MS Access программасының программалық құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін шешу



КІРІСПЕ
І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1 Мәліметтер базасына кіріспе 1.2 Мәліметтер базасы ортасы 1.3 Реляциондық модель 1.4 Мәліметтер базасын жоспарлау 1.5 ER модель концепциясы 1.6 Нормализациялау 1.7 МБ концептуалдық жобалаудың методологиясы 1.8 Логикалық жобалаудың әдісі 1.9 Физикалық жобалаудың әдісі 1.10 SQL тілі 1.11 SQL тілінің қосымша құралдары 1.12 QBE тілі 1.13 Мәліметтер базасын қорғау 1.14 Транзакцияларды басқару 1.15 Сұраныстарды өңдеу II ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ 2.1 Есептің қойылымы 2.1.1 Есептің сипаты 2.2 Кіру ақпараты 2.3 Шығу ақпараты 2.4 Тапсырма шешімінің алгоритмі 2.5 Қолданушыға арналған бөлім III БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ 3.1 Жеке бағдарламалық моделін сипаттау 3.2 Бағдарламалар жұмысын тестілеу ҚОРЫТЫНДЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Автоматтандырылған жұмыс орны - ол, маманның ақпараттық және
есептеуіш қажеттіліктерін жедел қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және
оның жұмыс орнында орналасқан құрылғылық және программалық құралдар
комплексі. Әдетте бұндай құрал дербес компьютер болып табылады.
Қажеттігінше басқа да қосымша электрондық құрылғылармен жабдықталған, ал
нақты айтқанда: дисктік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құрылғылармен,
оптикалық оқығыш құрылғылармен және графика құрылғыларымен, басқа АЖО бір
арнада жұмыс істеу құралдарымен, жергілікті есептеуіш тораппен және т.б.
АЖО ортасында маманнан қосалқы және жүйелік программалау бойынша арнайы
біліімді қажет етпейді. Одан зерттеліп отырған құбылыстың қолданушы
аймағында бейімделу қабілетті болуы талап етіледі. Осымен қатар, АЖО
негізгі қызметі – жұмыс орындарында ақпаратты орталықтандырылған,
автоматтандырылған өңдеу, АЖО және дербес компьютер жергілікті тораптарына,
сонымен қатар, ауқымды есептеуіш тораптарға кіру кезінде өзіміздің сәйкес
мәліметтер базасын қолдану.
АЖО қамтамасыздандыру үшін қажет техникалық құралдар құрамы
орындалатын жұмыстардың сипатына және нақты шарттарына тәуелді, бірақ, банк
ақпараттарын өңдеудің автоматтандырылған жүйесімен басқару аппараты үшін
терминал құрылғыларының типтік структурасын ұсынуға болады: ДЭЕМ базасында
басқару құрылғысы, дисплей, иілгіш магниттік дискілерде жинақтауыш,
мәліметтерді теруге арналған клавиатура, принтер және т.б.
АЖО техникалық қамтамасыздандырудың бұндай құрамы сәйкес программалық
құралдармен бірге экономикалық есептерді шешуге, құжаттарды жедел түзетуді
орындауға, графикалық, кестелік, тексттік құжаттармен диалогтық жұмысты
және әртүрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді, яғни қойма
қызметкерінің жұмыс үстелі метафорасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Практикалық жұмысымда тауарлар қоймасының қызметкеріне арналған АЖО
қарастырылады. Практикалық жұмыс теориялық және тәжірибелік бөлімнен
тұрады.
Теориялық бөлімде материалдар қоймасының программалық қамтамасыз ету
мәселелері қарастырылады. Тәжірбиелік бөлімде тапсырма объектіге
ыңғайланған программалау тілі MS Access-ті қолдана отырып шешілген.
Практикалық жұмыстың мақсаты - MS Access программасының программалық
құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін
шешу, бұл өз кезегінше шаруашылық субъектісінің қызметінің басқару құрал-
жабдығын жақсартады.

Коммунальные предприятия являются естественными монополистами и их
деятельность регулируется правительством во избежание злоупотреблений
монопольной властью.

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. Мәліметтер базасына кіріспе

60-шы жылдары мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) деп аталатын
арнайы программалық кешендер құруға әкеліп соқтырды.
- Мәліметтер базасын ұйымдастыру үшін файлдық жүйелерді
қолданудың алғашқы тәжірибесі бастау болды. Файлдық жүйелер
үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеудің әртүрлі мәселелерін тапты
және мәліметтер базасы теориясының дамуына негізгі бағыттарды
қалады.
Қолданбалы ақпараттық жүйе, осы қасиеттері бар қандай да бір
мәліметтерді басқару жүйесіне сүйенетін болса, онда бұл мәліметтерді
басқару жүйесі мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) болып табылады.
Тексттік редакторлердің де, кестелердің де, графиктік редакторлердің де
мүмкіндіктерін пайдаланатын интегрирленген пакеттерді жасауға талпыныс
байқалып отыр. Бірдей операцияларды – мәліметтерді жасау және өңдеу деген
сияқты, орындау үшін арналған әртүрлі программалардың көп болуы, ақпараттың
әртүрлі үш негізгі түрі болуымен байланысты: сандық, графиктік, тексттік.
МББЖ ақпаратты сақтауға көбінесе қолданылады, олар осы мәліметтердің
барлық типтерін, бір бүтінге біріктіруге мүмкіндік береді. Қазір ақпараттың
басқа екі түрі дамып келеді: дыбыстық және видео ақпараттың. Олар үшін
әлден редакторлары жасалған және енді олар мәліметтер базасының үзілмес бір
бөлігі болулары да ғажап емес.
Келтірілген анықтама иерархиялық және желілік МББЖ-лардағы қойылған
бағыт көрсетушілер үшін орын қалтырмайды. Осыған қарамай, МББЖ бабаұрпақ
қатынасын да жүзеге асыра алады, алайда, бұл қатынастар кестелердегі
мәліметтер мәнімен ғана келтіріледі.
МББЖ-ның негізгі ерекшелігі – бұл тек мәліметтердің өзін ғана емес,
сондай-ақ олардың сипаты мен құрылымын сақтау мен енгізуге арналған
процедуралардың бар болуы.
МББЖ басқаратын және сақталған мәліметтердің сипаттамаларынан тұратын
файлдарды, мәліметтер банкі деп атай бастады, содан соң мәліметтер базасы
деп атады. МББЖ жұмыс ұйымдастырудың типтік сызбасын келтірейік (сурет 1).

Сурет 1. МББЖ-ны қолданғанда программалар мен мәліметтердің байланысы

2. Мәліметтер базасы ортасы

Модельдер үш категорияға бөлуге болады.Олар:обьектілі, жазу негізінде,
физикалық. МББЖ қолданушыларға мәліметтерді сақтауға, шығаруға, жаңартуға
мүмкіндік беруі керек. МББЖ-ның қолданушыларға арналған каталогы болуы
керек. Онда мәліметтер элементтерінің бейнеленуі сақталған.
МББЖ-ның негізігі мақсаты ол қолданушыға ақпаратты автоматты түрде
беру. Комитет үш деңгейлі архитектураны қолдануға шешім қабылдады. Олар:
ішкі, сыртқы, концептуалды.Қолданушы қабылдайтын деңгей ол сыртқы болса, ал
МББЖ және операциялық жүйе ішкі жүйе арқылы қабылдайды. Концептуалды
дегеніміз ол МБ-да қандай мәліметтер бар, олардың бір-бірімен байланысын
суреттейді.
МББЖ- ның мәліметтермен жұмысының ішкі тілі екі бөліктен тұрады:
Мәліметтерді анықтау тілі және мәліметтерді басқару тілі.DDL-тілі
мәліметтер схемасын анықтауға қолданылса, DML – тілі ол мәліметтерді
жаңартуға және оқуға қолданылады.
Мәліметтерді басқару операцияларына жататыңдар:
- мб -на жаңа мәліметтер еңгізу;
- мб-да сақталған ақпараттарды модификациялау;
- мб-да бар ақпараттарды шығару;
- мб-нан ақпараттарды өшіру.
Мәліметтер моделі деп мәліметтерді бейнелеуге арналған түсініктердің
интегрирленген тобы. Мәліметтер моделін мына үш компоненттердің қосындысы
ретінде көруге болады:
- құрылымдық бөлім, МБ құрыла алатын ережелер тобы;
- басқару бөлімі, мәліметтермен операцияларды жасай алатын типтер;
- мәліметтердің тұтастылығы.
ANSI-SPARC архитектурасының ерекшелігі ол схема туралы, қолданушылар
туралы мәліметтері бар жүйелік каталогтың бар болуы. Жүйелік каталог немесе
мәліметтер сөздігі ол ақпараттарды сақтаушы. Жүйелік каталогта келесі
ақпараттар сақталады:
- элементтердің аты, типі, көлемі;
- қатынас аты;
- тұтастылыққа шектеулік;
- мәліметтерге рұқсаты бар қолданушылардың аттары;
- ішкі, сыртқы, концептуалды схемалар;
- статистикалық мәліметтер.
Жүйелік каталогтың келесі ерекшеліктері бар:
- мәліметтер жайлы ақпараттар орталықтандырылған бірге жерге
жинақталып және сақталады;
- ақпараттардың мәнін түсінуге болады. Ол мәндер арқылы басқа
қолданушылар ақпараттың не үшін керек екендігін біледі;
- хабарламалар жеңілдейді;
- орталықтандыру арқасында жетіспеушіліктер немесе ақаулар жеңіл
табылады;
- мб-на жасалған өзгерістер протоколданады;
- қауіпсіздігі жоғарланады;
- біртұтастылық;
- сақталатын ақпаратқа аудит жасалады;

1.3 Реляциондық модель

60-шы жылдардың аяғында, әртүрлі кестелік даталогиялық мәліметтер
моделінің қолданылуы мүмкін болатын жұмыстар талқыланып жатты, яғни
мәліметтерді ұсынудың үйреніп қалған және табиғи әдістерін қолдану
мүмкіндіктері. Олардың ішіндегі маңыздылауы IBM фирмасының қызметкері д-ра
Э.Коддтың (Codd E.F., A Relational Model of Data for Large Shared Data
Banks. CACM 13: 6, June 1970) мақаласы болды, бұнда, насада бірінші рет,
"реляционды мәліметтер моделі" термині қолданылды.
Э.Кодд мәліметтерді өңдеу үшін көптік теориясының аппаратын
(біріктіру, кесіп өту, айырма, декарттық көбейтінді) қолдануды ұсынды. Ол
кез-келген мәліметтерді ұсыну, математикада қатынас – relation ретінде
белгілі, ерекше түрдегі екіөлшемді кестелердің жиынтығына келетінін
көрсетті.
Бір жұмыс аумағында, фамилия, есімі және әкесінің аты бір мән ретінде
қаралатын болса, еіншісінде - әртүрлі үш мән ретінде қаралады. Реляциондық
моделдердің мәліметтерінің ең аз бірлігі – бұл мәліметтердің осы модел
үшін атомдық (бөлінбейтін) мәні.
Домендардың мәні келесіде жатыр. Егер екі атрибуттың мәндері бір
доменнан алынаты болса, онда осы екі атрибутты қолданушыларды салыстырудың
мәні бар болуы керек (мысалы, транзиттік рейс ұйымы үшін Астанадан
Алматыға дейінгі ұшу уақыты, Семейден Астанаға келуден көп уақыт алатын
рейстарды беру сұранысын беруге болады. Егер екі атрибуттың мәндері
әртүрлі домендардан алынса, онда оларды салыстырудың мәні болмай қалады:
рейс номерін билеттің бағасымен салыстырудың қандай қажеті бар?
Бірінші дәрежедегі қатынас – унарлы, екінші дәрежедегі – бинарлы,
үшінші дәрежедегі – тернарлы, ..., ал n дәрежедегі – n-арлы. Кардиналды
сан немесе қатынас қуаттылығы – бұл олардың кортеждерінің саны. Қатынастың
кардинальды саны уақыт кеңістігінде өзгереді, оның дәрежесі өзгешелігі осы.
R-қатынас, атрибуттары A1, A2, ..., An. Көптік атрибуттар K=(Ai, Aj,
..., Ak) R-қатынасындағы мүмкін R кілті болып табылады, сонда және сонда
ғана, уақытқа тәуелсіз екі шарт қанағаттанады:
1. Уникальдылық: еркін берілген уақыт кезінде ешбір екі түрлі R
кортежінің Ai, Aj, ..., Ak үшін бір мәні жоқ.
2. Минимальдылық: Ai, Aj, ..., Ak ешбір атрибуттары уникальдылық
бұзылмай K-дан шығарып тасталына алмайды.
Мүмкін кілттердің біреуі (еркін әдіспен таңдалған) оның бірінші кілті
ретінде қабылданады. Қалған мүмкін кілттер, егер олар болса, альтернативтік
кілттер деп аталады. Әрбір қатынастың ең болмағанда бір мүмкін кілті бар,
өйткені тым құрығанда оның барлық атрибуттарының комбинациясы уникалдылық
шартын қанағаттандырады.
Реляционды МББЖ құру үшін жоғарыда айтылған және басқа кейбір
математикалық ұғымдар, олардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін сәйкес
программалық жүйелерді және тілдік құралдарды жасау үшін, және мәліметтер
базасын жобалау теориясының негізін құру үшін теоретикалық база болып
табылды. Алайда, реляционды МББЖ-лардың массалық қолданушылары үшін осы
ұғымдардың формальды емес ұғымдарын қолдануға болады:
Реляционды мәліметтер базасы – бұл МБ-да сақтаулы керек барлық
ақпараттардан тұратын қатынастар жиынтығы. Алайда қолданушылар, бұндай
мәліметтер базасын кестелердің жиынтығы ретінде қабылдауы мүмкін.
Объектілі-орайланған мәліметтер моделі – бұл базада тек мәліметтер ғана
емес, сондай-ақ олардың программалық код түріндегі өңдеу әдістері сақталған
жағдай. Бұл мұндай МББЖ-ларды қолдану мен құру қиын болғандықтан белсенді
тарала қоймаған перспективті бағыт.
Иерархиялық және желілік бағыттардың кемшіліктері, өте қызығушылық
танытқан, Кодд жасаған, реляционды мәліметтер моделінің пайда болуына
әкелді. Реляционды модел мәліметтер базасының құрылымын қарапайымдылау ету
талпынысы болды. Онда бабалары мен ұрпақтарына айқын сілтемелер жоқ болды,
ал барлық мәліметтер бағандар мен жолдарға бөлінгеен, қарапайым кестелер
түрінде ұсынылды.
1985 жылы Кодд реляционды терминінің дұрыс қолданылмауына жауап
ретінде, реляционды деген атаққа үміткер болып отырған кез-келген база
қанағаттандыруы қажет, 12 ереже қалыптастырады. Содан бері Коддтың 12
ережесі реляционды МББЖ-ның анықтамасы болып саналады. Алайда, бұдан да
қарапайым анықтама қалыптастыруға болады:
Реляционды деп қолданушылардың қолы жететін барлық мәліметтер кесте
түрінде ұйымдастырылған, ал мәліметтермен жүргізілетін операциялар осы
кестелермен жүргізілетін операциялармен біріктірілетін мәліметтер базасы.
Келтірілген анықтама иерархиялық және желілік МББЖ-лардағы қойылған
бағыт көрсетушілер үшін орын қалтырмайды. Осыған қарамай, реляционды МББЖ
бабаұрпақ қатынасын да жүзеге асыра алады, алайда, бұл қатынастар
кестелердегі мәліметтер мәнімен ғана келтіріледі.
SQL реляциондық мәліметтер базасының тілі болып табылады, сондықтан да
мәліметтерді ұсынудың реляционды моделі танымал болған кезде ол да танымал
болды. Реляциондық мәліметтер базасының кестелік құрылымы қолданушыларға
интуитивті түрде түсінікті, сондықтан SQL тілі үйренуге қарапайым, әрі
оңай. Реляциондық моделінің реляциондық мәліметтер базасының жүзеге
асырылуы және эфолюциясы негізделген еңселі теоретикалық фундаменті бар.
SQL реляциондық моделі жетістігінің арқасында жеткен атақтылық толқынында,
реляциондық мәліметтер базасының жалғыз ғана тілі болды.
Практика бойынша есепті программалық жүзеге асыруда қолайлылау деп
реляциондық модел таңдалған соң, оны толығырақ сипаттайық.

4. Мәліметтер базасын жоспарлау

Кестеде МА (мәліметтер администраторы) өмірлік циклдің бастапқы
деңгейтарында негізгі роль атқарса, МБА (Мәліметтер базасы администраторы)
соңғы деңгейтында негізгі роль атқарады.
МА құрамында мәліметтер базасын жоспарлау, стандарттау жасау және
еңгізу, шектеуліктермен процедураларды анықтау, концептуалды және логикалық
жоспарлау деңгейтары бар ресурстарды басқару. МА ның негізігі міндеті:
- жасаудың негізгі инструменттерін таңдау;
- ақпараттар жүйе стратегиясын жасауға көмек беру;
- жасалатын МБ – на баға беру;
- корпоротивті мәліметтер моделін жасау;
- талаптарды анықтау;
- стандарттарды анықтау;
- мәліметтерге кіру мүмкіндіктерін анықтау;
- МБ концептуалды және логикалық жоспарлау;
- қолданушыларды анықтау;
- қолданылып отырған ақпараттық жүйесін модернизациялау.
МБ-ның өмірлік циклінде жасалатын іс-әрекеттер:
- мб жасауды жоспарлау.Мб-ның қосымшаларын өмірлік циклдің
деңгейтарын эффекті түрде жүзеге асыру үшін арналған,алдын ала
жұмыстар;
- жүйеге талаптарды анықтау. Жұмыстардың қолдану диапазанын анықтау;
- қолданушылардың талаптарын жинау және анализдеу. Жасалып отырған МБ-
ны арқылы жасалған жұмыс жайлы ақпарат жинау және анализдеу;
- МБ жоспарлау. МБ-ті өз міндетін атқару үшін немесе мақсатына жету
үшін жасалатын процесс немесе жоспар;
- МББЖ таңдау. Жасалып отырған МБ-ның қосымшаларына сай МББЖ-ң типі;
- қосымшаларды жасау. МБ-мен жұмыс жасайтын программалардың және
қолданушылардың интерфейсін жоспарлау;
- прототиптерді жасау. МБ қосымшаларының жұмыс моделін жасау;
- іске көшу. Жасалған қосымшалардың және МБ-ның физикалық іске асыру;
- тестілеу. Қателер табу мақсатында қосымша программаларды іске асыру
процессі;
- бірге жүру және эксплуатация. Жұмыс аяқталғанына дейін жүйені
басқару.
МББЖ – МБ қосымшаларының өмірлік циклының деңгейтары эффекті түрде
жасауға дайындық жұмыстар. Транзакция бір немесе бірнеше қолданушылардың Мб
кіру немесе өзгерту процессі.Өмірлік циклдің негізігі деңгейтарының бірі
ол мақсатты МББЖ таңдау.Керек МББЖ-ны үшін МББЖ-ң функционалдық
мүмкіншілдіктері талапқа сай болуы керек.МББЖ таңдаудың негізігі деңгейтары
:
- компотенция шекарасын анықтау;
- 2 немесе 3 МББЖ болуы керек;
- өнімді бағалау;
- негізігі таңдауды жасау және есеп беру.
Мәліметтер администраторы және МБ-ң администраторы мәліметтердің
және Мб-ң жұмыс басқаруына жауапты.

МБА – физикалық іске асыруды басқару. Мәліметтер базасы
администраторының негізгі міндеттері:
- мақсатты МББЖ таңдау және баға беру;
- МБ-сын физикалық жоспарлау;
- мақсатты МББЖ –да МБ физикалық жоспарлауын іске асыру;
- қорғау талаптарын анықтау;
- тестілеу стратегиясын жасау;
- қолданушыларды үйрету;
- резервті көшірме жасап отыру.

5. ER модель концепциясы

ER модель ол қосымша специялизациясы концепциясы және категориялары
бар ER модель. Супер класс мәліметтер моделінде көрсететін , әр түрлі
класстар бар болмыс түрі.
Бірінші шектеуліктер қиылспайтын шектеуліктер.(disjiont constraint).
Ол егер бірнеше мамандандыру класс асты қиыспайды.Жеке болмыс бірғана класс
асты құрамына кіреді. Егер де класс асты специализациясы қиылсатын болса,
онда болмыс бірнеше специализация құрамына кіреді.
Екінші специализация шектеулігі қатысу шектеулігі деп аталады. Ол
толық немесе бөлік деп аталады.
Толық қатысулы специализация әр класс асты болмысы сол специялизация
класс асты құрамында болуы керек. Суперкласстар және специялизацияны толық
қатысуды бейнелеуді екі сызықпен көрсетеді. Manager қолданушыларына
талаптар спецификациясы:
– DreamHome компаниясы әр түрлі қалаларда орналасқан бөлімшелері
бар. Әр бөлімшелерінде өзінің қызметкерлер штаты бар, оның ішінде
осы бөлімшені басқаратын менеджер де бар. Компаниялардың әр
бөлімшелерін суреттеу, бөлімшенің номерін, оның мекен жайын,телефон
номері, факс номері, қызметкерлер аттары, осылардың барлығын осы
бөлімше басқарады;
– әр қызметкер туралы мағұлматтар: оның жеке номері, аты және
фамилиясы, мекен жайы, телефон номері, жынысы, туған күні,
әлеуметтік сақтандыру номері, қызметі;
– инспектор қызметіндегі қызметкерлер;
– әр бөлімше мүлік обьектілерімен жұмыс жасайды.Осы обьектер туралы
келесі мағұлматтар болады: обьект номері, оның мекен жайы, мүлік
типі, осы обьектінің иесінің жеке номері, аты жөні, мекен жайы,
телефон номері;
– мүліктердің иелері жайлы ақпарат сақталады. Иелерінің екі түрі
болады:жеке меншік және фирмалар;
– жалға алғандар жайлы мағұлматтар бар.
Сущность –қатынас моделінің негізгі концепциясы болмыс типі,
байланыс типі, атрибуттарды қосады. Болмыс типінің идентифицирлік
экзимпляры болмыс деп аталады. Болмыс типтерін екі типке бөлуге болады,
күшті және әлсіз. Әлсіз болмыс типі басқа болмыстардан тәуелді болатын
болмыс типі. Күшті болмыс типі басқа болмыстарға тәуелді болмайды.
Болмыстың жеке қасиетін атрибуттар деп атайды. Әр атрибуттар мәндер
топтарымен байланысты, олар домен деп аталады. Домен атрибуттар қабылдай
алатын мәндерді анықтайды. Әр түрлі атрибуттар бірге бір ғана доменді
қолданылуы мүмкін. Атрибуттар қарапайым және құрылымды, бірмәнді және
көпмәнді.
- қарапайым атрибуттар дегеніміз тәуелсіз бір ғана компоненттерден
тұратын атрибут. Қарапайым атрибуттар одан да кіші компоненттерге бөлінеді;
- құрылымды атрибуттар дегеніміз тәуелсіз бірнеше компоненттерден
құралған атрибуттар;
- бір мәнді атрибуттар дегеніміз бір ғана мәнді қабылдайтын атрибут.
Болмыс типтерінің атрибуттары көбінесе бірмәнді болып келеді;
- болмыстың бірнеше мәнді қабылдайтын атрибуттары.
Потенциалдық кілт дегеніміз болмыстың жеке экземплярын
идентификациялайтын атрибуттар немесе атрибуттар тобы.
Бастапқы кілт дегеніміз бастапқы кілт ретінде алынған потенциалдық
кілт. Болмыстың типтері бірнеше потенциалдық кілттерді қабылдауы мүмкін.
Бастапқы кілтті таңдау барысында атрибуттар ұзындығына, атрибуттардың
минимальді санына мән береді.
Құрылымды кілт дегеніміз екі немесе бірнеше атрибуттардан тұратын
потенциалды кілт.
Байланыстар типтері дегеніміз әр түрлі типті болмыстар арасындағы
ассоциациясы. Жеке ER- диаграмма да детализация деңгейін түсіру үшін
болмыстың бастапқы кілттерін ғана көрсетеді. Кей кезде мүлдем
көрсетілмейді. Бірнеше байланыстар құрамында бар болмыстар қатысушылар деп
аталады. Бірнеше байланыстың қатысушылардың санын деңгей (degree) деп
атайды. Екі деңгейлі байланысты бинарды(binary) деп атайды. Үш деңгейлі
байланысты тернарлы деп атайды.(ternary). Төртінші деңгейлі байланысты
кватернарлы деп аталады. Рекурсивтік байланыс деп бір болмыстың бірнеше
қайталануы. Байланыстың негізгі екі типінің шектеуліктері кардиналдылық
және қатысу деңгейі.
Негізігі қақпандардың екі түрін қарастыруға болады: разветвление
қақпаны (fan trap) және бұзылу қақпаны. Қақпандарды анықтау үшін әр
байланыстарды анық көрсету керек. Разветвление қақпаны екі немесе одан көп
байланыс типтерін бір болмыстан пайда болады.
Мультимедиалық программалар типтері мәліметтер базасына қойған
талаптары қатал. Сол үшін ER –моделдеуі жеткілікті болмады.Осындай
семантикалық концепциясы бар ER модель кеңейтілген ER модель немесе EER
модель деп аталады.

1.6 Нормализациялау

Нормализация дегеніміз ол бастапқы кілт негізінде қатынасты
анализдеудің формальді методы. Нормализация қатынас құрамын кілттер арқылы
және атрибуттар арасындағы бар функциональдық тәуелділікті анықтауға
қолданылады. Нормализациялау процессі бірінші рет Э.Ф. Коддпен ұсынылған
болатын. Ол нормальді форманың талапқа сай, сай еместігін, көбінесе тест
ретінде орындалады. Басында нормализациялаудың үш түрі ғана болды:
– бірінші (1НФ) - әр жолдармен әр бағандардың қилысуында қатынас тек
бір мағынаны қабылдайды.Мұнда нормализация процессі шығу форматынан
мәліметтерді түрлендіруден басталады. Бастапқы деңгейта таблица
нормаланбаған формада болады және оны көбінесе нормаланбаған
таблица(бір немесе бірнеше қайталанатын мәліметтер тобы) деп
атайды. Нормаланбаған таблицадан қайталанатын топтарды болдырмаудың
екі түрі бар. Біріншісі ол бос орындарды қайталанбайтын
мәліметтердің көшірмесімен толтырады.Мұны түзету(“flattining”)
таблицасы деп атайды. Екіншісінде атрибут немесе атрибуттар топтары
нормаланбаған таблицаның кілті болады,содан қайталанатын топтар
алынады да жеке қатынасқа кілттердің көшірмелерімен қойылады. Кейде
нормаланбаған қатынастар ішінде бір немесе бірнеше қайталанатын
топтар болады. Мұндай жағдайда бүл тәсіл қайталатын топтар
қалмағанша орындалады.
– екінші (2НФ) – бірінші нормальді формадағы орналасқан және
бастапқы кілт құрамына кірмейтін атрибуттар осы кілтке тәуелділігін
мінездейді. Мұндағы бастапқы кілт екі немесе одан да көп
атрибуттардан тұрады.
– үшінші (3НФ)- бірінші және екінші нормальді формада орналасқан
және бастапқы кілт құрамына кіретін атрибуттары жоқ қатынас. Одан
кейін Р.Бойспен Э.Ф Кодд екеуі 3-ші формасын түрлендіріп, ол Бойс-
Кодд (БКНФ) нормальді формасы деп аталды.Мұндат тек бастапқы кілт
қана емес сонымен бірге барлық потенциальді кілттер де қатысады.
– Осының артынан төртінші (4НФ)- тәуелділігі жоқ Бойс-Кодд номальді
формасындағы қатынас.
– бесінші (5НФ) формалары шықты.Бірақ бұл формалар тәжірибеде кейде
ғана қолданылады.
Нормализация процессі (Қосымша А) көрсетілген.

1.7 МБ концептуалдық жобалаудың методологиясы

Деңгей 1. Методологиялық жобалау- жобалау процессін жеңілдету
мақсатында арнайы процедуралар, техникалық құралдар, инструменттер,
документацияларды қолдану. Методологиялық жобалау бүкіл процессті бірнеше
фазаларға, ал фазалар бірнеше деңгейтарға бөледі. Әр деңгейта жасаушыға
алдындағы есепті шешу үшін техникалық құралдар беріледі.
Жобалаудың бірінші деңгейы ол жасалатын қосымшаларын қолданушыларының
типтеріне сәйкес концептуалдық модель жасау. Кез келген мәліметтердің
концептуалдық моделі өзіне келесілерді қосады:
- қатынас типі;
- атрибуттар;
- атрибуттар домені,
- потенциалды кілттер;
- бастапқы кілттер.
Концептуалды модель процессінде болатын документациялармен
толығады.Бірінші деңгейта келесілер орындалуы керек:
байланыс типін анықтау. Көп жағдайда қатынастар жұпты болады, бірақ
комплексті қатынастарда болады олар екіден көп және рекурсивтік
байланыстарды дұрыстап тексеру керек. Барлық байланыстар дұрыс
ерекшеленгенін тексеру керек. Әр байланыстың өз орны бар, бірден бірге,
бірден көпке, көптен көпке. Егер де астыңғы немесе үстінгі мәндері
белгілі болса, оны документацияға түсіру керек. Жеке байланыстар типін
анықтаған соң оларға қолданушыларға түсінікті ат беріледі;
атрибуттарды анықта. Атрибутты байланыспен байланыстыру. Бұл деңгейта
жасалынып отырған мәліметтер базасы моделінің барлық ерекшеленген
мәліметтерді анықау керек. Мағынасы басқа атрибуттың мағынасы арқылы
анықталатын атрибуттарды қосылғыш деп атайды.
Әр атрибутттарға түсінікті ат беру керек. Әр атрибуттар жайлы келесі
мағұлматтар болады:
– атрибут аты және оны көркемдеу;
– осы атрибутқа бар кез келген синоним;
– мәліметтер типі және мәннің размері;
– атрибут қабылдайтын мән (егер болса);
– атрибут міндетті болып табылама;
– атрибут құралмалы ма, қандай атрибуттардан құралған;
– оның мәнін анықтау үшін қандай метод орындау керек;
– атрибут көптік па.
- атрибуттар доменін анықтау.
Модельде бар барлық атрибуттардың домендерін анықтау бұл деңгейтың
негізгі міндеті. Домен дегеніміз бір немесе бірнеше атрибутқа мән беретін
элемент. Атрибуттар доменін анықтаған соң олардың аттары мен мінездемелері
мәліметтер сөздігіне қойылады;
потенциалды және бастапқы кілттер болатын атрибуттарды анықтау. Әр типке
потенциалды кілтін анықтау және егер олар бірнеше болса, солардың ішінен
бастапқы кілтін табу. Потенциалды кілт дегеніміз әр экземплярын
идентифицироваттетін атрибут немесе атрибуттың минимальді тобы. Кей кезде
бірнеше потенциал кілттер болады. Қалған потенциал кілттер альтернативті
деп аталады.Бірнеше потенциалдық кілттер арасынан бастапқы кілтті
таңдағанда мынаны орындаған жөн:
– минимальді топтары бар атрибуттары бар потенциалдық кілтті
қолдану керек;
– мәннің өзгеру ықтималдылығы минимальді болатын потенциалды
кілтті таңдау керек;
– болашақта мәннің өзгеру ықтималдылығы минимальді болатын
потенциалдық кілтті таңдау керек;
– жұмыс істеу оңай болатын потенциалдық кілтті таңдау керек.
Мәліметтер концептуалдық моделін қолданушымен талдау. Бірінші деңгейты
аятамастан мәлліметтер концептуалдық моделі жайлы қолданушымен сөйлесу
керек. Концептуалдық модель ER- диаграмма түрінде берілуі керек және
жасалған модель жайлы документациясы болуы керек.

1.8 Логикалық жобалаудың әдісі

Логикалық жобалау дегеніміз қолданушылардың жеке мәліметтер моделі
негізінде ақпараттық модельді конструктирлеу процессі.Бұл бөлімде келесі
анықтамалық мәліметтер базасын логикалық жобалау деңгейтарын суреттейді:
Деңгей 2. Қолданушының әр типіне мәліметтердің логикалық моделін құру
және тексеру.
Бұл деңгейты орындаған соң толық және дәл модельдер жасалынады.Бұл
деңгейқа келесілер кіреді:
Деңгей 2.1. Мәліметтердің концептуалды моделін мәліметтердің логикалық
моделіне түрлендіру. Концептуалдық модель ішінен керек емес элементтерді
өшіру және логикалық модельге айналдыру.Бұл деңгейта келесі әрекеттер
орындалады:
– M:N типті байланысты өшіру;
– қиын байланыстарды өшіру;
– рекурсивті байланыстарды өшіру;
– атрибуттармен байланыстарды өшіру;
– көпшілік атрибуттарды өшіру;
– 1:1 типті байланысын қайта қарау.
Деңгей 2.2. Локальді логикалық мәліметтер моделінің қатынастардың
анықтамасы.Бұл құрылымды сипаттау үшін DBDL (Database Definition Languange)
тілі қолданылады.Ол реляциондық МББЖ – де кеңінен қолданылады. DBDL тілінде
бейнелеу ат беруден басталады, одан кейін жақша ішінде жай алаңдардың
аттары жазылады.Одан кейін бастапқы кілттер және оның альтернативті немесе
сыртқы кілті көрсетіледі.
Деңгей 2.3. Нормализациялау ережелері арқылы модельді тексеру.
Нормализация ол қандай атрибуттарды біріктіру керек екені жайлы процедура.
– жобаны нормализациялау функциональдық тәуелділігіне байланысты
мәліметтерді орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді;
– нормализация процессі тұрақтылығын күшейтеді және жаңарту керек
емес;
– жұмысты жеңілдетеді;
– нормализация қолданған соң жасаушы оған өзгертулерді жеңіл жасай
алады.
Деңгей 2.4. Қолданушылардың транзакциясы моделін тексеру. Бұл
деңгейтың басты мақсаты транзакция жасай алатындығына локальді модельді
тексеру. Қолданушылардың әрекетіне байланысты транзакция реті өзгереді.
Керекті транзакция жасау мүмкіншілігін тексеру мақсатында екі жол
таңдаймыз. Біріншісі әр транзакция жасауға керекті ақпараттарды тексеру.
Екіншісі әр модельді транзакциялау үшін керекті ақпаратты ER –диаграммаға
Деңгей 2.5. Сущность – связь диаграммасын жасау. Сущность – связь
диаграммасын негізігі нұсқасын жасау. Ол қолданушылардың қолданатын
локальді логикалық ойлары болып табылады.
Деңгей 2.6. Мәліметтердің бүтінділік тәуелділігін анықтау . Кері
мәліметтерді болдырмау мақсатында жасалатын мәліметтердің бүтінділік
шектеуліктері. Бүтінділік шектеуліктерінің бес түрі бар:
– міндетті мәліметтер;
– атрибуттар доменіне шектеуліктер;
– бүтінділік;
– кәсіпорынның талаптары.
Деңгей 2.7.Жасалынған моделін қолданушымен талдау. Логикалық модель
сақталатын мәліметтердің құрылымын көрсетсе, мәліметтер ағыны диаграммасы (
Data Flow Diagram- DFD) - мәліметтердің қозғалуын, олардың ақпарат
қоймасына бауын бейнелейді.
Деңгей 3. Әлемдік логикалық моделін жасау және тексеру.Бұл деңгейта
жеке логикалық модельдердің мәліметтерін қосу арқылы әлемдік мәліметтердің
логикалық моделі құрылады.Бұл деңгейта келесі әрекеттер орындалады:
Деңгей 3.1. Локальді логикалық модельдердің мәліметтерін бір әлемдік
мәліметтер моделіне біріктіру.Біріктіру түрі:
- бастапқы кілттер анализі;
- байланыстар анализі;
- барлығын біріктіру;
- жеке модельдерден байланыстарды біріктіру;
- байланыстарды қосу;
- сыртқы кілттерді тексеру,
- бүтінділік қасиетін тексеру;
- мәліметтердің әлемдік логикалық моделінің сызбасын жасау;
- документацияны жаңарту.
Деңгей 3.2. Мәліметтердің әлемдік логикалық моделін тексеру. Керекті
транзакция және нормализация методтары арқылы мәліметтердің әлемдік
логикалық моделін тексеру.
Деңгей 3.3. Келешекте модельді кеңейту мүмкіншілігін тексеру.Болшақта
мәліметтер моделіне өзгерістер жасау ықтималдылықтарын анықтау.
Деңгей 3.4. Сущность – связь диаграммасының түп нұсқасын жасау.
Кәсіпорынның әлемдік логикалық моделін айқындайтын Сущность – связь
диаграммасының түп нұсқасын жасау.
Деңгей 3.5. Қолданушылармен мәліметтердің әлемдік логикалық моделін
талдау. Кәсіпорынның ақпараттық құрылымын бейнелейтін әлемдік логикалық
модельдің дұрыс істейтініне көз жеткізу.

1.9 Физикалық жобалаудың әдісі

Деңгей 4. Бүтін МББЖ ортасына әлемдік глобальді логикалық мәліметтер
моделін ауыстыру.Физикалық жобалаудың фазалары таблицаларды жасау
бүтінділікке шектеуліктерді жасау.Бұл деңгейтағы бірінші жасайтыны МББЖ
ортасында жасалатын логикалық модельдің формасындағы байланыстарды
түрлендіру.Жасаушы мынаны білуі қажет:
– бастапқы кілттер, сыртқы кілттер және альтернативті кілттер
анықтау жүйесін қамтима;
– міндетті мәліметтер жүйесін қамтима;
– домендер жүйесін қамтима;
– кәсіпорынның бизнес-ережесін жүйе қамтима;
– мәліметтер базасы таблицалар мүмкіншіліктерін анықтау.
Деңгей 4.1. Бүтін МББЖ ортасында мәліметтер базасы кестесін жобалау.
Бұл деңгейта логикалық деңгейта жиналған ақпараттарды анализдеп және жақсы
біліп алуы қажет. Бұл ақпараттар DBDL тілінде жасалған байланыс анықтамасы
және мәліметтер сөздігінде болуы мүмкін. Глобальді логикалық модельдегі
мәліметтер келесі элементтер бар:
– байланыс аттары;
– қарапайым атрибуттар тізбегі;
– бастапқы кілттерді анықтау.
Деңгей 4.2. Бүтін МББЖ ортасында кәсіпорын бизнес-ережесін іске
асыру.
Деңгей 5. Мәліметтер базасын физикалық жобалау. Мәліметтерді сақтау
схемалары және мәліметтер базасы таблицаларына кіру мүмкіншілігін анықтау.
Физикалық жобалаудың басты мақсаты болып мәліметтерді сақтау эффектілігі.
Жеткен эффектілікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер бар:
Транзакцияның өткізу мүмкіншілігі. Берілген уақыт интервалында жөнделетін
транзакциялар санын бейнелейді.
Жауап уақыты. Бір транзакцияны орындауға кеткен уақыт мөлшері.
Қолданушылардың олардың аз болуын қалайды. Бірақ кейде уақыттың ұзақ
болуына тағы бір факторлар әсер етеді, олар жүйенің жүктелу деңгейі және
байланыс орнатуға кеткен уақыт.
Дискілік жады. Мәліметтер базасы мәліметтерінің файлы орналасуға қажет
дискілік жадының бөлігі.
Деңгей 5.1. Транзакция анализі. Жасалынып жатқан физикалық жобаның
эффектілігін жоғарлату үшін, осы мәліметтер базасында жасалынатын
сұраныстар мен транзакциялар туралы максималды ақпараттар алу керек.Әр
жоспарланған транзакциялар мынаны білуі керек:
– жасалатын транзакция тазалығы;
– орындалатын транзакция орындауға керек рұқсат, байланыс және
атрибуттар, сол рұқсаттың типтері;
– Бір предикатардағы атрибуттар;
– екі және одан да көп байланыстарда қолданатын сұраныстар
атрибуттары;
– транзакция орындалуына кеткен шектеуліктер.
Деңгей 5.2. Файлдық құрылымын таңдау. Бұл деңгейтың басты
мақсаттардың бірі ол әр таблицаға оптимальді файлдық кәсіпорынды таңдау.
Деңгей 5.3. Екілік индексін анықтау. Мәліметтердің эффектілігін
жоғарлату мақсатында қосымша кілттердің механизмін анықтау.
Деңгей 5.4. Мәліметтердің тыстан шығу қадағалау міндетінің
анализі.Байланыстағы атрибуттардың қайсысы бір бірімен байланысқанын
анықтайтын процедура.
Деңгей 5.5. Дискілік жадыға талаптарды анықтау. Физикалық жобалаудың
бұл деңгейының негізігі мақсаты ол дискінің жадысы жайлы ақпарат алып,
жасалатын мәліметтер базасы салынан дискілік орынды бағалауы қажет. Мұндай
жағдайда орындалған кордеждардың және келекте орындалатын кортеждардың
ақпараттары негізінде бағалау жасалынады. Алынған бағалаудың мәні ол
дискілік жадының максималді қанағаттандыратын орны, бірақ таблицалардың
көлемінің өсуін анализдеуі қажет, сонда мәліметтер базасының келешектегі
нақты көлемі беріледі.
Деңгей 6. Қорғау механизмін жасау. Мәліметтер базасына басқалай кіру
мүмкіншіліктерді қорғау жүйесін жобалау. Мәліметтер базасы кәсіптік
ресурстардың ең негізігілерінің бірі, сондықтан да ол ресурстарды қорғау
өте маңызды.Бұл деңгейтың басты мақсаты ол талаптарды жүзеге асыру.
Деңгей 6.1. Қолданушылар түрін жасау. Локальді логикалық модель
негізінде қолданушылар түрін жасау.
Деңгей 6.2. Кіру құқығын анықтау.
Деңгей 7. Функционарлық жүйелердің жөндеу. Коммерсиялық МББЖ
функционалық жүйелерге және жөндеулерге қарау үшін мәліметтер базасы
администраторға утилиттер тобын ұсынады.

1.10 SQL тілі

Д. Чамберлин “Structured English Query Language” тілі немесе SEQUEL
тіліне анықтама берген болатын. Содан SQL тіліне аударған, өйткені SEQUEL2
аббревиатурасы біреумен қолданылады. 1982 жылы Американдық
стандартинституты RDL(Relation Database Language) тілін жасауға көшті.1983
бұл қызу жұмысқа Халықаралық стандартизация камитеті бірге
атсалысты.Жұмыстың нәтижесінде SQL тілінің стандарты шықты. SQL тілі
қазіргі кездегі мәліметтер базасымен жұмыс істейтін стандартты тілдерінің
ішіндегі ең тарағаны болып табылады. Барлық МББЖ жасайтын ірі жасаушылар
өзінің өнімдерін SQL тілі немесе SQL-интерфейс тілдері арқылы жасайды.
Тіркелген сөздер SQL міндетті бөлігі болып табылады. Оларды
көрсетілгендей жазу керек және оларды бір жолдан екіншісіне көшіргенде
оларды бөлуге болмайды.Қолданушылардың сөздері дегеніміз қолданушылар ат
берген мәліметтер базаларының обьектері, таблицалар, бағандар, индекстердің
аттары. Оператордағы сөздер синтаксистік ережелер бойынша еңгізіледі. Осы
ережелердің бір ерекшелігі ол мәліметтерді мәліметтер базасындағы сияқты
сақтау керек. Егер де мәліметтер базасында мәліметтер үлкен әріптермен
жазылған болса, онда іздегендеде үлкен әріппен жазуы керек.
SQL DML тілінің келесі операторлары бар:
– SELECT - мәліметтерді базадан алу;
– INSERT – таблицаға мәліметтерді қою;
– UPDATE – таблицадағы мәліметтерді жаңарту (өзгерту);
– DELETE – мәліметтерді таблицадан өшіру.
Литералы дегеніміз ол SQL операторындағы константалар.Мәліметтердің әр
типіне әр түрлі литералдар бар. SELECT операторының мақсаты ол бір немесе
бірнеше таблицаларының мәліметтерін көрсету және таңдау. Бірақ кей кезде
шешімі шығатын таблицадағы жолдардың сандарына шектеу қою керек, ол WHERE
арқылы орындалады. Ол WHERE кілттік сөзінен тұрады, сұраныс жасағанда
керекті жолдарды көрсетуге арналған.
SQL сұраныстар қорытынды таблицасында жолдар анықталған ретпен
реттелмеген.Бірақ оларды жұмыс барысында реттеп қоюға болады ол үшін SELECT
операторына ORDER BY сөзі жазылады. ORDER BY сөзі бағандардың үтірмен
бөлінген идентификатор тізбегінен тұрады, ол арқылықорытынды таблцаны
реттеп қоюға болады. Баған идентификаторы оның атынан немесе номерінен
тұруы мүмкін.Қорытынды таблицада бар, бар болмауына қарамай ORDER BY сөзі
оларды кішірейуі немесе улкейуі ретімен қояды.
Басты кілт ол қорытынды таблицаның жолдарының жалпы ретпен анықтайды.
Егер де реттеу кезінде басты кілт негізігі болса, онда қосымша кілттердің
қолдануы міндетті емес. Егер де басты кілттің негізігі болмаса, онда бір
мәнді жолдар болады.Мұндай жағдайда қосымша кілттерді пайдаланғаны дұрыс
болады. Егер ORDER BY сөздігінде екінші және одан да көп элементтер болса,
олар реттеудің кіші кілттері деп аталады.
ISO стандарты бес жалпылауыш функциялардың анықтамасын береді.Олар:
– COUNT көрсетілген бағанда мәндердің санын қайтарады;
– SUM көрсетілген бағанда мәндердің қосындысын қайтарады;
– AVG көрсетілген бағанда мәндердің орта мәнін қайтарады,
– MIN көрсетілген бағанда мәндердің минимумын қайтарады;
– MAX көрсетілген бағанда мәндердің максимумын қайтарады.
GROUP BY сөздігі бар сұраныстарды топталған сұраныстар деп аталады,
өйткені онда SELECT операция қорытындысында топталған мәліметтер қалады.
GROUP BY сөздігіндегі бағандар топталған бағандар деп аталады. SELECT – тің
келесі элементтер типтері болуы қажет
– бағандар аты;
– жалпылауыш функциялар;
– костанталар;
– мәндер.
SQL тілінің бөлігі болатын DDL (Data Definition Language) тілі
схемалар, домендер, кестелер, индекстер сияқты әртүрлі обьектерді жасауға
мүмкіндік береді.

1.11 SQL тілінің қосымша құралдары

Көрсеткіштер арқылы жолдар мен бағандар сұраныстың жжасалған нәтижесі
болып табылады.Егер де бағандардың аттары тізбегі көрсетілсе, онда
сұраныстың қорытынды кестедегі бағандардың элемент санына тең болуы керек.
Sublect сұранысы бойынша жасалған параметрлерді анықтамалық сұраныстар деп
аталады. WITH, CHECK, OPTION сөздері болса, онда талаптарды қанағаттандыра
алмаған жағдайда онда ол базалық таблицаға қосылады.
DROP VIEW операторы орындалғанда CASCADE кілттік сөзі болса, онда
онымен байланысты барлық байланыстар өшіріледі. Көрсетуді кеңейтуі
келесідей болады:
– SELECT сұранысында көрсетілген бағандар аттары анықталған
сұраныстар аттары бойынша көрсетіледі және келесідей түрге
айналады: SELECT s.sno AS staff_no, COUNT (*) AS cnt;
– FROM сұранысында көрсетілген көрсеткіштердің аттары анықталған
сұраныстар аттары бойынша көрсетіледі: FROM staff s,
proretry_for_rent p;
– AND логикалық операторы арқылы бастапқы сұраныстағы WHERE
анықталатын сұраныстағы WHERE мен біріктіріледі: WHERE s.sno =
psno AND bno = ‘B3’;
– анықталатын сұраныстағы GROUP BY және HAVING бастапқы сұранысқа
жай көшіріледі: GROUP BY s.sno, s.sno;
– біріктірілген сұранысқа бастапқы сұранысқа ORDER BY көшіріледі,
онда көрсету бағандарының аттары анықталатын сұраныстың
бағандарының аттарына көшіріледі:ORDER BY s.sno;
– жоғарыда жасалған операциялар негізінде сұраныс мынадай түрге
келеді.
SELECT s.sno AS staff_no, COUNT(*)
FROM staff s, proretry_for_rent p
WHERE s.sno = psno AND bno = ‘B3’
GROUP BY s.sno, s.sno
ORDER BY s.sno
Мәліметтер базасындағы таблицаларындағы барлық жаңартулар міндетті
түрде көрсеткіштерде бейнелейді.ISO стандартында көрсеткіштер жаңарады егер
олар талаптарға сай болса.
Көп қолданушылардың желілк МББЖ мәліметтер базасы құрылымын анықтауда
көрсеткіштер негігі ролді атқарады.Оның келесі артықшылдықтары бар:
– мәліметтерге тәуелсіздік.көрсеткіштер арқылы мәліметтер базасының
құрылымын жасауға болады.олар бастапқы кестенің форматын
(бағандарды қосу және өшіру, байланыстарды өзгерту, кестелерді
бөлу, аттарын өзгерту) өзгенкен жағдайда да тұрақты болып қалады;
– қажеттілік.анықталған сұраныстағы мәлімет базасының кез келген
таблицаларын өзгерткенде олар жедел түрде көрсеткіштерде көрсетілуі
керек;
– мәліметтердің қорғаушылығын жоғарлату.әр қолданушыға тек олар
жұмыс істейтін ақпараттарға рұқсат беріледі.мұндай әдіс жеке
қолданушылардың мәліметтер базасы ақпараттарына кіруін қадағалау
деңгейін жоғарлатады;
– қиыншылықтардың азайуы.бір ғана виртуальді таблицаларға
таблицалардың ақпараттарын біріктіру арқылы сұраныстар құрылымын
жеңілдетеді;
– қосымшалар;
– жөндеу мүмкіншілігі.көрсеткіштер ыңғайлы жөндеу құралдары болып
табылады, қорытындысында бір көрсеткіштер екі түрлі болып
ұсынылады;
– мәліметтердің бүтінділігін қамтамасыздандыру.
SQL тілінің кемшіліктері де бар, олар:
– жаңартудың шектеулі мүмкіншілігі;
– құрылымдық шектеуліктер;
– өнімділіктің азайуы.
SQL тілінде GRANT жәнеREVOKE операторлары бар, олар мәліметтер базасы
кестелерінің қорғауға арналған.Қолданушылардың идентификаторы дегеніміз
ол SQL тілінің қарапайым идентификаторы. Мәліметтер базасы қолданушыларының
өзінің идентификаторы болуы керек, оны мәліметтер базасы администраторы
береді.

1.12 QBE тілі

МББЖ Access қорытынды есептеуші типтерінің бірнеше түрлері бар:
соммалау функциясы (Sum), орат мәнін есептеу (Avg), минимальді(min) және
максимальді (max) мәнін есептеу, экземплярын(Count) анықтау. Осы
функцияларға рұқсат алу үшін сұраныс типін Totals-ға ауыстыру керек, сонда
QBE торында қосымша Totals жол көрсетіледі.Жалпылауыш сұранысты жасаған соң
өзгерістер жасалмайтын кесте шығады. Параметрлік сұраныстар критериілер
параметрлердің мәндерін еңгізуге арналған бір немесе одан да көп анықталған
диалогтық терезе ашылуын қамтамасыз етеді. Параметрлік сұраныстар Criteria
ұяшығына квадратты жақшаға салынған қолданушыға арналған мәтін арқылы
жасалады. Бұл іс әрекет параметр негізінде көрсетілген мәндері бар әр
бағандар үшін орындалады. иылсатын сұраныстар өңделетін мәліметтерді
жалпылауға және электронды кесте форматында көрсетіледі. Бұл формат көлемді
мәліметтерді бар тенденция және салыстырмалы анализ жасауға мүмкіндік
береді. Қиылсатын сұраныстар жаңарту жасалмайтын мәліметтердің жағдай
түсірілімін білдіреді.
Мәліметтерді таңдау сұранысы сұраныстардың ең тараған түрі. Олар бір
немесе одан да көр кестелердің ішінен мәліметтерді алуға және алынған
мәліметтерді кесте түрінде көрсету үшін арналған. Мәліметтер базасына жаңа
сұранысты жасағанда онда Select Query терезесі және экранда диалогтық
терезе ашылады. Select Query терезесі ол QBE тілінің графикалық инструменті
болып табылады. Сұраныстар қорытындысында қосылатын жазулармен өрістерді
анықтау QBE тілі сеткасында іске асады.
Таңдау критериі деп қолданушылардың қызығушылығын қанағаттандыратын
мәліметтер жазуларымен өрістерді таңдау сұраныстары. Жақсы жасалған
мәәліметтер базасында бір бірімен байланысқан ақпараттар, бірнеше
кестелерде сақталады. Сондықтан сұраныстарды таңдау барысында әр түрлі
кестелерде сақталған байланысқан ақпараттарды қосуға мүмкіншілігі болуы
керек. Бірнеше кестелерден керекті мәліметтерді алу үшін, таңдаулы сұраныс
жасау керек: сұраныс терезесінде керекті кестелер көрсетіледі,ал таңдау
критериі QBE торында анықталады.
Егер сұраныстар терезесінде бүтін кестелер бірден көп болса, онда
өрістер жиыны бір бірімен байланысын тексеру керек. Егер МББЖ Access
автоматты түрде кестелерді байланыстырмаса немесе сол кестелердің арасында
байланыс әрі орнатылмаса, онда сұраныс терезесінде байланыс линиясымен
байланысады. Егер де екі кестені сұраныста біріктіру үшін , онда екі
кестеде де байланысты өрістері болуы керек. Байланыстар дұрыс жұмыс істеу
үшін, оларда бірдей мәндер болуы керек. Мәліметтер жазуы тобын жалпылау
есептеу қорытынды жасау сұраныстары арқылы іске асады.
Қиылсатын сұраныстарды жасау үшін CrossTab Query Wizard мастері
көмегімен немесе өз күшіңмен QBE торында анықтауға болады. Қиылсатын
сұраныстарды жасау қорытынды сұраныстарды жасауға ұқсайды, бірақ мұнда
қосымша бағандармен жолдар аттары болатын өрістерді және мәліметтердің
бастапқы мәндерін көрсету керек.
Find Duplicates типті сұраныстың қорытындысы негізінде кестедегі
көшірмелі жазулар және кестенің жазуларында қайталанатын мәндерді
анықтайды. Мысалыға мекен жай өрісінде қайталанатын мәндерді іздегенде
жылжымайтын мүлік иелерінің қайталануын табуға болады. Қала өрісінде
қайталанатын мәндерге іздеу салғанда, бір қалада тұратын мүлік иелерін
көруге болады. Егер мүлік обьектерінің иелері жайлы ақпаратты қайтадан
жазылса және оған иелерінің уникальді номері берілсе, сұраныс
қорытындысында әр түрлі номер мен екі жазу болса, мұндай жағдайда дубликат
таңдау сұранысын таңдауға болады.Олар Find Duplicates Query Wizard мастері
арқылы жасалған.
Microsoft Access МББЖ сұраныстар жасағанда әдетте мәліметтерді таңдау
сұранысы жасалады, егер де QUERY мәзірінде сұраныстың басқа да типтері
көрсетілмесе. Таңдаулы сұраныстарды жасаған соң олардың қорытынды
мәліметтер торы көрсетіледі. Егер торлар мәліметтерді жаңаратын болса,
оларға жасалатын өзгерістерді сұраныстардың қорытындында жасау керек. Бірақ
бұл түрде жазбаларды бір-бірлеп қана модифирлеуге болады. Жасалатын
өзгерістердің сандары көп болған жағдайда активті сұраныс қолдану арқылы
кеткен уақытты қысқартуға болады. Активті сұраныстар бірнеше сұраныстарды
өзгертулер жасауға мүмкіндік береді. Активті сұраныстардың төрт типтері
бар:
– кесте жасау сұраныстары.бар кестенің мәліметтер бөлігін немесе
жаңа кестелерді жасауға мүмкіндік береді.қайтадан жасалған кесте
ашылған мәліметтер базасында сақталады немесе басқа мәліметтер
базасына экспортталады.қайта жасалған кесте мәліметтердің қасиеті
бастапқы кесте қасиетімен сәйкес келмейді.оларды қайтадан қолмен
жазу керек.
– өшіру сұранысы.бір немесе бірнеше кестелерден жазбалар тобын
өшіруге мүмкіндік береді;
– жаңарту сұранысы.бір немесе бірнеше кестелердегі жазбаларды
жаңарту;
– жазбаларды қосу сұраныстары.бір немесе бірнеше кестелерден бір
ғана кестеге жазбаларды қою.кестеде өрістердің жоқ болған кезде
және жолдарды қосқанда өте ыңғайлы.
Find Unmatched Query Wizard мастері арқылы көрсетілген таблицада басқа
кестемен байланыспаған жазуларды іздеуге болады. Renter және Viewing
кестелерін салыстыру арқылы жалға берілетін жылжымайтын мүлік обьектерін
көрмеген жалға берушілер туралы ақпарат алуға болады.
Автоқоюшы сұраныстар қайтадан жасалынып жатқан кестенің анықталған
өрісіне мәндерді автоматты түрде қоюға арналған. Сұраныс терезесіне немесе
жасалған база сұраныс терезесіндегі формаға өрістегі мәнді еңгізген кезде,
Microsoft Access МББЖ қолданушының еңгізген мәндерді автоматты түрде іздеп,
көрсетілген жерге қояды.Егер кестелерді байланыстыруға арналған мән белгілі
болса – мысалы Propetry_for _Rent және Staff кестелерін байланыстыруға
арналғанқ ызметкердің жеке номері болса, онда қызметкердің керекті жеке
номері еңгізілген соң МББЖ сол қызметкер туралы қалған өрістерді автоматты
түрде толтырады. Егер де еңгізілген мәнге сай ақпарат табылмаса, онда МББЖ
қателік жайлы ақпарат береді.Автоқоюшы сұраныстарды жасау үшін QBE торына
бірге бір типті байланысы бар екі кестені кою керек. Сондықтан қорытынды
торда көрсетілетін өрістерді көрсету керек.
1.13 Мәліметтер базасын қорғау

Компьютерлік жүйелерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймалық есеп жүргізу ақпараттық жүйесін жасау
Қоймалық нысанның жұмысын автоматтандыруға арналған жүйе жасау атты дипломдық жұмысқа арналған патенттік-ақпараттық зерттеулер
Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру
Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру
Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру
ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУХГАЛТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Қызметкерді жұмыстан шығару
Ұялы сымтетік дүкені
Кәсіпорын клиенттер мәлімдемелерін есепке алу үшін веб серверлер
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Пәндер