Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы



1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру процессінде шаруашылық субъектілері:
- шаруашылықтың нақты жағдайларына байланысты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру формасын бекітеді;
- бухгалтерлік есептің формалары мен әдістерін анықтайды;
- ішкі бақылау мен есеп жүйесін өңдейді.
Бюджеттік мекемелерге, негізгі қызметі толығымен немесе жартылай шығыстар мен кірістер сметасы негізінде бюджет қаржылары есебінен қаржыландырылатын мекемелер жатады. Мекемені бюджеттік ұйымға жатқызу оның жарғысымен, ұйымдастыру құжаттарымен, оның қарасты қаржы органы бойынша анықталады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі бюджет туралы заңдылықтармен анықталады. Бюджеттік ұйымдардағы шығыстар сметасы мен бюджеттің орындалуының бухгалтерлік есебі бюджеттік есеп деп аталады.
Бюджеттік есептің ерекшеліктері:
- шығыстар сметасының орындалуын бақылау;
- есептегі кассалық және нақты шығыстарды жеке қарастыру;
- есеп пен есеп берудің нормативті құжаттарға сәйкес жүргізілуі;
- денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет салаларындағы бухгалтерлік есептің жүргізілуі.
Бюджеттік есептің объектілері:
- бюджеттің кірісі мен шығысы;
- банктегі нақты ақшалай қаражаттар;
- қорлар мен резервтер;
- бюджеттік ұйымдардың материалдық құндылықтары.
Бюджеттік есептің негізгі міндеттері:

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы

1. Бюджеттің орындалуының бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы.
2. Бухгалтерлік қызметтің құрылысы. Бас бухгалтерлердің міндеттері мен
құқықтары.
3. Бюджеттік жіктелім және бюджеттік ұйымдардың шығыстар сметасы.

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру процессінде шаруашылық субъектілері:

- шаруашылықтың нақты жағдайларына байланысты бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру формасын бекітеді;
- бухгалтерлік есептің формалары мен әдістерін анықтайды;
- ішкі бақылау мен есеп жүйесін өңдейді.
Бюджеттік мекемелерге, негізгі қызметі толығымен немесе жартылай
шығыстар мен кірістер сметасы негізінде бюджет қаржылары есебінен
қаржыландырылатын мекемелер жатады. Мекемені бюджеттік ұйымға жатқызу оның
жарғысымен, ұйымдастыру құжаттарымен, оның қарасты қаржы органы бойынша
анықталады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі бюджет
туралы заңдылықтармен анықталады. Бюджеттік ұйымдардағы шығыстар сметасы
мен бюджеттің орындалуының бухгалтерлік есебі бюджеттік есеп деп аталады.
Бюджеттік есептің ерекшеліктері:
- шығыстар сметасының орындалуын бақылау;
- есептегі кассалық және нақты шығыстарды жеке қарастыру;
- есеп пен есеп берудің нормативті құжаттарға сәйкес жүргізілуі;
- денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет салаларындағы
бухгалтерлік есептің жүргізілуі.
Бюджеттік есептің объектілері:
- бюджеттің кірісі мен шығысы;
- банктегі нақты ақшалай қаражаттар;
- қорлар мен резервтер;
- бюджеттік ұйымдардың материалдық құндылықтары.
Бюджеттік есептің негізгі міндеттері:
- бекітілген бюджеттің нақты орындалуы;
- қаржыларды үнемдеп жұмсау және қаржылық-бюджеттік тәртіпті сақтау;
- мүліктерді қорғау;
- бюджетке қаржыларды жұмылдыру және қосымша кірістерді анықтау.
Сонымен сметалық тәртіпте қаржыландырылатын мекемелер бюджеттік
деп аталады. Олар мектептер, балабақша, жоғары және орта оқу орындары,
ғылыми-зерттеу мекемелері, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері т.б.
Бюджетті ұйымдастырудың қаржыларға мұқтаждығы негізгі қаржыны жоспарлау
құжаты болып табылатын шығыстар сметасында көрсетіледі. Бекітілген смета
негізінде бюджеттік ұйымдар өздерінің қызметін жүзеге асыру үшін қаржылар
алады. Бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебі бюджет бойынша шығыстар
сметасының орындалуымен байланысты барлық операциялардың есепке алынуын
қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп екі жақты жазу жүйесі бойынша
жүргізіледі. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлі, журнал-
ордерлі формасы қолданылуы мүмкін. Ірі бюджет мекемелерінде бухгалтерлік
есептің ж.о. формасы қолданылады.
Бюджеттік тәртіптің сақталуына және бухгалтерлік есептің дұрыс
ұйымдастырылуына жауапты тұлғалар мекеме басшысы мен бас бухгалтер.
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепте көрсеті екі жақты жазу әдісі
арқылы, шығыстар сметасы орындалуының есеп-шот жоспары бойынша жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде мыналар қамтамасыз етілуі керек:
- бюджет ұйымының бухгалтерлік есепті қабылданған есеп саясаты бойынша
жүргізуі; есепті жылдың өзгерістері жылдық есеп беруде түсіндірілуі
керек;
- есепті жылдағы барлық операциялардың және түгендеу қорытындысының
бухгалтерлік есепте толығымен көрсетілуі;
- аналитикалық есеп пен синтетикалық есептің сәйкестігі.

2. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына тікелей
жауапты тұлға-ұйымның басшысы. Бухгалтерлік есепті жүргізу туралы ережеге
сәйкесұйымның басшысы:
- өзіне тікелей бағынатын бас бухгалтерді қызметке тағайындайды немесе
қызметтен босатады;
- бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауға
міндетті;
- бухгалтерге штат ашуға құқы бар;
- ішкі ұйғарымдарды, бухгалтер құжаттарды, түгендеуді, ішкі және сыртқы
есеп берулерді бекітеді.
Бухгалтерлік есепті бухгалтерлік қызмет (бухгалтерия) жүзеге асырады. Оны
бас бухгалтер басқарады.
Бухгалтерлік қызмет – бұл бухгалтерлік есепті жүргізетін есеп беруді
дайындайтын арнайы мамандандырылған бөлім. Бухгалтерия жеке және қажетті
құрылымдық бөлімше болып табылады.
Бухгалтерлік есеп ұйымдастырылу формасына қарай орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған болып 2 ге бөлінеді. Орталықтандырылмаған бухгалтерлік
есептің формасында әр мекемеде жеке бухгалтерия құрылады.
Ірі мекемелерде бухгалтерия мынадай топтарға бөлінеді: қаржылық есеп
айырысу, жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысу, материалдар тобы т.б.
Топтарды бас бухгалтер басқарады.
Орталықтандырылған бухгалтерия бухгалтерлік қызметті ұйымдастырудың тиімді
формасы болып саналады. Орталықтандырылған бухгалтерия қаржыларды тиімді
пайдалануға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары
Кірістер мен шығыстардың есептілігі
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Мемлекеттік басқару органдары және ішкі бақылау жүргізу тәртіптері
Пәндер