Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері



Жоспар

І Кіріспе
Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері

ІІ Негізгі бөлім
а) М.Дулатов 1904 жылы алыс сапары
б) М.Дулатовтың шығармашылық мұрасы
в) Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ғалихан Бөкейханов
үшеуінің өкіметке қарсы істері

Пайдаланылған әдебиеттер
Міржақып Дулатұлы
Дулатұлы (Дулатов), Міржақып (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы. Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады. Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Торжанов және Мусин Педагогика тарихы
2. Абиев Педагогика тарихы
3. Бабаев, Құдиярова, Абиев Педагогика

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері
ІІ Негізгі бөлім
а) М.Дулатов 1904 жылы алыс сапары
б) М.Дулатовтың шығармашылық мұрасы
в) Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ғалихан Бөкейханов
үшеуінің өкіметке қарсы істері
Пайдаланылған әдебиеттер
Міржақып Дулатұлы
Дулатұлы (Дулатов), Міржақып (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті
ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы. Әкесі -
Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі
тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы
Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып,
білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі
жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда
оқып, ауылда қызмет етіп, ауыл мұғалімі атанған зерделі жас ауыл
тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле
түршігіп, тебірене толқиды.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық
ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! деп бар даусымен жар салады. Өз бетінше
талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық
ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып,
дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден
бұрын сезеді.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: Көзіңді
аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты деп жырымен
жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл
халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық
ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: Оян,
қазақ! деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы
қазағын құлағының түбінен маса болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат
тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен
қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен
қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр
талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да
үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр
еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де,
шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған
халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы
оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай,  Ахаң Жахаң деп
бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін
күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың
қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын
өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап
жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында
болды. Жалынды сөзімен де, тыныдырымды ісімен де, жеке басының жүріс
тұрысымен де ол өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, оларды халық ісіне
алаңсыз берілуге үндеді. Оның публицистикалық толғауларынан шағын
өлеңдеріне дейін, Бақытсыз Жамал романынан газет журналдардағы шағын
мақаласына дейін халық мүддесіне арналды. Сонымен бірге ол Ахмет ағасы
секілді жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді, халықтың
пайдалы әдет ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды.
Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік міндетті қосарлап көтеруі де
Міржақыптың халқын беріле сүйетіндігінің айғағы еді. Ел бейнетіне өгіз
болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған Жақаң: Ем таба алмай дертіңе мен
ертеден, Сол бір қайғың өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп
көрпеден, Еңсең неге түсті мұнша, елім ай деп, дүниеден арманда кетті.

Оян, қазақ
Оян, қазақ. М.Дулатовтың белгілі өлең жинағына қатысты кейбір мұрағат
құжаттары жайында.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.

(М.Дулатов, Оян, қазақ)
Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше
орын алған ХХ - ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін
де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт
үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың
қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады.
Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын
мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ
азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн.
Басым көпшілігі сауатсыз, қараң-ғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша
өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ. Соның
үшін де А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп “Масасын”
ұшырды. М.Дулатов “Оян, қазақ!” деп ұран салды. С.Торайғыров “Қараңғы қазақ
көгіне, өрмелеп шығып күн болам” деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс
газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды
шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды.
Әрине, мұндай белсенділік, батылдық озбыр да өктем патша өкіметі назарына
бірден ілігіп, қатты қысым көрді. Көптеген арыс азаматтар жауапқа тартылып,
түрмеге жабылды. Елге “іріткі” салуларына қатаң тыйым салынды.
Осындай зорлық-зомбылықтардың кеңінен орын алғанын сол кездері қазақ
даласын басқару орталықтары болған Омбы, Орынбор мемлекеттік мұрағаттарында
күні бүгінге дейін сақталған құжат-қағаздар айғақтайды. ХХ- ғасырдың оныншы
жылдарында жарық көріп, қазақ даласына жаумай жасын түскендей әсер еткен
Міржақып аға Дулатовтың “Оян, қазақ!” өлеңіне қатысты қозғалған өндір-істік
іс құжаттарын Омбы облыстық мемлекет-тік мұрағатынан ұшырастырдық. Сөз
арасында айта кетейік, жалпы біз, маңызды білім беретін “Болашақ” институты
осы Омбы облыстық мемлекет-тік мұрағатымен тығыз шығармашылық байланыс
орнатқанбыз. Ондаған жылдарға созылып келе жатқан ғылыми-зерттеу
тұрғысындағы жұмыстардың нәти-жесінде мұрағатта сақталған құжаттардан
түзілген “Мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия” (4-том) дүниеге келді.
Ол оқулықтар кезінде көзі қарақты білгір ғалым-мамандар тарапынан лайықты
бағасын алды, бүгінде оқу орындары студенттерінің оқу үрдісіне кеңінен
пайдаланатын қалаулы құралына айналған.
Біз бүгін жоғарыда аталған “Оян, қазақ” өлеңіне қатысты құжаттар
төңірегінде сөз өрбітпекпіз. Ол үшін М.Дулатов өміріне қысқа-ша шолу жасай
кеткен орынды болмақ.
Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей шағын шаруашылығы
бар, көзі ашық адам болса керек. Балаларының үлкені Асқарды әуелі
мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне бейімдеп үлгерген Дулат
кіші баласы Міржақыпты да сол үрдіспен алдегенде ауыл молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен.-Н.О.) өз айтуынша,
екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін, әкесі оны
молдадан шығарып алып, ауылдық мектепте орысша оқытатын Мұқан Тоқтабайұлы
деген мұғалімнің тәрбиесіне береді.Сөйтіп, Жақаңның өнер-білім жолындағы
ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістері бастау алады.
Бұл ретте айта кету керек, жаңағы Мұқан мұғалім де, одан кейінгі Ахмет
(Байтұрсынов), Асқар, Міржақыптар да халықтың шын жанашыры болып туып, оның
нұрлы болашағын ойлап, жанкештілікпен атқарған алып қызметінің арқасында
мәңгілік маңызы бар іс тындырған, Торғай топырағына сарқылмас білім нәрін
сеуіп кеткен Ыбырай атамыздың, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин мектебінің
түлектері еді.
Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жас өскін Міржақып
Асқар ағасының қамқорлығында, тәрбиесінде болады. Ол 1902-жылы жоғарыда
аталған Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебін ойдағыдай бітіріп
шығады. Содан алты-жеті жылдай ауыл мектептерінде бала оқытады, ағартушылық
ісімен айналысады.
Көзі ашық, көкірегі ояу, қабілеті кемел азаматтың кейінгі өмірінде кеңінен
өріс алған белсенді, әлеуметтік, саяси шығармашылық қызметі, міне, осы
кездерден басталады. Бұл кезең ХХ- ғасырдың басы. Талайдан бері өз ырқы өз
қолынан шығып, телімге түсіп кеткен қазақ халқының томаға-тұйық қалыптан
оянып, бас көтере бастаған шағы. Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл
кезең патша өкіметінің қазақ даласында отаршылықты күшейтіп, шаруашылық
жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге езгісін асыра түскен
жылдар еді.
Мұндай жағдай сол кездері көздері ашылып, сана-сезімдері оянып, халқының
қамын ойлай бастаған қазақтың алдыңғы қатарлы, озық ойлы азаматтарына
қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қалтарыс қалып, тымырсық
жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Бастапқыда таза
ағартушылық сарында туындап, сонан соң барып саяси сипат алған бұл қозғалыс
патшалық биліктің саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің түрлі аймақтарында,
әсіресе түркі тілдес халықтар арасында ұлт-азаттық, либералдық-
демократиялық тұрғыдағы сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық
әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсетті.
Міне, осындай тарихи ахуалда, жас ұрпаққа білім беріп жүрген Міржақып
сияқты көңілі сергек, көкірегі ашық жас мұғалімнің халықтың тағдырына
байланысты саяси-әлеуметтік мәселелерден тыс қала алмағаны заңдылық еді.
Осы орайда жасы жиырмаға толмаған балаң жігіт тынымсыз ізденіс үстінде
болып, көңілге түйгенін де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Зерттеудің жетекші идеясы
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Қазақтың шығу тегі
ЛОГИКА (Экономикалық математика) Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 1 - 4 – сыныптар
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Пәндер