Халықтың ұлттық және спорттық ойындары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Халықтың ұлттық және спорттық ойындары

Жоспар

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

2. 1. Арқан тартыс.

2. 2. Көкпар.

2. 3. Тоғызқұмалақ.

2. 4. Қазақша күрес.

3. Қолданылған әдебиеттер.

1. Кіріспе.

Қазақ ұлттық спорт ойындарының даму тарихы. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихы даму жолдары, қалыптасу кезендері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлуметтік экономикалық дамуының негізі болды. Ұлттық спорт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлттық спорт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, садақ ату, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналған. Мұндай жүиеленген дене шынықтыру одан ары дамып, қалыптасу барысында әр түрлі ойындармен дене жаттығуларын дамытты. Бұл сияқты бала кезінде ойнаған ойындардың арқасында көшпелі тайпалардың әскерлерінің соғыста мықты да төзімді, найза лақтырған кезде мерген де кесек, батыр тұлғалы болып келуі жекпе-жек келген жаулардың қай- қайсысына болса да оңайшылықпен берілмеген. Ұлттық спорт ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден -ақ білген. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді.

2. Негізгі бөлім.

2. 1 Арқан тартыс

Ойын - сауық кештерінде, көгалдарда, аландарда өткізіледі. Ойынға ұзындығы 8 -10 метрдей жуан кендір арқан керек. Арқанның тең ортасынан белгі жасалынады (орамал немесе қағаз оралады) осы орталық белгінің екі жағынан бір жарым - екі метрдей жерден тағы да жоғарыдағы тәртіппен белгіленеді. Ойнаушылар (ойынға 10 - 15 адамнан) екі топқа бөлініп қатысады, екіге бөлінудің тәртібі; ойнаушылар бойларының биіктігіне қарай бір қатарға тізіліп тұрады. Ойын жүргізушінің берген командасы бойынша тізбекте тұрған жігіттер оң жақ шетінен қатар санды; - бір, екі, үш . . . деп бастап, сол жақ шетіне дейін санап шығады. Тақ, жұп болып екіге бөлінеді, Ойынға қатысушылар он адамнан кем болмауы керек.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Күні бұрын жерге немесе еденге белгіленген сызықтың үстіне арқанның ортаңғы белгісін дәл келтіріп керіп қояды. Енді арқанның екі жақ шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойнаушылар қос қолдап тартып тұрады. Ойын жүр -гізушінің берген белгісімен арқан тартылады.

Мұндағы мақсат - екі топ бірін -бірі жердегі орталық сызықтан әркім өз жақтарына қарай тартып сүиреп әкетуі керек. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан бұрын сүйреп өткізіп алса, сол жағы женді делінеді. Сүитіп, жеңілгендер жеңімпаздарға хор айтып, не би билеп беруге тиіс. Жазаны орындаған соң ойынды жоғарыдағы тәртіп бойынша қайтадан бастайды.

2. 2 Көкпар

Ойын көптеген жігіттердің қатысуымен өтетін аттылардың ойыны. Ойынға бауыздалған қозы мен лақтың біреуі пайдаланылады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойынға қатысушы аттылы жігіттер белгіленген сызықтың бойына қатарға тұрады. Аттылы жігіттер тұрған сызықтан 50 - 60 адамдай жерге көкпар тасталынады. Ойын жүргізушінің белгісімен салт аттылар тұра шабады, сол -ақ қай бұрын жеткені жолында жатқан көкпарды іліп алып қашады. Оны артынан қуып жетіп, басып озған ойыншы тартып алады, осылайша ара қашықтығы 4 - 5 шақырымдай белгіленген көмбеге кім бұрын әкелсе сол көкпарды алады. Көкпарды қызықтаушылар бірнеше рет тігеді. Көкпар қанша рет тігілсе ойын сонша рет қайталанылады.

Көкпар (екінші түрі )

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Жоғарыдағыдай көкпарды көмбеге бұрын әкелген ойыншы жеңімпаз атанбайды, сол ойыншының тобы ұтқан болып есептелінеді. Ойынның жеңімпазын анықтау үшін ойынды 3 - 5 реттен қайталауға болады. Сонда қай көп ұтқан топ жеңімпаз атанады.

2. 3 Тоғызқұмалақ

Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын, халық даналығы қалдырған ойындардың бірі - тоғызқұмалақ. Халықпен бірге жасасып келе жатқан даналардың ойыны аталған тоғызқұмалақ - бүгінде өзінің даму сатысында екенін айта кеткен жөн.

Көшпенді халықты, әсіресе малшылардың математикасы - қай халықтың болмасын күнделікті мұқтаждығына керекті бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны үстінде қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын малшы математикасы деп тегін аталмаған. Себебі, далада кездесе кеткен екі малшы қазан мен отаудың жерін шұқып жіберіп, қалталарында жүрген 81 қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз тоғыздан бөліп сала қояды да, дереу ойынға кірісіп кетеді. Міне бүгінгі ұрпаққа жеткен ауыз әдебиетіндегі аңыз осылай дейді.

Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде, қалай қалыптасқаны жөнінде нақтылы тарихы Қазақстан жерінде жартастардың, болмаса төбенің үстіндегі тегіс тас бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ ойынының тақталары біздің осы ойымызды дәлелдей түседі. Мысалы, Қаратау қаласына таяу, Ақшұқыр деген тас төбенің үстінде, тегіс тасқа тоғыз - құмалақтың отаулары мен қазандары қашалып салынған. Малшы үшін бұл Ақшұқыр тас жотасы малды қарауылдауда табылмайтын орын. Демек, айналадағы малды бақылап отырып тоғызқұмалақ ойнаған. Сондай -ақ, Тарбағатай тауының Сайқан жоталарының бірінде, Қоржынбай жайлауының етегінде жартасқа салынған тоғызқұмалақ тақтасы тағы бар.

Тоғызқұмалақ ойынының аса бір өзіндік ерекшелігі күрделі құрал - жабдықтарды қажет етпейді. Ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерді қазып, ойын тақтасын дайындаған. Барлық құмалақ салатын шұнқырды қазан, тоғыз - тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп атаған. Ертеректе тоғызқұмалақ ойнайтын адамдар қойдың 162 құмалағын дорбаға салып қанжығасына байлап алып жүрген.

Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының аты болған. Сол жақтағы шеткі, яғыни бірінші отау - «тандық», екінші - «көшпелі», үшінші - «атөтпес», төртінші - «атсұратар», бесінші -«бел», алтыншы -«белбасар», жетінші -« қандықақпан», сегізінші -«көкмойын», тоғызыншы -«мандай». Әр отауды бұлай деп атаудың өзіндік тарихы маңызы бар. Себебі, ойынның ойналу процесі толығынан осы атау аттарына негізделген. Ойын тақтасы кейін келе ағаштан жонылып, әрбір отаудың мандайына «а» әрпінен бастап тоғыз отау солдан оңға қарай - а, б, в, г, д, е, ж, з, и дыбыстарымен белгіленген. Демек, тоғызқұмалақ ойынының жалпы ережесін осылайша бүгінгі күн талабына сай реттеу - көпшілік арасында кеңінен тараған. Бүгінгі күнде тоғызқұмалақ ойынының республикалық федерациясы құрылды. Республика біріншілігінің және республика аралық жеңімпаздарына «Қазақстан спорт шебері» деген атақ беріледі. Тоғызқұмалақтан республиканың жекелей біріншілігімен қоса командалық жарыс та өткізіледі.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ бойынша уақыт белгілеп, құмалақтары салынған тоғызқұмалақ тақтасы ойын ережесіне сай дайындалып болған соң уақыт белгілейтін төреші ойынныңбасталғандығын хабарлайды. Бірінші жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Алғашқы жүрісті «тандықтан» және «маңдайдан», яғни жүріс жүргенін хабарлайды. Тек, бірінші жүрісті тоғызыншы отаудан ғана бастауға болмайды, басқа отаудың барлығынан жүре беруге балады. Сондықтан ойын барысында қарсыластар өздерінің отауларындағы құмалақтарды жұпсанымен ұстап отыруға тырысады. Мұндай жағыдайды ойыншылардың отаулары «жабық» деп атайды. Ойын барысында әр ойыншы өзінің қарсыласының отауын тақ санымен ұстауға тырысады. Демек, тақ санымен жатқан отауларды «ашық» отау деп атайды. Ойын барысында ойыншылардың қай -қайсысы болмасын қарсыласының отаудағы жатқан құмалақтарын қолмен санауына болмайды. Тек отауларының ашық - жабығын ғана және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады. Қай -қайсысы болмасын барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады. Ал, ойыншының қай -қайсысы болмасын қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге міндетті.

ТҰЗДЫҚ. Ойын барысында «тұздық»алу деген болады. «Тұздық» алу үшін қарсыластардың әрқайсысы өз кезегінде жүріс жасаған ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жатқан отауына түсіріп үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан «тұздық» алған болып есептеледі. «Тұздықты» алудағы мақсат әрбір жүріс сайын сол «тұздыққа» түсетін құмалақты тұздықтың иесіқазанына салып отырады. Демек, «тұздықтың» пайдасы әр жүріс сайын қазанға бір құмалақ түсіп отырады, деген сөз. Ойын ережесі бойынша тек «мандайдан» -тоғызыншы отаудан «тұздық» алуға болмайды. Ойын барысында «тұздық» бір -ақ рет алынады.

«АТСЫРАУ». Ойын барысында, әсіресе ойын соңына таман келгенде, ойыншының біреуінде құмалағы таусылып қалады да жүретін жүрісі бітеді. Тоғызқұмалақ ойынында бұл жағдайды «атсырау» деп атайды. «Атсырау» жағдайына тап болған ойын партиясы ұтылғанға есептеледі, себебі одан ары жүретн жүрісі жоқ . Енді, қарсыласын «атсырату» жағдайына алып келген ойыншы, өзінің отауларындағы құмалақтың барлығын жинап өз қазанына салады да, барлық құмалақтың есебін шығаруға кіріседі. Демек, «атсырау» жағдайына дейін әліекі ойыншының біреуі 82 құмалақ жинап үлгермегендіктен, амал жоқ отаудағы қалған құмалақты қосып алғаннан кейін бұл ойыншы ешқандай даусыз жеңіске жетеді. Ойын барысында «атсырау» жағдайы сирек кездеседі., себебі ойынның айла -тәсілін білетін ойынша өзін «атсырау» жағдайында қалдырмайды.

2. 4 Қазақша күрес

Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі - қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күресттің басқа халықтардың ұлттық күресімен салыстырғанда өзіндік бір ерекшелігі бар. Қазақша күрес негізінен әдет -ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерін дәріптейтін жиын -тойларда өткізіледі. Кезінде қазақша күрес «күш атасын танымайды» деген ұранмен, еш салмақ дәрежесінсіз -ақ, үлкен -кішіге қарамай, тіпті баласы мен әкесі де күресетін болған. Онымен қоса белгілі бір жүиеленген белдесу ережесі де болмаған. Осылайша күш аталары өздерін қарсыласы мен халықының алдында паш етебілген. Мұндай күш аталары халық тарихында, ауыз әдебиетінде жырға қосылған. Әсіресе, тарихтағы халық батырларымен қоса ел арасында аты әйгілі - Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар секілді алыптар да бар. Белдесуге шыққан палуандарды бір қолды астынан - бір қолды үстінен алып белдестіретін. Бұл белдесуді қазақтар «қоянқолтық» ұстасу деп атайды. Белдесу барысында қолды белбеуден босатуға болмайды.

Қазақша күресте қолданылатын айла - тәсілдердің негізгі түрлері;

-иықтан асыра лақтыру әдісі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу
Ұлттық ойындардың дене жаттығуларына әсері
Дене шынықтыру пәнінде ойнатылатын ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Қазақтың ұлттық ойындарын антропологиялық тұрғыдан қарастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды үйретудің ғылыми педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz