Жүнді жіктеу және стандарттау
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады. Жүннен тоқылған, бірақ киілген бұйымдар мен тоқымаларды өңдеуден алынған жүн де табиғи жүнге жатады, бірақ ескі немесе қалпына келтірілген жүн деп аталады. Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр, кендір, жүт, кенеп және басқа да өсімдік текті талшықтарды, сондай-ақ химия өнеркәсібі жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды пайдаланады.
Жүн — терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс — кератиннен тұрады. Жүн кератинінің ерекшелігі мынада: онда басқа белоктардағыға қарағанда күкірттің мөлшері едәуір көп болады.
Жүн эмбрионалдық кезеңде-ақ қалыптаса бастайды. 60—70 күндік эмбрионның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы пайда болады. Оны бірінші реттік және екінші реттік фолликулалар деп бөледі. Жүні әркелкі болып келетін қойдың бірінші реттік фолликуласынан қылтық, сондай-ақ аралық немесе өлі жүн өсіп жетіледі, ал биязы жүнді қойларда одан — неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі. Бірінші реттік фолликула түзілуден бірнеше күн өткен соң екінші реттік фолликула пайда болады. Шағын өлшемді болып келетін екінші реттік фолликуладан неғұрлым жіңішке түбіт талшықтар өсіп шығады. Қозы туғаннан кейін теріде жаңадан фолликулалар түзілмейді.
Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі

Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды
және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің
әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе
тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи
жүн деп аталады. Жүннен тоқылған, бірақ киілген бұйымдар мен тоқымаларды
өңдеуден алынған жүн де табиғи жүнге жатады, бірақ ескі немесе қалпына
келтірілген жүн деп аталады. Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр,
кендір, жүт, кенеп және басқа да өсімдік текті талшықтарды, сондай-ақ химия
өнеркәсібі жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды
пайдаланады.
Жүн — терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс — кератиннен
тұрады. Жүн кератинінің ерекшелігі мынада: онда басқа белоктардағыға
қарағанда күкірттің мөлшері едәуір көп болады.
Жүн эмбрионалдық кезеңде-ақ қалыптаса бастайды. 60—70 күндік
эмбрионның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы
пайда болады. Оны бірінші реттік және екінші реттік фолликулалар деп
бөледі. Жүні әркелкі болып келетін қойдың бірінші реттік фолликуласынан
қылтық, сондай-ақ аралық немесе өлі жүн өсіп жетіледі, ал биязы жүнді
қойларда одан — неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі. Бірінші реттік
фолликула түзілуден бірнеше күн өткен соң екінші реттік фолликула пайда
болады. Шағын өлшемді болып келетін екінші реттік фолликуладан неғұрлым
жіңішке түбіт талшықтар өсіп шығады. Қозы туғаннан кейін теріде жаңадан
фолликулалар түзілмейді.
Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, тұқым
қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру
жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі дамуы да азықтандыруға
байланысты болады. Қозы қолайсыз жағдайларға тап болғанда онда түзілген
фолликулалар толық жетіле алмайды және осының салдарынан түк (жүн) түзе
алмайды. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: буаз саулықтарды құнарлы
азықпен азықтандыру және төлдерді күтіп-бағудың жақсы жағдайларын түзу
арқылы фолликулалардың жетілуіне ықпал жасауға және осы арқылы қойдың жүн
өнімділігін арттыруға болады. Шамамен 120 күндік эмбрионның
фолликулаларынан қылшықтар өсіп жетіле бастайды, олар бұдан соң біртіндеп
терінің бетінде пайда болады.
Фолликулалар теріде топ-топ болып орналасады. Осындай топтың
әрқайсысына бір бірінші реттік және бірнеше екінші реттік фолликулар, бір
тер безі және бірнеше май бездері кіреді. Терінің қылшықпен бірігіп өскен
учаскесі түк үрпісі деп, ал талшықтың үрпіні қоршап жатқан төменгі бөлігі —
түк баданасы деп аталады. Түк (жүн) осы беліктен өседі. Түк баданасының
клеткалары қоректік заттарды қан тамырларының капиллярлары арқылы
қабылдайды. Клеткалар бөліну жолымен көбейеді және біртіндеп үрпіден
қашықтай береді, ал қашықтай келе олар қорек қабылдауды тоқтатады да
қасаңданады, сөйтіп, жансыз қасаң түзілістерге айналады. Міне, осы
түзілістер жүн талшықтарының массасын құрайды. Қылшықтың теріде болатын
бөлігі түк түбірі деп, ал терінің бетіне шығып тұрған қалған бөлігі түк
өзегі (кіндігі) деп аталады. Талшықтың түбірі тұрған жерді түк қынабы деп
атайды. Қынаптың бүйір жақтарына май бездері орналасқан. Олардың шығару
өзектері қынаптың ішкі жағына оның жоғарғы бөлігінен келіп кіреді.
Құрылысының осындай болуының арқасында қылшықтың түбір белігі май
бездерінің секреті — тері майымен үнемі майланып тұрады.
Қылшықтың құрылысы. Әр түрлі қылшықтардың өзіне тән гистологиялық
құрылысы болады. Түбіт талшықтары қабыршақты және қыртысты қабаттан тұрады,
ал басқа қылшықтардың бұған қоса өзек қабаты болады.
Қабыршақты қабат — талшықты судың, күн мен шаң-тозаңның және т. б.
бүлдірушілік әрекетінен қорғайтын, оның сыртқы қабықшасы. Ол әр түрлі
пішінді қасаңданған клеткалардан тұрады. Мәселен түбіттің қабыршақты қабаты
қыртысты қабатты қамтитын сақинаға ұқсас. Неғұрлым жуандау келген басқа
талшықтардың қасаңданған клеткалары үй шатырындағы бірін-бірі ұштаса
жабатын черепица тәрізді жалпақ болады. Осындай құрылысының арқасында
қылшық жал тәрізденіп келеді. Қабыршақтың зақымдануы қылшықтың мықтылығын,
серпімділігін және басқа да физикалық қасиеттерін бұзады.
Қыртысти қабат — қылшықтың негізгі массасы. Ол ұршық тәрізді
клеткалардан тұрады және қабыршақты қабаттың астыңғы жағында болады.
Талшықтың мықтылығы, серпімділігі мен созылғыштығы қыртысты қабаттың
касиетіне байланысты. Қыртысты қабаттың клеткаларында бояғыш зат — пигмент
болады, жүннің түсі осы пигментке байланысты.
Өзек қабати тек қана қылтықта, өлі жүн мен аралық жүнде болады. Ол
талшықтың ортаңғы белігін алып жатады және өзара бос байланысқан
клеткалардан тұрады. Қлеткалардың арасындағы қуыста ауа толы болады. Өзек
қабаты тұтас қара сызық немесе үздік-үздік сызық түрінде қылшықтың ортаңғы
бөлігіне орналасады. Бұл қабат неғұрлым мықты жетілсе, талшықтардың
беріктігі соғұрлым нашар болады. Мұндай қылшықтардың бұйрасы аз және кейде
тез үзіледі.
Жүн талшықтарының түрлері. Қойдың жүнін талшықтары жөнінен мынадай
негізгі түрлерге бөледі: түбіт, қылтық, аралық жүн және өлі жүн. Қылтықтың
түрлері ретінде қатаң қылшық пен қозы жүн кездеседі.
Түбіт — жүннің ең бағалы бөлігі болып табылады. Биязы жүнді қойлардың
жүні түбіттен тұрады. Түбіт қылшықтарының жіңішкелігі 14,5—25 микрон
аралығында, ал ұзындығы 5—15 см аралығында болады. Түбіт талшықтары әрқашан
да жақсы бұйраланып тұрады. Қылшық жүнді қойлардың жүнінде де түбіт
болады, ол, әдетте, оның төменгі қатарын түзеді.
Қылтық — жүннің маңызы шамалы бөлігі. Ол әр текті ұяң және қылшық
жүннің құрамына кіреді. Қылтығы аз иректелген. Ол әрқашан дерлік түбіттен
ұзын болады (роман қойларының жүнінен басқа). Қылтығының жіңішкелігі 50—150
микрон аралығында және онан артық та болады.
Өзінің техникалық сапасы бойынша аралық жүн қылшықтардың
бағалы түрлерінің бірі болып табылады. Оған едәуір мықтылық пен серпімділік
қасиет тән. Оның бұйралығы әдетте толқын тәрізді болып келеді. Жуандығы
жөнінен түбіт пен қылтықтың арасындағы орташа түр болып саналады.
Аралық жүннің орташа диаметрі көбінесе 26—50 микрон аралығында болады.
Аралық жүн — жартылай биязы жүнді қой түқымдары жүнінің негізі, ол барлық
ұяң және қылшық жүнді қойларда да кездеседі. .
Өлі жүн — мата жасау ісіне жарамсыз келеді. Ол морт, қатты
болады, бұйрасыз және бояу алмайды. Өлі жүн талшығының жуандығы 100—400
микрон аралығында болады. Қой жүнінде өлі жүн кездескен жағдайда бұл
жүннің құндылығы күрт кемиді.
Қатаң қылшық дегеніміз қылтықтың жоғарғы жартысында шайыры жоқ түрі.
Осының нәтижесінде талшық қатты, морт болып, қалыпты қылтыққа карағанда
мықтылығынан айрылады. Жабағы жүнде кездесетін қатаң қылшық жүннің
құндылығын кемітеді.
Қозы жүн дегеніміз биязы жүнді койдың бір жасқа дейінгі қозыларының
жүнінде кездесетін талшықтар. Қозы жүн өте ұзындығымен, талшықтарының
жуандығымен және бұйрасының аз болуымен көзге түседі. Жүнді бірінші рет
қырқудан кейін мұндай талшықтар, әдетте, түседі де, оның орнына биязы
жүнді қойларға тән талшықтар өседі.
Жабын жүннің өнеркәсіптік маңызы жоқ. Бұл қысқа жүн, талшықтары түзу
және өте қатаң. Ол қойдың сирақтарында, бастың бет бөлімінде, кейде құйрығы
мен құрсағында өседі.
Жүннің түрлері. Жүннің мынадай түрлері болады: биязы, биязылау, үяң
және қылшық жүн. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен тұрады.
Ол жақсы ұсақ бұйраларының болуымен, мықтылығымен, созылғыштығымен және
басқа да жақсы қасиеттерімен көзге түседі. Ол биязы жүнді қойлардан, сондай-
ақ қылшық жүнді қойлар мен биязы жүнді қойлардың қошқарының жоғары қанды
буданынан алынады. Ең жақсы биязы жүн меринос жүні деп аталады.
Биязылау жүн де бір текті болып келеді және неғұрлым қылшықты
түбіттен немесе аралық биязы жүннен немесе диаметрі бойынша ажырату қиынға
түсетін осы талшықтардың қоспасынан тұрады. Биязылау жүн талшықтарының
жуандығы 25 микроннан астам. Биязылау жүнді қой тұқымынан, қойдың тез
жетілетін етті тұқымдарынан, сондай-ақ қылшық жүнді қой саулықтарын
жартылай биязы жүнді қойдың қошқарларымен шағылыстырудан алынған кейбір
будандардан осындай жүн алынады. Биязылау жүннің ерекше бір түрі —
кроссбред жүнін жүннің осы түріне жатқызады, ол өзіне тән бұйрасының
болуымен, талшықтарының жіңішкелігінің біркелкілігімен, өте ұзын болуымен
және кейде өңінің жылтырлығымен көзге түседі. Биязы жүнді қой саулықтарының
линкольн қойының қошқарларымен буданынан, сондай-ақ кейбір таза тұқымды
қойлардан (солтүстік кавказдық етті-жүнді, тянь-шаньдық қой, т.б.) осындай
жүн алынады.
Әр текті жүн ұяң жүн деп аталады. Мұндай жүн I— II ұрпақтың (қылшық
жүнді қойдың саулықтары X биязы жүнді қой тұқымының қошқарлары) буданынан,
тәжік және сараджи тұқымының қойларынан алынады. Ол түбіттен, аралық жүн
мен айтарлықтай жіңішке қылтықтан тұрады.
Жүннің техникалық қасиеттері. Жүннің техникалық қасиеттеріне оның
талшығының ұзындығын, жіңішкелігін, бұйралығын, мықтылығын, иілгіштігі мен
созылғыштығын, серпімділігін, өңінің жылтырлығы мен түсін жатқызады.
Қойларды бонитировкалау мен жүнді кластарға бөлу кезінде осы қасиеттерге
қарай отырып, жүннің құндылығын белгілейді.
Жүн талшығының ұзындығы — оның құндылығын анықтайтын, жүннің негізгі
қасиеттерінің бірі. Жүннің табиғи ұзындығын талшықтың иректерін
түзетпестен, табиғи күйінде штапелінде немесе тұлым жүнінде өлшейді. Жүн
талшығын көрместен, иректері түзетілгенше созып алған өлшемді қылшықтың
нағыз ұ зындығына жатқызады.
Жүн талшықтарының ұзындығы қойдың тұқымына, жынысы мен жасына, жылына
неше рет қырқылатынына және малдың жеке ерекшелігіне байланысты. Биязы
жүнді қой тұқымдарынан ең қысқа жүн алынады, оның ұзындығы, әдетте, 5—10 см
болады. Кейбір биязылау етті-жүнді қой тұқымдарынан ең үзын жүн алынады.
Мысалы линкольн, куйбышев және басқа қой тұқымдарының жүнінін. ұзындығы 12
айлық кезінде 20—40 сантиметрге жетеді. Қылшық және үяң жүнді қойлардың жүн
талшықтарының ұзындығы 20—30 сан-тиметрге жетеді. Көктемгі қой қырқу
кезінде олардың жүнінің ұзындығы 7—10 сантиметрден 25—30 сантиметрге дейін,
ал күзгі қой қырқу кезінде 7-ден 15 сантиметрге дейін жетеді. Қойдың жасы
өскен сайын жүн талшықтарының ұзындығы өзгереді. Бір жастағы қозыларда ол
барынша ұзын болады. 5—6 жастан асқан қойлардың жүнінің өсуі баяулайды.
Малдың денесінде ұзындығы әркелкі жүн өседі. Қойдың жаурыны мен
бүйірінде және санында ең ұзын, ал бауырында ең қысқа жүн талшықтары өседі.
Жүннің ұзындығы қойды азықтандыру дәрежесіне байланысты және ол жүн қырқу
шамасына күшті әсер етеді: жүн талшықтары неғұрлым ұзын болса, басқа
жағдайлардың бәрі бірдей болған кезде, қырқылатын жүннің мөлшері соғұрлым
көп болады.
Жүн талшықтарының ұзындығы оның жіңішкелігімен көбінесе кері
қатынаста болады. Неғұрлым жіңішкелеу келетін, бір текті жүн неғұрлым
жуандау келетін жүн талшықтарынан көп жағдайда қысқалау келеді. Алайда мал
тұқымын асылдандыру жұмысын іскерлікпен жүргізе білу арқылы жүн
талшықтарының ұзындығы оның қажетті жіңішкелігіне сай келетін қой отарларын
құруға болады.
Жүн талшығының жсіңішкелігі — жүннің сапасын анықтайтын, маңызды
қасиеттерінің бірі. Оны қылшықтың көлденең қимасының диаметрін өлшеу арқылы
анықтайды да, микронмен белгілейді. Жуылған 1 кг биязы жүннен
(талшықтарының орташа диаметрі 20— 25 микрон) 3—4 м2, ал 1 кг қылшық жүннен
(45—55 микрон) бар болғаны 1 м2 шамасында сапасы жақсы жеңіл мата жасап
шығаруға болады.
Қойды бонитировкалау, жүнді кластарға бөлу және сорттау кезінде оның
талшығының жідішкелігін көз мөлшерімен анықтайды, бірақ ол үшін мол
тәжірибе керек. Бақылау үшін жіңішкелігі алдын ала микроскоппен дэл
анықталған жүн үлгілерін (эталондарды) пайдаланады. Қазіргі уақытта біздің
елімізде барлық бір текті жүннің (биязы және биязылау) жіңішкелігін анықтау
үшін жүнді кластарға бөлудің бірыңғай системасы (жүйесі) жасалған. Бұл жүйе
бойынша бір текті жүннің 13 негізгі класы белгіленген, оларды сапа деп
атап, 80, 70, 64, 60, 58, 56, 50, 48, 46, 44, 40, 36 және 32 цифрларымен
белгілейді. Көрсетілген әрбір сапаға жүннің белгілі бір жіңішкелігі сай
келеді.
Бір текті жүнді оның жіңішкелігіне қарай кластарға бөлу
Сапасы Жүн талшығының Сапасы Жүн талшығының
(жіңішкелікжіңішкелігі (микрон) (жіңішкелікжіңішкелігі (микрон
класы) класы
мына мына шамаға мына мына шамаға
шамадан дейін шамадан дейін
бастап бастап
80-ші 14,5 18,0 48-ші 31,1 34,0
70-ші 18,1 20,5 46-ші 34,1 37, 0
64-ші 20,6 23,0 44-ші 37,1 40,0
60-ші 23,1 25,0 40-ші 40,1 43,0
58-ші 25,1 27,0 36-ші 43,1 55,0
56-ші 27,1 29,0 32-ші. 55,1 67,0
50-ші 29,1 31,0
Сапаны білдіретін цифрлар (80, 70, 64 және т. б.) иіруге даярланған
(түтілген) жүннің бір ағылшын фунтынан (454 г) ұзындығы 512 м болатын
неше иірім жіп алуға болатынын көрсетеді. Жүн талшығы неғұрлым жіңішке
болса, оның бір ағылшын фунтынан соғұрлым көп иірім жіп даярлауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz