XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.9
1. XV ғ. аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін жүргізілген күрестері ... ... 10.36
1.1.Сыр өңірі үшін күрестің себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.24
1.2.Сыр өңірі үшін жүргізілген күрестің барысы, нәтижелері ... ... ...25.36

2. XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары ... ...37.64
2.1.Қасым ханның билікке келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37.51
2.2.Қасым ханның Батыстағы жүргізілген саясаты ... ... ... ... ..52.60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61.64
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65.66

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3-9

1. XV ғ. аяғындағы Қазақ хандығының

Сыр өңірлері үшін жүргізілген
күрестері ... ... ... ... ... ... .. ..10-36

1.1.Сыр өңірі үшін күрестің
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 10-24

1.2.Сыр өңірі үшін жүргізілген күрестің
барысы,
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
5-36

2. XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ
хандығына қарсы
жорықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 37-64

2.1.Қасым ханның билікке
келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .37-51

2.2.Қасым ханның Батыстағы жүргізілген

саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 52-60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .61-64

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..65-66

КІРІСПЕ

Түбі бір түркі халқының тарихында ел мақтап, жұрт жақтаған,
талайдың көңілінен шыққан, елі мен жері үшін жүрегін жұлып беруге
даяр болған, өмір бойы ел мерейінің биік болуын аңсаған ұлдары
мен қыздары өте көп болған. Олардың кейбіреулері ел есінде, жұрт
жадында мәңгіге сақталса, енді біреулері заманның талабы мен
тағдырдың тәлкегіне сай есімдері мәңгілікке уақыт еншісінде қалып
қойған тұлғалар. Ұлы адамдардың үшінші бір тобы бар, бұл кісілер өз
еркімен емес өзгенің қалауымен жаман шекпен жабынып, жоқ жерден
жасаған жақсылықтары жойылып, масқараланып, елдің жеккөрініштілеріне
еріксіз айналған адамдар. Өкінішке орай ондай тұлғалар Отан
тарихында өте көп. Бұлай болуының өзіндік себебі бар, еліміз
тағдырдың ең ауыр да, сорақы тәлкегіне салынып, екі жарым ғасыр
бойы бодан болып келді. Бұл сөздің атауы қандай жаман болса, заты
да сондай жаман. Ең ауыр тигені елдің бір ғасырға жуық уақыт
бойына тоталитарлық жүйеде өмір сүруі. Бұл кезеңде елдің ғылымы да,
білімі де, діні де, тілі де өзгенің толық ықпалында болды. Осы
кезде елдің көптеген ардақты да талантты ұл – қыздарына жала
жабылып, халыққа жаман келбетте көрсетілді.Бұл кезеңде Ел тарихының
көптеген мәселелері зерттелмей қалды. Жақсы зерттелмей қалды, бар
болғаны Чулошников, Вельяминов-Зернов, Левшин, Юдин, Кунте, Семенов,
Иванов сияқты орыс тарихшылары аздаған мәліметтер береді.
Ал Отандық тарихшылар Сүлтанов, Қозыбаев, Кәрібаев, сияқты
тарихшылар мәселеге жаңаша көзқараспен қарап, ұлттық тұрғыдан жазып
көрсетті.
Дәл осы себепті бітіру жұмысын жазу барысындағы
менің алдыма қойған ең басты мақсатым Қасым ханның саяси- тарихи
аренадағы алғашқы қадамдарынан ақырғы күніне дейінгі аралықтағы
тарихи құбылыстарды шынайы баяндау. Қасым ханның шынайы келбетін
ашып көрсетіп.
Енді осы мақсатқа жету үшін орындайтын негізгі міндеттеріме
тоқталып кетейін. Ең алдымен XV-XVI ғғ. жағдайды толық баяндап, Қасым
ханның тарих аренасына шығуын анықтау. Оның билікке келу
тарихын баяндау. Қазақ хандығының күшейюін деректер негізінде
дәлелдеу. Отан тарихшылары мен орыс тарихшыларының берген бағаларын
салыстырмалы түрде қарастырып оған өз тарапымнан баға беру.
Тақырыптың деректік негізіне тоқтала кетейін. Ең алдымен
Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарихи Рашиди(хақ жолындағылар тарихы),
Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани Мехман наме Бухара, Тарихи Гузидаи
Нусратнаме, Өтеміс қажының Шайбани наме, Зубдад әл асар сияқты
шығыс авторларының еңбектері, сол сияқты Книга большому чертежу,
Энтони Джэнкинсон, Бергерштэйн, Иовии, Никондық жылнама, Ростовтық
жылнама, Рогождық жылнама және басқалары. Бұл жылнамалардың барлығы
"П С Р Л" – яғни орыс жылнамаларының толық жинағы деген атаумен
Археограф. Коммисс. баспасынан шыққан. міне осы аталған еңбектер
мәселенің дерек көзі болып табылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін де тақырып зерттеле бастады..
Тарихшылар еңбектерінде көрініс тауып жүр. Талас Омарбеков ақырғы
кездерде деректер мәселесіне тоқталып, сол сияқты Кәрібаев Берекет
ағаларымыздың еңбектеінде көрініс тауып отырды.. Бұл өте дұрыс
бастама, біздер тәуелсіз елдің ұлдары өзіміздің ата – бабаларымыздың
тарихын дәл осылай, яғни жеке - жеке тануға тиіспіз деп
есептеймін.
Жұмыс кіріспе, екі тараудан, ал әр тарау өз кезегінде екі
тараушадан тұрады, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Бірінші бөлімде мына мәселелерді қарастыдым Бұл тарауда менің
негізгі мақсатым XV ғасыр аяғындағы Қазақ хандығының Сыр өңіріері үшін
жүргізілген күрестерін, болған күрестердің мән-жайын, себеп-салдарын
анықтау.
Қойған мақсатыма жету үшін тақырыпқа байланысты деректер мен
зерттеулерге сүйненіп, салыстармалы түрде өз ойымды дәлелдеу сияқты
міндеттерді орындауға тырысамын.
Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін жүргізген күресіне келсек бұнда
қарастыратын мәселеміз XV ғасырдың аяғындағы жиі-жиі жүргізілген күрестерін
немесе қақтығыстарына байланысты және өзінің қосқан пікірлерін байланыстыра
отырып жеткізуге тырысамын.
Алтын Орданың біртіндеп әлсіретуі мен ыдырауы қазақтар мен көршілес
халықтардың, тайпалардың саяси, шаруашылық және этникалық жағдай
айтарлықтай ықпал етті. Нәтижесінде Шығыс Дешті қыпшақ халқының саяси
өмірінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, одан едәуір айтарлықтай
кейінрек Көшпелі өзбектер немесе Әбілхайыр хандығы бөлініп шықты. Бұл
аймақта тайпалардың этникалық белгілерінің ортақтығы мен құрамының
тұрақтануына қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың этникалық құрамы,
негізінен алғанда, ұқсас болатын.
ХV ғ. 50 жылдары қазақ хандығы үшін өте маңызды уақыт немесе кезең деп
айтуға болады. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, пайда болуы,
орнығуының бастауын алады деп айтсақта қателеспейміз. Бізге анықтап беретін
ХIII-ХVI ғасырлардағы шығыс-мұсылман деректерінің мәлеметтерінде
Түркістан деген атауға ие болған –Сырдария өзенінің орта ағысы бойы
немесе Сыр өңірі – Дешті Қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болып, саяси-
әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталық
ретінде, сонымен бірге шаруашылық, этникалық, геосаяси маңыздар атқарады.
Мауереннахр билеушілері де бұл өңірге аса зор маңызы беріп, оны
Мауереннахрдың құрамында ұстап қалуға тырысып отырды. Сол себепті де Дешті
Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілері арасында Сыр бойы үшін бірнеше ғасырға
созылған күрестер жүргізіледі.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының батыстағы көршісі
Ноғай Ордасындағы саяси бытраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай
еліндегі саяси күрестің терендегені соншалықты, кейбір Маңғыт билері XV
ғасырдың соңында билікке Мұхаммед Шайбани ханды отырғызуға күш салады.
[1.56]
Салт-дәстүр тарихи даму барысында тіршілік үшін күрес нәтижесінде
қалыптасқан соқпақ. Әр халықтың салт-дәсүрлері осы халықтың тарихын
бейнелейді. Дәстүр сабақтастығы халықтың түп-тамырын, елдің елдігін паш
ететін бірден бір фактор. Бүгінгі Қазақстан Республикасы өз тағдырының
күрделі кезеңінде. Қоғамның бұрынғы әдет-салтқа сүйенген саяси дәстүр мен
жаңа бағалылықтардың қалыптасуынан туындаған ішкі қарама-қайшылықтардың
өтпелі сипаты, өзгерістердің даму процесінің жолдары мен бағыттарын терең
ойлап, талдауды қажет етеді.
Екінші тараушада келесі мәселелер өз бейнесін табуы
жоспарлануда: Бұл бөлімде қазақ хандығының Сыр өңірі қалалардың алып
отырған орнын, барысын, нәтижелерінің жайын жеткізу негізгі мақсатымыз.
Бұған дейін қалыптасқан пікірлерді сынға алу.
XIV-XVIғасырлардағы Сыр өңіріндегі маңызын ондаған қалалардың
экономикалық, саяси, әкімшілік, діни, мәдени өмірлерде атқарған ролін
анықтамай, тақырыбымыздың маңызын аша алмаймыз.
Содан да болар осы өңірдегі қалаларын тарихи ұзақ жылдардан бері
тарихшылар мен археологтар зерттеу объектісінен түпейді.
Сыр өңіріндегі қалалардың Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда
атқарған қызметін К.А.Пищулина зерттеді. [2.110]
XX ғасырлардың басынан 60-шы жылдардың соңына дейінгі аралықта
табылған археологиялық деректер оның археологиялық зерттеу еңбектерінің
негізін құрады деуге болады. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Оңтүстік
Қазақстандағы Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық
қалаларды зерттеуде археологтар үлкен табыстарға жетті. [3.143] Жаңадан
табылғын археологиялық деректер XV-XVI
ғасырлардағы Сыр өңірінің Қазақ хандығы үшін атқарған маңызын тереңдеп
көрсетуге, жан-жақты анықтауға мүмкіндіктер береді.
Біз бұл жұмысымызда ортағасырлық Сыр өңіріндегі айырықша роль
атқарып, Дешті Қыпшақ тайпалары, атап айтқанда XV-XVI ғасырлардағы Қазақ
хандығы үшін зор маңызға ие болған ірі-ірі қалаларға тоқталып өткеніміз
жөн. Аймақ қалалары ішінде біз қарастырып отырған кезең бойынша үштопқа
бөлеміз. Бірінші топқа Қазақ хандығы үшін саяси-әкімшіл, сауда, егіншілік,
қолөнер, әскери маңызы зор болған қалалар – Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар,
Сайрам жатқызылады. Екінші топқа қала-қамалдары саяси-экономикалық рольдері
аймақ көлемінде бірінші топ қалаларына қарағанда анағұрлым төмен ретінде (
Созақ, Арқуқ, ‡згент, Аққорған болады. Ал, үшінші топқа жататын қала-
қамалдарына – Ашнас, Иаканкет, Қарасман, Қойған-Ата, Мейрам, Сүткент,
Құмкент Шаға және тағы басқа бекініс-қамалдар жатады.
Сығанақ - қаласы қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Төменарық ауылдың солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасып тұр.[4.44]
Қазіргі кезде қаланың орны – Сунақ-Ата қалашығы.
XV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Сыр өңірі немесе Дарияның
жағалауындағы қалалары ішіндегі саяси-әкімшілік,
сауда-айырбас, орталықтары ретінде ең ірі қаланың бірі болып
саналады.
Деректерге сүйенсек, Ибн Рузбехан Сығанақ, Дешті Қыпшақ пен Түркістан
аймағының түйіскен жеріне орналасқан. [4.41] XVI ғасырға дейін қала
халқының көп болуына, қаланың саяси және экономикалық қуатының артуына,
оның аймақ шетінде, Дешті Қыпшақ территориясымен іргелес орналасуы басты
себеп болады. [4.26] XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап XVI ғасыр соңына
дейін Қазақ хандығы мен Мауреннахр билеушілері арасында ұзаққа созылған
күрестер болды. [5.86-93] 1598 жылдан бастап Сығанақ түпкілікті Қазақ
хандығының құрамына өтеді.
Екінші бөлімде мына мәселелерді қарастырдым Қазақ хандығының
құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына қарсылығы тағы да
көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан жеріне ұлғайды
соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна Шайбанидің
басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты қазақтарға
қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық әлсірету үшін
өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл тұралы Фазаллах
ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ шығарды, халықтар
ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және екі халықтың
арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді. (6.101(
Осындай іс шаралар Мухаммед Шайбани ханға ойлаған ойына жетпей,
басталмай-ақ орындалмай жатты .Осындай теріс саясатты зеріттеушілер
турасын айтты ,экономикалық жағдай көшпенділер мен жартылай көшпелілер
қазақстанның оңтүстігіндегі көпестер мен қолөнерілерге де ұнамады.
Сырдария бойындағы қалаларыдың халықтары да наразылығын білдірді және де
Мауереннахр халықтарыды соларға қосылды.(7.266(
Ғасырлар бойы тығыз қалыптасқан шаруашылық айланыстар көшпелі дала
халқы мен Мауереннахр турғындары арасындағы байланыстарын бұзу туралы
жарлықтар мен шешімдер әрсерін тигізген жоқ. Орталық Азия халқымен
мен қазақ халқының сауда байланыс проблемаларын зерттеген, қазақтар өздері
пайда болу уақытысынан бастап тарихи аренада XVIII ғасырға дейін Орта
Азияға негізгі малдарды қамтамасыздандырушылар болды, халықтың өсуі, жер
өңдеудің дамуы және қол өнер дамуы Орталық Азия оазисында ет немесе
көшпенді қазақтың мал шаруашылығына сұранысты жоғарлатты. [5.15( Қазақ
тайпалары Орталық Азия рыногына малды ғана шығарған жоқ, бақада товарларды
шығарған. Мысалы С. К.
Ибрагимов, ортағасырлық шығармаларға мәліметтерге сүйене отырып жазған,
Орталық Азия рыногында қазақтардың қол өнерлер бұйымдары өте жоғары
бағаланды. [8.40.]
Сонымен текстельдік бұйымдар сұранысы және де тағы басқа қалалық қол
өнер, өнер кәсібі, азық түлігі де болды. [8.93.] Бұл қазақ хандығы
халықтарының шаруашылық мінезімен түсіндірілді. Көбінесе оның негізі
көшпелі мал шаруашылығы болды, бұда үнемі авторкичностік сауда айырбас
талаптары отырықшы жер өңдейтін шаруалармен байланыстырды. Осыған
байланысты көшпелілердің мал шаруашылық азық–түлігін өткізу қалаулары
болған, сондықтан да болар өзіне керек бұйымдарды, жерден алынған өнімін
және қөл өнер заттарын алла алды. [3.108.]
Осыдан болар Мухаммед Шайбани ханның ықпалы аз көрініс тапқансоң болар
Түркістан қалаларын бірнеше рет бірнеше аудандарды және Хорезм
қалаларындағы қазақ көпестердін тонауға бұйрық берген. [2.101.]
Екінші бөлімнің екінші тараушада мынадай мәселелер қарастырамын:
Қазақ хандығының құрылғанына Орталық Азияда Шайбанидің Қазақ хандығына
қарсылығы тағы да көбейді. Қазақ хандығының политикалық басшылығы Түркістан
жеріне ұлғайды соған байланысты қазақтардың осы территорияларына жылжыуна
Шайбанидің басшысы мынадай жағдайларда саяси және экономикалық сипатты
қазақтарға қарсылық ұйымдастырды. Бірінші қазақ хандығын экономикалық
әлсірету үшін өзінің еліне Қазақ хандығымен сауда жасауға тиім салды. Бұл
тұралы Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани екі – үш рет тамыз айларында указ
шығарды, халықтар ешқандай қазақтардың көпестерімен сауданы тоқтату және
екі халықтың арасындағы қарым–қатынас тоқтатылсын деген жарлы жарық көреді.
(3.101(
Осындай іс шаралар Мухаммед Шайбани ханға ойлаған ойына жетпей,
басталмай-ақ орындалмай жатты. Осындай теріс саясатты зеріттеушілер
турасын айтты, экономикалық жағдай көшпенділер мен жартылай көшпелілер
қазақстанның оңтүстігіндегі көпестер мен қолөнерілерге де ұнамады.
Сырдария бойындағы қалаларыдың халықтары да наразылығын білдірді және де
Мауереннахр халықтарыды соларға қосылды.(3.266(
Ғасырлар бойы тығыз қалыптасқан шаруашылық айланыстар көшпелі дала
халқы мен Мауереннахр турғындары арасындағы байланыстарын бұзу туралы
жарлықтар мен шешімдер әрсерін тигізген жоқ. Орталық Азия халқымен
мен қазақ халқының сауда байланыс проблемаларын зерттеп, қазақтар өздері
пайда болу уақытысынан бастап тарихи аренада XVIII ғасырға дейін Орта
Азияға негізгі малдарды қамтамасыздандырушылар болды, халықтың өсуі, жер
өңдеудің дамуы және қол өнер дамуы Орталық Азия оазисында ет немесе
көшпенді қазақтың мал шаруашылығына сұранысты жоғарлатты. [6.15( Қазақ
тайпалары Орталық Азия рыногына малды ғана шығарған жоқ, бақада товарларды
шығарған. Мысалы С. К. Ибрагимов, ортағасырлық шығармаларға мәліметтерге
сүйене отырып жазған, Орталық Азия рыногында қазақтардың қол өнерлер
бұйымдары өте жоғары бағаланды.
Сонымен текстельдік бұйымдар сұранысы және де тағы басқа қалалық қол
өнер, өнер кәсібі, азық түлігі де болды. [5.93.] Бұл қазақ хандығы
халықтарының шаруашылық мінезімен түсіндірілді. Көбінесе оның негізі
көшпелі мал шаруашылығы болды, бұда үнемі авторкичностік сауда айырбас
талаптары отырықшы жер өңдейтін шаруалармен байланыстырды. Осыған
байланысты көшпелілердің мал шаруашылық азық–түлігін өткізу қалаулары
болған, сондықтан да болар өзіне керек бұйымдарды, жерден алынған өнімін
және қөл өнер заттарын алла алды. [32.108.]
Осыдан болар Мухаммед Шайбани ханның ықпалы аз көрініс тапқан соң
болар Түркістан қалаларын бірнеше рет бірнеше аудандарды және Хорезм
қалаларындағы қазақ көпестердін тонауға бұйрық берген. [14.101.]
Осыған жауап ретінде, Қазақ ханы, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани
айтуынша немесе түсіндіруінше тергеу амалдарын жүргізуде көлек және
киімнің негізгі бөлімі құрайтын кербас-киім адамдар үшін
қажеттілік–олар хандық әмірлік иелігіне басып кіруін
қауып. [17.101.]
Қазақ рулық тайпалар топтары Түркістанның солтүстігіне
әрі қарай жылжи берді, кейбәр қазақ билеушілері Мауеренахр жеріне де
шабуыл жасады, бұл жоспар Мухаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алу
қаупіне қарсы жасалған еді.
Жұмысты жазу барысында талдау, сынау, сараптау және
салыстырмалы әдіс тәсілдерді пайдаланамын.
Қорыта келгенде жұмысты жазу барысында, алдыма қойған
міндеттерді орындап, мақсаттарға жетуге тырысып барамын. Қасым
ханның саяси- тарихи аренадағы алғашқы қадамдарынан ақырғы күніне
дейінгі аралықтағы тарихи құбылыстарды шынайы баяндау. Қасым ханның
шынайы келбетін ашып көрсетіп беруге тырысамын.
XV-XVI ғғ жағдайды толық баяндап, Қасым ханның тарих аренасына
шығуын анықтау. Оның билікке келу тарихын баяндау. Қазақ
хандығының күшейюін деректер негізінде дәлелдеу. Отан тарихшылары
мен орыс тарихшыларының берген бағаларын салыстырмалы түрде
қарастырып оған өз тарапымнан баға беруге тырысамын.

I ТАРАУ.

XV ғасыр аяғындағы қазақ хандығының Сыр
өңірлері үшін жүргізілген күрестері

1.1 Сыр өңірі үшін күрестің себептері

Бұл тарауда менің негізгі мақсатым XV ғасыр аяғындағы Қазақ хандығының
Сыр өңіріері үшін жүргізілген күрестерін, болған күрестердің мән-жайын,
себеп-салдарын анықтау.
Қойған мақсатыма жету үшін тақырыпқа байланысты деректер мен
зерттеулерге сүйненіп, салыстармалы түрде өз ойымды дәлелдеу сияқты
міндеттерді орындауға тырысамын.
Қазақ хандығының Сыр өңірлері үшін жүргізген күресіне келсек бұнда
қарастыратын мәселеміз XV ғасырдың аяғындағы жиі-жиі жүргізілген күрестерін
немесе қақтығыстарына байланысты және өзінің қосқан пікірлерін байланыстыра
отырып жеткізуге тырысамын.
Алтын Орданың біртіндеп әлсіретуі мен ыдырауы қазақтар мен көршілес
халықтардың, тайпалардың саяси, шаруашылық және этникалық жағдай
айтарлықтай ықпал етті. Нәтижесінде Шығыс Дешті қыпшақ халқының саяси
өмірінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Ноғай Ордасы, одан едәуір айтарлықтай
кейінрек Көшпелі өзбектер немесе Әбілхайыр хандығы бөлініп шықты. Бұл
аймақта тайпалардың этникалық белгілерінің ортақтығы мен құрамының
тұрақтануына қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың этникалық құрамы,
негізінен алғанда, ұқсас болатын.
ХV ғ. 50 жылдары қазақ хандығы үшін өте маңызды уақыт немесе кезең деп
айтуға болады. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, пайда болуы,
орнығуының бастауын алады деп айтсақта қателеспейміз. Бізге анықтап беретін
ХIII-ХVI ғасырлардағы шығыс-мұсылман деректерінің мәлеметтерінде
Түркістан деген атауға ие болған –Сырдария өзенінің орта ағысы бойы
немесе Сыр өңірі – Дешті қыпшақтың құрамдас бір бөлігі болып, саяси-
әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталық
ретінде, сонымен бірге шаруашылық, этникалық, геосаяси маңыздар атқарады.
Мауереннахр билеушілері де бұл өңірге аса зор маңызы беріп, оны
Мауереннахрдың құрамында ұстап қалуға тырысып отырды. Сол себепті де Дешті
Қыпшақ пен Мауереннахр билеушілері арасында Сыр бойы үшін бірнеше ғасырға
созылған күрестер жүргізіледі.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының батыстағы көршісі
Ноғай Ордасындағы саяси бытраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай
еліндегі саяси күрестің терендегені соншалықты, кейбір Маңғыт билері XV
ғасырдың соңында билікке Мұхаммед Шайбани ханды отырғызуға күш салады.
[1.47]
Салт-дәстүр тарихи даму барысында тіршілік үшін күрес нәтижесінде
қалыптасқан соқпақ. Әр халықтың салт-дәсүрлері осы халықтың тарихын
бейнелейді. Дәстүр сабақтастығы халықтың түп-тамырын, елдің елдігін паш
ететін бірден бір фактор. Бүгінгі Қазақстан Республикасы өз тағдырының
күрделі кезеңінде. Қоғамның бұрынғы әдет-салтқа сүйенген саяси дәстүр мен
жаңа бағалылықтардың қалыптасуынан туындаған ішкі қарама-қайшылықтардың
өтпелі сипаты, өзгерістердің даму процесінің жолдары мен бағыттарын терең
ойлап, талдауды қажет етеді.
Тарихи жазба деректерде бұл күрестерді ХV ғасырдан бастап байқауға
болады. Белгілі тарихшы Б.Е. Көмеков бұл жөнінде: ХI
ғасырдың аяғы – XII ғасырдың басында Сырдарияның төменгі ағысындағы Жент,
Жаңакент және тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің иелігінде болды.
Алайда, ХII ғасырдың бірінші жартысында бұл аймақты қайткен күнде де басып
алуға тырысқан Орта Азиялық мұсылман әулеттері мен қыпшақ хандары арасында
ұзаққа созылған күрес жүрді - деп жазады. [2.256]
ХIII ғасырдың басында Моңғол жаулауы нәтижесінде Сыр өңірі Жошы
ұлысының құрамына өтеді. Жошы ұлысы мен Шағатай ұлыстарының шекарасы
Балхаштан батысқа қарай, Қаратаудың оңтүстік жоталарымен Сырдың орта ағысы
арқылы Аралдың оңтүстігімен жүреді. [3.47]
XIII ғасыр соңы мен XIV ғасыр басында Сырдарияның орта ағысы бойы
Алатын Орданың құрамындағы Орда Ежен ұлысының саяси орталығына айналады.
XIV ғасырдың ортасы мен одан кейінгі жылдары Алтын Ордадағы саяси
дағдарыс барысында Мауреннахр билеушісі Ақсақ Темір Сыр өңірін өзіне
бағындырады. Бірақ Дешті қыпшақ билеушілері мұндай жағдаймен келіспейді.
XIV ғасырдың соңында Алтын Орданы саяси жағынан біріктірген Тоқтамыс ханның
Ақсақ Темірмен күрестерінің, Ақ Орда ханы Барақ ханның Ұлығбек мырзамен,
Дешті қыпшақты 40 жыл билеген Әбілқайыр ханның аймақ үшін күрестерінің
экономикалық себептеріне Сыр өңірі Дешті қыпшақтың шаруашылық жүйесіне
енгізу жатты. Алайда, жоғарыда аталған хандар аймақты түпкілікті түрде
Дешті Қыпшаққа қоса алмады.
Қазақ хандығының XV ғасырда өткен кезең, саяси тарихын шартты түрде
екі кезеңге қарауға болады. Бірінші кезең XV ғасырдың ортасындағы қазақ
хандығының құрылуына жатса, екіншіден XV ғасырдың 70-ші жылдарынан Қазақ
хандығының күшеюінің басталуына жатады.
Қазақ хандығының құрылуы тарихи толық шешілген мәселеге жатқызуға
болмайды. Өйткені тарихнамада зерттеушілердің бәрі хандықтық пайда болуын
Керей мен Жәнібек хандары Моғолстанның батыс бөлігінде Әбілқайыр хандығынан
көшіп келуімен байланыстырады да, ал хандықтың нақты құрылған уақыты
жөнінде әртүрлі жылдарды келтірелі. Олардың пікірлерін жинақтасақ, Қазақ
хандығы 1451-1466 жылдары аралығында құрылған деген дерек мәліметтері
арқылы бізге белгілі.
XV ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихының екінші кезеңіне осы
ғасырдың соңғы ширегі жатады. Бұл кезең – Қазақ хандығының күшеюінің
басталуымен сипатталады. Хандықтың күшеюі Сыр өңіріндегі позициялардың
әлсіреуінен басталады. Осы кезде Қазақ хандығына қарсы болған көршілес күш
– Мауреннахр. XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Сыр өңірлері үшін
Қазақ хандығы мен Мауреннахр билігіндегі билеушілер арасындағы саяси қарым-
қатынастар қалыптасып, дамуы түсуінен. Бұл саяси қарым-қатынастар XVI
ғасырдың соңына дейін жалғасады. XV ғасырдың соңғы ширегіндегі саяси қарым-
қатнастар бір жарым ғасырдай уақытқа созылған кезең. Бұнда саяси қарым-
қатынастар Қазақ хандығы мен Мауреннахр арқа сүйеген билеушілерінің бірі
Мухаммед Шайбани хан арасындағы үздіксіз болған ұрыстармен белгілі болады.
Саяси қарым-қатынастардың алғашқы кезеңдегі оқиғаларын
баяндайтын жазба дерек мәләметтері біршама. Олардың қатарына шайбанилық
деректер тобына енетін: Тауарихи гузида-йи нусрат наме, Фатх наме,
Шайбани наме, Михман наме-йиБухара, Зубдатал-асар, Тарих-и
Кипчакхани, шағатайлық - Тарихи Рашиди секілді XVI ғасырдағы шығармалар
жатады.
XV ғасырдың 70-90-шы жылдарындағы қазақ хандығының Сыр өңірі үшін
жүргізген көпестері мәселесін зерттеушілер тарапынан аз зерттелген
мәселелер қатарына жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл мәселелер
бойынша тарихи фактілерді баяндап қана өтіп оқиғалардың себептеріне,
салдарына назар аудармайды.[30.67]
Деректанушы–ғалым К.А.Пищулина ғана XV ғасырдың соңғы ширегіндегі
Қазақ хандығының Мауреннахрмен саяси қарым-қатынасы мәселесі арнайы зерттеу
обьектісі болып, оқиғалардың даму барысын, кезеңдері мен нәтижелері, себеп-
салдарлары зерттеледі. Кейінрек бұл мәселе бойынша С.Г.Кляшторный мен
Т.И.Султановтың кітабін айтуға болады. [3.96]
Түркістан аймағы үшін күрестің алғашқы кезеңі қарсаңында, яғни XV
ғасырдың 70-ші жылдарында Дешті Қыпшақ, Моғолстан және Мауреннахрдағы
қалыптасқан саяси жағдайлар қазақ хандығы үшін өте қолайлы болды.
1469 жылы Мауреннахр билеушісі, Темірлік Әмір әбу Саид мырза қайтыс
болғаннан кейін, оның үш ұлының қарамағындағы иеліктер, бір-бірімен
өзара ортақ билік үшін күрестер жүргізіледі. Мауреннахр ішіндегі феодалдық
қырқысулар оның саяси-экономикалық және әскери күш-қуаттарының әлсіз
болғандығын көрсетеді. Мауреннахрдың әлсіреуін XV ғасырдың 70-ші жылдарынан
бастап Түркістан аймағы үшін күресті бастауға Қазақ хандығы үшін қолайлы
немесе ұтысты саяси фактор болды. Ал XV ғасырдың 90-ші жылдар ортасында,
шамамен 1-2жыл ішінде, Мауреннахрдағы үш иеліктің билеушілері әр түрлі
жағдайда қайтыс болып кеткен соң, билікке олардың 12-16жасар арасындағы
мұрагерлері келеді. Феодалдық соғыстар осы кездерден бастап жаңа қарқынмен
өршие түседі. Бұл жағдай қазақ хандығына Сыр өңірі үшін күрес барысында
көптеген мүмкіншіліктер және ұтыстық жағдайын береді.
Сондай-ақ 1487 жылы Моғолстан ханы Жүніс хан қайтыс болғаннан кейін,
бұл елде де екі хан билік жүргізеді. [6.44] Жүніс ханның үлкен ұлы Сұлтан
Махмуд хан елдің отрықшы аймағын ие болады. Сөз жүзінде ол Үлкен хан болып
саналғанымен, іс жүзінде оның билігі тек Моғолстанның оңтүстік-батысына
бөлігінде ғана тарады. Ал солтүстікте және солтүстік-шығыста Жүніс ханның
кіші ұлы Сұлтан Ахмет көшпелі тайпаларға билік жүргізді. [7.75]
Мауреннахрмен салыстырғанда, Моғолстанда билік үшін күрес болмады.
Соған қарамастан, мұнда да екі ханның бір мезгілде билік етуі, Моғолстанның
Жүніс хан тұсындағыдай, күшін, қуатын және беделін орнына келтіре алмады.
Бұл жағдайлар да қазақ хандығының XV ғасырдың ширегі ішінде Түркістан
аймағы үшін жемісті күресте жүргізуіне өте қолайлы жағдайлар жасады.
XV ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ хандығының батысындағы көршісі
Ноғай Ордасындағы саяси бытыраңқылық та қазақ хандарына тиімді болды. Ноғай
еліндегі саяси күрестің тереңдегені соншалықты, кейбір маңғыт билері XV
ғасырдың соңында билікке Мухаммед Шайбани ханды отырғызудға күш салады.
[8.56] XV ғасырдың50-ші жылдары соңында батыс Моғолстанда Керей мен Жәнібек
хандар негізін қалаған қазақ хандығы сол ғасырдың 60-ші жылдары берік
қалыптаса түседі. Көшпелі өзбектер мемлекетінің ханы Әбілқайырдың
өлімінен кейін Жәнібек хан, Бұрындық сұлтан және де басқа жошылық сұлтандар
Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр хан мұрагерлерінің билігін бір жолата жою үшін
күрес жүргізеді. 70-ші жылдарының басында бұл күрес сәтті аяқталып, Шайх-
Хайдар хан өлтіріледі, ал шайбанилық сұлтандар жан-жаққа тарап кетеді.
[9.32] Дешті қыпшақ хандығының билігі орнығады.
XV ғасырдың 80-жылдары Қазақ хандығының билігі Сыр өңірінің
оңтүстігіндегі қалаларға егіншілік өңірлерге таралуы жалғасуға бет бұрады.
Үшінші кезеңге жататын осы жылдардағы оқиғалар Қазақ хандығы тарапында да,
Мауереннахр билеушісіне сүйенген Мұхаммед Шайбани хан тарапынан да өте
қатандықпен, табандылықпен жүргізіледі. Себебі, қазақ хандығының билігі
оңтүстікке қарай неғұрлым тереңдеген сайын, Моғолстан да оған қарсы
әректтер жасай бастайды. Шайбани хан да аймақтың оңтүстігіндегі қалалар
өзінің соңғы тірегі, соңғы үміті екенін сезіп, оларды иеленіп қалу үшін,
одан бекініп, табан тіреп қалу үшін жан аямай күрестер жүргізеді.
XV ғасырдың 80-ші жылдарының бірінші жартысындағы Тұркістан аймағы
үшін күрестің тағы бір ерекшелігіне, Моғолстан ханының осы күреске тікелей
орналасуы жатты. Аймақтың солтүстік өңірі Қазақ хандығына қарағанын және
оған Мауереннахр тарапынан қарсылықтың болмағанын көрген моғол ханы Жүніс
хан 1482-1485 жылдары Сайрам мен Ташкент өңірін өз қоластына басып алды.
Моғол ханының бұл әрекетін Сыр бойындағы қалаларға ықпалы өсе бастаған
қазақ хандығының одан әрі күшеюіне жол бермеуден және аймақтың оңтүстік
өңірлерін иелену арқылы Монғолстанның Сыр бойындағы пайда көзін арттырудан
туындаған деп санауға болады. Бұл жағдайдың одан әрі даму Қазақ хандығы
мен Монғолстанның саяси қарым-қатынасынның қайшылықтары XV ғасырдың 90-шы
жылдарында, яғни Сыр өңірі үшін күрестің төртінші кезеңіде Қазақ хандығы
мен Моғолстан арасына соғысқа иеліктіретін бөліске түсіру жағдай туады.
1487 жылы Моғолстан ханы Жүніс қайтыс болып, орнына үлкен ұлы Сұлтан
Махмут хан отырады. Ол әкесінің игілігіндегі отырықшы аймақтарға және
Моғолстанға соңынан қосылған Сайрам мен Ташкент өңірлеріне билік жүргізді.
Оның ел басқарудағы тәжірибесіздігін ескеріп, Мауеренннахрдың билеушілері
Омар-Шайх мырза мен Сұлтан Ахмет мырза әрқайсысын өз беттерінше жеке
қимылдап, Ташкентті қайтарып алуға ұмтылады. Бірінші болып Ферғана әміршісі
Омар-Шейх мырза көп әскермен Ташкентке аттанады, бірақ қала түбінде ұрыста
жеңіліске ұшырағаннан, кейін қайтып оралады. Келесі жылы, шамамен 1489-1490
жылы Ташкентті алуға Самарқанд әміршісі Сұлтан Ахмет мырза күш жинақтап
салады. Сұлтан Ахмет мырзаның әскерінің ішінде 300 адамдық нөкерімен бірге
Мұхаммед Шайбани хан қатысады. Сұлтан Ахмет ханның жорығы және оның барысы
туралы жазба деректе мәліметтенді. [42.100]
1493 -1495 жылы Мауереннахрдың үш билеушісі 1-2 жыл ішінде қайтыс
болып, орындарына 12-16 жастардағы мұрагерлері отырады. Сұлтан Махмұт
хан осыны пайдаланып, Тұркістандағы істерден Мауреннахр істеріне ауысады.
Ал Бұрындық хан болса, Шайбани ханмен бейбіт келісім жасасады. Оны туыстық
байланыстармен нығайту үшін Қазақ ханы өзінің екі қызын шайбанилық
сұлтандарға ұзатады.
Осылайша, Бұрындық хан мен Шайбани хан арасындағы келісім, XV ғасырдың
соңғы ширегінде ұзақ уақытқа созылған Сыр бойы үшін жүргізілген күресті
уақытша болса да тоқтатты. Менің ойымша екі жақта Сыр өңірінің бөліске
түсіре алмағандықтан жиі-жиі ұрыстарға тап болған соң, екі жақтанда
көптеген шығындар жағалап кеткен емес, сол себепті екі жақта қалпына
келгенше ұрысты немесе соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. XV ғасырдың 70-ші
жылдарына дейін аймақта толығымен билік жүргізген Мауреннахр билеушілері
XV ғасырдың 90-шы жылдарында аймақтағы иелігінен толығымен
айналады. Аймақ XV ғасырдың соңында келісім-шартқа сай үшке бөлінеді.
Аймақтың оңтүстігі – Сайрам өңірі Моғолстанға, орталығы–Яссы, Отырар
өңірлері Мұхаммет Шайбани ханға немесе Мауреннахр иелігіне қарады. Қазақ
хандығы солтүстік бөлікке – Созақ, Сығанақ және Сауран өңірлеріне ие болды.
Бұл тек Бұрындық хан тұсында көрінген көрініс емес. Осы кезден ақ,
Қазақ хандығының жан-жақты өте ықпалы жоғары қалалардың өзіне біртіндеп өз
қарамағына ала бастады. Бағана жоғарыда айтылып кеткендей Мұхаммед Шайбани
ханның үзіліспен немесе уақыт аралық Қазақ хандығына жасалған жойқын
жорықтарын және де Сыр өңіріндегі қалаларын өзіне бағындрғысы келді.
Кейінрек айтылып кететін, қысқаша түсінік Дешті қыпшақ немесе Сыр бойының
айырмашылығын, кейін келе уақыт өткен сайын көлемінің өзгеруін көреміз.
Бұны айту мақсатымыз Мұхаммед Шайбани ханның Дешті қыпшақ жерінен Ұлы Жібек
жолы басып өтетін Сыр өңіріндегі қалалар. Олардың жергілікті халықты
нақтылай айтқанда Қазақ хандығын саяси, мәдени, қол-өнер, әлеуметтік, ең
бастысы экономикалық даму көзі немесе дамып келе жатқан ірі-ірі қалаларын
басып алу,өзіне қарату,өз елігіне кіргізу мақсат етті. Осылайша Мұхаммед
Шайбани ханның қазақ еліндегі қалаларына бірнеше жаулап алу әрекеттерін
жүргізді. Осымен қоса Шайбани хан өзіне бағындырған қамал, жерлерінне
тонаушылық әрект жүргізбеген, ол өз адамдарын сол жарге башылыққа
тағайындап кететін,бұның өзі Шайбани ханның саясаты жақсы жүргізгеннін
білуге болады. Тағы қосуға болатын дерек: Бұл жылдың басында Әбді әл-Кәрім
орнынан көтерілгенде, Мағди сұлтан оның қолының қарынан соқты. Оны қолға
түсіргеннен кейін шолушы жасақ жайпалды. Самарқанда да, Мырзаның сарайында
да болып жатқан аумалы-төкпелі жағдайды көргеннен кейін сұлтандар ерте
көктемде Шайбани ханға кетті, - біз бұдан Шайбани ханның өзінің бәрлік
сұлтан мен бектерді және тағы басқаларын біріктіре алатындығын дәлелдейді.
Дешті Қыпшақта Қазақ хандығының билігі түпкілікті және толығымен
орнығады. Ол Сыр өңірігің өз құрамына немесе иелігіне, қарамағына
кіргізгеннен кейін-ақ байқауға көрініс береді. Кім болсада қазақ хандығы
Мауреннахр немесе Моғолдар Сыр өңіріндегі қалалардың көп бөлігін
иемденгісі келді. ‡йткені бұл қалалардың барлығы пайаның қайнар көзінің өз
болды. Ол экономикасын жақса қарқында дамып, сонымен қатар әкери күшінің
күтілігін және әлеуметтік, саяси дамығанын көреміз. Сонымен қатар қала
арасындағы сауда айналысының және жоғарыда айтылып кеткендей µлы Жібек
жолында жатқандығынан болар сауданың немесе айырбастың жақсы қарқында
жүгендігі.
XV ғасырдағы қазақ ханды Түркістан аймағы үшін күреске келер болсақ.
Ол тек Түркістан қаласы үшін емес, ол аймақтың көп шоғырланған жерлердің
бірі Сыр өңірі үшін болған.
Осы бөлімді қорыта келе Сыр өңірірін көп иелігі болған жақтың, тез
арада әлеуметтік, экономикалық, әскери, этникалық және мал шаруашылықтан
орнығады.
Жоғарыда айтып кеткендей Мауреннахрдан Мұхаммед Шайбани хан,
Моғолдардан Сайд хан, қазақтардан Қасым хан осы елдер арасында болған Сыр
өңірі үшін үнемі болған қақтығыстардың себебі сол.
Уақыт өте Моғолдар Сыр өңіріндегі иеліктерінен айырылып қалады. Ол
иелігі Шайбани мен қазақ жеріне кіріп кетеді. Сөйтіп,Сыр аймағы Қазақ
хандығы үшін XV-XVI ғасырларда атқарған маңызы немесе орны бөлек.
Бұл бөлімінде менің негізгі қарайтын мақсатым Сыр өңірдерінің қазақ
хандығы үшін маңызын баяндап, осы өңіріндегі биліктің кім жүргізгенін және
себеп-салдарын анықтау.
Осы қойған мақсатқа жету және анықтау барысында,деректер мен арнайы
зерттеулерге сүйіне отырып, өзімнің ойымды ғылыми тұрғыда дәлелдеу сияқты
міндеттерді жеткілікті дәрежеде орындауға тырысамын.
Сыр бойының табиғаты өте бай. Көктемде бүкіл Сыр атырабына жайылатын
Дарияның мол суы қалың ағаштар мен жан-жануарларға тіршілік әкелетін. Басқа
елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Осыдан
келе Сырдың орта ағысы бойындағы қысқы жайылымдарды иелену, Сыр өңірі
арқылы өтіп жатқан сауда-керуен жолдарына бақылау орнату, аймақтағы
қалалардың экономикалық өміріне, сауда-айырбасына билік орнату секілді
экономикалық себептер XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бүкіл XVI ғасыр бойы
қазақ хандығын Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлерді иеленуге
итермелейді.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар үшін маусымдық
жайылымдар таңдау, көшіп-қону жұмыстары ерекше орын алады. Жекелеген ру-
тайпа мүшелерінен бастап, хан-сұлтандарға дейін бұл мәселе қоғамдық өмірде
басты назар болды. Оның бір дәлелі мынау – XVI ғасыр басында моғол ханы
Сұлтан Сайд хан Қасым ханды шайбанилық сұлтандарға қарсы күреске
шақырғанда, Қазақ ханы: Шайбанилықтарға бұл
мезгілде жорық ұйымдастыру қиын болады, себебі дала тұрғындары бұл мезгілде
қыстау, қысқы жайылым мәселелері толғандырады, соған байланысты әскер жию
дәл қазір жүзеге аспайтын іс, - деп жауап қайтарады[21.99]. Моңғол ханның
Қасым хан Ордасында болған кезі жаздың соңғы-күздің басы екен. Қасым ханды
Моңғол ханның шақыруынан бас тарқызған басқа себептер болса да, Қазақ ханы
қарамағындағы елдің шаруа қамын сылту еткені ерекше орын алады. Сондықтан-
ақ қыстың қамын жазда ойла деген халық мәтелі ертеден бері көшпелі
шаруашылықпен айнралысатын тайпаларға мал қыстауды, қыс айларында болатын
ауырпалықтарды көруге алдын-ала қамдан деп ескертуден туса керек.
Төрт түлік мал көшпелі тайпалардың ең басты байлығы болып
саналғандықтан, олар қыстауға, қысқы жайылымдарға ерекше көңіл бөледі.
қыстау үшін таңдалған жер ойдағыдай болуы үшін мынандай шарттар қажет, -
деп жазады П.Мендевский. Ол:
1) Желден,бораннан жақсы қорғанған болуы керек;
2)қалың қар болмау керек;
3)қар астында шөп болу керек;
4)Мұмкіндігінше,су көзінің қасында болу керек;
5)көп мөлшерде және көп қиындықсыз отын жинау мүмкіндік болу керек;
6)қамысқа,құрғақ шөптерге жақын болу керек[22.37].
XIII ғасырдың ортасындағы Дешті қыпшақ тайпаларының шаруашылығы
жөнінде Вилгельм Рубрук былай деді: қыста олар оңтүстікке, жылы аймаққа
қарай көшеді. [22.33] Қысқы жайылымдардың орны жөнінде Н. Е. Масанов
Евразия номадтарының қысқы жайылымдары кейбір жағдайларда болмаса,
негізінен оңтүстікте, көшпелі ареалдық далалық аймағында орналасты. Таулы
аймақтарда қысқы жайлаулар тегістік жерлерде,кейде тауда 200-300километір
жерде өзендермен көлдерге жақын жерлерде болады - деп жазады. [40.21]
XVI ғасыр басындағы қазақ халқының өмірі мен шаруашылығы туралы мол
мәліметті ибн Рузбехан береді. Дешті қыпшақ далаларында суық түсе
бастағанда, қазақтар қысқы тұрақтарына қарай көшеді, - олардың қыстауылары
бүкіл төңірегі түріктер қамыш деп атайтын өсімдікке толы ... Қазақтардың
қысқы тұрақтары Сейхунның бойында 300 фарсахтан астам жерде созылып жатыр.
Олар Сейхун жағалауына жеткенде Түркістан аймағына таяйды, - деп жазады.
[5.56]
Ибн Рузбеханның бұл мәлімет XII ғасырда жазылған Вильгельм Рубрук
мәліметімен сабақтас. Осы мәліметтерден біз,Сырдария өзенінің төменгі және
орта ағысы бойындағы жерлердің Дешті Қыпшақ тайпаларының жайылымдары
болғандығын көреміз.
XI ғасырдың басынан бастап және оңтүстік өңірі табиғатының жылылығына
байланысты бұл аймақтағы халық Арал маңына көшеді. Негізгі шауашылығы
көшпелі мал шаруашылығы болғандықтан, Сыр өңірі бойындағы жайылымдар Дешті
Қыпшақтың басқа да аймақтарымен бірге қыпшақ тайпаларының біртұтас
шаруашылық кеңестігін құрайды. Қыпшақ дәуірінен бері Сыр өңірі Дешті
қыпшақтың шаруашылық тұрғыдан алғандағы құрамдас бір бөлігі ретінде
қалыптасады.
XIVғасырда Сыр өңірі бойындағы жайылымдардың Ақ Орда хандарына
қарағанын дерек мәліметтері дәлелдейді [8.27]. Сондай-ақ XV-XVI
ғасырларда Сыр бойындағы Ақ-Қорған, Сауран өңірлерінде жайылымдар болғанын
дерек мәліметтері арқылы білеміз [9.11]. Бұдан шығатын
қорытынды – қыпшақтар заманынан қазақ хандығы құрылғанға дейін Сыр бойы
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қысқы жайылымдық жерлері
ретінде пайдаланылатын болды. Алайда XIV ғасыр соңында Ақсақ Темірдің
жаулап алуына байланысты Сыр бойындағы жерлер Дешті Қыпшақтың біртұтас
шаруашылық жүйесінен бөлінеді.
Алтын Орда тағына Ақсақ Темір көмегімен келген Тоқтамыс ханның
Мауреннахр билеушілерінің күресінің, одан кейін Барақ ханның Ұлығбек
мырзамен, көшпелі өзбектер мемлектінің негізін қалаушы Әбілқайыр ханның
темірлік әмірлермен күрестерінің салдарынан бөлінген аймақты Дешті
Қыпшаққа қатар біріктіру қажеттілігі туды. XIV-XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ
билеушілері үстемділігінің тұрақты және ұзақ сақталуы көп жағдайда
жергілікті ру-тайпа көсемдері мен әмірлерінің қолдауына тікелей байланысты
болды. Ал ру-тайпа көсемдері мен әмірлерінің экономикалық тұрғындағы басты
мүддесі –жақсы жайлаулар мен жайылымдарға ие болу еді. XV ғасырдың
70-ші жылдарында Дешті қыпшақта өз билігін орнатқан Қазақ хандығының
алдында Сырдың орта ағысы бойындағы жайылымдарды өздерне қайтару міндеті
тұрды.
Сөйтіп, Сыр өңірі XI ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың бір құрамдас бөлігі
болды, сонымен бірге ортақ саяси, шаруашылық, мәдени және этникалық
тұтастықты қалыптастырды.
К.А.Пищулина егіншілікке жарамды, суармалы жерлер, негізінен қалалар
мен елді мекендер төңірегінде орналасты, ал қалған даланың тау етгіндегі
және жағалаулардағы кең жерлер бос болды. Олар қыста мал ұстауға өте
қолайлы еді, - деп жазды. [3.10] Аймақтағы мұндай мал
қыстатуға қолайлы жерлер ханның немесе сұлтанның иелігінде болды. Әрбір
ұлыста Шыңғыс хан ұрпағының бір сұлтаны толық билік жүргізді. Олар өзіне
бағынышты тайпасымен белгілі бір жерде ежелгі жұртында, сонау Жошы хан мен
Шайбани хандар дәуірінен бері отыр және олар сондағы жайылымдарды
иеленеді, - деп мәлімет береді Рузбехан[1.51]. Бұл жағдайлар Сырдария
бойындағы қысқы жайылымдарға да қатысты болған, - дейді К.А.Пищулина
[2.112]. Сұлтандардың орналасуы мен алып жатқан жерлерді Ясса бойынша
қатаң сақталып отырды, - делінеді жазба мәліметте. [17.30]
XVI ғасыр басында Сыр бойында қысқы жайылымдары бар сұлтандарға: Жаншы
сұлтан және оның ұлы Ахмет сұлтан, Таныш, Қасым сұлтандар жатты. [14.57]
Олардың әрқайсысы өзіне бағынышты ру-тайпасымен Сыр бойындағы
қысқы жайылым ауданында болды: Жаныш сұлтан Сыр бойындағы қара Абдап деген
жерде, оның он бес күндік жерде Бұрындық ханның қысқы жайылым, сондай-ақ
осындай қашықтықта Таныш және тағы басқа сұлтандардың қыстаулары
орналасады. [15.39]
Сыр өңірі Дешті қыпшақтың көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын
тайпалары үшін зор маңыз атқарады және сол шаруашылық жүйесінің Дешті
Қыпшақ секілді құрамдас бөлігі болды деп санаймыз. Сондықтанда бұл
аймаққазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда күнделікті тұрмыс-тіршілік
барысында ерекше маңызға ие болады.
XVI ғасыр соңында Сыр өңірі түпкілікті Қазақ хандығының құрамына
енеді. Ал XVIII ғасырдан бастап, Мауреннахр билеушілері тарапынан бұл
өңірді иелену жолындағы күрестер тиылды. Оған біріншіден, осы кездегі
Мауреннахрдағы саяси бытыраңқылық, екіншіден аймақтық – экономикалық
жағынан төмендеуді ықпал етті. Ал, Қазақ хандығы аймақтық қалалардың
экономикалық құлдырауына қарамастан, онда мықтап табан тіреді. Өйткені Сыр
өңірі бұл кезде Дешті Қыпшақпен бірге тұтас шаруашылық, саяси, этникалық
және мәдени кеңістікті құрауды аяқтаған еді.
Келесі тоқталатын мәселе, ол Сыр өңіріндегі қалалардың қазақ хандығы
үшін атқарған саяси-экономикалық маңыздарына тоқталып өттік. Енді аймақтың
қазақ хандығы мен оның басқа елдермен экономикалық байланысына, екі жаққа
тигізген әсерінің маңыздылығына талдау жасап кетейік.
Көшпелі қоғамның өмір сүру ортасы ғасырлар бойы тарихи дамудың
нәтижесінде тұрақтылыққа ауысқанда көшпелі өмір отырықшы өмірмен бірге
шаруашылық байланыстар арқылы мықты бекінген тұтас бір комплексқұрайды
[16.59-60]. Көшпелі және отырықшы тұрғындардың өзара экономикалық
байланысы сауда-айырбас түрінде, қала мен елді мекендер арасында мал
шаруашылығының өнімін сату, айырбастау түрінде жүзеге асырылып отырды.
Ғасырлар бойы тарахи даму процесі нәтижесінде обьективті экономикалық
байланыстар нығайып, дамиды. Қалалардың саудадағы рөлінде тоқтала келе,
Р.Г.Мукминова Саяси билік тұрақталғанда Мауреннахр қалалары мен көшпелі
тайпалар арасындағы сауда-айырбас қатынасы өсті, тіпті соғыстар мен
феодалдық өзара қырқысулар кезінде де бұл екі жақты өзара байланыстар
үзілген жоқ, - деп атап көрсетеді. Бұл ойдың растығын біз XV-XVI ғасырлар
шеніндегі Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағындағы оқиғаларды баяндайтын
жазба дерек мәліметтерінен көреміз. XV ғасырдың соңында Қазақ хандығы мен
Шайбани хан арасында Сыр өңірі үшін ұрыстар өршіп тұрған кезде, сауда
керуендерінің үзілмегендігін дерек мәліметтері айғақтайды.
Түркістан аймағының XIV-XVIғасырларда гүлденуіне оның Дешті қыпшақпен
экономикалық байланысты ықпал етті. Қолөнер өндірісі дамыған Отырар
қаласының әртүрлі тұтыну бұйымдары аймаққа, сондай-ақ Дешті Қыпшақ жеріне
тарап, өткізілді. Ал аймақтың тоқымашылық, тігіншілік, былғары иелеу
секілді кәсіпшілігіне шикізат тек қана Дешті Қыпшақтан келіп тұрды. Ибн
Рузбихан мәліметтерінде отырықшы қарым-қатынасы нәтижесінде әшекейлі
заттар, кілемдар мен киім-кешектер, алтыннан және күмістен жасалған
бұйымдар алатындығы туралы айтылады. [20.53] Қазақтардың саудагерлері
үнемі мұсылман елдеріне барған еді және барып тұратын, сондай-ақ мұсылман
елдерімен саудагерлері оларға да үнемі барады, - деп жазады Михман наме-
йи Бухара авторы Дешті Қыпшақ пен Түркістан, Мауереннахр арасындағы
экономикалық байланыс туралы. [21.26]
Ғасырлар бойы көшпелі өмір мен отырықшы өмір арасындағы обьективті
экономикалық байланыстар екі жаққа да тиімді болды, екі жақтың ішкі
экономикалық өмірлерінде үлкен роль атқарды. Экономикалық байланыстардың
субьективті түрде үзілуі заңды түрде қарсылықтар туғызды. Мухаммед Шайбани
ханның XVI ғасыр басында қазақтармен экономикалық байланысты үзу туралы
жарлығына қарсы, қазақтар тарапынан қарсы әрекет жасалды. [22.62]
Қазақ хандығы үшін Түркістан аймағының айрықша маңызына қазақ халқының
отырықшы-егіншілік өңірлерімен сауда байланыстарының тұрақтылығын
қамтамасыз етуге ұмтылуы жатты. Әсіресе, аймақтағы ірі сауда орталықтарына
бақылау орнату, егіншілік аудандардан салық жинаудан түсетін пайда Қазақ
хандығы үшін аймақтың экономикалық маңызын өсіре түстеді. XVI ғасыр
соңында аймақ территориясы түгелімен Қазақ хандығының құрамына өткенде
Қазақстанның басқа аймақтарымен байланысы одан әрі тереңдей түседі. Қ. М.
Байпақов аймақ жерінен Орталық Қазақстан далаларына жаңа дәуірге дейін
жұмыс істегенін жазады. [23.53]
Қорыта айтсақ, тұтастай алғанда Түркістан аймағы мен Дешті Қыпшақ
арасындағы экономикалық байланыстар екі жақ үшін де үлкен роль атқарады.
Екі аймақ біртұтас экономикалық жүйе ретінде қалыптасып, бір-біріне тәуелді
болады. XVI ғасырдың соңында аймақтың Қазақ хандығына енуі осы экономикалық
қажеттіліктерден туындаған деп санаймыз.
Қазақ хандығы үшін аймақтың геосаяси және әскери-стратегиялық
маңыздары ерекше болды. Сыр өңірі Дешті Қыпшақты оңтүстікте Мауереннахрмен,
шығыста Моғолстанмен, оңтүстік-батыста Хорезммен байланыстырады. Аймақа
қалалары арқылы экономикалық, мәдени, діни байланыстар Қытай, Хотан,
Қашғар,Хорезм, Харасан, Иран және орыс қалаларымен жалғасады. [24.91-100]
Аймақта территориясын тұтастай алып қарағанда, Дешпі Қыпшақтың
оңтүстігіндегі үлкен қорғаныс шебі, қамалы болып саналады. Сондай-ақ Қазақ
хандары аймаққа ие бола отырып, Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайын бақылап
отыруға, қажет болған жағдайда тосынна жорықтар жасауға мүмкідіктер алды.
Ал Мауреннахр билеушілерінің Қазақ хандығына қарсы жасаған әскери қимылдады
аймақтың мықты бекіністері–Сығанақ, Сауран, Созақ, Яссы, Отырар және
Сайрам қамалдары түбіндегі ұрыстарда шектеліп, одан әрі Дешті Қыпшаққа
қарай өрістемейді. XVIғасыр басында Мухаммед Шайбани ханның қазақтарға
қарсы жасаған жорықтары осы аймақта өтті. [25.45]
Сондай-ақ XVI ғасырдың ортасы мен соңындағы шайбанилық сұлтандардың
Қазақ хандығына қарсы бағытталған жорықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы
Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Ноғай ордасы мен саяси тарихы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаю кезеңдері
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІНДЕГІ ҚАСЫМ ХАННЫҢ РӨЛІ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ СОҒЫС ӨНЕРІ
Пәндер