Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы



Кіріспе.

1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі экономикалық теориялары мен көрсеткіштері.
1. 1 Кәсіпкерліктің экономика жүйесінде қалыптасуы және кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері
1. 2 Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері.

2. Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы.
2.1 Кәсіпкерліктің Қазақстандағы даму беталысы, кемшіліктері және оны шешу жолдары.
2.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуда жүргізіліп жатқан шаралар мен қайшылықтары.
2.3 Өндірістік кәсіпкерліктің тәжірбие жүзінде дамуы.

Қолданылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының XX ғасырдың
90-жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік
алып әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Сол кезде елімізде
экономикалық жүйемізде кәсіпкерлік түсінігі пайда болды. Әлемдік
тәжірбие мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылуы әлемдік
экономиканың кең өріс алуына және де дүние жүзі бойынша сауданың дамуына
бет бұрыс жасады.Соның нәтижесінде индустриялы дамыған елдер экономикасында
айтарлықтай жетістіктер болғаны айқын. Осыған орай елімізге инвесторларды
тарту , сол арқылы кәсіпорындарды дамыту жүйесі көзделді. Алайда, ол өз
жетістігі бола тұра, көптеген қиыншылықтарға тап болды. Сол қиыншылықтардың
шешімін табу үшін елімізде көптеген шаралар қабылданды. Бірақ ол шаралар
бізге ешқандай жетістіктер бере алмады. Кәсіпорындарды дамытуда оның
құрылу негізін, бәселестерін, нарықта сұранысын зерттеу қажет. Бұл
факторлар бізге қажет болғанмен де , әлемдік ақпарат жүйесінің жоғарғы
қарқынмен дамуы бізге көптеген мүмкіндіктер беруде . Сол үшін де кәсіпорын
қызметін жетік меңгергеніміз жөн .
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға
арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған
өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес
бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі
міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын
пайдалану еліміз үшін , оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен
ұлғайтуда маңызы арта бермек. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызметтің даму
практикасында теориялық дәйекті ұсыныстар қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: дипломдық жұмыстың мақсаты-
қазіргі кәсіпкерлік жүйесінің ел экономикасына сапа және сан жағынан әсер
ету бағыттарын белгілеу, қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі
міндеттерді шешу көзделді :
• Кәсіпкерлік ортаның қазіргі заманғы қағидаларын анықтау,
• Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуының бастапқы жағдайларына сипаттама
беру және атқаратын рөлін анықтау;
• Кәсіпкерлік формалары мен оның ерекшеліктерін қазіргі Қазақстан
жағдайында қалыптасу жолдарын ашу;
• Қазақстан экономикасындағы бәсекеге қабілетті орта, және шағын
кәсіпкерлікті қалыптастыру бағытттарын белгілеу,
Жұмыстың іс-тәжірбиелік мәні:
1. Отандық бизнес – жоспарлау мен қазіргі заманғы кәсіпкерлік
құрылымдарды дамытуды тереңдетуден:
2. Аймақтық жағдайда кәсіпкерлік формаларды өркендету үшін
тәжірбиелік ұсыныстар жасаудан көрінеді.
Оның жаңалығы мен нәтижелелері: экономика жүйесінде кәсіпкерлік
теорияның бағыттары, кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері және
кәсіпкерлік қызметтің формалары мен қызмет ету механизмін зерттеу
және оның нәтижелілік белгілері болып мыналар танылады:
• Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері және оны Қазақстан
Республикасында ынталандыру жолдары толықтырады.
• Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерліктің жаңа формалары
талданылады.
• Кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жұмыс екі бөлімнен және бес бөлімшелерден тұрады.
Бірінші бөлімде – кәсіпкерлік қызметтің негізгі экономикалық теориялары мен
көрсеткіштері айтылған. Кәсіпкерлік теориясының экономика жүйесінде
қалыптасуы мен даму бағыттары көрсетілген . Бұл бөлімде кәсіпкерлікті ең
алғаш рет ғалымдардың зерттегені және кәсіпкерлік қызметтің әр елде өз
ерекшеліктері мен кемшіліктері бойынша даму жүйесі болғандығы , оның басқа
да ойшылдардың қөзқарас пікірі бойынша дамығандығы көрсетілген .
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен формалары , көрсеткіштері белгіленген.
Ал, екінші бөлімде кәсіпкерлік қызметтің даму жүйесіндегі шаралардың
тиімділігі мен қайшылықтары айтылған. Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлікке байланысты қолданылған шаралардың жетістіктері мен
кемшіліктері , кәсіпкерлік қызметті дамытуда алдыға қойған мақсаттарды
талдауда нендей мәселеге жете мән беру керектігі көрсетілген және де
елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылған ұйымдардың несие беру
прогроммасында жіберілген қателіктері.
Дипломдық жұмыс бойынша анықталған мәселелер , ол: кәсіпкерлік ұзақ уақыт
дамудан өткен және қазіргі экономика дамуының негізі болып табылатын елдер
тәжірбиесі, кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мазмұнына үлкен мән бере
отырып , оны экономика дамуының стратегиялық факторы ретінде таныған жөн.
Жұмыста қарастыратын кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуындағы кәсіпкерліктің алатын орны
мен маңызын айқындайды және кәсіпкерлік теориясын ел экономикасына сәйкес
қолдануда ынталандырушы сипат береді.
Жалпы кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы: концерндердің,
холдингтердің , қаржы топтарының , траст компанияларының құруылуының
дамуынан көруге болады.

1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі экономикалық теориялары
мен
көрсеткіштері.
1. 1 Кәсіпкерліктің экономика жүйесінде қалыптасуы және
кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері
Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей
байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің
ең маңызды түрі. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік
экономика. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтық және бүкіл қоғамның дамуына
ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкелердің теориясы мен тәжірибесіне
деген мүдделік өсіп отыр. Экономикада кәсіпкерлік түсінігі өзіндік
ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік
концепциясының бірінші кезеңі кәсіпкерлік теориясының классигі Р.
Контильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет 1725 жылы кәсіпкерліктің
негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкерлік-дегеніміз белгілі бір бағада
сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам [1,30-
бет] Кәсіпкер-ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам деп
пайымдаған Дэвид Маклелланд да осы пікірді қолдаған.[]
Тәуекелді төмендету үшін кәсіпкерге негізгі өндіріс факторларын: жер,
еңбек, капиталды тиімді үйлестірулеріне тура келеді. Бірақ кейбір
зерттеулерде, Контильион кәсіпкерлікке ең бірінші болып анықтама бергеніне
күмән келтіріледі. Тарихтағы бірінші касбаның ( арабша касб -
кәсіпкерлік) теориялық концепциясы. Сонау орта – ғасырда арабтың шығыста
пайда болған деген пікір бар. Ибн Хальдунның (1332- 1406) касб дегеніміз
– адам өз қабілетіне өз еңбегі арқасында жеткен билік, - деуі осыған
дәлел. Сонымен қатар ол кәсіпкерлікті өмір сүру құралы, маом және баю
құралы (райаш) ретінде қарастырған. [2, - 8-б] .
Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым –кәсіпкерлікке тән
тәукелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті
жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бода кәсіпкер-іскерлік қызметке жауап беруші,
кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші
тұлға деген.
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңінің ерекшелігі
ұйымдасқан және кәсіпкерлік икемділігінен қосымша фактордың бөлінуі.
А.Маршалл өз кезіндегі кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің
жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарына
тиіледі деп есептеген. [3.87-б].
Адам Смит кәсіпкер терминін кәсіпорын иесі түсінігі ретінде
қолданған. Кантильион пікіріне қосыла отырып, А.Смит кәсіпкер капитал иесі
бола отырып, қандайда бір коммерциялық максаттарды жүзеге асырып, пайда
табу үшін тәуекелге барады деп көрсетеді.
Жан Батист Сэй кәсіпкерлік туралы өте кең түсінік берген. Ол
кәсіпкерлік қызметті жоғарғы бағалаумен қатар, оның өнім жасаудағы белсенді
ролін мойындайды. Ал Джон Милль пікірінше кәсіпкерлік терминін
қарастыруда кәсіпкерліктің негізгі қызметтеріне: басқару, бақылау өзіне,
тәуекелділікті қабылдау деп жатқызады. [ 5,427-б].
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңінің ерекшелігі
кәсіпкердің ұйымдастырушылық және кәсіптік икемділігінің қосымша факторы
ретінде саналуы. XIX-XX ғасыр Альффред Маршалл кәсіпкерлік қызмет
технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен
басқарудың жаңа нысандарына тиімді деп есептеген. [ 3,87-б ].
Осы уақытан бастап, кәсіпкерлік түсінігі де, қызметтері де кеңейді, неміс
социлогтары М. Вебер , В. Золбарт кәсіпкерлікті рух категориясы арқылы
қарастырады. Бұл авторларда рух терең философиялық , таза психологиялық
сипат тұрғысынан емес, экономикалық әлеуметтік сатысына және шаруашылық
обьектісіне тән тұрақты психикалық белгісінің жиынтығы ретінде көрінеді.
Кәсіпкерліктің рухтық негізін орыстың ұлы кемеңгері Л.Н. Гумилев
басқаша түсіндіреді. Ол кәсіпкерліктің технологиясы экономикалық ғана
емес, сонымен қатар, әлеуметтік және психологиялық көрініс деп қарастыра
отырып кәсіпкерлік рухы деген түсінікті енгізді. [ 6,17-б ].
Кәсіпкер – экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі
жаңалық еңгізуші. Кәсіпкер таза күйінде сондайда бір мүлікке меншік
құқығына ие бола бермейді. Сондықтан белгілі бір тәуекелге бармайды.
Кәсіпкер- деп біз жаңа конбинацияларды іске асырып және соның белсенді
элементі болып табылатын шаруашылық обьектілерін айтамыз. [7, 84-б ].
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму теориясында 1964 жылы Питер
Друкердің, Б. Карлоффтың тұжырымдары көңіл аударуға тұрарлық. Олар
кәсіпкерлікті инновациялық менеджементпен байланыстырды. [ 8,28 -б].
Питер Друкер экономикалық ғылымға және шаруашылықтың тәжірибеге
кәсіпкерлік кәсіпорын; кәсіпкерлік қоғам, кәсіпкерлікті басқару
түсініктерін енгізе отырып, кәсіпкерлікті инновациялық прогресс ретінде
көрсетті, сондықтан кәсіпкерлік басқару дамудың тұрақты факторы болып
табылатын кәсіпкерлікті қоғамдық қалыптастыру идеясын ұсынады. [9, 36-б ]
Оның дәлелдемесі ретінде -кәсіпкер қандай болмасын мүмүкіндікті
пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.
Б. Карлофф -кәсіпкерліктің бизнеспен басқарумен байланыстырмай
кәсіпкерліктің мәнін бизнесті жүргізу үшін мүмкіндікті анықтау және жүзеге
асыру қабілетімен байланыстырады. Кәсіпкерлік және бизнес
түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн.
Сөз болып отырған әртүрлі ағымдардың тұжырымдары түсінікті, ғылыми
көзқарас тұрғысынан қарағанда өте маңызды. Белсенді ізденушілік жұмыстарын
жүргізгендіктерінің дәлелі. Кәсіпкерлікке берілген анықтамалар, оның
мазмұнын барынша жақсы ашып көрсеткен. Сондықтан, кәсіпкерліктің барлық
аталған анықтамаларын негізге ала отырып, тағы бір жаңа ағым шығуына себеп
болды. Кәсіпкерліктің кешенді анықтамасы пайда болды. Дәлел ретінде Роберт
Хизричтің анықтамасын келтіруге болады. Кәсіпкерлік –белгілі бір құнға ие
болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер –осыған бар күші мен уақыттын
жұмсай отырып орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық
, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам
Кәсіпкерлік сөзінің аржағында іс және жай ғана іс емес,
кәсіпорын , яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру
болып табылады.
Р. Хизрич берген соңғы анықтамада кәсіпкерлік нақтылы бір нәрсені жасау
үрдісі, яғни, тікелей нақты қызмет екенін түсінеміз.
Егер де біз, батыс экономикалық әдебиеттеріне назар аударсақ, онда
олардың кәсіпкер мен бизнестің жүйелі анықтамаларына сүйенетінін
көреміз. Бизнес - іс жүргізу жүйесі. Бизнес- адамдарға қажетті өнімнің
өндірілуі және ол біздің әлеуметтік -экономикалық жүйеміздің орталық
магистралі. Бизнес және кәсіпкерлік түсініктерінің ұқсастығымен
қатар айырмашылықтары бар. Мысалы, бизнес, кәсіпкерлік түсінігіне
қарағанда ауқымды болып келеді.Кәсіпкерліктің субьектілері – жеке немесе
заңды тұлғалар, басқаша айтқанда, кәсіпкер. Ал бизнес субьектілері:
• Кәсіпкерлердің өздері және кәсіпкерлер ұжымы.
• Жеке және ұжымды тұтынушылар.
• Жалдамалы еңбек қызметімен айналысатын жұмысшылар
• Мемлекеттік құрылымдар
Бизнестің негізгі түрлері:
1. Кәсіпкерлік бизнес-
2. тұтынушы бизнес
3. еңбек ету бизнесі
4. мемлекеттік бизнес
Кәсіпкерліктердің жеке қасиеттерін көптеген теоретиктер қарастырды. Бірақ
1934 жылы Йозеф Шумпетер ғана оларды жүйелеуге тырысты. Кәсіпкер – бұл
ойлап табушы да емес, тек сол ойлап тапқандарды экономикалық түрде жүзеге
асырушы адам.Ол кәсіпкерлікті-жаңа техналогияларды өңдеуші жаңашыл ретінде
суреттеді.
Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген
жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды роль
атқарады. Нарықта экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың
болуын көздейді. Негізгілері икемді нарық жүйелерін құру, бәсекелестік пен
кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қытынастар
кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне
тән ерекшеліктері бар құбылыс.
Ал, кәсіпкерліктің Қазақстан өңірлеріндегі қалыптасуы мен дамуы,
сонау ерте замандағы алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік
негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар-тауар) формасында болған. Осы
мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл
иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді. Елімізде кәсіпкерліктің
пайда болу тарихы міне осыдан басталды.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты
– жаулап алу нәтижесіңде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.
Кәсіпкерліктің пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер,
саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.
Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарында қиыншылық
тудырумен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік
қоғамдардың құрылуына –Ост-Индиямен, гудзон шығанағымен сауда жасаған
ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан
кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте , банк саласында ары қарай жалғасын
тапты. Ол-менеджер.
Қазақстандағы кәсіпкерлік пен коммерция жағдайына келсек, мұнда бұл
салалар тарихи ерте заманда пайда болған . Ежелгі түрік дәуірінде
Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес , сонымен қатар, мұнда
сауда және қолөнер орталықтары болған.
XXI ғасыр мен XY ғасырдың алғашқы ширегіңде Оңтүстік
Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында
маңызды роль атқарған Батыс –Шығыс халықаралық сауда жолы
болған.
18 ғасырда қазақтар орта Азия, Ресей, Қытай , Иран,
патшалықтарымен –мал, жылқы , тері, жүн және аң аулау
бұйымдарымен сауда жасаған . Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан
Ресейге керуендер жөнелтілген Орынбор , Тобыл, Семей арқылы
сауда жасау өте маңызды болған.
Осы кезеңде қазақ даласында сауда-тауар ақша қатынастарының
дамуы көшпелі –айырбасты, жәрмеңкелі және стационарлық болды.
Қазақстанның экономикалық өміріне сауда және коммерциялық
қызметі үшін –Трансібір магистралі мен Орынбор –Ташкент темір
жолдары елеулі қызмет атқарған . Осы және бірнеше осындай
жергілікті темір жол нүктелері тек Қазақстан ішінде ғана емес ,
сонымен қатар шетке шығатын саудада маңызды орын алды.
Сол кездегі кәсіпкерлер династиясының өкілі ретінде-Мусин
отбасын атап өтуге болады. Бұл көпестік династияны орыс
банкирлері мен өнеркәсіпшілері де өте жақсы таныған. Мұндай сый-
сияпатқа ие болған Мусин отбасы өте мол көлемде капиталдың
қожасына айналды. Олар –қымбат жүн, теріден жасалған
бұйымдармен сауда жасады.
Қорыта айтқанда , кәсіпкерлік рыноктық экономикада құлашын
кең жайған құбылыс. Кәсіпкерліктің негізгі және маңызды
нышандары мыналар:
1. Шаруашылық субьектілерінің жеке даралылығы және тәуелсіздігі Әрбір
кәсіпкер өндірістік, коммерциялық, қаржылық және тағы басқа да
мәселелерді жеке дара тәуелсіз шешеді.
2. Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы және алға
тартушы күші мен факторы –экономикалық -әлеуметтік тиімділік. Өз пайдасын
көздей отырып , кәсіпкер, сонымен қатар, қоғамдық мүдделерге де қызмет
етеді.
3. Новаторлық , творчестволық алғы шарт Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі
өнімнің жаңартылуы , ешкім ойламаған мүлдем жаңа шешімдер қабылдау
қабілеті, икемділігі , біліктілігі , туындаған жағдайды дұрыс және
дәлме-дәл бағалауы, батыл шешім қабылдап оны жүзеге асыруы.
4. Шаруашылықтағы тәуекелділігі. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу әрқашан
тәуекелмен жүзеге асатын, күрделі де жауапты шаруа. Мамандар бағалауы
бойынша, тексеруден өткізілген жаңа ойлардың ішінен тек екеуге жуығы
ғана өз қолдауын табады.
5. Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық
әдістерін қолдану.
Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін
келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың
жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі
келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі
жағдайда болады.
Кәсіпкерлік қызметті ұдайы өндіріс циклі бойынша топтап бөлуге болады.
Ұдайы өндіріс циклінің төрт фазасы болатындығы белгілі.
Олар:
• өндіріс
• айырбас
• бөлу
• тұтыну
Жоғарыда аталған фазаларға байланысты , кәсіпкерлік қызметтің түрлерін
айтқан жөн.Олар:
• өндірістік
• коммерциялық
• қаржылық
Соңғы кездері қызметтің тағы бір түрі кеңес беру орын алып келеді.
Осы аталған кәсіпкерлік түрлерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Өйткені олар қызмет түрлерінің өз алдына жеке түрі және даралық
салыстырмалы сипаты болып табылады.
Демек олар бір-бірімен тығыз байланыста, өзара тәуелді. Сонымен
кәсіпкерліктің барлық түрлерін анықтаушы және буындастырушы-тауар өндіруші.
Ол өндірістік кәсіпкерлік деп аталады.
Ол ең ұзақ және еңбекті көп қажет ететін поцесс. Сондықтан, кәсіпкер тез
пайда алуға ұмтылғанда, оның қызметі көп жағдайларда коммерциялық сипат
алады.
Кәсіпкерлік қызметтің түрлерінің өзі бірнеше тармақшаларға бөлінеді.
Осылайша, өңдірістік кәсіпкерлік инновациялық, ғылыми-техникалық қызмет,
тауарлардың тікелей өндірісі, қызмет көрсету, оларды өндірістік тұтыну
және де осы салалардағы ақпараттық қызмет түрінде болады.
Өндірістік кәсіпкерліктің обьектісі-тауарлар, қызмет көрсету және капитал.
Соңғы жағдайдан қаржылық кәсіпкерлік келіп туындайды.
Өндірістік кәсіпкерліктің зерттеу пәні -өндіріс және капитал, қызметтерді
тұтыну сферасы.
Кәсіпкерліктің осы түрінің қызметі өндірістік кәсіпорындармен ұйымдарда
іске асырылады, қызмет жүргізу субьектісі –кәсіпкер –тауар өндіруші.
Кәсіпкер жаңа өндіріс немесе тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрін
өндіргісі келген жағдайда , өзінің мүмкін болатын тұтынушыларын анықтап
алуы қажет. Демек ұсынылатын қызметтің сұранысын анықтауы қажет. Сондықтан
кәсіпкер өзінің қызметінің келесі кезеңінде–нарыққа маркетингтік талдау
жасау керек.
Өндірістік кәсіпкерліктің факторларын таңдап алу үшін қажетті қаржылық
шығындарын есептейді. Шығынды нақтылы жан-жақты есептегеннен кейін
өндіріске қажетті кәсіпкерлік факторлар алынады. Олар- өндіріс қорлары,
жұмысшы күші және ақпарат.
Өндіріс қорлары негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі қорға
–ғимараттар, машиналар, құралдар, жабдықтар, техника, көлік, ал
айналмалы қорға –шикізат , негізгі және көмекші материалдар, жанармай,
қосымша бөлшектер , жартылай фабрикаттар жатады.
Сонымен қатар, өндірісті тиімді жүргізуге қажетті мамандандырылған білікті
кадрлар жайлы ойластырылады. Өндірістің келесі факторы –ақпарат. Қазіргі
жағдайда мұның өзі маңызды фактор. Ақпарат нарықтық жағдайында дер кезінде
дәлме-дәл көрсетіп ақиқатты ашып тиімді нәтижелі жұмыс істеудің алғы шарты
және қүралы. Кәсіпкер өндіріс факторларының барлығы дайындалғаннан кейін
өнімді өндіруге кіріседі. Тауарды өндіру үшін екі негізгі мәселе өте
маңызды. Біріншісі- өндіру техналогиясы. Екіншісі- өндірісті қалай тиімді
ұйымдастыру.
Өндіріс техналогиясы –тауарды өндіруге қажетті операциялар, қызметтер,
жүйелі іс-әрекетттер жиынтығы.
Өндіріс техналогиясының сапалы қажетті деңгейде болуы. Өндірілген
тауарлардың жеке қасиеттеріне және сапасына тікелей тәуелді.
Тауар өндіру кезінде, өндірісті ұйымдастыру кезеңінде өнімнің жеке
қасиеттері, дайындау техналогиясы және тауарға деген сұраныс сипаттамалын
ескеру өте маңызды. Өндірістік кәсіпкерліктің келесі кезеңі дайын өнімді
сатып өткізу арқылы пайда табу. Пайда жалпылама және баланстық болып
бөлінеді. Дәл осы кезеңде өндірістік кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі
туындайды.
Өндіруші кәсіпкердің соңғы қызметі –салықтар , әр түрлі есеп
айырысулар, айып-пұл төлеу және ақтық немесе таза пайда табу.
Отандық кәсіпкерліктің кең тараған түрі бар.Ол-коммерциялық кәсіпкерлік.
Бұны көптеген себептермен түсіндіруге болады. Негізгілері: коммерциялық
кәсіпорыннның пайдасының жоғары болуы; жылдам қайтарымдылығы, жүзеге асыру
процесінің оңайлығы, басқару жүйесінің жеңілдігі , тиімділігі.
“Коммерция” латын сөзінен аударғанда “сауда” мағынасын береді. Олай болса
коммерциялық кәсіпкерлік- пайда және табыс алуға бағытталған сауда-
делдалдық , сауда дайындық жұмыстарының жиынтығы.
Коммерциялық кәсіпкерлік ең алдымен, ақша –тауар, сауда-айырбас
операцияларының анықтаушы роль атқаратындығымен сиптталады. Сондықтан,
коммерциялық кәсіпкерліктің мәні-сату, сатып алу бойынша , яғни ,
тауарларды қайта сату операциялары болып табылады. Коммерциялық
кәсіпкерліктің негізгі зерттеу обьектісі –тауар, капитал. Капитал кезінде
қаржылық кәсіпкерлік пайда болады.
Коммерциялық операциялар:
• Коммерция
• Коммерциялық қызмет
• Коммерциялық-делдалдық қызмет:
• Сыртқы сауда қызметі
• Кедендік операциялар
• Лизингтік операциялар
Коммерциялық операцияларды коммерциялық шарттар жасау мақсатында мәмілелер
жатады. Сауда процесінде негізгі тұлға -коммерсант. Демек коммерциялық
кәсіпкерліктің субьектісі- кәсіпкер-коммерсант. Коммерциялық кәсіпкерліктің
негізгі қызмет ету сферасы –тауар биржасы мен сауда-коммерциялық
құрылымдары. Қызметтің негізі-бизнес –жоспар құру және жұмысын белгілі бір
көрсеткіштер арқылы бағалауға болатын сауда-коммерциялық құрылымның түрін,
формасын таңдау. Бұл өте маңызды болып табылады. Коммерциялық
кәсіпкерліктің дамуы, оның экономикалық, құқықтық , әлеуметтік,
техналогиялық, географиялық және де басқа да қызмет жасау орталарымен тығыз
байланыста.
Коммерциялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру үрдісі өндірістік кәсіпкерлік
түріне өте ұқсас болғанымен , өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, тауар
түрін таңдау өндіріс емес, коммерция үшін жүзеге асырылады, сондықтанда
белгілі бір талаптарға сай болуы қажет. Атап айтқанда :
• Берілген өнімге жеткілікті сұраныс болуы. Олай болмаса сату кезінде өте
күрделі мәселелер туындауы мүмкін
• Белгіленген нысандағы пайданы алу үшін , өткізу бағасы өнімді сатып алу
бағасынан жеткілікті түрде жоғары болуы.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі нышандарын атап өткен жөн. Олар:
• Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі операциялары (сауда және коммерция)
адам дамуының барлық кезеңдерінде және әр түрлі әлеуметтік-экономикалық
жүйеге тән. Өзіндік ерекшеліктері бар.
• Коммерциялық кәсіпкерлік –динамикалық үрдіс. Демек, статистика қызметін
атқармайды,.Әрдайым сату және сатып алу, тауарлардың, капиталдың үнемі
ырғағын біліп отыруы қажет. Кәсіпкер тек бір сағатқа ғана жұмыс
істемейді, оның қызметі тұрақты негізде белгілі уақыт мерзімін қамтиды.
• Коммерциялық операциялар негізіне келісім мәмілелері жатады. Оларға
нарықтық агенттерінің ұйымдастырушылық –техникалық қыры мәміленің
контрагентін іздеуде, техникалық жағы-техника мен айырбас
техналогиясында, ал, экономикалық қыры –пайда табу болып табылады.
• Коммерциялық кәсіпкерліктің негізі –тұтыну заттарына деген жеке меншікті
құрайды.
Коммерциялық кәсіпкерлік –бұл жүйелік құбылыс. Оның дамуының ішкі даму
күштері болады. Олар: бәсекелестік, ұдайы өндіріс және қамсыздандыру
жүйесі, іскерлік қатынас субьектілерінің тікелей байланыстары; жеке
инфрақұүрылымдар. Бұған банктер, биржалар, ақпараттық жүйелер,
консалтингтік және аудиторлық компаниялар жатады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің обьектісі капитал болғанда қаржылық кәсіпкерлік
қызмет туындайды. Демек, қаржылық кәсіпкерлік ерекше түрі деген тоқтамға
келген жөн.
Қаржылық кәсіпкерліктің обьектісі- ерекше тауар. Олар: ақша. валюта, бағалы
қағаздар. Қаржылық кәсіпкерлік –айналыс сферасындағы, құн айырбас
саласындағы процестер. Оның негізі –ақша, валюта ақшалық –қатынастар.
Дәлірек айтқанда бір ақшалардың тікелей немесе жанама формасындағы сатылуы.
Субьектісі-қаржылық кәсіпкер. Қызмет жасау ортасы –коммерциялық банктер ,
қор биржалары.
Қаржылық кәсіпкерлік бағалы қағаздарды талдаудан басталады. Ол үшін:
• Коммерцияға “қаржылық тауар” түрін таңдауға әрекет жасау.Ерекше тауар
түрлері ақша , валюта немесе бағалы қағаздар;
• Болашақтағы тұтынушыларды іздеу , табу және тарту:
Қаржылық кәсіпкердің қорытынды кезеңі-мемлекеттік немесе жергілікті
бюджетке салықтар мен басқа төлемдерді төлеу.
Қаржылық кәсіпкерлік сонымен қатар, өндірістік кәсіпкерліктің құрамдас
бөліктері. Осындай жағдайда кәсіпкер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде
көрініс алады. Қаржылық кәсіпкерліктің бұл формасы негізіне , кәсіпкерлік
–кәсіпорындар үшін қажетті.
Кеңес беру кәсіпкерлігі басқа кәсіпкерлік түрлеріне қарағанда өте табысты
. Жұмысты іске асыру формалары сан алуан. Олардың ішінен кең тарағаны бір
мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні –консалтингтік жобалар. Кеңес
беру кәсіпкерлігінің алғы шарты, ол-қажеткер-тапсырысшының болуы.
Тапсырыстың әртүрлі бағытта түсуі мүмкін. Бұл фирманың жалпы басқаруына
және жеке өзекті мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда әкімшілік, қаржылық
басқару шешімдері, кадрларды басқару, маркетинг, арнайы қызметтер .
Ол үшін кеңес беруші –фирмаға тапсырыс беруші фирма жайында ,
оның өндірістік, қаржылық, коммерциялық кадрлық және басқа да мәселелері
бойынша кең мағлұмат беруі қажет. Алынған ақпарат бойынша, фирма
жағдайының жақсаруының жолдары мен әдістері анықталады.
Жұмыстың келесі кезеңі –кеңес беруші және тапсырыс беруші –фирмалар
арасында мәмілеге келуі. Мәміледе жұмысты іске асыру формасын, тапсырысты
орындау мерзімдері келісіледі.
Жобаны жасау кезінде кеңес беруші фирма компания мүддесін сақтап қалуы
үшін, ынталы жоғары деңгейде жұмыс жасайды. Біріншіден, жобаны жүргізу
мерзімін мұқият қадағалайды. Екіншіден, көрсетілетін қызметтің өзіне тән
сипатына байланысты , жұмысты жүргізу барысында тапсырыс берушілердің
мүддесімен санасу , оларға әр түрлі ыңғайлы және тиімді жолдарын ұсынады.
Қорытынды кезеңде жобаны іске асыру бойынша жазбаша есеп беру және қосымша
ұсыныс жасау тізімін берген жөн.
Жалпы қарастырып өткен кәсіпкерлік теориясының дамуы мен
түрлерін талдауда біз кәсіпкерліктің тұлғалық экономикалық және
ұйымдастырушылық, жаңашылдық тәуекелге барушылық сипатын көрсететін
қызметтік көзқарастың басылымдылығын байқаймыз. Қарастырылған
кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны Қазақстан Республикасының экономикалық
дамуындағы орны мен маңызын айқындайды. Кәсіпкерліктің экономикалық
табиғаты ынталылықты, коммерциялық тәуекелділікті шаруашылық
жауапкершілікті, жаңашылдықты өндіріс факторларын икемдеуді талап
ететіндіктен Қазақстан Республикасы экономикасында кәсіпкерліктің
өркендеуіне кәсіпкерліктің жоғарыда аталған ерекшеліктері маңызды және
ынталандырумен сипат береді деп ойлаймыз. Кәсіпкерліктің қазіргі кезеңі
фирмалардың қызметтік ерекшеліктеріне байланысты және меншік қатынасының
өзгеру миханизімімен міндетті түрде бірігеді. Екіншіден кәсіпкерлік
теориясында негізгі обьектілері тек кезеңдерге ғана бөлінбейді, олардың іс-
әрекеттері мен де көрсетіледі. Отандық кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында
оның тарихи белгілеріне қарағанда субьективті белгілері маңызды роль
атқарады.
XX ғасырдың басына дейін индустриялды өндіріс өткен дәстүрлі
өндірістің ірі тарихи кезеңінде болмаған, экономикада өндірістік
ресурстарды рационалды пайдалануға алып келді. Нақ осындай экономикада
өзінің белгілі бір даму сатысында өндірісті ұйымдастырудың
коорпаративті формасына қажеттіліктің негізгі нысаны болды. Ресурстардың
(қажеттілік пен салыстырғанда) немесе қажеттілікті (ресурстармен
салыстырғанда) басымдылығы туралы мәселе практикада өзекті мәселе болып
табылады. Оның қолданбалы мәні экономиканы тұтасымен толық ұйымдастыруды
талап етеді.
Рынок экономикасы қалыптасып, ілгері дамыған кезеңінде еркін бәсеке
кең тарады, рыноктың қызметтің өкілі ретінде жеке капитал болды. Мақсаты
өз шығындары мен пайдасын есептеу және өндірісті рыноктың ұйымдастыру
барысында өнеркәсіпті шоғырландыру болғанымен, оның үлес салмағы
айтарлықтай көп болмады. Өндірісті шоғырландыру тенденциясы күшейді. Оның
басты мақсаты - өз шығындары мен табыстарын жүйелеу немесе реттеу. Бірақ
өндірістің рыноктық ұйымдастыру өндірісінің шоғырлану тенденциясын
күшейтеді. Бірте-бірте өндірістік бизнестің ұйымдық құрылымының жіктелуі
байқалып, жеке капитал формаларымен қатар құрылым формалары- монополиялар
пайда бола бастады. Монополия билігі бәсекені күшейтті. Ол бәсекелестік
күрестің өте қатаң және жаңа формаларының туындауына әкеліп соқты.
Анықтаулар бойынша таза монополия жағдайында жеке бәсеке болмайды, яғни
монополия бәсекенің карама- қарсылығы болып табылады.. Бәсекелестік –
мүддеге байланысты ,ал мүдде монополияны туындатады. Қысқаша айтқанда
бәсекелестік монополияға айналады; сонымен қатар ол - өзі-ақ бәсекені
туындатады.
Пайданы жоғарлату немесе ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік сектор
капиталды болу жағымен қатар, оларды біріктіру жағына да қызмет етуші
өндірістік және ақшалық деп болу нәтижесінде акцонерлік қоғамдар құрылып
кең өріс алды.
Акционерлік қоғамдар- бағалы қағаздар мен акцияларды сату жолымен
құрылатын капиталисті бірлестік. Алғашқы ашық акционерлік қоғамдар
Англияда (1600 ж ағылшын Ост Инд компаниясы) пайда болған. Акционерлік
капитал экономикалық құрылымның маңызды құрамына айналып, капиталды
жинақтау болып табылады.
Олар өндірісті шоғырландыру және орталықтандыру процестерін жүргізудегі
тұтыну мен байланысты.
Акционерлік қоғамда меншік жоғары икемділікпен сипатталады. Біріншіден
уақытша бос құралдарды шаруашылыққа кең қолдану, және екіншіден жұмысшының
қоғамдылық шеттетіуін реттеу, ішкі өндірістік процестегі экономикалық
қатынастарды үйлестіруге себеп спецификалық ерекшелігінің мәні-жұмысшылар
арасында, акцияларды тарату, компания ісіне жеке қатысуының деңгейі аз
болғанынына қарамастан, біріге иемдеушілік сезімін тудыру.
Кәсіпкерлік қызметтінің акционерлік формасының ары-қарай дамуы меншіктің
жаңа үлесіне негізделетін шектеулі жауапкершілікті қоғамдар әртүрлі
серіктестер, яғни компанияның ұйымдық –құқықтық формасының құрылуынан
көрінеді.
Жауапкершілігі шектеулігі серіктестік тек мүліктік емес, өз
аайырмашылықтары бойынша ғана, жауапкершілігі болатын қоғам мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы негізгі айырмашылықтары
төмендегідей:
1. акционерлік капиталдық жарғылық қоры тек құрылтайшылар құралдарының
құрылтайшы компанияның акцияларына айырбас есебінен ғана құрылмайды,
ол сонымен қатар жазылым инкорпароциясы процессінде барлық
тілектестерге компания акцияларын еркін сату есебінен құрылады.
Жарғылық қоры, мүлікті түрде салынады, оны құрылтайдың пайыздық
салымдары есебінен де құрыла алады.
2. Акционерлік қоғамды-құру үшін, жарғылық капиталдың ең аз мөлшері
және бір акцияның ең аз мөлшері анықталуы қажет. Жеке меншік шаруа
қоғам құру үшін, жарғылық қоры көп мөлшері аз болады.
3. Акционерлік қоғамды құру үшін қатысушылардың белгілі бір мөлшері
қажет, әдетте акционерлердің жоғарғы шегі орнатылмайды, әдетте,
жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайшылардың саны, компаниядағы
акционерлік санына қарағанда өте аз мөлшерлігі болады., ал кейбір
мемелекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайщылардың саны,
компаниядағы акционерлер санына қарағанда, өте аз мөлшерлі болады, ал
кейбір мемлекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамда бір адам да
(мысалы Жапония мен Германияда мемлекеттерде құра алады.) бола алады.
4. Егер, антиманополиялық заңдылықты бұзбаса, акцияның бір меншік
иесінен екіншісіне өтуі шектелмейді. Акционелер қор биржаларында
рыноктық бағамен еркін сатылып және сатылып алынады. Жеке шаруа
қоғамда пайда беру серіктесінің көбісінің немесе барлығының қолдауы
арқылы жүргізіледі.
5. Жауапкершілігі шектеулі қоғамды құру тәртібі акционерлік қоғамға
қарағанда жеңіл, ал оған кеткен уақыт пен құралдың шығыны да төмен.
Қазіргі экономикадағы өте ірі фирмалар көп. қаржыны және өндірістік
ресурстарды ұзақ мерзімді инвестицияларды капиталды сарттық капиталды талап
ететін бизнес, тап осы екі құқықтық формада қызмет етеді. Сондықтан,
қазіргі кезеңде корпарациялар құқықтық формада болады.
Форманың өндірістік қызметі:
Максималды арнайылылық, монополицияға әкелетін факторларды ескермеу,
шығындарды үнемдеу сияқты элементтермен сипаталады. Болашақта мақсатты
қойылымға ілесу фирма аралық өзара қатынастарды дамытып онан әрі бәсеке-
монополия байлықтың қайшылығын күшейту. Осы қарама-қайшы бірлікті шешу
әдістерінің бірі-корпаративті кәсіпкерлікті құру. Осындай жағдайларда
дамытатын орта-корпаративті бизнес секторы, жетілген бәсекемен қатар,
нарыққа жат монополизнен кетуге ұмтылады. Осы корпаративті бизнестің мәні –
нарықтық жүйені қамту .
Кәсіпкерлік жүйені құру барысында оның өзіндік құрылымына , көрсеткіштеріне
және де түрлеріне аса жоғары түсіністікпен , шыдамдылықпен қараған жөн.
Өйткені , нарықтық экономикада кәсіпкерлікті басқаруда көптеген
қиындықтырға тап боласың . Ол жағдай Үкімет тарапынан кездесіп отырады ,
сондықтанда нарықтық экономикада өмір сүру үшін кәсіпкерліктің барлық
жағдайын еске ұстаған жөн .
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке әсер ететін көрсеткіштердің бір
түрі ол– салық салу формасы. Салық салу кезінде алдымен алынған табысқа
күрделі – үдемелі ставка көрсеткіші қлданылады: жеке кәсіпкерлер үшін үш
деңгейлі , заңды тұлғалар үшін – төрт деңгейлі. Жеке кәсіпкерлер үшін
жеңілдетілген нысан бойынша салынған салықты жеке бастық табыс салығы мен
әлеуметтік салық , ал , арнайы салық тәртібін қолданушы заңды тұлғалар үшін
корпоративті табыс салығы мен әлеуметтік салық алмастырады.
Қорыта айтқанда, кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторлар өте көп және
кәсіпкерліктің даму тенденциясына да көңіл бөлген жөн. Экономика
кәсіпкерліктің дамуы, ойшыл- ғалымдардың көзқарастары да кәсіпкерлікті
ашып көрсете алмайды . Өйткені, кәсіпкерліктің дамуына алдыға қоймаған
мақсаттар кері әсерін беруі мүмкін. Сондықтан да, кәсіпкерлік қызмет
экономика дамыған сайын жаңа үрдістер мен түрлерге ие болып отырады. Бұның
бәрін назарда ұстап отыру мүмкін емес, алайда , ол назардан тыс қалуға да
болмайды.

1. 2 Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері.

Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау
мақсаттарына байланысты болады:
• Стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен
бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған
орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай да бір
элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
• Тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір
бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің жұмыс істеу
тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
• Жоспарлау міндеті. Түрлі реурстардың немесе осы ресурстардың түрліше
ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
• Басшылықтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу
жөнінде келіссөздер жүргізу.
Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және коммерциялық қызметі
қасиетінің әр түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің көптеген
түрлеріне ықпал етеді. Сонымен, оларды пайдалану мәселесі мынадан тұрады:
олардың бірде- бірі әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада ,
бизнесте қол жеткен табыстар немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі
туады. Сондықтан да, практикада әр уақытта бір- бірімен байланысты
көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын қызметінің
түрлі жақтарын көрсетеді.

Сурет № 1. Кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметін талдаудың негізгі
принциптері.
Принциптері. Принциптің мазмұны.
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге негізделеді , оның
қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдалынады.
Жиынтылығы Процессті обьективті бағалау мақсатында оны
жан-жақты зерделеу.
Жүйелілігі Бір- біріне өзара байланысты экономикалық
құбылыстарды зерделеу , бірақ оқшаулау емес.
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті , алдын ала белгілі аралық
уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға
дейін емес.
Обьективтілігі Экономикалық құбылыстарды тәжірбиелі және әділ
зерделеу , обьективтік қорытындылар жасау.
Пәрменділігі Практикалық мақсатқа пайдалану , өндіріс қызметінің
жаңа нәтижелілігі үшін талдау қортындысының
жарамдылығы.
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты шығындар , оны жүргізу
нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен
елеулі түрде аз болуы керек.
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау қорытындылары бір бірімен
жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық
процедураларды (тәртіпті) түрде жүргізуге
қорытындылардың сабақтастығы сақталуы қажет.
Ғылымдылығы Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген
әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.

Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып бөленеді. Талдау мақсатына
байланысты көрсеткіштер: абсалюттік , салыстырмалы және орта мөлшерлік
нысаны түрінде білдіруі мүмкін. Әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық
анықтықты (кеңістік, уақыты және мөлшері) болады.
Нарықтық қатынастарға өтуде экономикалық, қаржылық және статистикалық
көрсеткіштер жүйесі олардың есеп айырысу бөлігі және есеп жүргізуі қалай
болса, шешімдерді негіздеу рөлі солай төтеп береді және түрлі өзгерістерге
ұшырайды. Мысалы, шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе жағдайында
кәсіпорын қызметін бағалағанда мынадай көрсеткіштер маңызды рөл атқарады:
жоспарлы орындау, тауарлы өнімнің мөлшері, жалпы өнім мөлшері , ал
нарықтық жағдайда: бірінші кезекте сату мөлшері, пайда, пайдалылығы
және толып жатқан оңтайландырулар.
Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді мына төмендегілерге бөлуге болады:
• Бағалылық, қол жеткен немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі немесе не
ол, не бұл қызмет нәтижесін сипаттайды.
• Жұмсалмалық, қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты
жұмсалатын шығындар деңгейі .
Практика жүзінде кеңінен қолданылып жүрген ең маңызды бағалық
көрсеткіштерге мыналар жатады:
• Кәсіпорынның сатудағы жалпы мөлшері,
• Жалпы табыс
• Шартты таза пайда
• Шартты таза өнім
• Процент төленгеннен кейінгі пайда
• Салық төленгеннен кейінгі пайда
• Барлық қосымша төлемдерден кейінгі пайда
• өндірістің дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі
өтімділігі,
• дивиденд төленгеннен кейінгі өтімділік.

Сурет-2 Өнімді пайдаланудың тиімді жақтарын бағалау.

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың практикалық қызметінде кәсіпорын
өзін ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды. Сатудың
жалпы мөлшері – бұд тауарлар және қызмет көрсету құны, тұтынушыларға
сатылғанын мына формуламен анықтайды :
Q= Б×N
Мұнда , Q – сату мөлшері ;
Б- тауардың бір өлшемінің бағасы, теңге
N – сатылған тауардың мөлшері, теңге
Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің негізін қорытындылайтын баға
көрсеткіші болып есептелінеді.
Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық
шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс
шығындары элеметтерінің құнын анықтайды.
Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар
және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің
барлық түрлеріне пайдаланады.
Шектік таза өнім-бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен
шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды
өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын
материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер , амортизациялық
аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.)
Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсіткіштермен
қаралады:
1. Кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
2. Өнім сапасының көрсеткіштері ,
3. Тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері
4. Кадрларды дайындау , қайта даярлау көрсеткіштері.
Есеп айрысуда ең күрделісі – сапа көрсеткіштері болып табылады. Сол себепті
өнім сапасы оның міндетіне байланысты жалпы сату мөлшерінен тұтынушылардың
кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары (өнімдер),
тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша бағаланады.
Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі кең
таралғандары:
• өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері
• өндіріс шығындары құрылымының көрсеткіштері
Бірінші топқа жататын көрсеткіштер:
1. Кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза
пайда деңгейі;
2. Сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі
3. Шартты таза пайда мөлшерінің еңбекақыға кеткен шығындардың
арақатынасы.

Екінші топқа жататындар :
1. Жалпы сатудағы капиталдың авансыланған және шартты таза пайда деңгейі,
2. Тұтынылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың жалпы құнының
қор деңгейі.

Сурет-3. Тауардың бәсекеге жарамдылығының блок-схемасы

Кәсіпорын қызметін жүйелі жан –жақты талдау мынадай мүмкіндік береді:
• Жалпы кәсіпорынның және оның бөлімше құрылымдарының шаруашылық
қызметіндегі нәтижелілігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
• Тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын
пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және
есепке алу;
• Баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың
өзгерулерінің бет алысын анықтау.
• Жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы
жолдарын шешу мәселесін табу.
Әр уақытта мынаны естен шығармау керек , шаруашылық қызметінің мұндай
көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту мүмкін емес .
Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін , басшы кәсіпкер өзінің іс-
әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі керек.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің
жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану
мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі.
Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның
мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік
• үдерістік
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі
ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технология
негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде
пайдалануын ұштастырды.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін
және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті
ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық
және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы
жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы
және қызмет көрсетуі басымдық , абсалюттік жаңалықтарға ие болады және
үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік
өткізуден алып тастанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің
жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа
констукцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу
және конструкциялық жұмыстарды жүргізу ;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен
материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауға технологиялық процесті әзірлеу;
- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан
өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
- қажетті ақпараттық ақпаратпен ресурстарды және инновацияны
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
- қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу
үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді
арнайы әдіспен іріктеу;
- лицензиялау, патенттеу, ноу –хау жұмыстарын жүргізу немесе
қажетті құжаттарды алу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік
зерттеулерді жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін
талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші
кезеңінде– жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және техника мен
технологияның тиімділігі.
Техникалық –ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру
көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері , яғни техниканың ,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми–зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру
қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық –ұйымдастыру деңгейі өндірістік
процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық
көрсеткішті, еңбек өтімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну,
айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табылады. Бұларды талдау техникалық-
ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке
көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру
шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
• еңбек өтімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және
еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсіну),
материалық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор
сиымдылығының төмендеуі) негізгі өндірістік қорлардың
салыстырмалы ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, айналым
қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек материалдық және қаржы ресурстарын
тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі ;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының
көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі
өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық
деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық
қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның
бейімделу–ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты.
Инвестициялық қызметтің кәсіпорын саласында алатын рөлі өте ерекше .
Өйткені, инвестиция қызметі арқылы кәсіпорын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі туралы
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Кәсіпкерліктің дамуы, формалары және бағыттары
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат
Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Пәндер