Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Төлендіқызы Әсел

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В080100-Агрономия

Алматы 2011

Мазмұны

бет

Кіріспе . . . 7

1. Әдебиеттерге шолу . . . 9

2. Өндірістік тәжірибе жүргізілген жердің топырақ-климат

жағдайы

2. 1 Шаруашылықтың географиялық орны және аймақтың жағдайы . . . 19

2. 2 Климаты . . . 20

2. 3 Геоморфологиясы . . . 22

2. 4 Геологиялық және гидрогеологиялық жағдайы . . . 23

2. 5 Топырағы . . . 23

3. Негізгі бөлім

3. 1 Өндірістік тәжірибе бағдарламасы мен жүргізілу әдістемесі . . . 25

3. 2. Шаруашылықтың агроөндірістік бағыты және оны қарқындату

шаралары . . . 27

3. 3 Негізгі малазықтық дақылдардың ауыспалы егістегі

өнімділіктері

3. 3. 1 Жаздық арпаның Арна сортының вегетация дәуіріндегі

өсіп-дамуының және өнімділігінің себу мерзімімен

байланыстылығы . . . 31

3. 3. 2 Жоңышқаны ауыспалы егістікте әртүрлі мақсаттарға пайдалану

тәсілдері . . . 35

3. 3. 3 Сүрлемдік жүгері өнімділігі мен малазықтық құндылығының

жинау мерзімімен байланыстылығы . . . 39

3. 4 Ауыспалы егіс аясында малазықтық дақылдар өсірудің тиімділігі . . . 44

4. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау . . . 48

Қорытынды . . . 50

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 51

КІРІСПЕ

Өндірістік бірлестікпен қатар ауыл шаруашылығы қазіргі кезеңде халық шаруашылығының аса маңызды саласы болып табылады. Сондықтан ауылшаруашылығының негізгі міндеті халық үшін қажетті тамақ өнімдерін үздіксіз және жеткілікті мөлшерде өндіру, сондай-ақ жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін жоғары сапалы шикізат өндіру.

Ауыл шаруашылығының өркендеу дәрежесі едәуір мөлшерде халықтың әл-ауқатын анықтайды.

Ауыл-шаруашылығының бір-бірімен тығыз байланысты негізгі екі саласы бар, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы топырақта және ауада болатын органикалық емес заттардан күннің жарық энергиясының көмегімен жаңа органикалық заттарды - адамның және көптеген тірі организмдердің қоректену көзін жасауға қабілетті жасыл өсімдіктерді өсіруге негізделген.

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізі, оның барлық салаларының шапшаң өсуінің басты шарты - астық шаруашылығы болып табылады. Астық проблемасын жан-жақты және толық шешпейінше еліміздің астыққа деген қажетін, мал шаруашылығының шапшаң өрлеуін қамтамасыз етуге болмайды. Қазіргі кезде үкіметтің жоспарын жүзеге асыру үшін бұрынғы колхоз-совхоздардың орнына агро бірлестіктер, жеке шаруашылық серіктестері құрылды. Олардың негізгі жұмыстары -жер жырту, тұқым себу, ауыл шаруашылық дақылдарын жинау және мал өсіру. Осыларды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық өзінің экономикалық шараларын дәйекті түрде жүзеге асыру арқасында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру үшін жағдайлар жасауда.

Егін шаруашылығы өнімін ұлғайтудың басты жолы ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі құралы - жерді неғұрлым интенсивті пайдалану негізінде өсіріліп отырған ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру. Сонымен егіншілік - жерді өте тиімді, экономикалық, экологиялық және технологиялық тұрғыдан дәлелді пайдалануды ұсынатын ғылым. Аталған мақсаттарды жүзеге асырудың бүгінгі тиімді жолы ауыл шаруашылығын, оның ішінде егін және мал шаруашылығын қарқынды түрде дамыту болады. Ол үшін саланы химияландыру, мелиорациялау және механикаландыру жұмыстары толыққанды жүзеге асырылуы керек. Онымен қатар шаруашылықты интенсивті түрде жүргізу үшін ғылым мен озат тәжірибенің маңызы зор екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі кезде кең етек алып отырған егін шаруашылығын биологияландыру мен экологияландырудың, егіншілік жүйелерін агроландшафтқа бейімді түрде жүргізудің және басқа шаралардың маңызы зор.

Әсіресе, Елбасының 2011 жылғы халыққа жолдауына орай, республикада мал шаруашылығын жандандыру аясында Мәдімәр шаруашылығы қолдағы төрт түліктен бағалы ет және сүт өнімдерін көптеп өндіруді көздеп отыр. Аталған межені жүзеге асыру үшін, мал азығын өндіруші саланы қарқындату бүгінгі күн талабы.

Сондықтан өндірістік тәжірибенің алдында тұрған негізгі мақсаты шаруашылықтағы мал азықтық дақылдарды прогрессивтік технологиямен өсіру арқылы төрт түлікке сапалы және берік мал азығы қорын жасау.

Осы мақсатты орындау үшін шаруашылықтағы өндіріске енгізілген мал азықтық ауыспалы егіс дақылдарының өнімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

  1. Әдебиеттерге шолу

Республикада мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді қарқындатуда агроөнеркәсіп кешенінің мал азығын өндіру саласына үлкен міндеттер жүктеледі.

Осыған орай, егістікте көпжылдық және біржылдық шөптерді өсіру арқылы төрт түлікке берік жем-шөп қорын жасаудың ғылыми практикалық маңызы зор. Оларды көкбалауса, пішен, пішендеме және жаюға жайылым ретінде пайдаланады. Сонымен қатар олардың қалдықтарынан жоғары сапалы пішен ұнтағы да даярланады.

Біздің елімізде өсірілетін барлық мал азықтық дақылдардың ішінде малазықтық құндылығы мен өнімділігі жоғары болатыны- көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер.

Көпжылдық шөптердің біржылдықтардан маңызды биологиялық ерекшеліктері- бірнеше жыл қатарынан өнім беру мүмкіндіктері. Көпжылдық бұршақты шөптердің осы ерекшеліктері вегетативтік қайта жаңару деп аталады.

Республикада көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер арасында кең тарағаны жоңышқа. Оның малазықтық дақыл ретіндегі үлесі өте жоғары, әсіресе, республиканың оңтүстік өңірінің суармалы жерлерінде негізгі малазықтық көпжылдық өсімдік болып саналады.

Жоңышка пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнын, көк балауса дайындауға себіледі. Жоңышқаның 100 кг көк балаусасында 16-20 азықтық өлшем. 100 кг жоңышқа пішенінде 50-60 азықтық өлшем. 127-175 кг сіңімді протейн, 1 кг 17-29 мг каротин бар, ал қореқтілігі жөнінен ол астыққа теңеседі. Жоңышқа өсімдігінде астық тұқымдастарға қарағанда айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары 1, 5-2 есе көп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗІНДЕ
Кадастр жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ету
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Тұқымды себуге дайындау және себу
Кластерлік жүйе
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
Экологияның техникалық дақылдарға (қант қызылшасы, қартоп) тигізетін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz