Нәзір Төреқұлов



Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов та осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Нәзір Төреқұлов

Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде,
алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық
еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға
түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан
қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте
олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел
санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған
арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату
жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында
ескерусіз қалдырылды.
Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның
іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек
еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап
көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық
және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының
түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын
аңғарамыз.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов та осы идея үшін
күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр
кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің
барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге
ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен,
әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ
әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен баспасөзі үшін, бір сөзбен
айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер
жазып тастап кетті.
Осы орайда қалам қайраткерінің осынау баға жетпес құнды мұралары
жайында алғашқы іргелі ой-пікірлерді айтқан, сүбелі-сүбелі мақалалар жазған
бір ғалым ағамыздың ерен еңбегін атап өтпеу қиянат. Ол өмірден өтіп кеткен,
күллі қазақ журналистерінің ұстазы, қажырлы, қайсар ағамыз, көрнекті
әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек
Қожекеев еді. Ғалым сонау 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында-
ақ осынау тақырыпты терең қазып зерттеді.
Ал енді Н.Төреқұловтың қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби, білікті
дипломат, елші болғандығын және оның есімі сол кезде, көзі тірісінде-ақ
халықаралық деңгейде танылғандығын, жоғары бағаланғандығын бүгін үлкен
мақтанышпен айтуға тиістіміз. Бұл биік дәрежеге Н.Төреқұлов үлкен
белестерден өтіп келді.
Нәзір Төреқұлов өмірінің, қоғамдық-саяси қызметінің осы кезеңі белгілі
қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Тайыр Мансұровтың соңғы жылдары жарық
көрген бірнеше еңбектерінде нақты деректік құжаттар негізінде терең
ашылады. Оның төмендегі кітаптарын: “Нәзір Төреқұлов – Сауд Арабиясы
корольдігіндегі КСРО-ның өкілетті өкілі”. Хаттар, күнделіктер, есептер
(1928-1935жж), М.: Русский раритет, 2000.; “Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия
дастаны”, 4 тілде (орыс, қазақ, ағылшын, араб), М.: Реал-Пресс, 2001.;
“Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат”, М.: Реал-Пресс, 2003.;
“Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат”(ағылшын тілінде) М.:
Реал-Пресс, 2003.; “Елші Нәзір Төреқұлов” (Жизнь замечательных людей:
өмірбаян сериясы.) М.: Молодая гвардия, 2004.; “Елші Нәзір Төреқұлов.
Дипломат, Саясаткер, Азамат” (араб тілінде), Эр-Риад: АБЕКАН, 2006, т.б.
Қазақтың біртуар, аяулы перзенті жүріп өткен қызмет белестері,
Н.Төреқұловтың өзі қалың ортасында жүрген, болған тарихи оқиғалар ауқымы
немесе елшінің өз көзімен көрген елді мекендер, ірі-ірі саяси тұлғалармен,
мемлекет басшыларымен жасаған қарым-қатынасы сынды азаматтың өміріндегі
маңызды сәттердің барлығы тиянақты түрде зерттеліп, Н.Төреқұлов тұлғасын
терең ашуда айрықша қызмет еткен. Әсіресе, елші Н.Төреқұлов жайындағы Ресей
Сыртқы істер министрлігіндегі, Ресей қауіпсіздік қызметінің Федералдық
бюросындағы, солардың кіруге рұқсат етілмейтін мұрағаттары мен
мұражайларындағы, құпия бөлімдеріндегі “аса маңызды мемлекеттік грифтегі”
құжаттары мен олардың фотокөшірмелерін қолға түсіруде автор-зерттеуші
айрықша табандылық танытты.
“Нәзір Төреқұловтың” араб тілінде басып шығарылуы, сөз жоқ, біздер –
қазақстандықтар үшін, әсіресе өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында Сауд
мемлекетінің қалыптасып, дамуының барынша қиын-қыстау кезеңінде онда кеңес
дипломатиялық қызметін біздің аты аңызға айналған отандасымыздың басқарғаны
зор мақтаныш. Бұл кітап КСРО мен Сауд Арабиясы арасында 55 жыл бойы қарым-
қатынастар үзілгендіктен, ақпаратымыз болмауына байланысты арабиялықтар
өкілетті елші Нәзір Төреқұловтың даңқты істері туралы білмеген олқылықтың
орнын толтырып отыр.
Кеңес-Сауд қарым-қатынастарының, “алтын ғасыры” түбегейлі зерттелген.
Кәсіби арабшылардың айғақтауынша, бұл зерттеу өз мақсатына жеткен. Осы істе
“Нәзір Төреқұловты” Араб дүниесіндегі барынша ардақты Каирдың “Айн-шамс”
университетінде аударуға ден қойған Сауд әл-Фейсалдың рөлі айқын
аңғарылады. Кітаптың жай мазмұнын ғана емес, Төреқұловтың сыртқы істер
халық комиссариатының басшылығымен жазысқан хаттарындағы астарлы ой
оралымдары мен аса бай тіл өрнектерінің бәрі де араб тіліне шебер
аударылған.
Ерекше айтарлық бір жәйт, сол кездегі Кеңес одағының басшыларының
Н.Төре­құловты Сауд Арабиясына елші етіп тағайындау арқылы қандасымыздың
әлемдік тұлғаға айналуына жол ашқанын өздері де аңғармай қалды.
Н.Төреқұловтың сол кезеңде әлемдегі ең бір беделді, абыройлы дипломатия
басшыларымен, елшілік қызметінің көрнекті қайраткерлерімен тіл табысып,
қоян-қолтық араласып кетуі, сонымен бірге солардың құрметіне ие болуы,
керек болса сол елде қоныс тепкен шетелдік елшіліктер корпусының жетекшісі,
жолбасшысы (дипкорпус дуайені) биігіне көтерілуі, әрине, кеңестік
большевиктік үкіметтің толық қолдауына ие болуынсыз екіталай еді. Қазақ
перзентінің халықаралық деңгейдегі ірі, көрнекті саяси қайраткерге айнала
бастауы, әрине, Кеңес Одағының, қызыл империяның шовинистік пиғылдағы
көсемдері басқарған 1930 жылдардағы репрессиялық аппаратына ұнаған жоқ.
Н.Төреқұловтың Кеңес Одағы үшін, ішінара, әрине, одақтас республикалар
ретіндегі түркі халықтары үшін жасап жатқан жемісті елшілік қызметін шұғыл
арада үздіртіп, Кеңес Одағына қайта шақыртып алу саясатында да осындай
астар бар еді.
Сталиннің және оның төңірегіндегі жандайшаптарының, асыра
сілтеушілерінің тікелей ұйымдастыруымен, тікелей жала жабу арқылы көп
ұзатпай Н.Төреқұловты ірі қайраткер ретінде саяси сахнадан алыстату
мақсатында ашық, арсыз саясат жүргізілді. Түркі жұртына жаны ашығаны үшін,
көмек бергені үшін “пантюркизм” көсемдерінің бірі деді. Диверсиялық-
террорлық пантүркілік ұйымның белсенді мүшесі ретінде Тұрар Рысқұловпен
бірігіп Кеңес Одағын құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды. Оның аяғы
арысымыздың нақақтан-нақақ ату жазасына кесіліп, 1937 жылдың 3 қарашасында
“халық жауы” деген айыппен мерт болуына алып келді. Н.Төреқұлов осының
барлығын сезді, білді. Біле тұра, зиялы, аса сабырлы, аса мәдениетті жан
ретінде ең соңғы сағатына дейін партияға сенді, әділдік жеңер деп ойлады.
Өзімен тұстас жаппай репрессияға ұшырап жатқан Алаш көсемдері Ахмет
Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ағаларымнан жаным артық
емес менің деп, іштен тынып, соңғы деміне дейін жақсылықтан үмітін үзген
жоқ.
Осындай құнды деректердің барлығы жоғарыда аталған еңбектерде нақты
мысал­дар арқылы дәлелденеді. Ату жазасын анықтаған құжаттардың
фотокөшірмелері беріледі. КСРО-ның Жоғарғы соты Әскери кеңесінің үштігімен
кесілген жаза шеші­мінің фотокөшірмесі жан түршіктіреді. Ешкім білмейтін,
ешкім танымайтын, бригадалық әскери заңгер деген атақтары бар Матулевич,
Стельмахович, Зарянов деген қатардағы үш офицердің жабық сот мәжілісін
өткізіп, жүрдім-бардым тергеп, жол-жөнекей қоя салған қанды қолдарының
айбақ-шайбақ көшірмелері талай боздақтарымыздың осылайша түбіне жеткенін
ойлағанда, түршігесің. Сталин сияқты жеке адамға табынған қоғамның тұтас
бір ұлттың үкілеген үмітіндей, алақанға салған аяулыларын шыбын құрлы
көрмей, қалайша аяққа таптағандығын көріп, зығырданың қайнайды. Көпе-көрнеу
жасалып жатқан қиянатқа не істерлерін білмей, шарасыз күй кешкен, намыс
пен ыза кернеген жүректері қан жылап, еш болмаса кегін ала алмай арманда
кеткен қайран арыстарымыз-ай!
Кітаптың тартымды тілмен, анық, айқын стильде, күллі репрессиялық
жазалаудың зардаптарын сол күйінде оқырманға жеткізуі Нәзіртану ғылымындағы
беймәлім беттерді ашады. Сонымен бірге Н.Төреқұловтың өмір деректері де,
елшілікке дейінгі қоғамдық-саяси қызметтерінің маңызды белестері де қысқа
да нақты баяндалып, назардан тыс қалмағандығы кітаптардың құнын арттырған.
Бұл зерттеу әдісі Н.Төреқұловтың тарихи тұлғасын толық сомдап шығуға
мүмкіндік берген. Қайраткердің елшілік қызметіне дейінгі азаматтық, адамдық
келбеті де қалай қалыптасқандығы тартымды өмір деректері арқылы ашыла
түседі.
Ең алдымен Нәзір Төреқұловтың өскен ұясы әулетті, ұлағатты, алған
білімі құнарлы, тиянақты еді. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкердің отбасында
дүниеге келді, өз заманына сәйкес білім алды. Мәскеу қаласында, сол
заманның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Мәскеу сауда институтының
экономика факультетінде оқыды. Бірнеше тілдерді қатар меңгерді. Соның
арқасында өз тұстастарынан оқ бойы озық тұрған нағыз зиялы жан болды.
Алайда, өз мемлекетінің мүддесін шет елде биік деңгейде қорғау үшін бұл
қасиеттер де адамға аздық етеді. Біліктілігі жағынан аса жоғары деңгейдегі
елші болу үшін алдымен, өмір ағымына жетік болу керек, ерік-күші қажет, сын
сағатта тығырықтан жол таба білген жан ғана қапы қалмайды.
Төңірегіндегілерді түсіне білу, әсіресе өзің елші болып келіп отырған
мемлекетіңнің басшылығымен терезең тең келісім сөз жүргізу, көрегендік,
шешендік өнер, осының барлығы бір бойыңнан табылып тұрмаса опық жеуің оп-
оңай. Осы қасиеттердің барлығы Нәзір Төреқұлов бойынан табылды.
Қалай дегенде де Нәзір Төреқұловтың қызмет еткен, тағдыр кешкен
жылдарында, сонан соң азамат соғысы кезеңінде жинаған іс-тәжірибесі зая
кетпеді. Кейінірек ол үлкен-үлкен жауапты қызметтерге сайланды. Түркістан
Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Түркістан Атқару
Комитетінің төрағасы, Шығыс халықтары институты директорының орынбасары
және КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының
төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын әліппесіне көшіру жөніндегі
Орталық Комитеттің төрағасы сынды басшылық қызметтерді атқарды. Осының
барлығы Нәзір Төреқұловтың қайраткерлік тұлғасын қалыптастырды, мемлекет
ісін терең меңгеруге жол ашты.
Н.Төреқұлов елшілік қызметтің ең бір негізгі бағыттарын, бейнелей
айтсақ, үш тағанын – өз мемлекетінің беделін лайықты дәрежеде ұстап тұру,
оның саяси, сауда-экономикалық, басқа да мақсаттарын табанды түрде қорғау
және аса қажетті ақпараттарды дер кезінде електен өткізе білу сияқты
салаларды терең меңгеріп, осыларды мүлтіксіз орындап отырды. Ол сол кезеңде
өзі төтенше және өкілетті елшісі болып отырған Кеңес Одағының беделін
көтеруге күш салды, осы мақсатта әр деңгейдегі келіссөздерді шебер,
біліктілікпен жүзеге асырып отырды. Әсіресе кеңестік сауда жүйесінің
өміршеңдігін дәлелдеп, оған жасалған шетелдік қысымға шектеу салды, сол
арқылы елшіліктің сараптау жұмысының арнасын жаңа жолға қойды. Мұны біз сол
кезеңнің өзіндегі асқан шеберліктің үлгісі ретінде қабылдауымыз қажет.
Жалпы, Н.Төреқұловты Сауд Арабиясы сияқты мүлдем беймәлім мемлекетке
елші ретінде таңдаудың, тағайындаудың күрделілігі шын мәнінде тереңірек,
салыстыр­малы түрде, керек болса тарихи құжаттарға табан тірей отырып, ой
толғауды қажет етеді. Сахара корольдігінің көп елге құпия жатқан ішкі сыры,
мемлекеттік, саяси ерекшелігі, қоғамдық-әлеуметтік өзгешелігі т.б., барлығы
жиылып келгенде кімді болса да аса қиын жұмыстың күтіп тұрғандығы айдан
анық еді.
Оның үстіне бұл елде, яғни ислам елінде еркін жүріп-тұру, өз еліңнің
саясатын тыңдата білу, діні жағынан мүлдем басқа бағыттағы мемлекеттің
сөзін сөйлеп, сойылын соғу “жүрек жұтқандықпен” тең еді. Айталық, бір-ақ
мысал, Мекке мен Медине сияқты ислам әлемінің қасиетті, қастерлі қалаларына
аяқ басу тек шынайы мұсылман жанға рұқсат етіледі. Оның үстіне атеизмнің
қызыл туы желбіреп тұрған, дінді жоққа шығарып отырған мемлекеттің өкіліне,
мұсылман болсаң да араб елінде емін-еркін жүріп-тұрудың реті келе
бермейтіні анық. Осының барлығын есептеп келгенде, Кеңес өкіметінің,
Коммунистік партияның Н.Төреқұловтың арқасына жүктеген, мойнына ілген
жүктің қаншалықты ауыр болғандығын түсіндіріп жатудың өзі артық.
Солай бола тұра Н.Төреқұлов Араб жерінде құрметпен қарсы алынып, төрт
күннен кейін, 3-ші қарашада, Меккеде корольдің ұлы, тақ мұрагері Фейсалға
сенім грамоталарын тапсырды. Корольдің өзі Әбдел Әзиз Әл-Сауд
Н.Төреқұловтың тағайындалуы туралы М.Калининнің 1928 жылғы 9 маусымдағы
жолдауына Кеңестік миссияның жаңа басшысы Сауд үкіметі мен корольдің жеке
өзінің тарапынан “екі елдің арасындағы достық байланыстарды нығайту үшін”
құрметке, барынша жақсы қатынасқа бөленеді деп жауап береді. Бұл лебіз жай
ғана хаттамалық сыпайылық емес еді. Хиджазда болған сегіз жыл бойы
Н.Төреқұлов король мен оның төңірегіндегілердің шын ілтипаты мен құрметін
көрді. Бұған көп жағынан жәрдемдескен тарихи оқиғалар ағымы – саяси ахуал
ғана емес еді. Н.Төреқұловтың адам, азамат ретіндегі жеке басы, кісілігі,
адамгершілік қасиеті, терең білімпаздығы мен оқымыстылығы, биік парасаты
мен ақылы, барлығы оны қоршаған ортасына, әріптестеріне, керек болса
жаулары мен дұшпандарына да оның беделін мойындатты. Бойға біткен
ақсүйектік, қанмен келген тектілік Нәзір Төреқұловты дара феномендік
тұлғалық деңгейге көтерді.
Жас мемлекет – Сауд режімі сол кездегі аса құрметті Лондонның айла-
шарғыларынан тіксініп, оқтын-оқтын оған қарсы Мәскеу беделін көлденең
тартуға мәжбүр болды. Әл Сауд үшін КСРО рөлінің айрықша құндылығының тағы
бір себебі – нақ Кеңес үкіметі бірінші болып оны жаңадан жарияланған
мемлекеттің басшысы деп танығанды.
Нәзір Төреқұлов жаңа қызметін тез арада меңгеріп, жергілікті саяси
қайраткерлермен, ірі саудагерлермен өзара сенімді қатынастар орната алды.
Бұл орайда мына бір фактіні келтіре кеткен орынды. Бұрын араб тілін арнайы
оқымаған Нәзір тез арада оны жақсылап үйреніп алғаны соншалық, аудармашы
қызметінен мүлдем бас тартты. “Өйтпесем, бірдеңе айтсам, басқаша аударылады
да, әңгіменің мәні айдалада қалады”, деп жазады ол. Бұл оның алдымен
елшілік қызметінің өте жауапты әрі өте абайлап, сақтық ұстап атқаратын
еңбек екендігін терең түсінгендігінің белгісі.
Оның араб тілін жетік меңгергені соншалық, ғұламалармен дін
тақырыбында еркін сөз жарыстырып, салтанатты жиында король мен оның
төңірегіндегілермен дипломатиялық корпус атынан сол тілде көсіле сөйлей
алатын дәрежеге жетті. Араб тілін жетік білуі оны еуропалық дипломаттардан
жоғары қойды, араб сұхбаттастарының құрметіне бөледі. Ал еуропалық
дипломаттар бұл тілді білмейтін. Мысалы, британ миссиясының басшысы тек
қана ағылшын тілінде сөйлейтін.
КСРО-ның Сыртқы істер халық комиссариатына жазған алғашқы хаттарының
бірінде Н.Төреқұлов Шығыстану институтының студенттерін Хиджазға бір жылға
тәжірибе жинақтауға жіберуді ұсынып, олардың тек араб әдеби тілін білуінің
жұмысқа жеткіліксіз екенін дәлелдейді. “Құран тілінде бұл арада бір қорап
күкірт те сатып ала алмайсың. Ал біздің оқу орындарында, бейнелеп айтқанда,
арабистерді емес, аруақтармен және періштелермен ғана сөйлесе алатын
құранистерді даярлайды”, – деп істің мәнін нақты түсіндіреді.
Пайдалы таныстықтардың кең ауқымы, олармен жиі-жиі араласып тұруы
елдің ішкі және сыртқы проблемаларын жылдам игеріп кетуге жәрдемдесті.
Ағымдағы жағдайды және Сауд режімінің КСРО-мен қатынасының болашағын дұрыс
бағалауға оның сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Фуад Хамзамен
жүйелі сұхбаттасып тұруы мүмкіндік берді.
Ал король мен оның ұлдары – ханзадалар Сауд пен Фейсалға келсек,
олармен араласып-құраласып тұру қиындау болды. Өйткені, корольдің ордалары
Риад пен Меккеде, ал дипкорпус Жиддада еді. Соған қарамастан, Н.Төреқұлов
қажет болса, Меккеге аттанатын, екі король мен мұрагерлердің Жиддаға келуін
пайдаланатын. Аса лауазымды адамдар, соның ішінде министрлер, әскер
басшылары, тіпті құпия полиция бастығы Нәзір үйінде жиі қонақ болып, оларды
емін-еркін әңгімеге тартатын.
1930 жылы-ақ, сауда шарты жасалмаған кездің өзінде, Н.Төреқұлов Сауд
режіміне кеңестік мұнай өнімдерін сату жөнінде қым-қуыт келіссөз жүргізді.
Әңгіме 50 мың “жәшік” бензин, керосин сату туралы. Бұл өнім елдің бір жылғы
қажетін өтейтін еді. Келіссөз сәтімен аяқталды. Бірақ бұл үшін Нәзірдің
голландиялық “Шелл” және америкалық “Стандарт ойл оф Калифорния”
компанияларының өршеленген қарсылығын еңсеруіне тура келді. Сауд жағы мұнай
өнімдерінен басқа, КСРО-дан ағаш, ұн, күкірт, қант және мата сатып алуға
тілек білдірді.
“Бензин жөніндегі мәміленің” мықты саяси астары бар еді. 1931 жылға
қарай корольге ықпал ету жолындағы әртүрлі топтардың тайталасы күшейе
түскен болатын және бұл тайталас Сауд-Британ қатынастарының нашарлай түсуі
жағ­дайында жүріп жатты. Бұған себеп Англияның Иорданияда Недж шекарасын
бойлап бекіністер сала бастауы, ағылшын фирмаларының өздерін Хиджаз-Неджде
сауда жасау құқығы нақ өздерінікі ғана екеніндей ұстау, Лондонның Араб
Федерациясын құру жобасы еді.
Бұл кезде Хиджаз-Недж, Иеменді есептемегенде, бірден-бір тәуелсіз араб
мемлекеті болатын. Аталған федерацияда осы тәуелсіздікті іс жүзінде
ауыздықтау жоспары болатын. Осыған байланысты ағылшын сөзін сөйлейтін
“сириялық­тар” (Ф.Хамза – А.Филби) мен Недж қайраткерлері арасындағы егес
күшейе түскен-ді. Сайып келгенде, недждіктер мерейі үстем болып, 1931 жылы
2 тамызда Нәзір мен ханзада Фейсалдың қатысуымен 150 мың доллардың бензині
мен керосинін несиеге сату туралы шартқа қол қойылды. Бұл ағылшын ықпалына
қарсы әрекет еді. Бұл шарттың жасалуындағы Н.Төреқұловтың еңбегін КСРО
Сыртқы істер халық комиссарының орынбасары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Төрекұловтың дипломатиялық қызметі
Елші Нәзір Төреқұлов
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов
ЕЛІ ҮШІН ЕҢБЕГІ ЕРЕН
Нәзір Төреқұловтың өмірбаяны
Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
Ұлттық элитаның қалыптасуы
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Пәндер