Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институты
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы : Бастауыш сыныптарындағы
оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Ғылыми жетекшісі : п. ғ. к., доцент
Әмірова Әмина Слямханқызы
Орындаған :Айтбаева Тамара
2ж., 2. курс, сырттай бөлім
Алматы 2007
Тақырып: «Бастауыш сыныптарындағы оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері»
Кіріспе
. . .
І тарау. Бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың ғылыми негіздері.
- «Гуманизм» ұғымының мәні және оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері
. . .
1. 2. Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық, психологиялық мүмкіндіктері
. . .
ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытудың әдіс - тәсілдері және технологиялары.
2. 1. Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың моделі мен өлшемдері
. . .
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытуды жүзеге асыру жолдары мен әдіс - тәсілдері
. . .
2. 3. Қалыптастыру эксперименті
. . .
Қорытынды
. . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
. . .
К І Р І С П Е
Қазіргі еліміздің саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістер орта және жоғарғы мектепті демократияландыру және гуманизациялау, білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтеру, оларды еңбекпен қоғамдық өмірге даярлау мәселесінің көкейтестілігін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңында, «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» жобасында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында», Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауында» т. б. құжаттарда осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту, кең ауқымды ойлай білетін тұлғаның рухани және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру, тұлғаның шығармашылық дара қасиеттерінің дамуы үшін жағдай жасау, интеллектісін байыту міндеттерін алға тартып отыр.
Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқу - тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қояды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында : « . . . Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған . . . І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым - қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін - өзі көрсетуді, мінез - құлық мәдениетін, жеке гигиенасы және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған», - деп көрсетілген.
Гуманистік ой - пікірлер қазіргі кездегі педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің ашқан жаңалығы емес. Оның негізі әр халықтың діни сенімдері мен салт - дәстүрлерінде, философиялық және педагогикалық ілімдерінде жатыр. Дегенмен, бірқатар философиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау барысы «Гуманизм» термині ғылымға алғаш рет ХІХ ғасырда ғана енгізілгенін байқатады.
«Гуманизм» ұғымына М. М. Розенталь, А. Ф. Лосев, Р. Н. Нұрғалиев сияқты философтардың құрастырған және т. б. сөздіктерде әртүрлі анықтамалар берілгендігін байқауға болады.
Гуманизм идеясы Сократ, Платон, Аристотель, шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Ибн - Сина, Ж. Баласағұн және қазақ ақын - жыраулары мен жазушыларының еңбектерінен, сондай - ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінен кең орын алды.
И. Кант жаңа дәуір философиясын әрі қарай жалғастырып, жалаң білім мен зердеге негізделген ілімді сынға ала отырып, адам бойындағы әсемдік, адамгершілік қасиеттерге жете мән берді.
Сократтың адам туралы ілімі батыс философиясына, әсіресе, неопрагматизм, жаңа гуманизм, экзистенциализм ағымдарына зар әсер еткенін байқауға болады. Бұл бағыттардың негізгі өклдері: А. Маслоу, А. Комбе, К. Роджерс, Р. С. Питерс Н. А. Бердяев пен С. Франкл т. б.
Философтардың адамгершілік құндылық туралы пікірлері гуманистік психология мен педагогиканың қалыптасуына негіз болды.
Гуманистік психология ХХ ғасырдың 60- шы жылдарының басында АҚШ - та пайда болды. Бұл бағыттың жетекші өкілдері - Г. Олпорт, Г. А. Мюррей, К. Роджерс, А. Маслоу т. б.
Оқытуды гуманизациялаудың психологиялық аспектісін, яғни оқушыларды моральдық дамуымен қарым - қатынас психологиясын зерттеумен А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, И. Л. Ленская, Л. А. Венгер, В. С. Мухина, Қ. Жарықбаев, С. Елеусізова.
Қайта өрлеу заманы гуманистік педагогиканың дамуынң жаңа кезеңі болды. Қайта өрлеу заманының өкілдері Т. Мор, Т. Компонелла, Ф. Рабле т. б. да ағартушылар баланы жан - жақты білу, баланың жеке басын бағалау қағидасын ұсынды.
Гуманистік педагогиканы әрі қарай дамытуға үлес қосқан ұлы педагогтар; Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, А. С. Макаренко.
Қазіргі кезде оқу - тәрбие процесін гуманизациялау мәселесіне зерттеулерін арнаған ТМД ғалымдары З. Г. Нигматов, Л. В. Куликова, И. Е. Тершенко.
Кейінгі кезде бұл мәселені қазақстан ғалымдары да зерттеуде. А. А. Бейсенбаева, С. А. Ұзақбаева, Г. К. Шолпанқұлова, Ж. Таубалдиева докторлық және кандидаттық диссертацияларында бұл мәселе әр қырынан көрініс тапты.
Сондай - ақ осы мәселе төңірегінде А. А. Бейсенбаева мен М. Е. Ералиеваның, К. Нуртілеуованың баспасөз беттерінде біршама мақалалар да жарияланды.
Сонымен, біз жоғарыда біраз ғылыми еңбектерге, диссертациялық зерттеулерге талдау жасай келе, оқушыларды жекелеп оқыту мәселесі орыс тілінде және орыс тілі мектептерінде қалай жүзеге асырылғаны, қалай асырылуы қажеттігі туралы көтерілгенін байқадық. Ал, қазіргі кезде қазақ мектептерінде, соның ішінде, бастауыш сыныптың оқу - тәрбие процесінде жекелеп оқытуды ұйымдастыруға бағытталған ғылыми еңбектер жоқтың қасы деуге болады.
Сонымен қатар, мектеп жұмысын бақылау және мұғалімдер мен оқушылар арасында жүргізілген сауалнама жұмысының нәтижесі бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялау, оқушыларды жекелеп оқыту мәселесі тәжірибеде қажетті дәрежеде жүзеге асырылып отырмағанын байқатты. Бұған сабақта оқушылармен фронталді жұмыс істеудің басымдылығы, оқушыларды жекелеп оқытуды жүзеге асырудың шектеулілігі, сыныптағы оқушылар санының көптігі, әдістемелік нұсқаулардың аздығы өз кесірін тигізеді.
Міне, сондықтан педагогикалық тәжірибеде оқушыларды жекелеп оқытуды ұйымдастырудың ғылыми теориялық аспектілерін оқытушылардың білмеуі салдарынан оқыту процесін гуманизациялау мәселесін шешудің жүйесіз жолдары басым болып отыр.
Қазіргі бастауыш білім беру жүйесі оқушыларды жекелеп оқыта отырып, оқыту процесін гуманизациялауға толық мүмкіндік бермейді. Соған байланысты оқушыларды жекелеп оқытудың теориялық зерттелуі мен оның мектептегі оқыту процесінде қолданылуы арасында қарама - қайшылық туындап отыр.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз оқу - тәрбие процесін гуманизациялау барысында бастауыш сынып оқушыларымен гумандық қарым - қатынас жасау негізінде жекелеп оқытудың әдістемелік негіздерін жасаудың қажеттілігін байқадық. Сондықтан бұл мәселені өз зерттеу жұмысымыздың нысаны етіп алдық.
Зерттеу нысаны: жалпы қазақ орта мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқу - тәрбие ісін гуманизациялау процесі.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың тиімділігін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
- «Гуманизм» ұғымының мәнін ашу, философиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
- Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық, психоолгиялық мүмкіндіктерін айқындау.
- Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың моделін жасау және өлшемдері мен деңгейлерін анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытудың технологиясын көрсету;
- Бастауыш сыныптың оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушылараға жекелеп өзіндік тапсырмалар беру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқыту оқу - тәрбие процесін гуманизациялаудың құралы болады, егер мұғалімдер:
- оқушылармен гумандық қатынас жасау мен жекелеп оқытуды жүзеге асырудың қажеттілігі мен маңызын жете түсінсе;
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін білсе;
- оқыту барысын гуманизациялау негізінде оқушыларды жекелеп оқытуда оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың алуан түрлерін қолдана алса;
- бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқыту технологиясын игерсе;
Зерттеу барысында мынадай әдістер қолданылды: философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; жаңашыл мұғалімдердің іс - тәжірибесімен танысу және талдау; бақылау ; тест; сауалнама; педагогикалық эксперимент, математикалық әдістер.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теорилық негіздері:
Біртұтас педагогикалық процесс теориясы, тұлғаның әлеуметтік мәні, қоғамдық сананың негізгі формасы - мораль, тұлғаның дамуындағы сана мен іс - әрекеттің бірлігі, ақыл - ой әрекетінің қалыптасу кезеңі туралы оқулар, жеке және ұжымдық еңбектің диалектикалық бірлігі туралы философтардың, психологтардың, педагогтардың алдыңғы қатарлы идеялары.
Зерттеу базасы:
Алматы қаласындағы №98 - ші орта мектебінің, №124 - ші арнайы орта мектебінің бастауыш сыныптар және Алматы қаласы Қарасай ауданындағы орта мектептің бастауыш сыныптары.
1. Бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың ғылыми негіздері.
1. 1. «Гуманизм ұғымының мәні және оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері.
Бастауыш мектептегі оқу - тәрбие процесін гуанизациялаудың маңызын ашпас бұрын, алдымен, адамның болашағы және оның білім алуы, мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынасының негізгі қағидалары бастау алатын философиядағы қоғам және ондағы адамның орны, гуманизм туралы түсініктерге сипаттама беруді жөн көрдік.
Гуманистік ой - пікірлер адамзат қауымымен байланысты шығып, дамып, өзгеріп, жетіліп отырғанымен, «Гуманизм» терминін алғаш рет ХІХ ғасырда неміс педагогі Ф. Нитхаммер енгізді. Содан бері «Гуманизм» терминіне ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп келеді.
М. М. Розентальдің жетекшілігімен шығарылған «философиялық сөздікте»: «Гуманизм (лат. адамгершілікті) - адамның қадір - қасиетін құрметтеуді, адамдардың игілігіне, олардың жан - жақта дамуына қамқорлық көрсетуді, қоғамдық өмірде адамдарға қолайлы жағдайлар тудыруды білдіретін көзқарастардың жиынтығы»- делінген.
Ресей философы А. Ф. Лосевтің пайымдауынша, гуманизм - философия, тарих, филология тұрғысындағы білімдердің және ерекше бір қасиеті, еркін ойлауға деген бұрылысы.
Этика туралы сөздікте: «гуманизм - тұлғаның қадір - қасиетін қорғау және бостандығын талап етуге, оның қабілеттерін жетілдіруге және адамның мүмкіндігінің шексіздігіне, адамның бақытты болуға құқылығы, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру қоғамның басты мақсаты екендігін сендіруге негізделген көзқарастардың қағидалары» - деп жазылған.
Ал, Р. Нұрғалиевтің құрастырған философиялық сөздігінде: «Гуманизм - адамның қадір - қасиеті мен құқын құрметтеуге, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігі, оның жан - жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы» деп анықтама берілген.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «Гуманизм - дүниетану принципі. Оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін - өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.
Гуманизм қайта өрлеу дәуірінде ХІV -ХVІ ғ. ғ. қоғамдық ой - пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялық ағым ретінде қалыптасқан. Бертін келе адамды барынша ардақтайтын, адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналады» деп жазды.
Сонымен «гуманизм» ұғымын әр ғалым өзіндік ерекшеліктерімен сипаттағанын байқауға болады.
Ғылыми еңбектерге шолу жасай келе, біз гуманизм идеясы адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты шығып, алғашында тек адамдардың күнделікті іс - әрекеті, тіршілігі үстіндегі қарым - қатынасы, жауларынан қорғану барысынды өз руластарына, туыстарына деген сүйіспеншілік, қамқорлық ретінде көрінгенін байқаймыз.
Алғашқы гуманистік пікірлер, яғни қоғамдағы адам мәселесі ежелгі грек философтардың еңбектерінде жарық көре бастады. Бұл мәселеге алғашқылардың бірі болып үн қосқан софистер еді. Аға буынның өкілі Протагордың «Адам дүниедегі бар және жоқ заттардың өлшемі» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын қалаған негізгі гуманистік ұстаным еді.
Міне, осы қағида барлық әлемді, дүниені танумен қатар адамға да айрықша көңіл аудару қажеттігін көрсетті.
Софистердің адам туралы ілімін әрі қарай Сократ дамытты. Ол дүниені, әлемді танумен қатар адам өзін -өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керектігін айтты. Оның ойынша, адамның ішкі дүниесі оның сырттан алған білімімен ғана емес, рухани өмірімен де бағаланады. Сондықтан ол білімді адамның ішкі рухани дүниесімен тығыз байланыстырды.
Сократтың пікірінше, сан ғасыр бойы орын алып келе жатқан адасушылықтан құтылу үшін әрбір адам өзінің еркімен жақсылыққа қарай ұмтылуы, біліунің негізін игер отырып, жаман әдеттерден бірте - бірте бас тартуы қажет. Осыдан келіп оның «Сен алдымен өзіңді таны» деген қағидасы шыққан.
Сократтың пікірі Платонның «Той» деген диологында өз жалғасын тапқанын көруге болады. Бұл еңбегінде Платон адамның денесі мен жанының әдемілігін салыстыра отырып, оның рухани дүниесінің әсемдігіне бас иетіндігін айтады. Оның ойынша, жанның әдемілігі мінез - құлық әдемілігіне әкеп соғады.
Сондай - ақ Платон даналық пен білімнің бірден су сияқты бір заттан екінші затқа құя салуға келмейтіндігін, ол үшін көп іздену, жақсылыққа әдемілікке ұмтылу керектігін баса көрсетеді.
Ал Аристотельдің ойынша, табиғат адамға игілік пен ізгілікті қабылдай алатындай мүмкіндіктер ғана берген. Содан бара - бара ол мүмкіндіктер шындыққа, шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналатындығын, яғни адамгершілік адам жанының қабылдап алған рухани сапасы екендігін айтады. Ол ізгіліктерді қабылдап алудың екі негізі бар деп есептейді: бірі оқып білім алу, екіншісі - тәлім - тәрбие. Тек тәлім - тәрбие ғана адамгершілік пен парасаттылықты адамның бойына сіңіре алады. Аристотель адамдардың іс - әреетіне ерекше көңіл бөле отырып, этика мен саясаттың адам өміріне, қызметіне тікелей қатысы бар екенін айтады. Адам қызметін адамгершілік - саяси және шығармашылық деп екіге бөліп, адамгершілік қызметінде адам өзін - өзі жаратады, ал шығармашылықта адам өзіне өзгені тудырады деп есептейді.
Грек философиясындағы гуманизм идеясы шығыс ойшылдары: Әл - фараби, Ибн - Сина, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінен кең орын алды.
Ұлы ғұлама әл - Фараби өзінің «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері» деген еңбегінде: «Дене сияқты жанның да өзіне тән денсаулығы мен науқасы болады. Жанның денсаулығы сол - оның өзінің және бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі және тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол - оның өзінің және бөлшектерінің жайы нашар халде боуының әсерінен әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі, сорақы әрекеттер жасалады» - деп, адам әрекетінің бәрі белгілі бір әсерлер жиынтығы нәтижесі екенін көрсетеді.
Әл - Фараби адамға қайырымдылық пен жаман қылықтар жаратылысынан бейім болуы мүмкіндігін және оған басқа әрекеттерден гөрі әлгі күйден туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болатындығын ескертеді. Сондықтан әуел бастан адамдарды қайырымды іс - әрекеттерге бағыттап отыруға шақырады. Әл - Фарабидің бұл пікірі біздің зерттеу жұмысымыз үшін өте құнды.
Ұлы ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизм лебі сезіледі. Ол Адам баласын - жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу кекрек деп түсінді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігі. Оның гуманистік идеялары әлемге кең тарады.
Қайшылығы мол күрделі кезде өмір сүре отырып халықты имандылыққа, мұсылман діні жолына шақырған кемеңгер ойшыл - Қожа Ахмет Яссауи. Оның «Диуани хикмет» атты еңбегі адамдарға үлгі - өнеге, ақыл - өсиет, насихат ретінде жазылған. Мысалы:
Ей, достар еш білмедім мен жолымды,
Игілікке байламадым мен белімді.
Өсек сөзден еш тыймадым мен тілімді,
Надандығым мен рәсуа қылды, достар, - деп, өзінің өмірде қателескеніне өкініп, жастарды өсек - өтіріктен, надандықтан бойларын аулақ ұстауға шақырса, бірде:
Жарандардың қылғанын сіз де істеңіз,
Қызмет қылған мұратын табар, достар, - десе,
енді бірде
Жақсылардың соңынан әсте қалма,
Жолға кірген ақыры мұратына жетер, достар, - деп,
Жастарды жақсылыққа ұмтылуға, еңбекпен мұраттарына жетуге шақырады.
Иассауи да Сократ сияқты адамдарды өзін - өзі тануға және өзін - өзі жетілдіруге шақырады. Ол: «адамның өмірдегі мақсаты - өзін - өзі тануы мен санасын шексіз дамытуы», - деп есептейді. Ал адамның дамуы үшін қажетті шарт махаббат болып табылады. Махаббат - Алланың нұры, яғни Алланың нұры жауғандарда ғана махаббат сезімі орнайды, ондай адамдар дүниені тану мен өзгертуге, өмірге өте құштар келеді. Сонымен оның ойынша, адамдағы басты мақсат - ақиқатқа жету, ал оған өзін - өзі жетілдіру, өзін - өзі тану жолымен жетуге болады.
Мораль, гуманизм мәселелесін қарастырғанда, Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіне тоқталмай кетуге болмайды. Бұл еңбегінде ол мораль философиясын арқау ете отырып, әділет, бақыт, ақыл, қанағат сияқты этикалық күрделі ұғымдарға үлкен мән береді.
Сондай - ақ, ол бұл еңбегінде адам баласының қадір - қасиеті білімімен, ақылымен танылатындығы, тіл өнерінің қасиет - сипаты мен пайда зияны туралы, ізгілік қылықтың сипаты, пайдасы жайлы, адалдыққа - адалдық, кісілікке - кісілік жасау туралы тамаша ой - пікірін жазып қалдырды. Мысалы:
Қайырымға жасар кісі қайырым,
Жақсылығын он есе өзі қайырып!
Кісілікпен ей, мәртерім, ұлы бол,
Кісілікке түсер содан ұлы жол!
Адамшылық жаса адамға, адам бол,
Адам атын мақтаныш қыпалар бол!
Білік - түпсіз, шетсіз - шексіз бір теңіз,
Қанша сімір, сарқылмайды біліңіз!
Адамшылық - адамға тән қазына,
Солай қазір, солай болғын баяғыдан, - деген өсиеті бүкіл адамзат үшін мәңгі есте ұстар қағида болып қала бермек.
Ол адамдардың басым көпшілігі қайырымды да, зұлым да болып дүниеге келмейді, бірақ ізгі адам бола алады, сондықтан оларды дұрыс тәрбиелеу керек деп, сол бала тәрбиесінде ата - аналар мен тәрбиешінің ынтымақтастығының маңызын ескертеді.
Бала жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке араласуы тиіс. Оқыту барысында бала мінезін қалыптастыруға баса назар аудару керек, жаман әдет пен жағымсыз қылықтардан сақтап, оның әрі қарай ұласпауын қадағалау міндет. Дүниеге келгеннен бастап адам жаны тек жақсы, әділетті істерді ғана білуі керек. Онда жағымды, тұрлаулы мінез қалыптасуы үшін оны жаман қылықтардан аулақ ұстаған жөн. Оның тәні мен жаны жақсы жетілуге тиіс. «Тән мен жан тазалығы сабақтас» деген Баласағұнның тәрбие мен білім беруге қатысты бұл жүйесі парасатты ұрпақ өсірудің мәнін ашады.
Баласағұнның ұстазнамалық тұжырымдамасы осындай сұңғыла, гуманистік ойларға толы.
Қазақ жерінде әділдік, даналық сияқты адамгершілік - этикалық мәселелерді жырлағандардың бірі - Асан қайғы. Ол өзінің жырларында әділдіктің - өсек, өтірікпен, даналықтың - ақымақтықпен, білімсіздікпен, көргенсіздікпен сыйыспайтындығын айтады. Мына өлең шумағында ол:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа . . . - деп адамдарды кеңпейіл, бауырмал, достыққа берік болып, ар - намысты жоғары ұстауға үндейді. Оның адамгершілік - этикалық тоғаулары қазақ қоғамының прогрессивті күштрінен қолдау тапты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz