Қазыбек би
Өмірбаяны
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы . қазақ халқының XVII . XVIII.ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт.дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі.сыртқы саясатта ақыл.кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық.тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз.әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би.батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт.береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм.тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса . хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса . құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса . күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз . еріткелі келгенбіз, қазақ.қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең . шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан . алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең . жөніңді айт, бермесең . тұрысатын жеріңді айт!” . депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқының XVII - XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек -- есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: "Дат, тақсыр!" деп жұлқынып алға шығады да:
"Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса - хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса - құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса - күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз - еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге -- танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең - шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан - алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең - жөніңді айт, бермесең - тұрысатын жеріңді айт!" - депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: "Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын", - деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын - "Жеті жарғыны" жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.
Ел "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың "Елім-ай" романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы - Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген.
Қосымша ақпараттар
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел төрт бегі деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық десіпті. Айтқанындай-ақ Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел ақсақтың алтауы деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің, - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді депті.
Асан туғанда осы шіркін даңғой болады-ау депті. Балапан туғанда, осы шіркін шешен болар депті. Үсенге кербез боларсың депті. Бөдене туғанда батыр болар ма екенсің депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.
Қазыбек би жайлы әңгімелер
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын.
Тай күнінде жоғалтқан бөсірем деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, тайында жоғалтқан бөсірем деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары бесқасқа атанған сен тұр мен атайындар екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
-- Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен? - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мөнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар. Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе түтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас косып: Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді? - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсын шайқасайық! - дейді. Осыған халык бөтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынам ақшы болып оның үйіне кел се, Қазыбек үйде жок екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жок, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаныц жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек. - Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына Телкоңыр дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
Телқоңырды мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: Мынаның ішінде тас бар ма тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар! - дейді.
Күндердің күнінде бие кұлындап құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір кулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен Телқоңыр атаныпты. Келдібектіңтауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарам- ды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып түр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сөлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарк- қарк күліп.
- Жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын, - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді. Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді. Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбеніц басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйландар. Көп арасында мына Қазыбек сыкылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрындар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! Кол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды ал мае қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтыкпен дөлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңцар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артык; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алған дай болады.
Сонымен Абылай кош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні атта- рына қар тепкізеді, өлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдер- ден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: Казақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз? - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас косып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жок, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін, - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: Тайға мініп бала да келген бе? - деп дал аға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келе- кеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ мақұл-мақұл деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. Елшіге өлім жок деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сүңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты. Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: Жарайды, - деп колына таяғын алып, көпшілікке келіп өрқайсы- сымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен, - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп үйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жаісға, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан неден шошыдын? - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі колы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап түр екен. Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халыкты қара шыбындай аузыма үймелетемін, - деп түр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ержетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: Сөзге дөмелің қалмандар деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, ө дегеннен шаркылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдык, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz