Кедендік одақтың пайдасы
ЖОСПАР:
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Кедендік одақтың пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1.2
2. Кедендік одақтың пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.4
3. Кедендік одақтың зиян жақтарын шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... 4.5
4. Бірыңғай тарифтік кеден ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Кедендік одақ елдерінің арасындағы тауар айналымы ... ... ... ... ... 5.6
4. Кедендік Одақ елдері арасынғады 2007.2011жж тауар айналымы ... 6.7
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кедендік одақтық пайдасы.
Кедендік одақ біріншіден, біздің кәсіпкерді арзан шетелдік тауарлардаң қорғайды. Жеңіл өнеркәсіп саласын алайық. Айталық, отандық шапан өндіруші пайда табу үшін өнімін 11 мыңға сатуы керек. Ал, Қытайдан келетін шапанның бағасы кеденге келгенде 10 мың теңге деп есептейік. Кедендік одақ құрылмай тұрып, қытайлық өңдіруші 5 пайыз тариф төлегеннен кейін Қазақстан нарығына 10500 теңгеден сататын. Қытайдың өндірушісі жүз мыңдап шығарғандықтан өндіріс құны азырақ болады, жергілікті өндірушіміз онымен бәсекелестікте шыдамайды. Бағасын төмендетсе әрең күн көріп, өндірісін тоқтатады. Өндірісті бастауды ойлап жүрген инвесторымыз да бас тартады. Ал кедендік одақ құрылғаннан кейін кедендік тариф 20 пайызға өсіп, қытайдың шапаны нарығымызға кіргенде бағасы 12 мың теңге болады. Өндірушіміз 11 - 12 мың аралығында тауарын сатып, жағдайы келсе Ресей және Беларусь нарығына одақтан бұрыңғы жағдаймен салыстырғанда азырақ шығынмен экспорт жасай алады.
Қытай өнімдеріне қарсы бәсекелестік қабілетіміз күшейсе дағы Ресей мен Беларусь өнімдері Қазақстан нарығын басып кетеді - дейтін де көп. Ресей және Беларусь тауарлырына одақ құрылмай тұрып та тариф болмаған. Яғни, басып кететіндей болса, бұдан бұрын да тежейтін саясат жүргізілмейтін, нарығымыз оларға ашық болатын. Тек қана, кедендік рәсімдеу және құжаттар үшін аз ақы алынатын және Қосымша құн салығы импорттаушы тарапынан дереу төленетін. Керісінше, біздің өндіруші Ресей нарығына тауарын жеткіземін дегенде Ресей тарапынан тарифтік емес тосқауылдарға және көптеген әкімшілік кедергілерге ұшырайтын. Кедендік одақ бұл тосқауылдарды азайтса, экспорттауға қолайлық болады.
Кедендік одақтың тағы бір потенциалды артықшылығы - шетелдік инвестицияның келуі. Малайзия, Оңтүстік Корея және Тайвань (Қытай) сияқты мемлекеттердің дамуында АҚШ және Жапондық инвесторлардың маңызы зор. Малайзия экспортының 40 пайызға жуығы электроника өнімдері, текстиль 20 пайыз төңірегінде. Бұл елдер шетелдік инвестицияларды жоғары технологиялық секторларға бағыттай білген. Қазақстан да шетелдік инвесторлар жағынан жетім емес, 1993-2008 жылдары аралығында 90 миллиард АҚШ доллар көлімінде инвестиция тартылған. Бірақ бұл мөлшердің 69 пайызы кен қазу саласы мен геологиялық барлау қызметері. Ендігі мақсат, экономикамыздың диверсификациясы үшін шетелдік инвестицияларды шикізаттан басқа салаларға тарту. Кедендік одақтың құрылуы шетелдік инвестицияның келуіне тарифті аттап өту эфектісі арқылы әсер етеді. Жоғарыдағы шапан мысалын қолданатын болсақ, Қытай өндірушісі 20 пайыздық тарифті төлемеу үшін фабрикасын Қазақстанда ашқан жағдайда ғана біздің өндірушімен бәсекелесе алады. Кедендік одақтан бұрын 15 миллиондық нарығы бар Қазақстанда фабрика ашуды тиімсіз санап, Қытай өндірушісі елімізге экспорттауды таңдайтын. Нәтижесінде, тек қана 10 шақты азамытымыз сатушылық жұмысымен қамтамасыз етілетін. Тарифтеріміз де өте төмен болғандықтан, Қытай компаниясына жергілікті өндірушіні шыдатпайтын. Ал кедендік одақ құрылғалы тариф өрлеп кетті және оған қоса 15 миллиондық нарық орнына 170 миллиондық нарыққа жол ашылды. Енді қытайлық компания одақ мүшелері мемелекеттер ішінде бизнесті жүргізуге ең қолайлысын таңдап, өндіріс ашуды ойлай бастайды. Бізде салықтар Беларусь пен Ресейге қарағанда төменірек. Ендігі жерде, жергілікті жұмысшыларды пайдалану және технология трансфері мәселелерін қолға алып, шетелдік инвесторларды тарту үшін кәсіпкерлік инфраструктураны дамытсақ, елімізге шетелдік технологиянын келуінін пайдасын көреміз.
Әрине, кедендік одақтың құрылуынан және интеграцияның одан әрі жалғасуынан туындайтын біраз мәселелер де бар. Ресейге экономикалық және саяси жақтан тәуелділігіміздің артуы, тариф кірістерін бөлісу және тұтынушы үшін тауардың қымбаттауы сияқты қиындықтар туындауы сөзсіз. Жоғарыда көрсетілген одақтың пайда әкелетін жақтары да жергілікті кәсіпкер мен мемлекеттің өзара ынтымақтастығымен ғана көрініс табады. Әсіресе, саудамен айналысып, капитал жинаған кәсіпкерлер және басқа да инвестиция жасауға мүмкіншілігі бар азаматтарымыз интеграциялық процесстерден қорықпай, одан пайда табу жолын қарастыруы керек.[1]
Кедендік одақтың 9 зияны.
Себебі, көптеген орыс тауарларының құрамына кіретін бөлшектер сырттан әкелінеді екен. Тараптар Кедендік одақ құрылуымен дүкен сөрелері тауарларға лық толып, сауда саласында тиімді баға коньюктурасы орнығады делінгенмен, іс жүзінде орыс тауарлары қазақстандық тұтынушыларға арзанға түспей отыр. 1. Ресей мен Беларусь тауарларына деген салықтың алынып тасталғанына қарамастан, әріптестеріміздің тауарларының бағасы 10-12 пайызға қымбаттап кетті. Кедендік одаққа кірмейтін елдерден келетін тауарлардың бағасы да 15-20 пайызға дейін жоғарылады. Бағаның өсуін, әсіресе, металл және агроөнеркәсіп кешені өнімдерін сатып алушылар айтарлықтай сезінді. Өйткені, ауыл шаруашылығы машиналарына қажетті қосалқы бөлшектердің бағасы қымбаттады. Азық-түлік тауарларының бағасы да едәуір өсті. 2. Күнделікті дастарқан мәзірінен үзіліп көрмейтін сәбіз, картоп, бұрыш, пияз, қызанақ, күріш, қант сияқты тауарлардың базардағы бағасының өте қымбаттап кеткендігі соншалық, төбе шашыңыз тік тұрады. Қайсыбір тауарлардың бағасы 50 пайызға дейін көтеріліп кеткен. 3. Бұрындары жиһаздарды шетелдерден (айталық, араб елдерінен) сатып алған сатушы оның бағасының 15 пайызын құрайтын баж салығын төлесе, енді тауардың әр келісіне 0,7 евроға дейінгі мөлшерде қосымша ақы қосылып, бұл кәсіпкерлерге жығылғанға жұдырық болып тиюде. Мұндай жағдайда сатушылар өздерінің қалтасын қаққан салық төлемінің өтемін тұтынушылар -- сіз бен біздің есебімізден қайтарып алуға күш салары сөзсіз.
4. Ресей мен Беларусьте жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлерден аз құжат талап етіледі, бұл -- рас. Бірақ, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдар әлі толығымен жойылған жоқ. Бұрындары кәсіпкерлер жүктеріне кедендік декларация толтырса, қазір оның орнына статистикалық форма деген пайда болды. Кәсіпкерлер әлгі форманы бір емес, сан рет қайта-қайта толтырып, сонда да өткізе алмайтындықтарын айтып зар еңірейді. Мемлекеттер арасында келісімнің бар екендігіне қарамастан, көршілеріміздің сан түрлі желеуді алға тартуының салдарынан Қазақстан тауарларының орыс рыногына жетуі жүйкені жұқартатын қиын шаруа болып тұр. 5. Біздің Кедендік органдар экспорт көлемі ұлғайды деп жар салудан жалықпайды. Ол -- рас, бірақ, шындықтан бұра тартпаған жөн: мұның бәрі біздің елде өндірілген дайын тауарлар емес, шикізаттық экспорт қана. Есесіне орыстарға Қазақстанда жұмыс істеу өте тиімді. Себебі, олардағы тауарға қойылатын қосымша құн салығы (ҚҚС) 18 пайыз болса, бізде ол көрсеткіш бар болғаны 12-ақ пайызды құрайды. Ресей мен Беларусь рыногымен бәсекелесу жақсы, әрине. Дегенмен, бұдан біздің кәсіпкерлерге ауыртпалықтан басқа келер еш жеңілдік жоқ. Мәселен, көршіміздің жұлымыр кәсіпкерлерінің қазақ ауылдарынан сүтті қымбат бағаға сатып алуы салдарынан қазақстандық сүт өндірушілер тақырға отырып қалды. 6. Қазақстанда жұмыс істеу тиімді екеніне көз жеткізген орыс кәсіпкерлері мен Ресейдің ірілі-уақты компаниялары елімізге қара құмырсқаша қаптап, ентелеп кіріп жатыр. Ертеңдері олардың қазақстандық ұсақ кәсіпорындарды жолдарынан ысырып тастап, иә жұтып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz