Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тарих факультеті
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы
саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Орындаған:
4 курс студенті Досымбеков Ө. А.
Ғылыми жетекшісі:
т. ғ. к., доцент Хасанаева Л. М.
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі,
т. ғ. д., профессор
«___» 2007ж. Қаражан Қ. С.
Алматы 2007
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Ақпан төңкерісіне дейінгі саяси элитаның қызметі
1. 1 Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық мемлекеттілік
мәселесі . . . 11
1. 2 Ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасуы
кезеңі . . . 20
2 Ақпан революциясынан кейін мемлекеттілікті қалпына
келтірудегі саяси элитаның күресі
2. 1 Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі . . . 28
2. 2 Алашорда үкіметі, Түркістан (Қоқан) автономиясы -
мемлекеттілікті қалпына келтіру әрекеті ретінде . . . 35
3 Кеңес өкіметі тұсындағы ұлттық мемлекет мәселесі
төңірегіндегі саяси элитаның қызметі
3. 1 Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және саяси элитаның
ұлттық мемлекеттілік құру жолындағы күресі . . . 48
3. 2 Ұлттық территорияны межелеу кезіндегі саяси элитаның
қызметі . . . 55
Қорытынды . . . 62
Пайдаланған әдебиет тізімі . . . 64
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіріп, Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауындағы әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу елдің қатарына кіру, сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген «ақтаңдақтар» пайда болды. Солардың бірі - саяси элитамыздың мемлекеттілік алу жолындағы бастапқыда патшалық Ресеймен, сосын Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытта большевиктермен саяси күресі.
Тақырыптың өзектілігі . Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға. Егеменді ел атанып, әлем жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер көлемін айтқанда өткен 20-ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың, яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды. Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары, еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.
Осы аталған кең өлкенің төсінде ежелгі заманнан қоныс теуіп келе жатқан, әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың бір тармағы әрі ең іргелісі қазақ халқы саналады. Тарихы біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ мың жылдықтан бастау алатын халқымыздың барша тағдыры осы ұлы даламен тығыз байланысты сабақтас, салалас, аралас, ортақ.
Осыншалықты үрдіс қимылдар мен әрекеттердің нәтижесінде озат ел атанған Қазақстанның бүгінгі болмысы, келбеті мен келешегі бүкіл дүниежүзінің назарына ілініп, олардың ықылас-ниеттерін аударып, жаһандану үрдісіне ілігіп, еліміздің БСҰ-ға кіруге дайындығы жүріп жатқанда және Елбасымыздың әлемдегі бәсекелестігі жоғары 50 елдің қатарына кіру міндеті қойылғанда өткен тарихымыздың (бұл жерде - қазақ саяси элитасының мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күресі) жетістіктері мен жеңістерін, және сондай-ақ соңғы ХХ ғасырда орын алып отырған зобалаңдар мен қайғы-қасіреттерімізді зерттеп, ой таразысынан өткізіп, болашағымыздың іргетасын қалауымыз қажет/1/. Ал бұған тағы да қайталап айтсақ, өткенді оқып-танып қана қол жеткізе аламыз. Орыс тарихшысы В. О. Ключевскийдің сөзімен айтсақ: «Тарих бізді оқып-тоқымаған сабағымыз үшін жазалайды».
Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанды бодандыққа кіргізген патшалық Ресей, жетпіс жылдан астам уысында ұстаған Кеңестік жүйе әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту сияқты салаларда қазақ халқының үлкен жетістіктерге жетуіне, білім алып, ғылымды меңгеруде сан түрлі жаңа қырларынан көрінуіне игі ықпалын тигізсе, ата-бабадан келе жатқан салт-саналарымызды ұстануға, тіл байлығымызды сақтап қана қоймай, дамытуға кереғар әсер етті. Еліміздің өмірінде жүзеге асып жатқан бүгінгі бетбұрыс, барлық салаларда қайта түлеп жаңару жайы сол бір көп жылдар бойы кеудемен жаншыған басқару жүйесінің езгісінде болып, өткенімізді білу күңгірттеніп, ұрпақтың бірсыпыра бөлігі мәңгүрттеніп, ана тілі мен дінінен, дәстүр-салтынан айжырай бастаған, шала қазақтар дегендердің саны көбей түсіп келе жатқан кезде ғана қолға алынды.
Мінеки осындай бетбұрыстың нәтижесінде қазақ халқының өз тарихына деген ынтасы мен ықыласы, пейілі мен құштарлығы, құмарлығы арта түсу үстінде. Білсек деген сұрақтарға дана қарттардың жадында қалған естеліктер мен мұрағаттардың терең шыңырауларынан шым-шымдап шыға бастаған шындықтар арқылы жауаптар табылуда. Он алтыншы жылына аяқ басқан тәуелсіздігіміздің барысында «қазақ болсақ, кім едік, өткенімізден ғибрат аларлық не дүниелеріміз бар, келешекте не күтіп тұр» деген сұрақтар ашық қойылуда. Шындығына келсек, әсіресе соңғы жеті-сегіз жылда жоғарыда қойылған сұрақтарға азды-көпті жауап беретін бірсыпыра басылымдар мен жарияланымдар, мақалалар, ірілі-уақты кітаптар жарық көріп жатыр. Көптеген тарихи мәселелер шындық тұрғысынан қайта қаралып, өздерінің лайықты бағаларына ие болуда.
Осы тұрғыда қазіргі уақыттағы қазақ халқының ұлттық жаңғыру, дербес мемлекет ретінде қалыптасуын және Қазақстан Республикасының дүние жүзілік даму процесінде алатын орнын айқындауын, сондай-ақ оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі арта түсуде. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және құқықтық мемлекет дәрежесінде қалыптасуы, қазақ халқының ғасырлар бойындағы отаршылдық пен тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі, ұлттық мемлекеттіке бағытталған күрес нәтижесінде болды.
Мемлекеттілік мәселесіндегі қиын да күрделі үрдістерді зерттеу барысында халықтың өзін-өзі танып-білуі жүзеге асады. Тарихи шындықты зерттеп, зерделеп жария ете отырып бұл істі жүзеге асыратын - ұлттық зиялылар. Қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы бөлігі ХХ басындағы 1905 жылғы бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық ықпалымен, сонымен қатар мұсылмандық қозғалыстар негізінде қалыптасты.
Зиялы қауым өкілдері қазақ елін отарлық езгіден құтқаруда, ұлт-азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күресте әрдайым көш бастаушысы болды. Мемлекеттілік мәселесі - қазақ зиялыларының алға қойған басты мақсаттарының бірі еді. Бұл мәселені шешуде қазақ зиялылары Ресей Думасын, патша әкімшілік органдарын пайдаланды. Сондай-ақ олар халыққа елдің тәуелсіздігі мен дербестігі туралы өз ой-пікірлерін жеткізуге күш салып, бұл үшін «Айқап» журналына «Қазақ», «Дала уалаяты», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақстан», «Бірлік туы» газеттеріне мақалаларын жариялып отырды. Олардың бұл идеялары із-түссіз кетпеді, оны қазіргі уақыттың өзі көрсетіп отыр.
ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамы балама (альтернативті) даму жолы болды ма, жоқ әлде большевиктер ұсынған бағыт па еді деген сұраққа жауап беру үшін қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекеттілік үшін жүргізген күресін зерттеу қажет. Мұның өзі күрделі де көкейкесті мәселені терең ұғынуға жетелейді.
ХХ ғасырдың басында мемлекеттілік үшін күрес жаңа қарқын алды және оның сипаты да жаңаша болды. ХХ ғасыр басына дейін ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру әрекетін қазақ қоғамындағы басқарушы топ - сұлтан, би, батырлар халықтың талабын ұғынып, іске асыруға күш салуынан көреміз. Мысалы, Кенесары Қасымұлы бастаған халық қозғалысы осындай әрекеттің көрінісі болды. Бірақ, бұл әрекеттер белгілі бір себептерге байланысты сәтсіз аяқталып отырды.
ХХ ғ. басындағы мемлекеттілік үшін күрестің мәні мен мазмұны нақты бағдарламалық сипат алды. Бұл жерде, біріншіден, қозғалыс басына ұлт зиялылары келді. Олар азаттық идеологиясын жасау, саяси партия құру сияқты күрделі мәселелерді қолға алды. Екіншіден, қазақ саяси элитасы бұл мақсатқа жетудің түпкі жолдары мен құралдарын да қарастырды. Саяси элитаның түсінігі бойынша мақсатқа жеткізер негізгі ішкі мәселені - ұлттық тұтастыққа жету және жалпыұлттық сананы қалыптастыруды шешу керек еді.
Ресей империясындағы басқа да ұлттардың, соның ішінде мұсылман және түркі халықтарының дербес мемлекет болуы жолындағы күресте күш біріктіру де маңызды фактор болды. Дербес мемлекеттілік үшін күрес дәл осы тарихи кезеңде ұлттық ауқымда ғана емес, сондай-ақ жалпыресейлік кеңістікте де жаңа мақсаттагы сапаға көтерілгенін көреміз.
ХХ ғ. бас кезіндегі мемлекеттілік жолындағы күрес пен бүгінгі таңдағы мемлекеттілік және тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы процестердің арасында тікелей сабақтас байланысты аңғару қиын емес.
Қазақ саяси элитасының қоғамдық қызметінде мемлекеттілік үшін күрес әдістері болды ма, жоқ әлде саяси топтардың патриоттық, ұлт-азаттық жолындағы күресте қолданған өзге әдіс тәсіл жолдары болды ма? Осындай сұрақтардың жауабын табу біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі алдымызда тұрған міндеттерді тура түсіну мен пайымдау үшін қажет.
Зерттеу тақырыбының зерттелу деңгейі . Қарастырып отырған тақырыпты қамтитын зерттеулерге ХХ ғ. бас тұсында шыққан еңбектердің ерекшелігі, мәселенің негізгі мәнін ашып көрсететін жан-жақты талдау, деректерді негізге алу тәсілдері жатады деп білеміз.
Біз қарастырып отырған тақырып бойынша В. Герьенің «Первая русская Государственная Дума. Политические воззрения и политика ее членов» /2/ - деген еңбегі маңызды.
А. Байтұрсыновтың «Революция және қазақтар» атты мақаласында қазақ мемлекеттілігін жаңғыртудағы Алашорда үкіметінің халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылатын Кеңестік Қазақ мемлекетін де ұлттың өзін-өзі басқару мәселесін және Одақтағы билік өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуының қажеттілігін көрсетеді/3/. Г. Сафаровтың «Колониальная революция» (Опыт Туркестана) мен П. Алексеенковтың «Кокандская автономия» (Революция в Туркестане) еңбектерін сараптап пайдаланудың объективті шындықты қайта қалпына келтіруге септігін тигізері сөзсіз/4/.
Қазақ мемлекеттігін жаңғырту мәселесіне қатысты ресми тұрғыда таптық және партиялық тұрғыдан «зерттеу» Ф. Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген уақытынан бастап күшейе түсті.
Осы кезеңнен бастап Алаш партиясы, Алашорда үкіметі Түркістан (Қоқан автономиясы) мен жалпы қазақ саяси элитасының қызметтерін қаралайтын еңбектер пайда бола бастады. Мұндай әрекеттердің басында әр уақытта Өлкелік партия комитеті болғандығы мұрағат құжаттары растайды. Партиялық тапсырыстармен республикалық мемлекеттік баспаның сол уақыттағы директоры А. К. Богачев 1927 жылы Алашорда туралы «Краткий исторический очерк о национальном-буржуазном движений в Казахстане периода 1917-1919 гг. » атты кітапшасын жазып шығарды/5/. Бұл еңбек партияның идеологиялық тапсырысымен жазылғандығына қарамастан, құжат материалдардың дерек ретінде келтірілгенімен өз құндылығын осы күнге дейін жойған жоқ.
Белгілі қазақ қайраткерлері Т. Рысқұловтың «Избранные труды», С. Асфендияровтың «Қазақстан тарихының очерктері», М. Тынышпаевтың «История казахского народа» еңбектерімен қатар қазақ қоғамын зерттеуші тарихшылар Е. К. Федоровтың («История Казахстана конца ХІХ и начала ХХ века») және М. Вяткиннің («Очерки по истории Казахской ССР») еңбектерін атауға болады. Осы уақытта Қазақ кеңес республикасының қалыптасуын тарихшылармен қатар заңгерлер де зерттеді. М. С. Сапарғалиетің «Возникновение Казахской Советской государственности» деген еңбегінде ұлт зиялыларының қазақ қоғамын саясаттандырудағы іс-әрекеттерін Қазақстандағы Кеңес төңкерісінің жеңістерімен салыстырмалы түрде көрсетті/6/.
Сондай-ақ 60-80 жылдары аралығындағы зерттеулер арасында М. С. Бурабаевтың «Становление социалистического сознания в Казахстане», П. Пахмурныйдың «Большевики Казахстана в революции 1905-1907 годов, Д. И. Дулатованың «Историография дореволюционного Казахстана (1871-1917 гг. ) », В. Григорьевтың, И. Т. Тагировтың, С. Климовтың, Н. П. Ерошкиннің, А. Ш. Туганбаевтың, С. З. Зимановтың, Г. Т. Таймановтың, С. Сартаевтың еңбектері болды/7/. Бұл кезеңде жарық көрген еңбектердің ерекшелігі пролетариат пен еңбекші бұқараның ұлт-апзаттық қозғалысындағы тізе қосуымен қатар панисламизм, пантүкизм мәселесі де қарастырылды.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап ұлттық-мемлекеттілік құрылымдардың трихи тәжірибесін зерттеу мәселесі күн тәртібіне өзекті мәселе болып шықты. Қазақстандық ғалымдар қазақ мемлекеттігін жаңғырту мәселесіне қатысты, яғни хандық билік жойылғаннан бастап, Алашорда үкіметі, Түркістан (Қоқан) автономиясының ұлттық-мемлекеттілік құрылым ретіндегі қызметін және ғасыр басындағы ұлт-зиялыларының тәуелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси қызметін талдап көрсететін іргелі зертеулер жасап, еңбектер жазды. К. Нүрпейісов «Алаш һәм Алашорда», М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы», «Тарих тағлымы не дейдлі?», «Мұстафа Шоқай және Тұтас Түркістан идеясы», «Ұлттық саяси элита», Т. Омарбеков «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті», «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері», О. Қоңыратбаевтың «Тұрар Рысқұлов саяси және мемлекеттік қызметі», Қ. Атабаев «Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918) », Д. Аманжолва «Казахский автономизм и Россия» сияқты құнды еңбектерімен қатар заңгерлер С. Өзбеков «»Арыстары алаштың», К. А. Жиренчин «Политическое развитие Казахстана в ХІХ начале ХХ веков», М. Құл-Мұхамед «Ж. Ақпаев саясатшы, заңгер» деген еңбектері зерттеуді ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырған/8/.
Тақырыптың деректік көзі . Жұмыстың жазылуы барысында төмендегідей дерек көздері пайдаланылды: ХХ ғасырдың бас кезінде шыққан «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Еңбекші қазақ», «Ақ жол» қазақ тіліндегі газеттер, орыс тілді «Новое время», «Туркестанские ведомости», «Трудовое знамя» және «Жизнь нациоальностей» басылымдары да қолданылды.
Диплом жұмысымыздың тақырыбын аша түсуге И. Гаспринскийдің, З. Валидидің, Ә. Бөқейхановтың, Г. Исхакидің шығармалары мен Ә. Такенов пен М. Қойгелдиев құрастыруымен шығарылған «Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер. » атты еңбектер өз септігін тигізді/9/
Кеңес өкіметі тұсында жазылған қазақ мемлекеттілігі туралы еңбектер тікелей ресми саясатқа тәуелді болды. Осы уақытта ұлт-азаттық қозғалысы, ұлттық мемлекеттілік үшін күрескен қайраткерлерді қуғындау «М. Х. Сұлтанғалиевтің ісі» деген саяси процестен кейін ресми сипат ала бастады. И. Сталиннің ұғымындағы «сұлтанғалиевшілдік» - «пантүркішілік», «панисламшылдық» сияқты ұғымдармен үндес болды /10, 369 б. /.
Мұрағат материалдары арнайы зерттеулерден алынды, оларғды қолданғанда сілтеме мәлімет алынған еңбектерге жасалынды/11, 123б/.
Хронологиялық шеңбері . ХІХ ғасырдағы хандық билік жойылғаннан кейін мемлекетілік мәселесі бірнеше рет көтерілген. Оның ішінде, әсіресе ең елеулісі Кенесары ханның он жыл бойы жүргізген күресін ерекше атап өтуге болады. Осыдан кейінгі ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту мәселесі кеңінен көтерілген уақыт ХХ ғасырдың бірінші ширегіне келеді. ХХ ғ. бас кезінде қалыптасып үлгерген ұлттың саяси элитасының Мемлекеттік Думалардағы, 1905-1907 жжірінші орыс революциясынан кейінгі уақытағы қызметінен бастап, Ақпан төңкерісінен кейінгі Алашорда мен Түркістан (Қоқан) автономиясының тарихын қоса, Кеңес үкіметі толығымен орнап, ҚазАССР-нің территориясы анықталып, оның межеленуіаяқталғанға дейінгі кезеңді қамтимыз.
Жұмыстың құрылымы. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді орындап, тақырыпты анағұрлым толығырақ ашып көрсету үшін жұмыс құрылымын төмендегідей алдық. Жұмысымыз кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиет тізімінен тұрады. Бірінші тарауда патшалық Ресей тұсындағы Бірінші және Екінші Думадан бастап Ақпан төңкерісіне дейінгі саяси элитамыздың мемлекеттілік жолындағы саяси күресі қарастылады. Ал екінші тарауда Ақпан төңкерісінен бастап Кеңес өкіметі билікті толығымен өз қолына алған кезең аралығында ұлттық саяси элитаның мемлекеттілікті жаңғырту жолындағы күресі қарастырылады. Мұнда Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы мәселелері талқыланады. Үшінші тарауда Кеңес үкіметі нықтап орнаған кезеңнен бастап Қазақстан территориясы межеленгенге дейінгі аралықтағы саяси элитаның қызметі мен күресі ашып көрсетіледі. Қорытындыда жұмыстың нәтижелері келтіріледі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Диплом жұмысымыздың мақсаты - қазақ саяси элитасының біз көрсетіп отырған кезеңде мемлекеттілік мәселесін көтеріп, оған жету жолындағы қоғамдық-саяси қызметінің негізгі бағыттарын осы тарихи кезеңдегі қалыптасқан тарихи, саяси, рухани өзгерістермен байланыстыра отырып талдау.
ХХ ғасырдың басындағы Мемлекеттік Думадағы, Уақытша үкімет тұсындағы және одан кейінгі Кеңес үкіметі тұсындағы саяси элитаның мемлекеттілікті жаңғырту жолындағы күресі мен қызметтері, сондай-ақ Орталықтың Қазақстан мен Орта Азия территориясын межелеу бағытындағы әрекеттерін айқындап зерделеу жұмысымыздың бір көрінісі болып табылады.
Саяси элитаның алдында күрделі мәселелер тұрды. Қалыптасқан жаңа саяси жағдайға лайық жаңа әдіс-тәсілдер, жаңа айла-амалдар қажет болды. Осы кезеңнен бастап саяси элита елде жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа саналылық серпін беру мақсатында газет шығару, күреске шақырған кітаптар бастырып тарату, қоғамдық саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты күрес құралдарын игере бастады.
Қазақ зиялыларының кеңестік дәуірге дейінгі және кеңестік дәуірдегі қазақ қоғамының саяси дамуына байланысты қоғамды-саяси және мемлекеттілік мәселесіне көзқарастарын ашып тыңғылықты таңдаудап, сараптаудың маңызы зор.
Осы жәйттерді ескере отырып, жұмысымызда төмендегідей міндеттер қойылып отыр:
- тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындап, жинастыру және талдау;
- саяси элитаның ХХ ғасыр басындағы қазақ мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы идеологиялық күресінің бағыттарын анықтау;
- қазақ саяси элитасының қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолындағы идеологиялық күресінің бағыттарын анықтау;
- Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және Қазан төңкерісі кезіндегі қазақ саяси элитасының ұлттық мемлекеттілікке қол жеткізу жолындағы жүргізген күрестерінің бағыттарын анықтау;
- Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі Қазақ Республикасындағы саяси басшылықтың, Түркістан Республикасы қайраткерлерінің ұлттық тұтастыққа қол жеткізуге үндеген қызметтеріне талдау жасау;
- Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы күрестің жеңіліс табуы және ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру идеясының іске аспау себептерін зерттеп анықтаудың маңызы зор.
1. АҚПАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ
ҚЫЗМЕТІ
1. 1 Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық мемлекеттілік
мәселесі
XX ғасырдың басында түpкi және мұсылман халықтарының мұсылмандық қозғалысы патша өкіметінің отарлық езгісіне қарсы ұлттық, мәдени және саяси талаптарға негізделген демократиялық сипаттағы күрес болды. Бұл қозғалыстың негізі түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы болды. Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуына Ресей империясының қол астында отаршылдардық тепкісін көріп, тауқыметін тартқан туркі тілдес және өзге де мұсылман халықтарының әлеуметтік-саяси жағдайы төзгісіз болуы ықпал етті
Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, қоғамдық өмірдің барлық салаларын орыстандыруға бағытталған әрекеті империядағы мұсылман халықтарының тұрмыс-тіршілігін тығырыққа тipeп, дағдарысқа ұшыратты. Мұның өзі Ресей мұсылмандарының наразылығын туғызып, азаттық жолындағы күреске жетеледі.
Ресей мұсылмандарының азаттық күpeci Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде мұсылмандық қозғалысқа ұласып ұлттык автономия құруды мақсат еткен "унитарлық" және "федеративтік" ағымдарды күшейте түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz