Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ
Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы
“Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы”
Орындаған: Бердикулов А.
5 курс күндізгі
оқу бөлімінің студенті
Ғылыми жетекшісі: оқытушы., құқық магистры
Айгаринова Г. Т.
Жұмыс қорғауға жіберілді
«__»2006 ж.
Кафедра меңгерушісі з. ғ. к., доцент
Л. Қ. Еркінбаева
Алматы 2006
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3 б.
1-Тарау. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және құрамы
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және құрамы . . . 6 б.
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекеттік басқару түсінігі және оны жүзеге асыратыноргандар жүйесі . . . 11 б.
2-Тарау. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығы
- Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдары . . . 21 б.
- Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығыныңтүрлері . . . 26 б.
- Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану құқығының түсінігі және түрлері . . . 30 б.
3-Тарау. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік
- Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және негіздері . . . 35 б.
Қорытынды . . . 42 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 44 б.
Кіріспе
Бітіру жұмысын зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы жерлерді ұтымды пайдалану және онда тиімді шаруашылық жүргізіп, сақтай отырып кейінгі ұрпаққа қалдыру - басты мемлекеттік және қоғамдық мақсат және әрбір азаматтың конституциялық борышы болып табылады.
Біздің мемлекетіміздің жер қорының құрамында өзінің көлемі, экономикалық қызметі мен пайдалылығы бойынша үлкен маңызға ие болып табылатын жерлер - бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылатындығы анық.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан кейінгі уақыттарда жүргізілген экономикалық реформалар кезеңінде мемлекеттің аграрлық саласында түбірлі және күрделі өзгерістер орын алды. Сонымен қатар жер қатынастарының заңдық базасының да өзгергендігі белгілі. 1995 жыл 22-желтоқсандағы “Жер туралы” Жарлық, 2001 жыл 24-қаңтардағы “Жер туралы” Заң, 2003 жыл 20 маусымдағы “Жер туралы” Кодекс сияқты бірқатар арнайы заң актілері қабылданды.
Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490, 2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері - 222513, 6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910, 35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды1.
Егер де 1990 жылдары ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер Қазақстан Республикасы жер қорының 81, 2 % құраса, 2000 жылдардың бас кезеңінде олардың ара салмағы небәрі - 39, 6 % құрады. Егер де осы жағдай өзінің жалғасын ары қарай да тауып отыратын болса, онда біз жақын жылдары-ақ ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерге зәру болып қалуымыз мүмкін.
Кез келген қатынастарды реттеуде реттеудің құқықтық құралдарының әсерінің өсуі кезінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастырудағы да басты құрал құқықтық құрал болып табылатындығы рас.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Ауыл шаруашылық жерлерінің айналасында сақталып отырған қазіргі кездегі жағдай мемлекеттің тек жер қорының жағдайына ғана қауіп төндіріп қоймайды, ол сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің де жағдайына да - оларды пайдалану мен қорғау жағдайларына да өзінің қауіптілігін көрсетеді.
Аталып өткен жағдайлар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану проблемаларына қатысты зерттеулердің қажеттілігін көрсетеді.
Соңғы жылдары экологиялық құқық пен жерді пайдалану құқықтары саласында бірқатар еңбектер жазылған болатын және олардың мазмұндарынан біз ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты проблемалардың шешудің құқықтық қорытындыларын көре аламыз. Осы салада зерттеулерді жүргізіп жүрген авторлардың қатарына Б. Ж. Абдраимовты, Ә. Е. Бектұрғановты, Д. Л. Байдельдиновты, Н. Б. Мухитдиновты жатқызуымызға болады.
Дегенменен тұтастай алғанда жер пайдалануды құқықтық реттеуге байланысты шешілмеген және зерттелмеген проблемалар жетерлік.
Қазақстан Республикасының Жер кодексін қабылдаумен байланысты ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге деген жеке меншік және басқа да құқықтардың жүзеге асырылу тәжірибесін ғылыми тұрғыда зерттеу мұқтаждығы пайда болды.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды тиімді ұйымдастыру жолдарын іздестіру жағдайында бұл тақырыпты зерттеуге деген біздің де қызығушылығымыз оянды. Ұсынылып отырған жұмыс ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігін, пайдалану мен олардың нарықтық қатынасқа түсу жағдайында даму ерекшеліктерін кешенді түрдегі теориялық зерттеуге бағытталады.
Біздің бұл зерттеуіміз мемлекетіміздің ғылыми жетістіктеріне сүйеніп жазылды, олар Б. Ж. Абдраимовтың, И. Г. Архиповтың, А. Т. Ащеуловтың, Ә. Е. Бектұрғановтың, А. С. Стамкуловтың, К. А. Шайкеновтың және тағы басқа жерді пайдалану құқығын зерттеушілердің еңбектері.
Бұл авторлардың еңбектерінде түрлі аспектілерде қазіргі заманғы жер қатынастарының мазмұны; жерге қатысты заңнаманың даму тенденциясы; жерге меншік және басқа да құқықтардың институттарының даму проблемалары; жер нарығын реттеудің құқықтық сауалдары; жерді пайдалану тәртібін бұзғандық үшін белгіленетін жауапкершіліктің мазмұнын ашқан.
Жұмысты зерттеу мақсаты . Ұсынылып отырған жұмысты зерттеудің мақсаты ретінде ауыл шаруашгылық мақсатындағы жерлерді қазіргі кездегі аграрлық жер қатынастарының даму жағдайында ұтымды пайдалану мен оны қорғауды қамтамасыз ету проблемаларын кешенді түрде зерттеуді атауға болады.
Жұмысты зертеудің мақсаты өз алдына келесідей міндеттердің шешілуін анықтайды:
- ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердің түсінін ашу, олардың қазіргі кездегі жағдайын анықтау, оларға байланысты қатынастардың даму ерекшеліктерін көрсету және осы түсініктерге тиісінше ғылыми анықтама беру;
- нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің айналымын реттейтін нормативтік негіздерге баға беру; ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізудің және оның әрекет етуінің ерекшеліктерінің мазмұнын ашу;
- ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану және қорғаумен байланысты құқықбұзушылықтарға қатысты туындайтын құқықтық жауапкершіліктердің мазмұнын ашып олардың тиімді жұмыс істеуі үшін оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну.
Осы жұмысымыздың құрылымына келер болсақ, жұмыс 3 тараудан және олардың тиісінше бөлімдерінен тұрады. Жұмыстың 1-Тарауы “Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және құрамы” деп аталады. Бұл тарауда біз ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігін, құрамын анықтаймыз, сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеу түсінігі мен олардың ерекшеліктерін, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың қызмет ерекшеліктерін көрсетеміз.
Зерттеу жұмысының 2-Тарауы “Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығы” деген атауға ие. Аталған тарауда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдарын көрсетіп, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының түрлерін анықтаймыз. Сонымен қатар бұл тарауда біз ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланудың түсінігіне және олардың түрлеріне қатысты ой қозғаймыз.
3-тарау “Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік” деп аталады. Осы тұста біз осы санаттағы жерлердің пайдалану тәртібін бұзғандық үшін белгіленетін жауапкершіліктерді айқындаймыз және оларды тиімді түрде жетілдіру жолдарын ұсынамыз.
1-Тарау. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және оны мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және құрамы
Жер - тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады:
- Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсініледі.
- Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде.
- Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз.
“Табиғаттың бір бөлшегі бола отырып жер басқа да табиғи объектілер секілді жердің құнарлылығы мен өнімділігі секілді ерекше биопотенциалға ие болып табылады және бұл халықтың баға жетпес құндылығы”-деп Б. В. Ерофеев өз еңбегінде2 көрсетеді. Мүмкін сондықтан да болар жер құқығы барлық жер пайдаланушылар мен жерге деген меншік құқығын иеленушілерге оларға берілген жер учаскелерін тиімді және ұқыпты пайдалануға міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер ретінде бекітіп берген. Бұл жер санаттарының ішіндегі ең негізгі жер санаты болып табылады. Оның басты ерекшелігі болып жердің өндіріс шикізаттары мен адамдар мен жан-жануарларға қажетті азықтардың басты құралы болып табылатындығында болып отыр.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер өздерінің асқан бір маңыздылығына орай ерекше қорғалуды қажетсінеді. Осы аталған жерлердің құқықтық режимін қарастырмас бұрын, “жердің құқықтық режимі” дегеннің өзі не екендігін анықтап алу өте бір үлкен маңыздылыққа ие болып табылады.
Қарастырылып жатырған проблеманы толықтай ашу үшін “құқықтық режим” түсінігінің мазмұнын ашу қажет болып табылады.
Бірақ құқықтық әдебиеттерге көз жүгіртсек, бұл түсінік анағұрлым жетік реттелмеген, ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының нормативтік актілеріне қарайтын болсақ, бұл түсінік мағынасы ашылмастан пайдаланылады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің құқықтық режимдерін анықтау кезінде оның элементтері мен ерекшеліктерін бөліп қарастыру қажет.
Біріншіден, “режим” сөзінің астарында тұтастай алғандағы Қазақстан Республикасының жерлері үшін, сонымен бірдей жекелеген жер санаттары үшін де заң жүзінде бекітілген қоғамдық қатынастардың жүйесі деген мағына жатыр.
Құқықтық режимнің бірінші элементі болып жалпы және ерекше деп бөлінетін оның объектісі танылады.
Жалпы құқықтық режимнің объектісі болып Қазақстан Республикасы территориясының шегіндегі жерінің бүкіл құрамы танылады.
Ерекше құқықтық режим объектісі болып ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, босалқы жерлер, су қоры жерлері, орман қорының жерлері, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер, елді мекен жерлері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері танылады.
Жалпы және ерекше режим деп жерлерді бөлуге байланысты жердің белгілі бір санатында оның мақсатына сай келмейтін басқа да алқаптардың болуы мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің аумағында ауыл шаруашылық сипатына жатпайтын жерлер де болуы мүмкіy (мысалы, көлік, байланыс және т. б. жерлер), ал ауыл шаруашылығы сипатына жатпайтын жерлерде - ауыл шаруашылығы жерлері орналасуы мүмкін3.
Ресей жер құқығы теориясының көрнекті болып табылатын өкілдерінің бірі Б. В. Ерофеевтің көзқарасы бойынша мұндай жағдайларда құқықтық реттеудің ерекшелігі келесідей болуы тиіс: қарама-қарсы мақсатта пайдаланылатын жерлердің үлесіне келетін жер алқаптарына сол алқаптың құқықтық режимі таралады. Мысалы, ауыл шаруашылық пайдаланудағы жерлерге ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің артықшылықтары таралмайды, себебі қала шеңберіндегі ауыл шаруашылық алқаптары сол қаланың режиміне бағынады және де қаланың Бас жоспарына сәйкес кез келген жағдайда қала құрылысы үшін пайдаланып кетуі мүмкін.
Біздің ойымызша, құқықтық режимнің келесі объектісі ретінде жерді пайдаланудың мемлекеттік реттеу тәртібін атау орынды болып табылады.
Құқықтық режимнің элементінің қатарына сонымен қатар мемлекеттің бекіткен жер режимін сақтауға міндетті болып табылатын жер қатынастарының субъектілерінің ортасын қосуға болады.
Құқықтық режимнің басты элементі болып осы режимнің өзін құқық бұзушылықтардан сақтайтын шаралардың жүйесі танылады.
Сонымен, құқықтық режим дегеннің астарынан жердің заңмен бекітілген оларды есепке алу, мониторинг, пайдалану және қорғаудың тәртібін түсінуіміз керек.
Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердің құқықтық режиміне келер болсақ, ол бірнеше элементтердің бірігуінен тұрады. Олардың бірі - осы тәртіп таралатын құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Ол, әдеттегідей, жалпы, тектік және нақты болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, біз жоғарыда атап кеткендей, ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер болып табылады.
Жердің мақсатына сәйкес пайдаланылуы ретінде осы санаттағы жерлердің негізгі пайдаланылу мақсатын айтамыз. Осыған қарамастан, бұл санаттағы жерлерге ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті болып табылатын құрылыстар салуға жол беріледі (мысалы, өңдейтін өнеркәсіптер, шаруашылық техникаларының қажетіне салынған гараждар және т. б. ) .
Жер алқаптары құқықтық реттеудің нақты объектісі болып табылады. Ол дегеніміз тікелей мақсатына сәйкес пайдаланылатын жер учаскесін білдіреді.
Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің мақсатына сәйкес қолданылуы туралы айта отырып, біз “нақты мақсатына сәйкес пайдалану” деген терминді айналып өте алмаймыз. Оның астарынан біз жерді шаруашылық пайдаланудың басқа нысандарына жол бермей отырып пайдалану деген мағынаны түсінеміз. Бұндай жерлерде жоғарыда атағандай ауыл шаруашылық объектілерін, құрылыстарын салуға жол берілмейді, себебі бұл жерлер ерекше ауыл шаруашылығы өнімдерін егуге және олардың жаңа тұқымдарын алуға арналған.
Ауыл шаруашылық жерлердің құрамына белгілі бір шаруашылық мақсаттарға қолдануға болатын жерлер: жайылым, жайлау, шабындық және т. б. жерлер кіреді. Осы аталғандардың барлығы ауыл шаруашылық жерлерінің маңызды тұстарын көрсететіні анық.
Ары қарай айтар болсақ, ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердің қатарына ауыл шаруашылық объектілері орналасқан жерлерді айтуға болады. Олар: фермалардың, ферма қожалықтарының және тағы басқа ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылығын жүргізуге қажет болып табылатын жерлер.
Соңғысы, жердің бұл санатында сонымен қатар жыра, балшықты жерлер сияқты жерлердің болуы да әбден мүмкін. Бұндай жерлердің құнарлылықтарын арттыру қажет, мемлекет ол жерлерді өнімді жер қатарынан шығарып алмас үшін бірқатар іс-шаралар жасайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жердің басқа санаттарына өтіп кетпесі үшін жасалатын іс-шаралардың маңыздылығы күн өткен сайын артуда.
Жерді өнімді жер қылатын құрамы - ерекше құрылыс типіне ие жердің беткі қабаты болып табылады. Жердің беткі қабаттарының құрамында құнарлы заттардың (мысалы, гумус және т. б. ) болуына қатысты олардың құнарлылығы да өзгеріп отырады. Сәйкесінше, құнарлылығына байланысты ол жерлердің сапасы, өнімділігі, сонымен қатар бағасы түрлі болатындығы рас. Жердің сапалық бағасы жөніндегі мәліметтер жер кадастрында орын алады.
Жер қабатының өнімділігіне байланысты ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден:
- аймақтағы деңгейден кадастрлық бағамы бойынша жоғары дәрежелі жерлер;
- сол аймақтағы ерекше құнды жерлер.
Мұндай жерлерге ерекше құқытық режим бекітіледі.
Өкінішке орай Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайға сәйкес жылдан жылға ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің көлемі қысқаруда. Бір уақытта бұзылуға ұшыраған жерлердің шеңбері кеңеюде. Сондықтан да осы ауыл шаруашылық жерлерінің сақталуын бақылау, оны шаруашылық пайдаланудың тәртіптерін сақтау, жер қабатының құнарлылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу, жер заңнамасын қатаң сақтауды қадағалау ерекше маңызға ие болып отыр4.
Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердің құқықтық жағдайына тоқталып кетейік. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты бекітілген құқықтық режимнің негізгі мақсаты ауыл шаруашылық айналымынын осы жердің шығып кетуіне жол бермеу, оны анағұрлым тиімді түрде шаруашылық мақсатта пайдалана отырып, оның өнімділігін арттыру және көлемін ұлғайту болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2003 жыл 20-шілдеде қабылданған Жер кодексінің анықтайтын ең басты қағидасы: жер кадастрының берген мәліметтеріне сәйкес ауыл шаруашылығына жарамды деп танылған жерлер ең біріншіден ауыл шаруашылығының пайдаланылуына берілуге жатады (бұл жерде уәкілетті жергілікті мемлекеттік органдардың пайдалануға, жалға, өмірбойлық иеленуіне, меншігіне беруге байланысты сөз қозғалып отыр) .
Жер қорын басқарудағы мемлекеттің негізгі ерекше құқығы болып оларды пайдалануға байланысты мақсаттары бойынша санаттарға жіктеу табылады. Бұл қоғамға, ең біріншіден, жерді бір санаттан екінші санатқа ауып кетпеуіне жағдай жасайды, екіншіден, олардың мақсатты түрде пайдалануына, тиімді пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Жерлерді санаттарға бөліп қарастыру олардың мақсаттарына сай пайдаланылуы үшін қажет болып табылады. Жерлердің мақсатты пайдаланылуы дегеніміз - жерді оның санатына сәйкес нақты бір мақсаттар үшін құқықпен реттелген және оларды пайдаланудың режимі оны пайдалану ережесімен, азаматтық айналымға енумен, қорғалуымен, есепке алынумен және мониторингімен анықталады.
Жердің мақсаты мен режимі жерге орналастыру және қалақұрылыс құжаттарымен анықталады және өзгеріссіз болып табылмайды - олар жүйелі түрде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарастырылып отырады.
Жер санаттары атқарушы билік органдарының қаулыларында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жер учаскелерін беру немесе жерді пайдаланудың ерекше құқықтық режимдерін бекіту туралы шешімдерінде, куәліктерде, шарттарда және жерге құқықты куәландыратын басқа да құжаттарда; мемлекеттік жер кадастры құжаттамаларында; жерді және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құжаттамаларында көрсетіледі.
Жердің әр түріне қатысты жердің санатын айқындайтын, оны бір санаттан екіншісіне ауыстыратын құзыретті орган қарастырылады. Жерді бір санаттан екіншісіне ауыстырудың ведомстволық бағыныстылығын жою мәміле мен актілерді жарамсыз деп тануға, жерді мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады5.
Жер санаттарының арасындағы біздің еліміздің экономикалық даму жағдайын тікелей әсер ететіні ол - ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылады.
Ауыл шаруашылық өндірісте басты құрал ретінде қолданылатын жерлер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер деп танылады. Ауыл шаруашылық өндіріс мақсатында берілетін жерлер аумағы жылдан-жылға жүз мыңдаған гектарларға азаюда, ал бұл өз кезегінде дабыл қағуға, елдің экологиялық және өндірістік саласындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр етеді6.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабының 2-бөліміне сәйкес ауыл шаруашылық мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылық жолдары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шауашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
Заң шығарушы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің табиғи құрылымына және экономикалық мақсаттылығына сәйкес оларды бірнеше түрге бөлуді көздегендігін айту керек. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Ауыл шаруашылығы алқаптарының бұл құрамындағы жерлердің арасынан сонымен қатар сол аймақ үшін ерекше құнды болып табылатын жерлер және де ғылыми-зерттеу мекемелерінің, оқу орындарының тәжірибе жүргізу жерлерін де бөліп қарастыруға болады.
Ауыл шаруашылық алқаптарына жер заңнамасында берілген түсініктерге тоқталып кетейік. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабының 4-бөлімінде осы түсініктер бекітілген.
Егістік - жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ басқа бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды. Тыңайған жер - бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz