Ахмет байтұрсынов (1872—1937)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖАУҒА ТҮСКЕН ЖАН СӨЗІ

Жанға көңіл қалып тұр,

Жан бұл күйге салып тұр.

Тәнге көңіл қалып тұр,

Тән шыдамай арып тұр.

Жұртқа көңіл қалып тұр,

Жұрт жалғанға нанып тұр.

Өтірік өрлеп, күшейіп,

Шын жеңіліп, талып тұр.

Бақ дегенде байлау жоқ;

Уағдадан танып тұр.

Тағдыр шіркін тап беріп,

Тамағымнан алып тұр.

Пәле деген андушы

Аяғымнан шалып тұр.

Жала деген төбеті

Балтырымнан қауып тұр.

Жау білегін сыбанып,

Пышағын қайрап, жаныптұр.

Сауысқан, қарға, қарақұс

Жемтік андып, бағып тұр.

Көре алмаған күншілдің

Көңіліне мұным жағын тұр.

Табалаған жаманның

Шаян тілі шағып тұр.

"Әй, сені ме!" дегеннің

Айызы әбден қанып тұр.

Жаны ашыған жақынның

Жас кезінен ағып тұр.

Айыруға амал жоқ,

Қылышын жерге шауып тұр.

«Әлде қалай болар» деп

Жүрегі жұлқып қағып тұр.

Түгі жылы, білмедім:

Түледі ме - нағып тұр?

Түлемеген түпкі дос,

Түлегенің барып тұр!. .

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1938)

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1938)

Төлбасы

Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылык, демократтык бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тұркітанушы, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптаскан дәстұрлі кұжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, кайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы қаңтар айының 18-інде дүниеге келген (Ахмет өзінің "Өмірбаянында" көрсетуі бойынша 1872 жылы туған: № 5 ауыл, Тосын болысы, Торғай уезі) . Қалын қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық зорлыққа шыдамай, 1885 жылы казан айының 12-сінде ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады. Мұның арты дүние-мүлікті тартып алу, тұрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылумен тынады.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі карақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауаташады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте окып білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылык білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. Ауылдық, болыстық, кейін екі сыныпты мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап, өлең-жыр шығарады, ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқаларын жинайды. Оқыған, еркін мінезділігімен, батыл да ойшылдығымен ел ішінде бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі сыныпты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шілденің 1-і күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп торығады, қинала жүріп ширайды, ақыры күреске белді бекем буады. Бостандықты аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда тұрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында "Қазақ" газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.

Алаш козғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов та жаңа өткел, соны өріс іздейді. Азапты толғаныс, өзгеру эволюциясынан етіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының көптеген өкілдерін езіне ілестіріп, Кеңес өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оку орындарында профессор болады.

Әділетсіздік бел алып, сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалады да, лагерьде ұзақ азап көріп, одан 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылады.

Тау сілеміндей мол мұра

Ұлы ғұламаның ауыр тағдыры осындай, ал толық өмір-баянын жазу үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи құжаттарға сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған «Жизнеописание» (1929, 8 наурыз), «Биография» (1929, 21 тамыз) атты материалдары айрықша бағалы. Бұлар ҚазПУ архивінде сакталған.

Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, қайрат-керлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырындардың орны ерекше.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А. Самойлович (Литература турецких народов. "Литература Востока", вып. I. П., 1919), Е. Поливанов (О Киргизско-казахской орфографии. "Бюллетень СГУ". вып. 7, Ташкент, 1924) әділ әрі бағалы пікірлер айтқан болатын.

Ақын, көсемсөз шебері, ғалым, қоғам қайраткерінін өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. "Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу Қоғамы еңбектерінде" (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. "Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк) " атты мақаладағы (15-26-беттер) тарихи деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жок. Ақиқатка жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А. Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Макалада тұңғыш рет ақын, ғалым, көсемсөз шебері, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік каны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастары жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақала А. Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл ғылымындағы жаңалықтарын саралауға арналған.

Мәскеуде 1929 жылы "Коммунистік академия" баспасынан шыққан "Әдебиет энциклопедиясының" I томында А. Байтұрсынов: "Аса көрнекті казақ ақыны, журналисі және педагогі . . . Ол - қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиет теориясының негізін салушы" (305-306-беттер) - деп бағаланып, өмір-баяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылады.

Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты, дәл бүгінгі күнмен үндес, заман рухына орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың. "Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң тұрлеген ана тілі, Акаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, "Ңырық мысал", "Маса" еңбегі, "Қазақ" газетінің 1916 жылдағы кан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер, білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды" ("Ақжол", 1923, 4 ақпан) - деп жазған еді Мұхтар.

Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айткан адамның бірі - Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші қазақ" газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды" деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: "А. Байтұрсынұлы - қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі. Окыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, арын жоқтаған, патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уакыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды". "Қырық мысал", "Маса" кітаптарын, "Қазақ" газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан Компартияға кіргенін түгел шолып айта келіп, мынандай түйін түйеді: "Қалай болса да жазушысы азғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай . . . Елуге келген Акаңды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзак болуын тілеймін".

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
Алаш партиясына шолығу
«Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы).»
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Алаш Орда құрылтайы
Алаш орда туралы ақпарат
Алаш партиясы туралы
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Алаш Орда (1917—1920)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz