Коммерциялық банктердің қызметі
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I. Қазақстан республикасының коммерциялық банктері.
1.1 Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы ... ... ... ... ... .7
1.3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және жабу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
II. Коммерциялық банктердің қызметі.
2.1 Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Шаруашылық субьектілері мен халықты несиелендіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Қолма . қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі (банк тәжірибесінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
III. Коммерциялық банктердің операциялары.
3.1 Коммерциялық банктердің активті және пассивті
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2. Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... ...37
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

1.3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және жабу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.2 Шаруашылық субьектілері мен халықты несиелендіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Қолма – қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі (банк
тәжірибесінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.2. Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе.
Коммерциялық банк термині банк ісінің даму кезеңінде, банктердің
сауда, тауар айырбасы операцияларымен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында
пайда болды. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға
қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын
қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Банктер әр
түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әртүрлі қызмет түрін көрсетуге
маманданады, алдына әртүрлі мақсаттар қояды. Қазіргі кезде Республикада
банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әр түрлі клиенттер топтарымен
жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне
бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.
Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік
қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына (факторингтік, лизингтік, кеңес
берушілік, ақпараттық ) үлкен көңіл бөледі. Банктер қызметінің мәні оларды
басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі-бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің
негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттігі
жатады.
Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық
айырмадан алады. Қазіргі кезде әмбебап банктер өз қызметтерінің және
қаржылық қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің
кең қатарын ұсынады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемелекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
1.1 Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі.
Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар
қызметінен басталады. Банк сөзі итальянша Banko сөзінен шыға отырып,
айырбас үстелі деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша-
сауда капиталының өкілдері болған. Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет
еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылды. Сондықтан да,
бұл банктерді коммерциялық банктер деп атап кеткен.
Қазіргі коммерциялық банктер бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Қазақстан
Республикасының банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан
Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес
банк –бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы,
коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға .
Банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
• Меншікті сипатына қарай;
• Мемлекеттік;
• Акционерлік;
• Жеке;
• Пай қосу арқылы;
• Аралас;
• Корпоративті;
• Операцияларының түрлеріне қарай;
• Әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді
банктік қызмет көрсететін банктер;
• Маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
Аумақтық белгісіне қарай:
• Халықаралық;
• Ұлттық;
• Аймақтық;
Салалық белгісіне қарай;
• Өнеркәсіптік банктер;
• Сауда банктері;
• Ауылшаруашылық;
• Құрылыс банктері;
• Басқа да.
Филиалдар санына қарай;
• Филиалсыз;
• Көп филиалды.
Егер банк акционерлік қоғам формасында құрылатын болса онда оның жарғылық
капиталы ашық түрде жазылып таратылатын акциялардың номиналдық құнының
сомасында, кейде құрылтайшылардың арасында жарғылық капиталдағы үлесіне
байланысты барлық акциялар тартылады. Қазақстан Республикасында банктер
мәлімдеушісі акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам
формасында құрылады.
Акционерлік банктердің шығаратын акциялары екі түрге бөлінеді; Жай
және Артықшылығы бар.
Жай акция-оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақтылы,
яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан
өз үлесін алуға құқық береді.
Ал мемлекеттік банктер мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылады.
Ұлттық банктен банктік операцияларды жүзеге асыруға қағазын алғаннан
кейін бір жыл бойына ұлттық банк тарапынапан бекітілген пруденциялдық
нормативтерді және басқа да міндеттемелерді орындауы қажет.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса,
онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық
құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары
өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне беріледі.
Банктің ұйымдастырылуы және құқық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары,жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады.
1.2 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген ал, Қазақстанда дамыған
түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында
және одан тысқары жерлерде банктер аша алады, ал өздерінің
өкілеттілігін Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы-бұл бас банкінің берген құқықтары шегіне банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі- депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды
орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды
тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк- жарғылық қордың 50% нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды
тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халықбанк) республиканың барлық аумағында
өздерінің бөлімшелерін иелені, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де
сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкомерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк т.б)
Әлемдік банктік тәжірбиеге қарағанда,бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық
құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық
басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып
келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде
тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүліктің мерзімін ұзартып сатуға және тағы басқа
маманданды.
Қазақстандағы соңғы уқыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни шоғырланған боп келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің
барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.
Германияда алты ірі комерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал
барлық банктік институттардың филиал саны 39.7 мыңға теңесті. Франция,
Канада, Италия, Жапония және тағы басқа елдердің банктерінің бөлімшелері
мен филиалдары да көптеп салынды.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардағы заңыда
жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала
шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қала болса ғана, банктерге филиалдар
ашуға рұқсат береді, өзгелері штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері
бөлімшелердің ашылуына мүлде тиым салынады. Бірде бір банкі өз штатынан
тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен
қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты банктің негізгі қызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және
жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету. Банктің ұйымдастыруларына,
ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-қатынасына оның барлық
қызметі тәуелді. Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ
атқарушы және бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау
үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма (банк кеңесі)- банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті
органы және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда
деңгейімен қамтамасыз ету.

тәртібі.
ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР ұлттық банктің берген лицензиясы
негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық
банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Дамыған шетелдерден
айырашылығы Қазақстанда берілетін лицензия әмбебап болып табылады.
ҚР дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын
белгілемейді, мысалға инвестициялық,ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады
және тағы басқа. Қазақстандағы банктер бағалы қағаздар нарығында да
тікелей қатысуға құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР ұлттық
банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.
Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті
саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай ақ
дамыған шетелдерде өз филиалдарымен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен
операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР ұлттық банкі лицензия береді.
Екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін бастауы үшін ҚР ұлттық банкінен
рұқсат алуда төмендегідей құжаттарды табыс етеді.
• Рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• Банктің жарғысы (түп нұсқа);
• Құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
• Құрылтайшылар жиналысы туралы хаттама;
• Үлес қосушылар немесе банк акционерінің тізімі;
• Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиториялық
қорытынды;
• Экономикалық негіздеме;
• Банктің екі үш жылға арналған бизнес жоспары;
• Банк басшысының кәсіби жарамдылығы туралы анықтама қағаз;
• Банктің бас бухгалтері туралы анықтама;
• Жарияланған жарғылық қорға төленген соманы растайтын құжаты
төлем тапсырмасы;
Қазақстандық тәжірибе де басқа дамыған шетелдік тәжірбиелер сияқты жарғылық
капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес
банкті тіркеуге алу үшін жарияланған қордың елу пайыздан кем емес бөлігі
акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да
материалдық бағалылықтар тиіс.
Екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін банк құрылтайшыларының
шешімімен, сондай ақ ҚР заңдарына көзделген жағдайларды тоқтата алады.
2.1 Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау.
Банктер қызметінің мәні оларда басқа органдардан ажырататын функцияларды
орындаудан көрініс табады. Банк қызметін банктің клиент мүддесі үшін
белгілі бір іс әрекеттерін орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк
өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі
жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге салымдар тарту мен қарыздар
беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша
пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік
өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдерді кең қатарын ұсынады. Осы кезде
басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде
сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін
көрсетуге мамандануға тырысады. Коммерциялық банктердің желісі ақша
нарығының қалыптасуына ықпал етеді,ал заңды және жеке тұлғалардың
мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оның экономика
мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса банктер басқада банктік
қызметтерді жүзеге асырады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды
жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты
қызметтерді көрсету; (инкасация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын қызметтерді былай
көрсетуге болады:
• Уақытша бос ақшалай қаржыларды жинақтау (депозттік тарату
операциялар);
• Экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
• Қолма қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
• Инвестициялық қызметті;
• Клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау-коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассивті меншікті
капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал-банктің
несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның
барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен
салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі
деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі- біріншіден, банктер
қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың,
мекемелердің және халықтың уақытша бос ақша қаражаттар сомасын
депозит түрінде жинайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
тартылған депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық
обьектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты
өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресустарға
өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет
етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін
бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек
ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде
шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал-банктің қорғаныс кепілдік
қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып
табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету
үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған
қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз
клиентерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде
осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің
клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз
салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды
салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары
депозиттік операциялар деп аталады.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең
төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған.

жолдары.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі –базалық қызметі – экономиканы
және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы
маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Несиелік
операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің
екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі
ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Несиенің екі нысаны
белгілі; ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар;
бастапқыда шаруашылық субьектілерінің несиелік қатынастары банкпен
қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік
қатынастар алғашқыда шаруашылық субьектілерінің арасында пайда болып,
соңынан банкпен қатынастарға транформацияланатын жанама несиелендіру.
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілерлермен тікелей
қатыз алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы-шаруашылық
субьектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз
алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.
Коммерциялық несиелендірудің несие беруші де және қарыз алушы да
шаруашылық субьектілері болады яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар
нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз
алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат-вексельді
береді. Одан әрі несие беруші осы векселдің кепілдігіне қарыз ақша бер деп
банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік түрлендіреді.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара
қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік
келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісім-шарттың
шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты
сәтіне байланысты.Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің
қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер
несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын
қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық
саясат болып табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер
негізінде іріленген обьект құрамын және несиелердің жекелеген обьектілерін,
несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз
қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет
ететін басқа шаралар және де несиелік келісім-шартты сақтандыру жақтары
бойынша міндеттері мен құқықтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Несиенің
белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие.
Несиелерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына; жер, құнды
қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және тағы
басқалары жатады.
Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып,
әрбір несиелендіру обьектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай
қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Қарыз, сонымен қатар, контокорренттік шоттардан да беріледі. Бұл
шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен
төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі.
Контокорренттік шоттардан берілетін несие контокорренттік несие деп
аталады. Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар
және тағы басқалар жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған
жоқ.
Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым операцияларына қажетті
айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар- күрделі құрылыс шараларын
жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі
капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар; мерзімдік
қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және
қаржылық лизингтер.
Несиелік желілер-анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген
уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің
максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім-шарт.
Күтпеген оқиғаларға жұмсалынатын қарыздар қарыз алушының айналым
құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін
беріледі.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар
–айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі.Бұл
несиелер ай сайын немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.
Мерзімді қарыздар-ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік
сатып алу, құрал жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін
беріледі.
Салынған мүлік туралы актіге берілетін қарыздар-өндіріс
ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу немесе
қаржыландыру үшін қолданылады.
Құрылыстық қарыздар-ғимараттар мен құрылғылар құрылысының
мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп
отырады. Сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта
рәсімдейді.
Лизинг-қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру
үшін қолданылады, мысалға; кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және тағы
басқалар. Лизингтік келісімде көрсетілгендей жалдаушы жабдық иесіне ай
сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану
мүмкіндігін алады. Елімізге бұл несие де әлі өз деңгейінде дамыған жоқ.
Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді.
Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар-құрылыс мерзімі екі жылдай
көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл
несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.
Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар-ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын
сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.
Коммерциялық жанама несиелендіру. Коммерциялық несиелер негізінен
вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы
сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель
толтырып ұсынады және жабдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру
арқылы қарыз алады.
Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар- мерзімді болады, егерде
вексель иесі алдын ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға
міндетті болса немесе онкольдық (несие беруші кез келген сәтте өтеуді талап
ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген
уақытта талап етуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz