Атырау облысының экономикалық жағдайы



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қазақстанның экономикалық проблемалары
2. Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экономика және менеджмент кафедрасы

Реферат

Атырау облысының экономикалық мәселесі

Орындаған

Тексерген:

Атырау, 2013

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қазақстанның экономикалық проблемалары
2. Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері

Қорытынды

Кіріспе

Облыс экономикасы қарқынды дамып, негізгі көрсеткіштер тұрақты өсті. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындарды іске қосу, мұнай-газ өндіру көлемін арттыру, құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, транспорт, әлеуметтік салалар бойынша ауқымды істер атқарылды.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2011 жылы 3 трлн. 110 млрд.теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты .
Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі Атыраудың үлесі 13 пайызға дейін ұлғайса, халықтың жан басына шаққандағы өңірлік өнім көлемі 39 мың долларға жетіп, 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Бұл көрсеткіш бойынша біз республикада 1-ші орындамыз.
Өнеркәсiп өнiмiнің көлемi 5 жылда 3 есе өсіп, 2011 жылы 4 трлн. 243 млрд. теңгені құрады (диаграммада көрсетілген).
Облыста 30,2 млн. тонна мұнай және 13,6 млрд. текше метрден астам газ өндiріліп, 2007 жылға қарағанда тиісінше 55 және 92 пайызға артты.
Облыс экономикасына 1 трлн. 61 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты (диаграммада көрсетілген). Осы санатта да біз республикада көш басындамыз. Бұл - тұтас елімізге, облысқа деген көрсетілген биік сенім!
Өңіріміздің серпінді дамуының арқасында мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімі тұрақты ұлғайып келеді. 2011 жылы мемлекеттік бюджет пен ұлттық қорға 2 трлн. теңге салықтар мен төлемдер түсіп, 2010 жылмен салыстырғанда 51 пайызға артты (диаграммада көрсетілген). Бұл республикалық бюджеттің 40 пайызын құрайды. Бұл - облыс тұрғындарының әлеуеті артқанының дәлелі.
Өлкенің басты байлығы, экономиканың негізгі тірегі -- мұнай мен газ. Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыру қажеттігі басқа да салаларды жүйелі дамытуды талап етеді.
Сервистік қызметтерді, инфрақұрылымды мұнай-газ өндіру, өңдеу өндірісінің төңірегіне шоғырландыру шараларын алудамыз. Мақсат - жаңа жұмыс орындарын құру, озық технологияларды енгізу, білікті, кәсіби кадрларды дайындау, түптеп келгенде, жергілікті халықтың күн-көрісін, әлеуметтік хал-ахуалын жақсарту.

1. Қазақстанның экономикалық проблемалары

Негізгі проблемалар - экономикалық проблемалар. Инфляция былтыр 18,8 пайызға көтерілді, бұл өте үлкен өсім. Алдыңғы жылы 8-ге, одан бұрынғы жылы 7 пайызға жақын болған, ал былтыр содан екі еседен астам көтерілді. Инфляцияның бұлайша өсуі халықтың күнделікті тұрмыс деңгейін төмендетеді. Президентіміз халықтың тұрмыс деңгейін жылда көтеріп отыру керек деп айтты. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіреміз деп жатыр. Әрине, ол жақсы. Бірақ ол ең алдымен халықтың тұрмыс деңгейіне байланысты. Егер елдің тұрмыс деңгейі көтерілсе ғана елу мемлекеттің қатарына кіре аламыз.
Сондықтан қазір мына тамақ өнімдері рыногы аса маңызды боп тұр. Астық былтыр елімізде жақсы өсті. Бірақ, бір ғана астықтан ешнәрсе өзгермейді. Ал тамақ өнімдері 1-2 пайызға ғана өсіп жатыр, ол аздық етеді. Халықтың әл-ауқаты жақсаруы үшін, әрине, ет-сүт, қант-май, көкөніс, жеміс-жидек дегендер жылда өсуі керек және олардың бағасы да елдің қалтасы көтеретіндей шамада болуы тиіс.
Ал бізде қазір азық-түліктің бағасы барған сайын қымбаттап жатыр. Мысалы, жалақы 20-30 пайызға өсті деп айтып жатыр үкімет, бірақ оның бәрін инфляция жеп қойып жатыр ғой, себебі баға да үнемі көтеріліп отыр. Былтыр нан, сұйық май, т.т. азық-түлік қымбаттады, кейбірінің бағалары 60-70 пайызға дейін өсті. Ал жалақы деңгейі болса соны сатып алуға жетер-жетпес күйде.
Бұрынғы заманда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдері жалпы алғанда 86 пайызға жететін. Ал қазір ол көрсеткіш 1,6 пайыз ғана болып қалды. Құдайға шүкір, президентіміз енді мұнайдан түскен долларды жақсылап алып жатыр, ақша көп. Ал енді сол ақшаны тиімді жұмсау керек қой. Негізі тамақтың натуралды түрін көбейту керек - ет, сүттен бастап барлығы керек. Сондықтан, жақын бір-екі жылда мемлекеттің алдында тұрған ең бірінші, басымды міндет - елде тамақ өнімдерін өндіруді көбейту болуы тиіс.

2. Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері

Атырау экономикасы үшін мұнай өнеркәсіптерінің тигізетін әсері.
Облыс экономикасында тарихи тұрғыдан басымдық орынды мұнай газ өндіру саласы алады, бұл қолда бар елеулі көмірсутек шикізатының қорына байланысты. Бұл салада басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда көтеріңкі инвестициялық тартымдылық бар, ол қалыптасқан жағдайларда өңдеу және қайта салаларын дамыту үшін тежеуші фактордың болып табылады.
Оның үстіне, осы салада шетел капиталының (трансұлттық компаниялар) елеулі үлесінің болуы озық технологияларды игеру және қазіргі заманғы жабдықтарды енгізу үшін жеткілікті ресурстары болмастан, инвесторлар қызметтерді Еуропаның, АҚШ пен Азия, дамыған елдерінен импорттайын ірі халықаралық сервистік компаниялармен бәсекеге түсуге мәжбүр жергілікті сервистік компаниялардың дамуын белгілі шамада тежейді.
Атырау облысы аумағында көмiрсутек шикiзатының бірегей кен орындары ашылған, олардың өнеркәсіптiк геологиялық қорлары Қазақстандағы қорлардың жартысынан асады. Тарихи қалыптасқан нәрсе - облыс экономикасының құрылымында мұнай-газ кешенi басымдықты орын алады.
Атырау облысында 15 кәсiпорын мұнай өндiрумен айналысады. Шикi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Атырау облысының статистика басқармасы
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Атырау облысындағы аудандар
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Табиғат жағдайы және оған баға беру
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Батыс Қазақстан облысының минералды-шикізат қоры және оларды шаруашылықта игеру
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Пәндер