Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы



Кіріспе: Әдебиет және жазушы

I.тарау: Шығармашылық әлем сырлары
1.1. Жазушы дүниетанымы
1.2. Шығармашылық процесс
1.3. Жазу кезең

II.тарау: Адам жаны.жұмбақ арал
2.1. Образдар жүйесі
2.2. Прототип мәселесі

Қорытынды:
Пайдаланған әдебеттер тізімі

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы.

Жұмыстың көлемі:

Жұмыстың негізгі мақсаты: Р.Мұқанованың шығармашылық лабораториясына ене
отырып, оның дүниетанымын, шығармашылық процесін, жазу кезеңін,
әңгімелеріндегі кейіпкерлерінің прототипі мен образдарын талдау, идеялық
астарларын ашу.

Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мазмұны:
Кіріспе бөлімінде әдебиет пен жазушы туралы айтылып, қаламгердің қазақ
әдебиетінде алатын орны баяндалды.
Негізгі бөлімінің I- тарауында Р. Мұқанованың шығармашылығын,
дүниетанымын, шығармашылық процесін, шығармаларына шолу жасай отырып,
ондағы өмір шындығының көркем туындыға айналуын сөз етіледі.
II-тарауда қаламгердің шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірдегі прототипін
мен олардың ерекшеліктерін аша отырып, өмірдегі адамның образға айналуын
көрсетілді.

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: жазушы, дүниетаным,
шығармашылық шеберхана, прототип, әдеби бейне, қазақ прозасы, ұлттық
характер, өмір шындығы, ұлттық сана т.б.

Мазмұны

Кіріспе: Әдебиет және жазушы

I-тарау: Шығармашылық әлем сырлары

1.1. Жазушы дүниетанымы
1.2. Шығармашылық процесс
1.3. Жазу кезең

II-тарау: Адам жаны-жұмбақ арал

2.1. Образдар жүйесі
2. Прототип мәселесі

Қорытынды:

Кіріспе

Әдебиет және жазушы

Кез-келген адамзаттың өмірінде терең әрі көлемді орын алатын
мәдениет — өнер мәдениеті. Фидияның мүсіні, Рафаэльдің суреті, Шекспирдің
трагедиясы, Бетховеннің симфониясы, Пушкиннің лирикасы, Әуезовтің роман —
эссесі, Қастеевтің суреті, Абайдың лирикасы ғасыр бойы өмір сүріп келеді
әлі де сүрмек. Бұл әлемдік өнердің біртумалары адамзат мәдениетіне қаншама
үлкен әсер еткенін өлшеу қиын.
Адамның игерген осындай көптеген өнерінің ішінде айрықша орын
алатыны, ол — сөз өнері. Қазақтың академигі З. Қабдоловша айтсақ, “Әдебиет
су да емес, от та емес. Әдебиет— өнер. Әдебиет— сөз өнері. Өнердің көп
салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет.”
1.9.
Әдебиет — кез-келген өнер сияқты өзінің алдында шындықтың
шығармашылық тұрғыда басқаша өзгеруі.. Шындығында болған нәрсе өз бетінше
өнерді құра алмайды. Орыстың жазушысы М. Горький бұл тұрғыда “Ақиқат — ол
әлі шындық емес, ол тек өнердің нағыз шындығын құрастырып, жапыстыратын
шикізат қана. Тауықты қауырсынымен қуыруға болмайды. Бізде кездейсоқтық
пен жеңіл-желпі мардымсызды араластырып шындықты таба алмайды. Ақиқаттың
жеңіл-желпі мардымсыз қауырсынын жұлып, ақиқаттан мән-мағына жасап шығару
керек.” 2.11 Ал, Гончаровтың айтуынша “өнер шығармасындағы өмірден
алынған оқиға ақиқаттың шындығын жоғалтып алады да, көркем шындық бола
алмайды. Суреткер табиғат пен өмірден тікелей алып жазбайды, шындыққа ұқсас
қылып жазады. Сол үшін көркем шығармашылықта “жалаңаш” шындықты таппай ,
соған ұқсастықты табуымыз жөн 2.11 Әдеби шығарма — өмір шындығынан
туады. Өмір шындығынан өнер туындысын, көркем әдебиет үлгісін жасау —
инемен құдық қазғандай қиын, тіпті азапты еңбек.3.3
Әдеби шығарма әдебиетпен келеді. Ал, “әдебиет —ықшамдалған әлем”
(Салтыков-Шедрин), бұл әлемге бәрі сияды, өмірдегі құбылыс та, адам тағдыры
да. Ал, әдеби шығарма — сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі.. Ол — өмірдің өзі
секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.. Әдебиет
оқушыны аспандағы қиялмен өмір сүргізбей, тіршілікпен бетпе-бет келтіртіп,
қоян-қолтық араластырып өмір сүруге үйретуші.
“Әдебиет — үлкен процесс. Жазушының өзі қоян-қолтық араласып, бетпе-
бет келіп жүрген жайларын көркемдік қазынаға салып, нәр-сөлі, тұз-дәмі
татып шыққан рухани азыққа айналдыру оңай шаруа емес. Сезіну, түйсіну,
іздену, тер төгу , т.б. толып жатқан процесстің өзі де шынайы талант
күшінсіз бейшара күйде қалары мәлім.”4.89
Қазақ әдебиеті.. “Осы сөзді ауызға алғанда ең алдымен көз алдымызға
үркердей бөлек топ жұлдаздары елестейді. Алдында Абай, жанында Жамбыл бар,
сахарадағы салқар көшбастаушылардай соңында ілескен сарабдал сарбаздары
бар, киелі Әуезов елестейді.” 5.94. Елес қана емес, нақтылы көрінісіне
ішің жылыйды, көңіл түндігі желпілдеп, жүректі мақтаныш пен қуаныш сезімі
керіп кетеді.
Әдеби туынды — адам еңбегінің нәтижесі, автор санасы мен
танымының, ойы мен қиялының, айналаға, қоршаған ортаға көзқарасының, қарым-
қатынасының жемісі. Яғни, әдеби шығарманы жазушы ол- жазушы. Әдебиетке
әрбір қаламгер әртүрлі көркемдік мұраттармен келеді. Олардың ішінде күн-түн
қатып, қан мен жанды қинап туар көркем шығармашылықты мәңгілік өмірге
ұштасуын ойламайтын, армандамайтын кемде-кем.5.14
Көркем шығарма оқып отырып оның авторына деген қызушылық пайда
болады.
Менің сүйіп оқитын жазушым, ол есімі әдебиет сүйер қауымға өте таныс
жазушы-драматург — Роза Мұқанова.
Роза Мұқанова. Көрнекті жазушы. Адам психологі.
Осы үш тіркес бір-бірімен үйлесіп жатқандай.
Біріншісіне келсем, Роза Мұқанованың есімі кез-келген оқырманды елең
еткізбей қоймайды. Егер адамның тағы бір қырын көргіңіз келсе, ең алдымен
Роза Мұқанованың шығармаларын тауып оқыған жөн.
Екіншісіне келсем, көрнекті жазушы дегенім жазуды өнерім деп түсінген,
жазушылықты кие санаған (ақша табудың жолы деп емес) жазушылардың бірі Роза
Мұқанованың көркем туындылары проза әлемінде айрықша орын алады. Бір
“Мәңгілік бала бейнесінің” өзі қаншама оқырманды таң қалдыртпады.
Үшіншісіне келсем, Роза Мұқанова адам жанына терең бойлап, қатпар-
қатпарын аралап небір құпияларды тауып, соны түсіне біледі. Адам жаны
әртүрлі, тағдыры да әртүрлі. Бүкіл әңгімелерінде адам өмірі арпалыс
үстінде, жан тебіренісінде, күйзеліс шайқасында жүреді. Ешқандай кейіпкер
жан азабынан құтылып рахат өмір кеше алмайды.
Роза Мұқанованың ойынша, “әдебиет — мұхит. Тереңдеген сайын қауіп-
қатері де күшті. Деміңнің шамаңның жете алған жерін ғана меңгересің, түбіне
бойлай алмаған жұмбағың қаншама. Көркем дүние жасау үшін ұйқысыз таңдар
атыратын интеллектінің қауқары керек. Жүректен шығатын тіл, сезім мен
қиялдың ақыл, ойға қозғау салар жүйріктігі қажет”6.
Р.Мұқанованың шығармаларындағы басты ерекшелік — ол кейіпкерлерінің жан
дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуға ден қоюында және сол алған
бетінен қайтпай келе жатуында. “Адам жанынан жұмбақ, адам жанынан түпсіз
не бар? Әр адам жаны — ашылмаған бір-бір жұмбақ аралы. Өзгені қойып адам
өмір бойы өз-өзін зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір
қалтарыс-бұлтарыстарына құлыптаулы жатқан құпияларына кез келесіз”. 7.
Роза да әр әңгімесінде кейіпкерлерінің мінез-құлқын бұрын кездестірмеген
бөлекше әдет, бөтен мінез көре білді, соны оқырманға да кестелі тілмен
жеткізе білді. “Розаның ет қызумен қолына қалам ұстап, сонсоң сол
қарқынмен, әйтеуір жазып, жарияланып жүре беретін бірталай қатарластарынан
тағы бір айырмашылығы — ол әдебиетке іштей мол дайындықпен, дүние танымдық
тәжірибемен келген” 8. Оның ішкі қуаты мол шығармаларында бірден көзге
ұрмайтын, көңілмен ғана сезілетін философиялық мұң, трагедиялық дүниетаным
бар.
Жазушының жанына үңілу үшін, оның шығармашылық лабораториясын зерттеу
қажет. Ең алдымен шығармашылық лабораторияға тоқталсақ, шығармашылық
лаборатория — ол кең ұғым. Ол көркем шығармаға табылған тақырып пен жазылып
аяқталған шығарманы оқырманың қабылдауына дейінгі аралықты қамтиды.
Фортунатовтың өз тілімен айтсақ, “творческая лаборатория писателя —
понятие, сохраняющее известную долю метафоричности, хотя содержание его
совершенно ясно для вас. В таких случаях речь идет не о конечном результате
писательской работы, а процесс его достижения” 9.3.
Жазушы лабораториясын зерттеу- күрделі процесс. Күрделі болатыны –
көркем шығарманың тақырып райында ойға оралуынан материал жиналып, жазылып
аяқталуы, оқырмандық аяда қабылдануына дейін болжам жасап, байлам айтасың.
I тарау. Шығармашылық әлем сырлары

1.1. Жазушы дүниетанымы.

Тікелей жазушы лабораториясына үңілу, шығармашылық процессті түрлі
аспектіде зерттеу – ғылымның саласына айналғаны көп болғаны жоқ.. Жазушы
лабораториясын неден бастау зерттеу керек? деген сауалға, мен қаламгердің
дүниетанымынан бастау жөн деп жауап берер едім. Өйткені, қандайда бір
шығарма – жазушы дүниетанымының жемісі. Жазушы дүниетанымындағы қайшылықтар
көбіне оның қоғамға қатынасынан туындап жатады. Белгілі эстет М. Бахтиннің
“Автор - өз қоғамы, өз заманының тұтқыны. Оны бұл тұтқыннан келер дәуірлер
құтқарады. Әдебиеттану жазушыны дәуір тұтқынынан шығуына жәрдем етуге
міндетті” деген сөзі бар 10. 541.
Ал Белинскийдің айтуынша “ақын – ең алдымен ол адам, содан соң өз
елінің азаматы, өз уақытының перзенті, халық рухы мен уақыты басқалардан
гөрі оған аз әсер етпейді. Сондай-ақ, ақын адам санасының аумағында аса
маңызды қызмет атқаратын әдебиет қайраткері”.
Жазушының дүниетанымын қарастырғанда жазушының балалық, жастық шағы,
жеке өмірі, білім алған ортасы, дос-жолдастары, қоғамдық істері туралы
деректерді білу қажет.
Роза Қажығалымқызы Мұқанова 1964 жылы қазан айының 14–ші күні Семей
облысы, Үржар ауданы, Аксакова селосында дүниеге келді. Балғын балауса
балалық шағы бақытты өтті. Үлкендердің әңгімелерін құпия-сырларын білгенді
ұнататын. “Еңлік-Кебектегі” Кебек пен Еңлікті түсінбеген Кеңгірбаймен
Есенді сондай жек көретін. М..Әуезов жазған Еңліктің монологтарын жатқа
айтып үй артында тығылып, жылап отыратын. Роза Мұқанованың сұлулықты,
тазалықты, табиғилықты пір тұтуы оның әдебиетке келуіне әсер еткен болар.
Ақжүніс, Тоғжан, Еңлік образдары оны әдебиетке әкеліп, жазушылық әлеміне
жол ашты. Бала кезінде әдеби кейіпкерлерге еліктеп өсті.. Өсе келе
кейіпкерлерді сомдайтын жазушы-ақын, актерлер болатынын ұқты. Жазушыны ең
құдіретті күш деп танып, жазушы болғысы келді. Кәсіби жазушы болуды
армандады. Сондықтан болар 1976 жылы, яғни 6-шы сыныбында “Менің үкім”
атты жазған төл шығармасын “Қазақстан пионері” газетіне жариялайды. 1981
жылы Үржар аудандық Абай атындағы орта мектебін бітіріп, осы жылы Қазақ
Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі.
Осы кезде оқумен қатар Алматыдағы № 126 –шы балабақшада жұмыс істеп, 1983
жылы ҚазМУ-дың ішкі бөліміне ауысып, 1987 жылы оны тәмамдады. Студент
кезінде алғашқы әңгімелері жарық көре бастады. 1984 жылы болашақ жазушының
“Менің үкім” атты алғашқы тырнақ алды туындысы жарық көреді. 1987 жылдың
қазан айында Қазақтың Мемлекеттік Орталық, Архивінде әдебиет- өнер
бөлімінде қызмет атқарды. Осы жылы “Жалын” журналында “Жарық сәуле” атты
әңгімесі жарық көріп, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты
болады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының жанынан құрылған “Әлем”
альманағына аға редакторлық қызмет атқарды. Осы жылдары “Шықпайтын есік”,
“Құдірет – кие”, “Тіршілік үшін жанталас” атты әңгімелері оқырман қауымына
ұсынылды. Газет, журнал беттерінде көптеген шығармалары басылып дүниеге
келіп жатты. 1990 жылы “Мәңгілік бала бейне”, “Мұң” деген әңгімелері
әдебиет сүйер оқырманның қолына түседі. 1991 жылы “Дүние - кезек”, “Соқыр
көзден шықан жас”, “Қаралы төбе” шығармалары Мұқанованың әдеби қорын
кеңейтеді.. “Монастырь” 1992 жылы жазылса, 1993 жылы “Сормаңдай”,
“Шерменде”, “Күнә” туындылары жарық көрді. 1994 жылы Роза Мұқанованың
“Жарық дүние” атты тұңғыш әңгімелер кітабы бысылып шығады. Осы жылы
“Композитор” атты әңгімесі шықса, 1997 жылы “Патша қатын У” әңгімесі мен
“Дүние – кезек” атты екінші әңгімелер жинағы шығып, оқырманды қуантты. 2000
жылы “Сен”, “Тұл”, 2003 жылы “Тұтқын” әңгімелері дүние есігін ашады.
Шығармашылық лаборатория құпиясын ашуда кілт боларлық тағы бір кез —
жазушының ағымдағы баспасөз тілшілерімен сұхбаты, сын мақалалары. Роза
Мұқанова тек әңгіме жазумен шұғылданбай, мақалаларды да газет бетіне
жариялап жүрді. 1994 жылы Ілияс Жансүгіров күнделігі жайлы “Жан қайығын
жанға ұрдым”, Абайдың даналығы туралы “Мендей ғаріп қу болса” атты
мақалалары, 1996 жылы өзінің сүйіп оқитын жазушысы Тәкен Әлімқұлов жайлы
“Тәкен тағлымы”атты мақаласы, қазақтың М.Әуезов атындағы Академиялық драма
театрында қойылған “Кебенек киген арулар” атты сын мақаласы, 1998 жылы
“Абылай хан” атты мақаласы, 1999 жылы қазақ әдебиетінің жағдайы туралы
“Әдебиет жынысқа бөлінбейді” атты мақаласы, 2001 жылы “Жастардың
шығармашылығымен мақтанғым келеді” атты мақаласы, сүйікті жары Әкім Тарази
туралы “Тек Таразидің құттықтағанын қалаймын” деген мақақаласы, 2003 жылы
“Ұлттық сана уланып жатыр” атты мақаласын оқырмандарына ұсынды.
Жазушының қоғамдық келбеті ол — жазушының білімі өмірлік тәжірибесі.
Жазушының дүниетанымында жазушының адамзатқа, қоғамға, тарихы өткен уақыт
пен осы заманғы уақытқа деген көзқарасын көре аламыз. Жазушының дүниетанымы
— ол тек оның неге сенетіндігі емес, оның суреткер ретінде шындықты
қабылдауы және оның өз шығармасында көрсете білуінде.
Жазушының саяхаты. Жазушы тек өз жерінен басқа жерді шарласа, шетелге
кетсе, бір сөзбен айтқанда көп саяхат жасаса көп нәрсе көріп, дүниетанымы
кеңейеді. Роза Мұқанованың жасаған саяхаты оның шығармаларына арқау болды.
Әсіресе таулы аймақтарда, көне жерлерде саяхат жасауды ұнатады. Табиғаттың
сұлу әлемі — жазушы әлеміне әсер етпей қоймайды.
Фольклор мен көркем әдебиет. Сәтті шығарма жазу үшін жазушыға тек білім
қажет емес, жазушыға халық ауыз әдебиетін де жақсы білуі қажет. Халық ауыз
әдебиеті кез-келген жазушыны елеңдетпей қоймайды, сондай-ақ ол неғұрлым
халық ауыз әдебиетке жақын болса, оның болмысында түсінеді. Горькийше
айтсақ, фольклор білімін игермеген жазушы – нашар жазушы. Халық
шығармашылығында шексіз байлық тұнып жатыр, адал ниетті жазушы осының бәрін
игеру қажет. Роза Мұқанованың барлық шығармалары ауыз әдебиетінен бастау
алған.

1.2. Шығармашылық процесс

Жазушы лабораториясы — шығармалар тарихы. Белгілі бір қаламгердің
шығармасының тарихын қарастыру — тақырыптан басталуы заңды. Өйткені,
тақырып — шығарманың алтын қазығы. Тақырып — жазушының бүкіл тақырыбы. О.
Бальзак шығармалары шоғырып “адам комедиясы” атау, М. Шолохов туындылары
тұтастырып “Адам тағдыры” деп бағалау тақырыптың — жазушы тағдыры екенін
пайымдайды.
Кейде түсінгін келетін шығарманы қанша оқысаң да шытырман ойдың
шыңырауына батырып, суреткердің соқпағы еңсеңді езіп, ақыры мынау дүние
қашан бітер екен дегенге саясың. Ал, Роза Мұқанованы оқып отырып, адам
жанына терең үңілесің. Әңгімені басынан оқи отырып, аяғы немен аяқталуын
жори да алмайсын. Одан әрі ынтыға оқи бересің. Мұқанованың кез-келген
әңгімесін оқып, ешқашан жадырап күле алмайсың, өйткені әрбір әңгімесі мұң
мен шер, жалғыздық, жетімдік, өкініш пен үміт, сағыныш пен жеккөрушілік
толып жатыр. Осы адамның небір күйлері адам тағдырына байланысты. Осыдан
барып Роза Мұқанованың бүкіл шығармаларын топтастыра келіп, тақырыбын “Адам
тағдыры” немесе “Жан азабы” деуге болатын сияқты.
Осыған орай, өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен
іздеп табары — өз шығармасының тақырыбы екенін түсінесің.
Тақырып — шығармашылық әрекеттің басы. Жазылмақ шығарманың кіндік
мәселесі, демі, түйіні — тақырып. Тақырып жоспарға да қатысты. Тақырып
идеяға тартылған жол. Ал тақырып табу — бір күннің не бірер әрекетің
шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында жататын,
шығармашылық процесстің барлық кезеңдерінде бірдей ортақ жұмыс. Егер
шығармашылық процесстің үш түрлі (материал жинау, жиналған материалды
қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау үш
кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады. 1. 159.
Үлкен мағынадағы тақырып — ой түрткіден басталады. Ойтүрткі
К. Паустовский өзінің “Алтын раушан” повесінде жарқ ете түскен
найзағайдың жарқылына балайды. Ал Л..Н..Толстой “ойтүрткіні — шығарманың
сиясы” деп бағалайды.
Ойтүрткі жазушыға ойламаған жерде келеді.. Роза Мұқанованың “Күнә”
(1993 ж.) атты әңгімесінін ойтүрткісі ойламаған жерде келген. Жазушы бір
күні нағашы апасының үйіне келіп, қонақ болады. Жазушы мен нағашы апасы бір
бөлмеде жатады. Таң атқанша апасы күрсініп, дөңбекшіп шығады. Сонда жазушы
неге күрсінетінін апасынан сұрағанда, ол таңды жек көретінін айтыпты.
Сұрастыра келе, апасы осыдан елу жылдан бері сақтаған күнәсін ашыпты. Ол
күнәсі жастық шағындағы жаңа туған сәбиді амалсыздан ел-жұрт білмесін деп
өлтіруі. Осы бір сюжет алдына келгенде, жазушыға үлкен идея келеді. Бұл
идеясын ойға асыру үшін жазушының үлкен еңбегі керек. Көп кешікпей дүниеге
“Күнә” шығармасы келеді.
Енді ойтүрткі жазушының бүкіл санасынан өтіп болған соң, жазушы
материал жинауға кіріседі.
Материал жинамас бұрын идеяға келсек. Жазушы өз шығармасына тақырып
етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді, ол
бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеясы жататыны сөзсіз. Себебі
“Әдебиетші — таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл-күйін,
тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды,
қалыптастырыда, суреттейді” (М. Горький).11.53
“Жазушы өз шығармашылдығымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табының
мақсат-мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әншейін көңіл
көтеру, бой сергіту, рахаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды
жағдайларының бірі ” (Л. Толстой) болатын себебі де осында жатыр. Міне,
осылайша, өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының шығармасының идеясы
тумақ.. Бұған мысал ретінде, Роза Мұқанованың жоғарыда аталған әңгімесінің
идеясына келсек, нағашы апаның өз дүниетанымы, өмірде алатын орнын
қарастырамыз. Нағашы апасы — қандай адам деген сұрақ туады. Әрине осыдан
елу жыл бұрын уақытта, ол уыздай жас қыз. Біреудің отауына жас келін болып
түседі. Ақылды. Өз жарына адал жан. Бірақ жаңадан туылған нәрестені
өлтіруге оны не итермеледі? Одан басқа амал жоқ па еді? Адам өлтіруге қоғам
кінәлі ма әлде өзі ма? Міне, идея осылай туады. Идеясыз шығарма болмайды
және болуы мүмкін емес. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып
жатады. Идеясыз тақырып , тақырыпсыз идея болу мүмкін емес. Дүниетанымы
бір, әлеуметтік көзқарастары ортақ бірнеше суреткер бір тақырпқа жаза
қалса, әрине, олар да идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет,
әрқайсысы өзінше тың, нұсқалы идея туғызуға тиіс. Мәселен,
С.Мұқановтың “Ботагөзі”, Есенжановтың “Ақ Жайығы”, Ә.Нұрпейісовтің “Қан
мен тері” — бір тақырыпқа — тарихи- революциялық тақырыпқа жазылған
романдар. Яғни, тақырыбы бір болғанымен әр суреткер әр түрлі идеяда жазады.
Мысалы, ұлы жорықшы Шыңғысхан туралы көптеген шығармалар дүниеге келген.
Шыңғысханға әлемнің түрлі тілдеріндегі көлемді әдебиеттер де арналғаны
бәрімізге белгілі. 1922 жылы Б. Я. Владимирцов “Чингиз хан”, 1973 жылы Е.
М. Кчанов “Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир” атты туындылар осыған
куә.
Бір Ілияс Есенберлиннің Шыңғысхан туралы тарихи тақырыптағы
туындыларына не жетсін! 1982 жылы І. Есенберлин Шыңғысхан мен оның
ұрпақтары және XIII ғасырдың 75-80 жылдар аралығындағы Алтын Орданың
хандығының құрылуы жайлы “Алтын Орда” атты тарихи трилогиясы, 2002 жылы
өзі құрастырған “Шыңғысхан — әлем сілкіндіруші деген туындысын дүниеге
әкелді. Әрине бұл шығарма тарихқа сүйеніп жазылғандықтан, мұнда ұлы ханның
өмірі, жорықтары, елге істеген жақсылықтары баян етіледі. Шыңғысхан туралы
тақырыпта Р. Мұқанова да 1989 жылы “Құдірет-кие” атты дүниесін өмірге алып
келеді. Тақырып бір болғанымен, идеясы мен сюжеті басқаша. Әңгімеде Өлең
шешей және оның ұлдары Шыңғыс пен Хасардың бір-бірімен жауласуы, Өлең
шешейдің зары туралы сөз етіледі.
Тағы бір тарихи тақырыпта 1997 жылы жазылған “Патша қатын У” атты
әңгімесінің тақырыбы Таң патшалығы кезінде, яғни көшпенді түріктердің қытай
империясы мен жауласу кезеңі, Қапаған ханның билеген уақыты туралы болса,
идеясы қытайдың қуыршақ У атты әйел патшасының жан дүниесі, көшпенді
түріктерде қалып қойған ащы кегі, өмірге деген өшпенділігі суреттеледі.
Р.Мұқанованың тарихи тақырыпта 1993 жылы жазылған келесі бір “Шерменде”
атты әңгімесі бар. Сонау 1930 – 1933 жылдар аралығында ауылшаруашылығын
ұйымдастырудың кесірінен болған ашаршылықтың зардабынан Қырғызстан, Батыс
Сібір, Қарақалпақстан, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия, Иран, Қытай асып
кеткен қазақ бауырларымыз, кейін келе туған мекеніне қайта оралғаны
баршамызға мәлім. Р. Мұқанованың “Шерменде” әңгімесі осы тақырыпта
жазылған. Ал, идеясы, қытайдан көшкен қазақтардың кейбіреулерін қазақ
жерінде жүрген азаматтары оларды қашқындар деп қайта қытай еліне қайтарып
жіберу жайында. Осы үш шығарманың бәріде тарихқа сүйеніп жазылған. Тарихтан
көркем шығарма тудырылған.
Ендігі кезек Р. Мұқанованың әйел тақырыбына жазылған бірнеше әңгімелері
бар: “Жұмбақ сезім”, “Жан азабы”, “Кешір мені”, “Қаралы төбе”, “Мәңгілік
бала бейне”, “Монастырь”, “Соқыр көзден шыққан жас”, “Күнә”, “Сормаңдай”,
“Сен”, “Тұтқын”. Бұл әңгімелердің идеясы да, кейіпкерлерінің тағдырлары да
әртүрлі. Барлығы да өмірдің алуан түрлі соқпағына кезігіп, жан азабымен
арпалысып жатады. Ешқайсысыда өзін бақыттымын деп сезіне алмайды.
Жазушылық процесстің тағы бір кезеңі ол — материал жинау. Жазушы өз
шығармасымен жұмыс жасап отырғанда ең алдымен ақиқат пен шындық арасын
арашалап алуы тиіс. Өйткені өмірдегі шындық материал жинау кезінде керек
болады.
Кез – келген ғимарат керекті материалсыз тұрғызыла алмайды, сол сияқты
көркем шығармада жазушы өмірлік материалды жинамаса, оны қолданбаса көркем
дүние тумайды.
Шындығында, “жазушының өмір материалдарынан өнер туындысын жасау
процесінің басты, сатыларын, қиын, нәзік иірілімдерін, көпшілікке беймәлім
қырларын анықтауға талпынып, оның қайсы бір жайларының мәнісін ұққан сайын,
шығармашылық өнердің шын сырларының құпия, жұмбақ сипаты айқындалып, арта
түседі.” 10.13
Қазақтың атақты классик жазушысы С. Мұқанов өзінің әйгілі “Мөлдір
махаббат” (“Адасқандар”) романын жазар алдында мынандай материалдар
жинаған:
1. “Оқиғаға тікелей қатысы бар адамдармен жеке-жеке сөйлесу.
Мысалы: Абақтыда жатқан сұлтанбек Әбеуовпен (Бүркіт) сөйлесу,
қара жамылған Бәтима Мақашқызымен ( Бәтес) сөйлесу.
2. Сұлтанбек Әбеуовтің жеке заттары: күнделік дәптер, хаттар,
өлеңдер
3. Ағымды баспасөз материалдары.
4. Архив.”12.75
Міне осындай 1928 жылы апрель айында болған оқиға желісімен өмірлік
материалдарды жинап, саралап, көркемдеп, 1931 жылы қазақ даласына
“Адасқандар” келеді. Материалды өмірден алу дегеннің өзі оңай шаруа емес.
Оған да көре беретін көз, шындықты жалғандықтан айыра алатын зерде қажет.

Тарихи тақырыпта жазылатын шығармаға материал жинау да қиын іс. Тарихи
шығарма жазар алдында жазушы ең алдымен:
1) ойтүрткіге жүгінеді;
2) жазушы басқалар білмейтінді көбірек білу керек;
3) оқиғаның болған уақыты мен жерін білу қажет;
4) кейіпкердің өмірін жетік білу қажет;
5) архив беттерін саралау керек.
Осыдан кейін барып жазушы өз қиялына қанат бітіріп, өмірден көркем
шығарма тудырады.
Роза Мұқанова “Құдірет-кие” атты тарихи әңгімесін жазар алдында,
Шыңғысханның өмірбаянына, жорықтары, қоршаған орта мен адамдар, мінез-
құлқы, жайлы материалды том-том болып жариялаған тарихи деректер,
энциклопедиялар мен аңыздарға көз жүгіртті.. “Шыңғысхан ( шын аты –
Темүжін) 1162 жылы, кейбір деректер бойынша 1155 жылы дүниеге келген. Өзі
де, анасы Өлең де, інісі Хасар да тарихта болған адамдар. Шыңғысханмен
інісі Хасардың жауласуы туралы да деректер бар. Олар тек бір-бірімен емес,
тоқалдан туған қандас бауырлары Бектер мен Белгітай мен тату-тәтті болмаған
екен. Деректерге сүйенсек, жазушының алып отырған кезеңі шамамен 1209 –
1210 жылдар болуы мүмкін.” 13.4.
Р. Мұқанова осы деректерді ала отырып, Шыңғысхан мен інісі Хасар
арасындағы жайласуды “Құдірет-кие” әңгімеснде арқау етеді. Р. Мұқанова
“Шерменде” әңгімесін жазар алдында мынадай оқиға болған: Қытайдан көшіп
келген қазақтардан қалып қойған Зухар деген ер адам Қытайдан қазақ жеріне
қашып келеді. Оны бір қазақ ұстап алып екі көйлектік мата мен үш тас шайға
бола Зухарды қайта Қытайға қайтарып жіберген екен. Бұл оқиға кейін газет
бетіне жарияланған, бір-екі адамнан естігеннен соң, көз алдына жаңа сюжет
келгендігінен оны көркем шығарма етіп жазады. Бірақ бұл шығарма ешқендай
материал жинамаған. Автордың айтуынша, бұл шығармада тек тұлғаға ғана
сүйеніп жазған. Қазіргі тақырыпта жазған кезде де Павленко айтқандай жазушы
жазғанынан да көп білуі керек.
Жазушы жазар алдында өз кейіпкерінің егжей-тегжейіне дейін біліп,
оқиғаны өрбітіп, уақыт пен болған жер туралы мәлімет білу керек. Кейде
жазушы өзінің кейіпкері жайлы газет-журналдардан оқи алады. Кейіпкерінің
күнделіктерін, хаттарын пайдалануға болады.
Роза Мұқанованың келесі “Дүние кезек” (1991 ж.) және “Мұқағали”
(2004ж.) атты әңгімелерінің кейіпкерлері- орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин
мен қазақтың ұлы ақыны М. Мақатаев. Жазушы бұл жерде А. С. Пушкиннің және
М. Мақатаевтың лирикаларын, өмірбаяндарын, қоғамдық істерін, жеке өмірін,
хаттары мен күнделіктерін қарастыра отырып, архивтерге үңілген. 1991
жылы “Жалын” баспасынан Шолпан Мұқағалиқызы ұсынған М.ақатаевтың
“күнделігі” жарыққа шықты. “Мұқағали” әңгімесіне керекті деректерді осы
күнделіктен алған. Онда ақынның әдебиетке, оның ішіндегі поэзияға деген
махаббатын, адамдарға, өмірге деген наразылығын оқуға болады.
Жазушы Роза Мұқанованың есімі 1990 жылы жазған “Мәңгілік бала бейне”
атты әңгімесімен әйгілі болды. Бұл әңгіме өмірдің желісінен алынған,
адамзатты қасіретке ұшыратқан тажал Семей атом полигоны және оның қасіретін
шеккен адамдар жайлы. Жазушы семейде тұратын мүгедек Еңлік деген қыз
туралы естійді. Өмірлік материал семей атом полигоны мен Еңлікке сүйене
отырып адам жанын елжірететін “мәңгілік бала бейнесі” дүниеге келеді.
“Сормандай” (1993) атты хикаят әңгіме жазу үшін автор Ілияс
Жансүгіровтің күнделігін оқыған. Бұл әңгімедегі Мұстафа — Ілияс, Бану —
Ілиястың әйелі Фатима, Болатхан — Фатиманың бұрынғы күйеуі— Біләл Сүлеев
болатын. Ілиястың күнделегін оқысан болды, Роза Мұқанованың “Сормандай”
әңгімесімен үндес, саралас екенін түсінесін. Өмірлік материал — шикізат.
Ол әлі тұтас шындық емес, нағыз өмір шындығын содан құйып шығаруда. Жазушы
зерттеген оқиға, құбылыс әбден жіктеліп, сұрыпталып қаламгер жанына
мейлінше етене сіңісіп кетпейінше ол шығарма болып лықылдап құйылуы қиын.
Жазушы көзбен көрген, естіген оқиға, құбылысты ойша талдап қиалдай
қорытады. Ойға қорытқанын әдемі туынды етіп оқырманға ұсынады.
Шығармашылық процесстің тағы бір кезеңі ол — жоспарлау. Көптеген
жазушылар шығарманың жосапрын құруға көп уақыты мен күшін кетіреді.
Мысалы: “Фадеев “Последнй из удэге” романын жазар алдында жоспар құрған.
Оның ойынша егер шығармаға жоспар құрмаса, роман мәнсіз де болуы да
ықтимал. Ал, Достаевский “Идиот” романын жазар алдында да, осы шығармаға
байланысты жоспарын үш айы бойы құрастырған. Ал, М. Горький ешқашан өз
шығармасына жоспар құрмайды екен. “Жоспар шығармашылық процесс кезінде
өзінен өзі құрылады 2 . 2 9
Талантты Роза Мұқанова да ешқашан өз шығармасына жоспар құрмайды екен.
Оның айтуынша жоспар шығармашылық процесспен біртіндеп туады. Өйткені
құрылған жоспар ойтүрткімен дамып, ойтүрткімен өзгереді.

1.3. Жазу кезеңі

Жазушының ойтүрткі, идея, өмірлік материал, сюжетпен жұмыс істеуін
сипаттап алып, енді жазушының жазу кезеңіне көшуге болады.
Кез-келген жазушының тек өзіне тән шығармашылық әдеттері мен
дағдылары бар емес пе? Кейбір жазушылар үлкен қаладан аулақ шулы емес
жерлерде жазғанды ұнатады, мысалы: А.С Пушкин өзінің деревниясынан басқа
жерді ұнатпайды екен. “ Таза ауа, жап-жасыл, тыныштық Пушкиннің жанына
рахат, санасына небір сұлу лирикаларды алып келеді екен.”2.504
Ал, бұған керісінше Диккенс басқалар сияқты емес, Лондон көшелерінің
шуын ұнатады екен. Көшедегі шу мен адам бейнелері Диккенс көңіліне жұмыс
жасап отырғанда көп әсерін тигізеді екен. Сол сияқты Гоголь да деревнияның
тыныштығын сүймеді екен. Л .Толстойдың айтуынша “ой жүрген қауымда пайда
болып, оңашада қорытылып, дүниеге асуы керек” екен.
Үлкен бе, кіші ме, әрбір жазушының өзіндік шығармашылық құпиясы,
мінезі, әдеттері бар емес пе? Соған лайық оның қызғанышы да болады.
”Адамзат комедиясын” ойша жоспарлап кілтін тапқан О. Бальзактың
данышпандыққа бастайтын төте жолды таптым деп жаһанға жар салуынан, әр
шығармасын он, он екі рет көшірген Л. Толстой төзімділігіне, әйтпесе
оқушының жазушы чирновигінде шаруасы қанша, біткен бітімді шығарманы
оқысса жетпей ме деп қолжазбасын жыртып тастайтын Ғ.Мүсірепов мінезіне
дейінгі аралықта қаншама жазушылық тағдыр жатыр десеңші! “ Роман жазуға үш
рет бел шешіп отырып, үшеуінде де жаза алмай, роман менің қолым емес деп
тастап кететін А. П, Чехов, операция үстінде тәнімді тіліп, етімді кесіп
жатқан болатты сезінерлік балама сөз іздеп жаттым дейтін И.С. Тургенев
мінезі, әйтпесе өзінің бар қолжазбасын сақтауы өз алдына — өзіне
жолдаған бірде-бір үлкенді-кішілі жазбаны қағыс қалдырмай жинайтын С.
Мұқанов дағдысы да өзінше қызық қайталанбас тағылым ғой.”12. 30
Шығармашылық кілтін табу, жазу үстіндгі жазушы қиналысы бәрі-бәрі әдебиетші
үшін қызық.. Ал жазушы үшін азапқа, әрі ләззәтқа толы ол сәттердің қайсысы
да талғам. Әр шығарманың дүниеге келуі — қайталанбас тағдыр.
Р. Мұқанованың да өзіне тән әсіресе әйел затына тән мінез-құлқы, әдеті
бар. Кез-келген әйелге тән қасиет ол — бастаған ісіне тиянақты, орта жолда
тастап кетпей аяғына дейін жеткізу. Әйел сонымен қатар еңбекқор болып
келеді. Бір істі бітіре сала, келесі іске тез көшеді.
Р.Мұқанованың бойында осындай қасиет бар. Ойына бір сюжет келсе, оны
жүзеге асырмай қоймай тынышталмайды. Бірақ жазар алдында үлкен
дайындықпен келеді. Бар ойын қорытып, жинаған материалын дұрыс пайдалана
отырып, қиялына да ерік береді. Өйткені “жазушы жинаған материалдарының
көлемінен аса алмай қолында барымен ғана қанағаттанса, одан ойдағыдай
шығарма тумайды. Көркем әдебиетше қорыта білмеген материал көркем
шығарма емес.”14.154 Сондықтан Р. Мұқанова белгілі бір керекті
материалды меңгеріп алғаннан соң, шикілігі жоқ –ау дегенде өз қиялына ерік
беріп шарықтайды.
Табиғат сүйгіш Р.Мұқанова тау-таста, табиғаттың аясында жүргенді
ұнатады. әрине бұл жазушыға тән қасиет. Таулы жер, көне жер жазушыны
ойландырып, сол ойларын өз шығармаларына арқау етеді. Ал жұмыс жазып
отырғанда тыныштықты сүйеді. Әсіресе түн ішінде қиял мен қаламға ерік
беріп, жазушы әлеміне ұшып кетеді. Шығарманы тек үйінен басқа жерде жаза
алмайды, адасып отырғандай берекесі кетеді. “Өз үйім — өлең төсегім” деген
осы емес пе?
Жазушы өмірдегі тосын оқиға болсын, құбылыс болсын оның шығармаларына
әсер етпей қоймайды. Р. Мұқанова “Тұтқын” әңгімесін жазу барысында
Әумәсірдің әйел деген атаулыны жек көргізіп келді. Бірақ жазушының анасы
қайтыс болып, ол бұл райынан қайтады. Оқиға күтпеген жерде басқаша
аяқталады. Басқаша жүйемен кетеді.
Жазу процесінде өмір шындығы көркемдік шындық дәрежесіне көтеру үшін
пайдаланған материал көзі қайда? Әрине бұл жерде ең басты мәселе —
суреткердің ойы, қаламгершілік байқампаз көзі, дарына, табиғатына
байланысты. Бар көрген-білгенін өмір құбылысына құл болып қалмай, оны
көтере типтендіріп, толтыра таразылап өнерлік құбылысқа айналдыратын
суреткерлік болмыс емес пе?
Улы суреткер Ф. М. Достаевскийдің “ И запомните мои совет: никогда
невыдумайте ни фабулы, ни интриг. Берите то, что дает сама жизнь. Жизнь
куда богаче всех наших выдумак! Никакие воображение придумает вам того, что
дает иногда самая обыкновенная заурядная жизнь, уважайте жизнь.”2. 367
деп айтуы тегін емес.

Міне, бірінші тарауда жазушының әдебиетке қалай, қашан, не себепті
келгенін біліп, оның дүниетанымы мен шығармашылық процесінің егжей-тегжейін
ашып, жазу процесі қалай өтетініне көз жеткіздік.

ІІ-тарау. Прототип.

Көркем шығармасы қызықтырған жазушы атаулыға оқырман тарапынан
ұдайы қойылар бір сауал бар. Ол кейіпкерлерінің өмірде болған, әйтпесе,
ойдан шығарылған жөніндегі сұрақ. Көркем шығарма шынайы өмірге айналып кете
ме, әлде көркем шығарма өмірдің көшірмесі деп ойлайтын оқырман аңғалдығы
ма, әйтеуір елеулі шығарма жазған қандай да бір қаламгерге осы бір сұраққа
жауап беруге тура келеді. Мұндай сұрақтарды М. А. Шолохов, Ш.Т. Айтматовқа
да сан рет қойған оқырмандар. Ал, әдебиетші қауым бұл орайда, жазушыға қояр
сауалын “кейіпкеріңіздің прототипі кім”- деген ыңғайда жұптайды. Прототип
хақындағы оқырманның осындай сұрағына Ш.Айтматов: “Меня часто спрашивают,
кто послужил прототипами Джамили и Данияра. Трудно ответить на такой
вопрос. Это живые, реальные люди, с которыми я жил и работал в колхозе, и
для меня они существуют в самой жизни, я сталкиваюсь с ними каждый день,”-
()жауап беріпті.
Ал, М. Шолохов болса, “Лепить характеры-не значить делать слепки с
людей, существовавших в действительности. Все образы в моих романах
собирательные, но есть в них черты людей, с которыми я жил, обшался,
разговаривал или просто наблюдал за ними со стороны,”()- деген зерттеуші В.
Гурамен әңгімесінде.
Әдебиетші В. Шкловский: “Увлечение поисками прототипов
методологически непрвильно и часто не стольно проясняет, сколько запутывает
вопрос о творческой истории произведения”()
Қандай да бір жазушы кейіпкері түптұлғасының ақи-тақи анықтала
бермейтінінің де сыры бар. Ал, бұл мәселені жазушы шеберлігіне қатысты
қарамасаң қаламгерді да арзандатып, өзің де **технизмге түсіп кетуің әбден
мүмкін.
Әдебиетші айтқандай, белгілі бір шығарма кейіпкерінің түптұлғасын
іздеу, табу, зерттеу қажетсіз деген ойдан аулақ болғанымыз жөн. Негізінен
алғанда, бұл жазушы шеберлігіне басьтайтын басты мәселенің бірі. Кейіпкер
түптұлғасы хақындағы әңгіме әрі нақты, әрі терең. Сол себепті де, кейіпкер
мен оның өмірдегі түптұлғасын іздестіру, іздеу қажет-ақ.
Біз қаламгер шығармаларындағы кейіпкерлердің түптұлғасы деген
мәселені жазушының өмір шындығын көркем дүниеге айналдыру шеберлігі,
характер жасау ұсталығы сияқты мәселермен ұштастыра, сабақтастыра, әрі
соларды терең зерделеу үшін алып отырмыз. Осы орайда Академик Зәки Ахметов:
“Образ жасауда прототиптің жекелеген белгілері мен іс-әрекетін
творчестволық тұрғыдан пайдалануды, мәселенің сыртқы сипаты ғана
болғандықтан, әсірелей беруге болмайды. Өйткені, ақиқат өмірден алынған
көптеген кейіпкерлердің творчестволық тұрғыдан қорытылып кететіні соншалық,
ол шын мәніндегі ойдан шығарылған образға айналады,”-() деген пікіріне ден
қойған дұрыс.
Роза Мұқанованың өмірлік шындықты жинақтап типтендіруі хақында
әңгіме прототип мәселесінен бастау аларын ұмытпаған жөн. Белгілі бір
жазушының шығармашылық шеберханасын зерттеуші кім-кімнің де негізгі
әңгімені көркем образдың алғашқы табан тірері мен тиянағы болып табылады.
Ал, Түптұлға дегеніміз не?
Әдебиеттану терминдер сөздігінен бастап, сөздік атаулы бұл
мәселеге тоқталмай өтпейді. Бәрінің анықтамасы бір арнаға саяды. Ол көркем
образға таяныш болған өмірдегі бір тірек-түптұлға. Алайда, түптұлға
жөніндегі әңгімеде айтыс туындайтын сәттер бар. Ол суреткер көркем образ
жасауда түптұлғаны көшірді ме, әлде, көркейтіп бейнеледі ме ? деген
сауалға академик З.Қабдоловтың сөзімен жауап беруге болар еді.
“Ойдан шығару- образға барар жол.”
Әрі қысқа, әрі нұсқа. Демек, ойдан шығару жоқ жерде –көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
POЗA МҰҚAНOВA ШЫҒAPМAШЫЛЫҒЫНДAҒЫ НAPPAТOP ҚЫЗМEТI
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі жайлы
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
ДҮНИЕ СӨЗДЕН БАСТАЛАДЫ
Думан Рамазанның журналистикадағы бастамалары
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
М. Әуезовтың өмірі
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Қазақ драматургиясының жанрлары
Пәндер