Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім.
1. Көркем өнер шығармашылығының 70.80 жылдардағы ерекшеліктері.
2. 70.80 жылдары драматургияның өркендеу белесі.
3. І. Есенберлиннің «Жанталас» песьсасының көркемдік ерекшілігі.

Әдебиеттер.
Кіріспе
Әдебиеттің басқа жанрлары сияқты, бұл жылдары драматургия да едәуір өркендеді. «Ол өмір шындығын терең тартыс арқылы бейнелеуде, сол арқылы адам бойындағы сыр мен мінезді ашуда, оны өмірдің күрделі құбылыстарымен байланыстыра көрсетуде бірсыпыра табыстарға жетті. Өмірдегі жаңалықтарды тану және көркем бейнелеу жаңа кейіпкерлер туғызды. Мұндай жаңашыл ізденістер, ең алдымен, бұл жанрда қызмет істейтін қаламгерлердің жаңа буынының таланты мен табысына байланысты. Бұл жылдары драматургияға, негізінен, жас авторлар келді. Олар өмірді тануда, оны көркем бейнелеуде өз ұғым-түсінігін жария етті. Осы тұрғыдағы ізденістің басы ретінде Қ. Мұхамеджановтың Ш. Айтматовпен бірігіп жазған "Көктөбедегі кездесу" (1972) пьесасын айтуға болады. Пьеса Қазақстан шекарасын аттап өтіп, көптеген шетел театрларында қойылды. Оның Мәскеуде, "Современник" театрындағы қойылымын көрген К. Симонов: "Мен көптен бері театрдан дәл осындай, адамның адамшылығының бағасы және менің, сенің, оның, кез келгеніміздің өміріміз бен қызметімізді бағалаудағы жоғары адамгершілік өлшемдердің маңыздылығы жайындағы спектакльді көрсем деп жүруші едім", — депті. Пьесаға ризалық айтқан. Бұл ризашылықтың негізінде пьеса авторларының көтеріп отырған мәселесінің маңыздылығы және оның көркемдік шешімі туралы баға жатыр. Пьеса көтерген проблема тек бір халықтың өмірімен шектелмейді, ол — жалпы адамзатқа ортақ проблема. Адамның қандай жағдайда болса да, адам боп қалу мәселесі. Жазушылар оны пьеса кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, жалпы адамдық, азаматтық борыш, шындыққа адалдық тұрғысынан шешеді. Онда Көктөбенің басына жиналған достардың өз бастарынан кешкен өміріне терең барлау жасалып, қуанышы мен қайғысы, жақсылығы мен реніші ақтарылады. Осы арқылы олардың өмір ағымында қаншалықты өзгергені көрінеді. Олар көзқарасы мен өмір жайлы түсінігі, адамгершілік, азаматтық сыпаты жағынан арқылы боп шығады. Шындық оларға өз бағасын береді. Ғылым
Әдебиеттер.
1. Қирабаев С. Кеңес дәіріндегі қазақ әдебиеті-А. 1998.
2. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі-Алматы, 2003.
3. Жұбанов А.Қ. ән-күй сапары-А. 1976.
4. Калиев А. Қазақ тәлім- тәрбиесі-А. 1997.
5. Қазақ Совет энциклопедиясы-А. 1971.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
1. Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері.
2. 70-80 жылдары драматургияның өркендеу белесі.
3. І. Есенберлиннің Жанталас песьсасының көркемдік ерекшілігі.
Әдебиеттер.

Кіріспе
Әдебиеттің басқа жанрлары сияқты, бұл жылдары драматургия да едәуір
өркендеді. Ол өмір шындығын терең тартыс арқылы бейнелеуде, сол арқылы
адам бойындағы сыр мен мінезді ашуда, оны өмірдің күрделі құбылыстарымен
байланыстыра көрсетуде бірсыпыра табыстарға жетті. Өмірдегі жаңалықтарды
тану және көркем бейнелеу жаңа кейіпкерлер туғызды. Мұндай жаңашыл
ізденістер, ең алдымен, бұл жанрда қызмет істейтін қаламгерлердің жаңа
буынының таланты мен табысына байланысты. Бұл жылдары драматургияға,
негізінен, жас авторлар келді. Олар өмірді тануда, оны көркем бейнелеуде өз
ұғым-түсінігін жария етті. Осы тұрғыдағы ізденістің басы ретінде Қ.
Мұхамеджановтың Ш. Айтматовпен бірігіп жазған "Көктөбедегі кездесу" (1972)
пьесасын айтуға болады. Пьеса Қазақстан шекарасын аттап өтіп, көптеген
шетел театрларында қойылды. Оның Мәскеуде, "Современник" театрындағы
қойылымын көрген К. Симонов: "Мен көптен бері театрдан дәл осындай, адамның
адамшылығының бағасы және менің, сенің, оның, кез келгеніміздің өміріміз
бен қызметімізді бағалаудағы жоғары адамгершілік өлшемдердің маңыздылығы
жайындағы спектакльді көрсем деп жүруші едім", — депті. Пьесаға ризалық
айтқан. Бұл ризашылықтың негізінде пьеса авторларының көтеріп отырған
мәселесінің маңыздылығы және оның көркемдік шешімі туралы баға жатыр. Пьеса
көтерген проблема тек бір халықтың өмірімен шектелмейді, ол — жалпы
адамзатқа ортақ проблема. Адамның қандай жағдайда болса да, адам боп қалу
мәселесі. Жазушылар оны пьеса кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне үңіле
отырып, жалпы адамдық, азаматтық борыш, шындыққа адалдық тұрғысынан шешеді.
Онда Көктөбенің басына жиналған достардың өз бастарынан кешкен өміріне
терең барлау жасалып, қуанышы мен қайғысы, жақсылығы мен реніші ақтарылады.
Осы арқылы олардың өмір ағымында қаншалықты өзгергені көрінеді. Олар
көзқарасы мен өмір жайлы түсінігі, адамгершілік, азаматтық сыпаты жағынан
арқылы боп шығады. Шындық оларға өз бағасын береді. Ғылым докторы Өсіпбай,
жазушы Исабек, агроном Досберген және олардың әйелдерімен диалог достар
арасындағы сырға айналып, адамдық психологиясы мен өмір философиясын ашуға
көмектеседі. Олар ескі досы Сабырды еске алу арқылы оның алдындағы дос
қарызын өтей алмағанын көреді. Шындық жолындағы айтысқа олардың ұстазы Айша
апай қатынасып, төреші болады. Пьеса адамның өз арымен, шындықпен бетпе-бет
келуі арқылы адалдықты, адамдықты паш етеді.
Жалған суреттер арқылы адамға ақыл үйретуден бой тарту, драмалық ойды
адам тағдырын ашуға құру, ол үшін кейіпкер психологиясының қалтарыстарын
ақтаруға ұмтылыс Тахауи Ахтанов пьесаларында жақсы нышан ретінде танылды.
Оның "Күтпеген кездесу, "Боран", "Махаббат мұңы", "Ант" пьесалары бұл
жанрдың осы кезеңдегі тәуір үлгілеріне қосылады. Бір атап айтарлық жағдай —
Тахауи пьесаларының көбі оның бұрын жарияланған прозалық шығармаларының
сюжеті мен оқиғаларына құрылады.
Жазушы оларда драмалық тартысты тереңдету арқылы характерлерді
сомдайды. "Боран", "Күтпеген кездесу" пьесалары да осы тұрғыдан заманның
өткір проблемасын — адамдық пен адалдықты кең көтеруімен бағалы.
"Борандағы" өмірдің қаншалықты қиыншылығын көрсе де мойымайтын, ары алдында
жалтармай жауап беретін Қоспан да, "Күтпеген кездесудегі" қарапайым, адал,
адамдық борышын түсіне білетін Маңғас та қазақ әдебиетіндегі кесек
бейнелер. Олар соғыста бірге болған, бірақ соғыстан кейінгі жағдайда
өзгерген Қасболатпен, Мырзахметпен тартыста көрінеді, олармен адамдық,
азаматтық жарыста жеңіп шығады. Жазушы бұл арқылы екі түрлі мораль ұстанған
адамдардың бейнесін анықтайды. Қоспан мен Маңғас бойынан өткен іске талдау
жасайтын, ой, талғам, жаңа көзқарас табады. Ал, "Махаббат мұңында" жас
кезінде, сезімінің таза күйінде тапқан махаббатын ардақтап, жанына азық
еткен Ләззаттың ойлы бейнесі жасалады. Жас қыздың Ниязбен кездесуін автор
оның көңіл күйін, ішкі сезімін ашарлық суреттермен береді. Қыздың Нияздың
әйелі барлығын білгеннен кейінгі торығуы да өмірден безіну емес, алдамшы,
мүсәпір адамның кейпін таныған жас сезімінің мұңы.
"Ант" - тарихи драма. Онда Қазақстанның Ресей қол астына бағынуы, сол
кездегі халықты осыған мәжбүр еткен тарихи жағдайлар сөз болады. Драматург
тарихи оқиғалар легінде дәуірдің басты адамдарын нақты белгілейді.
Әбілқайыр хан, ел тағдыры таңдауға түскен кездегі ерлер, билер, ру басылары
көрінеді. Олардың бірі Ресейге бағынуға келісіп ант берсе, бірі қарсы боп
алауыздық көрсетеді Сауран-Батима-Әбілқайыр линиясы арқылы адамдар
арасындағы қарым-қатынас, психология ашылады. Пьеса тарихи драмаға лайық ақ
өлең үлгісін шебер пайдаланған. Оның стильдік, ырғақтық жүйесі, шешендік
толғауға құрылған поэтикасы ажарлы.
Тарихи драмада Қалижан Бекхожиннің "Ұлан асу" атты шығармасының да
елеулі орны бар. Мұнда да Ақтабан шұбырындыдан кейінгі қазақтың ел қорғау
оқиғалары жырланады. Шығарманың басты кейіпкері осы күресті ұйымдастырушы
Абылай хан. Ол ел тұтастығын сақтауға, сыртқы жаулармен айлалы-амалды қарым-
қатынас құруға ұмтылады. Абылай маңындағы елдің бас көтерер азаматтары -
Бұқар жырау, Әнет-баба, Бөгенбай, Жәнібек батырлар, қалмақ нояндары Дабашы
мен Әмірсана — барлығы да тарихи деректерге сүйене жасалған бейнелер.
Шығарма тарихи мәліметтер ізімен жүреді. Драматург дәуір шындығын дәл
беруге тырысқан.
Бұрын прозашы есебінде көрінген С. Жүнісовтің драматургияға ауысуы да
табыссыз емес. Ол "Өліара", "Ажар мен ажал", "Жаралы гүлдер", "Қызым, саған
айтам" сияқты пьесаларымен көрінді. М. Әуезов ("Қорғансыздың күні"), Ғ.
Мүсірепов ("Ашынған ана"), Б. Майлин ("Раушан - коммунист") шығармаларының
кейбір сарындары көрініп тұрғанымен, "Ажар мен ажал" — шын мәніндегі
драмалық тартысы күшті пьеса. Онда жапандағы жалғыз қыстаудағы мүсәпір
жандар тағдыры тартыстың бір басында тұрса, ал оның екінші жағын
зорлықшылар, ел әкімдері құрайды. Ажар осы тартыста ширығып өседі, өмір
кешеді. Қаныпезер болыстың қолына түсіп, зорлығына ұшыраған ол еріксіз
балалы болып, кейін сол баланы майданның қара тізіміне жазған болысты
өлтіреді. Жаза тартса да, арнамысын қорғайды. Қоғамдық өзгерістер өсерімен
жазадан босанып, еліне оралған Ажардың өмірмен қайта табысуы, жаңаны қарсы
алып, ілгері ұмтылуы да нанымды. Ал, "Жаралы гүлдерде" автор соғыс кезі
шындығын өмірдің салмағы мойнына түскен ауыл балаларының характерін
бейнелеу арқылы ашады. Адам тағдырын оның өткендерін әңгімелеу емес,
психологиялық ой елегінен өткізу арқылы танытуда Сакеннің "Қызым, саған
айтам" пьесасының да бірсыпыра жаңалығы бар. Онда өмірді көркімен
бағындырмақ болған әйелдің қасіреті көрінеді.
Бұл жылдар драматургиясында кешегі кеңестік тоталитаризмнің адамға
жасаған қиянаты, жазықсыз жапа шеккен жандар мен зұлым саясаттың иелері
көркем бейнеге айналып, қалың көрермен талқысына түсті. Тарих сабағына
назар аударылды. Бұл тақырыптағы шығармалар ішінде Ш. Мұртазаның "Сталинге
хат", "Бесеудің хаты", Қ. Мұхамеджановтың "Біз періште емеспіз", Ә.
Таразидың "Індет" пьесалары сияқты туындылар бірқатар көркемдік
табыстарымен ерекшеленеді. Шерхан Сталин билігі кезінде қазақхалқының
өмірінде болған асыра сілтеу, аштық оқиғаларын негізге ала отырып, оған
қарсы үн көтерген азаматтардың (Тұрар, т. б.) ерлік тұлғасын көрсетеді. Ал,
Әкім мен Қалтай империялық саясатқа икемделгіш, коммунистік партия солай
етіп тәрбиелеген, коммунизмнің "қырағы күзетшілері" мен қолшокпарларының
трагедиялық бейнесін ашады. Жалпы, ел билеуші табиғатына тон озбырлықты,
адамды тақтың бұзуын, тойымсыздықты сахна арқылы әшкерелеу И. Оразбаев пен
М. Шаханов пьесаларында ерекше сыншылдықпен беріледі. Билік иесі өз басын
ойлап кетсе, ол, сөзсіз, трагедия туғызады. Зұлымдық зұлымдыққа жетелейді.
Шыңғыс ханды ("Шыңғыс хан") Иранбек осылай түсінеді. Оның тағдырын дүниені
билеген адамның құдай болуға ұмтылған тойымсыз мінезімен байланыстырады. Ол
мұрагер баласын мерт етіп, өз империясын өзі ыдыратуға себепкер болады.
Ақсақтемір ("Күшігінен таланған") мен Абай ("Мен ішпеген у бар ма?")
бейнелерін жасауда да автор заманның тартысты трагедиясын негізге алады.
М. Шахановтың "Күре тамырды іздеу ("Махаббат заңы"), "Сенім патшалығы"
пьесалары шартты оқиғалар тартысымен өрбиді. Ол адамдықтың белгілері —
достық, арман, бақыт, қайғы туралы толғанысын, биік арманын Дойыл, Жұдай
хан, Ақсақ темір бейнесіндегі зұлымдықпен тартыста бейнелейді. Қылышынан
қан тамған хан мен дүниеқоңыз сараң байды еңбек адамдарының төзімділігіне,
достығына, жомарт жанды азаматтығына қарсы қояды.
Екі пьеса да тақпақты, ырғақты поэтикасының байлығымен, тапқыр
диалогтарымен құнды.
А. Жағанова өз пьесаларында адам тағдырын күрделі тартыстар арқылы
ашып, күшті характерлер жасауға бейімділігін танытты. Оның "Беймаза
әйеліндегі" Айша — осындай тип, терең парасатты, өз ісіне берілген,
азаматтық жауапкершілікті түсіне білетін, жаны таза адам. Ол осындай озық
адамдарды аяқтан шалуға тырысқан кертартпалықпен тартыста жеңіп шығады. Ал,
"Жан алқымда" пьесасында адам өмірінің қиын бір сәтін суреттеу арқылы драма
тудырады. Осы адамның тағдырына, қина-лысына кім кінәлі? Неге біз бір-
бірімізді аяқтан шаламыз? Автор осы сұрақтарға жауап іздейді.
Мұндай сұрақтарды соңғы пьесаларында Әлжаппар Әбішев те жиі қояды.
Және оған жауапты адамдарды да іздейді. "Мансап пен ұждан" пьесасында
қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңдерінде, социалистік идеялардың әлсіреуін
пайдаланған Бурахан сияқтылардың мансапқа қолы жетіп алып, өзі типтес
адамдарды жұмысқа тартқанын ашық жазады. Олар ұжданы биік, адал
қызметкерлерді қуғынға салады, пәлеқолықпен жазалауға дейін барады. Автор
осындай ірі тартыс кезінде адалдығы мен принциптілігін сақтап қалған Арман
сияқты азаматтарды идеал тұтады. Бураханның лауазымына қарамай, ол
ұйымдастырған жалған құжаттармен де есептеспей, Бағланның азаматтығын
таныған Арман мәселені өз арының айтуымен шешеді. Жазушы осы сияқты
тартысты жағдайларды арымен шешетін кейіпкерінің атын Арман қойып, оның
бойындағы жақсы сапаларды арман тұтады. Бағлан да жеке басының пайдасынан
қоғам мүддесін жоғары қоятын қайратты тұлға. Пьесаның реалистік сыпаты оның
ұнамсыздықты, мансапқорлықты сынауында ғана емес, оған қарсы күшті
характерлер бейнелеуінде. "Қорқуды қойғаннан бері ұялуды да азайтып
барамыз", — дейді Бағлан. Ол мансапқорлық билеген жерде ардың әлсірейтінін
айтады. Оның күші Бурахандар орнатқан тәртіпке қарсы шығып, адалдықты батыл
қорғауында жатыр.
Заманның адам алдына қойған осы проблемасын Әкім Тарази да тап басып
таныған. Оның Асау Бөкені ("Жолы болғыш жігіт") де ауылда еңбек өнімділігін
көтеру жүйесінде жаңа тәжірибе жасап, қарсыластарынан жеңіліс табады.
Жазушы Асау Бөкен жеңілісін тәжірибенің негізсіздігінен емес, оған қарсы
ұйымдасқан топтан көреді. Жаңалыққа қарсы жүретін қулық-сұмдық, амал-айла,
тоғышарлық, пәлеқорлық біздің қоғамымыздың дертіне айналғаны, оған қарсы
батыл күресу қажеттігі Әкім позициясын танытады. "Күлмейтін комедияда" ол
тұрмыстағы мещандыққа, дүниеқоңыздыққа қарсы үн көтереді.
Қоғамның кейінгі жылдары етек жайып кеткен осындай дертін сатираның
тілімен түйреуде Садықбек Адамбековтің "Аюбайдың ажалы" трагикомедиясы да
театрларда едәуір табысты өтті. Онда біріне-бірі ұқсамайтын сатиралық
типтер мол. Өтірік ауырып, аудандық партия комитетінің бюросына бармай
қалған Кәлмен мүсәпірсіп жүріп, өзгеге зорлық жасайтын алаяқ тип. Ол үйінде
отырып, терезеден қарсы беттегі кеңседе не боп жатқанын дүрбімен қарайды.
Өкіл Шоқшашаров — кісі көзіне кішіреймейтін, сыздап тұрған, алыстан
ысқырынатын бейне. Шайпау, ащы тілді, ұрдажық Аюбай да ешкімді менсіне
қоймайды. Пьеса кейіпкерлерінің жұмысқа жанын ауыртпай, оңай жолмен бедел,
аброй алуға ұмтылысын Садықбек әдемі көрсеткен.
Қоғамдағы ұнамсыздылықтың жас ұрпақтың бойына дерт боп жабысқанын
ашып, жастардың әрқилы бейнесін көрсетуге ұмтылған басқа авторлардың
ізденістері де ізтүзсіз өткен жоқ. Мансап пен байлыққа жетудің оңай жолын
іздеп жүрген Сырым (Р. Сейсенбаев пен Е. Обаев: "Өзіңді тап"), еш жерде
жұмыс істемейтін ата-ананың шолжың ұлы Әнуар (А. Шамкенов: "Табамын сені"),
ерке тотай, шолжың, жеңілтек қыз Анар (О. Бөкеев: "Құлыным менің"), жынды
көбелектей айналатын берекесіз Сыматбек (Ж. Тәшенов, И. Саввин: "Қаладан
келген қылжақбас") бейнелері осы шындықты танудан туған. Өмірден жолын таба
алмай, әр нәрсеге алданып жүргендер Б. Мұқаевтың, Е. Домбаевтың, С.
Балғабаевтың, И. Сапарбаевтың пьесаларында да кездеседі. Осындай кеселге
қарсы жас авторлардың үн көтеруі орынды да. Ендігі беталыс көркемдік
ізденістерді тереңдетіп, характерлердің тұтас, дара кейпін нақтылауға қарай
бұрылуы тиіс.
Жастар өмірінен жазылған пьесалардың ішінде олардың ұнамды типтерін
даралауда, өмір қиыншылықтарымен күресе жүріп жолын табуда, сөйтіп
азаматтық қалпын қалыптастыруда Дулат Исабековтің "Әпке" атты шығармасы
бағалы саналады. Онда шешесі қайтыс болып, әкесі "жөніне" кеткен төрт
баланың өмір үшін күресі суреттеледі. Бауырларының тағдырын өз қолына алып,
оларды бағып-қағып тәрбиелеген Қамажайдың адамдық қылықтары нанымды әрі
ұнамды беріледі. Жазушы әпке бейнесін психологиялық планда дамытып
жетілдіреді.
Осы қатарда Б. Мұқаев, Қ. Ысқақов, С. Сматаев, Н. Оразалин пьесалары
да авторларының жаңаша ізденістерімен көрермендерін тапқанын атау орынды.
Драма - қиын жанр екені белгілі. Онда жазушылық суреттеу мен
мінездеудің жоқтығы, образ жасауды тек әр адамның, өзіне лайық бейнелі тілі
арқылы жүзеге асырудың қажеттігі оны кім-кімге болса да қиындата түседі.
Оның үстіне өмір шындығын шынайы тартысқа құру арқылы характерлерді
психологиялық жағынан шыңдау қажет. Осы талаптардың бәрінің бір-біріне сай
келуі оңай емес. Әсіресе, ондай жетіспеушіліктер тәжірибесі жоқ жас
таланттар шығармаларынан жиі кездеседі. Бұлардан жоғарыда аталған
пьесалардың қай-қайсысы да құр емес. Сюжет, оқиға ұқсастығы, кейіпкерлердің
іс-әрекеттерінің қайталануы, тіл жұтаңдығы да жиі ұшырайды. Комедия жасауда
"Ревизордың" үлгісінен шыға алмау да байқалады.
Сонымен қатар бұрын біздің драматургияда қалыптасқан классикалық
драмадан бой тарту, жанрдың жеңілдеу үлгілеріне еліктеу де көзге түспей
қалмайды. Соңғы жылдары театр сахналарында режиссердің күшімен қойылған
құранды туындылар көбірек көрсетіліп жүр. Сахнада терең драмалық тартыс
көрінбей, режиссер қиялымен жасалған жасанды көріністер, киноға ұқсас тез
көрініп жоқ болатын кадрлар көзге көп түседі. Бұлардың бәрі біздің
драматургтерімізді ойландыруға тиіс. Театр мен драматургия, қанша дегенмен,
күшті характерлерге зәру. Елдің бірлігі мен бақыты үшін күрескендер,
адамгершілік пен әділеттің жаршылары сахнадан өз орнын алуы қажет.
Бұл дәуір қазақтың әдеби-көркем сыны мен әдебиеттану ғылымының кең
қанат жайып өркендеген мезгілі болды. Оған бастаушы партияның өзі бас-көз
болып, көркем әдебиеттің дамуы жолындағы сынның атқарар рөліне мән бере
қарауы да белгілі дәрежеде көмектесті. 1972 жылы КОКП Орталық Комитетінің
"Әдеби-көркем сын туралы" қаулысы шықты. Партия сынды өркендету, оның
қырағылығын арттыру арқылы әдебиетті бақылауда ұстап отыруға тырысқанмен,
жалпы алғанда, бұл қаулы сынның өркендеуіне қажет бірсыпыра ұйымдастыру
жұмыстарына негіз салды. Әдеби сынның дамуы мен проблемаларына арналған
Жазушылар одағының арнаулы пленумы өткізілді. Одақ жанындағы сын кеңесі
жұмысын жандандырып, әдебиеттің өзекті мәселелерін жиі талқылау дағдысына
көшті. Сыншы кітаптары көптеп басыла бастады. Күнделікті баспасөзде сын
еңбектерге көңіл аударылды. Жыл сайын шығып тұратын "Уақыт және қаламгер"
атты сын еңбектер жинағы қалыптасты. Ең бастысы сын еңбектердің көркемдік
теориялық дәрежесін көтеруге, олардың әдебиет тәжірибесін жинақтап, халық
арасында кең насихаттап отыруына жол ашылды. Осы тұста жарық көрген М.
Қаратаевтың "Эгюстан эпопеяға" (1968), "Әдебиет және эстетика" (1970),
"Революция рухымен" (1979), "Ізденіс іздері" (1984), С. Қирабаевтың "Өнер
өрісі" (1968), "Әдебиет және дәуір талабы" (1976), "Шындық және шеберлік"
(1983), "Талантқа құрмет" (1988), Р. Бердібаевтың "Дәстүр тағлымы" (1976),
"Ғасырлар толғауы" (1977), мЗаман сазы" (1985), 3. Қабдоловтың "Жебе"
(1977), "Арна" (1988), Ш. Елеукеновтің "Замандас парасаты" (1977), Н.
Ғабдуллиннің "Уақыт сыры" (1981). Қ. Нұрмахановтың "Дәстүрлі достық"
(1973), С. Сеитовтің Өмір өрнектері (1969). "Тоғысқан толқындар" (1974).
"Өлең өлкесінде" (1974), Ә.Жәмішевтің "Кезең кестелер' (1984), "Биік
мәртебе" (1974) атты сын кітаптары өз дәуіріндегі әдеби процесте елеулі
оқиға болды. Оларда қазақ әдебиеті дамуының негізгі мәселелері сөз болды.
Жеке жазушылардың шығармашылық еңбегі, басты шығармалары, әдеби үрдістің
даму бағыты, жанрлардың дамуы, туысқан халықтар әдебиетінің байланысы, т.б.
жайлар әдеби сын тұрғысынан бағаланды. Аға сыншылар дәстүрін жалғастырып,
бір топ талантты жас сыншылар тобы әдебиетке келді. Олардың ішінен С.
Әшімбаевты, 3. Серікқалиевті, Т. Тоқбергеновті, Р. Нұрғалиевті, Б.
Майтановты, Қ. Ергөбековті, Б. Ибраимовты, Т. Жүртбаевты, Т. Шапаевты
атауға болады. Олар сын жанрындағы белсенді қызметімен және әдеби
дайындығының молдығымен көзге түсті. Осы дәуір ішінде әрқайсысы бірнеше
кітабын жариялады. Олардың арасында С. Әшімбаевтың "Сын мұраты" (1974),
"Талантқа тағзым" (1982), "Парасатқа құштарлық" (1985), 3. Серікқалиевтің
"Ойлар, толғаныстар" (1967), "Жылдар сазы" (1971), "Ақыл таразысы" (1976),
Т. Тоқбергеновтің "Тоғыз тарау" (1974), "Үш тоғыс" (1977), "Қос қағыс"
(1981), Р. Нұрғалиевтің "Күре тамыр" (1973), "Айдын" (1985), "Телағыс"
(1986), Қ. Ергөбековтің "Жан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанр
Асқар шығармашылық тілге көп мән берген жазушы
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы
Қара шал сондай кейіпкер
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Ақындық мектеп дәстүрі (Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Көркемөнерпаз
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстыру
Пәндер