Дін және жастар тәрбиесі


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ
Орындаушы:
4-курс студенті Б. К. Имашев
Ғылыми жетекші,
философия ғ. к. А. Д. Құрманалиева
Норма бақылаушы Ұ. К. Шұбаева
Қорғауға жіберілді
« »2007 ж.
Философия және ғылым методологиясы
кафедрасының
меңгерушісі,
Филос. ғ. д. профессор Н. Ж. Байтенова
Алматы 2007 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Имандылық - тәрбиенің түп тамыры . . . 7
1. 2 Қазақ тәрбиесіндегі діннің алатын орны . . . 14
1. 3 Атеистік қоғамның жастар тәрбиесіне ықпалы және оның салдары . . . 21
II ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ДІННІҢ ОРНЫ
2. 1 Діни ағымдардың жастар дүниетанымына кері әсері . . . 24
2. 2 Ислам дініндегі жастар тәрбиесі . . . 29
2. 3 Ұлттық идеология және дін . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыптың өзектілігі
Қазір егемендік алған елімізде мәдени рухани жұтаңшылық әлі де болса халық сана сезіміне үлкен дағдарыс әкеліп, кері әсер етуде. Бұл құбылыстың себебі неде? Осы сұрақ үлкен толғанысты, ойлауды, тиянақты тұжырым жасауды талап етеді. Қазіргі қазақ зиялыларының пайымдауынша, мұндай тығырыққа тірелуден адам санасының жете бермейтін жағдайында әрі қарай тұңғиыққа батпау амалын көрсететін бір ғана жол бар. Ол халықтың идеялық, рухани біліктілігін нығайту.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бергі уақытында, өзінің тарихи аренаға шығуында қаншама қиын-қыстау заманды басынан өткерді. Небір қиянат пен зорлық-зомбылықтарға және зұлматтарға ұшыратқан қоғамдық-саяси, мәдени әрекеттердің барлығы ұлт санасында сақталып қоғамдық өміріндегі тіршілігінде, өмірге деген көзқарасында, ұғымында, болмысында, дүниетанымында өзіндік із қалдырып, жадында сақталып, салт-санасын оятып, ұлттық дәстүрінде, менталитетінде өшпес белгілерін қалдырды. Ұлттық дәстүріміз ұзақ жылдар бойы ауызға алынбай қамауда келгенін ешкім жоққа шығармаса керек. Өйіткені кеңес дәуірі кезіндегі саяси татаритарлық жүйе үшін
әр ұлттың өзіндік «Мені» дүниетанымы сол қоғам үшін және оның жүргізіп отырған саясаты мен идеологиясы үшін қарама-қарсылықтары көп болды. Ал қазіргі Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін өзіндік бет бейнесін, даму стратегиясын анықтаудағы ұлттық менталитетіміздің, ұлттық салт-санамыздың, дәстүріміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің жалпы мәдениетіміздің қалыптасуы өте маңызды болып отыр.
Салт-дәстүрімізбен ұлттық тәрбиеміз, ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуының қайнар көзі десек артық емес, әрі ол қазақ халқының санасының дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен мәдени құндылықтарының негізі десек қателеспейміз. Қазіргі ақпаратты заманда және постиндустриялды қоғамда қандай мемлекет болмасын өзінің түп-тамырына бойлап өзіндік ұлттық идеясын қалыптастырып, заманға сай құндылықтарын жаңғыртары анық. Ел басымыздың ойы бойынша, ұлттық тәуелсіздік идеологиясы халқымызға тән болған ең ынтық сезім және ділдік түсініктердің жинақталған көрінісі болуы керек. «Дәстүрлі мәдениетте, - дейді Г. К. Шалабаева, - адам локальді қоғамның өмір салтына сәйкес келетін құндылықтар жүйесінде тәрбиеленеді. Дәстүрлі қоғам ауқымындағы білімдермен қаруланған адам мәдени құндылықтарды құрарда және сақтарда көптеген ұрпақтар жинақтаған тәжірибені қолданады. Сондықтан ол өз этносы және уақыты үшін жетілген адам». Сондықтан дәстүрлі қоғамдағы адамға өз мәдени құндылықтары қалқан да, іргетас та бола алады. Назарбаев Н. Қазақстанның ХХI ғасырдағы басты даму жолын белгілеген «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтежиесінде болғанын атайды. Кезінде Платон мемлекетке сай адам тәрбиелеу мәселесін көтерген болатын. Сол ежелгі дүние ойшылдарының әлеуметтік-саяси философиядағы өзекті мәселелердің бірі-адам мен қоғам дүниесін түсіну немесе оны түсіндіру ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік тәртіпті жүргізудің тиімді, ұғымды тәсілдерін, ұстанымдарын табу болғанын байқатады. Мәселен, Шығыс дәстүрінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси тіршілік көк Тәңірімен байланыстырылған тұтастығының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған. Қоғамдық реттіліктің бұзылуы тұтас әлемдік үйлесімділіктің бұзылуымен тең қойылған. Олай болса шығыстық дәстүрдің жалғасы іспеттес болған қазақ даласының даналығында бұл жөнінде қандай ой үрдістер болды? Қазақтың дәстүрлі қоғамында әлеуметтік-саяси мәселелердің түп-тамырын немен, қандай құбылыстармен байланыстырды және оларды қалай шешуге тырысты деген сұрақтар туады. Сайып келгенде бұл мәселелердің шешімі ата-бабаларымыздың артына қалдырған мол мұрасына үңіліп, сол рухани құндылықтарды бойымызға дарытсақ және оны келер ұрпақтың санасына сіңірсек шешімін табар еді.
Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігіне негіз болатын тағы бір фактор - қазіргі халықтың әлеуметтік мінезіндегі қиғаш істер мен теріс көріністер. Ерекше бұқаралық көңіл-күйдің, эмоцияның тым көтеріңкі болуы, тобырлық сананың басымдылық танытуы. Өз ұлтымыздың ішіндегі ауызбірлік пен азаматтық татулық, ұлттық тұтастық, қайырымдылық, тектілік, ұрпақ тәрбиесі сияқты т. б. құндылықтардың құнын төмендетуде. Осының кейбір салдары ретінде қазақтың бір-бірімен орынсыз айтысып, дауласуы, жағаласуға дейін баруы бірліктің, ынтымақтастықтың әлсіреу тенденциясы бар екенін көрсетеді. Сондықтан, бүгінгі өркениет ағымы ішкі «Мені» жоғары азаматқа зәру. Ондай азаматты тәрбиелеудің бір көзі, біздің пікірімізше, ұлттық рухани мұраларда жатыр. Сол сияқты қазіргі ғылым мен білімдегі олқылықтың бірі - дүниетанымды қалыптастыратын рухани кеңістіктің адам баласының көне ата-тектік танымдық өзектерінен ажырап, адасып қалғандығында. Осы орайда біз аталмыш зерттеу жұмысымызда Қазақстан халқы үшін және ХХI ғасырға аяқ басқан қазақ елі үшін өзінің төл рухани моральдық қағидаларын, әлеуметтік-саяси ұстанымдарын қалыптастыруға бола ма? Егер ол болса қандай Ұлттық бастауларға негізделуі тиіс дейтін сұрақтарға жауап іздеуге қадам жасамақпыз. Ал осылардың және жоғары да көрсетілгендердің этностық нұсқаларының көзі - ұлттық тәрбие, дәстүр және шешендік өнерде деуге болады. Бүгінгі қазақ елінің ұлттық тәлім көзі де, тәлімгерінің де бірі - шешендік сөз дәстүрі. Шешендік сөздердегі тұрақты акциологиялық принциптерге адамның тағзым етуі неғұрлым берік болса қазақ халқының ішкі руханияты соғұрлым жетіле түседі және елдік тұтастық нығаяды. Егер Сократқа сүйенетін болсақ философияның міндеті - адамдарды өзін-өзі танып білуге үйрету болған. Біздің пікірімізше, шешендік сөз өнеріндегі әлеуметтік-философиялық негіздерін анықтаудың мақсаты - сөздердің тәлімдік түп негіздерін танып мойындау және сол арқылы қазақ елін бірлік пен ынтымаққа шақырып өмір сүруге баулу. Өйткені әрбір жеке адамға да, бүкіл қоғамға да рухани азық болатын құбылыстың бірі, менің ойымша, халық даналығы, халықтық философия. Осы тұста халықтық философияның қайнар көзінің бірегейі болып табылатын ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесі, халық даналығы, шешендік өнері, әлеуметтік философия тұрғысынан алғанда адамның өзіне оның рухани дүниесіне үңіледі, оған үміт артады, ширыққан әлеуметтік мәселелерді шешудің сара жолдарын адамның өзінен іздейтіндігін айтқымыз келеді. Қазақ даласындағы адамгершілік талаптар қоғамдық материалдық әрі рухани дамуының қажетті шарты. Би-шешендер ұстанған адамгершілік нормалар әлеуметтік қатынаста рухани өлшем, адамдардың өмір сүру ережесі, адам мен адам қарым-қатынас мәдениетінің көрсеткіші, әлеуметтегі әр адамның өз орнын белгілеу және оны білу үлгілерінің үрдісі қоғамдағы барлық трансформациялық көзқарастар адамның дүниетанымындағы жылнамалық құбылыстармен бірге жүретін тұтас процесс. Заман мен тарихи дәуірдің мән мазмұнын анықтауда субьектінің бүкіл болмысын айқындау технологиясы басымдылықта болады. Заманды, дәстүрді, тарихты жасайтын адам. Заман - әрі субьективті, әрі обьективті орта. Ол, ең алдымен, адамдардың субьективті өзгерулерінен құралатын, содан соң ғана субьектен бөлініп обьективтендірілетін кеңістік. Сондықтан заман мен дәуірдің түзелуі адамның ішкі рухани дүниесінің түзелуінен бастау алатын құбылыс.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтарға жіктелу үрдісі маркстік методология аясына сыймайтын, тіпті оған кереғар принциптерге негізделген феномен. Қоғамдағы атқаратын қызметіне, орны мен роліне үш жүздік құрылымда, кәсіптік белгілер бойынша, демографиялық ерекшеліктерге қарай туыстық қандастық жүйеге негізделген үш жұртқа бөліну үрдісі басым болды. Осындай ұстанымдарға негізделген әлеуметтік топтар арасындағы қатынаста да батыстық үлгіге ұқсамайтын өзінше этноментальды ұстанымдар мен өлшемдер, нормалар болды.
Дала қоғамындағы әлеуметтік қатынас ұлттық этногенологиялық топтар арасындағы әлеуметтік ынтымақ пен бірлікті би-шешендер бір типі көшпелі өмір салтқа және оның табиғатпен тәуелді байланысына негіздей отырып түсіндіреді. Қазақ би-шешен, ақын-жырауларының жарық дүниеге, адамзат өміріне деген ерекше түсініктері, тектік тұтастық, жеті аталық байланыс, адамға қатысты үш жұрттық қатынас, билер институты қазақ қоғамындағы әлеуметтік этнотоғыстыру механизмдері болған. Қазақ данагөйлері ел басшыларына тән қасиеттер тұрғысында «ақылдылық», «білімділік», «әділдік», «адалдық», «төзімділік», «бірлікшілдік», «кішіпейілділік», «ұстамдылық», «кісілік» сияқты тәрбиені ұрпақ бойындағы рухани құндылықтар жүйесін көрсетеді. Дала ділмарлары хан мен қараша билік феноменін құрайтын қос компонент екендігін мойындайды. Хан ел билігін ұстанатын саяси тұлға ретінде қоғамның саяси өмірінің қажетті компонентіне айналса, ал халық билік этносына немесе биліктің жүру кеңістігіне айналады. Олар бір-бірінсіз өмір сүрмейтін құбылыс ретінде мойындалады.
Бұл жұмыста қол жеткізген методологиялық ұстындар мен теориялық тұжырымдар отандық әлеуметтік философиялық ілімді этноәлеуметтік негіздермен, нысаналармен кеңейте түседі және қазақ даналығы шығыстық философия мәдениетінде алатын орнын анықтауға, дала ділмарлығындағы этноәлеуметтік бағыт-бағдарлардың ХХI ғасырға аяқ басқан қоғамымыздағы маңыздылығын тереңірек әрі нақтырақ тануға мүмкіндік туғызды. Бүгінгі адам рухани дүниесіндегі басым қайшылықтарына халықтық әдеп нормалары мен кеңестік дәуірден қалған жалаң рационалистік өлшемдер, кейінгі батыстан алынған тек материалдық ұтыс мотивтеріне негізделген нормалар арасындағы текетірестер жатқызылады; моральдық нормалардың өзіне тән құбылмалы қасиеттері белгіленеді, осыған орай қазақтың ата-тектік әдеп жүйесінің бірінші қоғамдағы маңыздылығы туралы тұжырым жасалынады. Қазақ шешен-билері кісілік қасиеттерді адам бойындағы бір-біріне қайшы келетін ашу мен ақыл, білімділік пен білімсіздік, жақсылық пен жамандық т. б. сол сияқты категорияларды салыстыру арқылы көрсетеді. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық тағылым ұрпақ тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі. Сол халық даналығы қорытқан қазына байлық, тәжірибені халық игілігіне жарату, үлгі етіп ұсыну - мына біздің яғни өскелең жас ұрпақтың еншісінде.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен дипломдық жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады.
Жұмыстың басты мақсаты - қазіргі замандық жастар тәрбисіндегі діннің алатын орны мен мәніне дінтанулық негізде талдау жасау.
- қазақ даласындағы халықтық белгілерді көрсету және осы орайдағы ұлттық діннің орнын сараптау.
- қазақтың ұлттық тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәнін ашып, этнотәрбиедегі діни құндылықтарды зерттеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Ұлттық тәлім-тәрбие оның ел мәдениетінің іргетасы ретіндегі маңызы, қызметі Қазақстан Республикасы егемен ел ретіндегі қалыптаса бастаған күннен бері отандық педагогика, этнопедагогика ғылым салалары аясында жан-жақты қарастырылып келеді. Бұл мәселе педагогика саласымен тығыз байланыста болатындықтан педагогтармен бірге дінтанушылардың, философтардың, әлеуметтанушылардың және басқа да ғылым салаларының зертеу нысанасына айналып отыр.
I. Дін және жастар тәрбиесінің теориялық аспектілері
1. 1 Имандылық - тәрбиенің түп тамыры
Имандылық тәрбие - ата-аналардың ұстаздардың балаларға белсенді
ықпалынан, тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Адамның имандылық тәрбиесінің дамуында ұрпақтан-ұрпаққа көшкен, дамыған толықтырылған, адамдардың бірлесіп өмір сүру процесінде жасалған адамгершілік нормаларын игерудің маңызы бар. Әр баланың жеке басының имандылық тәрбиеленуіне қамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.Имандылық - адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекетте белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына - мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, бар адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көрген деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жол ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті - иман мен Имандылық уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім», - деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылык үшін жаратқан, сондықтан: «Алла мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед пайғамбар), - деп уағыздалады. Имандылықтық негізін мұсылмандар Құранда деп білген. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі - Құран», - деп жауап берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда имандылық - аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар. Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Сондықтан да «иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін Шәкәрім бұл жинағында:
«Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды», - немесе,
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын, - деген екен [53] .
«Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын» деген көзқарастан аулақ болу керек. Дін - деген сенім. Жаратушы күш екеніне, Құран Кәрім мұсылман қауымының Конституциясы екеніне сеніп, амал қылған дұрыс. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат - имансыздық.
Қоғамның қуат тірегі - отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел адамдарға байланысты. Алайда әйелдер хұқығы исламға дейін мүлдем адам төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, қыздарын тірідей жерге көмді, сондай-ақ, әйелдер хұқығы тек арабтарда ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтары арасында да мәз болмай, ар-намыстары тапталып жатты.
Үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерінің жеке меншігі саналды. Сати заңы бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртенген. Мүндай өлім қасиетті, еріне шын берілу тұрғысында саналғанымен кімнің өлгісі келеді? Сөйтсе де оларды күштеп өртеп үстіне жесір қалған әйелдерге тұрмыс кұруға тиым болды. Осындай тағылық заң тек XIX ғасырдың ортасында күшін жойды.
Басқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілік табынатын орындарда табынуға тиым салынған. Қытайда да шіркеуге әйелдерді енгізбеген. Рим Заңы бойынша әйел еріне басыбайлы болып өзіне тиісті дүние-мүлікке де ие бола алмаған. Сол секілді өзіне бала да асырап ала алмаған.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мумкіндік алды.
Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады. Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондықтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды.
Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері, әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады», - делінген Құранда.
Исламның қағида-ережелері, қазақ халқының қағида-ережелерімен астарласып, қабысып кеткен, әрі ұзақ жылдар бойы өмірде қолданылып келген. Өз ата бабаларымыз екі етпей орындаған, әрі заңдарына айналдырған осынау кағида-ережелерді есте ұстаған ләзім.
Жас ұрпаққа мұсылмандық қағидаларын таныстырып түсіндіру әрі парыз, әрі сауабы мол іс. Міне, белгілі шығыстанушы М. Өсерұлының «Мұсылмандық қағидалары» кітапшасында мұсылмандықтың қағида -ережелері қарапайым да әсерлі түрде жан - жақты әңгімеленеді.
Ал, «Құран хикаялары» атты кітапта пайғамбарлар өмірбаянына, дін тарихына байланысты сан алуан оқиғалар іріктеліп алынған. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуында имандылық тәрбиенің маңызы зор. Имандылық тәрбиенің өсуі бала бойында отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұятты, иманды, ақыл-ойды, адамгершілікті, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана - бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ - деп, ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылысына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Әке әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Адамның адамшылдылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады (Абай) .
Отбасы - адам баласының алатын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтанда отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz