Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫ ЛАНДШАФТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Орындаған: М. М. Тоғыс
4-курс студенті (қолы)
Ғылыми жетекші: Г. Ш. Оразымбетова
г. ғ. к., доцент (қолы)
Норма бақылаушы: К. К. Мақаш
аға оқытушы (қолы)
Кафедера меңгерушісі: Ж. Н. Мұқашева
т. ғ. к, доцент (қолы)
Қорғауға жіберілді: «___» ж.
Алматы, 2006 ж
РЕФЕРАТ
Бакалаврлық бітіру жұмысының тақырыбы Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері.
Жұмыс 2 тараудан тұрады. 1 - тарау Физико - географиялық жағдайларына сипаттама, 2 - тарау Сырдария өзенінің төменгі аңғарының ландшафт құрылымының ерекшеліктері. Қорытынды жасалып, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Жалпы жұмыс беттен тұрады, оның ішінде 10 кесте және 2 сурет келтірілген.
Негізгі сөздер: Ландшафт, аңғар, ТТК, фактор, күріш, мелиорация, аллювий, жазықтық, шөл зонасы, алқап, суармалау, сексеуіл, жусан, бетеге, Арал теңізі, Сырдария өзені және т. б.
Мазмұны:
Кіріспе
1. Физико-географиялық жағдайларына сипаттама . . .
1. 1. Аймақтың зерттелу тарихы……. . . . .
1. 2. Жер бедері . . .
1. 3. Геологиялық құрылымы және геоморфологиясы ……….
1. 4 Климаты . . .
1. 5 Гидрографиясы . . .
1. 6 Топырақ жамылғысы . . .
1. 7 Өсімдік және жануарлар дүниесі . . .
1. 8 Табиғи ландшафттар . . .
2. Сырдария өзенінің төменгі аңғарының ландшафт
құрылымының ерекшелігі………. . . .
2. 1 Өзен аңғарындағы ландшафттардың қалыптасуы . . .
2. 2 Аңғар жүйесіндегі ландшафттардың құрылымдық
ерекшелігі . . .
2. 3 Ландшафттарды тиімді пайдалану және табиғатты
қорғаудың экологиялық мәселелері . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Тіршілік етуге өте қолайлы өңір ретінде, адамзат қоғамының даму барысындағы, ірілі - кішілі өзен бойына шоғырланып, сол жердің табиғи байлығын керегіне қарай пайдаланып келеді. Іс - әрекеттің нәтижесінде қоршаған ортаға әсерін тигізеді.
Қазіргі таңда экологиялық жағдайы тәуір деп айтарлықтай аймақ Қазақсан жерінде жоқ десе, артық болмас. Алайда, солардың ішінде экологиялық шырғалаңның шырмауына мықтап түскен Сырдария өзені аңғары бәрінен де оқшау тұр. Бұл аймақтың экологиялық жай күйінен хабардар болу Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тонна тұз аралас шаң - тозаңды, түрлі химиялық заттармен қаныққан суы ішуге жарамсыз Сырдариясын, аппақ соры бұрқаған егістік, шабындық, жайлымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті.
Тақырыптың негізгі мақсаты: Сырдария өзені аңғарының суармалы және жайылымдық жерлердің табиғи кешендерінің дамуындағы физико - географиялық құбылыстар мен үрдістердің бағыты, динамикалық өзгеруін анықтау. Территорияның қазіргі ландшафттық құрылымы: оның жекелеген компоненттерінің эволюциялық дамуына, геокешендердің антропогендік - ауыл шаруашылық салмаққа тұрақтылығына байланысты түрлі деңгейдегі табиғи - антропогендік модификациялар құрайды. Табиғи ландшафттар шеңберінде дамыған антропогендік бірліктердің эволюциялық даму бағыты жалпы шөлдену мен топырақ қабатының тұздануына да тәуелді - әсіресе егістік жерлерде. Жалпы тұзданудағы негізгі ерекшелік - өзен аңғарындағы Арал теңізіне қарай сандық шамасының артуы мен табиғи кешендердің мелиоративтік қасиеттерінің нашарлауы. Топырақ қабаты қымбатқа түсетін топырақты шаю немесе жуу жұмыстарын өткізуді қажет етеді.
Сырдария аңғарындағы ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерге баға беру нәтижесінде мұнда таралған топырақ жамылғысының құнарлығымен оның құрылымында өзгерулердің бар екендігі байқалады. Жоғарыда айтылған ерекшеліктерге тоқтала отырып, мақсатқа жетуге келесі мәселелер қарастырылып, оларды шешуге тырыстық:
- Сырдария өзені аңғарының физико - географиялық сипаттамасын бердік;
- Сырдария өзені аңғарының ланшафттарының құрылуының геологиялық, геоморфологиялық, климаттық және т. б. факторларын қарастырдық;
- Осы жағдайларды анықтап алғаннан соң, табиғи және агроланшафттардың динамикалық ерекшелігіне тоқталдық;
- Күріш алқаптарының зиянды экологиялық әсерлерін азайту мүмкіндігі қарастырылды.
Зерттеу әдістері негізінен зерттеліп отырған аудан бойынша жарық көрген және ғылыми есептерге жататын әдебиеттерді жүйелеп, талдап тақырыпқа сәйкес сарапқа жолдармен іске асырылды. Қорытынды жасалынып, пайдаланған әдебиеттер жазылған.
1-тарау Физико-географиялық жағдайларына сипаттама
1. 1 Аймақтың зерттелу тарихы
Сырдария өзенін игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей ( б. э. б. ІІғ. ) мен Геродоттың (б. э. б. ІІғ. ) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б. э. д. V//ғ. ғ. кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру әдісі ескі арналар есебінен жүргізілген. Осы аудандарда ені 10-20м магистральды каналдар салынды. Онда бір ерекшелігі егістік жерлерді көктем мен жаз кездерінде болатын су тасудан қорғайтын дамбалардың болмауы еді. Соның негізінде өңделен жерлер ауыстырылып отырды. Ал егін шаруашылығы «жартылай көшпелі» атыраулы лиманды-көлдік сипатқа ие болды.
Ежелгі кездегі Сырдария өзенінің алабындағы суландырған жердің
ауданы 2, 2-2, 5 млн. га. оның ішінде үнемі суландыратыны 1 млн. га. құрайды, ал суландыратын каналдардың алып жатқан ауданы қазіргіге қарағанда 3 есе жоғарылаған. Ол кезде суармалы аудан қазіргіден 10 есе төмен болған. Бұдан Сырдария өзенінің су деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын көруге болады.
Орта ғасырда суландыру жүйесінде бір қатар жоғарылаулар болды мысалы, Іңкәрдария суландыру қорғанысы, суландырылған ескі арналар есебінен жасанды алаптар жүйесінің жартылай және тірек бөгендері салынды.
Бірақ суландыру әлі де болса қарапайым лиманды-көлдік сипатта болды.
Осы уақытта кең таралған су тартатын-шағырлар суландыру жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ауыстырған болатын.
Сырдария өзені төменгі етегінің суландыру жүйесінің даму деңгейі б. э. д. I мың жылдықтағы суландыру үшін атыраулық арналарды қолдану жүйесі біршама төмендеген болатын. Мұнда ежелгі кезде де, орта ғасырда да дамбалар мен канал магистралдар жүйесі болмаған [1] .
Х-ХII ғ. орта Сырдарияның сол жағалаулық суландыру жерлерінде канал магистралдарды қалыптастырған. Бұл жүйедегі ең басты құрылысты орта ғасырдағы Хорезм жүйесі алды (формасы - тармақты әрі ұзын) . Олар ірі ортағасырлық Сырдария қалалары: Қыр-үзгенді, Найран-Төбені суландырды.
Белгілі соғыс кездерінде суландыру жүйесі уақытша өзінің дамуын тоқтатқан болатын.
Жоғырады келтірілген мәліметтер негізінде Сырдария өзенінің төменгі ағысын игеру және зерттеу кезеңдерін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші, революцияға дейінгі (1886-1917жж) кезең.
Осы кезде қазақтардың негізгі мал шаруашылығы азайып, отырықшылық негізгі маңызға ие болды.
Суарылған үлескелер тұзданудың, батпақтанудың т. б. әсерінен жаңа жерлер игеріліп, көлемі ұлғайған болатын. Бұның бәрі Сырдария өзенінің көлемі 60 мың га. жетіп, онда- тары, арпа, бидай, жүгері және бақша дақылдары егілді. Мұнда ең алғаш рет күріш егу 1896 ж басталған болатын . Күріштің ауданының ұлғайуымен Сырдария бойында 500 жуық арықтар болды[2] .
Осы өңірдегі қазіргі экологиялық жағдайлар 1908 ж инженерлер мен ғалымдардың Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын пайдаланудың жобаларын жасаудан басталған болатын. Оны А. И. Войковтың: «ірі Екінші кезеңде (1917-1960жж. ) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын гидротехникалық жұмыстарының нәтижелі болуы үшін болашақта біз аз сулы жылдарда Арал алабының суларының бәрін жасанды суландыруға қолдану керек. Көл көп сулы жылдардағы артық сулар ағысы үшін қызымет етеді»-деген сөзінен көруге болады [3] .
Ауыл шаруашылығы осындай мәселелермен революцияға дейінгі кезең саяси, экономикалық мәселелердің пайда болуының басталуының тұтас кешені болып табылады.
Екінші кезеңде (1917-1960жж. ) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын реттеп алу болмады. Өзен суы осы жылдары күрт төмендеді, мұны 1938 жылы 20 мың га. егістік жердің өліп қалғанынан көреміз.
Ондай жағдайдың болуы, біріншіден, коллекторлы торлардың болмауынан және өңделген жерлердің тұздануынан. Аймақ территориясында ол кезде еш гидроторап болмаған. Тек 1940 жылы Қызылорда бекетін салуға мемлекет көңіл бөліп, ол 1957 жылы іске асты. Осы кездерде суармалы егістік жерлердің ауданы 2, 9-4, 2 млн. г. өскен болатын. Бұл Арал теңізінің тартылуының бірден-бір себебі. Ал осы жылдары Сырдария өзенінің төменгі алабында 72 ірі суландыру каналдары болған болатын.
1960 жылы Арал маңында суландырудың ірі массивтерін игеру басталды. Осы кезеңнің соңында Сырдария өзенінің су ресурстарын басқара алмауға күрес мәселесі біртіндеп судың жетіспеушілігі мен оның сапасының төмендеуімен күреске ауысқан болатын.
Үшінші кезең (1960-1980жж. ) осы кезеңде көптеген қателіктер негізінде экологиялық жағдайлар күрт өсе бастаған балатын.
Оны мысалы, Үлкен каналдар салу, ірі СЭС салудан көруге болады.
Төртінші кезең (1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін) әр мемлекет өз егемендігін алғаннан кейін өз жерлеріндегі экологиялық мәселелерге көңіл аударған болатын. Дегенмен де кейбір мәселелер өз шешімін әлі тапқан жоқ. Адамдардың табиғи ортаға немқұрайлы қарауының негізінде біз өзіміздің Арал және Балхаш көлдерімізден айырылу қаупінде тұрмыз.
1. 2 Жер бедері
Қазіргі уақытта қарастырып отырған территория түгелімен дерлік игерілген. Бұл ежелден келе жатқан аридті территорияның орталығы. Алғашқы кездердегі суландыру жүйелері бірті-бірте дамып, осы жердің өркендеуінің алғы шарты болды.
Осы өлкені барлап қарағанда оның барлық ландшафттық құрылымдарының өзгергенін көруге болады [5] .
Бұрынғы КСРО-ның жалпы суармалы егістіктерінің жартысы Сырдария өзенінің төменгі бойында орналасқандығы белгілі. Бұл жерлер Қаратау жотасы мен Қызылқұм үстірті арасында орналасқан үлкен үшбұрыш іспетті.
Жалпы территория ендік бағытта 400км, ал меридиан бағытта 200-250км-ге созылып жатыр. Яғни Сырдария өзенінің атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап орналасқан жазықтық болып келеді. Жазықтың әр жерінде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жалды бұйрат құмдар кездеседі. Кейде биіктігі 60-80м жететін жалғыз жарым төбелер мен биіктігі 40м болатын ежелгі қорғанның орындары - асарлар да кездеседі. Мысалы, Жеті асар, Шірік,
Құмқала т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz