Инвестициялық саясат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Пәні: Экономикалық теория
Курсы: 1курс
Тобы: 11UA1SK0301
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қазақстанның инвестициялық саясаты
Орындаған: 11UA1SK0301 тобының
студенті Бекбатырова С. Қ.
Тексерген: Сейткалиева Н. Т.
Ақтөбе 2011ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1. 1. Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
1. 2. Инвестицияның қызметі мен операциялары
1. 3. Инвестиция функциясы
ІІ. Инвестициялық саясат
2. 1. Қазақстанның инвестициялық саясаты
2. 2. Тікелей шет ел инвестициялары
2. 3. Инвестициялық қорлардың бөлінуі
ІІІ. Қазақстандағы және шет елдердегі инвестициялық қызмет
3. 1. Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру
барысында тартымды ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі
3. 2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау
заңдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатымен кәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
• сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді.
Инвестицияны акционерлік және сақтандыру ұйымдары, сауда банктері, инвестициялық трестер және жеке кәсіпкерлер бере алады. Негізгі капиталды (қорды) кеңейтуге не орнын толтыруға, мүлік-заттық - өндірістік қорды молайтуға жұмсалған ішкі инвестиция нақтылы деп аталса, ал құнды қағаздар (акциялар, облигациялар т. б. ) сатып алуға жұмсалған ішкі инвестиция қаржылы деп аталады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инвестициялық қызметтің мәні мен маңызы, қызметі мен операциялары туралы жаздым. Сондай-ақ инвестицияның функциялары туралы түсінік бердім.
Екінші бөлімде мен инвестициялық саясат туралы сараладым. Қазақстанның және шет елдердің инвестициялық саясаты туралы жаздым. Сонымен қатар екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде инвестициялық қорлардың бөлінуіне талдау жасадым. Инвестициялық қорлар - жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде Қазақстандағы және шет елдердегі инвестициялық қызмет мәселелерін талқыладым. Олардың алатын деңгейі мен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
І. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны.
1. 1. Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстары бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту, олардың инвестициялық ресурстары трансформациялануы, өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар болып табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процесті қаржыландыру, нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған, шет елдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі - XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бетбұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
"Инвестиция"
деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? - ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
«Инвестиция»
дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықтар.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорынның материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
«Инвестор»
- бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы;
«инвестор»
- бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
«Кәсіпкер»
- бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам.
«Саудагер»
- бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
«Ойыншы»
- қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты
- табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорынның әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттары мен басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады.
1. 2. Инвестицияның қызметі мен операциялары
«Инвестициялық қызмет»
бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz