Әуе көлігі


Әуе көлігі
Жоспар:
1. Кіріспе
1. 1 Көлік географиясы
2. Негізгі бөлім
2. 2 Әуе көлігі
2. 3 Әуе көлігінің тарифтері
2. 4 Аэропорт, әуежай
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Көлік географиясы
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы өте үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды. Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.
Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Әуе көлігіде адам сұранысының қажеттілігін бүгінгі таңда қамтамасыз етіп отыр.
Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы - алыс кашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг- 747" (АҚШ), "Ил-86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР- Франция - Ұлыбритания), жылдамдығы 2-3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франдия - Ұлыбритания) ұшақтары бар.
Әуе көлігі ең күшті дамыған ел - АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара" (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, "Хитроу" (Лондон), "Ханеда" (Токио) және т. б.
Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар («СКАТ», «Атырау әуе жолы», «Көкшетау» және т. б. ) орындайды. Олардың ішіндегі ең ірісі - «Эйр Астана», ұлттық «авиа тасымалдаушы» компаниясы. Ол ондаған халықаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. «Эйр Астана» республика әуе жолаушыларының 3/5-ын тасымалдайды.
Елдің ең басты «Әуе айлағы» - Астана (жолаушылардың 3/4- нен астамы) . Қазіргі заманғы халықаралық әуежай Астанада салынған.
Авиация ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның көмегімен орман ерттерін сендіреді, құбыр желілерін бакылайды, «шұғыл» жағдайдағы ауруларды тасымалдайды және мұнай мен газ корларын игереді.
Әуе көлігінде тасымалданған жолаушылар саны есепті кезеңде авиация көлігі ұшақтарымен тасымалданған барлық жолаушылар санының жиынтығы ретінде есептеледі. Әуе көлігіндегі жолаушы айналымы- әрбір ұшу учаскесінде тасымалданған жолаушылар саны, осы учаскеге сәйкес келетін пайдалану қашықтығының жиынтығы ретінде анықталады. Әуе көлігінде тасымалданған жүк мөлшері - есепті кезеңде ұшақтармен тасымалданған барлық жүк, почта және ақылы багаж салмағының жиынтығымен есептеледі. Әуе көлігінің жүк айналымы - әрбір ұшу учаскесінде, осы учаскеге сәйкес келетін пайдалану қашықтығында тасымалданған жүктер мен почталардың тоннамен алғандағы жиынтығы ретінде анықталады.
Әуе көлігінің тарифтері
"Қазаэронавигация"
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен орындалатын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған тарифтер
"Қазаэронавигация" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған теңгеде қайта есептелген тарифтер мен ставка алымдарына сәйкес тарифтер мен алым ставкаларын қолдансын:
әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған
тарифтер мен алым ставкалары
Халықаралық әуе жүк тасымалдау, сондай-ақ тұрақсыз
ішкі әуе жүк тасымалдау
Қазақстан Республикасы әуе кемелеріне әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған
тарифтер
әуе кемелеріне
әуеайлақ ауданында аэронавигациялық қызмет көрсетуге арналған алым ставкалары
Logistics Kazakhstan Invest компаниясымен халықаралық әуе тасымалдаулары.
"STS Logistics Kazakhstan invest"- компаниясының мүмкіндіктері
• бүткіл әлемге таралған агенттердің кең желісі - STS Logistics Kazakhstan Invest әлемнің кез-келген нүктесінде жүкпен жасалатын кез-келген операцияны орындайды
• жіберу елінде, сондай-ақ, бағытталу елінде толық қызметтер кешенін көрсету
• жоба жүктерімен жұмыс жасау
• Жүк әуе тасымалдауларын орындаған кезде, STS Logistics Kazakhstan Invest компаниясы толық қызмет кешенін, соның ішінде, жүкті «есіктен есікке дейін» жеткізу шарттарында, орындайды.
• жүкті әуежайға/әуежайдан жеткізу
• жүкке қызмет көрсету (өлшеу, таңбалау, соның ішінде қауіпті жүкті, қажетті көлік құжаттамасын ресімдеу (әуежүк құжаты, жүк манифесті және т. б. )
• ұшу және қону әуе жайларында жүктің кедендік ресімделуін ұйымдастыру
• әуе жүк тасымалдауларын ұйымдастыру және брондап қою
• жүктерді сақтандыру
• мультимодалдық тасымалдаулар (әуе + авто, теңіз + әуе және т. б. )
Аэропорт, әуежай
Аэропорт, әуежай - әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын. Бұл ұғым гректің aer - ауа, француздың port және латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Құрамына аэродром, аэровокзал, т. б. ғимараттар, техникалық қызметтер, құрал-жабдықтар енеді. Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті аэропорттар болып ажыратылады. Аэропорт радиолокатормен, автоматты радиотехникалық құралдармен, жарық сигналы жүйесімен, навигациялық құрылғылармен, т. б. жабдықталады. Аэропорттың орнын таңдағанда оның қалаға қатынауға ыңғайлы болуы, қалада шуды көбейтпеу мақсатында едәуір қашықтыққа орналастыру, грунттық және гидрогеологиялық шарттардың орындалуы, аэропорт жанында биік кедергілердің болмауы, т. б. ескеріледі. Аэропорттың негізгі бөлігі - аэродром. Онда ұшақ ұшатын және қонатын жолақты жолдар, бағдарлану жолы, ұшақ тұратын орындар, т. б. болады. Ал аэропорттың қызмет көрсету-техникалық аймағына жолаушылар кешені (аэровокзал, аэровокзал алаңы, перрондар, қонақ үй, т. б. ), радионавигациялық және ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін т. б. ғимараттар, сондай-ақ жүк тиеу және түсіру кешені жатады. Ірі аэропорттардың аумағы мыңдаған гектарға жетеді (мысалы, Нью-Йорктегі Кеннеди аэропорты) және оларда бір мезетте бірнеше ұшақ қонып және ұшып жатады. Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында аэропорт бар. Алматы аэропортында тәулігіне, орташа есеппен 4 мың (жаз айларында 6, 5 мыңға дейін) жолаушыға қызмет көрсетіледі.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA - International Air Transport Association) Орталық Азия мен Кавказ өңірінде қауіпсіз және тиімді әуе тасымалдарын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық форумда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров баяндама жасады
Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда ИКАО стандарттарына сай келмейтін әуе кемелерін пайдалануға тыйым салынады.
Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA - International Air Transport Association) Орталық Азия мен Кавказ өңірінде қауіпсіз және тиімді әуе тасымалдарын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық форумда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлім етті.
Оның айтуынша, аталған шара нәтижесінде Ан-24 және Як-40 ұшақтарының 20-дан астамы қолданыстан шығарылады. Сонымен қатар, ескі ұшақтарды алмастыру мақсатында қазақстандық әуе компаниялары батыста шығарылған әуе кемелерін сатып алуда. Мәселен, 2011 жылы 8 ұшақ сатып алынды, 2012-2013 жылдары Эйрбас, Боинг және Ембраер типтес 17 әуе кемесін сатып алу жоспарлануда.
ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров өз сөзінде Форумның елімізде өткізілуінің ерекше маңызын атап көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстанның авиациялық билігі ИАТА-мен ұшу қауіпсіздігін күшейтуде, әуе қызметтерінің сапасын жақсартуда, азаматтық авиация саласына жаңа бизнес-шешімдер мен жаңалықтарды енгізуде ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.
Халықаралық форумның мақсаты - Қазақстанның азаматтық авиация саласының өкілдері мен Форум қонақтары арасында тәжірибе, пікір және жаңа технологиялармен алмасу алаңын құру.
Петропавл қаласының әуежайы 1975 жылы пайдалануға тапсырылды, 2001 жылдың 6 желтоқсанында халықаралық әуежай мәртебесi берiлді. Өзінің техникалық мiнездемелері бойынша ЯК-40, АН-24, Ту-134, Ту-154, Ил-76, Ми-8, Фоккер-50, Боинг-757 сияқты әуе кемелерiн қабылдауға мүмкiншiлiгi бар. Аэровокзалының өткiзу қабiлетi сағатына 200 жолаушы, жалпы ауданы 2763, 8 шаршы метр.
2012 жылдың 1 тоқсанында 98 ұшақ ұшуға, 4439 жолаушыға немесе 2009 жылға қарағанда 76, 4% қызмет көрсетті.
Жүйелi негiзде облыс үшін әлеуметтiк маңызы бар «Астана-Петропавл-Астана» және коммерциялық рейс «Алматы-Петропавл-Алматы» әуе маршруттары iске асырылады.
«9 айда игерілді»
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына315 ұшақ ұшыруға, 8849 жолаушы тасымалдауға қызмет көрсетілді.
Жүк тасымалдау
Әуе көлігімен жүк тасымалдау үшін міндетті түрде мөлшерлік тоннажды (көлемді) брондау қажет. Алдын ала мөлшерлеп брондалмаса жүк белгілі бір бағытқа Тасымалдаушымен келісу арқылы салмағы немесе көлемі бойынша тасымалдау үшін қабылдануы мүмкін.
Тоннажды брондау жүкті тек тоннажды брондаған күні, Тасымалдаушымен және жіберушімен келісілген пукттер арасында ғана сол рейспен тасымалдауға құқық береді. Брондау Тасымалдаушы жіберушіге қажетті үлгіде толтырылған жүк төлемі қағазын ұсынбайынша тек болжалы түрде болып есептеледі.
Тоннажды брондау үшін жіберуші өтініші мына мәліметтермен толығуы тиіс:
1. жүк атауы, орын саны, жалпы салмағы және көлемі;
2. әр орынның өлшемі;
3. кететін маршрут, рейс және күні;
4. тасымалдау төлеміне кепілдік беретін құжат атауы меннөмірі;
5. тасмалдау мени сақтау кезінде ерекше жағдайлар мен абайлықты қажет ететін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz