Бірыңғай мүшелердің байланысуы



Кіріспе

1 Бірыңғай мүшелі сйлемдер және олардың қызметі

2 Бірыңғай мүшелердің байланысуы
2.1.Ыңғайлас жалғаулықтар арқылы
2.2. Қарсылықты жалғаулықтар арқылы
2.3. Талғаулықты жалғаулықтар арқылы
2.4. .ып, .й көсемше формалары арқылы
2.5. Орын тәртібі арқылы

3 Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөздердердің қызыметі

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем
синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы
түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы
ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің
байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын
тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер
кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа,
біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу,
қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие
болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың
жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын
зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика
ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен
құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3.
құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
Синтаксис ғылымының зерттейтін обьектілері – тілдің синтаксистік
құрылысы. Синтаксистік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы
арқылы өз ара тіркесіп барып. Сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен
заңдарының жиынтығы болып табылады.
Синтаксис – сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлемдердің сыр –
сипатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым.
Синтаксис сөз тіркестерін, сөйлемдерді, олардың бөлшектері мен әр алуан
синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары
ретінде, оларды өз ара және морфологиямен байланыста қарастырады.
Синтаксистің басты арнаулы обьектісі екеу: бірі – сөз тіркесі,
екіншісі – сөйлем. Сөз тіркесі мен сөйлем екі бөлек синтаксистік
единиуалар: сөйлем қарым – қатынас жасауды пікір алысуды қамтамасыз етудің
– ал сөз тіркесі сөйлем құралдың шоғырланған материалы болу. Сол үшін
сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым – қатынасқа түсіп, сөйлем
құрамында жұмсалады.
Тілдің ең басты ,бір тұтас ұйысқан бөлшегі –сөйлем. Сөйлем- тілдің
қоғамдық қызметі. Пікір алысудың ойды білдірудің, негізгі тұлғасы. Ол
қашанан бері синтаксистик зертеудің басты объектісі болып есептеледі.
Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайық құралатындықтан, сөз, сөз
тіркестері ойдың бөлшекті элеметтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар
сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің
де басты объектісінің бірі болып табылады.
Сөйлемнің басты сипаттамалары мыналар: сөйлем біршама тиянақты ойды,
предикаттық қатынасты біолдіреді.Сөйлемнің айтылу интонациясы болады,
сөйлем жеке сһзден, сөз тіркестерінен құралады.
Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан құралады, оның сала-салаға
бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің, бөлшектерінің
ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты .
Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды олардың өзара қарым-
қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі
зерттейді.
Жай сөйлем - өзіне тән семантикалық құрылымы бар, коммунативтік міндет
атқаратын, бір предикңативтің бірліктен тұратын сөйлем. Жай сөйлемнің
ерекшеліктерін танытатын белгілер оның синтаксистік, семантикалық құрылымы
сөздердің орын тәртібі мен интоноция болып табылады.
Синтаксистік құрылым тұрғысынан алып қарағанда, жай сөйлем бір
сөзден де, екі не одан да көп сөзден тұрады. Жай сөйлемдер қос сыңарлы
болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Қай түрі болғанда да,
сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің атқаратын қызметі өте зор. Сөйлемнің негізгі
болып табылатын баяндауыш қимыл - әрекетті, қозғалысты, қалыпты білдіреді
де, бастауыш сол қимыл - әрекеттің, қозғалыстың иесін танытады. Жай сөйлем
қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады.
Жай сөйлем құрамында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер бірыңғай да келеді.
Негізінен сөйлемдегі бірыңғай мүшелер туралы ұғым мектеп граматикасынан
белгілі Бірыңғай деп граматикалық қызметі жағынан граматикалық формасы
жағынан, граматикалық байланыс жағынан ыңғайлас келген мүшелерді айтамыз.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер - күрделі ойды, бірнеше сөйлемдісалыстырып
білдірудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға
болады.
Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің айырмасы
құрлысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр
компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады. Бірыңғай
баяндауыштар бір бастауышқа қатысты, сондықтан бұл құрамдағы конструкция
жай сөйлем қатарына жатады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемнің өзіне тән ерекшеліктері мен тілдегі
қызметін айқындау жұмысымыздың өзектілігін танытады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Бірыңғай мүшелер, олардың сөйлем ішінде қолданылу ерекшеліктері мен
Бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер мәселесі қазақ тіл білімі ғылымында
қарастырылып, тілші ғалымдар пікір айтқан. Атап айтар болсақ, Қазақ
тілінің граматикасы (Синтаксис) мен Қазақ тілі энцеклопедиясында, М.
Балақаев, Т. Қордабаев, А. Әбілқаев, Р. Әмір т.б. ғалымдардың ғылыми
еңбектерінде кеңінен қарастырылып, сөз болған.
Жұмыстың құрылымы.
Кіріспе, негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Соңында қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
1 Бірыңғай мүшелі сйлемдер және олардың қызметі

Бұл тарауда ой білдіру жағынан болсын, құрылысы жағынан болсын кей
уақытта құрмалас сөйлем моделімен астарласып жататын біріңғай түрдегі
синтаксистік конструкцияларды сөз етеміз.
Сөйлемде хабарлаған бірыңғай қимылдардың осылайша бір грамматикалық
бастауыштардың төңірегіне жинақтлуы, қазірде қазақ тіл білімінде танылып
жүргендей, сабақтас құрмалас болып ұсынылмай, күрделенген сөйлемнің
бірыңғай мүшелі түрін аңғартады. Осы тектес сөйлемдердің табиғатын ани
білуде әр бір компонентегі бастауыш-баяндауыштың негіз шешуші критерийге
алынбай, көбінесе баяндауыш сөздерінің қолданысы есепке алынады. Осыдан
келіп жоғарыдағы сөйлем қарсылықты бағыныңқыға жатқызылып жүр. Бірыңғай
мүшелі сөйлемдер мен сабақтас құрмаластоың ара жақындығының өзі де осыдан
келіп шығады. Сондықтан да мұндай тұлғалас ұқсастықтарды бір-бірінн өзара
саралай қарауымыз керек. Талдап отырған сөйлеміміздегі хабарланған оқиға
желісі бір ғана субъектінің (шешім) төңірегіне жинақталып, оның алуан
түрлік қимылдың сипатын өзара саралай көрсетілгендіктен де, мұндай
конструкцияны бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемдердің қатарынан танитын
боламыз.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің күрделенген сөйлемнің қатарында
қаралуының өзіндік тарихы бар.Бұл тарих жалпы тіл білмінде осы
конструкцияға байланысты орын алған жайлармен тығыз астарласып жатыр.
Солардың қайсы бірлеріне ұңіліп қаралықшы.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері орыс тіл блімінің тарихында ең алғаш көп
жылдарға дейін біріккен сөйлемдер (слитное предложения) деп қаралып
келінді. Профессор А.Г.Рудневтің айтуы бойынша, бірыңғай мүшелерді осы
ретте ең алғаш Н.И.Греч жазып еді. Бұл ғалым сөйлемнің бірыңғай мүшелерін
екі не оданда көп сөздердің өзара бірге қосылуынан пайда болады деп
түсінген – ді. Әрине, мұндай түсініктен бірыңғай мүшелі сөйлемдердің
табиғатын дұрыс ашып бере алады деп айта алмаймыз. Қайта бірыңғай мүшелер
екі не оданда көп сөйлемдердің бірігуінің нәтижесі деген ұғымнан оның
құрмалас сһөйлемге жатқызылатыны аңғарылып тұрады.
Бірыңғай мүшелерді құрмалас сөйлемге жатқызушылық А.Х.Востоковтың
еңбегнде ашық айтылған.
Профессор А.М.Пешковский өзінің Русскии синтоксис в научном
освешении атты белгілі еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемді құрмаласқа
жатқызбағанмен де, олардың арасндағы өзара жақындықты теріске шығармайды.
Тіпті кейде автор бірыңғай мүшелерді жай сөйлем мен құрмаластың екі
аралығындағы сөйлем деп те қарайды.
Профессор А.М.Пешковский аталған еңб,егінде брыңғай мүшелі сөйлемдерді
біріккен сөйлем деп қарайды да оған арнаулы тарау бөлген. Автордың осы
жайлы баяндауларына мұқият назар аударып байқасақ, біріккен сөйлемнің өз
екі жақты тексеріледі: бірі- біріккен сөйлемдер де , екіншісі – бірыңғай
мүшлер. Алғашқысына сөйлем мүшлерінің жалғаулықсыз тек дауыс ырғағымен
бірыңғай байланыса жұмсалған түрін жатқызады да, соңғысына бірыңғай
мүшелердің жалғулықтар арқылы ыңғайласқан жолын жатқызады. Бірыңғай мүшелі
сөйлемдер профессор А.М.Пешковский тарапынан екі жақты қарала тұрса да,
сайып келгенде, автор екеуінің бсын түйістріп, біріккен сөйлем деп атайды.
Зерттеушінің ұғымында біріккен сөйлем үлкен де, бірыңғай мүшелер соның
қарамағына кіреді. Сондай-ақ бір сөйлемнің ішінде әрі дауыс ырғағы арқылы
тең байланысқан бірыңғай мүшлер, әрі жалғаулықпен келген бірыңғай мүшелер
болса, барлығын жалпы түрде біріккен сөйлем деуді ұсынады.
Бірыңғай мүшелік конструкцияларды біріккен сөйлем деп қараушылық не
болмаса құрмалас сөйлем дп танушылық соңғы кездердегі еңбектерден де
кездесіп қалады. Мәселен профессор Т.П.Лонтев синтаксиске арналған бір
еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемдерді бірікке сөйлем қтарында талдайды. Ал
армян тілі синтаксисін арнайы зерттеген В.Д.Аракелян осы тілде бірыңғай
бастауышты және бірыңғай баяндауышты сөйлемдердің құрмалас сөйлемнің бір
түрінен саналатындығын айтады да, осы ретте бұрыңғы зерттеуші М.Абегяннің
бірыңғай баяндауышты мүшелерді ғана құрмаласқа жатқызатындығын ескерте
кетеді.
Сөйтіп, жалпы тіл білмінде бірыңғай мүшелі сөйлемдердің табиғаты
жайында әр түрлі түсініктемелердің болғандығы осы бір шағын ғана шолудан
байалып тұрғандай. Тіпті қазіргі кездің өзінде орыс тілінде поедшь не ты,
а он тәріздс сөйлемдерді біреулері бірыңғай мүшелі сөйлем деп таныса, енді
біреулері (көпшілік) құрмаласқа жатқызатындығын Е.В.Крупнова дұрыс
көрсеткен.
Бір мүшелі сөйлемдерді тани білудегі осындай қиыншылық қазақ тіл
білімінде де әсерін тигізбей қойған жоқ.
Міне, бұл айтылған жағдайлар бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен құрмалас
сөйлемдердің ара қатынасында кездесіп қалатын осындай қиыншылық,
ұқсастықтардың барлығын аңғартса керек.
Сөйлемнің қай мүшлері болса да бірыңғай түрде жұмсала береді. Алайда
осылардың ішінен құрмалас сөйлем категориясымен кейде жақындасып,
астарласып кетуіне әсіресе бірыңғай баяндауышты түрі икем келіп тұрады.
Өйткені осындай конструкцияда келген сөйлемдер бір бастауышқа ортақтасып,
негізгі қимыл иесінің әр түрлі аалдық сипатын білдіре жұмсалады. Ал ортақ
бастауышты осындай сөйлмдердің кейбіреулері қазақ тіл білімінде күні
бүгінге дейін біреулерімен жай сөйлем, енді біреулерімен құрмаластың
төңірегінде танылып жүргені белгілі. Сөйлемнің осы түрінде оның бірыңғай
баяндауыштары тиянақты және тиянақсыз тұлғада келіп отырады. Алғашқысында
салалас құрмаластың кейбір заңдылықтары байқалса, соңғысында сабақтас
сөйлемнің модельдік ұқсастықтарының нышаы білінеді. Мына бір сөйлемің
құрылысына назар аударарлық:
Инженер Рахмет үйіне келіп төсекте отырды. Ойланды, мойнын төмен
түсірді, біруақытта басын көтеріп алды.
Екінші сөйлемді салалас құрмалас деп танушыларда жоқ емес. Шындығында
бұл сөйлем - бірыңғай баяндауышты жай сөйлем. Әрбір синтаксистік
бөлшектердің баяндауыштары бір громматикалық бастауыштың (Рахмет) мазмұнын
әр түрлі қырынан көрсетіп тұр. Осындай сөйлемдердің өзаралық
қатынасыбаяндауыштардың бірыңғай тұлғада ыңғайласа айтылу немесе
жалғаулықтар арқылы байланыа жұмсалады.
Үйге келсе Мұратын ермек етеді, оның тілін қызық көреді, ертегі айтып
береді, ойнатады.
Астымдағы жас тағы қайтса де мені лақтырып тастамақ боп істемеген айла
шарғысы, көрсетпеген мінезі қалмады: біресе тік шаншылып алға шапшиды,
біресе артқы екі аяғын аспанға көтеріп басынан аунап түспек болады, біресе
оқыс былай жалтарады, біресе күрт олай бұрылады; біресе ерін бауырына алып
тулаған асау байталдай бар пәрменімен оқырақтап аспанға атылады.
Міне, осындай тиянақты тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөйлемдер сыртқы
құрылысы жағынан салалас сөйлемдерге ұқсап жатады. Бұл жйға ерте уақыттың
өзінде –ақ тіл білімінде назар аударылған болатын. Мәселен , профессор
Н.Ф.Яковлев чечен тілінің салалас сөйлемдерін талдауға келгенде, олардың
бірыңғай мүшелі сөйлемдермен жақындасып жататындығын айтады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен салалас құрмаластарды өзара ажыратып
отырудың қажеттігін Н.З.Гаджиева да көрсетеді.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар тиянақсыз формада
жұмсалғанда, олар сабақтас құрмаластың құрылысымен жақындасып келеді.
Тиянақсыз тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөйлемдер синтаксистік оралымлар
арқылы жасалады.
Сонымен., жоғарыда талданған сөйлемдеріміз сыртқы құрылысы жағынан
кейде құрмаластардың табиғатымен астарласып жатқандығымен, олар бас
мүшелердің негізінде өзара ажыратылып отырады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер бір грамматикалық бастауыштың негізінде
құралады. Алайда осы бір заңдылық кейде ескеріле бермегентіктен, осындай
сөйлемдер кейбір еңбектерде құрмалас сөйлемдрдің қатарына танылып қалады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдерге байланысты осындай түсінік әсіресе төнкеріске
дейінгі еңбектерден орын алған болатын.
Профессор М.Балақаев бірыңғай мүшелң сөйлемдерді күрделенген сөйлм деп
атайды да оның әсіресе бірыңғай баяндауышты түрін жай сөйлем мен
құрмаластың екі аралығында тұрады деп түсіндіреді.
Ғалым профессор Р.Әмір сөйлемдегі бірыңғай мүшелер туралы ұғым мектеп
граммаикасынан белгілі дейді. Бірыңғай деп грамматикалық қызыметі жағынан
грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас
келген мүшелерді атаймыз. Бірыңғай мүшелер өзара салаласып байланысады.
Әне, қалын мұнарға шомып туған ауылы, өскен елі жатыр (О.Б.).
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сиыстырып
білдірудің амалы. Олардың құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те
атауға болады. Көп жағдайда сөйлемді бірыңғай мүшелі етіп құрау неесе оны
құрмалас етіп тарату сөйлеушінің сөйлеу мақсатына бағнышты болады. Мысалы,
Рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан не қалған, атадан не қалған (М.Ә.). Бұл
құрмалас сөйлмді Рас айтасыз бұл дүниеде бабадан, атадан не қалған деп те
бірыңғай мүшелі жай сөйлем етіп құруға болар еді. Ойды құрмалас сөйлем
арқылы айту сөзе риторикалық сипат беру үшін қызмет атқарып тұр. Мына
сөйлемнің құрмалас болып, бірыңғай мүшелі болмай құрылуы да осы мақсатқа
байланысты: Сырым, естір сөзді сен де естідің, мен де естідім. (М.Ә.).
Бұны біыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде құрағанда ілгерідігі ритім жоғалады:
Сырым, естір сөзді сенде естідің мен де естідім.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдрдің осы екі аралық сипатына сай тіл білімінің
оны тануында түрлі пікір орын алып жүр. Бірқатар тілшілер біріңғай
бастаышы, тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдрді жай сөйлем қатарына жатқызады
да, бірыңғай баяндауышы бар сөйлемдерді салаласқұрмалас сөйлем деп таниды.
Дәлелдері – бұл баяндауыштың әр қайсысы дара-дара предикативтік қатынасты
білдіреді дейді.
Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің айрмасы
құрылысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр
компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады. Бірыңғай
баяндауыштар бір баяндауышқа қатысты, сондықтан бұл қоғамдағы конструкция
жай өйлем қатарына жатбы.
Қай сөйлем болмасын, олардың ішінде бірыңғай мүшелердің күрделеніп
келе беруі мүмкін. Бұл, әрине сөйлемнің аумағын да кеңейтеді, мазмұндық
желісін де күрделендіре түседі, алайда мұндай құбылыс оны екінші бір
синтаксистік ктегорияға (құрмалас сөйлемге) айналдырып кете алмайды. Әр
қайсысының өзіндік грамматикалық заңдылықтары бар: бірыңғай мүшелер негізні
бір сөздің төңірегіне жинақталса, құрмаластың әрбір компоненті сөйлемдік
ыңғайда жұмсалады. Осындай заңдылықтар сөйлем тани білу принципінде
ескеріліп отырылғаны жөн. Мұның өзі кейбір синтаксистік категориялардың
ара қатынасын дұрыс ажыратып отыруға мүмкіндік туғызады.

2 Бірыңғай мүшелердің байланысуы

Сөйлем – комуникативтік единица, яғни пікір білдіру үшін,
информация беру үшін жұмсалатын единица. Сөй, сөз тіркесі өз беттерімен бұл
қызметті атқара алмайды.
Жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді болып келген конструкцияларды
сөйлемге тән громматикалық форма алып, комуникативтік единица - сөйлемдік
сапаға и бола алады екен. Сөйтіп, сөлем өзіне тән громматикалық құрылысы
бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлем құрылысына қарап отырсақ,
сөйлемді құрауға, ойдыі кім, не туралы екенін білдіретін мүше және ол
туралы не айтылғанын білдіретін мүше, яғни, бастауыш, баяндауыш мүшелері
қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негіз
болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын
білдіру үшін жұм салады. Сөйлем мүшелері сөйлемдегі ойды берудегі басты
формалар болып есептеледі. Сөйлем мүшлері – құрылымдық-семантикалық жағынан
сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз
тіркестері. Сөйлем мүшелері жасалым құрылысына қарай дара және күрделі
болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді. Сөйлем мүшесінің
қатынасуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң және жайылма болып жіктеледі.
Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем
бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелер
құрайды. Ал сөйлемнің құрамында тұрлаулы мүшлерден басқа мүшелерді
тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сода жалпы екі үлкен топқа жіктелетін болады:
тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мұшелер. Аталған сөйлем мүшелері біріңғай
мүшелі сөйлемдер құрамында сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқарып,
бір ғана сұраққа жауап беріп, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан
жасалатын, бір ғана сөзге қатысты болып келетін біріңғай мүшелер бола
алады. Бірыңғай мүшелер мәселесі – синтаксис саласындағы күрделі, өзекті
тақырыптың бірі. Граматикалық ережелердің біразы осы мәселеге тікелей және
тығыз байланыста құралады.
Сөйлемде бірыңғай бір – ақ мүшенің қызметін атқарып, бір –ақ сұрауға
жауап беретін және бір – ақ сөзбен байланысатын біркелкі тұлғалар болады.
Олардың логикалық мағына жағынан да біркелкілігі байқалады. Бұлар сөйлемнің
бірыңғай мүшелері деп аталады. [ 1,97]
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін
атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз
табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің
барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады. [ 2,367]
Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем
мүшелері бірыңғай мүшелер болады. [ 3,160]
Бірыңғай деп грамматикалық қызметі жағынан, грамматикалық формасы
жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелрді айтамыз
[4; 166]
Бұл ережелер ғалымдардың бірыңғай мүшелерге берген анықтамалары.
Анықтамалар формасы жағынан өзгеріске түскенмен айтар ойлары, шығарар
тұжырымдары бір.
Бірыңғай мүшелер қайталақтап айтылған сөйлемнің тұрлаулы және
тұрлаусыз мүшелері. Бірыңғай мүшелер бірыңғай тұлғада және көбінесе бір сөз
табынан жасалады. Басқаша айтқанда, олар сөйлемдегі басқа мүшелер сияқты
бір сыдырғы бір – біріне ұласа айтылмайды. Олар бірін – бірі іліп, шалып,
бағындырып, бағынп жатпайды. Бірыңғай мүшелердің синтаксистік қызметіде
біркелкі, бірдей болады. Сол себепті де олар бірыңғай мүшелер деген
терминмен аталады. Бірыңғай мүше, басқаша айтқанда, біркелкі мүше деген сөз
болып шығады.
Бірыңғай мүшелер жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Оның бір
сөзден құралғанын жалаң, бірнеше сөздер тобынан құралғанын жайылма дейміз.
Олар үлкен – үлкен теңдерді шешіп, қымбат кілем, әсем түскиіз, алаша
көрпелерді алды. (М.Әуезов.)
Бірыңғай мүшелерді сөйлем аясында шұбалаңқы етпей, ықшамдап,
ыңғайлы, оңтайлы етіп айту үшін жалғаулықтар мен көмекші элементтер олардың
бәріне ортақ етіліп бір – ақ рет жұмсалады, мысалы: Медеубек, Балтабек
сияқты жұмысшылар керемет күш көрсетіп, үлкен серік болды. Бір тілек, берік
ынтымақ, қажырлы еңбектің алмайтын қамалы жоқ екенін көз көрді.
(Ғ.Мүсірепов.) Айшаның мұңайған кері көзі оның қалың ойда, ауыр қайғыда
екенін білдіретін. (С.Сейфуллин.)
Бірыңғай мүшелер біренеше жай сөйлемнің қысқарып сыйысуынан пайда
болған деген пікір бар. Мысалы: мына мектепте Асқар оқиды. Мына мектепте
Асан оқиды. Мына мектепте Үсен оқиды. Осы үш жай сөйлемді Мына мектепте
Асқар, Асан, Үсен оқиды деп қысқартуға да болады. Сөйлем мазмұнында ешбір
өзгеріс болған жоқ.
Бірыңғай мүшелер, көбінесе тұлғалас болғандықтан, оларды ықшамды
етіп айту мақсатымен грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздерді ең
соңғысында жалғаймыз: Әркім күрек, сүймен зембілдерін ала барады.
(Ғ.Сланов.) Бай балалары қызыл кілем барқыт көрпелердің үстінде
жатады. (С.Сейфуллин.)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері басқа бір сөзбен өз ара бірдей семантика
– синтаксистік қатынаста болады. Олардың тағы бір ерекшелігі – бір –
бірімен тең байланысады. Бірыңғай мүшелер арасында салаластың мағыналы
жалғаулықты қоюға болады. Ондай жалғаулықты қоя алмайтын жағдайда бұлар
бірыңғай мүше болып танылмайды.
Бірыңғай мүшелер арасы интонация тарихи жағынан алғанда жалғаулықты
шылаулардан анағұрлым көне және оның қолданылу, жұмсалу өрісі
жалғаулықтардан анағұрлым кең. Мұндай интонация екі топқа бөлінеді: а)
санамалы үнмен айтылатын интонация; ә) қарама – қарсы қою интонациясы.
Интонацияның күші сөйлем ішінде антонимдер мен болымсыз етістіктер
болған жағдайда едеуір арта түседі. Бірінен кейін бірі не қатар жарыса
болған іс - әрекетті білдіретін бірыңғай баяндауыштық алдыңғылары -п, -ып,
-іп көсемшесіне өтеді. Оқушылар орындарынан тұрып, киініп, қора ішінде өз
ара сөйлесіп, күлісіп, қаннен – қаперсіз жүруші еді.
Бірыңғай баяндауыштан кейін көмекші етістіктердің қайталанып айтылып
отыруы мүмкін, бірақ міндетті түрде емес. Адам тәртіпті де, кішіпейілді де,
қабілетті де болуға тиіс.
Кейде бірыңғай мүше болмайтын, бірақ оған қатты ұқсайтын, соның дәл
өзіндей көрінетін тіркестер де болады. Анықталатын заттың әр қилы, жан –
жақты саласын білдіретін кейбір анықтауыштар бірыңғай мүше бола алмайды.
Анықтауыштардың сын есім, есімдік, есімше т.б. сөз таптарынан болып
нәрсенің әр алуан сапасын, белгісін, қасиетін, ерекшелігін көрсететін
түрлері бірыңғай мүше болмайды, мысалы: Ұзын қоңыр сақалына араласқан күміс
реңді ақ талдар ғана айқын көрінеді. (М.Әуезов.) Айналасына әжім жиналған
мұңды көзін кейде қысыңқырап қарайды. (С.Мұқанов.)
Бірыңғай мүшелерді ажыратуда интонацияны да есепке алу керек.
Бірыңғай мүшелер арасында кідіріс елеулірек, молырақ болады, нәтижесінде
бірыңғай мүшелер сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, ерекшеленіп тұрады.
Ал, бірыңғай мүше болмайтын жағдайда кідіріс байқалмайды. Бірыңғай мүшелер
бір – бірімен 2 түрлі жолмен, яғни не жалаң интонациямен, не жалғаулықтар
арқылы саласа, бір – бірімен тең байланысады. Мысалы: Ол бірде ақын, бірде
драматург, Артқы топ – Ақылбай, Мағыш, Кәкітәй, дәрмен. (М.Әуезов.) көк
жүзінің шарты бұлты әлде қайда тарап, сіңіп, жоқ болып жатыр. (Б.Майлин.)
Қала, дала, ой мен қыр... Төгілген көктен алтын нұр, (Ж.Жабаев.).
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөйлемді
сыйыстырып білдірудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары
деп те атауға болады. Көп жағдайда сөйлемді бірыңғай мүшелі етіп тарату
сөйлеушінің сөйлеу мақсатына бағынышты болады. Мысалы: рас айтасыз, бұл
дүниеде бабадан не қалған, бабадан неқалған (М.Әуезов). Бұл құрмалас
сөйлемді рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан, атадан не қалған деп те
бірыңғай мүшені жай сөйлем етіп құруға болар еді. Ойды құрмалас сөйлем
арқылы айту сөзге риторикалық сипат беру үшін қызмет атқарып тұр. Мына
сөйлемнің құрмалас болып, бірыңғай болмай құрылуы да осы мақсатқа
байланысты: Сырым естір сөзі сен де естідің, мен де естідім. (М.Әуезов.).
Бұны бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде құрағанда ілгергідегі ритм
жоғалады.
Сырым, естір сөзді сен де мен де естідім.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің осы екі аралық сипатына сай тіл
білімінің оны тануында түрлі пікір орын алып тұр. Бір қатар тілшілер
бірыңғай бастауышы, тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдерді жай сөйлем қатарына
жатқызады да, бірыңғай баяндауышы бар сөйлемдерді салалас құрмалас деп
таниды. Дәлелдері – бұл баяндауыштың қатынасты білдіреді дейді.
Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің айырмасы
құрылысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр
компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады. Бірыңғай
баяндауыштар бір бастауышқа қатысты, сондықтан бұл құрамдағы конструкция
жай сөйлем қатарына жатады. [4,167]
Тіл – қарым – қатынас жасаудың құралы да, сөйлем сол – қарым –
қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан,
әр қилы болатындықтан соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың
құрамы да түрлі – түрлі болады. Кейде бір сөз, бір сөйлем қызметінде
жұмсалса (Түн – Аттан! Маңара!), кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз
тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем жасалады.
Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы ой ерекшелігімен,
стиль ерекшелігімен байланысты.
Сөйлем құрамындағы сөздер өзара тіркесу арқылы белгілі қызметте
жұмсалады, тіркес құрамына енбеген сөз еш уақытта сөйлем мүшесі болып
есептелмейді, басқаша айтқанда, сөйлемдегі бір сөздің сөйлем мүшесі болуына
сонымен тіркескен басқа сөз себепкер болады. Мысалы, бастауышты
баяндауышпен байланысына қарап (және керісінше), анықтауышты анықталатын
сөзіне қатысына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз.
Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі
сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, лексикалық мағыналары толық
сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған граматикалық мағыналарға
қараймыз. Ол мағыналар: бастауыш – баяндауыштық, толықтауыштық,
анықтауыштық және пысықтауыштық.
Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік
қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Жай сөйдемдер құрамдық ерекшеліктеріне сәйкес жалаң және жайылма
болып бөлінеді.
Жалаң сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан (не оның бірінен)
құралады.
Ал сөйлеи құрамында бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер
не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады.
Мысала, жел өршелене түсті – жалаң, Ызғарлы жел өршелене түсті – жайылма.
Толқын күшейді - жалаң, Теңіздің толқыны кешке таман күшейді - жайылма.
Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер не бастауыштың, не баяндауыштың
(кейде екеуінің де) топталады.
Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем
атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің
маңына топталып, пысықтап тұрады. Мысалы, Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме
толқынды теңізді тіліп келеді.
Бұл сөйлемнің бастауышы – кеме, баяндауышы – тіліп келеді. Олардан
басқа мүшелер сол екеуінің маңына топтанып, екі шумақ құралған да, әр
шумақтағы сөздер біріне – бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не
баяндауышқа бағынған.
Тұрлаусыз мүшелер – толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке
бөлінеді.
Сөйлем мүшелерінің құрамы дара, күрделі, үйірлі болады. Мысалы,
Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер (Дара мүшелі). Ырыс алды –
ынтымақ (Күрделі бастауышты). Жері байдың - елі бай (Үйірлі анықтауыш).
Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік байланыста айтылады. Сөйлем
мүшелеріне сұрақтар қою арқылы талдау жасағанда, олардың сол байланыс
желісі үзілмегені мақұл.
Сөйлемнің құрамында сөйлем мүшелерінен басқа да сөздер болады, олар
– қартпа, қыстырма, одағай сөздер. Бұлар жинақталып, сөйлемдегі оқшау
сөздер деп аталады.
Оқшау сөздер сөйлемнен не сөйлем мүшелерімен тек мағыналық байланыста
айтылады да, олармен синтаксистік байланыста болмайды. Сондықтан оларды
сөйлем мүешлері деп танымаймыз. Сөйтіп, сөйлемнің құрамында әр алуан сөздер
болады. Олар өз ара мағыналық, синтаксистік байланыста айтылу арқылы
мүшелік қызыметке ие болады. Сөйлем құрамының негізі бастауыш пен
баяндауыш. Сөйлем құрамында бұлардан басқа анықтауыш, толықтауыш және оқшау
сөздер болуы мүмкін.
Дүкенде Қарабайға жәрдемдесетін адам жоқ. Көрікті де оның өзі
басады, темірді де өзі соғады (С.Мұқанов). Бұл сөйлемдерде әр сөз керегіне
қарай өз орнында, синтаксистік қызметте жұмсалған. Сондықтан оларда
айтылған ойға қатысы жоқ сөз де жоқ. Олардың басын құрастырып, әр сөйлем де
айтылған ойға әрбір мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер – бастауыш пен
баяндауыштар: адам жоқ өзі басады, өзі қыздырады, өзі соғады. Бұлар сөйлем
құрамының діңгегі, айтылған ойлардың негізгі қаңқасы. Басқа мүшелер
солармен бірге тұтас құрамда айтылғандықтан ұтымды да, оларсыз шала жансар
сөйлемдік қасиеті жоқ сөздер тізбегі ғана. Ал бастауыш пен баяндауыштар
топтары бөлек алғанда да әрі сөйлем, әрі тіректі тіркес.
Осындай, сөйлем құрауға негіз болатын, өз ара предикаттық қатынаста
жұмсалатын сөйлем мүшелерін – тұрлаулы (бас) мүшелер дейміз.
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте
бастауыш сөйлемдер айтылатын ойға негіз болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттың, сындық
сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің ең
негізігісі – бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі
баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болады. Оны мыналардан
байқаймыз:
1. Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді
ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол – сөйлемнің ең
негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
2. Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар
арқылы белгілі болып тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы
айтылмай, сөйлем толымсыз болуы мүмкін. Ал баяндауышсыз толымсыз
сөйлемдер өте сирек кездеседі.
Осындай баяндауыштық синтаксистік қызметі бастауыштан басым
болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды.
Шынында, ол екеуі де – сөйлем құрауға ұйытқы болатын басқа мүшелерді
айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы болатын бас мүшелер.
Жай сөйлем құрамында тұрлаулы мүшелер бірыңғай да келіп отырады.
Тұрлаулы мүшелер бірыңғай болғанда, сөйлемнің құрамы жайыла түседі,
бірақ сөйлем күрделі болмайды. Күрделі сөйлемде әр бастауыштың өз
баяндауышы болу негізіндежеке сөйлемдер тіркесетін болса, бірыңғай тұрлаулы
мүшелері бар сөйлемде біренеше бірыңғай бастауыштың бір баяндауышы, бірнеше
бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы болады. Сол ыңғайда олардың бірыңғай
болуының өз ерекшеліктері болады:
Бастауыш бірыңғай болғанда, олар бір баяндауышты өздеріне
ортақтасқан түрде бағындырады:
Бейсен, Шымырбек, Қали құлаған жерді аршып жатыр. (С.Ерубаев). Өсек,
өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз.
(Абай). Адамның үндері, дауыстары, дүрсілдері естіледі. (С.Сейфуллин).
Бірыңғай бастауыштардың тұлғалары да, жоғарғы мысалдардағыдай,
негізінде, біркелкі болады. Сонымен қатар жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай
бастауыштар түрлі лексикалық топқа жататын, тұлға жағынан әркелкі сөздер
болуы да мүмкін:
Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. (М.Әуезов). Оқта – текте
айқай – ұйқай, аттың дүбірі естіледі. (С.Сейфуллин).
Сөйлемде бірыңғай бастауыштарға ой екпінін түсіріп, бәрінің
синтаксистік қызметі бірдей екенін аңғарту үшін, оларда жинақтауыш тұлға
мен жинақтауыш сөздер қолданылады:
1. Бірыңғай бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына көптік
жалғау жалғанады. Ондайда көптік жалғауы жинақтауыш қызмет атқарады.
Мысалы:
Абай, Біржан,Ербол, Әйгерімде тысқа шығып, оларды аттандырып жатыр.
(М.Әуезов.) Байдалы, Сүйіндік, Ызғұттылар төбенің басына келушілерді тосып
тұрғалы бірталай уақыт болды. (М.Әуезов.).
2. Біркелкі бірыңғай бастауыштарды (кей басқа да мүшелерді) жинаушы сөз
жинақтау сан есімдері болады:
Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған
еді. (Ғ.Сыланов.)
3. Бірыңғай мүшелерді жинақтау қызметінде бәрі, барлығы да, осының бәрі,
дегендер сияқты сөздер жиі қолданылады:
Анау Төскейдің сай – саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі –
барлығы да соншалық таныс, жақын. (М.Әуезов.) Раушанның өкіл болып болысқа
баруы, қалаға баруы, ауылдық кеңес ағасы болып сайлануы – осының бәрі де
Бәкеннің ризашылығымен болған жұмыс емес. (Б.Майлин.) Қызғалдақ, жауқазын,
сарғалдақ, бәйшешек дегендер... құлпырып жайнайды. (М.Әуезов.)
Баяндауыштар бірыңғай болғанда, олардың бәрі бірдей бір бастауышқа
бағынады. Бірыңғай баяндауыштың да барлығының мағыналық салмағы бірдей
болғанымен, көп жерде ең соңғы баяндауыштың есімді бірыңғай
баяндауыштардан елеулі ерекшеліктері бар.
1. Етістікті бірыңғай баяндауыштар қимылдың бірінен соң бірі болып жатқан
үдетпелігін және мезгілдестігін білдіреді:
Дала боран. Жел дүрілдейді, ысқырады. (Б.Майлин). Арғымақтың баласы
аз аттар да көп жусар. (Мақал.) Бұл жолы ол ұзақ ұйықтады, әрі тыныш
ұйықтады. (В.Катаев.)
Бірыңғай баяндауыштардың тұлғалары әр уақытта, жоғарғы
мысалдардағыдай, біркелкі болып келе бермейді. Кейде олардың алдыңғылары
көсемше тұлғалы етістік болып, ең соңғысы тиісті жақ жалғауында тұрады, сол
жалғау бәріне де ортақ болады:
Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. (Мәтел.) Оның көзі бір
ашылып, бір жұмылады. (М.Әуезов.) Әділде ауылға атпен бір келіп, бір кетіп
жүрді. (С.Сейфуллин.)
Соңғы мысалда баяндауыштың тұлға ғана емес, көмекші етістік жүрді
дегеннің де бірыңғай екі баяндауышқа бірдей қатысы бар, келіп жүрді, кетіп
жүрді. Бірақ бұл келіп, кетіп жүрді болып қысқартылып айтылған. Бұлай
айту жазудың шұбалаңқы еместігін көрсетеді. Осындай ойды аз сөзбен ықшамды
етіп айту керек болғанда, күрделі бірыңғай баяндауыштар тұжырымдалып,
көмекші етістік ең соңғы баяндауыштан кейін бәріне ортақ болып бір – ақ
айтылады да, одан бұрынғы баяндауыштар көсемше тұлғалы болады.
Мысалы:
Әлдеқайдан әйелдердің қосылып салған сүйкімді әні құлақты елеңдетіп,
басты еріксіз көтеріп, өзіне қарай тартып, жетектеп барады. Әйелдердің
біреулері Бәкеңнің үйін жинап, сыпырып жатыр, біреулері отын жағып, суын
тасып, шайын қойып жатыр. (Б.Майлин.)
Бұл мысалдардағы бірыңғай баяндауыштардың алдыңғылары көсемшеде
тұрып, ең соңғы баяндауыш құрамындағы барады, жатыр көмекшілерін де қамтып
тұрады. Кейде бірыңғай баяндауыштың алдыңғысы мүлде айтылмай не жартылай
айтылып, оның орнында тек жалғаулық қалып, сол арқылы ең соңғы бір
баяндауыш екі рет айтылғандай болып ұғынылды:
Қара жігіт саған бір, Айшаға бір қарады. (С.Сейфуллин.) Бәкен
қуанған да, ренжіген де жоқ. (Б.Майлин.) Бұлар – бірыңғай баяндауыштарды
ықшамдау мақсатымен айтылған сөйлемдер. Олардың түрі – Саған бір қарады,
Айшаға бір қарады ... қуанағн да жоқ, ренжіген де жоқ. Кейде бір баяндауыш
бір сөйлемде бірнеше рет қайталанып айтылады. Ондайда баяндауыштың мағынасы
күшейтіліп, Сөйлемге ерекше экспрессивті өң беріледі: Дауыста, Жамбыл,
дауыста! Сөйлеп бір жібер, сөйле енді. (Жамбыл).
2. Есімді бірыңғай баяндауыштар субьектінің бір беткей әр түрлі, сындық
не заттық сапасын білдіреді, бірыңғай баяндауыш болатында – көбінесе
сын, зат есімдерден жасалған баяндауыштар.
Аттың желісі бір түрлі қатты, мазасыз. (М.Әуезов.) Алқаптың жан –
жағы қырқа, бұйрат. (С.Сейфуллин.). Әуе тып – тынық, тап – таза, жібектей
жұмсақ. (С.Сейфуллин.).
Бірыңғай тұрлаулы мүшелермен қатар, бірыңғай тұрлаусыз мүшелер де
болады. Алдымен осы тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не деген сұраққа жауап
берейік.
Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайтын
тұрлаусыз мүшелер де болады, олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Бұларды тұрлаусыз мүшелер дейтін себебіміз не?
Сөзінде тиянақ жоқ кісіні сөзінің тұрлауы жоқ деп те атаймыз.
Осындағы тұрлау сөзі тиянақ, береке, пәтуа деген ұғымдарды
білдіреді. Тұрлаусыз деген сөзді кейбір сөйлем мүшелеріне танудың себебі
ол мүшелердің сөйлемді тинақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Расында
бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты ететін, оның бас арқауы болса,
тұрлаусыз мүшелерде ондай қасиет болмайды. Олар бас мүшелердің маңына
топталып, алдымен соларды және бірін - бірі анықтап, және пысықтап тұрады.
Мысалы: Көк жүзінің шарты бұлты әлдеқайда тарап жоқ болып жатыр.
(Б.Майлин.) Бұл сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер бастауышқа және баяндауышқа
қатысты болып тұр: көз жүзінің шарты деген сөздер (анықтауыштар) бұлты
деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды; ал әлдеқайда (пысықтауыш)
сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауыштарды пысықтайды.
Қолдыңсаласындай тарамданған арықтардың біреуі бара – бар ұлғайып...
қарауытқан сай болды. (Б.Майлин.) Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер: біреуі
(бастауыш) сай болды (баяндауыш), қалған тұрлаусыз мүшелер – анықтауыш пен
пысықтауыштар. Олар тұрлаулы мүшелерді және бірі – бірі анықтап, пысықтап
тұр: арықтардың – анықтауыш, бастауышты анықтайды, тарамданған – олда
анықтауыш, арықтардың деген анықтауышты анықтайды, қолдың саласындай –
пысықтауыш, ол тарамданған деген анықтауышты пысықтайды.
Сөйлем мүшелерін басты екі топқа бөліп қарау тек логикалық негізге
ғана сүйенбей, грамматикалық заңдылықтарды да еске алады.
Толықтауыш – қимыл процесінің обьектісі болатын мүше.
Сөйлемде заттардың әртүрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе
анықтауыш қызметінде жұмсалады.
Пысықтауыш – етістік баяндауышты мекен, мезгіл жағынан және істің
істелу тәсілі мен себебі, мақсаты жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз
мүшесі.
Осы тұрлаусыз мүшелер жай сөйлем құрамында бірыңғай болып та келеді.
Екі не бірнеше тұрлаусыз мүшелер басқа тұрлаулы, тұрлаусыз
мүшелердің біріне бағынып, бір сұраққа жауап болып тізбектеледі.
Ботақорадағы Михайловкадағы фабрика – завод мектептерінде,
техникумда жүздеген жас кадрлар, жаңа техниканың болашақ мамандары, оқып
жүр. (Ғ.Мұстафин.) Бақшада жастықтан, бақыттан, шаттықтан, сұлулықтан тасып
шыққан ешбір қайғы – уайымсыз, күмістей таза күлкі естіледі. (С.Ерубаев.)
Жоғарғы мысалдардағыдай бірыңғай тұрлаусыз мүшелер көбінесе
тұлғалас келеді. Кейде тұлғасы бөлек, бірақ түр – тұрпаты жағынан әуендес,
қызметі бірдей сөздерде (көбінес анықтауыш, пысықтауыштар) бірыңғай болып
айтылу үшін, олар бөлек – бөлек әуемен саналып айтылуы керек.
Қайғысыз, күмістей таза күлкі естіледі: Орта бойлы, ақ құба, жігіт
алдымыздан шықты.
Соңғы сөйлемдегі анықтауыштарды интонация арқылы екі жікке, бөлмей,
әрқайсысына ой екпінін түсірмей, бірімен-бірі ұластыра айтсақ, олар
бірыңғай болмайды.
Тұрлаусыз мүшелердің барлығының бірыңғай болу амалдары бірдей емес.
Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз
байланыста тұрып, екі түрлі тұлғаланады: бірде (көбінесе) әрбір бірыңғай
толықтауыш тиісті септік жалғауда айтылса, кейде ондай жалғау ең соңғы
толықтауышқа ғана жалғанып, алдыңғылары сол жалғауға сырттай телініп,
жалғаусыз айтылады:
Абай бұл күндерде екі анасы мен Ғабитханға Қарқаралыда көргендерін,
сезгендерін көп – көп әңгіме қып айтып жүрді. (М.Әуезов.) Әкем Балжандарға
хат беріп, туыс, жолдастарын сырттан таныстырып жүр. (Ғ.Мұстафин.)
Бірыңғай толықтауыштар мен (пен, бен) жалғаулығы арқылы
байланысқанда, олардың әр уақытта тек соңғысы жалғаулы болады, ал
жалғаулықсыз байланысса, кейде олай, кейде бұлай болып тұлғалана береді:
Тау мен тасты су бұзады. (Мақал.) Ащы менен тұщыны татқан білер,
алыс пенен жақынды жортқан білер. (Мақал.)
Анықтауыштар анықтайтын сөздерінің алдында екі түрлі ыңғайда
топтанады: кейде бірнеше анықтауыш бірін – бірі анықтап барып, ең соңғы зат
есімге бағынып тұрады. Мысалы: Мемлекеттің құрылыстың жаңа міндеттері
дегенде мемлекеттік деген анықтауыш құрылыстың дегенді анықтайды,
құрылыстың, жаңа дегендер – міндеттері дегенді анықтайды. Мұндай бір сөзді
түрлі жағынан сипаттайтын анықтауыштар әркелкі анықтауыштар болады.
Кейде анықтайтын сөзіне қатысы бірдей бірнеше анықтауыш бір сөзді әр
жағынан мағыналық, грамматикалық белгілері жағынан ыңғайлас болады. Мысалы:
Дала қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып тұр. Бұл үй – кілемді,
текеметті, алашалы, көрпелі, меймендас мол үй; (М.Әуезов)
Мұндай, мағыналас, көбінесе тұрғалас сөздерден жасалғанның барлығы
бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұратын анықтауыштар бірыңғай
анықтауыштар болады.
Кейде тұлғасы, мағынасы жағынан түрлі сөз табына жататын сөздер
де бірыңғай анықтауыштар болуы мүмкін. Ондайда олар да айырым интонакциямен
айтылады. Мысалы, Орысша кейіннен,ақ құба, қара сақалды, орта бойлы адам
үйге кірді.
Пысықтауыштар да, анықтауыш сияқты, бірыңғай болу қабілетті
күшті. Олар көбінесе интонация арқылы кейде жалғаулықтар арқылы да
байланысады.
Ол қатты ақпай, баппен, жақсылап тағы бір оқып шықты.(С.Көбеев).
Тағы ... аласұрып, мазасызданып, иесіне бір ұмтылып, қоянға қарай бір
шауып, өз еңбегінің соншалық қадірсіз болғанына қатты қиналғандай болды.
Абай Дәркембайдың сөзінен аса қатты ойға қалып, біресе қабақ шытып, біресе
күрсініп тамағын қолына алды. (М.Әуезов)
Бірыңғай мүшелердің әрқайсысы дара сөзді (жалаң) және сөз
тіркесінен құралған күрделі (жайылма) болуы мүмкін:[5;168]
Шалқар көл, сайраған құс, мұнарлы бел.
Жап-жасыл, жайнаған шөп, самалды жел.

( Н. Байғанин.)
Тамаша өмір, шаттық жыр.
Қала, дала ой мен қыр.

( Ж.Жабаев.)
Тауды тіліп, тасты бұзып,
Тамшылатып ащы тер...
Қырдан асып, белді басып.
Жолды салған қандай ер?

( А.Тоқмағанбетов.)
Көп этажды, алуан түсті үйлер, жиектеп ағаш еккен асфальт көшелер,
көше бойы ағылған, трамвай, троллейбус, автомашиналар көрінді!

(Ғ.Мұстафин.)

Баяндауыштың бірыңғай бастауышпен жақтасуы, бірыңғай мүшелі
сөйлемдерді жайлы сөз болғанда айтылмай кетуі мүмкін емес.
Бірыңғай бастауыш әр түрлі жақта тұрса, яғни бірінші, екінші,
үшінші жақта тұрса, баяндауыш бірінші жақта тұрған сөзбен көпше түрде
қиысып айтылады. Ең соңғы бірыңғай мүшеден кейін жалпылауыш сөз қосылады.
Мен, сен Оспан үшеуміз кітап дүкеніне барамыз.
Сөйлемде бірыңғай екі бастауыш болып, бір бірінші жақта, бірі екінші
жақта келсе, баяндауыш оның бірінші жағымен көпше түрде жақтасады. Мысалы,
Мен,сен, екеуміз бүгін сырғанауға барамыз, Мен, сен екуміз ертең мектепке
баруға тиіспіз.
Бірыңғай бастауыштың бірі бірінші жақта, екіншісі үшінші жақта
болса, баяндауыш бірінші жақта көпше түрде қиысады. Мысалы, Мен,Омар
екеуімізкелесі жылы институтқа түсеміз. Бірыңғай екі бастауыштың біреуі
екінші жақта, екіншісі үшінші жақта тұрса, баяндауыш онымен екінші жақта
көпше түрде қиысады. Өйткені, жалпылауыш сөз екінші жақта тұрады. Мысалы,
Сен, Асан екеуін бүгін маған келіңдер!
Бірыңғай бірнеше бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысы
ғана көптік жалғауы жалғанады. Мысалы, Абай, Көкбай. Шұбарлар өзгелерден
озыңқырап оңаша әңгімелесіп барады.Абай, Біржан,Ербол, әйгерімдер тысқа
шығып, оларды аттандырып жатыр. (М. Әуезов.)
Бірыңғай бастауыштар біркелкі синтаксистік қызмет атқарады, белгілі
бір баяндауышқа біркелкі қатынаста тұрады. Олардың кейде морфологиялық
тұлғасы да бірдей болады.
Бірыңғай бастауыштардың соңғысының сөйлем құраудағы синтаксистік
қызметі басым, салмақта болады. Етістіктен болған бірыңғай баяндауыштар
қимылдың үдетпелігін, мезгілдестігін білдіреді. Ондай баяндауыштар тұлғалық
жағынан да, алуан түрлі болып келеді. Алдыңдағылар есімше, көсемшелі
тұлғаларда да жий тұрады.
Бірыңғай баяндауыштарда көмекші етістік оларға жалпы болуы мүмкін.
Олар негізгі баяндауыштармен қайта-қайта қайталап отырмайды. Бірыңғай
баянлдауыштар біркелкі жіктік жалғауын қабылдап тұрады. Бірыңғай мүшелер
морфологиялық тұлғалануы жағынан да алуан түрлі. Тұлғалаушы морфологиялық
элеметті олардың кейде әрқайсысы жеке-жеке, кейде ең соңғысы қабылдануы
мүмкін, жеке-жеке қабылдауы, оларға логикалық екпіннің түсуіне байланысты.
Бірыңғай толықтауыштар тұлғалану жағынан екі т үрлі болады. Олардың
әрқайсысы өзіне тән септік жалғауларын қабылдап тұрады. Кейде септік
жалғауын олардың ең соңғысы ғана жалғайды. Алдыңғылары жалғаусыз тұрады.
Мен (бен, пен) жалғаулығы бірыңғай толықтауыштардың ең соңғысына
ғана жалғанады.
Бірыңғай анықтауыштар сөйлемдегі бір зат есімді әр жағынан
анықтайды. Ал, бірін – бірі анықтап барып тобымен зат есімді анықтайтын
анықтауыштар бірыңғай болмайды. Оларды сатылы анықтауыштар десе де болады.
Бірыңғай анықтауыштар мағына жағынан да ұқсас, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
Есімдік пен есімдіктің тіркесі
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Сөздердің байланысу тәсілдерінің орыс тіл білімінде зерттелуі
М.Балақаевтың лингвистикалық ой-пікірлері
Бет бөлімінің сүйектері
Синтаксистің стилистикалық қызметі
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес
Пәндер