Бауыржан Момышұлының жеке қорына сипаттама


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  1. Жеке қор құжаттарының ерекшеліктері . . . 9
  2. Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарының анықтамасы . . . 18

1. 3 Қор құрушының өмірі мен қызметі . . . 24

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОР ҚҰЖАТТАРЫН ҒЫЛЫМИ СИПАТТАУ

  1. Бауыржан Момышұлының № 1432 жеке қорын жүйелеу . . . 30
  2. Бауыржан Момышұлының шығармашылық құжаттары . . . 37
  3. Бауыржан Момышұлының майданнан жазған хаттары . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 55

ҚОСЫМША А . . . 57

ҚОСЫМША Б . . .

ҚОСЫМША В . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мұрағат халықтың өткенінен мол ақпарат беретін зор кеніш, шежіре, өшпеуге тиіс мұралардың көзі. Оның сансыз қолат-қойнауларына үңілер болсаң, талай беймәлім асыл қазыналарға жолығасыз. Мұрағатшылардың мақсаты осы сырлы әлемді жинақтап, сақтап қана қоймай, дерек көздерімен ғылыми қоғамды хабардар ету. Мұрағаттағы деректер небір ұлы адамдардың өмірлері жайлы сыр шертеді. Осындай ұлы тұлға, ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі, талантты әскербасы әрі жазушы, Кеңес Одағы батыры атағын уақытында алмаса халқы оны батыр тұтқан Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында 1952 жылдан бастап сақталуда /1-ші қосымша/. Асыл азаматтың жарық дүниеден озғанына 25 жылдың шамасы болып қалды. Өзі дүниеден озса да, артына қалдырған рухани дүниесі тозбайды. Б. Момышұлының мол мұрасы келешек ұрпақ тағылым алар Отан байлығына, халық қазынасына айналды. Сондықтан менің бүгінгі бітіру жұмысымның тақырыбын “Бауыржан Момышұлы жеке қор құжаттарына сипаттама” деп алдым. Мұрағаттану мамандығын меңгеруіме байланысты тақырыпты мұрағаттанулық шолуға тырыстым. Алайда, мұрағаттық құжат айнымас дерек көзі болғандықтан деректанулық талдаудан өткізуге тырысып көрдім.

Біріншіден, Б. Момышұлының жеке құрам құжаттарының мұрағаттық заңдылықтар бойынша және аталған қор құжаттарының жіктелуіне байланысты тоқталдым.

Екіншіден, 70 жылдан астам уақыт бойы Кеңес Одағының құрамында болған, отаршылдықтың неше түрлі езгісін көрген қазақ халқы үшін өзінің ұлтын сонша сүйген, Ұлы халқының Ұлы батыры бола білген Б. Момышұлының артына қалдырған мол мұрасы - қазақтың ұлттық патриотизмінің өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Үшіншіден, жалпы жеке құрам құжаттарымен жұмыстың сан алуан ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттеріне, оның ғылыми маңыздылығына тоқталып өтуді дұрыс деп таптым.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жеке қор құжаттары кеңестік және қазіргі таңдағы отандық тарихнамада жан - жақты қарастырылған. Жалпы жеке қор құжаттармен жұмыс жасаудың теориялық - методологиялық негіздері Н. Б. Волкова /1/, И. П. Сиротинская /2/ еңбектерінде өз көрінісін тапты. Ал, тіклей Б. Момышұлының жеке қоры әлі де болса арнайы зерттелмеген. Бұл Қызыл Әскердің әйгілі әскер басшысының әскери, әскери-педагогикалық, әскери-теориялық, шығармашылық мұрасын зерттеу - ғылыми да, тәжірибелік те мәнге ие.

Тақырыптың зерттелу деңгейіне келсек, тікелей әрі толықтай жүйелі түрде зерттелмесе де Б. Момышұлы мұрасы және тұлғасы жеке қырларынан жекелеген зерттеушілер еңбектерінде ашылған. Тақырыпты ашу барысында пайдаланған зертеулерді жүйелеп, жазылған уақытына байланысты былай екі кезеңге бөлдік: кеңестік және Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнама. Екі кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне келер болсақ, кеңестік кезеңде Бауыржан Момышұлы тұлғасы соғы контексінде, 8 - гвардиялық дивизия құрамында қарастырылды /1/. Ал, Тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеулерде негізінен Б. Момышұлының артына қалдырған мұраларына назар аударылуда.

Бұрын Бауыржан Момышұлының жеке адамдық әрі әскери тұлғасы, әскери-педагогикалық қызметі И. В Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия тарихының бір бөлігі ретінде А. Бектің еңбегінде зерттелді. Шығарма майдан даласында жасалған, И. В. Панфилов дивизиясы туралы жазылған бірден-бір еңбек. Бұл шығарма түгелдей Б. Момышұлының мәліметтеріне сүйеліп жазылған және Б. Момышұлының атын бүкіл әлемге таратқан еңбек болып табылады.

Сонымен қатар, бұл проблема Москва шайқасы, Калинин облысы, балтық бойын жаудан тазарту мәселелерінде бірге қарастырылып өткен. Ұлы Отан соғысының атақты батыры туралы К. К, Роккоссовский, А. М. Василевский, И. М. Чистяков, Г. К. Жуков секілді ірі әскербасылар мемуарларында аздаған мәліметтер сақталған. Бұл атақты әскербасылардың мемуарларына, естеліктеріне келсек, бұларда Бауыржан Момышұлына талантты әскербасы ретінде баға беріп кетеді. Мысалы, И. М. Чистяков: “Маған Момышұлының және бір қасиеті ұнады, ол - шындылығы. Қандай қиыншылыққа душар болса да шындықты айтарымен білетінмін, ол өз қарауындағы жауынгерлерден ден шыншыылдықты талап ететін”, - деп баға беруі осының дәлелі.

Бұл еңбектерді Бауыржан Момышұлы әскери, талантты командир ретінде сипатталады. Және бұл еңбектерді Бауыржанг Момышұлы өз ұлтының ұылы ретінде сиаптталады. Оның шығыстық шығу тегі саналы түрде әдейі баса көрсетіледі. Бұл еңбектер кеңестік негізде, кеңестік идеологиямен жазылған және Бауыржан Момышұлының тұлғасы соғыс контексінде қарастырылады. Ә. Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңызы” көркем шығарма бола тұра Бауыржаның өмірі туралы көптеген мәліметтерді алдық /2/.

Бауыржан Момышұлы туралы оның майдандас, қаруластары да аз жазған жоқ. Әсіресе, М. Ғабдуллин, М. А. Левшевтің, сонымен қатар, панфиловтықтар Ф. Селивановтың, А. Кузнецовтың шығармаларында да да аталып өткен.

Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер ретінде Ұлы Отан соғысының жекелеген тақырыптарына арналған еңбектерге енді. Бұлар Г. А. Әбішевтің, А. Мұхамеджановтың, А. Нүсіпбековтың, М. Қозыбаевтың, Қ. Р. Аманжолов /3. 320/, Н. Шаховтың еңбектері еді. Бұл жердегі Г. А, Әбішевтің және А. Нүсіпбековтың еңбектері Москва түбіндегі шайқасқа қазақстандық әскерлердің қатысуын зерттеудің бастауы болып табылады. Осы еңбектерде авторлар алғаш ретмұрағат құжаттары мен материалдарын қолданысқа енгізеді, майдангерлер естеліктерін және мерзімді басыоымдарды пайдаланады.

Бірақ осы кеңестік кезеңде жазылған бірде-бір еңбекте батырдың азаматтық, педагог, ойшыл, теоретик, әскери, жазушылық тұлғасы толық ашылмады.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін, өткен өмірге, тарихқа ерекше ұлттық, халықтық көзқараспен қарай бастағаны белгілі. Соншама жылдар жасанды түрде өткеннен кейін айырылған халық өз тарихына ерекше ілтипатпен қол созуда. Жаңаша тұрғыда тарихтың әр түрлі кезеңдеріне арналып зерттеулер жазылуда. Осы кезде қазақ халқы тереңге кеткен әскери дәстүрінің бар екендігі айқындалған еді. 1990 жылы Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Бұл тарихи өзгеріс тарихшыларға Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы және ұлт батыры Бауыржан Момышұлы туралы еңбектерді тудыруна мүмкіндік берді. Бұлардың қатарына Т. Балақаев пен К. Алдажұманов, Қ. Р. Аманжолов, П. С. Белан /4. /, К. С. Серікбаев /5/, Бақытжан Момышұлының зерттеулері жатады. Сонымен қатар, М. М. Айтқазинаның докторлық диссертациясы тікелей Б. Момиышұлының мұрасына айналды. Бұл зерттеулер негізінде әскери тарх пен ұлттық батырларды зерттеуде өзекті проблеманы шешуге арналған. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық әскери құрылыс туралы айта келіп, өз еңбектерінде Б. Момышұлының ғылыми мұрасына көп көңіл бөледі. Тақырыпты деректанулық тұрғыдан жазу үшін Қ. М. Атабаевтың /6/ ғылыми монографиясы да пайдаланылды.

Дегенмен де, Бауыржан Момышұлының сан қырлы тұлғасын ашатын ғылыми еңбек жазылмаған. Бітіру жұмысын жазу барысында мерзімді басылым беттеріне жарияланған Н. Саввин, Ж. Ыбыраев, Қ. Қазыбаевтардың мақалалары қолданылды. Сонымен қатар, батыр туралы мәліметтер бар “Халық сыйы”, “Айналған аты аңызға Момышұлы” естеліктер жинағы және А. Асқаровтың “ Ұлы тұранның ұлдары” /7/ еңбегі пайдаланылды. Ал ол кісінің артына қалдырып кеткен мол мұрасы - көркем шығармалары, өлең-жырлары, хаттары, жеке адамдық құжаттары осы бір қасіретті соғысқа қазақстандықтардың қатысуы маңызды дерек көзі ретінде ғылыми қолданысқа енбей жатыр /2-ші қосымша/.

Біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндау тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады. Осы уақытқа шейін мұндай мәселені арнайы қарауға қажет алғышарттар да қалыптаса қойған жоқ-тын. Мұның өзі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айғақтай түседі.

Тақырыптың деректік негізі: Диплом жұмысын жазу барысында негізгі сүйенген дерек құжаттарымыз Бауыржан Момышұлының өзінің жеке адамдық құжаттары. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатында № 1432 қорында жинақталған. Қор құжаттардың салыну мерзіміне қарай 3 тізбеге бөлінген /3-ші қосымша/. Осы тақырыпты ашу барысында аталған қормен жұмыс істедім. Қор құжаттарын түгелдей жүйелеуге ұмтылыс жасадым. Бұл қор үш тізбеден тұрады. Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары О. М. М-ға 1952 жылдан бастап, батырдың өзінің бастамасымен өткізіле бастады. Бұл алғашқы өткізілген құжаттар негізінде № 1-тізбе құрылды. Бұл тізбенің құжаттары ішінен тікелей зерттеу обьектімнің бірі ретінде 1945 жылы жазылған “Москва үшін шайқас” романының түпнұсқасы қолданылды. Ал № 2 тізбеге 1960-1965 жылдары түскен құжаттары енгізілген /2-ші қосымша/. Осы құжаттардың ішінен тікелей зерттеу обьектісі ретінде Б. Момышұлының майданнан жазылған хаттарын алдым. № 3 тізбеге 1969 жылдан бері түскен құжаттар жатады /3-ші қосымша/. Пайдаланған негізгі істерді бітіру жұмысының 2-тарауының 1-бөлімінде Бауыржан Момышұлының жеке адамдық қорларын пайдаланғанда келтірдім. Ал әр жылдары жарық көрген “Москва үшін шайқас”/8/, “Қанмен жазылған кітап” /9/, “Біздің генерал” /10/, “Ұшқан ұя” /11/, “Бір түннің оқиғасы” /12/, “Жауынгердің тұлғасы” /13/ кітаптары да пайдаланылды.

Сонымен қатар, жанама дерек көзі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысушылардың “Восьмая гвардейская краснознаменная имени генерал-майора И. В. Панфилова стрелковая дивизия” деп аталған естеліктер жинағы И. В. Панфилов атындағы гвардиялық дивизия туралы “История Великой Отечественной Войны Советского Союза”, “Провал гитлерского наступления на Москву” атты өқұжаттар жинағы пайдаланылды. Дегенмен менің негізгі зерттеу обьектім нақты Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары болып табылатындықтан оның жеке құжаттары негізгі мәлімет көзі болды.

Сонымен қатар, әдістемелік нұсқауларды да дерек көзі ретінде пайдаландым. Айтар болсақ, мыналар: «Методические рекомендации по работе с документами личного происхождения», «Методические указания по комплектованию архива и научно - технической обработке документов личного происхождения ЦГА НТД», «Научно - техническая обработка документов коллекции личного происхождения ппериода ВОВ», «Методические рекомендации по проведению экспертизы ценности документов в фондах личного происхождения государственных, общественных, политических деятелей», «Жеке қор құжаттарын ғылыми сипаттау».

Тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері: Диплом жұмысын жазу барысында алдыма қойған мақсатым - Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын сипаттау, яғни ғылыми құндылығын, мазмұнының маңыздылығын, қор құрушының жүріп өткен жолы мен ұлт тарихын қаншалықты қосымша мәліметпен қамтамасыз ету деңгейін анықтау. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынандай міндеттер қойылды:

  • Бауыржан Момышұлының жеке қорының қалыптасу тарихын көрсету;
  • Жеке қор құжаттарының ерекшеліктерін анықтау;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарының анықтамасын беру;
  • қор құжаттарының ғылыми-тарихи құндылығын анықтау;
  • қор иесінің өмір тарихымен, қызметімен және жеке қорындағы құжаттарымен таныстыру;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қорын жүйелеу;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын топтастыру.
  • Бауыржан Момышұлының жеке қорының тарихи, ғылыми маңыздылығын анықтау.

Тақырыптың теориялық - методологиялық негізі.
Диплом жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихилық, обьективтілік сияқты негізі методологиялық принциптер басшылыққа алынды. , партиялық принциптер негізге алынды.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысымның тақырыбы “Бауыржан Момышұлының жеке қорына сипаттама” деп алғандықтан және қор құрушы құжаттары мұрағаттық сақтауға түскен кезеңнен қор құрушының дүниеден озғанына дейінгі уақыт аралығы деп алдым.

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Кіріспеде бөлімінде диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалып, тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік, методологиялық негіздері ашылып көрсетілген. Бірінші тарауда Бауыржан Момышұлының жеке қорының қалыптасуы тарихы қарастырылған. Екінші тарауда Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын ғылыми сипаттаудан өткізген, яғни жеке қор құжаттары негізінде жүйелеп, топтастырған.

І. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Жеке қор құжаттарының ерекшеліктері

Тұлғалардың жеке иелігі болып табылатын құжаттық материалдары оның жеке мұрағатын құрайды. Жеке қор құрамына тұлғаның немесе қор құрушының өмірі мен қызметі нәтижесінде жасақталған немесе жанұя мүшелері құжаттары мен олар жинаған сыйға берген немесе мұраға қалдырған құжаттар кіреді. Жеке мұрағат иелерінің жинаған немесе мұраға қалдырылған құжаттарын коллекциялар деп те атауға болады.

Жеке қорды құрайтын құжаттардың негізгі тобы:

  • шығармашылық құжаттар
  • қызметі және қоғамдық қызметіне қатысты құжаттары
  • өмірбаяндық құжаттары
  • хат алмасулары
  • бейнелік және дыбыстық құжаттар
  • шаруашылық-мүліктік және тұрмыстық құжаттары

Сонымен қатар, қор құрушының қызметіне байланысты (олар, яғни саяси

және қоғамдық болуы да мүмкін) құжаттар тобы да ерекшеленеді. Өз кезегінде, бұл құжаттар ішінен құжаттардың алуан түрлілігін атап өтуге болады: ресми құжаттар (қаулылар, нұсқаулар, жоспарлар, есептер, анықтамалар, ақпараттық мәліметтер), қызметі бойынша хат алмасулар (мекеме хаттарының көшірмелері, ұйым хаттарының көшірмелері, қор құрушының жауап хаттары), қор құрушының қызмет бабына тікелей қатысты баяндамалары, мақалалары және қор құрушының басқа тұлғаларға қатысты жинаған құжаттары /14/.

Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің жеке қорларының негізгі бөлігін құрайтын өміріне қатысты құжаттар: жеке парақтары, өмірбаяны, тағайындаулар мен орын алмастыру туралы бұйрықтар көшірмелері, білімі жөніндегі дипломдары, куәліктері, мақтау қағаздары, мерейтой материалдары, жеке хаттары, құттықтау хаттары, телеграммалар және ашық хаттары. Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің өміріне байланысты құжаттар толық берілуі керек, себебі, жарияланған басылымдарда, энциклопедияларда және баспасөз беттерінде олар жөнінде ақпарат аз көлемде беріледі.

Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерінің қор құжаттарының біршама бөлігін фотосуреттер құрайды: Олар ресми - әріптестерімен бірге, ұжым мүшелерімен конференция, пленум, мәжіліске қатысушылармен түскен суреттер; бейресми ретінде - демалыста, туыстарымен, жанұя ортасында түскен суреттерін қарастыруға болады. Сондықтан, құжаттардың бұл түріне құндылығын сараптауда және мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында ерекше назар аудару қажет болады.

Жеке қор құжаттарын мемлекеттік сақтауға дейінгі жұмысы ұйымдаспаған түрде жүреді және құжаттар ретсіз сақтала береді.

Мемлекеттік мұрағаттарды жеке қор құжаттарымен толықтыру кезең-кезеңмен жүреді және мынадай міндеттерді өзіне жүктейді:

  • құжаттарды іздеу, мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарды жеке қор бойынша анықтау;
  • жеке мұрағат иелерімен анықтамалық жұмыс жасау, көндіру әдістерін

қолдануды және мұрағат қызметкерлерінен сыпайылық пен әдептілік, өнегелікті талап етеді;

  • жеке мұрағат иесінің үйінде мемлекеттік сақтауға құжаттарды іріктеу, мұрағаттық СТК-на құжаттарды қабылдау жөніндегі қолхатын дайындау;
  • құжаттардың алғашқы құндылығын анықтау мақсатында жеке қор құжаттарының алдын-ала есебін жасау, бағасын беру және СТК-на қарауға даярлау;
  • мұрағат СТК-ның қарастыруы, қабылдау, қор құру және қордың категориясын анықтау мәселелерінің шешімін табуы /15/.

Жеке қор құжаттарының құндылығын сараптау. Жеке қор құжаттарын сараптаудың әдістемелік негізі құжат құндылығын сараптаудың негізгі принциптерімен сәйкес келеді: жүйелілік, тарихы, жан-жақтылық, жинақылық принциптері.

Жеке қор құжаттарының құндылығын сараптау кезең-кезеңмен жүреді:

  • мұрағатты жеке қор құжаттарымен толықтыру кезеңінде;
  • жеке қорға мұрағаттық анықтамалықтар жасау барысында;

Жеке қор құжаттарының құндылығын сараптаудың ғылыми-әдістемелік бағыты құжат құндылығының критерийлеріне негізделеді.

Құндылық критериі негізгі екі топтан тұрады:

  • жеке қор құндылығының критериі;
  • жеке қор құжатарының құндылығының критериі;

Жеке қор құндылығының критерийлері төмендегідей:

  • қор құрушының шығармашылық және қоғамдық қызметінің маңызы;
  • қор тарихы және оның құрамы;
  • қордың басқа да құжаттар топтамасымен байланыстылығы.

Қор құрушының шығармашылық және қоғамдық қызметінің маңыздылығы мынадай факторлармен анықталады:

  • қор құрушының шығармашылығына әдебиеттану мен өнертану саласының берген бағасы(әдеби, театр энциклопедиялары, монографиялар және т. б. ) ;
  • қор құрушы қызметіне мемлекеттік бағалаулар (сый ақы тағайындаулары, ордендермен марапаттау, сайлау органдарына қатысуы және т. б. ) ;
  • қор құрушының қызметі жөніндегі қоғамдық көзқарас-пікірлер (БАҚ пікірлері, өз оқушылары мен көрермен хаттары) ;
  • мамандығы бойынша әріптестерінің көзқарастары (жазушы, әртіс, суретшілер хаттары мен айтқан ой-пікірлері және т. б. ) ;
  • қор құрушы жөніндегі сарапшы мамандардың ой-пікірлері (арнайы зерттеулер, мұрағат СТК-на хаттар) ;
  • қор құрушы қызмет саласына қатысты ғылыми мекеме, шығармашылық бірлестік және баспа көзқарастары (ОСК-ның және СК-ның хаттамасы) ;
  • мұрағат СТК-ның қорытындысы.

Бұл критерий қор құжаттарының I, II немесе III-ші категорияға жататындығын анықтауға көмектеседі.

Жеке қор тарихы оның құрамын анықтайтын критерийлер, келесі бағаны береді:

  • сақтау деңгейін және қор толықтығын;
  • қор құрушының қызметтік құжаттары, туыстық және достық құжаттары мен оны қызықтырған мәселелері жөніндегі мәліметтерін;
  • қор құрушының белгілі немесе басқа қызметтерінің құжаттарда көрсетілуі.

Жеке қор құжаттарының құндылығының критериі төмендегідей:

  • құжат авторының шығармашылық және қоғамдық қызметінің маңыздылығы;
  • құжаттың пайда болуы уақыты мен орны;
  • басқа да құжаттармен байланыстылығы;
  • құжат мазмұнының маңыздылығы, оның ақпараттық, көркемділік және ғылыми құндылығы;
  • құжаттың сыртқы белгілері.

Мұнда атап өтерлік жайт, басқа құжаттармен байланысты болғанда екі жақты түрде болады:

- мәліметтің қайталанылуы;

- бірін-бірі толықтыруы.

Жеке қор құндылығы және жеке қор құжаттарының құндылығы критериін тәжірибеде қолдану келесі шарттарды талап етеді:

  • Қор құрушының шығармашылық және қоғамдық қызметі маңыздылығы жеке қор құндылығы мен жеке қор құжаттарының құндылығы критериін қолданғанда құжат құндылығыеа ықпалының зор болғаны жағдайында;
  • Әр құжаттың жеке бағасын бергенде және де құжаттың қор ішіндегі және қор аралық байланыстарын жан-жақты қарастырғанда;
  • Құжаттың алдын-ала атрибуциясын анықтағанда (авторлығын, құжаттың пайда болу орны мен уақытын анықтағанда), басқа нұсқаларының кезектесуінде және осыған байланысты құжат құндылығын анықтауды ұйымдастырудың кезең-кезеңмен жүргенінде;
  • Мұрағатшының жоғары деңгейдегі дайындығы және берілген құжат бойынша білімі болғанда.

Құндылығын сараптау критериін тәжірибеде қолдану:

  • құжат құндылығын сараптау кезеңімен
  • жеке қор категориясымен тығыз байланысты.

Құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеп алу қор және құжат құндылығы критериі негізінде жүзеге асады. Алайда, мұнда құжат құндылығы критериі құжаттың қажетті атрибуциясының анықталмауы себебінен толық әрекет ете алмайды. Аталған критерийлерді қолдану біріншіден, құжат құндылығын анықтауға бағытталған, әсіресе, құжат мемлекеттік сақтауға алынса және қор категориясын анықтауда оның маңызы өте зор болады.

Ал жеке қорда сақтауға жатқызылмаған құжаттар жеке мұрағат иесіне қайтару туралы акт толтырылады. Бұл акт мемлекеттік мұрағат СТК-да мұрағаттық тізбе жасалғанға дейін жасалады. Акт мемлекеттік мұрағат директорларымен бекітіледі және жеке мұрағат иесіне колхоз арқылы қайтарылады.

Мемлекеттік сақтауға алынбаған және жеке мұрағат иесі бас тартқан құжаттарға жою жөнінде акт толтырылып, жоюға немесе қағаз өңдеу фабрикаларына өткізіледі /16/.

Мемлекеттік мұрағаттарды жеке құрам құжаттарымен толықтыру . Мемлекеттік мұрағаттар мынадай тұлғалар құжаттармен толықтырылады:

  • Жазушылар, сыншылар, аудармашылар, әдебиеттанушылар, редакторлар, тіл мамндары және т. б. әдебиет қызметкерлері;
  • Композиторлар, дирижерлер, музыкант-әншілер және музыка саласындағы қызметкерлер;
  • Суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер, өнертанушылар, көрме ұйымдастырушылары, суретші-фотографтар және т. б.
  • Драма және музыка театрының әртістері, эстрада, цирк әртістері мен режиссерлері, театртанушылар және т. б. Театр қызметкерлері құжаттары;
  • Кинорежиссерлер, сценарий қоюшы, кинооператорлар, кино әртістері, кинотанушылар мен т. б. Кино қызметкерлері құжаттары;
  • Фольклортанушылар мен тарихнамашылар;
  • әдебиет және өнер саласы бойынша коллекция иелері құжаттары.

Қор құрушы жеке қор құжаттарын мемлекеттік сақтауға:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанатты сөздерінің өзіндік стилі және тілдік - композициялық құрылысы
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бауыржан Момышұлының дара тұлғасы - қазақ халқының мақтанышы
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz