Сатып алу – сату шартының жекеленген түрлері


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1- бөлім. Сатып алу- сату шартының жалпы ережелері.

1. 1. Сатып алу- сату шартының жалпы ережелері.

1. 2. Сатушы жіне сатып алушының құқықтары мен міндеттері.

2 - бөлім. Сатып алу - сату шартының жекеленген түрлері.

2. 1. Бөлшектеп сатып алу- сату шарты

2. 2. Тауар жеткізілім шарты

2. 3 Келісім-шарт жасасу шарты

2. 4. Энергиямен жабдықтау шарты

2. 5. Кәсіпорынды сату шарты

2. 6. Мемелекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Сатып алу- сату шартының мағынасы және қолдану өрісі кең, себебі сатып алу- сату шарты азаматтық құқықта алатын орны ерекше. Ол бұрынғы заманнан дамып келе жатыр. Қазіргі классикалық рим құқығының өзінде консенсуалды шарт (empito - venditio) ретінде қалыптасқан. Осы шарт бойынша бір жақ, яғни сатушы (venditor) екінші жақ, яғни сатып алушыға (empitor) мүлікті немесе затты беруге міндеттенеді, ал екінші жақ сатып алуға және ол зат үшін белгіленген бағасын (premium) сатышуға беруге немесе төлеуге міндеттенеді 1 . Рим құқығында алдын ала жасалатын шарттар мәлім болған. Әсіресе өндірілетін өнімді сату туралы шарттар. Осыған байланысты болашақта немесе күтілімдегі заттарды сату туралы алдын ала шарттар жасалған. Сондай - ақ тәнсіз заттар, яғни мүліктік құқықтар ( талап ету құқығы, жүзеге асыру құқығы және тағы басқалары. ) сатып алу- сату шартының пәні ретінде қарастырылған.

Революцияға дейінгі ресей азаматтық құқығында сатып алу- сату шартының пәні ретінде, тек жылжымалы мүліктер қарастырылған. Ал жылжымайтын мүліктерді сатып алу- сату шартқа емес заңға жатқызылатын. Яғни жылжымайтын мүлікті өз меншігіне көшіру құқығы акт ретінде қарастырылған және сатып алушыға бекіністі шешу құқығы туралы құжаты берілетін. Кейін, бұл заңды заң сыншылары бір ретке келтірді. Өйткені, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу - сату біркелкі, екі жақты келсілген шарт және бұл шартта әрқашанда екі тұлға қатысады, яғни сатып алушы және сатушы.

Сатып алу- сату шарты басқа кейбір шарттарға қарағанда тектік ұғымда болып табылады. Сатып алу - сату шартының мәні бойынша бір тұлға екінші тұлғаға қандайда болмасын мүлікті меншікке беруге міндеттенеді, ал екінші тұлға бұл мүлікті өз иелігіне алып және оның белгіленген төлем ақысын беруге міндеттенеді. Кейбір шарттар сатып алу - сату шартының жекеленген түрлеріне жатады: тауар жеткізілім шарты, бөлшектеп сатып алу - сату шарты, келісім - шарт жасасу шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сату шарты және мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексімен салыстырғанда, олар ұқсас болып келеді, бірақ біздің заңда жылжымайтын мүлікті сату туралы шарты қарастырылмаған. Ол келесідей қарастырылады 2 :

Жылжымайтын мүлікті сатып алу - сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға жер учаскесін, ғимаратты, құрылғыны, пәтерді немесе басқа да жылжымайтын мүліктерді жеке меншікке беруге міндеттенеді.

Шарт жазбаша нысанда жасалады. Ол екі тараптың бір құжатта қол қоюымен рәсімделінеді. Бұл тәртіпті орындамаған жағдайда мүлікті сату шарты жасалмаған болып есептелінеді. Ресей Федерациясының 21 шілде 1997 жылы шыққан «Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы заңына» сәйкес сатып алушының жеке меншігіне жылжымайтын мүлік ауысқан жағдайда міндетті түрде тіркелуге жатады. Мүлікті сату шартына байланысты, екі жақтың келісімімен мүліктің жеке меншікке өткенімен, ол мемлекеттік тіркеуден өтпейінше, үшінші жақ бар болса, онда үшінші жақпен қарым - қатынастарды бұзбайды. Егер бір жақ жылжымайтын мүлікті жекешелендіру барысында мемлекеттік тіркеуден бас тартса, сот екінші жақтың өтініші бойынша жеке меншіктегі мүлікті мемлекттік тіркеуден өтуге тиіс туралы шешім шығарады.

Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру келесі заңды фактілердің жиынтығын құрайды:

1. екі жақ жылжымайтын мүлікті сату шартын жазбаша және оны заңға сүйеніп куәландыруы керек;

2. екі жақтың келісімімен - сатушыдан (жылжымайтын мүліктің иесі) сатып алушыға жылжымайтын мүлікке ие болу құқығы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ауысады.

Тек осы заңды фактілердің жиынтығын орындаған кезде сатушының жылжымайтын мүлікке ие болу құқығы тоқтатылады, ал сатып алушының жылжымайтын мүлікке ие болу құқығы пайда болады.

Ресей Федерациясының Азаматтық құқығында жылжымайтын мүлікті сату туралы ережелер бекітілген. Шартта жылжымайтын мүліктің толық мағұлматтары, соның ішінде орналасқан жері, жер учаскесінің көлемі көрсетілуі тиіс. Егер бұл шартта көрсетілмесе, шарт жасалған болып танылмайды.

Шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің бағасы көрсетілуі тиіс.

Жылжымайтын мүлікке ие болу құқығы сатушыдан сатып алушыға акт арқылы немесе өзге құжаттарға екі жақтың қол қоюы арқылы өтеді. Егер шарт жасасып отырған тұлғалардың біреуі берілген құжаттқа қол қоюдан бас тартса, шартта көрсетілген міндеттерді орындаудан бас тартқаны болып есептелінеді.

Сатып алу - сату шартын ақша нарығында қарастыруға болады, ол

келесідей болып келеді:

Ақша нарығының қолда бар құралдарына қарай әрі қазақстандық қаржы нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, оның мынадай сегменттерін бөліп көрсетуге болады 1 :

Төлем карточкасы нарығы
Қолма - қол ақша (банкнот) нарығы
Қолма - қол ақша (банкнот) нарығы: Ақша нарығы
Чектер нарығы
Вексельдер мен борыштық қолхаттар нарығы
Вексельдер мен борыштық қолхаттар нарығы: Банк акцептлер нарығы

Қазақстан Республикасы аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:

1) қолма - қол ақша (банкнот) табыстау;

2) чек беру;

3) вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;

4) төлем карточкасын пайдалану;

5) борыштық қолхаттардың айналымы.

Ең алдымен айналысы түпкі қортындысында нарықтағы тауарлардың айналымын жүзеге асыратын қолма - қол ақша қаражатының нарығы туралы айта кету керек. Ол көрсетілген қызметтің төлемақысы ретінде алға шығады. Бүгінгі таңда қолма - қол ақша айналысы шектелсе де Қазақстан халқы тауарлар мен қызметтің төлемақыларын төлеу үшін (негізгі тағам өнімдерін сатып алғанда, слесардың, сантехниктің және тағы басқа қызмет - ақыларын төлегенде), сондай - ақ айырбастау пунктерінде валюта айырбастағанда, қарыз бергенде және тағы басқа өолма - қол қаражатты пайдаланады.

Қолма -қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын түрінде жүзеге асырылады. Төлемнің бұл түрінде төлеуші басқа бір тұлғаның алдында өз міндеттемесін орындау үшін бакнотты немесе тиынды нақты табыстауды жүзеге асырады. Қолма - қол төлемді ақшалай міндеттемесі бар тұлға тікелей немесе делдал арқылы орындай алады.

Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімнің көмегімен жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибеде ақшалай және есеп айырысу чектері бөліп көрсетіледі.

Ақшалай чек қолма - қол ақшасын банкте ұстаушының төлемдері үшін, мысалы, еңбекақы, шаруашылық қажеттіліктері, іссапар шығыстары және тағы басқа қолданылады.

Есеп айырысу чегі қолма - қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылады. Бұл - нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге (чекті ұстаушға) онда (чекте) көрсетілген белгілі бір соманы банктің төлеуін әмір ететін ағымдағы шот иесінің (чек берушінің) сөзсіз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат. Есеп айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін. Чек берушінің чегін банкте өтеу мыналар болуы мүмкін:

А) чек берушінің жеке шотқа депозитке салған қаражаты;

Б) чек беруінің тиісті шотындағы қаражат, алайда чекті беру барысында онымен келісілген келісім бойынша банк кепілдік еткен сомадан артық болмауы керек. Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында қаражат уақытша болмай қалған жағдайда өзінің (банктің) қаражат есебінен чекті төлеуге кепілдік бере алады.

Чектермен қатар олардың санына қарамастан банк клиентке бір дана сәйкестендіру карточкасын береді әрі әрбір берілген чек бойынша чек берушіні сәйкестендіреді.

Чектен есеп айырысу мына сызба бойынша жүзеге асырылады:

сатушы
сатушы: сатушы
Сатушы банкі (7)
Сатушы банкі (7): Сатып алушының банкі 2, 9

Суретте мыналар белгіленді:

1. сатып алушы өзіне қызмет ететін банкке чекті немесе депозитке салған соммасына төлем тапсырмасын (кепілдемесін) алуға өтініш береді немесе төлеміне банк кепілдік ететін чекті алуға екі дана өтініш береді.

2. сатып алушыға қызмет көрсететін банкте қаражат жеке шотта брондалып, чек толтырылады, яғни банктің атауы, дербес шоттың нөмірі, чек берушінің аты - жөні және чек сомасының лимиті қойылады.

3. сатып алушыға чек және чек карточкалары беріледі.

4. сатушы сатып алушыға жөнелтілген өнімдердің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құжаттарын көрсетеді.

5. сатып алушы сатуға чек береді.

6. сатушы чек тізілімі барысында сатып алушыға қызмет ететін банкке чекті ұсынады.

7. сатушыға қызмет ететін банк сатып алушыға қызмет көрсетуші банкке төлем чегін ұсынады.

8. сатушыға қызмет көрсетуші банкте сатушының шотына ақшалай қаражат аударылады.

9. сатып алушыға қызмет көрсететін банк бұрын тағайындалған соманың есебінен чек сомасын есептеп шығарады.

10. банктер клиенттеріне шоттарынан үзінді көшірме береді.

Сатып алу - сату шарты өміріміздің барлық тұрғысында және кең салада қолданылады.

1. 1. Сатып алу- сату шартының жалпы ережелері.

Сатып алу - сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді 1 .

Сатып алу - сату шартының бөлек түрлерін бөліп қарастыруға болады 2 . Оған: бөлшектеп сатып алу - сату, тауар жеткізілім, мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу, энергиямен жабдықтау, кәсіп орынды сату шарттары жатады. Бөлшектеп сатып алу - сату шарты азаматтардың кәсіпкерлік қызметімен байланысты емес, жеке, үй - тұрмысында күнделікті қызметімен байланысты болып келеді. Тауар жеткiзiлiмi шарты бойынша кəсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзi өндiретiн немесе сатып алатын тауарларды кəсiпкерлiк қызметке немесе жеке өзiне, отбасына, үй iшiне жəне сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшiн келiсiлген мерзiмде немесе мерзiмдерде беруге мiндеттенедi. Мемлекеттің мұқтажы үшін қажетті тауарларды жеткізу шарты Қазақстан Республикасының тұтынушыларымен субьектілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалады.

Кез келген зат, соның ішінде ақша, құнды, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, интеллектуалдық қызмет нәтижелері және тағы басқалар сатып алу - сату шартының тауары болып келеді. Аталған обьектілер азаматтық құқықта еркін иесіздендіріледі, егер айналымнан алынбаса немесе шектелмесе 3 .

Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу - сатуға, егер заң актілерінде оларды сатып алу - сатудың арнаулы ережелері белгіленбесе, Азаматтық кодекстің 25 тарауымен көзделеген ережелер қолданылады. Мүліктік құқықтарды сатудың негізгі ерекшеліктері құқықтардың мазмұнымен мінезінің салдарынан туындауы мүмкін. Сатып алу - сату шартының ең негізгі объектісі болып ерекшелінетін кәсіп орынды сату. Кәсіп орынды сату шарттың өзгеше түрін туғызады.

Ереже бойынша сатып алу - сату шартының барлық түрі Азаматтық кодекстің 406 баптан 444 бапқа дейін бекітілген және реттелген, ал сатып алу - сату шартының бөлініп қарастырылған түрлерінің түсінігімен ерекшелігі Азаматтық кодекстің 445 бабынан 500 бабына дейін белгіленген.

Жалпы ереже бойынша сатып алу - сату шартын жасағанда, шартта екі жақтың міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі, шарттың атауы, мерзімі, тауарға төленетін ақша мөлшері мен түрі көрсетіледі.

Сатып алу - сату шартының негізі болып: зат аты, бағасы, мерзімі, түрлері, құны, саны, тауардың сақтылығы танылады.

Сатып алу-сату шарты бұл - мүлiктi ақылы берудi қамтамасыз ететiн шарттардың бiр түрi. Əрекет етушi азаматтық-құқықтық нормалар оның бiрнеше түрiн реттейдi, олардың əрқайсысының ерекшелiгi, олар қолданылатын салалардың ерекшелiгiне байланысты. Қазiргi кезде оның түрлi қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кəсiпкерлер, жеке жəне мемлекеттiк кəсiпкерлер арасындағы дəстүрлi тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттiң мұқтажы үшiн тауар сатып алу да қамтамасыз етiледi. Əрбiр шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тəртiбiмен жəне өзге қырларымен ерекшеленедi. Тауар жеткiзiлiмi шартында жəне сатып алу-сату шартының өзге де түрлерiнде, егер бiз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерiмен салыстыратын болсақ ерекшелiктер байқалады. Дегенмен, ол өзiнiң алуан түрлiлiгiне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерiнiң бiрi болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелерi ұзақ даму жолынан өткен жəне олардың тек өмiрге сəйкес келетiндерi ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлiктi меншiкке беру шартқа сияқты көзқарас дəстүрлi болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-шi тармағына сəйкес зат үшiншi тұлға меншiгiне берiлу мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының жəне республикалардың Азаматтық заңдары негiздерiнiң 1991 жылы күшiне енгiзiлуiне байланысты аталған шарт мүлiктi сатып алушы тарабының меншiгiне, толық шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына беретiн болып қарастырылады.

Мұндай шешiмдi екi тұрғыда қарастыруға болады.

Бiрiншiден, мемлекеттiк кəсiпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектiлердiң мүлiктi оның меншiгiне алуға келiсiмiн берген шарт ретiнде бағалауға болады, осымен бiрге мемлекет аталған субъектiлерде тиiстi заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкiн. Екiншiден, аталған заттық құқықтар мемлекеттiк меншiкке негiзделетiн заңды тұлғалар меншiк иелерi ретiнде мүлiктi сатып ала алуы үшiн көлемi бойынша жеткiлiктi екенiн болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкiншiлiктер меншiк иесiнен басқа өзге де заттық құқықтар иелерiнде, мысалы, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екi көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгенiне қарамастан оларды одан əрi негiздеу мемлекеттiк жəне оның құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тəжiрибелiк мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 406-бабына сəйкес: “Сатып алу шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттi”. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкiндiк бередi. Оған азаматтар жəне заңды тұлғалардан басқа мемлекет жəне субъект ретiнде əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер қатыса алады.

Мемлекеттiк кəсiпорын, қазыналық кəсiпорын, мемлекеттiк мекеме сатып алушы болған уақытта мүлiк тиiсiнше олардың шаруашылық жүргiзуiне, жедел басқаруына өтедi. Сонымен қатар, меншiк құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кəсiпорын болып келгенiне байланысты мемлекетте немесе əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiкте пайда болады. Бұл мем-лекеттiк меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғалар тек шартты бөлiнiп шығарылады деген пiкiрге əкелуi мүмкiн. Бiрақ бұл (заңды тұлға құру) мүлiктi бiрнеше мақсатта оқшаулау үшiн маңызды. Кейде осы жеке меншiкке негiзделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлiкке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Атап өтiлгендей, сатып алу-сату шарты мүлiктi беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткiзiлiмi, келiсiмшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазiр сатып алу-сату шартының түр түрлерi болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кəсiпорынды сату шарты қарастырылған. Бiздiң заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiнiң екiншi бөлiмiнде бекiтiлген қозғал-майтын мүлiктi сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Бiздiң ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюiне байланысты бiздiң азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негiзiнен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлiмде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншiкке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретiн шарт ретiнде бағалау (себебi тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншiк құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлiктi құқықтарды сату ерекшелiгiн ескерудi талап етедi.

Бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшiн арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бiрге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткiзiлiмiне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен бiз жалпы ережелер мəнiн төмендетпеуiмiз керек, өйткенi осы-лардың көмегiмен көптеген даулы жағдайлар шешiледi.

Шарттың өзiн сипаттауға көшейiк. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екi жақ барлық елеулi жағдайлар бойынша келiсiмге келген сəттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бiр уақытпен сəйкес келуi (жасалған сəтiнде орындалатын шарттың болуы) бұл ереженi өзгертпейдi.

Сатып алу-сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етедi. Бiрқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңi болып келмейдi, бiрақ шартта кiрiптарлықпен жасалған мəмiле көрiнiс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мiнезiн (тепе-тең айырбас ретiндегi) ескеру кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз тұлғалардың құқықтарын қорғау негiзiнде болуы тиiс. Сонымен бiрге, бұл мемлекеттiк мүлiктiк мүдделердi неше түрлi алаяқтықтардан қорғау үшiн де қажет.

Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесiнен ауытқу да болуы мүмкiн (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар) . Аталған мəмiлелер өзiнiң заңдық табиғаты бойынша шартты мəмiлелер бола алады. Мысалы, егер сауда кəсiпорны мыңыншы сатып алушыға iрi жеңiлдiк жасаймын деп жарияласа (мəмiле осы жөнiндегi шартпен жасалса) .

Бiр бiрiне қарсы бағытталған екi тараптың субъективтiк құқықтары мен мiндеттерi сатып алу-сату шартын өзара шарт ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi. Əңгiме шарттың мəнiн құратын құқықтары мен мiндеттерi туралы болады. Құқықтар мен мiндеттердiң көмекшi мөлшерi екi жақтыңтан ауытқу болуы да мүмкiн.

Сатып алу-сату мүлiк иесiнiң (басқа құқық иеленушiнiң) өзгеруiне (ауысуына) əкеледi. Көрсетiлген белгiлер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлiк жалдау (аренда), мердiгерлiк, сыйға тарту жəне басқа да шарттардан елеулi түрде ерекшеленетiнi туралы қорытынды жасауға мүмкiншiлiк бередi. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мəндi де иемденедi. Мысалы, олар мердiгерлiк қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердiгер оның сатушы рөлiнде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберiнде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкiн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды жалдау шартының заңды негіздері
Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі
Сатып алу - сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мүлік жалдау шартының элементтері
Сатып алу шарты
Жүктердің түрлері.Тасымалдау шарттары
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Рим жеке құқындағы міндеттеме және шарт туралы ілім
Лизинг шартының ерекшеліктрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz