Ойын әрекетінде баланы дамыту


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Елімізде өмірдің барлық саласына өзгерту процесі жүріп жатыр. Республикамыз экономикалық және саяси егеменді мемлекет болғандықтан әр қоғам мүшесінің ұлттық сана - сезімінің жоғарлауын талап етеді. Соның ішінде күн тәртібіне қойылып отырған күрделі мәселелердің бірі - болашақ ұрпақты ұлттық сана рухына тәбиелеу. Сондықтан ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері күн өткен сайын көкейкесті болуда. Ұлттық ойындарымыз - ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі және рухани байлығымыздың бір саласы екені анық.
Ойын - үнемі даму құбылысы. Халық ойындарын үйрету және тәлім - тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой - өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады. Халық ойындары - өзінің болмысы, мазмұны жағнан тарих түпкіріне жетелейтін бірден - бір сара жол. Ол адамзат тарихының тікелей байланысты және үнемі даму, жаңару үстінде болады. Сондықтан ол адамның барлық еңбек әрекетінен туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып қоғамдық-эканомикалық формацияның өзгеруіне өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан адам мәдениетінің ең бір қызықты құбылысы болып есептелінеді. )
Ұлттық ойындар -ата -бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірінің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтсақ: «Ойынсыз ақыл -ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы дамүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаға, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан -ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл -ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.
Бұл тақырыпқа байланысты зерттеулер халық ойындарының ұрпақтан-ұрпаққа ұштасып келе жатқан халық естелігі екенін айқын көрсетеді. Сол себепті ойындарға ғылыми талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және тәрбиелік маңызы бар екендігі дәлелдейді.
Халық ойындары ежелден этнографтарды, археологтарды, психологтарды педогогтарды және басқа ғалымдарды қызықтырған. Қазақ халқының ойындарының шығу тарихына Э. Маккей, Морко Полло, Ә. Марғұлан Н. Я. Бичурин, П. С. Палас, А. Вамберий, А. Шиле, Б. Зелинский, А. Гумбольд сынды атақты адамдар өз еңбектерін арнады.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақ арасынан тұңғыш еңбек жазғандардың бірі педогог Н. С. Құлжанова болды.
Ресейдегі жалпы ойын теориясы Г. В. Плеханов, Н. К. Крупская, А. С. Мокоренко сынды атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Ойындарды ғылыми түрде зерттеу ісі П. П. Блонский, С. П. Щацкий, В. Г. Марц, В. А. Сухомлинский, В. Г. Яковлев, Т. Е. Конников, Э. В. Яновскаялар сияқты ғалымдардың да назарын аударды.
Мектепке дейінгі балалардың ойындарынды да көптеген еңбектер арналған. Бір тобы рөлдік, шығармашылық ойындардың теориясын зерттеген (Л. С. Выгодский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. И. Фрадкина, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин, Р. И. Жуковская, Т. А. Маркова, т. б. ) келесілері психологиялық процестерде қозғалыс ойындарының ерекшеліктері және олардың алатын орны мен маңызына тоқталған (Е. А. Радина, А. И. Сорокина, Е. И. Уольцова, В. Н. Аванесова, т. б. ), ал үшінші бір тобы балалардың көркемсурет тәрбиесіндегі ойынның маңызын анықтауға бағытталған (Н. А. Ветгулина, Н. П. Сакулина, Н. В. Аванесова, т. б. ) .
Ресейлік психологияда балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылатын ойын теориясына мынадай ғалымдардың еңбектері: Е. А. Флорина, Е. И. Тихеева, Е. И. Аркин, кейіннен Р. И. Маркова т. б. еңбектері бағытталған.
Мектептерде қозғалыс ойындарын пайдалану жолдары жөнінде Л. В. Былеева, М. В. Лейкина, П. А. Рудик т. б. ғалымдар айналысқан. С. Г. Гагиев - остения халықтарының ойынын жинақтаған, О. В. Вахания-абхаз, Г. Г. Агаев - азербайжан, А. Бриедис-латын халық ойындарын зерттеп, оларды дене тәрбиесінің сапасын жақсарту жолында пайдалануды ұсынған. Халықтық ойындар мен жатьығуларды Т. Ж. Бекбатшаев зерттеген. Э. Ф Контаутене халық ойындары мен оның психологиялық маңызын, Г. Н. Гришина халық ойындарын ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде қарастыру, Е. А. Селацкая дидактикалық ойындарды балалардың таным процесін белсенді дамытатын құрал ретінде, Е. Сағындықов қазақ мкетептерінің 1-4 сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмыстарында халық ойындарын пайдалану бағытында еңбек еткен.
Бірқатар диссертациялар мектепке дейінгі балалардың ойын мәселелеріне арналған: И. Н. Косенко -ересек топ балаларының шығармашылық белсенділігін көркем әдеби шығармалар сюжеті бойынша ойын арқылы қалыптастыру, И. Тұрсынғали -қазақ балабақшасындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану, Т. М. Бабуновтың -дидактикалық ойындарды балалалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру құралы ретінде қарау, С. А. Ахундова - мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды пайдалану (орта топ) мәселелерін зерттеді.
Біздің елімізде де мектепке дейінгі балалардың мәселелеріне біраз ғалымдар өз еңбектерін арнаған. Б. Баймұратова балалардың тілін дамытуға арналған көптеген ғылыми еңбектерінде мектепке дейінгі балалардың тілін, танымдық процестерін дамыту мәселелерін қарастырады, Қ. Меңдаяқова - Қазақстандағы ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы, М. Тұрыскелдина - Қазақстандағы 6 жасар балалардың дене тәрбиесінің дамуы, Ә. Әмірова - ересек топтағы балалардың қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу (6-7жас) . т. б.
Сөйте тұра қазақ балабақшаларындағы жоғары топтардың оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды тиімді пайдалану мәселелері алғаш қаралып отыр деседе болады.
Зерттеу мақсаты: Қазақ балабақшаларының ересек және даярлық топтарында ұлттық ойындарды пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу, әдістемелік талдау жасау.
Зерттеу нысаны: қазақ балабақшаларындағы оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу міндеттері: балабақшалардың ересек және даярлық топтарында ұлттық ойынды пайдаланудың психологиялық негіздерін айқындау
- ересек және даярлық топтарға арналған ұлттық ойындардың мазмұнын саралау;
- халық ойындарын пайдаланудың бағдарламасын құру;
- тәжірбиелік эксперименттің қорытындысын шығару, тәрбиешілерге болашақ маман ретінде ұсыныс беру;
Зерттеу пәні: балабақшаларда ұлттық ойындарды пайдланудың жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: балабақшада ұлттық ойындарды пайдалану тиімді болар еді, егер:
- қазақтың ұлттық ойындарын балабақшада тиімді қолданудың жүйесі жасалынса;
- балабақшада ұлттық ойындарды қолдану балалардың дүние танымына, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуына ықпалын тигізсе;
- сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда ұлттық ойындарды пайдалану бірізділік ұстанымымен жүзеге асса;
Зерттеудің әдіснамалық негізі: білім мен тәрбиелеу туралы философиялық көзқарастар және халық психологиясының мұрасы, сонымен қатар жеке тұлғалық даму мен іс-әректтік қатынас теориялары, танымдық жұмыстарының бір- бірімне сабақтастығы.
Ғылыми зерттеу әдістері: осы зерттеп отырған мәселелерге байланысты философиялық, тарихи, психологиялық, педогогикалық, еңбектерді талдау, қазіргі қоғамның өтпелі кезеңіне сай халықтық педогогиканың тәрбие саласындағы қолдануға бағытталған ресми құжаттармен танысу, озат балабақшалар тәжірибелерін жинақтау, арнайы сауалнама, әңгіме, салыстырмалы байқау, психологиялық тәжірибе-эксперименттік жұмыстар жүргізу, дипломдық жұмыстың өз ізденістері мен тәжіибесін психологиялық тұрғыдан сараптау.
Жетекші идея: балабақшада жеке тұлға дамуының сыры, ішкі заңдылықтарының байланысына жүйелі, кешенді іс-әрекет тұрғысынан ұлттық ойындарды үйретуде қазақ халқының психологиясын тірек ету.
Зерттеу кезеңдері: халық аузынан жиналған және көне кезден бастап осы кезге дейінгі аралықтардағы баспа беттеріндегі ойындарды жинақтау, олардың ішінен балабақшалардың ересек және даярлық топтарында пайдалануға болатындарын іріктеп алу;
- аталмыш тақырыпты философиялық, психологиялық, және педогогикалық көзқарастар тұрғысынан қарастыру, тақырыпқа қатысы бар ғылыми әдебиеттермен танысу;
- жинақталған ойындарды балабақшаларда тәжірибе жүзінде қолдану, зерттеу нәтижелерін сыннан өткізу, психологиялық басылым материялдарына талдау жасау;
- жинақталған материялды белгілі жүйеге келтіру
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қазіргі әлеуметтік - эканомикалық жағдайлардың ерекшеліктеріне сай мектепке дейінгі тәрбиені жетілдіріп, жалпы, үйлесімді дамуын қамтамассыз ету үшін қазақтың ұлттық ойындарын нысаналы пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері айқындалады;
- ересек және даярлық топтарда ұлттық ойындарды ендірудің мән -мазмұндары ашылады;
- қазақтың ұлттық ойындарының ерекшеліктерін ескеріп, бүгінгі заман талабына сай бағдарламаның педогогикалық -психологиялық, әдістемелік мүмкіндіктері ашылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: халықтың психологиялық негізінде ересек және даярлық топ балаларымен қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану бағдарламасы құрылды;
- осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді;
- балабақшада ұлттық ойынды пайдалануда жүргізілген тәжірбиелі эксперимент жұмыстары, оның сыннан өткен нәтижелерін тәрбиешілердің білімін жетілдіру курстарында және болашақ тәрбиешілер дайындау ісінде пайдалануға болады;
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылды: балабақшада ұлттық ойындарды қолдануда балалардың танымдық, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуының тұжырымы.
- ұлттық ойындарды пайдалану негізінде балабақшалардың жаңа бағыттағы дәлелденген жүйесі.
Зерттеудің нәтижелерін мақұлдау және ендіру: Зерттеу нәтижелері
Алматы қаласының Алмалы ауданындағы №23 «Аяулым» және №45 «Ер Төстік» балабақшаларында талқыланды.
Балабақшалардың ересектер және мектепке дейінгі даярлық топтарында ұлттық ойындарды пайдалануды ұсына отырып, олардың дүниетанымдық, адамгершілік және дене қасиеттерін тәрбиелеуде ықпалы мол деп есептейміз.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының шығу тариғы.
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау, -ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан әрі алға бастауына үлкен мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осы жағдай қазақ ұлтының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік -эканомикалық дамуының негізінде болды. қазіргі кемеліне келген тарихи ғылымдардың дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонен бергі бізге жеткен, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, т. б. шамамен алғанда бес мың жылдар бұрын ойналынғандығы жайында ағылшын ғалымы Э. Маккей « . . . бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды». - дейді. Сондай -ақ мұндай пікірді Венеция саяхатшысы Марко Полло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қыз бөрі» ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен, яғни таптық қатыныспен бірге туғандығы жайлы ескертеді.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібі -аңшылық болды. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған дайындық жаттығулары кезінде «Карагие» ойынын туғызды. Ойнаушылар бас киімдерін шешіп ортаға тастайды. Ойын жүргізуші көмбеден қашықтығы 25 -30 адымдай жерге апрып арасы мен биіктігін белгілеген сызық бойына бас киімдердің саны қанша болса сонша қазық қағады. Қалғандары көмбеде тұрып әр ойыншы қолындағы сырығымен өзінің бас киімін атып алуы керек. Бұл ойынды кез -келген бала ойнай алмайды, себебі бұл ойында ең әуелі шыдамдылық керек, ойынға қатысқаннан кйін өз бас киіміңді атып алмайынша кетпейді, өз бас киіміңді еркіңмен алуға басқа ойыншылар рұқсат етпейді. Екіншіден мергендік керек, оған қоса көздеген затқа дәл тигізе білу үшін қол күш керек.
Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңдері, этнографиясы, ойын -сауықтары, мәдениеті, т. б. жайындағы деректер XIII -XVIII ғасырлардағы Орта Азиямен қазақ жерлерінде болған Еуропа саяхатшыларының еңбектерінде жинақталған.
әсіресе Қазақстанның елі мен жері жайында көптеген ғылыми еңбектер қалдырған Еуропа саяхатшыларының ең алғашқылары Плоно Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Полло сияқтылар болды. XIII ғасырдың бірінші жартысында Италыя саяхатшысы Плоно Карпини Хорезм, Жетісу, тарбағатай арқылы Монғолияға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материалдарынан «Монолия тарихы» атты еңбек жазды.
Қазақ халқының ұлт ойындары жайлы деректерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі Венеция саяхатшысы Морко Полло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарында болып, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихына, қалыптасу тарихына болжам айтқан.
Неміс ғалымы Александр Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. Ол өзінің болған жерлерінде көшпелі қазақ ауылының өмірі мен тарихы, этнографиясын толығынан зерттей келіп «Центральная Азия, исследование о цепях гор и по сравнительной климатологий» атты еңбегін жазды. «Қазақ ауылына келген беттегі қонаққа көрсеткен сый -құрметіне, олардың ойын -сауықтарына, әсіресе қоян -қолтық күрестері мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын -сауықтары жөнінде жазбаған шет ел ғалымдары мен саяхатшылары кемде -кем». А. Гумбольдттың бұлай деп дәлелдеме бергені, әрине тегін айтылған сөз емес. Біз қарастырған П. Карпини, М. Поллодан бастап, ең ақырғы 1863 -1864 жылдары Қазақстанда болған шығыс зерттеу ғалымы Венгрия академигі Армини Вамбери мен 1903 -1907 жылдары Каспий теңізінің бойында Маңғышақта қонақтаған неміс этнографы Рихтер Каргуцқа дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығының дерлік арқау болған қазақ халқының қонақ сыйы мен ойын -сауықтары . Тіпті қазақ жерінде болмаған шетел ғалымдарының көпшілігі халықтың тарихы мен этнографиясы турасында жазған зерттеулерінде де кездеседі. Мысалы, Австрлияның атақты дипломаты С. Герберштейн 15816 -1517 және 1526 -1527 жылдары Ресейде болып, Қазақстанда болған орыстардың ауызша айтуларынан жазған 1549 жылы латын тілінде жарық көрген «Записки о Московских делах» атты еңбегінде Қазақстанның жері, әдет -ғұрпы, орыс халқымен қарым -қтынасы, ойын -сауықтары жайында жазған. Сондай -ақ Италияның ғалымы Павло Иовия новокамский 1525 жылы Римде орыстың кезіедегі белгілі елшілердің бірі Дмитрий Герасимовпен кездесіп, соның айтуымен «Книга о Московском посольстве» атты еңбегін, сол жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте қазақ халқының орыстармен араласуы, мәдениеті, ойын -сауықтары туралы жазылған.
А. Гумбольдт қазақ жерінде жүріп көшпелі халықтан ойға түйгенін достарына жазған хатында былай деп көрсетті. «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса құдіретті кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі халықтың бізге көрсеткен қонақ сыйы мен ойын сауықтары естен кететін уақиға емес . . . Мұндай өмірімнің аса бір белді кезеңін одан әрі Каспий теңізінің бойында өткізбей кете алатын емеспін. Мен, өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емеспін, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек».
Франсуздың атақты жазушысы А. Дюма «Из Парижа в Астрахань» атты еңбегінде ұлына жазған хатында: «Қымбатты ұлым, сенің хатың мені Астраханға қуып жетті. Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе, алдымен Россияның картасынан Астрахан қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың ойын -сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетуге мұндай ойындар өткізу әзірше мен қөрген елде, жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын -сауықтың өтуіне себепші болғандықтан маған тон кигізді».
XIX ғасырда қазақ халқының әдет -ғұрпын, ойын -сауықтарын, ұлт -ойындарын зерттеуде еңбектер жазған тек басқа ұлттардың өкілдері ғана емес сондай -ақ көшпелі халықтың өз ішіндегі сауаттылары да өз халқының өмірін оқу, оны зерттеу жұмыстарымен айланысқан солардың ең алғашқыларының бірі Ешмұхамед Букин болды. «Ол дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы».
Сонымен қатар, Ә. Диваевтің еңбегінде -«XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезіндегі көшпелі қазақ халқының этнографиясын зерттеуші ғалымдардың көзқарасынан тыс қалған мәселелердің бірі ұлт ойындары». Ә. Диваев жан -жақты зерттей келіп «кімде -кім қазақ халқының арасынада болып кунделікті тұрмысымен танысса, сол отбасындағы бала ойыны арқылы танымдық жағын әр қилы жақтарын, ойыншықтардың, ойындардың қаншалықты мәні бар екенін біледі». -деп ескертеді.
Сәбидің дүниеге көзқарастарын қалыптастыратын түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындары жатады. Қазақ балаларында ойыншықтар болған жоқ десекте болады, тек қана балалардың өздері жасаған зырылдауық, қуыршақ пен балшықтан өздері жасаған ит, түйе, жылқы, т. б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл ойыншықтардың сырты онша қызықтырмаса да, осы ойыншықтар, балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болып есептеледі.
I тарау. Ерік туралы жалпы түсінік.
Ерік -адамың маңызды сипаты. Ерікті тәрбиелеу үшін еріктің табиғатын, туатын себебін дұрыс түсіну үшін қажет. Психологияда болмыстың, сыртқы дүниенің бірінен -бірі салдары болатын қат -қабат, байланыстарын сәулелендіреді. Психологиялық табиғаттың негізін ашқан Сеченов пен Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі, мидағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Ерікті әрекеттің физикалық механизмін зерттеген Сеченов: « . . . адам ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын топтастыруға бейімделеді және (сол рефлекстердің жолымен) қимылдардың тоқтататын қабілетіне ие бола алады». деп жазды. Жоғарғы жүйке іс -әрекетінің заңдылықтарын ашқан И. П. Павлов: « . . . ерікті әрекеттің механизмі, жоғарғы жүйке іс -әрекетінің барлық заңдарында бағынатын шартты ассоциациялық процесс» , деп бұл пікірді қолдай түсті. Жүйке жүйесінің іс -әрекеті тіпті тосын, қат -қабат, күрделі болса да, адам оны жаңаша сәулелендіріп, тәжірибесінде болмаған жаңа әрекеттер істеп, амал -айла, тәсіл жасайды. Әрекетті жаңадан атқара отырып, орындаудың жаңа тәсілін меңгереді.
Еріктің сипатын, ерік мәселесін ғылыми матералистік тұрғысынан түсіндіреді. Ерік өзін -өзі билемейді. Материалдық тұрғыдан түсіндіреді. Ерік материалдық дүниеге байланысты себептен туады. Не тілесе, соны істеген кісі ерік бостандығын көрсетпейді, еркінің жоқтығын әйгілейді. Диалектикалық материализм ерік бостандығын істің мән -жайын түсініп, оның қажеттігін ұғына білумен байланысты деп түсіндіреді. Адамда ерік бостандығы бар. Бірақ идиалистер айтқандай, ештеңеге байланыспйтын бостандық емес, себепті байланыстылыққа, детерменизм ұстанымына бағынатын бостандық.
Ерік әрекетінде салалы сипат болады, кісі өз әрекетінің мән -жайын түсініп орындайды. Ерік әрекеті талаптан басталады
Талап - әрекетінің бағытын көрсететін сеім. Талап адамның түсіну дәрежесіне қарай желік және тілек туады.
Желік- әлденеге ұмтылып алаңдаған талап. Алаңдатып тұрған не екенін адам түсінбейді, тек бірдеңесі жетіспей бірдеңе керек болып тұрады. Керегінің не екенін дұрыс елестетіп, оны біле алмайды. Елеңдеткен мақсат, не оған жететін айла -тәсіл қандай екенін адам біліп алмайынша әрекет бастамайды. Ол адамның басыда іш пысу, зерігу сияқты беті ашылмаған белгісіздік түрде болады. Көбіне жұмыссыз, айрықша өмір игілігі жоқ, белсенділігі кем адамдар босқа желігіп жүреді. Кісі желігудің мәнісін түсінсе, желік тілекке айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz