Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісімен

(ғылыми жәрежесі)

Лисенков А. А.

«___» 20___ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы

Рецензент: Жетекші

ғылыми дәрежесі ғылыми дәрежесі

К. С. Мухтарова М. У. Дуйсемалиева

«___» 20__ж. «___» 20__ж.

Стандартизация Студент: Жазубаева А.

бойынша кеңесші Мамандығы: 522230 Тобы: ММб-03-1қ

ғылыми дәрежесі

Д. И. Данабаева

«___» 20__ж.

АЛМАТЫ 2007

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 7

Бөлім-I Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері . . . 11

1. 1 Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері . . . 11

1. 2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары . . . 19

1. 3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері . . . 33

Бөлім-II Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау . . . 45

2. 1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы . . . 45

2. 2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері . . . 48

Бөлім-III Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу . . . 53

3. 1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері . . . 53

3. 2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау . . . 62

3. 3 Инвестициялық жобаларды қарастыру және іске асыру регламенті. Перспективалы жобалар . . . 65

Қорытынды . . . 72

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 75

Kipicпe

Қазақстан өз тәуелсіздігінің қысқа кезеңінде экономикалық жекешелендіру процесінде мәнді дамуға жетті. Қазақстан мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде басқа елдер арасында алдынғы қатарда келеді. Қазақстан тек маңызды өнімдер түрінің
экспортері ғана емес сонымен бipгe инвестицияны icкe асыруға
қажетті құқықтың негізі бар және оған қолайлы жағдай жасалған
мемлекет. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының негізгі
инвесторлары болып АҚШ, Азия және Европа елдерінің
компаниялары табылады. Егер бұл жобалардың инвестициялық
сиымдылығын ескерсек, бұл Қазақстан дамуының ұзақ мерзімге арналған ерекшеліктерінің бipi "Қазақстан халқына арналған Президент үндеуінде" көрсетілгендей (Қазақстан 2030) "жоғары деңгейлі шетел инвестициясының дамыған экономикасына негізделген, экономикалық даму" болып табылады. Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақты өcyi, оның барлық ресурстарының барлық құраушылары, жоғары технологияны пайдалана отырып және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету инвестициялық мүмкін емес.

Қазіргі таңға дейін экономикалық әдебиеттерде “инвестиция” сөзі әртүрлі мағынада қолданылды. Көптеген авторлар капитал салымы мен (күрделі қаржы) мен инвестицияның арасындағы айырмашылықтарды ажыратпайды; ал басқалары барлық салымдарды, олардың бағытталған мақсатына қарамастан инвестиция деп атайды.

Негізінді инвестициялық процеспен 2 фактор байланысты - олар уақыт және тәуекел. Қазір белгілі бір мөлшерде ақша-қаражаттарды салып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін, кеш болсада да оған табыс түседі; бірақ түсетін табыс мөлшері өзгеруі мүмкін.

Ең кең мағынада инвестиция еліміздің экономикасының дамуы мен өсуін қаржыландыруға қажетті механизмді қанағаттандыру болып табылады. Инвестиция бұл кәсіпкерлік және т. б қызмет түрлерінің объектілеріне салынатын құндылықтардың нәтижесінде пайда болатын табыс немесе әлеуметтік тиімділік.

Менің осы «Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу » деген тақырыптағы диплом жұмысын жазуымның ең басты себебі, ол қазіргі таңда біздің экономикамызда көптеген жобалар қабылданып отыр, соған сәйкес осы жобалардың болашақта қандай пайдалылықты әкелетінің білу үшін, оларды дайындау, бағалау және талдау қажет.

Диплом жұмысымның бірінші бөлімінде жалпы инвестицияның және инвестициялық жобалардың теориялық негіздері қарастырылып отыр, яғни «Инвестициялар туралы» Заң қашан қабылданды және инвестициялық жобалардың жіктелуі мен түрлері барынша кең ашылған. Сонымен қатар, инвестициялық жобалрдың өмірлік циклы мен кезеңдері берілген.

Инвестициялық жобаны қабылдаудан бұрын - бірнеше талдау формалары жүргізіледі, яғни оларға коммерциялық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық, экономикалық және қаржылық талдаулар жатады және де осы талдау мен бағалауды жүргізу үшін қажетті формулалар мен есептеулер көрсетілген. Осы формаларды барынша дұрыс және білікті түрде қолдану арқылы инвестициялық жобаның тиімділігін және тартымдылығын анықтауға болады. Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау үшін көптеген әдістер қолданылады, оларға: қарапайым немесе статистикалық, дисконттау әдiстерi, aғымдағы таза құндылық, табыстылық индексi, пайданың шығындаpғa қатынасы, жоба табыстылығының iшкi нормасы, өтiмдiлiк мерзiмi және тағы басқа.

Диплом жұмыстың екінші бөлімінде, өзiмiзге мәлiм болғандай әрбiр кәсiпорын өз қызметi барысында мiндеттi түрде пайдасын максималдағысы келедi. Осыған орай олар максималдаудың әртүрлi жолдарын iздейдi. Сондай жолдардың бiрi инветицияларды құю болып табылады.

Компания қандай да бiр инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезiнде, оны зен қойып талдауы керек. Өйткені қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарсa, онда соншалықты ол тиiмдiрек болады.

Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлi әдiстерiн қолданады. Жалпы олардың негiзгiлерi болып келесiлер табылады: таза келтiрiлген кұн, таза терминалдық кұн, инвестицияның қайту деңгейi, инвестицияның тиiмдiлiк коэффициентi, инвестицияның кайту мерзiмi.

Компания үшiн инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар компанияның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкiн. Қаржы менеджерi өз қызметi барысында компанияның инвестициялық саясатын даярлайды, сонымен қатар жобаның осы саясатқа сәйкестiгiн анықтауы тиiс.

Диплом жұмыстың үшінші бөлімінде, Инвестициялық құрылымдардың барынша шектелуі жағдайына байланысты, оны жүзеге асыруда ұлттық приоритетерді таңдаудың дәстүрлі мәселесі туындайды.

Сондықтан, инвестициялық ресурстардың белгіленген приоритеттері буындарға дұрыс жетуін және олардың тиімді пайдалануына жауапкершілікті қамтамасыз ететін механизм қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі орталықтандырылған ресурстар көзінен үкімет бекіткен приоритетті мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеңілдік процентпен несиелер ел аумағының ішінде бөлімшелері кең таралған ірі коммерциялық банктерге беріледі. Өз кезегінде, осы банктер (мәселен 3%) тиісті өткізе отырып, шаруашылық субъектілеріне бағытталған. Коммерциялық банктер берілген несиелердің орынды жұмсалуы мен уақтылы қайтарылуына тікелей жауапкершілік алады.

Сондықтан, халық шаруашылығын қаржыландыруға қажетті орталықтандырылған несие ресурстарының бөліну қарқынын төмендету инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға орасан зор нұсқан келтірмек.

Сонымен қатар, жоғарыда аталып кеткендей, қазіргі кезде біздің мемлекетімізде экономиканы дамытуға бағытталған көптеген жобалар әзірленіп жатыр және кейбіреулері әлі қарастырылуда болып келеді. Бұл жобалар жалпы Қазақстанның экономикасын көтеріп, яғни жоғарғы деңгейге жетуіне ықпал жасайды, өйткені біздің Елбасшымыздың алдындағы тұрған ең басты мақсаты - ол экономикасы дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру болып табылады. Ал олардың қатарына кіру үшін біз ең алдымен өзіміздің ауылшаруашылық, мұнай және химиялық, сонымен қатар басқа да өнеркәсіптерімізді дамытуын қажетпіз.

Айта кететін бір жәйт, ол егер біздің мемлекетіміз Халықаралық сауда ұйымына кіретін болса, онда біздің өнімдеріміздің бәсеке қабілеттілігі төмен болып келеді, соған орай біз өзіміздің өнеркәсіптік және ауылшаруашылық сфераларымызға инвестициялардың құйылуын және инвестициялық жобалардың қабылдауын ұлғайту және жақсарту жұмыстары жүргізілуі тиіс. .

Бөлім-I Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері

1. 1 Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері

Инвестициялар - біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сай инвестицияларға келесідей анықтама берілді. "Инвестициялар - бұл, пайда алу мақсатында өндірістік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі, сонымен қатар:

- акциялар және өзге де коммерциялық ұйымдарға қатысу формалары;

- облигациялар және өзге де қарыздық міндеттемелер;

- қозғалатын, қозғалмайтын мүлік және мүліктік құқық, ұстау құқығы мен тауарлардан басқа, импортталатын және өткізуге арналған, қайта өңделмейтін мүліктер;

- интеллектуалдық қызметке, авторлық құқыққа, патентке, тауарлық белгілерге, өндірістік үлгілерге, технологиялық процесстерге, ноу-хауға құқық;

- лицензияға негізделген қызметтерді жүзеге асыру құқығы".

Инвестициялық жоба деген не?

Капиталдың ең маңызды белгісі - оның иесіне пайда әкелу мүмкіндігі. Капиталды ұзақ мерзімде салу немесе инвестициялау - мұндай мүмкіндікті пайдалану формаларының бірі.

Инвестор тарапынан алғанда инвестициялаудың мәні - «ертеңгі күні» пайда алу үшін «бүгінгі» пайданы алудан бас тарту. Мұндай операциялар банктермен ссуда беруге ұқсас келеді. Сәйкесінше, капиталды ұзақ мерзімге салу туралы шешім қабылдау үшін екі негізгі болжамды белгілі бір дәрежеде дәлелдейтін ақпарат болуы тиіс:

1) салынған қаражаттар толығымен өзін-өзі өтеуі тиіс;

  1. бұл операция салдарынан пайда жоғары болу қажет. Яғни тәуекелдерді жабу үшін.

Инвестициялық жобалардың түрлері және мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Яғни бұлар құрылыс жобаларынын мүлікті бағалауға дейін жоба сәйкес келмеуі мүмкін.

Уақытша фактор - инвестициялық жобаны бағалауда негізгі рольді атқарады. Бұл графикте 3 даму фазаларын атап айтуға болады. Осы кезеңдер жобаның өмір сүру уақытын білдіреді.

Бірінші фаза. Кей жағдайларда толығыменен анықтала алмайды. Бұл кезеңде оның техника-экономикалық жағдайлары талданады, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жабдықтаушылар таңдалынады, потенциалды инвесторлармен тікелей жұмыс жүргізіледі.

Инвестицияны алдын-алу фазасының соңында инвестициялық жобаның бизнес-жоспары болуы қажет. Жоғарыда аталып кеткендей, көп уақыт пен ақша қаражаттарын талап етеді.

Келесі бөлім инвестииялауды білдіреді немесе жүзеге асыру фазасы. Бұл фазаның басқалардан ерекшелігі - бұл дамуы кезінде алдағы фазалардын едәуір мөлшерде шығындарды талап етеді.

Бұл бөлімде кәсіпорынның тұрақты активтері қалыптасады. Кейбір шығындар өнімнің өзіндік құнына енгізілуі мүмкін.

Негізгі құралдың жұмыс істегенінен бастап, үшінші фаза, эксплуатациялық фаза іске қосады. Бұл фазада өнімді өндіру басталуымен және қызмет көрсетулермен сипатталады.

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.

Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа көзделетін

кәсіпорынның іскерлігін жақсарту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Стратегиялық жобаның қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Қазақстанның тәжірибесінде жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны біз 1. 1 - ші кестеден көре аламыз.

Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:

1) Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.

  1. Жобаның негізгі идеясы.

3) Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.

4) Инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық ресурстардың көлемін негіздеу.

  1. Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
  2. Жобаның тұрған жері.
  3. Басқаруды ұйымдастыру.
  4. Қажетті еңбек ресурстары.
  5. Жобаның орындалу кестесі.
  6. Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.

Кесте 1. 1 - Инвестициялық жобалардың талдауы және жіктелуі

Жіктелуі
Түрлері
Жіктелуі:
  1. Қажетті инвестицияның көлемі бойынша:
Түрлері:

- Кіші жоба

- Мега жоба

Жіктелуі:
  1. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бойынша:
Түрлері:

- Қысқа

- Орта

- Ұзақ

Жіктелуі:
  1. Тәуекелге қатысты:
Түрлері:

- Тәуекелді

- Тәуекелсіз

Жіктелуі:
  1. Жобаның қатысушысы бойынша:
Түрлері:

- Мемлекеттік

- Біріккен

- Шетел инвесторлар

Жіктелуі:
  1. Ақша ағымының типі бойынша:
Түрлері:

- Жай

- Жай емес

Жіктелуі:
  1. Жобалар арасындағы қарым-қатынастары бойынша:
Түрлері:

- Тәуелсіз

- Өзара бірін-бірі жоққа шығару

- Орнын толтыру

- Өзара әсер ету

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие:

  1. Жобаның тұжырымдалуы -бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументтер болуы тиіс. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
  2. Жобаны дайындау-жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және тағы басқа - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.
  3. Жобаны сараптау-жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
  4. Жобаны жүзеге асыру-бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.
  5. Нәтижелерді бағалау-бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.

Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген:

  1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте, осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді.
  2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану.
  3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.
  4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
  5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
  6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және тағы басқаларды қамтиды.

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын жүзеге асыры ала ма деген сұрақ туады. Ол үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Батыстық жобаларды талдау тіжірибесінде төмендегі критерийлерді қолданады:

- Саланың жетілуі;

- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі (оның нарықтағы жағдайы) .

Саланың жетілуін оны даму жағдайының 4 түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, жетілген немесе ескірген.

Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсеке қабілеттілігін орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау.

Кәсіпорынның жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.

Жобаның көп түрлiлiгiне қapaмaстaн, оларды талдау әдетте кейбiр жалпы сызбаға сәйкес келедi, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бaғалайтын арнайы бөлiмшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелдi талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипаттa болатынын атап өткен жөн. Шыңдығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түpi, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруi мүмкiн және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Жобаны алдын-ала әзірлеу және талдау кезеңі: Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясын тұжырымдаған соң, бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын анализдеу қажет. Мұндай анализ инвестициялық жобаны алдын-ала әзірлеу және анализдеу мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерийлерді қолданады:

- саланың кемелділігі;

- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі (оның нарықтағы орны) .

Саланың кемелділігін анализдеуді оның дамудың мына төрт жағдайының біреуіне жатқызып қарастырады: эмбриональді, өсуші, кемелдік және қартайған.

Екінші критерийге бойынша, кәсіпорынның қандай салаға жататынына сәйкес сол саладағы бәсекеге қабілеттілігін анықтау қажет. Басқа сөзбен айтсақ, бұл кәсіпорынды заттар мен қызметтер нарығындағы басқа кәсіпорындармен салыстырады. Кәсіпорынның негізі алты жағдайын қолданады: басымдық, күштілігі, қолайлығы, тұрақсыздығы, әлсіздігі, тіршілік етуге қабілетсіздігі. Саланың кәмелеттік және бәсекеге қабілеттілігін салыстырып кәсіпорынның тіршілік циклінің қалыптамасын құруға болады, ол құрылымды сипатты болып тек кәсіпорынның жағдайын белгілеп қана қоймай, сондай-ақ ары қарай дамуының қағидалық ұсыныстарын жасайды.

Жобаны алдын-ала анализдеу кезеңінің соңғы нәтижесі - көрсетілген критерийлер бойынша нақты кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни, кәсіпорынның қалыптамадағы нақты орнын көрсету.

Алдын-ала анализдеу кезеңі аса ұзақ болмауы тиіс, ал нәтижелер оның алдындағы кезеңде шығарылады да, сапалы бағаларда негізделеді. Бұл кезең кем дегенде мына екі себептермен қажет:

- стратегиялық инвестормен ары қарай жұмыс істегенде саланың кемелдігі және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселелер міндетті түрде қарастырылады, сондықтан оған алдын-ала дайын болу қажет;

- егер кәсіпорын менеджерлері анализдеуді қолға алмаса, оны стратегиялық инвестордың өзі жасайды, ал оның нәтижелері қолайлы болмауы мүмкін.

Кәмелеттілік кезеңі
Кәмелеттілік кезеңі: эмбриональді
өсуші
кәмелеттік
қартайған
Кәмелеттілік кезеңі: Күн энергетикасы
Видеотаспаларды өндіру
Кеме жасау (Европа)
Кәмелеттілік кезеңі:
Көмір өндіру (АҚШ)
Кәмелеттілік кезеңі: Үй компьютерлері
Сағат жасау
Кәмелеттілік кезеңі:
Велосипед жасау

Сурет 1. 1 - Экономика саласының кәмелеттігінің мысалдары

Жобалардың сан алуандығына қарамастан, оларды анализдеу біршама жалпы сызба нұсқа бойынша жасалады, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институциональді орындалуын бақылаутын арнайы бөлімдерден тұрады. Стратегиялық инвестордың пікірі бойынша дұрыс жоба тәуекел анализімен аяқталуы тиіс. Суретте «Жоба қабылданбайды» қарарының қолданылуы шартты сипатты болып келетіні ескеру қажет. Жоба бастапқы түрінде қабылданбауы тиіс еді. Сондай-ақ жобаның мысалы, оның техникалық орындалмауына байланысты түрі өзгертілуі мүмкін, өзгертілген жобаның анализі басынан қайта басталуы тиісті.

1. 2 Инвестициялық жобаны талдау формалары

Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет.

Инвестициялық жобаның коммерциялық қызығушылығында 2 критерий бар:

  1. қаржылық дербестігі (қаржылық баға) ;
  2. тиімділік (экономикалық баға) .

Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында өтімділік талданады (төлем қабілеттілігі) . Екіншіден жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайтадамып өсуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Инвестициялық жобаларды жоспарлау
Жобамен айналысу
Инвестиция түсінігі
Инвестициялық жобалар туралы
Инвестициялық жобалар
Инвестициялық жоба және анықталмағандық жағдайлары
Шағын компаниялардағы венчурлық жобаларды басқару
Көлік саласында мемлекеттің саясаты
Жобаны жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz