Қазақстан Республикасы және ЕҚЫҰ


Мазмұны

Кіріспе

І Адам құқықтары және адам өлшемдері түсініктерінің пайда болуы мен дамуы

1. 1 Адам құқықтары және негізгі бостандықтары түсініктерінің даму тарихы

1. 2 «Адам өлшемдері» түсінігінің қалыптасуы және ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласындағы міндеттемелері

ІІ ЕҚЫҰ-ның адам құқықтарын қорғайтын институттары мен механизмдері

2. 1 Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюроның қызметі

2. 2 Ұлттық азшылықтар жөніндегі Жоғары комиссар мен бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі Өкілдің өкілеттіктері

2. 3 ЕҚЫҰ аймағындағы құқық бұзушылықтарды бақылау механизмдері

III Қазақстан Республикасы және ЕҚЫҰ

3. 1 ЕҚЫҰ-ның Қазақстан Республикасындағы адам өлшемі саласындағы қызметі

3. 2 Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы

3. 3 ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының Қазақстандағы 2004 жылғы 19 қыркүйектегі жəне 3 қазандағы парламенттік сайлау мен 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен Президенттік сайлауға қатысты берген есептемесі

Қорытынды

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі рухани құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің алатын орны ерекше. Әлбетте, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері оларға мемлекет немесе басқа біреудің тарапынан сыйға тартылмағандықтан, оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Дәлірек айтатын болсақ, табиғи құқықтарына адамның өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басының еркіндігі жатады. Сол себепті де адам қандайда бір күш немесе үкімет алдында өздерінің табиғи құқықтары үшін мәңгі қарыздар емес екендігі айқын. Табиғи құқықтар мен негізгі еркіндіктердің азаматтар несібесіне жазылғандығы, ол - адам, яғни, осының өзі жеткілікті. Тек қана, осы табиғи заңдылыққа қол жеткізу үшін де орасан зор күш жұмсау қажет болды. Ал адамның мемлекетпен өзара әрекеті нәтижесінде туындайтын құқықтары, яғни еңбек ету, білім алу, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, салауатты өмір сүру, еркін жүріп-тұру, мүліктерге ие болу құқықтары үшін күрес әлі де толастамай келеді. Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай.

Адам құқықтары - адамзаттың ең басты мәселелерінің бірі. Оны саясат, құқық, этика, дін мен философия тұрғысынан қарап, мыңжылдықтар бойы шешуге тырысып отырды. Адам құқықтарының мәселелері кезең, оның идеялары, дәстүрлері, әлеуметтік үстемдіктерге байланысты түрліше шешіп отырды.

Қазіргі заманғы халықаралық-құқықтық құжаттарда қазіргі демократиялық қоғамның нормаларына сәйкес эталондардың ұзақ уақыт бойы қалыптасқан үрдісінің нәтижесі болып табылатын адам құқықтарының нақтылы стандарттары орын алған. Мыңжылдықтар бойы адам өзіне мемлекеттен құқықтарды жеңіп отырды, ал мемлекет, өз кезегінде адамда еркін тұлғаны тани бастады. «Әлемдік тарих - еркіндік санасындағы алдыға даму, объективті ақиқатты тану мен мемлекеттік-құқықтық түрде еркіндікті тануда қол жеткізген дәрежелердің сыртқы обективті болуы негізіндегі прогресс болып табылады», - деп Гегель жазған.

Адам құқытары табиғи, тумыс сипатқа ие. Ешкім адамды оның айырылмас құқықтары - өмір сүруге, тұлғалық қол сұғылмаушылық, ой, ар-ождан мен дін еркіндігінен, жеке өмірге деген құқықтарынан айыра алмайды. Қазіргі таңда еркіндік, теңдік, әділеттілікке негізделген адам құқықтары әмбебап сипатты болып табылады.

Қазіргі заман адам мен азамат құқықтарының кеңею үрдісінің ұлттық және халықаралық құқықтың нормаларының дамуының нәтижесімен сипатталады. Аталған екіжақты үрдіс заңнаманың өзара баюына көмек береді және адам құқықтарының дәрежесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осылайша, көріп отырғанымыздай, қазіргі замандағы адам құқықтары мәселесі ұлттық шеңберлерден шығып, халықаралық мәнге ие болды. Адам құқықтарының артықшылықтары әмбебап және еуропалық құқықтық құжаттарда көрсетілген.

Осы адам құқықтары мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдардың ішінде ЕҚЫҰ-ның ролін ерекше атап өтуге болады. Бұл ұйымның негізгі қағидалары: адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау, сондай-ақ мүше-мемлекеттерде демократиялық даму жолын тиянақтауға ат салысу. Осы мақсаттарын жүзеге асыруда бұл ұйым маңызды халықаралық кездесулер өткізіп, адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттар қабылдауда.

Бүгінгі күні адам құқықтары мәселесі - бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Адам құқықтарына, негізгі бостандықтарына, демократияға, заңдық үстемдікке қатысты мәселелер халықаралық мәнге ие, өйткені бұл құқықтар мен еркіндіктерді қамтамасыз ету халықаралық құқықтық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекеттердің ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық институттар көлемінде қабылдаған адам құқықтары төңірегіндегі міндеттемелері, жеке мемлекеттердің тек ішкі ісі ғана болып қоймай, барлық қатысушы мемлекеттердің көздеген мүддесіне айналды. Бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайта түсуге септігін тигізетін маңызды халықаралық келісімдерге жету осындай негізде ғана мүмкін болды. Мысал ретінде 1975 жылдың 1 тамызындағы Хельсинкиде қол қойылған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің Қорытынды Актісін айтуға болады. Бұл Қорытынды Актіні қабылдау еуропалық құрлықтағы мемлекеттер арасындағы тығыз қатынастардың дамуына ықпал жасайтын тарихи оқиға болды.

Қорытынды Акт - бұл бейбіт және бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылған мемлекеттер арасындағы қатынастар парқын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттердің дамуы мен ынтымақтастығының бағытын айқындайтын бірыңғай құжат деуге де болады. Қорытынды Акті Еуропа мемлекеттері арасындағы жаңа келісімдер мен келісімшарттардың дайындалуы мен қалыптасуын, жалпыеуропалық мәжілістердегі қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруды ескереді.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы - халықаралық қатынастар тарихында оның ішінде халықаралық ұйымдар тарихында өз кезегінде заманына сай құрылған өте маңызды халықаралық ұйым. Оның адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау саласындағы қызметі өте маңызды және өзекті болып табылады. Өзінің Кеңес ретінде құрылғанынан бері қарай ЕҚЫҰ адамзаттың еркіндік пен теңдік үшін күрес нәтижесінде қолы жеткен негізгі бостандықтары үшін күресіп келеді.

ЕҚЫҰ «қауіпсіздік жөніндегі ұйым» ретінде құрылған болатын. Алайда ол тек әскери қауіпсіздік, қарусыздандыру немесе шекаралармен ғана айналыспайды. Кең қауіпсіздік концепциясына негізделген ЕҚЫҰ сонымен бірге адам құқықтарымен де айналысады. Ұйымның ойы бойынша, қауіпсіздік - жәй соғыстың болмауы ғана емес. ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттері Еуропада бейбітшілік пен тұрақтылық үшін барын қамтитын шеңбер орнатуға тырысты. Хельсинки Қорытынды Актінде басқарушы он қағиданың ішінде «адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін, сонымен бірге ой, ар-ождан, дін және ұстанымдар еркіндігін құрметтеу» де аталады. Осы жағдай адам құқықтарын қорғау тарихында өте үлкен маңызға ие болды. Ең алғаш рет адам құқықтары аймақтық қауіпсіздік шеңберінің әскери-саяси және экономикалық мәселелер секілді нақты қалыптастырылған құрамдас бөлігі ретінде енгізілді. Осындай тану көптеген сәйкес құжаттармен нығайтылды.

Жұмыстың түпкілікті мақсаты - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның адам құқықтары мен адам өлшемі саласындағы қызметін, оның институттары мен механизмдеріне, олардың қызметтеріне талдау және сараптау жасау болып табылады.

Осы жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатқа жету оның міндеттерін орындаудан шығады. Міндеттер төмендегідей болып табылады:

  • Адам құқықтары және адам өлшемі түсініктерінің пайда болуы мен дамуын талдап, зерделеу;
  • Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөнінідегі Бюроның қызметін зерттеу;
  • Ұлттық азшылықтардың жөніндегі Жоғары комиссар мен бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі Өкілдің өкілеттіктеріне талдау жасау;
  • ЕҚЫҰ аймағындағы құқық бұзушылықтарды реттеу механизмдерін балдап, қорытынды жасау.

Жұмыстың тарихи-әдістемелік негізіне тарих ғылымының қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары, осы саладағы ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қағидалары мен теориясы туралы еңбектері алынды. Автор жұмысты зерттеу барысында арнайы іргелі зерттеулерді, сондай-ақ осы салада жазылған тарихшылардың мақалалары мен монографияларын сараптау әдісіне сүйенді. Зерттеу барысында нақты-тарихи, салыстырмалы, тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды.

Жұмысының деректік негізі: Ғылыми зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне 1975 жылы Хельсинкиде қол қойылған Қорытынды акті - Шығыс пен Батыс мемлекеттері мен халықтарының арасындағы қатынастың хартиясы мен кодексі ретінде аса зор маңызға ие болған құжат /1/. Бұл құжат өзінің бойына халықаралық шиеленісті бәсеңдетудің ең жоғарғы қасиеттерін жинаған және де өз ретінде бейбіт өмір сүрудің заңдар жинағы іспеттес болғандығымен құнды. Сонымен қатар ЕҚЫҰ шеңберінде өткен адам өлшемдеріне жөніндегі Вена, Париж, Копенгаген және Мәскеу конференцияларының қорытынды құжаттары да қарастырылды/2/. Бұл құжаттарда ЕҚЫҰ-ның «үшінші қоржыны» - яғни гуманитарлы салада, соның ішінде адам құқықтарына байланысты ұйымның мүше-мемлекеттерінің шешімдері қарастырылған. Вена кездесуінің Қорытынды құжаты өте ерекше болып келеді, себебі осы құжатта «адам өлшемдерін» енгізу туралы баптар қамтылған.

Сондай-ақ адам құқықтарына байланысты Вена /Австрия/ қаласында шыққан “Права человека и судопроизводство” жинағы бағалы дерек болды /3/. Бұл жинақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі адам құқықтарына байланысты негізгі халықаралық құжаттар келтірілген. Көптеген мемлекеттер бұл халықаралық құжаттарды мойындаған немесе құқықтық қызметтегі жалпы мойындаған үлгі ретінде қабылдауда. ЕҚЫҰ көлеміндегі жасалынған келісімдер халықаралық қатынаста оған қатысушылар үшін елеулі мәнге ие.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі . Халықаралық деңгейде адам құқықтары мәселесіне көптеген ғылыми жұмыстар арналған, себебі адам құқытары қазіргі кездің өзінде дисциплинааралық тақырыпқа айналды. Адам құқықтары тақырыбының осындай «шектеусіздігі» оның бүкіл адамзаттық қауымдастықтың өмір сүру негізінде жататын терең адамдық ментальды қасиеттерге көңіл аударғандықтан шығады. Осы түсінікте өз зерттеулерінде түрлі бағытты бола отырып, бір негізден - адамнан бастама алатын ғалымдардың адам құқықтары мәселесіне осындай орасан зор көңіл бөлетіндігін атауға боларлық.

Халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары саласында жүргізген іс-әрекеттері жөнінде атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтары жөнінде қабылданған құжаттарының қалай қабылданғаны, мүше-мемлекеттердің қалай ымыраға келгендігі жөнінде арнайы түрде зерттеген жұмыстар жоқтың қасы. Бірақта, осы адам құқықтары мен бостандықтары жөнінде заңды тұрғыда баяндайтын және оларға жалпылама баға беретін еңбектер баршылық. Осы көкейтесті мәселеге терең сараптама жасаған көптеген кеңестік зерттеушілердің де адам құқықтарына арналған негізгі ғылыми еңбектерін қарастыруды жөн көрдік. Сондықтан да адам құқықтарын қорғау мәселесінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы жөнінде құнды мағлұматтар берген еңбектердің ішінен Б. А. Мазовтың /4/ және А. Н. Талалаевтың/5/ еңбектерін атап өткенді жөн көрдік.

Бұл зерттеушілер өз еңбектерінде ЕҚЫҰ жөнінде баяндай отырып, 1975 жылдың 1 тамызындағы қол қойылған Хельсинки Қорытынды Актісінің парықтарына жан-жақты талдау жасайды. Сонымен бірге осы парықтардың жүзеге асуына байланысты мемлекетаралық қатынастарға тоқтала отырып, халықаралық ынтымақтастық пен жалпыеуропалық қауіпсіздікті, әлемдегі бейбітшілікті сақтаудағы Хельсинки шешімдерінің тарихи аса маңыздылығын дәріптейді.

ЕҚЫК-нің Қорытынды Актісінің негізгі ережелеріне сараптама жасап, жалпыеуропалық кеңестегі келісімдерді жүзеге асыру, оның халықаралық шиеленіске тигізетін әсері жөнінде шыққан арнайы еңбекті де ескеру қажет/6/.

ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның барлық құжаттарын қамтитын, оларды кезеңіне және тақырыбына қарай рет-ретімен жүйелеген “От Хельсинки до Будапешта: История СБСЕ/ОБСЕ в документах 1973-1994 гг. ” үш томдық жинағының зерттеу жұмысыма берері мол/7/.

Бірінші томында Хельсинки үрдісінің тумысынан, дамуынан бастап 90-жылдардың басына дейінгі кезеңдегі құжаттары қамтылады. Бұл құжаттар еуропалық құрлықтағы бірден-бір аса маңызды мәселелер экономикалық, ғылыми, мәдени, қауіпсіздік, адам құқы мәселесінде ынтымақтастықты нығайтуда саяси және идеологиялық қарама-қайшы екі жүйедегі мемлекетердің бас қосуына мүмкіндік берген халықаралық бас қосу болды. Жинақтың екінші томы “қырғи қабақ соғыс” аяқталысымен дайындалып, қабылданған қарусыздану мен қауіпсіздік саласындағы аса маңызды құжаттардан тұрады. Сонымен қатар, ұзақ үзіліске созылған мемлекет басшыларының кездесуінен кейінгі Париждегі/1990 ж. / және Хельсинкидегі /1992 ж. / кездесуі нәтижесіндегі қабылданған жаңа Еуропалық Париж хартиясы мен Хельсинки кездесуінің жаңа Декларациясын да қамтыған. Бұл құжаттардың өз кезегінде идеологиялық жаңа талпыныстарға сай бұрынғы саяси шиеленістегі мемлекеттердің еуропа құрылығындағы ұйым құрылысын жетілдіруге арналғандығы баршамызға мәлім. Басылымның үшінші томына кезеңдік тәртіпке сай ЕҚЫҰ Кеңесінің /1991-1993 жж. /, аға қызметкерлердің комитеті /1991-1993/, симпозиумдар нәтижелері, семинарлар, сарапшылар кездесулері, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясының декларациялары кірген және де Хельсинки процесін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына айналдырған 1994 жылғы Будапештік “Жаңа дәуірдегі нақтылы серіктестік” құжатымен аяқталады.

Қазақстан Республикасы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын арасындағы сенімді ынтымақтастыққа Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Критическое десятилетие»/8/ атты еңбегінде көңіл бөлген болатын. Қазақстанның осы ұйымға мүше болғалы бері жеткен жетістіктері мен алға қойылған мақсаттары орын алған.

Аталған тақырыпқа сонымен бірге сол кезде Қазақстан Респубдикасының сыртқы істер министрі болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Казахстанская Правда» газетіне берген сұхбаты да арналған/9/.

Осы жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімін олардың тақырыптарына қатысты бірнеше топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа жалпы адам құқықтары түсінігіне арналған еңбектер жатады. Олардың қатарына 2003 жылы Ослода /Норвегия/ жарық көрген «Введение в права человека»/10/ атты еңбек кіреді. Аталған еңбек әрбір адамның негізгі құқықтарын атап, оларға түсініктеме береді. Сонымен қатар еңбекте адам құқықтарының даму тарихы да орын алған. Автор Куинн Фредериктің еңбегі/11/ бұқара қауымға өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын әр түрлі халықаралық ұйымдардың шеңберінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Ресейлік ғалым А. В. Торкуновтың/12/ өзінің еңбегінде адам өлшемінің қазіргі кездегі дамуы мен қолданылуына және жүзеге асу барысына талдау жасалған және қазіргі халықаралық қатынастардағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының алатын орын, ертеден келе жатқан даму эволюциясын жан-жақты талқыланған.

Екінші топқа ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласында қабылдаған міндеттемелеріне қатысты жинақтар енді. «Обязательства ОБСЕ в области человеческого измерения»/13/ атты жинақ үш кітаптан тұрады. Оның біріншісі 2001 жылы Варшавада жарық көрген. Ал қалған екеуі 2006 жылы шығып, адам өлшемі саласындағы міндеттемелер тақырыптық және хронологиялық тізім бойынша бөлінген. Осы жинақтарды жасауда қолданылған құжаттар ЕҚЫК/ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейде өткізілген кездесулерінде қабылданған болатын. Халықаралық құқықта аталған құжаттар юридикалық міндетті келісімдер деп есептелмесе де, олар консенсус нәтижесінде қабылданып, әр қатысушы-мемлекетті қатыстыратын саяси міндеттемелер болып табылады. Олардың барлығы консенсус нәтижесінде қабылданғандықтан, олар дереу күшіне еніп, қолданбалы болады және де ЕҚЫҰ-ның қатысушы-мемлекетінің кез-келген азаматымен немесе үкіметімен пайдаланылады.

Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуына қатысты еңбектер үшінші топқа жатқызылды. Олардың ішінен 2003 жылы Алматыда жарық көрген «Свобода совести в Казахстане»/14/ атты кітап аталған мәселеге қатысты біздің республикамыздағы жағдаймен, халықаралық деңгейде қабылданған құжаттармен, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның ой, ар-ождан, дін мен сенімдер бойынша қабылдаған міндеттемелерімен танысуға болады. Сонымен бірге «Развитие механизмов защиты прав человека в Казахстане»/15/ атты жинақта Қазақстандағы адам құқықтарын сақтауды заңнамалық қамтамасыздандыру мен механизмдерін дамыту мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдардың басшыларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен көрнекті қоғам қайраткерлерінің мақалалары енгізілген.

Жұмысты жазу барысында зор көмек болған кандидаттық диссертациялардың қатарына Б. З. Бюжееваның «Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ) қызметіндегі адам құқықтарын қорғау мәселесінің дипломатиялық аспектісі»/16/ мен А. Р. Утегенованың «Сотрудничество Республики Казахстан с ОБСЕ (1992-2003) »/17/ атты жұмыстары жатады. Б. З. Бюжеева өзінің жұмысында БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қорғаудағы қызметін, олардың осы саладағы жетістіктерін атап өткен болатын. Ал А. Р. Утегенова Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтамақтастық ұйымына кіргеннен 2003 жылға дейінгі серіктестігінің негізгі аспектілері мен бағыттары зерделенген.

Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Адам құқықтары және адам өлшемдері түсініктерінің пайда болуы мен дамуы

1. 1 Адам құқықтары және негізгі бостандықтары түсініктерінің даму тарихы

Адам құқықтары туралы жалпы айтқанда, бұл адам баласының табиғатына тән дүние, онсыз оның адам болып өмір сүруі мүмкін емес. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары біздің толық дамуымыз үшін, өзіміздің адамгершілік қасиетімізді пайдалануымызға, біздің ақыл-ойымыз, дарынымыз және ар-ұжданымыз, біздің рухани және басқа да мүдделерімізді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әрбір жеке тұлғаның ажыратылмайтын адамгершілігі мен құндылығын құрметтеуіне және қорғауына пайдалануы үшін, олар бұл өмірде күнделікті дамып отырған адам қажеттілігіне негізделуі қажет. Адам баласына құқықтар мен негізгі бостандықтарды беруден бас тарту дегеніміз, тек қана, жеке-дара жан тебірентерлік оқиға болып қана қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік және саяси тәртіпсіздік үшін жағдай тудырады, сол сияқты сол қоғамда, қоғамдар арасында, тіпті мемлекеттер арасында озбырлық пен шиеленіс ұрығын егеді.

Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адам құқықтары әрқашан адам баласының басты назарында болды, жеке тұлға мен билік арасындағы өзара қарым-қатынас тәсілдерін ұдайы іздестіру үрдісі жүрді. Адам құқықтары мәселелері, әрдайым шиеленіскен таптық тартыстардың, әртүрлі соғыстар мен көтерілістердің себептері болды. Себебі, өмір сүруге, артықшылығына, адамның жеке басына қол сұғушылығына, ар-ождан бостандығына және сеніміне деген құқықтар адам баласының өмір сүруі үшін қажетті шарттар болып табылады.

Сондықтан да бүгінгі күні адам құқықтарының жан-жақты тұжырымын жасауда, оны халықаралық қоғамдастықтың қолдауы мен қабылдауындағы тығыз қажеттілік күттірмейтін мәселе екені аян. Өйткені, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, әркімнің ар-намысы мен адамгершілігі қай жерде болмасын қорғалу мен арта түсуге жататын жалпы адамзаттық ұлы қазына. Онсыз тұрақты да, әділ, адамгершілікті дүние болады деуге сену қиын. Қазіргі өркениетті дәуірде адам құқықтары мен бостандықтары жан-жақты болмайынша, әрі қарай нық басып даму күмәнданушылық туғызады.

Жеке тұлғаның құқықтары әр кезеңде шығуына байланысты әртүрлі, сол себепті адам құқықтарының шығу кезеңіне байланысты “адам құқықтарының буыны” деген түсінік пайда болды/18/.

Адам құқықтарының бірінші буыны - бұл ойлау еркіндігі, ар-ождан мен діни құқылығы, заң алдында тең болу құқығы, өмір сүру құқығы, жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен еріктілігі, заңсыз тұтқындалудан, қудаланудан еріктілігі, тәуелсіз және әділ сотта ісін алаламай әділ қарауға және жариялылыққа құқылығы. Бұл құқықтар адам құқы үшін болған ұзақ тартыс нәтижесінде қалыптасып, демократиялық мемлекеттердің заңдарында нақтыланған.

Бұлардың ішіндегі ең бастысы - саяси құқықтар деп есептелінеді, өйткені адам азаматтық алмай, беделді тұлға болмай, басқа құқықтарының іске асуына жете алмайды. Саяси құқықтарға жататындар: сайлау құқы, референдум құқы, халық атынан арнаулы өтініш жазу құқы, сөз және баспасөз бостандығы, жиналыс ашу бостандығы.

Азаматтық құқықтар - азаматтық қоғамның мүшесі ретінде адамға тән, ажырамас құқы. Азаматтық құқықтар берілмейді, қайта мемлекет жағынан қорғалады және іске асуына мемлекет жағынан кепілдік беріледі. Азаматтық құқықтарға жататындар: өмір сүру құқы, адамның беделін сыйлау құқы, еркіндік және теңдік құқы, намысы мен абыройын қорғау құқы, тұратын жерін таңдауына және еркін ауыстыру құқы, тұрғын мекеніне ешкімнің қол сұқпауына құқылығы, ар-ұждан, діни-сенім бостандығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі Қазақстан Республикасы мен еқыұ байланысы
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
ЕҚЫҰ және Қазақстан: бүгіні мен болашағы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы туралы ақпарат
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының референдумы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz