Банктік тәуекелдерді басқару


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... 47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі ... ... ... ... ... ... ... 67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары ... 75

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...89
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .91

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 87 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1200 теңге
Таңдаулыға:   




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Банктік тәуекелдерді басқару

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Банктік тәуекелдердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ (Дана банк
мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... 47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік
тәжірибиесі ... ... ... ... ... ... ... 67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .85

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДИБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..89

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .91

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық
банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді
нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер
тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер
шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы
керек.
Қазіргі уақытта банктік нарықты тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол
кез келген операцияларда көрініс табады, бірақ та әртүрлі көлемде
кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы – тәуекелді мүлдем жою
емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады.
Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта
құрулар процесі жүргізілуде.
Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де Қазақстан
Республикасының Ұлтық Банкінің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол
бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару
негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған
іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді
қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы
табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері
үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп
айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің
активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы
уақытта дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге болады.
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге
болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы
шешуіне байланысты болады.
Тәуекел қаржылық операциялардың кез – келген жағдайында пайда болуы
мүмкін, бірақ әр түрлі масштабта. Банктік қызметтің мақсаты тәуекелді алдын
ала жолдарын ойластыру, пайда болған тәуекелдің деңгейін алдын ала болжау
және төмендету.
Тәуекел – деп белгілі бір қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде
банктің қосымша шығындалатын өздерінің қаражат көзін жоғалту қаупі немесе
ықтималдылығы.
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің
қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның
нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже
мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама болып табылады. Қолайсыз
жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері
(ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік және оңды (ұтыс, табыс, пайда).
Шығындардың пайда болуы мен пайданы жоғалту сияқты қолайсыз
нәтижелер мүмкіндігі берілген несиелер бойынша төлем жасалмауы,
ресурстық базаның қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша
төлемдерді жүзеге асыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Қазіргі
банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені әр банк
операциясында бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі
болуы мүмкін. Тәуекелден құтылу мүмкін емес. Сондықтан кез келген
кәсіпкер тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады және бірнеше
альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейі минималды шешімді
таңдайды, сондай – ақ тәуекел деңгейі мен табыс шамасының оптималды
қатынасын таңдауға тырысады. Осыған байланысты Қазақстандық банкирлерге
банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалау және батыс
тәжірибесіндегі банктік тәуекел басқару мен мониторингіне көңіл
аудару керек.
Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп
соқтыратын, жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру
нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстардың толығымен
алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі
жиынтығымен кездеседі. Осы жинақтар бір – біріне пайда болу уақыты
мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта,
коньюктурамен байланысты сыртқы) және экзогендік факторлар банктің
(өзіндік қате қызметінен пайда болатын ішкі) бойынша ажыратылады.
Сонымен бірге, барлық тәуекел бір – бірімен байланысты және банк
қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және
нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты
банктік тәуекелдер әдістерін талдау негізінде оларды бағалау, басқару
тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу
қарастырылады:
- банктік тәуекелдің экономикалық мәнін, түрлерін зерттеу және
теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы банктік тәуекел түсінігінің тұжырымын
анықтау;
- банктік тәуекелінің жіктелуі: несиелік тәуекел, валюталық тәуекел,
пайыз тәуекелдерін басқару әдістерін анықтау;
- коммерциялық банктерде тәуекелдің басқарылу жолдары;
- банктік тәуекелді басқарудыың шетелдік тәжірибесі;
- банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары, Қазақстанда несиелік бюроны құрудағы ұсыныстар қарастыру.
Жұмысымның құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда, банктік тәуекелдердің мәні мен мазмұны, түрлері,
банктік тәуекелдердің жіктелуі және банктік тәуекелдерді басқару әдістері
қарастырылады.
Екінші тарауда, Қазақстан Республикасында басқару жүйесін
ұйымдастыру, банктік тәуекелдерді бағалау және басқару жолдары
қарастырылады.
Үшінші тарауда, банктік тәуекелді басқарудағы шетелдік тәжірибесі
және банктік тәуекелді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары
соның ішінде несиелік бюро қарастырылады.
Жұмыстың методологиялық негізі. Қазақстанда банктік тәуекелді
басқару әдістерін қолдану және дамыту мәселелері де жан жақты зерттеуді
қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар
баршылық. Соның ішінде К.О. Шаяхметова, М.Н. Молдахметова, Д.Н. Акежанов,
Н.Н. Хамитов, М. Имрамзиева, Ш.Г. Чинибаева, С.Б. Мақыш, Л.П. Корнилова
және т.б. отандық экономист – ғалымдардың еңбектерін еліміздегі банктік
тәуекелдерді басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретіндіктен атап айту
орынды.
Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік
тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын
және басшылар басқарма мен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы
талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды білдіреді.
Қазақстан Республикасының банктік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің
рөлі туралы заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттар, Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары
мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк статистикалық деректері және
бүгінгі күнгі банктік тәуекелді басқару жайлы сұрақтарды қамтитін
жергілікті және жақын шетелдердегі баспасөз басылымдарындағы мақалалар және
т.б. пайдаланылады.
I ТАРАУ. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері

Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге
болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы
шешуіне байланысты болады.
Тәуекел – бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның
қызмет түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі.
Тәуекел – тарихи және экономикалық категория болып табылады.
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты
болып және адамның болашақта болатын қаупі түсінуімен байланысты
болады. Қоғамның даму барысында тәуекел экономикалық категорияға
айналады.
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің
қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның
нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже
мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама болып табылады. Қолайсыз
жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері
(ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік және оңды (ұтыс, табыс, пайда).
Шығындардың пайда болуы мен пайданы жоғалту сияқты қолайсыз
нәтижелер мүмкіндігі берілген несиелер бойынша төлем жасалмауы,
ресурстық базаның қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша
төлемдерді жүзеге асыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Қазіргі
банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені әр банк
операциясында бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі
болуы мүмкін. Тәуекелден құтылу мүмкін емес. Сондықтан кез келген
кәсіпкер тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады және бірнеше
альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейі минималды шешімді
таңдайды, сондай – ақ тәуекел деңгейі мен табыс шамасының оптималды
қатынасын таңдауға тырысады. Осыған байланысты Қазақстандық банкирлерге
банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалау және батыс
тәжірибесіндегі банктік тәуекел басқару мен мониторингіне көңіл
аудару керек.
Банктік тәуекел дегеніміз не?
Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге
асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстардың
толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жоғалту
мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі
жиынтығымен кездеседі. Осы жинақтар бір – біріне пайда болу уақыты
мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта,
коньюктурамен байланысты сыртқы) және экзогендік факторлар банктің
(өзіндік қате қызметінен пайда болатын ішкі) бойынша ажыратылады.
Сонымен бірге, барлық тәуекел бір – бірімен байланысты және банк
қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және
нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Сонымен, банк тәуекелінің қызықты классификациясын қарастырайық,
ол өзіне категория, топтар, түрлер, түрлер арсындағы және тәуекелдің
әртүрлілігін қамтиды (Қосымша 1).
Сонымен банктік тәуекелдің қағидалары мыналар:
1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
2. Банк клиентерінің құрамы.
3. Банктік операциялар сипаттамасы.
4. Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясында байланысты банктік тәуекелдер
сыртқы және ішкі болып бөлінеді (Қосымша 2).
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметке тікелей байланысты емес
немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады.
Банкте анықталған ақша – қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы
тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында
басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси – экономикалық, әлеуметтік –
құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда
болады.
Саяси факторларға соғыс, жаулап, басып кіру (оккупация), саяси
көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық
қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар
қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы,
жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу,
импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шеттел инвестициялар
тәуекелі және т.б. жатқызылады.
Экономикалық факторларға мыналар жатады: ЖҰӨ-нің төмендеу немесе
өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан
түсетін табыстың төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы және т.б.
Әлеуметтік факторлар азаматтық соғыс, табыстардың бірдей
бөлінбеуінен, идеологиялық және діни көзқарастардың қайшылықтары,
ұлттық қақтығыстар, көтерілістер жағдайларынан туындайды.
Құқықтық факторлар келесіде: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы.

Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің
қосылуы, банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда
болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет
сапасына деген талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда
болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен
байланысты болады. Қаржылық факторлар тәуекелдігі – жалпы ішкі өнім,
сыртқы қарыздың экспортқа қатысты қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ - ге
ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы қарызға қолайсыз қатынасы.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел
жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі
тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін
кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың
берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның
басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясымен саясаты. Банктік
операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер
жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны
және тактиканы таңдау және т.б факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз
қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр
серіктестіктер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк
басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен
тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе
тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық,
лизингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспонденттік
шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және
т.б.);
- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша,
банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация
тәуекелі);
- банктің өзінің активтерімен пассивтерін басқару сапасымен
байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем
қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының
жеткіліксіздік тәуекелі);
- қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық,
технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық,
бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет
маркетингпен, қоғаммен қарым – қатынас жасаумен байланысты. Кіші орта
және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін
анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық
экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар
бір қарыз алушыға немесе бір – бірімен байланысты қарыз алушылар тобына,
салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда
банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.
Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте
осындай серіктестіктерде қаржылық тұрақтылықтарын жоғары деңгейі бар және
өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы көрсеткіштері, табыстылық
деңгейінің жеткіліктілігімен қамтамасыз етілген меншікті қаражаты бар
кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты банктік
жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде экономика мен
кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық субъектілер
өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Бұл несие ресурстар
дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының тәуекелдерінің өсуіне
алып келіп соғады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді
ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және
пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт,
баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан
тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау
тәуекелі);
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау
тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк
орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес
ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға
арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.)
негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларға қызмет көрсете
алмау мүмкіндігі:
- берілген кепілдер бойынша;
- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім –
шарт бойынша;
- несиелік міндеттемелер бойынша;
- валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторлық
операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде
пайда болуы мүмкін.
Лизинг –жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты
негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік
кезеңінде құрал – жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту
тәсілі.
Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық
аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын
аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция
болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік
қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы
қатынас формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және
халықаралық бола алады.
Жоғарыды көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама,
шұғыл және қайта қалпына келетін (рефольверлік), таза және толық бола
алады. [1]
Клиринг – ақша (валюта) аударымсыз тауарларды айырбастауды жүргізетін
мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлеу.
Клирингтік операциялар маңызы келесідей көріністе: арнайы клирингтік
келісім – шарт негізінде белгілі бір календарлық кезеңдегі, көбінесе бір
жылдағы өзара сауда сомасы әр түрлі сауда – саттықпен айналысатын елдердің
белгілі бір банктік шоттарында айналыста жүреді. Клирингті жүзеге асыра
отырып, әрбір экспортер жақ экспортқа шығаратын тауар сомасын өз банкісінен
алады. Банк өз жағынан банк – импортердің аударымын күтпейді, керісінше
клирингтік шотты дебиттейді және импортермен байланысты сәйкес банкке
дебиттік авизо жібереді. Өзара жеткізуіндегі балансты жүзеге асыруға
тырысқанға қарамастан, көбінесе кезең соңында бір жақ өз пайдасынан асып
түседі. Яғни, авуарға ие болады. Ол өзінің серіктесінен тауар алғысы
келмейді немесе оған ақша қажет. Бұл жағдайда жақ делдалдау көмегімен
үшінші елге өзінің авуарын сата алады. Бұл жерде клирингтік валюта құны мен
еркін айырбасталатын валюта құны арасында пайда болады. Сандық сипатта бұл
айырманы дизажио деп атайды. Мысалы, 100 клирингтік долларды 85 еркін
айырбасталатын валютаға айырбастаса, онда дизажио 15 % - ды құрайды.
Клирингтік валютаны сату суитч деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда
switch - ауыстыру, көшу). Бұл термин сауда мәмілерінің субъектісін немесе
объектісін айырбастаған кезде қолданылады. Мысалы, беделі төмен бағалы
қағаздарды сатуда, несиелік мәміле жағдайында серіктестіктерді ауыстырғанда
және т.б жағдайларда болады.
Бартерлік мәмілелер – тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу
формасы. Олар фирмааралық және мемлекетаралық бола алады. Фирмааралық
бартерлік мәмілелер әр түрлі делдалдар көмегімен жүзеге асырылады.
Халықаралық бартерлік мәмілелер клиринг сияқты прайс – беттермен,
техникалық несиемен, тауар құнын қайта санау валютасымен байланысты, бірақ
белгілі бір уақыт кезеңімен байланысты емес және бартерлік келісім – шарт
ұзақтылығы нақты прайс – беттерде көрсетілген тауар құны мен санына
байланысты.[2]
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз
алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және
жабдықтаушылармен қарым – қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес
қабілеттілігін, оның қайтару жағдайлары санын және т.б қорытындылау керек.
Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып алғанда, жабдықтаушылардың
қола вексельді (яғни, тауармен өтелмейтін вексель) ие болуда қосымша
тәуекелдің пайда болуына соғады.
Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны
былайша түсінуге болады: барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық
қызмет көрсету тәуекелі, баланстық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола
тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің
мамандануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің
әрбір түрі әр түрлі сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр
түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік
мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік
операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкаралық несиелердің
қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып табылатын
мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта мерзімді
несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан мұндай
банктерде бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көрсету
тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер (яғни,
жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіпті өнімді өндіруде туындайтын алдын
ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер). Бұл жағдайда ерекше
мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни, фирмаішілік немесе корпоративтік
тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат және несиелік
портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы). Бұл жерде
алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалылығын бағаламай, технологиялық
жаңалықты игеруде үлкен тәуекелге тап болады, яғни, жаңа технологияны
уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жоқ немесе аз болса,
өндіретін өнімнің белгілі бір бағытта түрі көп болса және т.б. Биржалық
банкті қарастырғанда, негізгі екі тәуекел түріне көңіл бөлу керек. Мысалы,
тауарлық биржада клиенттің алдын ала берген қаражаты негізінде клирингтік
есеп айырысуды қамтамасыз ететін банк үшін есеп айырысу тәуекелі, яғни есеп
айырысу операциялары бойынша шығын болады. Егер биржалық банк бағалы
қағаздар нарығында клиенттермен бірлесе отырып трасталық және брокерлік
қызметтер көрсетсе, онда бағалы қағаздармен байланысты келесідей тәуекелдер
болады:
- капиталдық(бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі);
- селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі);
- уақтылығы;
- нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі);
- іскерлік (эмитенттің бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлемеу
тәуекелі);
- қайтарылатын (эмитент облигацияны қайтарып беру тәуекелі).
Сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырылған банк
келесідей негізгі тәуекелдерге кездеседі:
- экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланысты актив және пассив
құнының өзгеру тәуекелі);
- аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есептегенде
айырмашылық тәуекелі);
- мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықталмағандығының
тәуекелі);
- сақтандыру;
- саяси.
Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктер үшін келесі тәуекелдер тән:
- ипотекалық және тұтыну ссудалы бойынша қаржылық және несиелік
тәуекелдер;
- кепілхат бойынша тәуекел (гарантия);
- кепіл тәуекелі (залог).
Ипотекалық банктер көбінесе несиелік кепілдік заңдылық тәуекелдерге
ұшырайды.
Салалық банктер қызметтеріне салалар сипатына тән тәуекелдер және
олардың орта салалық көлемі әсер етеді. Олар басқа салалармен салыстырғанда
қаржылық және экономикалық аспектілеріндегі салалардың өзгергіштігімен,
динамизм деңгейімен тікелей байланысты. Салалық тәуекелдердің келесідей
түрлері бар:
- бета – тәуекелі (бета - коэффициент);
- саланың өмірлік цикл тәуекелі;
- салаішілік бәсеке тәуекелі.
Бета – тәуекелі – ол жалпы экономикалық қызмет нәтижесімен
салыстырғанда сала қызметінің нәтижесі орташа деңгейден жиі ауытқып тұратын
жүйелік тәуекел. Егер бета тәуекел 1 – ге тең болса, онда ол мемлекет
экономикасының жалпы сипатына сай келетін салаға ауыстыру керек. Бета –
тәуекел түсінігін жеке банктерге де пайдалануға болады. Оны Глориябанк
(Ресей) аналитикалық орталығы және ПАКК кеңес беру формалар дифференциалды
акция портфелі салыстырмалы орташа бағалы қағаздармен байланысты
операциялар бойынша жүйелік тәуекелді есептеу үшін қолданады. Сонымен
қатар, екінші деңгейлі биржадан тыс рыноктарда акциялары айналыста жүретін
банктер қарастырылады. Нәтижесінде, акциялар бойынша бета – тәуекелдің
экспорттық бағалы қағаз көрсеткіштері анықталды. Оған сәйкес банктерді
келесідей 5 топқа бөліп қарастыруға болады:
1) Орташа нарықтан көп көбірек көрсеткіш;
2) Орташа нарықтан көбірек көрсеткіш;
3) Орташа нарықтан сәл ғана көп көрсеткіш;
4) Орташа нарықтан төмен көрсеткіш;
5) Аз болжамданған тәуекел.
Келесі себептерге байланысты, мұндай бағалау әдісіне көп көңіл бөлу
керек:
1) Бағалы қағаздармен мәмілелер көлемі аз, ол мәмілелердің өзі бір
қалыпта емес акция бағамының дұрыс қалыптасу механизмі жоқ болғанда
бағалы қағаздар нарығының бұл кезеңінде бұл көрсеткіштің нақты
анықталуы мүмкін емес;
2) Алғашқы екі топтың банктерінің жоғары тәуекелділігі олардың жоғары
табыстылығымен орнын басады.
Өмір циклі тәуекелі: әр түрлі салардың тәуекел деңгейі мен сипатталады
және әрбір сала өзінің даму кезеңінде алдын ала белгіленген кезеңдерден
өтеді. Бұл жерде алғашқы даму жедел өсу, қалыптасқан өсу, өсу темпінің
төмендеуі және жойылу кезеңдері қарастырылады.[3]
Ішкі салалық бәсеке тәуекелі кәсіпорын саласының өмір сүру
қабілеттілігіне әсер етеді:
- бағалық емес бәсекенің қатаю деңгейі;
- салаға кіру және шығудың жеңілдігі немесе күрделілігі;
- белгелі бір саладағы өнімнің басқа өнімдермен салыстырмалы өнімдермен
баға бойынша бәсекелес қабілеттілігінің бар немесе жоқ болуы;
- тауарлық құқығының жоқ болуы;
- жабдықтаушылар және тұтынушылардың нарықтық күші;
- кәсіпорын саласының қызмет жасайтын саяси және әлеуметтік ортасы.
Бұдан басқа салалық банктерге мемлекеттік (аймақтық) және жалпы сыртқы
тәуекелдер үлкен әсер етеді және әрбір сала форс – мажорлық тәуекелдерге
ұшырауы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда салалық банктерді тәуекелі жоғары
банктер қатарына жатқызуға болады.[4]
Әмбебап банктер өздерінің қызметтерінде барлық тәуекелдерді есепке алу
керек. Әмбебап банктерге көбінесе құрылымдық басқару, басқарушылардың жеке
қабілеттірімен байланысты тәуекелдер тән. Аймақтық белгілері бойынша және
ерекше тәуекелдер түрлеріне байланысты болады:
- аймақтық банктер – аймақтық сыртқы тәуекелдер;
- аймақаралық – аймақтық тәуекелдер жиынтығы;
- мемлекетаралық – елдік тәуекелдер;
Әртүрі несиелік мекемелерге өздеріне тән тәуекелдер түрлері болады.
Мысалы, Зейнетақы қорларына саяси тәуекелдер, депозиттік операциялар
бойынша тәуекелдер, жобалар, аймақтық тәуекелдер, аударымдар тәуекелі тән.
[5]
Өзара несиелеу қоғамдастары және өзара көмек көрсету кассаларына
салымдық, депозиттік, несиелік тәуекелдер тән. Ломбардтарға технологиялық
операциондық, лизингтік компанияларға есеп айырысу, несиелік, кепілдік,
нарықтық, іскерлік тәуекелдер тән.

1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі

Банктік тәуекелдер белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне
байланысты тәуекелдер төмендегідей жіктелінеді:
Ел (мемлекеттік) тәуекел – ел тәуекелдері банктің өз қызметін
байланыстырып отырған мемлекеттің өзінің қызметін жүргізуінің ұлттық
ерекшеліктеріне байланысты пайда болады. Бұл тәуекелдің шығу көзіне
(туындысына) бір аймақ елдерінің тәуекелі болып табылады, яғни аймақтық
тәуекел, мысалы: Еуропалық одақ елдері немесе Латын Америка елдері, т.с.с
Олар шетел ел капиталының қатысуымен құрылған барлық банктер және ортақ
лицензиясы бар банктер үшін маңызды.
Банктің басшалығымен жіберілетін негізгі қателер шетел
контрагенттердің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты.
Ел тәуекелі ең бірінші 1982 жылы Мексикада 90 млрд.$ мөлшеріндегі
несиелік төлемдерді 400 Солтүстік Америка, Еуропа және Жапон банктеріне
төлеу қабілеттілігі жоқ екендігін жариялаған уақытта пайда болды. 90 –
жылдардың басында Бразилия мен Мексика 200 млрд.$, Оңтүстік Американың
басқа елдері әлі 150 млрд.$ қарыз болды.
Африка елдері арасындағы алдыңғы қатарлы қарызгер Нигерия болып
табылады, оның қарызы 20 млрд.$ бағаланады. Потенциалды түрде ел тәуекелі
бар деп саналатын елдердің тізіміне Иран, Ирак, Кувейт, Ауғаныстан,
Салвадор және тағы басқа елдер жатқызылады.
Ел тәуекелі деген түсініктің өзі мемлекеттің және басқа қарыз
алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелерін орындау мүмкіншіліктеріне әсер ете
алатындай деңгейдегі мемлекеттің экономикалық, саяси және құқықтық
жағдайларының өзгеру тәуекелін білдіреді.
Ел тәуекелін анықтайтын себептермен жағдайларға байланысты тәуекелдің
келесі категорияларын анықтау керек:
Саяси – бұл мемлекет құырылысының ерекшелігімен байланысты,
мемлекеттің билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің
тез ауысуы, басқару және саяси режимдерінің өзгеруі), үкіметтің
экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (национализация,
жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ
мүдделерінің поляризациясы т.б.; [6]
Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативті
шектеулер (мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері
қызметін лицензиялау, шетел инвестициясын лимиттеу);
Экономикалық:
- жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық қиындықтар экономикалық
саясатпет байланысты, ЖҰӨ өсуінің ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың
экспорттан жоғары болуы, энспорттан тусетін табыстың азаюы;
- қаржылық тәуекелдер – ақша–несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы
қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы
қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар
бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының
болмауы, сондай – ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің
азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар,
тарифтер мен квоталардың енгізілуі;
- техникалық – бану саласындағы іскер техникалық стандарттармен
байланысты (негізінде ақша аудару саласындағы қаражат инновациялары,
қауіпсіздік, т.б.);
- басқа да тәуекелдер – мысалы, қаржы саласындығы криминогендік жағдай,
бюрократиялық машинаның үлкендігі.
Көптеген авторлар сияқты, мемлекеттік тәуекелді сипаттайтын жиыньық
тәуекелдерді талдау кезінде саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық және басқа тәуекелдерді жеке қарастыруға болмайды, өйткені
барлық ұлттық факторлары өзара байланысты. (13)
Сондай – ақ соңғы кездерде саяси емес, экономикалық және құқықтық
тәуекелдерге көңіл аудару керек, яғни мемлекеттің ұлттық экономиканы тиімді
басқару мүмкіндігіне.
Тәуекел дңгейін талдауда әр түрлі әдістер қолданылады, бірақ көп
ретте, белгілі мемлекетті зерттейтін сарапшылар мен мамндарды тартады; осы
елдің тәжірибесін зерттейді, статистикалық математикалық есептерді
қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы
жиынын қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының
жалпы жиынын қолданады.
Мемлекет тәуекелінің деңгейін талдаудың ұсынылатын әдістерінің бірі
герман фирмасы Бум шығарған Бум индексі. Мұны 100 сарапшы экспертті
бағалаулардың әр түрлі әдісін қолдана отырып, жылына 4 рет талдау
жүргізеді.
[7]Осылайша серіктес елдегі экономикалық және саяси жағдайлары
жан – жақты талданады. Әр түрлі елдің мамандары белгісіз түрде жауап
беретін анкетада 15 баға критерийлері бар. Олардың әр қайсысының үлес
салмағы жалпы сомамен 100 – ге тең (1 - кесте).

1 – кесте Саяси және экономикалық жағдайларды талдау*


Бағалау критерийлері Үлес салмағы
Саяси тұрақтылық 12%
Шетел инвестициясымен пайда қатынасы 6%
Ұлт меншігіне айналдыру деңгейі 6%
Валюта девальвациясының деңгейі мен ықтималдығы және оған
әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау 6%
Төлем балансының жай – күйі, сондай – ақ ұлттық және шетел
салымшыларының тобына әр түрлі факторлардың әсері 6%
Мемлекеттік реттеу деңгейі ақша-несие жүйесінің тиімділігі 10%
Экономикалық өсу қарқыны 10%
Жалпы өнім өсуінің қарқыны:
Жылына 3 % - тен төмен 2,5%
3 % – тен 6 % дейін 5%
6 % - тен 10 % дейін 7,5%
Одан жоғары 10 % 10%
Валюта айырбастылымдылығы 10%
Келесі міндеттемелердің орындаудың талдауы 6%
Жалақы шығындары, еңбек өнімділігі деңгейі 8%
Мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысы
Қысқа мерзімді несие алу шарттары 4%
Ұзақ мерзімді несие мен жеке капиталды алу мен қолданудың 8%
шарттары
8%

*Көзі: Банктік тәуекелді басқару Алматы.:2004, 21 – бет.
Әр сұрақ балл бойынша бағаланады – пайыз шкаласы бойынша және
жауаптардың 0 – ден (min) 4 – ке (max) дейін бес варианттары бар.
Мемлекеттік тәуекел талдауына басқа фирмалар қатары да көңіл
аударуда. International Reports жыл сайын мемлекеттік тәуекел бойынша
халықаралық анықтама шығарады. Онда 47 елге 1 жылға болжам ұсынылады,
тәуекелдер топтарға бөлінеді: саяси – 13, қаржылық – 5, экономикалық – 6,
ең көп сома 100 балл.
Business International фирмасы балдық жүйемен бағаланатын, өзінің
үлес салмағы бар 70 мемлекетте аналитикалық материалдарын шығаратын
мемлекеттік тәуекелдің 56 көрсеткішін қолданады. Оның ішінде 5 жылға
арналған жыл сайынғы мемлекеттік тәуекел.
National Westminster Bank мелекеттік тәуекелдің талдаудың
әдістемесінде жеке бір елді несиелеу тәуекелінің (қатердің) 50 пайызы
қаржылық факторлармен анықталады. 20 пайызы құрлымдық экономикалық
диспропорцияларымен, 30 пайызы ішкі және сыртқы саяси факторлармен
анықталады деп көрсетіледі. Болжанатын кезең көп болған сайын, мемлекеттік
тәуекелді туыратын үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын
кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы аз болады,
керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы
факторларының үлес салмағы 25 пайызға, ал саяси факторлар 50 пайызға дейін
өскен деген қорытындыға келген.[8]
Гермес герман сақтандыру фирмасы мемлекеттік тәуекел деңгейін
талдауда барлық елдерді 5 категорияға бөледі:
1) аз ғана тәуекелді елдер, негізінде ОСЕД елдері;
2) салыстырмалы түрде аз саяси тәуекелді елдер, олармен жұмыс істеу
тіжірибесі жақсы және төлем проблемаларының пайда болу қаупі
төменірек;
3) саяси тәуекел деңгейі жоғары елдерге – герман сақтандыру фирмасы
гермес сақтандыруды жүзеге асыратын елдер, мысалы, дамушы елдер,
4) жоғары тәуекелді елдерге, әсіресе сыртқы қарызды өтеуді кейінге
қалдыруға рұқсат етілген елдермен халықаралық несиелерді жоюда
проблемалары бар елдер;
5) жоғары тәуекелді елде, оның ішінде қысқа мерзімді несие бойынша;
Әрбір нақты коммерциялық банк өз қызметі барысында қаржылық
тұрақтылықты төмендетпеу үшін және күйреуге жол бермес үшін кез–келген
әдістемелерді ескеруі қажет.
Банк операцияларының әртараптандыру тәуекелділігі - әртараптандыру
банк үшін бір фактордың тәуекелділігіне қаншалықты аз тәуелділігі
мүмкіншілігімен шығады. Егер қаржыландыру көзінің кең көлемді
жеткіліктілігімен банктің инвестицияларды орналастыру орны бар болса, банк
тәуекелділігі біршама аз болар еді.
Арнайы операцияларға немесе өз қызметіндегі қызметі қандай да бір
факторға азырақ бағыттан банктер анағұрлым тұрақты әрі табысты болып
табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі шартты - әрдайым өзгерісте
болатын нарық коньюктурасындағы жағдайларды әрдайым қабылдауды талап етеді
және жеке факторлар тобына тәуелділігі қаншалықты аз болған сайын, ол көп
әрі ұзығырақ тұрақты және өмірлік болады.
Банк операцияларын әртараптандыру мыналардан тұрады:
- банк клиенттерін әртараптандыру;
- тартылған қаражаттарды әртараптандыру;
- аумағы бойынша банкті әртараптандыру;
- қолданылатын инструменттерін әртараптандыру;
- активтік операцияларды әртараптандыру;
- банк клиенттері бойынша ссудалық портфельді әртараптандыру.
Осыған орай, банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігін болдырмау
немесе төмендету үшін банк өзінің барлық операцияларын әртараптандыруды ең
жоғары деңгейде, яғни қаржыны тартудан бастап, оны орналастыруға дейін
жүргізу қажет.
Өтімділік тәуекелі – кез келген банкті басқару процесіндегі ең маңызды
міндет - өтімділіктің бара – бар (адекватный) деңгейін қамтамыз ету болып
табылады.
Банктің өтімділігі оның мерзімі мен сапасы бойынша актив пен
пассивтің теңгерілімімен анықталатын өзінің міндеттерін өз уақытында
орындай алу қабілеттіліг түсіндіріледі.
Әлемдік банктік теорияда және тәжірибеде өтімділікті қор немесе
ағым ретінде түсіну қалыптасқан. Бұл жағдайда өтімділік қор ретінде
банктің қандай да бір жағдайда клиенттері алдында өз міндеттемесін актив
құрылымын оның ең жоғары өтімді статьяларының көмегімен өзгенту арқылы
орындау мүмкіншілік деңгейін анықтауды білдіреді.
Өтімділік ағым ретінде банктің белгіленген уақыт мерзімі ішінде
өтімділіктің тиімсіз деігейін немесе өтімділіктің объективтік қажетті
деңгейіне қол жеткізілген мөлшетін сақтап, активтер мен пассивтердің сәйкес
баптарын басқару, қарызға қосымша қаражаттар тарту, банктің қаржылық
тұрақтылығын табысты өсіру жолы есебімен жүргізе алу қабілеттілігін
бағалауды түсіндіреді.
Банктер төлем жүйесінің орталығы болып табылатындықтан егер де банк
өтімділік жағынан мәселелерге түрілсе және клиенттің төлем жүргіз деген
өтінішін орындай алмаса, онда бұл банктің беделі азаяды. Салымшылардың көп
бөлігі өз шотынан барлық қаражаттарын алуға ұмтылады. Жаппай қашу деп
аталатын мұндай тосын жағдай көбінесе банктің жабылуына әкеледі. Бұл
мәселенің күрделене түсуі банктің жаппай қашу салдарынан жабылуы барлық
банктің жүйеге деген қоғам сенімінің төмендеуіне және басқа банктерден
салымшылардың жаппай қашуына әкеледі.[9]
Осыған орай, банктің өтімділігі өз міндеттемелерін уақытылы орындауы
қамтамасыз ету қабілеті мен болашақта өмір сүру ықтималдылығының маңызды
көрсеткіші болып табылады.
Кез келген жағдайда банк иелері депозиттерді қайтару және несиелер
беру және т.б. жағдайларды қамтамасыз етуге қолма-қол немесе тартылан
қаражаттардың жетіспеушілік мәселесімен кездесуі мүмкін. Банкте осындай
жағдай туындағанда ол қолма-қол қаражаттарға ағымдық тараптарды
қанағаттандыру үшін өте жоғары мөлшер бойынша қаражаттар тартады. Бұл
банктің пайдасының төмендеу мен өімділік тәуекелін азайтуына әкеледі. Банк
өтімділігінің тәукелі – бұл банктің активтерін өткізу жолымен қаражаттарды
алу қиындығы жағдайында банктің пайдасына туындаған қорқыныш мүмкіндігі.
Банктің өтімділігін сақтаудың негізгі қағидасы банк активтернің
қайтару мерзімімен қаражаттарға тұтынудың тууы мүмкін уақытының байланысы
болып табылады. Өтімділік төменде көрсетілгендей қамтамасыз етілуі мүмкін:
- жақын арада қайтарылк мерзімі болатын немесе талап етуі бойынша төлеу
құқымен берілген несиелер бойынша төлемдер қабылдау;
- несиелік талаптардың бөлігін сату;
- өтімділіктің анықталған коэффициентін ұстау үшін пассивтің әрбір
түрінің қандай бөлігін активтің өтімді немесе өтімдірек баптарына
орналастыруды анықтау мақсатынада пасиивтің барлық шоттарында кестеге
құру жолымен активтерді бөлу;
- пассивтермен операция жүргізу;
а) айналыстағы депозиттік сертификаттар, облигацияларды шығару;
б) ҚР Ұлттық банкіндегі қарыздары;
в) евронарықтағы қарыздар.
Банкте өтімділік мәселесі банктік несиелерді, қаражаттарды тарту
уақытынан гөрі ұзағырақ уақытқа беру тәжірибесіне байланысты туындайды.
Банктің пайдасы қаражаттарды қысқа мерзімге орналастыру арасындағы айырма
ретінде анықталады.
Банктің қажетті өтімділік деңгейін ұстап тұрудың маңызды шарты – бұл
банкте өтімді активтердің жеткілікті сомасының болуы. Өтімді қаражаттар
банктің қаржылық міндеттерін жабу үшін қолданылады. Өтімділікті қолдану
банктің қызметін басқарудың бірден – бір негізгі әдісі болып табылады.
Банк өз қызметімен тек клиенттері мен басқа да банктер арасындағы
барлық міндеттерін атқара алатынына сенген жағдайда ғана жүргізе алады.
Банк мұндай сенімді тез жоғалтып алуы мүмкін, егер олар бұл банкті барлық
заңдық үлестік міндеттерімен есеп жасай алмайды деп ойлаған жағдайда.
Егер активтерді қайтару мен міндеттерді өтеу мерзімінің арасындағы
дәл сәйкестікті қамтамасыз ете алған жағдайда өтімділіктің қажетті
деңгейіне қол жеткізуге болады. Бірақ та банк қаржы делдалы ретінде түсіп
отырғандықтан, ол бұл мерзімді әрдайым түрлендіріп отыруға міндетті. Бізге
белгілі банк қарызға ақша қаражатының аз ғана бөлігін көп мөлшерін қысқа
мерзімге алады да, ұзақ мерзімге ірі соманы қарызға береді. Бұл кезде банк
алдағы уақытта да міндеттерін өтеу үшін салымдарды тартып және талап
еткенге дейінгі шоттардан алынған ақша қаражаттарын қайтарамын деп
есептейді. Бірақ та, нақты жағдайда әлемдегәі бірде – бір банк мерзімсіз
салымдарға орналастырылған барлық ақшаны бір күнде қайтаруға жағдайы
жетпейді.
Банкте өтімділікпен мәселе туындағанда ол ақща қаражатына сұраныс
туады. Бұны алудың бірден-бір көзі активтерді сату болып
табылады.Активтердің кеибір түрлері жиі сатылып және сатып алынып отырады,
сол себепті бұл активтерге нарықтың сатып алушыны табуына мүмкіндігі бар.
Бұндай категориядағы активтер біртекті болып және өтімді деп
аталады.Сол себепті бұлар тез арада қолма-қол ақшаға айналады.Қолма-қол
ақша ең өтімді актив болып саналады.
Қолма-қол ақшаға басқа банктерге берген қысқа мерзімді қарыздар немесе
басқа банктердегі депозиттерін жатқызуғаболады, себебі бұл қарыздарды
немесе депозиттерді сатып алатын басқа банктерді іздеу сияқты қандай да бір
қиындықтар тумайтыны сөзсіз. Мемлекеттің құнды қағаздары және баланстың
есептегі активтері өтімділіктің тез сатылатын көзі болып табылады.
Активтердің жиі сатылмайтын және сатып алынбайтын түрлері де
кездеседі. Осындай жағдай болғанда,олардың бағасын сатып алушы мен
сатушының арасында келісімге келу қажеттілігітуады, себебі нарықтың бағасын
алудың мүмкіншілігі жоқ. Бұндай активтерді сатып алушыны табу қиынға
түседі.Осындай түрдегі активтер бір-бірінен ерекшелене түскендіктен, оларды
салыстыру қиыншылық туғызады. Бұндай активтер өтімсіз активтер деп аталады.
Өтімсіз активтердің бағасын анықтаушы-осы активті өткізуді қажет ететін
уақыт аралығы.Банктің сатып алушыға активті күту жағдайы қаншалықты көп
болса, осы активті алуға кеткен бағада соншалықты жоғары болады. Керісінше,
егер банкке осы активті алу қажет болғанда, олбағадан ұтылу негізінде ғана
сата алады. Бұл жерде ескеретін жайт, бизнесмендер мен жеке тұлғалардың
банк арасында ссуда жиі сатып алынып, сатылуы болғанымен олар
өтімсізактивтер болып табылады.
Негізгі қорлар, ғимарат, жиһаздар, құрылғылар өтімсіздігі жоғары
активьер болып табылады, себебі олар әр түрлі. Мысалы, тек бір ғана
кеңселік ғимараттың өзі бірнеше сипатқа ие, олардың бірі – оны басқа
кеңселік ғимараттардан ерекшелейтін қызмет ету уақыты мен орналасқан жері.
Осындай есепке байланысты, сатып алушы қаншалықты төлейтінін білу үшін
бірнеше сипаттар мен танысуға уақыт пен күштің жеткілікті көлемін жұмсауы
тиіс. Қандай да бір шешім қабылдау үшін сатып алушы қосымша уақыт пен күш
жұмсай отырып өзі қарастырып отырған ғимараттың сипаттамасы мен осыған бара
– бар ғимараттарды салыстыру қажет. Өткізуді тездету үшін сатушы ғимараттың
құнын төмендету арқылы сатып алушының бағаны салыстырудан бас тартуына
әрекет жасауы тиіс. Банктердегі негізгі қорлардың өтімсіздігіне қатысты
екінші себеп – көптеген банктің негізгі қорлары, оның ішінде сейфтік
қоймалар, кассаны есептейтін машиналар (аппараттар) тек банктерде қолдану
үшін жасалғандығы.
Ал бұл күшті сатып алушылардың сатып азайтатыны сөзсіз. Осыған орай,
әр түрлі типтегі активтерді өтімді актив қолма – қол ақшадан бастап,
өтімділігі төмен, негізгі қорларға дейінгі аралық ыдырайтын спектр секілді
қарауға болады. Басқа банктердегі қарыз үкіметтіңқұнды қағаздар және
бизнесменддер мен жеке тұлғаларға берілген қарыздар осы сппектрдің екі
санының арасында орналасатын болады.
Ақша қаражатын көшіруді қажет ететін банк активті сатудан басқа жолы
қысқа мерзімге басқа банктерден немесе ҚР Ұлттық банкінен қарызға қаражат
алу мүмкіншілігі бар. Осыған байланысты баламалы қаражат көзін алу үшін
алдын ала келісім жасау қажет етеді. Банк егер осындай туындай қалған
жағдайда қанша қаражат тарта алатынын әрдайым білуі қажет. Осындай қаражат
сомасы несиені алғандығы қолданылмаған мүмкіндіктер деп аталады. Бұл
өтімділіктің көзі әлі баланстық есепте көрсетілген жоқ және оны кейде
көрінбейтін өтімділік көзі деп атайды.[10]
Банктің қарыздық мүмкіншілігін анықтайтын негізгі фактор екінші
деңгейдегі банктердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің
өтімділікті қажет ететін банктерге қарыз беру саясаты болып табылады.
Егер несие беруші банктің қысқа мерзімге өтімділік мақсаты үшін несие
беруші туралы өтінішін орындау кезінде өзінің қаржылық қызығушылығы шегінде
іс - әрекет жасаса, онда ол келесідей талдау жүргізі қажет.
Ең алдымен несие беруші тапшылықтың себебін анықтайды. Егер
өтімділіктің жетіспеушілігі ағымдық шығындарды немесе депозиттердің жиі
ауысуы сияқты банктің өз мәселелерінен туындаса, онда несие беруші несиені
беруге онша көңіл бөле қоймайды. Ол жоғары сапалы тез арада өтетін
активтердің кепілдікке салынуын талап етуі мүмкін. Керісінше, егер
өтімділік тапшылығы несие беруе деген сұраныстың өсуі сияқты позитивті даму
негізінен туындаса, банктің қарыз алу ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
«Банктік тәуекелдерді басқару»
Банктік тәуекелдерді төмендету әдістері
Тәуекелдерді басқару
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Тәуекелдерді басқару процесі
Көлік жүйелерінде экологиялық тәуекелдерді басқару
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
Банктік тәуекелдер, банк тәуекелдерін басқару
Шетел тәжірибесіне сүйене отырып, банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіру
ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі банктік тәуекелдерді басқару (тәуекелдің бір түрі мысалында)
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь