Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бітіру жұмыстың өзектілігі. Қоғамда сәйкестіліктің бірнеше түрі бар (мемлекеттік, азаматтық, тілдік, этникалық, мәдени және т. б. ) осы сәйкестіліктердің басты нысаны - тіл. Біздің қарастыратынымыз, сәйкестіліктердің ішіндегі тілдік сәйкестілік. Бітіру жұмысы барысында тақырыбымызды кең көлемде аша отырып, тілдік сәйкестілікпен телерадио тілін қазіргі қоғамдағы нақты көріністерін, мәліметтер негізінде бір жүйеге біріктіруін өзекті мәселе етіп алдық. Тілдік сәйкестіліктің шығуы қоғамда бірнеше тілдердің қатар өмір сүруіне байланысты пайда болады.
Тұлғаның өзің кіммін деп сезінуі және өзін - өзі анықтауы, адам өзін кім деп тануы, оның сана-сезімін және өзін сәйкестендіру процессі, әртүрлі белгілер арқылы іске асуы мүмкін және білім, мінез-құлық пен қатынасқа негізделеді.
Сәйкестілікке тән белгілер:
- сәйкестілік құрастырылатын болғандықтан, оны қайта құруға болады;
- сәйкестілік әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты ұтымды, қайта құрулады, яғни сәйкестілік, ұлтың да ішіне кіреді, тұлғаның жеке қызығушылы-ғына байланысты өзгеріп отырады;
- сәйкестілік таңдап алынғандықтан, «сәйкестілік дағдарысы» тууы мүмкін, бұл кезде адам керекті «айдар тағуы» болмағандықтан өзінің тиістілігін оңай және жайлы анықтай алмайды (lavtin, 1998) немесе өзінің сәйкестілігін өзгертуі мүмкін;
- сәйкестілікті ауыстырудың негізгі талабы сәйкестілік аспектірінен таңдау
мүмкіндігі болып табылады, бұл басқа топтың өкілдерімен қатынас деп түсіндіріледі. Сондықтан, өзгеру процесінде негізгі және объективті индикатор болып келетін сәйкестілікті тіл арқылы зерттеу мүмкіндігі бар.
Сәйкестілік тұрақсыз болғаннан соң, бір сәйкестілікті екіншісімен ауыстырып отыруға болады (СССР азаматы Қазақстанға келіп, Қазақстан азаматы болады; христиан мұсылман болады) . Қоғамда бірнеше сәйкестілік түрлері болады. Бұл жұмыстың барысы тілдік сәйкестілік ұғымын ашу. Тіл адамның қоғаммен сәйкестендіруіндегі өте маңызды құрал.
Тіл адамның тіршілік әрекетінің қосымшасы емес, ол - адамның өмір сүруін, қарым-қатынасын жүзеге асырудың бірден-бір құралы. Тілсіз қоғам болуы мүмкін емес, қоғамнан тыс тіл деген әсте болмайды. Тілді меңгере отырып, тұлға қоғамның әлеуметтік және мәдени нормаларын игереді. Қоғам үшін тіл ең маңызды, кей жағдайда жалғыз, символды компонент болып келеді Қоғам қостілді немесе көп тілдер қатар өмір сүргенде белгілі бір тілді пайдалануға тура келеді осы кезде, тіл мен сәйкестілік байланысады.
Тілдік сәйкестілік дегеніміз - тұлғаның көп тілді немесе қостілді ортада белгілі бір тілді өзіңе таңдауы. Жай таңдау емес сәйкестендіріп таңдауы.
Тілді таңдау - қарым - қатынас кезінде қостілді немесе көп тілді ортада бір тілді таңдауы. Ал, тілдік сәйкестілік күрделі жүйе.
Тілдік сәйкестілік - тілді немесе тілдерді білуден (тілдік құзырлық), тілдерді
қолданудан (тілдік мінез-құлық), тілдерге қатынастан (тілдік нұсқаулар) тұратын тұлғаның немесе топтың тілдік мінездемелерінің барлық жиынтығы. (Губогло 2003, 39) . Тілдік сәйкестілікті анықтау әлеуметтік лингвистика арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік тіл білімі - қоғамдағы тілдің қызметін, әлеуметтік факторлардың тілге әсерін қоғамдық өмірдегі тілдің алатын орнын қарастыратын ғылым саласы. Әлеуметтік тіл білімі әдістері әр түрлі негізге сүйеніп топтастырылады.
- Материал жинау әдісі (байқау, сауалнама, тест)
- Материалды қайта қарау (қадағалау әдісі)
- Бағалау (әлеуметтік мәліметтерідің шыңдығын қарастыру)
- Актив (сауалнама жүргізу, сұхбат алу, нәтижесі)
- Пассив (мәтін таңдау)
Тілдік сәйкестілікті, сонымен қатар телерадио тілін анықтау әлеуметтік тіл білімінің құзырындағы мәселе.
Қазақстандағы тілдік жағдай қостілді болып тұрған соң, осындай қоғамда тіл дік сәйкестілікті анықтау аса ауқымды мәселе болып отыр. Осы мәселені тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Зерттеу барысында қолданылатын терминдерге қысқаша анықтама беріп өтуді жөн көрдік.
Сәйкестілік - тұлғанын өзің сезінуі немесе өз - өзің анықтауы. Белгілі бір мемлекетке, ұлтқа, мәдениетке, тілге, жасына, жынысына, мамандығына және топқа байланысты өзінің тәуелділігі.
Тілдік сәйкестілік - тұлғанын белгілі бір тілге өзінің анықтауы арқылы тәуелділігі.
Тілді таңдау - Көптілді немесе қостілді қоғамда тұлғаның бір тілді таңдауы.
Қостілділік - қоғамда екі тілдің бірдей көрініс алуы.
Сауалнама - жауап алу парақшасы, сұрақшалар, негізгі жауап алу құралы. сауал құрылымының топтамасы, әр бәр сауал зерттеу міндетінің бағдарламасымен байланысты болады.
Зерттеу нысаны ретінде қостілді мемлекеттегі тілдік сәйкестіліктің көрінісі және телерадио саласы.
Зерттеу пәні ретінде қостілді мемлекеттегі тілдік сәйкестіліктің көрінісі және телерадио саласы.
Бітіру жұмысының мақсаты: тілдік сәйкестілікті айқындап, телерадио тілінің қай тілде таралуын социолингвистикалық талдау жүргізу арқылы анықтау. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстандағы тілдік жағдайды қарастыру;
- қазақ-орыс қостілділігінде қазақ тілінің алар орнын қарастыру;
- қостілді қоғамдағы тілдік сәйкестілікті анықтау;
- тілді таңдау мен тілдік сәйкестіліктің байланысын анықтау;
- қазіргі мемлекеттік телеарна мен радио тораптарының тілін қарастыру;
- қоғамымыздағы телеарна мен радио торабының қай тілде өтілуін анықтау.
Зерттеу материалы. Жұмыстың барысында, тақырыптың өзектілігін ашу мақсатымен сауалнама жүргізілді. Сауалнама Алматы қаласы бойынша 77 респонденттің арасынан алынды. Сауалнамаға әр түрлі ұлт өкілдері қатысты. Сауалнамаға қатысқан респонденттер жас ерекшеліктерімен айқындалды. Мектеп жасындағылар және студенттер, әр түрлі қызмет саласындағылармен зейнеткерлер арасынан сауалнама жүргізілді. Сауалнама үш сұрақ арқылы өткізілді. Негізгі сұрақ « Сіздің пікіріңізше телеарна мен радио торабы қай тілде таралуы тиіс» деген. Респонденттер жауап бергеннен кейін, қосымша не себептен таңдалып алғанды жөнінде сұрақ қойылды. Респонденттен толық жауап алу мақсатымен ана тілі мен ұлты сұралды. Сауалнама нәтижесінде 48, 5 телеарна мен радио торабының қазақ тілінде таралуын таңдаса, 42, 8 орыс тілін белгіледі. Бұдан байқайтынымыз Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілге деген сұраныстары мен құрметтері жоғарғы дәрежеден көрініп тұр.
Зерттеу жұмысынын әдіс-тәсілдері. Зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Зерттеуде сауалнама жүргізу, салыстырмалы әдістер, статистикалық және топтастыру әдісі және негізгісі сауалнама арқылы берілген сұрақтардың жауабын беру үшін кесте әдістері қолданылды.
Зерттеуге ұсынылатын тұжырымдар:
- Қазақстандағы тілдік жағдайды қарастыру барысында қоғамда әрқашанда қазақ тілімен орыс тілінің қатар жүруіне байланысты қазақ-орыс қостілділігінің етек жайғанына көзіміз жетті;
- қазақстан қоғамындағы қостілділік жағдайында ана тілінің алар орның қарастыру барысында орыс тілінің басымдылығы айқындалды;
- қостілді қоғамда тұлғанын белгілі бір жағдайда тілді таңдау процесінің нәтижесінде тілдік сәйкестілік анықталады;
- мемлекеттік телерадио тораптарының тілін қарастыру барысында 50-50 бағдарламасының кейбір телеарналар мен радио желісінде, әлі орындал- май жатқандығы байқалды;
- телеарна мен радио торабынын тілін анықтап, қазақ тілінің өркендеп келе жатқандығы көрініс алды;
- қазақстандағы тілдік дауға тоқталып, қоғамда қай тілдің үстем болып келе жатқанына көзіміз жетті;
- сауалнама жүргізу барысында телерадио тілінің қай тілде таралуы анықталды;
- сауалнама нәтижесі 48, 5% қазақ тілінде, 42, 8% орыс тілінде таралуын қалады. Бұдан көретініміз, келешекте Қазақстан азаматтарының тілдік сәйкестіліктерінің үлкен орын алатындығы.
1 ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕБІ
- Қазақстандағы тілдік жағдай
Тілдік жағдай (ағылшын тілінен Language situation) қоғамда тілдің нақты қолданылуы, тілдің өмір сүру формалары белгілі-бір этникалық қауым-дастықта аумақтық және диалекті, жаргондар, койнелердің жиынтығы. Яғни, бір тарихи кезеңге, мемлекет, әкімшілік саяси құрылымдар немесе аймақтық бірлестіктер, аймақтар шегінде тұратын қоғамға (этнос, саяси-этностық қауымдастық) қызмет ететін тілдер мен тіл варианттарының иерархиясы [10, 21] .
Қоғамдағы тілдік жағдайды қалыптастыратын және өзгертетін тіл қызметіне- қоғамның әсер ету негізгі әдіс - тәсілдерінің ішінде тілдік саясат ең маңызды фактор болып табылады. Құрылымдық - тілдік саясат тіл қызметінің кеңейуіне, қолдану аяларына, әлеуметтік - коммуникативтік рөлдің жоғарылауына, әдеби тілдерді жасау мен дамытуға бағытталған.
Тілдік саясат түрлері тілдік жағдайлар түрлеріне байланысты өзгеріп отыра ды:
- Тілдік саясат монотілдік мемлекет жағдайында.
- Тілдік саясат полиэтникалык мемлекет жағдайында.
- Тілдік саясат берілген мемлекет шеңберінен тыс.
Мультилингвалды аудандарда тілдік саясатты плюрализм, интеграция, ассимиляция, сегрегация ерекшелетеді. Егермемлекеттік саясат мультименгвалды қоғам консолидациясына, ұлтаралық қатынастардың толеранттылығы мен тұрақтылығына, барлық этникалық және тілдік топтардың теңдігіне (бұл принцип «ҚР тілдер туралы» заңда көрсетілген) бағыттала отырып, сонымен қатар тілдік саясаттың нақты бағдарламаларының мақсаты қоғамдық-саяси өмірдің салаларында тілдерді қызмет жағынан бөлінуін өзгерту не сақтау болып табылса, яғни жалпы мемлекеттік және ұлтаралық қатынас үшін тіл таңдау құқығы болса, плюрализм мен интеграция бірге жүреді. Сол үшін көпұлтты мемлекеттердегі тілдік саясаттың басты мәселесі-мемлекеттік (ресми) тілді таңдау, сонымен қатар миноритарлы этникалық топтар тілдерінің мәртебесін анықтау. Тілдің мәртебесі - мемлекет өткізіп жатқан тілдік саясаттың негізін құрайтын белгілі бір тілдің құқықтық қызметін реттеу деп түсінеміз. Мемлекеттік немесе ресми тілді таңдаудағы факторларға тілдік қоғам саны, олардың елдегі саяси және экономикалық жағдайы және белгілі бір тілдің өмірдің барлық салаларында коммуникативтік құрал ретіндегі даму дәрежесі жатады. Тілдік жоспарлау кезіндегі тіл таңдауға әсер ететін негізгі факторларды Н. Б. Вахтин мен Е. В. Головко топтастырған:
- Әлеуметтік-демографиялық факторлар (тіл саны, осы тілдерде сөйлейтін адам саны және олардың географиялық таралуы) .
- Тілдің географиялық «орналасуы».
- Тілдік факторлар (тілдердің генетикалық жақындығы, олардың салыстырмалы «қарапайымдылығы», модернизация дәрежесі, өйткені қазіргі заман талабына сай келмейтін, тілдер ресми тіл мәртебесіне ие бола алмайды, сонымен қатар ол мемлекет тілдерінің көпшілігінен алыстап кеткен тілдерге жатады) .
- Әлеуметтік-психологиялық факторлар (адамдардың әр тілге қатысы: мысалы 1991 жылға қарай Латвия халқының көпшілігі орыстардан тұрып, орыс тілін 100% меңгерсе де, зерттеушілер айтуынша орыс тілі Латвияның ресми тілі мәртебесіне көтеріле алмаған, өйткені «кеңестік жаулаушылыққа» қатыстырылған) .
- Саяси факторлар (мысалы, Орта Азия халықтарының бұрыңғы араб графикасының орнына латинизация мен кирилизациялануы) .
- Діни факторлар.
Тілдік саясатты жүзеге асыру, әлемдік тәжірибе бойынша, бірнеше кезеңнен тұратын процесс болып табылады. Алғашқы кезеңде тілдік саясаттың мақсаттары мен міндеттері қалыптасады, заң негізінде ұлттық саясат пен тілдік саясаттың мемлекеттік концепциялары дамытылады, тілдік таңдау туралы шешім қабылданады. Тілдік саясаттың болашағы зор, оның шеңберінде өткізіліп жатқан іс-шаралар тілдік жағдайды өзгертеді. Бірінші кезеңде маңызды болып табылатын нәрсе -тілдік болжам.
Тілдік саясаттың екінші кезеңіне белгіленген мақсаттарға дайындау жатады, оған қалыпты лингвистикалық нұсқа таңдау, оны заңдастыру кіреді және тілдік жоспарлауды құрайды, яғни белгілі бір субьектілердің тілдік тәртіптеріне тіл қызметін ауыстыру, құрылымын реттеу, қалыпты жағдайлар жасау, саяси, білім беру, экономикалық, қоғамдық және лингвистикалық институттар арқылы тілдің мемлекет шекарасынан тыс таралу мақсатында нақты шаралар қолдану. Маңызды ңәрсе, тілдік саясатты ресми мемлекеттік мекемелер ғана емес, тәуелсіз ұйымдар да жасай алады. Мемлекеттік деңгейде бұл кезең тілдік қызмет саласындағы заңдарды қабылдау мен осы саладағы халықаралық міндеттерге қосуды ұсынады. Биліктік емес деңгейде екінші кезеңде өкіметке қатысты талаптарды қабылдау және ғылыми-зерттеу мен мәдени білім беру шаралары өткізіледі. Бұл кезеңмен тілдік бекіту байланысты, ол дегеніміз белгілі бір тілдің пайдалану аяларын сақтау, кеңейту не шектету туралы шешім қабылдау, одан кейін халықаралық міндеттер мен ішкі заңдылық нормаларын тәжірибеге имплементациялау басталады.
Соңғы кезең-тілдік құрылыс мұнда тілдік саясат мүшелер ұсынатын жаңалықтарды бекіту үшін әлеумет мүшелерін көндіруге бағытталған күш жұмсайды. Қоғам мүшелері ұсыныстарға келісім беруі мүмкін не тіпті келіспеуі мүмкін.
Ұсыныстардың қабылдану дәрежесі жасалып жатқан тілдік саясаттың әрекеттілігіне баға беруге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар ел немесе аймақтың тілдік дамуын болжайды. Осы мәселенің ұлттық-тілдік аспектісін көпұлтты мультилингвалды қоғамды консолидациялау үшін әлеуметтік-экономикалық және конфессионалды аспектілермен байланыстыру қажет.
Кез келген мемлекеттің тілдік саясатының негізінде тілдік ортаны реттейтін заң актілерін қабылдау кезеңінде бар қоғамның этнотілдік мінездемесін және әкімшілік орта, білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында тілдің пайдалануын анықтайтын мақсаттар мен міндеттерді түсіну керек. Осы жағдай тілдік жағдайды тілдік жоспарлаудың теориясы мен тәжірибесіне керекті өзекті ұғым мен категория етіп бағалауға міндеттейді. Аймақтағы тілдік жағдайды түсіну үшін келесі сипаттар пайдаланады: тілдік саясат ерекшеліктері; тілдік заңдастыру мінездемесі, тілдердің ресми мәртебесі; қалыптасу тарихы мен тілдік жағдайдың сыртқы факторлары, тілдің сандық құрамы (көп жағдайда қала мен ауыл диаспораларында әртүрлі тілдер басым болады, қызметтік тілдер, т. б. ерекшеленеді) : тілдердің демографиялық және қызметтік қуаты, олардың саны мен қатынасы; тілдік ұстанымдар (тасушылардың тілдік бағыты, жоғарғы дәрежелілігі, үйренуге құштарлығы, т. б. ) : тілдердің лингвистикалық себептері (функционалдық стильдердің болуы мен тұрақтылығы терминалогиялық жүйелердің дамуы, жазу дәстүрлерінің ұзақтығы, қаржылық және институттық қамтылуы (сөздіктер оқу құралдарын, кадрларды дайындау орны мен жүйесінің болуы), т. б. ) .
Әр елде, кейде әр аймақта тілдік жағдай қалыптасуының және пайда болуының өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, мысалы, Қазақстан халықтары үшін өмірдің әкімшілік, экономикалық, мәдени және т. б. салаларында қатынас құралы ретінде орыс тілі үстем болған. Ана тілі тұлғааралық қатынастарда және оқытуда пайдаланған. Бір жағынан Кеңес Одағының құлдырауынан кейін орыстардың көп бөлігінің Қазақстаннан кетуі және керісінше, шет елдерінен туған жеріне оралмандардың қайтып келуі елдегі тілдік жағдайды күрт өзгертті. Оның бәрі титулды тілдерді қайта өркендеуі мен таралуымен тығыз байланысты. Этникалық және мәдени сәйкестендірумен өркендеу арқылы түсіндіріледі. Ақыр аяғы ол тілдік ортаны реттейтін заң актілерінің мінезін анықтайтын елді: барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекет құрайтын ұлт тілдеріне мемлекеттік тіл мәртебесі берілген, сонымен қатар бірқатар елдерде орыс тілі ресми тіл және ұлтаралық қатынас тілі деп есептеледі.
Қазақстанның Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан сияқты елдермен шекаралас жатуының геосаяси факторы маңызды болып келеді, ол шекаралас аймақтардың тілдік жағдайына әсер етеді. Қазақстан халықтарының тарихи демографиялық, этномәдени байланыстарының болуы, Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріндегі соңғы 15 жылда болған өзгерістерге байланысты. Осы елдердегі тілдік заңдылықтарды қайта қарау керек.
Алғашында Ресейдің мемлекеттік тілінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі 1991 жылы РСФСР «РСФСР халықтарының тілдері туралы» заңда анықталған. Осы заңмен мемлекеттік тілге керекті барлық әлеуметтік қызметтер көрсетілген-ресми қатынас, білім беру, ғылыми бұқаралық ақпарат құралдары, соттық іс тағы басқа, бірақ көрсетілген заңда олардың мазмұны көрсетілмеген, орыс тілінің қатынастың әр түрлі салаларында пайдалану ережелері орнатылмаған, осының салдарынан 2005 жылдың 1-маусымында Ресей Федерациясының «Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы» федералды заң қабылданды.
Орта Азиялық елдерде тіл туралы алғашқы заңдар бір уақытта жасалды, бірақ осы елдердегі этнодемографиялық, әлеуметтік-мәдени, құқықтық шарттар ерекшеленеді, ал тіл қарымқатынасының заңдық регламентациясы әр түрлі дәрежеде жасалған.
Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Орта Азиялық елдердің тілдік заңдылықтарын салыстырудың көрсетуі бойынша, біріншіден Қазақстан Республикасының тілдік заң базасы бәрінен озып жасалған және тілдік жоспарлаудың талаптарына сай болып есептелінеді. Екіншіден, Қазақстан Республикасын заңдастыру мүшесі тілдік жоспарлау шеңберіндегі елдегі тілдік жағдайды өзгертуге бағытталған, үшіншіден, тілдер қабылданатын заң актілері жаңа тілдік саясаттың үш бағытын атап көрсеткен. (Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметтерін кеңейту мен бекіту: орыс тілінің жалпымәдени қызметтерін сақтау; қазақстан халықтарының тілдерін дамыту) . Олар кез келген тілдің дамуына жағдай жасайды, төртіншіден, Қазақстан Республикасы тіл заңдылығы қазақ тілін және оның қызмет салаларын бағалай отырып оның қолданылу кеңістігін ұлғайтуға байланысты бағытталған, оның корпусының дамуы мен бекітілуін және кеңейуін көздейді; бесіншіден, орыс тіліне қатысты заң регламентациясының динамикасы бойынша, орыс тіліне мемлекеттік тілмен қызметтес ресми тіл мәртебесі берілген.
Түрікмен ССР -нің «Тіл туралы» заңын қабылдау кезінде (1990 жылы 24 мамыр), 1989 жылы жылғы санақ бойынша, түрікмендер халықтың 72%, этникалық орыстар - 9, 5 %, орыстар - 12% құрайды. Бұл заң бойынша, түрікмен тіліне мемлекеттік тіл дәрежесі беріледі, орыс тілі КСРО-ның ресми тіліне айналады және ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдаланады, негізінен түрікмен ССР-і республика территориясында тұратын халықтардың тілдеріне еркін пайдалануға мүмкіндік жасайды. Осылайша Түрікмен ССР-нің «Тіл туралы» заңы орыс тілін шектемейді, бірақ қазіргі уақытта Түрікменстандағы ақпарат бізге жетпейді және осы елдегі нақты тілдік жағдай туралы мәлімет жоқ.
2000 жылғы санақ бойынша, Тәжікстан Республикасының халық саны 79, 94% тәжіктер, 15, 3% ортаазиялық түріктер, 1, 1% орыстар құрайды. Қазіргі «Тіл туралы» заңы (1989 жылы 22 шілде) кеңес заманында қабылданған. Оның орыс тіліне қатысты негізгі ұстанымдары Конституцияны қабылдағанға дейін (1994 жылы) және Тәжікстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы қабылданғанға (2004жылы) дейін сақталған. Орыс тілін үйретуді жақсарту мақсатында «Тәжікстан Республикасындағы орыс және ағылшын тілдерін оқытуды жетілдіру туралы» заң шықты (2003жыл) . «Тіл туралы» заңға сәйкес, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде республика территориясында еркін пайдаланады және құқықтық, саяси мемлекеттік көмекке ие. Мемлекеттік өкімет мүшелері және қоғам орыс тіліне қалыпты көз қараспен қарайды.
1989 жылы санақ бойынша, Өзбекстанда кеңес заманында өзбектер демографиялық басымдылыққа ие болған: орыстар саны 8, 4%, келесі он жылда 4, 78% түсті «Өзбек ССР-нің мемлекеттік тілі туралы» заңда (1989 жылы 21 қазан) өзбек тілі «Мемлекеттік, ал орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі. Өзбекстандағы қостілділік пен көптілділік заң негізінде қабылданған, бірақ ол тек ұлтаралық қатынасқа тән. Заңның жаңа 1995 жылы 21 желтоқсандағы басылымында орыс тілі арнайы бір мәртебеден арылып, миноритарин тілдер қатарына қосылған.
Қырғыз Республикасында қырғыздар саны 64, 9%, орыстар - 12, 5%,
өзбектер - 13, 9% (1999 жыл) құраған «Қырғыз ССР-нің мемлекеттік тілі туралы» заң (1989 жылы 23 қыркүйек, жаңа басылымы - 2004 жыл 2 сәуір) қырғыз бен орыс тілдерінің қызметін есепке алған және осы заңмен бекітілген нормалар 15 жыл өмір сүрген; «Қырғыз Республикасының ресми тілі туралы» заң (2000 жылы 25 мамыр) орыс тілінің қызметтерін құқықты бекітуін қамтамасыз еткен; Қырғыз Республикасы Президентінің «Қырғыз Республика-сының мемлекеттік және ресми тілдерін нәтижелі қызметінің даму шарттарын жасау туралы және қостілділіктің дамуына қатысты мемлекеттік саясатты - жетілдіру туралы» заңында елдегі қостілділік жағдай бекітіліп, қырғыз тілінің мемлекеттік, ал орыс тілінің ресми мәртебесін растаған. (Апай)
Сөйтіп, ортаазиялық аймақтағы тілдік жоспарлаудың мәселесі - бұл тек қана тілдердің тілдердің мәселесі емес, бұл - әлеуметтік, саяси және ұлттық мәселе, тіл оған әртүрлі деңгейлерде көрсетіліп отырады. Бұл қоғамда эмпиралды және нақты материалдарға негізделген табиғаттың және сәйкестіктің ауысу үрдісінің механизмін тереңірек, объективті зерттеу қажеттілігі сөзсіз.
Тілдік жағдай-қоғамымыздағы күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл тілдік жағдай - нақты бір тарихи кезендерде өзгеріп отыратын құбылыс. Оның себебі, қоғамдағы жағдайлардың әсерінен тілдік жағдай туады. Тілдік жағдай болған жерде тіл саясаты да орын алады. Тіл саясаты-ның ықпалынан тілдік жағдай өзгеруі әбден мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz