Ғабит Мүсірепов (1902-1985)


ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ

(1902.1985)

Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі — көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы) Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі, бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқьш, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923.26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтерді атқарады.

Жазушының әдеби.шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков.Щедрин сияқты орыс классиктері болды. Әсіресе оның шығармашылық еңбегіне ерекше әсер еткен Гоголь, Чехов, Горький сияқты әңгіме, очерк, хикаят, роман жазушы сатириктер еді. «Мен, — деп еске алады өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде, — сол кездегі Орынбор рабфагін кейбір жоғары дәрежелі мектептермен теңесе алады.ау деп ойлаймын!... Орыс әдебиетін оқығанда Гоголь, Чехов, Горький шығармалары ойыма қона қалушы еді. Қабырға газетіне бірінші рет ұзақ әңгіме жаздым (кейін ол «Тулаған толқында» деген повеске айналып, менің бірінші басылып шыққан әдеби еңбегім болды»).

Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар («Қос шалқар», «Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», т.б.), ондаған пьесалар («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш.Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т.б.), «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке» атты романдарын, қара сөзбен жазылған «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасын жазды.

Орыс, батыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аудару ісімен де шұғылданды. Оның жүзге тарта публицистикалық мақалалары жарық көрді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 200 теңге




ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ

(1902-1985)

Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі
— көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге
келген.

Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы)
Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі, бұл
мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқьш, жеті
жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы
жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл
шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі
баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде әр түрлі жауапты
қызметтерді атқарады.

Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен
басталады. Оның жазушылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь,
Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері болды.
Әсіресе оның шығармашылық еңбегіне ерекше әсер еткен Гоголь, Чехов, Горький
сияқты әңгіме, очерк, хикаят, роман жазушы сатириктер еді. Мен, — деп еске
алады өзінің Автобиографиялық әңгімесінде, — сол кездегі Орынбор рабфагін
кейбір жоғары дәрежелі мектептермен теңесе алады-ау деп ойлаймын!... Орыс
әдебиетін оқығанда Гоголь, Чехов, Горький шығармалары ойыма қона қалушы
еді. Қабырға газетіне бірінші рет ұзақ әңгіме жаздым (кейін ол Тулаған
толқында деген повеске айналып, менің бірінші басылып шыққан әдеби еңбегім
болды).

Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар
(Қос шалқар, Талпақ танау, Ана туралы новеллалар, Автографиялық
әңгіме, т.б.), ондаған пьесалар (Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу,
Ақан сері — Ақтоқты, Аманкелді, Қынаптан қылыш т.б.), Қазақ солдаты,
Ұлпан, Оянған өлке атты романдарын, қара сөзбен жазылған Кездеспей
кеткен бір бейне поэмасын жазды.

Орыс, батыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аудару ісімен де
шұғылданды. Оның жүзге тарта публицистикалық мақалалары жарық көрді.

Сөйтіп, Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай
еңбек еткен академик-классик жазушы болды. Оның осы еңбектері жоғары
бағаланып, бірнеше орден, медальдармен марапатталды. Алты мәрте Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесіне, 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
1974 жылы Ғ. Мүсіреповке кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін
Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.

Ғ. Мүсіреповтің әңгімелері. Жазушының 1930 жылдардың бас кезіндегі
көбірек көңіл бөлген тақырыбы - ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі
болды. Оның осы тақырыпқа арнап жазған тұңғыш шығармасы Қос шалқар (1929)
әңгімесі еді. Әңгіменің оқиғасы Қазақстанда егіндік, шабындық жерлерді
бөліске салу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесіне ұласады. Қасым
сияқты байлардың шөбін шауып, малын баққан Күсен сияқты кедейлердің артель
болып ұйымдасуы, байлар мен кедейлердің таптық күресі шеңберіндегі қазақ
ауылының шындық өмірі суреттеледі.

Жазушы Қос шалқар атанған әсем көлдің атырабына үш рет жолы түскенін
баяндай отырып, осы өңірдегі болған өзгерісті сөз етеді.

Ғ. Мүсіреповтің бұдан кейінгі жазған екі әңгімесі — Көк үйдегі
көршілер (1929), Күсен (1930) де осы тақырыптың жалғасы іспетті болып
келеді. Онда да қазақ ауылындағы колхоздастыру кезіндегі қиыншылық, таптық
талас-тартыс әңгіме болады. Ғ. Мүсірепов 1932 жылы Бір адым кейін, екі
адым ілгері атты әңгімесін жазды. Онда да таптық күрес, астыртын
әрекеттер, ауылдың бай-кедей болып бөлінуі, жаңа заманға өткен қоғам
өкілдерінің риза болмай, қарсы тұруы суреттеледі. Әңгіменің басты
кейіпкерлері — колхоз бастығы Рамазан мен оның орынбасары Жанғалилар өз
туыстарын ғана колхозға тартып, рушылдықты қоздырады. Ал Сүгір молда мен
Есентай сияқты өткен қоғам өкілдері астыртын әрекет жасап, колхоздың
қоймасын өртеп, асыл тұқымды малдарын өлтіру арқылы жаулық әрекет жасайды.

Бұның бәрі жазушы ойлап тапқан оқиға сюжеті емес, 1930 жылдардағы
ұжымдастыру кезеңіндегі өмір шындығы екені даусыз. Себебі бір қоғамдық
құрылыс өзгеріп, оның орнына жаңа қоғам келгенде адамдардың идеялық талас-
тартысының болуы, ескі мен жаңаның күресі табиғи заңды кұбылыс, өмір
шындығы еді. Жазушы осы адамдар санасындағы болған өзгерістерді суреттеп
отыр.

Жазушының адамдардың идеялық көзқарас өзгешеліктерін дөп басьш, шебер
суреттеген әңгімесі Талпақ танау (1934). Бұл әңгімеде де қазақ ауылындағы
колхоздастыру кезеңінің шындығы баяндалған. Онда еңбекшілерді ұжымдастыру
мәселесіне байланысты колхоз төрағасы Сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып
әкеліп, бесінші түлікті өсіруі, қазақ ауылына жаңа әкелінген бесінші
түлікті қазақ шалы Есеннің бағуы, ауыл адамдарының оған шошына, жиіркене
қарауын суреттеу арқылы адамдар психологиясында орын алған ескі түсінік пен
жаңа көзқарастың қақтығысы сипатталады.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына
жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің
адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі
аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің
Адамның анасы және Өлімді жеңген ана атты екі новелласын аударып, өзі
де Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы (1934), Ер ана (1942),
Ақлима (1944) атты әңгімелерін жазды.

Ананың анасы (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған
аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара
жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын
жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың
етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап қойып өткен өмір
оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті
таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ
балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының
тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.

Ашынған ана (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық; қозғалысына
арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа
жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып,
түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден
босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты
көп көріп, азап шеккен: ... Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай
орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана...

Ал Ғ. Мүсіреповтің Ананың арашасы (1934) атты әңгімесінде Антоновтың
ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы,
Нағиманы "большевик балаңды тауып бер" деп соққыға жығуы, ананың жан
азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз
айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты
өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

Ақтар армиясының бандыларының жауыздығын жазушы былайша суреттейді:
... Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр... Арашаға жарай
алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс... Тек отыз өрім қамшы ғана
әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен өктем куш
теке- тіресіп кездесе қалып, біріне-бірі тізе бүгер емес. Қара көк
жапырақты ақ көйлек қызыл қанға айналып, арқа жағы тілім- тілім болып
кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашынған жерлерін иіскеп
табатындай жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда, ана
көзінен от ұшқыны да жалт ете қалады. Сіресіп қалғандай табан аудармай, кек
кернеген ана да тұр, мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов
та тұр. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты... Бұдан әрі өжет ана
Антоновтың адамгершіліктен жұрдай жауыздығын бетіне басып, өршелене түседі.

Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы Ана
алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсірепов
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы өмірі
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов – очерк шебері
Ғабит Мүсірепов – сыншы
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы
Ғ. Мүсірепов
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь