңызын көрсетіп, әлем өркениетінің ерекшелігін таныту.
Осы ретте әртүрлі саяси кедергілерден үзіліп қалған мәдени байланыстарды жалғастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстан мен Түркияның арасындағы ең алғашқы қадамның да мәдениет саласында жасалуының негізі осында деп ойлаймыз.
Кеңестер Одағы кезінде тікелей қарым-қатынастың болмауынан екі елдің арасындағы мәдени байланыс туралы деректер жоқтың қасы. Тек 1979 жылы 25-30 қыркүйек аралығында Стамбул қаласында «Гунайдын» газетінің ұйымдастыруымен болған «алтын марафон» эстрадалық әндер конкурсында жерлесіміз өнер жұлдызы Роза Рымбаеваның қатысып, екінші орынды иеленгендігі туралы мәлімет бар.
Қазақстан мен Түркия республикасының арасындағы мәдени қарым-қатынас 1990 жылы 5-6 желтоқсан аралығында Түрік мемелекетінің мәдениет министрі Намык Кемал Зейнектің біздің елімізге арнайы сапармен келуінен бастау алады.
1990 жылы 5 желтоқсандағы ниеттесу шартынан кейін екі ел арасындағы рухани байланысты одан ары жақындастыра түсу мақсатында, 1992 жылдың 1 мамырында Қазақстан мен Түркия мемелекеттерінің президенттері мәдени ынтымақтастық шартына қол қойды.
Қол қойған құжаттарда екі елдің ұлттық мәдениетінің фестивальдарын өткізу, жоғарғы оқу орындарымен тікелей байланыс жасау, студенттер алмасу, Қазақстан университеттерінде түрік тілі кафедраларын ашу, түрік раиосы мен телевидениесінің хабарларын қазақстандықтарға тарату, мәдени орталықтар ашу, екі жақты музыка, өнер қайраткерлерінің гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, режиссер, дирижер, хореографтардың барыс-келісін қадағалау, кітаптар, өнер туындылары, микрофильдермен алмасу, екі жақты аударам саласын жандандыру, т. б. көптеген мәселелер төңірегінде келісімдер жасалды. Қоғамдағы өзгерістерді аңдап отырған бұл мемелекет басшылары түркі тілдес халықтармен жақындасуды әдейі мәдени байланыстан бастағаны көп нәрсені аңғартады.
Н. К. Зейбек бастаған делегация өкілдері түбі бір түркі мәдениетінің халықтарымен жақындасудың сәті түскендігін, ендігі жерде түркі мәдениетінің үндестіре дамытуда достық, өзара көмек, тәжірибе алмасу арқылы бүкіл әлемге түркі мәдениетінің кереметін, ұлы күшін таныту керектігін мақсат еткен.
Екі ел арасындағы бұл құжаттар мәдени жақындасудың бастамасы, жол ашары болды. Түрік делегациясының басты назарын аударған Түркістан қаласындағы түркі әлеміндегі бейнелердің бірі Қожа Ахмет Иассауи кешені болды. Түрік делегациясы осы А. Иассауи және Арыстанбаб кешендерін қайтадан жаңартып, өркендетуді Түркия мемлекеті өз қолына алатынын білдірді.
Екі елдің арасындағы байланыстың болашағын бекітуде Түрік делегациясы Шымкент қаласында болып, ондағы оқушылар сарайының жұмыс тәртібімен танысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар Шымкент қаласының суретшілерінің туындылары қойылған көрме залында болып, қазақтың сурет өнерімен таныстып, сол арқылы Қазақстандықтардың тұрмыс - тіршілігінен біраз мағлұмат алды.
Осы сапардың нәтижесінде түркі мәдениетінің бұтақтары түрік халқы мен қазақ халқының арасын жақындастыратын игі шаралар жүйесі белгіленіп, екі халықтың бұдан былайғы уақытта мәдени жақындасуына жол ашылды. Мәдените саласындағы бұл жақындасудың алғашқы қадамын нақты бекіте түсіп, мемелекеттік дәрежеде күшейте түсу үшін Түркияға Қазақ ССР-нің Мемлекеттік Комиетінің төрағасы Қанат Саудабаев бастаған делегация арнайы сапармен барып қайтты. Бұл сапардың қорытындылары жөнінде пресс- конференция ұйымдастырып, делегация басшысы Қ. Саудабаев есеп берді /29/.
Делегация Түрік меелекетінің бірнеше қалаларында болып, түрік мәдениетінің үлгілерімен танысып, мәдениет саласында екі елдің арасында атқарылатын шараларды келісіп келді.
Әсіресе, Қазақстан делегациясының назарын аударған түріктердің А. Иассауи және Арыстанбаба кешендерін қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын өз мойындарына алатындықтарын, барлық құрал-жабдықты өздері жеткізетіндіктерін, туристер үшін «Керуен-сарай» халықаралық қонақ үйін салатындықтарын білдірді. Мұның өзі түрік халқының ата-бабаларының мұрасына, ғұлама ұстаздардың қасиетіне бас иіп, қадірлеп-қастерлей білетін дәстүрлерін көрсетеді.
Осы сапарда екі елдің арасында ірі өнер ұжымдарының гастрольдерін ұйымдастыру, Стамбул мен Алматыда ұлттық мәдени орталықтар ашу, өнер және мәдениет күндерін өткізу туралы мәселелер қарастырылды.
Қазақстан делегациясының сапары екі елдің арасындағы мәдени қарым-қатынасты өркендетуге жасалған нақты қадам болды. Тек қана мәдениет қай елдің болмасын саяси тұрақтылығының, экономикалық жақсартуының, рухани өрлеуінің негізі, тірегі. Осыған байланысты мәдени қарым-қатынасты дамыту, өркендеу мемлекеттің алдында тұрған міндеті.
Міне, осыдан кейін Қазақстан мен Түркия арасында мәдениет, білім, руханият салаларындағы байланыстар кең ауқымды өріс алды.
Екі жақты қарым-қатынасты жандандыруда жасалған тағы бір қадам Алматыда халықаралық ынтымақтастық жөніндегі түрік агенттігі бөлімінің (ТИКА) жұмыс жасай бастауы болды.
Түркия мемлекеті 1992 жылы 24-ші қаңтарды сыртқы істер министерлігінің құрамында түркі тілдес мемлекеттермен және постсоветтік кеңістіктегі мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту мақсатында Министрлер Кеңесінің №480 қаулысымен Түрік ынтымақтастығы мен даму агенттігін (ТИКА) құрған болатын /30/. Қазір бұл агентіктің Азербайжан, Грузия, Молдавия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінде тұрақты бөлімдері жұмыс жасауда.
1994 жылы 17-ші қазан күні Анкара қаласында екі елдің сыртқы істер министрлері Қ. Тоқаев пен Ә. Инөнү өзара түсінісу меморандумына қол қойды /31/. Мұнда екі жақты экономикалық және әлуметтік ынтымақтастықты жандандыру үшін, барлық іс-әрекетті үйлестіру жұмысы Қазақстан республикасы жағынан экономика министрлігіне қарасты шетелдік инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттік пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Түрік Агенттігіне (ТИКА) жүктелгендігі жарияланған.
Агенттіктің негізгі мақсаты - дамушы елдерге экономикалық көмек көрсету, соның ішінде түркі тілдес және ТМД елдеріне экономика, сауда, білім, мәдениет, әлуметтік салаларда жәрдем беру және тікелей техникалық көмек көрсету.
Түрік Агенттігі өз мақсатындағы түрік мәдениетінің ескетркіштерін кейінгі ұрпаққа жеткізу, сақтау мәселесін жүзеге асыруда түркілердің тарихы, мәдениеті туралы кітаптарды басып шығару жұмысын жүзеге асыруда. «Манас» эпосы, «Физули», «Қазақстан және Евразия түріктері», «Орхон ескерткіштері», атты басылымдар жарық көрді. Ендігі кезекте Түрік агенттігі «Түрік мәдениетінің көрмесі» атты жобаны ұйымдастыру жұмысын қолға алуда /32/.
Бұл жоба бойынша Агенттік ежелгі түрік мәдениетінің ескерткіштерін жүйелеп, экспонат ретінде көрсетуге дайындық жүргізіліп, әлемнің әр жеріндегі музейлерге орналастыру және олардың арнайы каталогын шығаруды жоспарлап отыр.
Өркениет - дегеніміз ұзақ мерзімді эволюциялық тарихи дамудың нәтижесінде бір не бірнеше ірі этностардың қалыптасқан этнодемографиялық, әлуметтік-мәдени бірегейлігі. Белгілі бір кеңістіктегі материалды, рухани мәдениетті біртұтас макро жүйе, мәдени тип. Географиялық кеңістік бірде кеңіп, бірде тарылып, қусырылса да сол типтік негіз, оның өзегі сақталады. «Өркениетке» терең қарасақ ол мемлекет билеу мәдениеті, ол халықтың рухани мәдениеті, ол адами қарым-қатынастың мәденитеті, ол махаббат, отбасын құру, өмір әрекетінің мәдениеті, ол халықаралық, мемлекетаралық қатынастар мәдениеті, ол өзі өмір сүрген ортаны сақтау мәдениеті.
Осы кең мағынадағы мәдениет - эволюциялық даму үстіндегі халықтарды тағылықтан шығарып, варварлықтан өткізіп, өркениетке жеткізеді. Батыстық еуроцентристер адам баласының бір бөлігі өркениеттік дамуға бейімді, ал қалғаны өркениеттік жасампаздық жасауға қабілетсіз деп біледі. «Даланың» құлы, «әлеммен байланысы жоқ», эволюциялық дамуы жоқ көшпенділер, олай болса «тарихы жоқ қауым» деген пікірді уағыздайды.
Ғалымдардың бір тобы Алтайдан Днепрге дейін мәдени-тарихи кеңістікте эволюциялық даму динамикасы бар халықтардың бірлестігі - ол түркі тектестердің мәдени бірлестігі екендігін дәледейді.
1997 жылғы қыркүйек айындағы Түркия пример-министрі М. Илмаздың сапары кезінде Алматыда түрік мәдени орталығының ашылу рәсімі болды. Мұның өзі түрік мәдениетінің қазақ еліне танылып, түбі бір ортақ өркениет негіздерінің үндесуіне жағдай жасайтын сәтті қадам болды. Орталық жұмысын түрік елшілігіндегі мәдениет ісі жөніндегі орынбасары А. Коркмаз мырза басқарып отырды. Бұл мәдениет орталығында түрік әдебиеті, өнері, тарихи ескерткіштерінің музейі ашылған, онда Ахмет Иассауи кесенесін қайта құру құрылысының жұмысын қандай дәрежеде жүргізіліп жатқандығы туралы фото объектілер негізінде кең мағлұмат беруге жағдай жасалған. Түрік мәдени орталығы түрік тілін үйрету ісін қолға алып, арнайы сынып ашып, тіл үйрету курстары жұмысын жандандыруда. Сонымен қатар қазақ-түрік мәдениетінің жақындастығын айқындауда әртүрлі концерттер, әдеби кештер ұйымдастарып, екі жақты мәдени қатынастардың дамуына өз үлесін қосуда.
Екі елдің арасындағы мәдени байланысына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Түркияға 1992 жылы 30-31 қазан аралығында жоғары дәрежедегі түркі тілдес мемлекеттердің басшыларының кеңесіне қатысу сапарында одан әрі кеңейтілуіне жағдай жасалды. Осы сапарда екі ел басшылары кездесіп, бірнеше құжаттарға қол қойды.
Олардың ішінде мәдени-имандылық қарым-қатынас саласында білім мен ғылым, мәденит пен спортты дамыту жөніндегі келісім Қазақ мемлекеттік телерадио компаниясымен Түрік телерадиосы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама, сонымен қатар ғылыми, мәдени, қоғамдық ұйымдар, жеке телекомпаниялар арасында келісімдерге қол қойылды.
Түркі мемлекет қайраткерлері, барлық түркі қауымдарының ұстанған бірсыпыра ортақ көзқарастары болған. Солардың бірі саяси тәуелсіздік, екіншісі - шашыраңқы түркі тайпаларының басын қосып, қауым бірлігін қамтамасыз ету. Түркі мемлекеттерінде билік жүргізу ісіне жат жұрттықтарды араластырмау, бөгде мәдениеттің әсерін мейлінше сырт ұстауға тырысу, ондай мәдениет элементтерін түркі мемлекетінің мүддесіне сәйкес келгенде ғана пайдалану шынайы түркі ұлттық саясатының басты принциптері саналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz