Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Реферат . . .
Кіріспе . . .
1. Бөлім. Жұмысқа қойылатын талаптар . . .
1. 1 Шу стансасының техникалық сипаттамасы. Шу -Отар телімінің техникалық сипаттамасы . . .
1. 2 Шу- Отар телімінің пайдалану сипаттамасы . . .
1. 3 Шұғыл реттеу орталығының қызметі жағдайындағы станса жұмысының технологиялық ерекшеліктері . . .
2. Теориялық бөлім. Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы . . .
2. 1 Жалпы мәліметтер . . .
2. 2 Ақпаратпен қамтамасыз етуге түсініктеме . . .
2. 3 Жүйені қолданушылардың жұмыс шешімі . . .
2. 4 Шұғыл реттеу орталығында электронды құжат алмасуды ұйымдастыру . . .
3. Тәжірибелік бөлім. Шұғыл реттеу орталығының жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Халықаралық еңбек бөлінісінде көлікке ерекше көңіл бөлінген, кез келген елдің әлемдік экономикаға кірігуінің тиімділігі мен мерзімдері, мүмкіндіктері көлік жұмысына тәуелді болады.
Тұтас алғанда, елдер арасындағы халықаралық экономикалық байланыстардың және халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең маңызды рөлі болған халықаралық сауданың одан әрі дамуына орай әлемдік саудадағы жүк айналымдары қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру проблемасы ерекше мәнге ие болып отыр. Жүк тасымалдау үдерісіне қатысушылардың арасында қызыметті бөлісу кезінде құрамына темір жол көлігі бөлімшесінің пайдаланымдық жұмыстарын басқаруды бөлу кіретін темір жол көлігіндегі тасымалды басқару жүйесін орталықсыздандыру жүзеге асады. Осыған сәйкес тасымал үдерісінің әрбір қатысушысының төмендегідей қызметтік міндеттері ұсынылады.
Даңғылдық темір жол желісі операторының қызметіне темір жолды, сигнал беру және байланыс құралдарын, пойыздардың қозғалысын қамтамасыз ету және тасымалдау үдерісін басқару кіреді; Ұлттық тасымалдаушының қызыметіне -өзінің жылжымалы құрамдарымен тасымалдау жүргізу жөніндегі қызмет көрсету кіреді.
Тасымал үдерісіндегі құжаттар ағынын ұйымдастыру жүйесі ең кемінде төменде аталған құжаттарды туындатып шығара отырып, қолданыстағы заңдарға және стандарттарға сәйкес жасалатын мәмілелерді ресімдеуді қамтамасыз етуі тиіс, ол құжаттар- келісімшарт, шот, жүктеме құжат, тауар-көлік жүктеме құжаты, төлем құжаты, қабылдау актісі, шот фактура. Сондай-ақ, құжат айналымы тасымалы үдерісін тасымалдың атқарылу барысы және оларды тиімді басқару туралы қазіргі заманғы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.
Пойыздардың қозғалысы, жүктерді тиеу және түсіру, жолаушыларды отырғызу және түсіру үздіксіз атқарылады, бұл жұмыстардың сәтті жүргізілуі тасымал үдерісінің әрбір қатысушының нақты және орынды өзара қатынастарына және олардың арасында ақпараттардың үздіксіз алмасып отыруына байланысты. Желілік бөлімшелерде тасымал үдерісіне қатысушылар атқарылған жұмыс туралы ақпаратты есепке алады, ол өңдеу үшін техникалық және тауарлық кеңсе жұмыскерлерінің, станциялар бойынша кезекшілік кезіндегі және депо бойынша кезекшілік кезіндегі операторлардың АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) арқылы тікелей ақпараттық жүйеге беріледі.
Жүк тасымалына байланысты қазіргі кезде 1989 ж. шығарылған №10-01 бағанамасы бойынша жүктерді тасымалдау құнын есептеу алгоритмі «Плата-2001» АРМ бағдарламалық өнім түрінде жүзеге асырылған, оны ВНИИУП (Мәскеу қ. ) әзірленген және ол жыл сайын жаңартылып отырады. Аталмыш АРМ жеке түрдегі бағдарламалық өнім ретінде жүзеге асырылады және «тауар кассирі АРМ-ның » құрамдас бөлігі болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды ендіру барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісі өзекті мәселе бола бастайды. Соның салдарынан мәліметтер базасының тұтастығын мерзімді түрде бақылап отыру жүйесінің әзірленуін ескеру қажет.
АРМ мәліметтер базасында темір жол көлігі субъектілері қызметтерінің құнын есептеуге қажетті бүкіл нормативтік-анықтамалық ақпарат орналасуы тиіс- осылардың бәрі жүк жұмыстары үшін ашық станциялар, олардың арасындағы таривтік қашықтықтар, пойыздарды құрастыру жоспары және олардың қозғалыс кестесі, бағалық және технологиялық нормативтерді және т. б. есептеу мүмкіншілігіне ие болуы тиіс. Әзірленіп жатқан жүйелердің өздері Windows-98 операциялық жүйесінің басқаруымен қызмет етуі және Pentium типті кез келген компьютерлерде жұмыс істеуі тиіс, пайдаланғыш үшін қолайлы интерфейсі болуы және де тауар кассирінің АРМ типті өзге жүйелермен біріктіруге қол жеткізу үшін жүйелер қосымшаның құраушысы түрінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2002 жылғы мәліметіне сүйенсек, барлық көлік түрлерінің жүк айналымындағы темір жол көлігінің үлесі-56, 9%-ды құрайды. Бұдан еліміздің экономикасына темір жолдың қосар үлесінің мол екендігін, сыртқы экономикалық байланыстардың дамуын айқын көреміз. Аталмыш саланы одан әрі дамытудың дүниежүзілік тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі жағдайда біртұтас цифрлік байланыс желісіне біріктірілген, өнімділігі жоғары есептеу орталықтарының жұмысына негізделген аса жаңа ақпараттық жүйелерді пайдаланусыз темір жол көлігі қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру мүмкін емес.
Ақпараттандырудың бүгінгі таңдағы деңгейі темір жол көлігінің инфроқұрылымын, тасымалдау үдерісін басқару үшін озық ақпараттық технологияларды өндіріске ендіру мүмкіндігін бермейді. Құрамында 18 негізгі басқару қызметі бар басқарудың автоматтандырылған диспетчерлік жүйесі мен темір жол көлігінің кешенді басқару жүйесін өндіріске ендіру көп каналды 2-Мбитті ағындары бар, жылдамдығы жоғары, икемді байланыс желілерін орнатуды талап етеді.
Тасымалдау үдерісін басқарудың жаңадан құрылған автоматтандырылған жүйесі, клиенттен түскен сұранысты келістіруден бастап барлық сатыдағы тасымалдау үдерісімен аяқталатын жүк тасымалын басқарудың бүкіл ақпараттық технологияларын біріктіретін біртұтас жүйе болып табылады. Оған атқарылатын жұмысты нормалау, жедел жоспарлау, реттеу, есепке алу және талдау жасау істері жатады. Оны құру жұмысын 2005 жылы аяқтау жоспарланған.
Қайта құрылымдаудың осы жаңа ұсынылып отырған жобасы темір жол кәсіпорындарына кірісті ұлғайтуға және сол арқылы Қазақстанның дамуымен көркеюіне салмақты үлес қосуға мүмкіндік береді.
1БӨЛІМ
ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. 1 Шу стансасының техникалық сипаттамасы
Шу стансасы - сұрыптау, класстантыс, сұрыптау стансасының автоматтандырылған басқару жүйесінде жұмыс жасайды. Станса маңындағы аралықтармен сигнал байланысының негізгі құралдары пойыздар қозғалысы кезінде тақ бағытта:
- Шу - Аспара, әр жол бойынша қос жолды бір жақты автоблокировка;
- Тақ жол бойынша бір жақты автоблокировка тақ бағытты пойыздары қозғалысы үшін дұрыс болса, жұп жол бойынша екі жақты автоблокировка жұп бағытты пойыздары үшін дұрыс болып табылады және жұп бағытты болады.
- Шу-Берлик -1, әр жол бойынша қос жолды бір жақты автоблокировка;
- Жұп жол бойынша тақ және жұп пойыздары қозғалысы үшін бір жақты автоблокировка қосалқы айналым аралығымен;
- Тақ жол бойынша бір жақты автоблокировка тақ пойыздары қозғалысы үшін.
Станса паркті бойлай орналасқан бір сұрыптау кешенінен және шағын қуатты механикаландырылған дөңеске ие, сондай-ақ онда локомотив және вагон шаруашылығы, энергиямен және сумен қамсыздандыру құрылғысы, материалдық қойма, қызметтік - техникалық ғимараттар және т. б. құрылымдар орналасқан.
Станса пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізуді, жолаушыларды отырғызып және түсіру, жүктерді тиеп - түсіру және сорттау, құрамды тарқату және құрастыру, транзиттік пойыздарға вагондар тобын тіркеу мен ағытуды, тиеу және түсіру пункттеріне вагондарды әкелу мен әкету, кәсіпорындардың кірме жолдарына қызмет көрсетуді, жүру бағыты бойынша вагонағымдарын қайта бөлуді, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, локомотивтерді жабдықтауды және т. б. қамтамасыз етеді.
Вагонағымды бөлетін негізінен сұрыптау құрылымдары. Вагондарға жүк тиеу үшін әдетте вагонның салмақ күші пайдаланылады. Сондықтан дөңестің жылжымалы бөлігі мен жоғарғы дөңес басы бағыттама аумағы мен сұрыптау паркі жолынан жоғары орналастырылады, ал сұрыптау паркі өзегінің бағыттамалары шоғырланған түсіру бөлігі паркке қарай еңістеу орналасады. Жолдар жартылай кристалды башмак түсіру құралдарымен жабдықталған.
Стансаның негізгі жұмысына жатады: құру жоспарында белгіленгендей вагондарды сұрыптау, пойыздарды өңдеусіз және жартылай өңдеп жіберу операцияларын орындау, вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, коммерциялық тексеру және анықталған ақауларды жою. Сонымен қатар стансада локомотивтер мен локомотив бригадаларын ауыстыру; жүктерді сұрыптау; вагондарды тиеп - түсіру және пойыздық жолдарға қызмет көрсету; құрамдағы вагондарды реттеу, оларды енгізіп, өңдеп басқарудың автоматтандырылған жүйесінде тіркеу жүргізіледі.
Станса шекарасы Аспара стансасы жағынан “Ч” кіру сигналы, Бірлік-1 стансасы жағынан кіру сигналы “Н”.
Стансада келесі байланыс құралдары бар:
Телефондық оперативтік - технологиялық байланыс нұсқау, шұғыл ақпараттарды алмасуды беру және қабылдау үшін пойыздық диспечерлер, маневрлік диспечерлер, станса бойынша кезекшілер, дөңес бойынша кезекші, көрші станса кезекшісі, шұғыл реттеу орталығы, техникалық тексеру орталығы операторлары, пойыздарды қабылдаушылар, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілер және т. б. арасында жүреді. Бұл байланыс желілері, коммутатор, байланыс пулті және телефон аппараттарын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Станса бойынша желіде КАСС - ДСП коммутаторы пайдаланылса, маневрлік диспечер желісінде КАСС - ДСП коммутаторы пайдаланылады. Коммутаторларға таңдалған байланыс абоненттерінің тізбегі қосылған.
Стансалық радио байланыс өзіне маневрлік және пойыздық радио байланыс желісін, жұмысшыларға арналған радио желіні, яғни құралдарға техникалық қызмет көрсету, құрамды өңдеуді қамтамасыз ету кіреді.
Стансалық радио байланыс стансаның технологиялық үрдісін шұғыл түрде басқаруды, құралдарға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған. Стансалық радио байланыс жүйесі “ТРАНСПОРТ” (РС- 23) радиостансасының көмегімен қамтамасыз етілген.
Маневрлік радиобайланыс желісі қабылдау - жөнелту және сұрыптау паркінде пойызды құрастырушылар, маневрлік және пойыздық локомотивтер машинистері мен бірге ДСЦ, ДСПГ, ДСП байланысы үшін ұйымдастырылған. Стансада басқа да технологиялық үрдістер мен құралдарға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші жұмысшылар үшін мынадай радиожелілер ұйымдастырылған:
- Поездарды қабылдау - жөнелту паркінде коммерциялық тексеру;
- Вагондарды техникалық тексеру;
- Станса территориясындағы (ВЖДО) қарауыл басшысы мен оның күзетшілері;
- СЦБ электрмеханигі бас электрмеханигімен және станса бойынша кезекшімен байланыс.
Парктің дауыстамалы хабарлау байланысы сұрыптау паркіндегі пойыздарды қабылдау және жөнелту аудандары жұмысын және жылжыту жолын ұйымдастыруға арналған. Парктік дауыстамалы хабарлау байланысының әр бір ауданында шектеулі аумаққа қызмет көрсететін жекелеген фидерлер бар.
ДСП ғимаратында стансадағы негізгі технологиялық операциялардың орындалуына, пойыздарды қабылдау және жөнелтуге, маневрлік қозғалыстарды өндіруге үздіксіз визуалды бақылау үшін табло орнатылған.
Технологиялық үрдісті автоматтандыру құралы - ЭЦ күзет орны мен күзет орнынан басқарылатын, дөңесте және дөңес орнынан басқарылатын бекетте орналасқан бағыттамалар мен сигналдарды электрлі орталықтандыру болып табылады.
Операцияларды механизациялау құралдары, ақпараттық стендлер, бункерлер әкелінетін құжаттарды қабылдау үшін қажет.
Стансада техникалық қауыпсіздікті қамтамасыз ету үшін жартылай қайшыламалы башмак түсіруші құралдары, рельстерге тежегіш башмактарды салу вилкалары, автоцепті ажырату вилкалары, стансаны орталықтан жарықтандыру құралдары қолданылады.
Локомотив шаруашылығында локомотив пен дизельдітартқыштар жасау саласындағы бүгінгі күнгі жетістіктер локомотивтерді, ең алдымен даңғылдық тепловоздарды тиімді түрде қайта жарақтандыру мүмкіндігін береді. 2003жылдан бастап Шу тепловоз жөндеу зауытының негізінде осы заманға сай тепловоздарды құрастыру ісі қолға алынған. Құрастырылған тепловоздар құны мен техникалық сипаттамалары тұрғысынан импорттық үлгілермен бәсекелес болады және олардың сатылу бағасы 3, 0 млн. АҚШ долларын құрайды.
Сонымен қатар осы жылдан бастап үнемді дизель қозғалтқыштарын орната отырып, даңғылдық локомотивтерді қайта жарақтандырудан өткізу жоспарланып отыр - осы мерзімде барлығы 171 тепловоз секциясы жарақтандырылды. Жаңа тепловоз қолданымдағы екі тепловозды алмастыру мен қатар, отын мен күтім шығынын айтарлықтай деңгейде төмендетеді. Тепловоздарды күрделі жөндеуден өткізу үшін 470, 2 млн. теңге жұмсалу көзделіп отыр.
1. 2 Стансаның эксплуатациялық жұмысын басқару және еңбекті ұйымдастыру жүйесі
1. Стансаның эксплуатациялық жұмысын басқару:
Темір жол стансасы жөніндегі ережеге сәйкес стансаның өндірістік қызметін, күндік жоспар мен ауысым міндеттерін орындауға бақылауды, технологиялық үрдіс бойынша пойыздар мен вагондарды өңдеуді ұйымдастыруды станса басшысы жүзеге асырады. Станса басшысының орынбасары тарапынан қозғалысқа, жұмысшылардың жеке қауыпсіздік техникасына, станса шаруашылығының қалыпты жұмысына, жоспарлық және техника - экономикалық жұмыс көрсеткіштеріне өз міндеткерлігінің шеңберінде басшылық жасайды.
2. Технологиялық үрдісті ССБАЖ есептеу кешенін пайдаланып жасау, енгізу және техникалық құралдарды рационалды пайдалану жөніндегі шараларды, сондай - ақ пойыздар қозғалысының қауыпсіздігі мен техникалық қауыпсіздікті қамтамасыз ету стансаның бас инженері басшылығымен жүзеге асырылады.
3. Ауысым жұмысын шұғыл басқаруды маневрлік диспечер жүзеге асырып, мынаны қамтамасыз етеді:
- Бөлім бойынша кезекшімен (ДНЦО), локомотив диспечерімен (ТНЦ) және депо бойынша диспечермен бірге стансаның жұмысын 3 - 4 сағаттық кезең бойынша жоспарлайды;
- Пойыздарды қабылдап - жөнелтудің ауысым жоспарының және жүк жұмысының орындалуын, станса жұмысын қамтамасыз етуші басқа қызмет жұмысшыларының іс-әрекетің реттеуді ұйымдастырады ;
- Стансадағы жергілікті жұмыс жоспарының орындалу барысын бақылайды;
- Есептеу мен есеп беру түрлерін жүргізу, өздігінен қалыптасқан (ТГНЛ) пойыздары туралы ақпарат беру және дайындау.
- Стансаның техникалық құралдарын тиімді пайдалануды, қозғалыс қауыпсіздігін және ауысым жұмысшыларының жеке техникалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар сақтау;
- Жөндеу, ауыстыру, техникалық жабдықталуды профилактикалық тексеру үшін “толас кез”, пойыздарды қабылдау мен жөнелту көлемін шектейтіндіктен ол станса басшысының келісімінен соң тасымалдау бөлімінің басшысымен рұқсат етіледі;
- Санса пркінде пойыздармен құрамды өңдеуге шұғыл басшылықты, пойыздарды тарату және құру бойынша маневрлік жұмысты, вагодарды тиеу-түсіру орнынан алу және апаруды, жөндеу паркімен вагондарды тиеуге дайындауды маневр диспечер жүзеге асырып, мынаны қамтамасыз етеді:
- Пойыздарды тарату және құру, вагондарды әкелу, алу бойынша ауысым жоспарын орындайды;
- Маневрлік аудандар мен сұрыптау құрылымдары арасындағы жұмысты рационалды бөледі;
- Станса паркінднгі құрамды тарату, құру және өңдеу бойынша операцияларды мүмкіндігінше біріктіреді;
- Пойыздарды стансадағы құру жоспары бойынша бекітілген тәртіпте құрастырады;
- Маневрлік жұмыстар барысында қозғалыс пен техникалық қауыпсіздікті қамтамасыз ету.
Стансада маневрлік жұмыстар мен құрамды өңдеуді маневрлік диспечер, дөңес және парк бойынша кезекші арқылы басшылық жасалады. Маневрлік жұмыстарды жергілікті вагондармен, екі және одан да көп локомотивтермен орындау кезінде жергілікті жұмысты ұйымдастыруға маневрлік диспечер басшылық жүргізеді.
4. пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу, өз ауданы көлемінде маневрлік жұмысты орындау, сондай - ақ пойыздық локомотивтерді деподан құрамға және құрамнан депоға жіберуді ЭЦ - 1, ЭЦ - 2 стансасы бойынша кезекші жеке дара жүзеге асырады.
Маневрлік диспечердің пойыздарды уақытылы қабылдау, жөнелту және өткізуді, маневрлік жұмысты орындауды, сондай - ақ стансаның техникалық құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулары пойыздарды өңдеу, қабылдау және жөнелтумен байланысты барлық қызмет жұмысшылары үшін міндетті болып табылады.
ССБАЖ жүйесіндегі технологиялық үрдіс және ауысым міндеттерін орындауға талдау, есептеу және бақылау, станса жұмысына шұғыл басшылық жасау үшін маневрлік диспечер стансаның маневрлік жұмысының ауысымдық жоспар - графигін жүргізеді. Шұғыл басшылық құрылымы жұмыстың көлемі мен сипатына, жолдың дамуына және стансаның техникалық жабдықталуына байланысты.
Стансада орталық басқару пункттері ұйымдастырылған:
1. Дөңес ғимараты, онда стансалық технологиялық орталық (СТО) операторларының, дөңес бойынша кезекшінің, ЭЦ - 2 күзет орнының, техникалық тексеру пунктінің операторының жұмыс орны орналастырылған;
2. ЭЦ - 1 күзет орны ғимараты, онда ЭЦ - 1 стансасы бойынша кезекшінің, станса орталығы операторының парк бойынша кезекшінің, техникалық тексеру пунктінің операторының жұмыс орны орналасқан;
3. МЭЦ, онда маневрлік диспечердің жұмыс орны орналастырылған;
4. Солтүстік ДСПП шығару бекеті орны; ПЮ постысы, орталық шығару постысы, ДС ғимаратында - бас тауар кассирі, актілік столдың жұмыс орны орналасқан; ПКО бригадасы, онда жүктерді қабылдаушы, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушілер посты, пойызды құрушы орны, парктің дөңес алды ПКО орналасқан.
1. 3 Шұғыл реттеу орталығының қызметі жағдайындағы станса жұмысының технологиялық ерекшеліктері
Шұғыл реттеу орталығы есеп беру кезеңдерінде және станса жұмыстары технологиясы анықтаған мерзімде ДВЦ - ға және тасымалдау бөлімшесіне стансада орналасқан абоненттерге есеп нәтижесін беру және ақпараттық орталықтандырылған өңдеулер мен жинаулар жүргізуге жағдай жасайды.
Шу стансасындағы шұғыл реттеу орталығы мағлұматтарды қолмен өңдеуге еңбек шығындарын қысқартуды қамтамасыз етеді. СТЦ қызметкерлері жұмысын түгелдей өзгертті, деген мен неді олар автоматты жүйені толық ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен бірге шұғыл реттеу орталығы құжаттарды ресімдеуге байланыстыкөптеген жұмыстардан босады, мысалы:
- Келген және жөнелтілген пойыздардың құжаттарын ресімдеу және жасау ;
- Стансаға келген пойыздар мен жүктер туралы ақпарат беру;
- Сұрыпталған қағаздарды құрастыру ; станса жолдары мен парктерінде вагондарды орналастыру мен олардың бар болуын есептеу, вагон саны ұзақтығы ;
- Тасымалдау құжаттарын дайындау, олардың қорытынды мағлұматтарын санау, пойыздардың ұзындығы, салмағы, құру жоспарын сақтауды бақылау ;
- Есептеу мен есеп беру түрлерін жүргізу, өздігінен қалыптасқан (ТГНЛ) пойыздары туралы ақпарат беру және дайындау.
Кесте 1. 1 - Шу - Отар телімінде шұғыл реттеу орталығының атқаратын негізгі қызметтері.
Сұрыптау жолдарында вагондардың орналасуын және болуын үздіксіз есептеу, пойыздарды жөнелтуге дайындау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz