Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Кіріспе
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ . ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫН ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы ... ... ... ... ...5.8
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.11
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ..12.15
2.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалардың теориялық және методологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.18
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
3.1 Қазіргі жағдайдағы бюджеттің пайдалану проблемалары ... ... ...19.22
3.2 Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... 22.25
3.3 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру ... ... ..25.30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32.33

Жоспар
Кіріспе
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ - ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫН ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы ... ... ... ... ...5-
8
1.2 Мемлекеттік бюджеттің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-11

2.1 Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . .12-15
2.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалардың теориялық және
методологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..15-18

3.1 Қазіргі жағдайдағы бюджеттің пайдалану проблемалары ... ... ...19-
22
3.2 Бюджет тапшылығы және оны
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... .22-25
3.3 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру ... ... ..25-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
-33
КІРІСПЕ
Үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты негізінде жасалынатын
әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және
дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде
мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі.
Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Қаржы
жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға
мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының
құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада
нарықтық қатынастардың белсенді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді.
Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып
табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын
дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруды көрсету және де
экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке
негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің
элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік
саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты
болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды
ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып
табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын
орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын
жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы
ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық,
салааралық, территорияаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу
және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы
әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып,
экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм
беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.
Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың
өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк
аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк
мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен
өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-
экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты
басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын
жүргiзудегi жол сапаршысы. Экономикадағы кризистiк жағдайлар және қаржылық
жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде
орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекеттік бюджеттегi келеңсiз
оқиға – бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды
салдарын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.
Бюджетті дұрыс пайдалану - қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының
аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына,
қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті
жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік
қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің
бюджеттік қаты-настарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат
орындалмай. бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс
жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліміздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы
жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болатынына, мемлекеттің бюджеттік
саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол
жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының
орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық
қатынастардың жүйесі болып табылады.
Қалыптастыру өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және
оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі.
Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі
көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы
болып табылады.
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ - ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы
Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне
арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен
жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң
актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын
орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
өзіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы
дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық
өндіріспен алдын ала объективті анықталған.
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы
қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық
салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат
пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып
жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдык масштабта әлеуметтік-мәдени
шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін,
мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған
қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы -
адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің
қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған
объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық
орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық
ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және
үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші
кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі
қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар
дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімдерінде
шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет
өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады - жалпы мемлекеттік қаржыларды
қанағаттандырады.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету
және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы
жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары
өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды;
өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған
қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен
шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға
кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың
аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие
болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске
асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен
қатар, мемлекеттік бюджет құндылық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен
сипатталады: Мемлекет қолындағы кері өнім қүны бөлшегінің және
жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру
мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен,
экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары
арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты
емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол
уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық
қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам
дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта
өндірудің қажеттіліктерімен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен
салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда.Ол жыл
сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының

қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған
және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып
бөлінеді.Нысаны бойынша
мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне
салық,салықтық емес түсімдер жатады,ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік
қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға
дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін
кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз
етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б.
Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы
сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен
кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің
шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ
болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі
және сыртқы қарыз деп бөледі. Сырткы қарыз көмегімен жабылатын жалпы
тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің
ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына
ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне
әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялык банктерден
және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттык банктен алынған
таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша
қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық
факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын
табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты
болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мүндай есептеудің
нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын
есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға
функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған кұн мөлшері
табылады, табыс салығы үшін - салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз
үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы және т.б.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының 'және де салық салудың да
(мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін.
Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп
атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді.Мысалы:
салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қаркыны
арасында қарым-қатынас құрылысын және салықтық жүйе салыстыру мерзімі
ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені
туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс
сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бүл мақсат үшін
пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі салықтық
түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне
негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс,
баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен
және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы
есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда
олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалык
қатынасқа сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау
процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың
экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің
эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз
төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен
анықталады.
1.2 Мемлекеттің бюджеттік құрылымы
Бюджеттік жүйе – мемлекетте жұмыс істейтін барлық бюджеттердің
жиынтығын білдіреді. Бюджеттен тыс қорлардың жиынтығымен мемлекеттік
қаржылардың жиынтығын құрайды. Бюджет жүйесінің құрылысы мемлекеттік
басқару органдарының құрылысымен анықталады. Біздің мемлекетіміз унитарлы
мемлекет болғандықтан басқару органдарының екі деңгейі бар: орталық және
жергілікті. Орталық басқару органдарына ҚР Парламенті, ҚР Президенті, ҚР
Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Кіріс министрлігі, орталық атқару
органдары, ҚР бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті жатады.
Жергілікті басқару органдарына жергілікті өкілді органдар – маслихаттар,
жергілікті атқару органдары - әкімдер және әкімшілік жатады.
Осыған сәйкес мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден –
республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік
қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір
мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы
қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған (
жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру
жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры,
табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау
және бәсекелестікті дамыту қоры, т.б.).[1] Қазір бұл қорлар қысқартылған.
Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық
бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді.
Жергілікті бюджеттерге барып түсетін кіріс көздері бар, бірақ олар аз
көлемде.
Мемлекеттегі бюджеттер бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып,
қызмет етеді. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Парламенті
қабылдаған Заңмен, жергілікті бюджеттер жергілікті маслихаттардың
шешімдерімен бекітіледі. Бюджеттердің жобалары атқару органдарымен:
республикалық бюджеттің жобасы - Қазақстан Республикасының Үкіметімен,
жергілікті бюджеттің жобасы – жергілікті әкімдермен жасалады. Содан кейін
олардың орындалуын атқару органдары қамтамасыз етеді. Жергілікті
бюджеттердің орындалуын маслихаттардың жанынан құрылған тексеру
комиссиялары, ал республикалық бюджеттің орындалуын – Рсепубликалық
бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті тексереді.
Бюджеттердің құрылысы:
1). Түсімдерден:
- кірістерден;
- алынған ресми трансферттерден, қайтарылған
кредиттерден;
2). Шығыстардан:
- шығындардан, кредиттерден;
3). Бюджет тапшылығынан ( профицитінен );
4). Бюджет тапшылығын қаржыландырудан
( профицитті қолданудан ) тұрады.
Мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін
бірнеше шаралар комплексі қабылданады. Оларды біз бюджеттік бағдарламалар
дейміз. Бұл бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың
бюджеттік бағдарламалары деп бөлінеді. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң
актілеріне сәйкес, тұрақты сипатта болатын мемлекеттік басқару функцияларын
орындауға бағытталған немесе бір мезгілдік шараларды жүргізуді көрсететін
бағдарлама. Дамудың бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық және институционалды дамуына бағытталған
бағдарламалар болып табылады.[2]
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрі:
1. Салықтар.
Салықтар дегеніміз - мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін,
мемлекеттің шығыстарының орнын толтыруға арналған - мемлекеттік қорлар құру
үшін мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрдегі ақшаларды алу
болып табылады.[3] Сондай-ақ, бюджетке салықтардан басқа да міндетті
төлемдер келіп түседі. Оларға жататындар: алымдар, баждар, төлемдер.
2. Алым сияқты міндетті төлемнің құқықтық мазмұнын анықтау үшін, оның
салықтық төлемнен негізгі айырмашылықтарын анықтау қажет.
А) Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін –
тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;
Б) Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы
эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын
төлем болып табылады. Алым төлегені үшін субьект белгілі бір құқықтарды
иеленеді немесе мемлекеттен қандай да бір рұқсаттарды алады.
В) Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады.
Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір
қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті.
3. Баж.
Бюджетке түсетін келесі міндетті төлемнің түрі – баж болып табылады.
Баж дегеніміз заңды маңызды әрекеттер жасағаны үшін немесе құжаттар бергені
үшін, соған өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан
алынатын міндетті төлемнің түрі. Бұл анықтамаға қарап, біз баждың алымға
жақындығын көреміз. Бірақ, А.И. Худяков ойынша, келесідей айырмашылықтар
бар:
А) Баж – бюджеттің, яғни жалпы мемлекеттің кірісі, ал алым – төлеушіге
қызмет көрсеткен ұйымның кірісі. Сондықтан, классикалық теорияға сәйкес,
баж – фискалды төлем, ал алым- чиновниктік төлем.
Б) Баж – көрсетілген қызметтің бағасынан тәуелсіз алынады, ал алымның
мөлшері – көрсетілген қызметтің бағасына сәйкес болады, яғни алым,
мемлекеттік орган жіберген шығындардың орнын толтыруға тиісті.[4]
4. Төлем.
Бюджетке төленетін келесі міндетті төлемнің түрі – төлем. ҚР бірнеше
төлемдердің түрлері бар. Олар мемлекеттің меншігіндегі пайдалы қазбаларды
пайдаланғаны үшін алынады.
Республикалық бюджеттің кіріс көздерін атайтын болсақ, салықтардың
ішінде: корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салық,акциздер, жоспардан
тыс түскен табысқа салық. Баждардан: біздің территориямызға алып кірілетін
тауарларға, алып шығарылатын тауарларға кедендік баждар, роялти, бонустар,
кедендік бақылау мен кедендік процедуралардан түсетін түсімдер. Алымдардан:
гербтік алым, Қазақстан Республикасы территориясынан автотранспорт
құралдарының өткені үшін алынатын алым, азаматтық әуе кемелерін, теңіз,
өзен кемелерін тіркегені үшін алынатын алымдар, радиоэлектрондық құралдарды
тіркеу үшін алынатын алымдар, дәрілік құралдарды, радиожелілік ресурстарды
тіркегені үшін алынатын алымдарды айтамыз. Сондай-ақ, салықтық еместер
кірістер де бюджетті қалыптастырады. Айталық, республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың пайдалары, Ұлттық Банктің пайдасы, республикалық меншіктегі
кәсіпорындардың дивиденттері, мемлекеттік лотореялардан түскен пайдалар,
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен қаражат, орталық
мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыптар және банктер төлейтін
айыптар, Ұлттық қордан аударылған қаражат және ресми трансферттер мен
капитал қозғалысынан түскен ақшалар.
Ал, жергілікті бюджеттердің кірістеріне спирттің барлық түрлеріне,
темекі өнімдеріне, икра мен қызыл балыққа, қымбат металдарға, бензинге
акциздер, әлеуметтік салықтар және жеке табыс салығы, жеке тұлғалар мен
заңды тұлғалардың мүліктеріне салықтар, жер салығы мен транспорт
құралдарына салықтар, сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркегені үшін, жеке
тұлғаларды тіркегені үшін, жергілікті маңызы бар мемлекеттік автомобиль
жолдарымен транспорт құралдарының жүргені үшін, кейбір қызмет түрлерін
жүзеге асыру үшін рұқсат бергені үшін, жол бойына жарнамалар ілгені үшін
алынатын алымдар түседі.
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады.
Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық
және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет
жүйесі үш буыннан — федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен,
федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы
жерлердің, Канададағы провинциялардың. Ресейдегі Федерация
субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен
сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді
қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті
құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және
дербес болып табылады:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
• ауданның бюджеті (облыстық маңызы бар қала бюджеті)[5].
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын,
орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері
мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық
бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті салықтық
және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы
қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға
бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес
әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық
жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес
экімшілік-аумақтык бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті
мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске
асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар
қала) бюджеті болып табылады.
2. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет
1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті
бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы
төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
2. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның
қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
4. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
5. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы
тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті
қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы
мәслихаттардың
шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
8. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір
мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге
және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің каржылық актив түріндегі,
сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспғанда, өзге де мүлік түріндегі
активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына,
экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру
функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің және,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын
қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына әлемдік
бағаның республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы,
мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық және фискалды тұрақтылық және Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып
айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы ұлттық
және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық валютамен жүзеге
асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімді басқаруды Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында
жасалатын сенімді басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет
республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем
операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады. Сонымен,
бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі
бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау,
қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және
жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Бюджет
жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртұтастық
қағидасы ұйымдық-экономикалық орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді;
толықтылық қағидасы бойынша үкіметтін барлық қаржылық операцияларының
бюджетте жинақталған және барлык түсетін табыстар мен жүмсалған шығындарды
білдіреді; нактылық қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты
көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады;
жариялылық қагидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары
туралы мэліметтер баспасөз беттерінде жарияланады. Дегенмен, қазіргі
кезеңде Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындальш отыр
деп тұжырым жасауға болмайды. Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық
қатынастардың реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне айналды.
Сондықтан бюджетарлық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне жеке бөлім
арналып отыр.
2.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобаладың теориялық және
методологиялық аспектілері
Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан Республикасының
Президенті бюджеттік комиссияны құрайды. Бұл комиссия Экономика және
бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген республикалық бюджет
жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарастырады.Бюджеттік процесте
басты роль Қаржы Министрлігіне келеді. Ол ҚР-ның Президентінің жыл сайын
халыққа үндеуін ескере отырып территория дамуының экономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативті жоспарының негізгі параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш
жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
ортамерзімдік (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары
құрылуда. Қоғамдық іс-әрекеттердің барлық аспектілерінің стратегиялык
жоспарлануы және реттелуі бойынша практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы
органы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы
реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы
органдарының жүйесіне, ең алдымен, Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігін жатқызамыз. Бұл Министрлігі ҚР Үкіметінің кеңейтілген
отырысында қарастырылатын квартал сайын "Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы" атты доклад құрайды. Мұнда
аналитикалық және кестелі-графикалық материалдармен көрсетілген есепті
мерзім ішіндегі экономика дамуының тенденциясына көңіл бөлінеді,
қалыптасқан негативті факторларды шешудің жолдары көрсетіледі, және де
алдағы кварталға экономикалық дамудың болжамы беріледі. Материалдар
Министерствалар мен Агенстволардың, облыстардың, Алматы және Астана
қалаларының, отандық және шетелдік эксперттердің ақпараттарына негізделеді.
Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып экономиканың
фактілі көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған
өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту
бойынша ұсыныстар беріледі.
ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министерствасы басқаруды
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және заңдамамен
көрсетілген аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын, ҚР-ның стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасаудың сала аралық
координациясын басқаруды жүзеге асырады және ортамерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және сәйкесінше қаржылық жылға
республикалық бюджет жобасын құрастырады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау
Министерствасының құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалык саясат
және индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің накты тізімі өкілетті
органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық Банкісімен
келісіп жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігі.
Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады.
Бірінші этапта алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті
бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын
Республикалық индикативті жоспар жасалынады.
Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына,басқа да
мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалық
индикативті жоспар Баяндамасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz