“Ақсай нанның” ЖШС –ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1. ҚР астық өндірісінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері

1. 1 Ауыл шаруашылығы жалпы саласының даму жағдайлары . . . 8

1. 2 Ауыл шаруашылықта астықтың экономикалық тиімділігі . . . 11

1. 3 Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің теориялық негіздері . . . 13

2. “Ақсай нанның” ЖШС -ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау

2. 1 Шаруашылықтың жалпы экономикалық сипаттамасы . . . 18

2. 2 “Ақсай нанның” негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 19

2. 3 “Ақсай нанның” бәсекелестік стратегиясын қалыптастыру және өндірісінің экономикалық тиімділігі . . . 29

2. 4 Ауыл шаруашылығының астық басым бағыттарын дамытуға мемлекеттік қолдау . . . 31

3. Ауыл шаруашылықтағы астық жетілдіру жолдары

3. 1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижесін арттыру бағыттары . . . 34

3. 2 Наубайхана қызметінің экономикалық тиімділігінің болжамы . . . 35

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 45

Кіріспе

Адамзаттың өнеркәсіп пен техникадағы қол жеткізген жетістіктері қаншалықты әсерлі болғанмен, оның бар өмірі бұрынғысынша табиғатқа тәуелді екендігін әрдайым есте сақтау қажет. Табиғат адамдардың иелік етуіне аса мол және әртүрлі қорларды ұсынады, оларды тиімді қолдану ХХІ ғасыр қарсаңында да үлкен маңызы бар мәселе.

Ең алдымен осы табиғаттың басты негізгі қоры - Жерге байланысты адамдардың киім-кешегі мен азықтануына қатысты мәселеге тоқталайық. Жерге экономиканың ерекше салаларының бірі - ауылшаруашылық өндірісі тәуелді. Біріншіден, ол тұтастай жылдан-жылға қатты өзгеріп тұруы мүмкін табиғи-климаттық жағдайларға бағынышты, сондықтан да бұл ауылшаруашылығын тұрақсыздандырады және оның нақтылы нәтижелерін болжау қиынға соғатын іс етеді. Екіншіден, ауылдық жерде шаруашылық жүргізудің маусымдық сипаты басым келеді де, осыған байланысты өнімді өндіру мен тұтыну мезгілдік жағынан бір қалыпты болмайды. Үшіншіден, басқа салалармен салыстырғанда экономиканың бұл саласының өніміне нақты жағдайға икемсіздеу болып келеді, өйткені баға қай бағытта өзгерсе де бұл өнімдерді тұтынудың объективті негіздері бар.

Осы айтылғандарға қоса Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісінің нарықтық механизмі өте жеткіліксіз, барынша қарама-қайшы және асығыстық жағдайда қалыптасып отыр. Соның салдарынан еліміз ауыл шаруашылығына жарамды ұлан-байтақ жері бола тұра, өзінде өңдірілген азық-түліктің жетіспеушілігін бастан кешуде. Осындай жағдайдан арылудың бірденбір жолы - ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныс көлемі мен олардың ұсыныс көлемінің арақатынасын теңдестіре ұстауда мемлекеттің ролі аса жоғары екендігін дүние жүзі елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Сондықтан да көптеген елдерде ауылшаруашылығының экономикасын мемлекеттік реттеудің механизмдері енгізілген. Оларда шаруаларды мемлекеттік қолдау механизмдерін жасай отырып, нарықтың «көрінбейтін қолының» еркіндігін шектеу қажеттігі айқындалған. Мұндай механизмдер өз жеріне меншік иесі бола отырып, оны тиімді пайдалану мен сақтауға мүдделі ерікті шаруа мүдделеріне бағытталғанда ғана дұрыс жұмыс істей алады.

Әлемдік ауыл шаруашылығының тәжірибесі ертеректе көрнекті ресейлік экономист-ғалым Александр Чаяновтың ғылыми тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеді. Әсіресе, оның айтуынша, техниканың аса зор даму жағдайында да осы салада отбасылық фермерлік шаруашылықтар маңызы роль атқара алады. Мысалы, АҚШ-та ХХ ғасыр аяғында да өнімнің 60%-ке жуығын жеке ешқандай да мемлекеттік қаражат жұмсау ауыл шаруашылығын дағдарыстан құтқармайды.

Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі - сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін сақатау, яғни ауылшаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірден-бір дамыған елде егін мен мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.

Шаруаларға тек жұмыс істеу міндет қалдырылды да, олар меншік иелігінен және басқару функцияларынан айырылды. Кемшіліктің түп-тамыры жаппай мемлекеттендіруде, жерге, өндірістің басқа да қорларына және өніміне мемлекеттің монопоьдық меншік құқығына орнатуда болып табылады. Мемлекет бірден-бір меншік иесі мен шаруалаықтың егжей-тегжейіне дейін басқарушы органына айналады. Осы жағдайда кез келген мемлекеттік механизм бәсекеге жол бермей, дамуға тежеуіш болатындығы бұрыннан дәлелденген.

Бірақ, бұл - айтылмыш саладағы күйзеліс себептердің бір тобы ғана. Олардың екінші тобы 1990 жылдан бергі кезеңде орын алып отырған саяси, экономикалық және ұйымдастыру процестерімен тығыз байланысты. Мәселе тек республикалар мен аймақтар арасындағы еңбек бөлінісі кезінде қалыптасқан тұрақты, тығыз экономикалық байланыстардың үзілгендігінде ғана емес. Мәселе - экономиканы реформалау жолында жіберілген қателітерде болып отыр. Ең алдымен бұл монополиялық үстемдік, енді-енд және ғылыми негізсіз басталған жекешелендіру, өндірістегі бәсеенің жоқтығы мен жаппай тапшылық жағдайлаында бағаны ырықтандырумен байланысты болды. Осы тұста мемлекет өзінің реттеу функциясынан бас тартып, биліктің жоғарғы тармақтарында «нарықтық қиял» тарады. Экономикалық күйзелістерге бұрынғы жүйеден мұра болып қалған табиғи ортаның кең көлемді бүлінуі келіп қосылып ауыл шаруашылығын одан әрі шиеленісе түсті. Оның үстіне адамдардың нарықтық психологиясы қалыптаспай тұрып өзімшілдік идеясы күшейді, еңбекке мүдделік жойылды, рухани жұтандық пен жауапкершіліктің төмендеуі кең етек алды. Ал мұндай жағдайда оларды жалпыға ортақ іске жұмылдыру тек нарықтың ықпалымен жүзеге асуы мүмкін емес.

Қазіргі меншіктің жаңа түрлеріне көшкен шарушылықтардың, жалпы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әрбір аяқ алысы үлкен қиыншылықтармен қабаттасып жатыр. Атап айтқанда ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуші сала мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, сатып-таратумен айналасатын салалар монополиялық үстемдік құрып, ауыл шаруашылығының есебінен күн көріп отырса, нағыз өнім өндірушілер өз еңбегінің жемісін көре алмай отыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары әлеуметтік-экономикалық тоқыраудың ащы дәмін татып келеді. Нелікен? Осы саланың тығырықтан шығуының жолы қандай? Бұл жолда мемлекеттік реттеудің ролі қандай? Міне осы мәселелер төңірегінде біраз ойларымды ортаға салуды жөн көріп отырмын.

  1. ҚР астық өндірісінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздеріАуыл шаруашылығы жалпы саласының даму жағдайлары

Қазақстан - 16, 5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел. Жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шаршы километр алады. Ауыл шаруашылық жалпы көлемі 222, 3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллион жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2, 2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1, 5 миллион тоннаға жетеғабыл ет 3, 5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндіреді.

Ішкі көздернің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылқ өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегілер қарастырылған:

  1. Бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және экономикалық реформалар арқылы түзетулер енгізу;
  2. Ауылшаруашылықта еркін бағ белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, мемлекет қолдауымен монополист - кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, біріккен бизнесті дамыту;
  3. Баға конъюктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын ауыл шаруашылық қазіргі заманға сай инфрақұрылымын құру;
  4. Агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:

-республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциялын олардың экологиялық мақсаткерлігіне үмтылу;

-ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтарғы жем-шөпбазасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;

  1. Ауыл шаруашылығының экожүйенің барлық элементерін, экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық тиімді әлемдік рыноққа сәйкестендірілуі.

Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша салықтар мен төлемдердің мөлшері жоғары болып отыр. әртүрлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері көрсеткендей болып отыр. Әртүрлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері көрсеткендей салықтар мен төлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тік салық мөлшері тек жай ұдайы өндірістің қысқаруына әкеліп соғады. Аграрлық салада салық салу жүйесініен жол қорына, т. б. түрлі даму қорларына аударылатын салықтар мен төлемдерді шығарып тастау жөн болар еді.

Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымыдық өзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияларының маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу, сақтау және өткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болды. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі бағыттарды қаржыландыру үшін аса қажет:

-мемлекеттік маңызы бар табиғатты қорғау шаралары мен мелиоративтік жұмыстар;

-жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, канализация жүйлерінің құрылысы;

-ауылдық денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бала-бақша және қарттар үйі объектілерінің құрылысы мен оларды қамтамасыз ету.

-жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу және т. б.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт-импорт операцияларын реттеуде негізгі мақсат - тұтыну нарығын толықтыру және әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл бағытта жақын шет елдермен бұрынғы өндірістік және сауда байланыстарын қалпына келтіру тиімді. Сондай-ақ алыс шет елдермен экономикалық байланысты дамытудың да мәні зор. Оның негізін сыртқа шығаратын өнімдер құрайды: мал шаруашылығы бойынша - жүн, қой терілері; егін шаруашылығында -астық, мақат, кейбір көкөніс түрлері. Ал сырттан алынатындарына, бірінші кезекте, ауылшаруашылқ кішігірім техникасы мен технологиялар жатады. Мұндай сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыруда мемлекеттің белсенді ролі сөзсіз қажет. өйткені мемлекеттік реттеусіз еліміздің зор табиғат байлығы пайдасыз болып, талан-таражға түсетіні белгілі. Екіншіден, сырттан әкелетін өнімдерді қадағаламасақ ішкі тауар өндірушілердің мүддесіне зиян келтіреді. Бұл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс.

Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, ең алдымен, басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруа қожаларының функцияларын айқын ажыратудың мәні зор. Мемлекеттік басқару органдарының функцияларын төмендегідей етіп қарастыруға болар еді:

-агроөнеркәсіп кешенінің дамуын бюджеттік қаржыландыру, баға, несие, салық, инвестициялық және әлеуметтік саясат арқылы реттеу;

-мемлекеттік саясат бағдарламалары мен ауылшаруашылығының өркендеу жоспарларын, нормативтік заң актілерін жасап-дайындау;

-мемлекеттік азық-түлік қорын қалыптастыру;

-түбегейлі ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;

-ғылыми-техникалық жетістерді енгізу;

-халықаралық экономикалық байланыстарды реттеу;

-инспекциялық бақылау;

-жер қорын, өнімді стандарттау жүйесін басқару;

-ветеринарлық бақылау;

Жалпы аграрлық қатынастарды басқару жүйесіндегі міндет - олардың стихиялық түрде дамуына, тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін жағдайға жетуіне жол бермеу болып табылады.

Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары:

а) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау;

ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу;

б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғай мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде жердің құнарлығының сақталуы мен жақсаруын бақылау.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әу баста жіберіп алған баға қайшылығы құн заңын сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық өнімнің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғау керек. Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға құрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бұл жағдайда аграрлық сектор үшін өндіріс құралдарын шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін келесім бағасының жоғары мөлшерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада ауылшаруашылық тауар өндірушілірі мен өңдеуші кәсіпорындар интеграциясының ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналасқан жөн болар еді.

Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеу үшін тұрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі - бұл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмнің жасалынбағандығы.

Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілерімен форвардты, фьючерстік контрактілер жасап, кепілдік операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауарөндірушілер алдын-ала процентсіз несие алу мүмкіндігіне ие болады. өйткені, форвардтық операциялар - бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фьючерстік операциялар - белгілі бір көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату - бұл процентсіз несие алумен қатар ауылшаруашылық бағалы қағаздар нарқын құруға, тұрақты сұраныс пен өнімді кепілдік өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфляциялық процесстердің төмендеуіне мүмкіндік береді.

1. 2 Ауыл шаруашылықта астықтың экономикалық тиімділігі

Нарықтық экономика жағдайында астық өміршеңдігі оның тауарлары мен қызметтер рыногындағы тұрақтылық жағдайы өзінің бәсекеге қабілеттілік деңгейімен анықталады. Тұтыну қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті өнім, рыноктағы өзінің аналогтарымен (ұқсас «әріптестерімен») салыстырғанда әрқашан жоғары сұранысқа ие. Бәсекелестік қабілет - өнімнің (тауардың) салыстырмалы сипаттамасы. Ол осы өнімнің өз бәсекелестерінің өнімінен айырмашылығын көрсетеді: қандай да бір қоғамдық тұтынысқа сәйкес келу дәрежесі бойынша; өнімділігі және басқа сипаттамалары бойынша.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - нақты сатып алып отырған тұтынушыны өзіне тарту дәрежесі деген сөз. Сонымен бірге өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі дегеніміз, оның тек жоғары сапа ғана емес, нарықтық кеңістік пен уақыт аралығында оңтайлана білу қасиеті, ең бастысы нақтылы сатып алушылар тобының талаптары мен мүмкіндіктерін толық есепке алуы.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - оны басқарудағы барлық проблемалар спекторы бойынша бәсекелестік артықшылықтары.

Саланың бәсекеге қабілеттілігі, бір жағынан, ондағы компаниялардың бәсекелестік артықшылықтары, екінші жағынан, олардың өз ара іс-әрекеттері жүйесі арқылы көрініс табады.

Бәсекеге қабілетті бір сала өз ара бірін-бірі нығайтатын қатынастар процесінде басқа саланың құрылуына жәрдемдеседі. Мұндай сала көп жағдайда нағыз талап қоятын сатып алушылар болады. Осындай талап қоюшының болуы жеткізіп беруші саланың бәсекелестік қабілетінің артуын анықтайтын маңызды фактор болып қалыптасады. Бәсекеге қабілетті жеткізіп берушілердің өздері де еліміздегі тұтынушылар саласын дамытуға жағдай туғызады. Олар тұтынушыларды жалпы өндірістік факторлардың дамуын ынталандыратын технологиялармен қамтамасыз етеді, жаңа өндірушілерді өмірге әкеледі.

Салааралық бәсеке әр-түрлі салалардағы шаруашылық субъектілері арасында елеулі жоғары пайда алу үшін күрес формасында жүргізіледі. Пайдалылығы жоғарылау салаға тартыла отырып жаңа капиталдар өндірістің кеңеюіне, тауар ұсынысының көбеюіне жағдай туғызады.

Қорыта айтқанда ауыл шаруашылығы өндірісінің дамыту - қара бастың қамы емес (аясы тар мақсаты емес) . Оны тиімді деп егер теңестірілген өндірісі мен сату рыногы болса ғана айта аламыз. Сол үшін ішкі және сыртқы рыноктардағы ахуалды, отандық өнімдерінің салыстырмалы артықшылықтарын анықтау, олардың бәсекелестігін арттыру үшін шаралар қолдану, алыс - жақын шетелдердің рыноктарындағы экспорттық саясатының жандануын талдау, ішік рыноктың сапалы емес, шеттен әкелінген тауарлардан қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шараларын дайындау жұмыстары қажет. Сонымен ауыл шаруашылығы өндірісі өзіндік ерекшеліктеріне байланысты экономиканың басқа салаларымен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ол жан-жақты қарастырылған мемлекеттік реттеу саясатын қажет етеді.

Қазіргі кезде біздің елде әдеттен тыс ахуал қалыптасты: ауыл шаруашылығы өнімдері өзіміздің ішімізде тұтынылады және шикізат түрінде сыртқа шығарылады, ал өзіміздің азық-түлік рыногымыздағы шеттен әкелінген дайын өнімдер асып - тасып жатыр, біз оларды тұтына отырып, еліміздің ішкі жалпы өнімін, отандық тауар өндірушілердің табысын өсіру мүмкіндігін жоғалтамыз. Ең өкініштісі, керісінше, шетелдік тамақ азық-түлігін өндірушілерді қаржыландармыз.

Әдетте ашық ұлттық рыноктар болмайды, әсіресе азық-түлік рыногы ашық болмайды. Әрбір ел, сонымен қатар шетке шығарушы елдер де, өзінің ішкі рыногы мен отандық тауар өндірушілерін қорғауға әрекет етеді. Мысалы, Жапонияда сырттан күнделікті тауар әкелуге жоғары баж салығын қою арқылы жол бермейді, өздерінің күріш өсірушілеріне қымбаттырақ төлегенді жақсы көреді. Финляндияда 1т-дан АҚШ ұсынған бағадан 4 есе қымбатқа түседі, бірақ олар бидай еккенді жақсы көреді, өзінің азық - түлік қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етеді. АҚШ-тың өзі азық-түлікті 17%-дан асырмайды. Қазақстанда азық - түлік импорты 43%, ал Алматы қаласында 70%-ға дейін импорт есебінен қамтамасыз етіледі. (Есполов Т., 2005ж)

Нарықтық экономика жағдайында астық республикамыздың ауылшаруашылығық тауар өндірушілеріне тиянақты ойластырылған, мемлекеттік қолдауға негізделген аграрлық саясат қажет, ал мұндай қолдаудың түрі мен көлемі әр кезеңнің ерекшелігіне қарай анықталады. Экономиканың аграрлық секторында реттеудің тек қана нарықтық әдістерін қолдану ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық базасының, өнім өткізу нарығы мен инфрақұрылымының өте әлсіз жағдайында көптеген кәсіпорындардың күйреуіне алып келеді.

Қараусыз қалған мал қорлары мен жарамсыз техникалар негізінде шаруа қожалығын құру болашағы бар шара еме. әрине, ол белгілі нәтижесін береді, ол үшін, шаруашылықты азық-түлікті сенімді түрде өндіруші ету үшін күрделі қаражат керек: жеке меншіктің қорлар құрылып, қомақты несие берілуі қажет.

Аграрлық сектордағы дағдарыстың бір себебі - банкілік несие саласының жалпы жағдайы. Несие процентінің жоғарғы ставкасы ақша айналамын тұрақтандыруға да, теңгенің толық құнды айналымдылығына жетуге де мүмкіндік бермейді. Процент ставкасының өсуі ауыл тауар өндірушілерінің тұрақты құлдыраумен көптеген кәсіпорындардың өнім рентабельділігі ұдай төмендейд. Мұндай жағдайда ауыл мүмкіндігі жоқ, бірақ солай істеуге мәжбүр: бүгінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының көпшілігі айналым қорлары қарызға алынған.

Мәселе тек мұнда емес. Ол экономикалық ситуацияның қарама-қайшылығында, өйткені тапшылықты жағдайдағы экономикада процент ставкасының кез-келген салыстырмалы өсуі инфляция мен ақша тұрақсыздығының төмендеуіне емес, өсуіне алып келуі мүмкін, себебі біздегі инфляцияның түп-тамыры бәрінен бұрын ақша айналымы саласында емес, тауар өндірісінің өрісінде, оның жеткіліксіз бәсекелестік және өтімділік қабілетінде, жоғарғы шығындылығында жатыр. әрине, бюджет тапшылығы да, процент ставкасы да, кез келген шектеулерді тез жеңілдету де инфляцияның нәтиже беруші себептері ретінде бола алады. Қолда жасалынған шектеулердің дамуына қарай ақша көлемі салыстырмалы түрде өндіріс шығындары мен бағаның объективті өсуіне қарағанда айтарлықтай көп қысқарды. Тауарлар бойынша шығындар мен бағаның өсуіне жәрдемақы төлеу жеткіліксіз. Осыдан келіп өнім өткізудің үздіксіз дағдарысы мен уақтылы төлемеушіліктің өсуі туындайды. Қазіргі инфляцияның мәнісі өндіріс шығындарының «таза» инфляциясын білдіреді.

Сондықтан, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары осы жоғарыда айтылған мәселелердің шешілуіне бағытталып, мақсатты мемлеккеттік қаржыландыру күшеюі тиіс. өндіріс көлемі мен өнім өткізудің қысқаруын болдырмау үшін, шаруашылықтардың бағалы дақылдарды өсіріп, асыл тұқымды мал табының сақтау үшін ауыл шаруашылығын қолдаудың Мемлекеттік қоры арқылы қажетті мөлшердегі дотация ставкаларын белгілеу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нан пісіру
ЖШС Аксай нан - тоқаш комбинаты өнімдері
Экономикалық қатнастар ортасы экономикалық көрсеткіштері
Стратегиялық жоспарлау туралы
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
«Ақсай» нан комбинаты
Бәсеке артықшылығына жетудегі баламалы стратегияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz