Ресей мен АҚШ: Орталық Азиядағы қауіпсіздік және геосаясат


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Халықаралық қатынастар және

Қазақстан Республикасының

сыртқы саясат кафедрасы

Ресей мен АҚШ: Орталық Азиядағы қауіпсіздік және геосаясат

(диплом жұмысы)

Ғылыми жетекші:

т. ғ. к ., аға окыт. Утегенова А. Р.

Қорғауға жіберілді:

“___”2007

Алматы, 2007

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ Орталық Азия аймағының геосаяси маңыздылығы

1. 1 Аймақтық көшбасшылық

1. 2 Су ресурстарының проблемалары

1. 3 Каспий проблемасы

2 ТАРАУ Аймақтағы АҚШ пен Ресейдің қызығушылықтары және ықпалы

2. 1 Орталық Азиядағы Ресейдің саясаты және ықпалы

2. 2 Орталық Азиядағы АҚШ-тың саясаты, ықпалы, қызығушылықтары

3 ТАРАУ Аймақтың геосаяси перспективалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

«Орталық Азия аймағы» 5 посткеңестік азиялық республикалардан тұрады, ал географиялық жағынан аймақ кеңірек территорияны қамтиды, оған Шығыс Түркістан (Синьцзян) және Ауғаныстан территорияларын кіргізуге болады. Берілген жұмыста орталық-азиялық Қазақстан, Өзбексан, Тәжікістан, Қырғызсан және Түркменстан мемлекеттері туралы болады.

1991ж. КСРО құлдырағаннан кейін бұлар әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз, жас мемлекеттер ретінде кірді және бірқатар қиын геосаяси проблемалармен қақтығысты.

Географиялық орналасуы, тарихтың даму барысы, мәдениеттің белгілі біртектілігі бұл аймақты біртұтас геосаяси құрылымға айналдырды, сонымен қатар бұл аймақ екі ғасырдан аса Ресей ықпалы аймағына кірді және Қытай тарапынан күштеу әрекетін бастан кешірді.

1991ж. кейін Орталық Азия Ресейдің ықпал ету аймағынан алдынғы қатарлы әлемдік державалардың геосаяси бәсекелестігі аймағына айналды. Оның геосаяси маңыздылығын атақты американ саясаткері З. Бжезинский былай деп анықтайды- «Оны бақылау Таяу Шығыс, Солтүстік Африканы қосқандағы алып аймаққа ықпал етуді қамтамассыз ету мүмкін». 1

Ресей және Қытайдан басқа, геосаяси «ойынның» басты қатысушылары болып АҚШ және оның одақтастары шығады. Оның осындай әрекетіне КСРО-ның құлдырауы себеп болған жаңа әлемдік тәртіп орнатуға тырысуы еді. Басты «ойыншыларға» қосылуға деген құштарлығын тарихи бәсекелесушілер Түркия және Иран, Үндістан және Пәкістан білдірді. Бұның өзі аймаққа белгілі бір қуаттылық күшін береді. Тауарлары мен қызмет көрсетулеріне, шикізат және рынок көзі ретінде бұл аймақты сонымен қатар Жапония, Араб елдері және Тынық Мұхит бассейінінің жаңа өндіріс (индустриялды) мемлекеттері (Онтүстік Корея, Малазия, Индрнезия) және басқа да мемлекеттерді қызықтырады.

Осыған байланысты аймақ әлемдік саясат пен экономика қайшылықтарының ірі өзегіне айналады.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінің қарама-қайшы стратегиялық мүдделерінің шағылысуы айтарлықтай халықаралық проблемаларға алып келеді және аймақтың тұрақты дамуына, оның әскери-саяси тепе-теңдігіне әсер етеді.

Әлемдік геосаяси тұрғыда Орталық Азия, Кавказды қоса алғандағы Прикаспий аймағы (тұрақсыздық ошағы) деп аталатын аймаққа кіреді.

Аймақтық және әлемдік державалар тарапынан аймаққа деген қызығушылығы 1991 ж. кейінгі халықаралық қатынастардың жалпы жағдайымен және энергетикалық ресурстар, ықпал ету аймағы, құрлықтар мен мұхиттарды байланысыратын жаңа мемлекеттердің территориялардың транспорттық жолдарында қызулы күрес жүріп жатқан әлемдік экономика дамуының қазіргі кезеңімен түсіндіріледі.

Орталық Азия мұнай және газға, түрлі-түсті және сирек кездесетін металлдарға, алтынға, күміске, уранға бай аймақ және әлемдік державалар бұларды иеленуде қызығушылық білдіруде. Көмірсу және биологиялық ресурстары бар Каспий теңізі үлкен стратегиялық маңызға ие.

Аймақтың геосаяси ерекшеліктері көптеген проблемалар тудырады: әлемдік рынокқа шектеулі шыға алатын жабық транспорттық аймақ және салыстырмалы аз дамыған коммуникация желісі. Аймақ елдері экономикалық тұрақтылыққа ұмтылуда, алайда экономикалық және транспорттық қатынаста Ресейге тәуелді. Табиғи және су ресурстарын үнемсіз пайдалану, экологиялық апат зоналары; өмір сүру аймағының тапшылығы және халақ санының тым көптілігі (Өзбекстан), өмір сүруге жарамсыз алып бос территориялар (Қазақстан, Түркменстан) .

Бұл қайшылықтар көбіне қиын әлеуметтік, экономикалық жағдаймен, билікке түрлі саяси, этникалық, діни топтардың күресуінің шиеленісуінен, экстремисттік және террористтік ұйымдардың белсенділігінің күшеюімен, исламдық фундаменталисттердің, қару, есірткімен айналасатын топтардың болуымен күшеиеді.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың айтуынша, «Орталық Азия - шиеленісті аймақтардың бірі . . . келешекте қақтығыстар аймақ ішінде және айналасында тууы мүмкін, соның ішінде территория, су және бай табиғи ресурстары үшін». 2

Орталық Азиядағы геосаяси жағдай 1991 ж. кейін «үлкен ойын» деген атауға ие болды. Ол XIX ғ. аяғындағы Ресей, Ұлыбритания арасындағы аймаққа деген бәсекелестіктің жаңа тарихи жағдайының жалғасы еді.

Осылайша 1991ж. кейінгі Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың даму ерекшеліктерін және келешегін зерттеу өзектілігі анық. Жүз жылдан аса бір ғана держава - Ресей, ал кейін КСРО аймақта үстем етуімен, жаңа күштің келуімен аймақтық динамиканы бұзады. Орталық Азия елдері алдында таңдау тұрады - Қытайдың мүдделерін еске алып, Ресеймен дәстүрлі байланыстарын бұзбай, мықты бірақ алыс жатқан державамен қатынас қаншалықты дамуы мүмкін.

Біздің республика бастан кешіріп отырған тарихи кезеннің ерекшелігімен де зерттеу өзектілігі анықталады. Тәуелсіздік алғаннан кейін біздің мемлекет геосаяси жағынан өзін анықтаудың қиын мәселені шешеді. ҚР Президенті Н. Назарбаев айтқандай, «Ірі Еуразиялық мемлекет ретінде сипатқа ие және біз үшін маңызды болып табылады-елде экономикалық реформалардың дамуы үшін сыртқы жағдайдың максималды тиімділігін қамтамасыз ету, демократиялық институттардың күшеуі». XX ғ. аяғындағы ірі өзгерістер ағымында Қазақстан «тарихтың қажетті аралында» өз орнын табу керек деп санайды мемлекет басшысы. Орталық Азиялық аймақта болатын геосаяси құбылыстарды бақылау міндеттерін өзекті етеді.

Тарихи-географиялық, саяси- экономикалық факторларға байланысты Қазақстан әлемнің басты мемлекеттерімен байланысты-АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония.

2001ж. 11 қыркүйегінен кейін АҚШ Ауғаныстанда орналасқан халықаралық терроризммен күресқажеттілігі сылтауымен аймаққа белсенді ене бастады. Орталық Азия белгілі белгілі ойын аймағы болатын АҚШ-тың бір полярлы әлем орнату бағдарламасын іске асыру үшін бұл сылтау тиімді деп айту қате.

Алайда АҚШ бұны теріске шығарып отыр. Оған дәлел атақты саясаткер З. Бжезинскидің сөзі болып отыр, « Орталық Азияда АҚШ-тың күшеюі алдын- ала жасалған стратегиялық жоспар емес, алайда ол күшейе түседі, себебі Орталық Азия елдері аймақта Ресей немесе Қытайдың басымболуын қаламайды. Осы елдер ісіне Американдық қатысуының күшеюі өзара тиімді құбылыс болып табылады. Біз қазіргі кезде бұл аймақта американ саяси және экономикалық ықпалының ықпалының соның ішінде әскери салада кеңеюін көріп отырмаз және бұл процесс өз жалғасын табады. 3 Берілген жұмыстың мақсаты Орталық Азиядағы АҚШ және Ресей геосаясатын қарастыру, аймақтағы елдердің перспективаларын қарастыру, Ресейдің бір бөлігі немесе АҚШ- тың «шекті ауласы» болу көз-қарасын қарастыру.

Жұмыста келесідей міндеттер қойылады:

  • Орталық Азияның геосаяси рөлінің 1991ж. - кейінгі және 2007ж. өзгеруін бақылау;
  • Аймақ елдерінің сыртқы саяи бағыттарындағы және сыртқы акторлардың бағыттарындағы геосаяси сипаттағы факторлармен анықталатынын көрсету;
  • Еуразиядағы басты рөлдегі күресте сыртқы қатысушылар мен аймақ елдерінің ұстанымдары мен мүдделерін қарастыру;
  • аймақ елдерінің қауіпсіздік қаупін және олардың геостратегия лық барысын көрсету;
  • аймақтың негізгі мемлекеттерінің және сыртқы акторларының стратегиялық ынтымақтастығының келешегін анықтау.

Жұмысты жазу барысында көптеген қайнар көздер қолданылды және оларды келесідей топтауға болады:

  1. Аймақтағы геосаяси ойынның негізгі қатысушыларының, сыртқы саясты және мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі концепциялары; 4 олар сыртқы саяси доктриналармен және оларды бекітетін құжаттар. Оларға АҚШ Президенттері Б. Клинтонның және Дж. Буш кішінің доктриналары жатады. Ресей Президенті В. Путиннің негізгі сыртқы саяси бағыты «Путин доктринасы» деп аталады. АҚШ және Ресей Федерациясының әскери доктриналары. Олар өз елдерінің қорғануға қабілеттілігін нығайту қажеттілігін және халықаралық аренадағы жағдайларға байланысты қай қауіптер айтарлықтай маңызды екенін түсіну үшін басты болып табылады. Мысалы: РФ-ның Әскери доктринасы (2000ж. сәуірде қабылданды) РФ-ның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-саяси, әскери-стратегиялық және әскери-экономикалық негіздерді анықтайтын ресми көз қарастардың жиынтығын құрайды;
  2. Мемлекеттер және сыртқы акторлар арасында қол қойылған келісімдер, құжаттар; 5
  3. Аймақ елдерінің (экономикалық, саяси, әскери) дамуы туралы статистикалық мәліметтер; 6
  4. Мемлекет және сыртқы саяси ведомствалардың мәлімдемелері; 7
  5. Кезеңдік басылымдағы аналитикалық материялдар. 8

Соңғы он жылдық Орталық Азия деп аталатын жаңа геосаяси аймақтағы тарих, қазіргі жағдай және келешек проблемаларына Батыс зерттеушілерінің өсіп отырған назарымен белгіленеді. Бұл бірнеше факторларға байланысты. 9 Орта Азия және Қазақстан-жаңа ірі геосаяси аймақ, ол көп ұлтты халқы бар және келешегі зор аймақ. Сыртқы қатысушылар Ресей, АҚШ бұл аймақта бекініп алу мақсатымен белсенді іс жүргізуде. З. Бжезинскидің «Великая шахматная доска» еңбегі американ саясаткерлері үшін бағыт беруші құрал ретінде саналады. Бұл еңбегінде автор, КСРО-ның ыдырауына алып келген себептерді талдайды, Еуразия үшін оның салдарын көрсетеді және Америка үшін бұрынғы КСРО жеріндегі аймақты өз қолына түсіру үшін қандай қандай әрекеттер жасау керектігі белгіленеді. Бжезинскии еңбегінің бесінші тарауыда, Орталық Азия және Балкан түбегінде американ бақылауын міндетті түрде орнату керектігін көрсетеді. 10 Оның пайымдауынша аймақтағы басты рөлді Қазақстан мен Өзбекстан ойнайды. Қазақстан - қалқан (шит) ретінде, ал Өзбекстан оның жаны ретінде. Американ саясаткерлері Өзбекстанның этникалық жағдайынан шиеленісіне қарамастан, оның көшбасшылыққа мүмкіндігі көбірек, ал Қазақстан көптеген орыс және басқа да диаспораларының болуынан Ресейге тәуелді. Сонымен қатар Ресей аймақтағы жіберіп алған ұстанымын қайтару үшін Қазақстанға ықпал етуге тырысады. Орталық Азия бойынша атақты зерттеуші М. Б. Олкоттың ойынша бұл аймақ бір тұтастық жағынан бір саяси аймақты құра алмайды. Бұған негізгі аргумент болып, Қазақстан және Өзбекстан өзінің дамуын қарама-қайшы модель бойынша құруда. Егер Қазақстан елді саяси және экономикалық дамуға тартса, Өзбекстан елде жабық саясат ұстануда және соған қарамастан аймақтағы көшбасшылық рөліне ұмтылуда. Нәтижесінде екі мемлекет көптеген мәселелерге байланысты ортақ ойдан шыға алмай отыр. 11

М. Олкотт «Орталық Азия туралы 12 миф» атты мақаласында айтуынша әр бір аймақ өзіне сай модельі бойынша даму керек, сонымен қатар сыртқы саяси партнерлерімен қатынастар жолын да өзі таңдау қажет. 12

Ресей зерттеушілері аймаққа көп көңіл бөліп, жоғалтқан ұстанымдарын қайта жаңғартуда. 13

Әсіресе А. Г. Дугин жұмыстарын ерекше білдіру қажет, себебі XX ғ. аяғындағы неоеуразиялық түсініктің манифесті болып табылады. Ол геосаясатты модернизациялау арқылы мемлекеттің статусын сараптауда «талассократия» немесе «теллурократия» сияқты жаңа терминдерін еңгізу арқылы ерекшелік сипатын береді. Сонымен қатар, Ресей алдында тұрған глобальді геосаяси мәселелерді қалай шешу керектігін нақты түсіндіреді. Дугин бойынша, Ресейдің геосаяси мақсаты, АҚШтың күшеюіне қарсы шығып, оны үшінші сортты державалар қатарына жылжыту және жер шарының негізгі бөлігі -Еуразияға гегемониясын орнату. А. Г. Дугимнмен берілген геосаясат анықтамасы қысқаша тұрде-мемлекеттер арасындағы қатынас тарихының квинтэссенциясы: «Геосаясат- ол билік туралы ұғым және билік үшін . . . Геосаясат-ол билік жүргізу ұғымы».

Қазіргі нүні Қазақстан тарихи ғылымында республиканың сыртқы саяси істерінің сараптануы бойынша біршама жұмыстар жазылды. Қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы жиынтығы Қ. К. Тоқаевтың еңбектері болды. 14 Оның құндылығы отандық ғылымда алғаш рет ҚР сыртқы саясатының приоритеттері және оларды әр түрлі бағыттарда жүзеге асыру жұмыстарының сарапталуында болды. Жұмыс документалды және фактологиялық материалдарға бай. Қ. Тоқаевтың «Ғаламдану барысындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» еңбегінде Орталық Азиядағы және Қазақстандағы сыртқы саясатының әлемдік экономикалық және саясат бейнесіндегі жаһандану үрдісінің бір-біріне тәуелділігін қарастырады. 15

Касенов У., Сыроежкин К., Лаумулин М., Султанов К., Акимбеков С. және тағы басқа зерттеушілердің жұмыстарында сыртқы саясаттың әр түрлі бағыттары, қауіпсіздік аспектілері, қазіргі халықаралық проблемалар қарастырылған. 16 Қазақ ғылымындағы геосаяси проблемалары алғар рет У. Касеновтың жұмыстарында көтерілген және сарапталынған. Оның ғылыми зерттеу тәжірбиесінде Қазақстанның посткеңес аймағындағы геосаяси статусын анықтау және оның қауіпсіздік мәселелері сияқты бір қатар қызығушылықтары болды. У. Касеновтың геосаяси конструкциясында Қазақстан жер шарының еуроорталықазиялық (Еуразия) бөлімінің жүрегінде орналасқан, нәтижесінде АҚШ, Ресей, Қытай сияқты ұлы державалардың қатыгез «геосаяси ойындарға» қосылуға мәжбүр. Басқа ОА мемлекеттерімен салыстырғандағы Қазақстанның экономикалық дамуы, аймаққа әлемдік ойыншыларды шақыруға тиімді орналасқан. У. Касеновтың ойынша, «ОА аймағында кім экономикалық жағынан доминант болса, сол барлық Еуразияда мықты геостратегиялық күшке ие болады». Сонымен қатар, Каспий төңірегіндегі аймақтар (Орталық Азия және Кавказ) С. Хантингтонның танымал концепциясы сияқты «цевилизацияның қақтығысына» ұшырайды деп сараптайды У. Касенов. 17 Бұл тұжырым қаншалықты шын екендігін автордың алдыңғы сараптамаларын салыстыра отырып білуге болады.

Жоғарда айтылғандай, бұл жұмыста көптеген қайнар көздері қолданылды. Бірақта, жұмыс процессінде маңызды рөлді геосаясаттың негізгі заңдылықтары сақталған зерттеулер алады. 18

Жұмысты жазу барысында тарихи, анализ және синтез, жүйелік тәртіп сияқты жалпы ғылыми тәсілдер қолданылды. Жұмыстың хронологиялық кезеңі 1991 жылдан қазіргі кезге дейін жазылған.

Жүйелік жоспарда жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

І ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНЫҢ ГЕОСАЯСИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1. Аймақтық көшбасшылық

Логикалық тұрғыдан 1991 жылдан кейін аймақтағы мемлекеттер жақындаса түсуі керек еді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, кей жағдайда осы мемлекеттер сырттай біріне бірі қолдау мен «терең рухани тустықты» көрсеткенімен, ұлттық мүдделердің түрлілігіне байланысты бірқатар мәселелер бойынша олардың қатынастары нашар.

Осы аймақтағы кей мемлекеттердің геосаяси ұмтылыстары басқа мемлекеттердің мүдделеріне қарама-қайшы келіп, оларды мазасыздандырмай қоймайды. Мысалға Өзбекстан аймақтық көш басшылыққа ұмтылуда, ол осы ұмтылысын тек бірқатар басымдылықтары ғана емес, сонымен қатар тарихпен де негіздейді - Ақсақ Темір империясы тек куллі Орта Азияны ғана қамтып қоймай, сонымен қатар Жерорта теңізі мен Қара теңізге дейін жеткен. 19

Бір жағынан ол өзбектердің ұлттық сезімінің күшеюімен, оларды шығармашылық ізденістерге итермелесе, екінші жағынан бұл Өзбекстан көршілерін осы геосаяси мәселеге өзіндік жауаптарын іздеуге итермелейді. 20

Н. Назарбаевтың айтқанындай тарих және география салдарынан «әлемнің ортасында» орналасқан Қазақстан, жарияланған көп жақты дипломатияны іске асыруға тырысуда. Өзбекстанмен «ағайындық теке-тіресте» аймақтық көш басшы болуға ұмтылумен қатар, Қазақстан Ресей және Қытай арасында жүруде.

Қырғызстан табиғи ресурстарға тапшы, сол себепті оның аймақтың ішкі қатынасындағы ролі зор емес. 21

Аймақ мемлекеттерінің тіл табыса алмауының бір себебі экономиканың нашар жағдайда болуы.

КСРО ыдырауының экономикалық салдары Орта Азия мемлекеттері үшін өте ауыр болды. Олар КСРО-ның бір ыңғай экономикалық комплексін құраған материалдық ресурстардың біршамасынан айрылды. Сыртқы ресурстар (несиелер, шет елдік тікелей инвестициялар) аймақ мемлекеттеріне экономикалық тоқыраудан шығуға біршама көмектесті. 22

Кесте: Тікелей шетелік инвестициялар мен несиелердің ел бойынша үлесі

Мемлекет: Мемлекет
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.
Мемлекет:
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: %
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: $ адам басына
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: %
$ адам басына
%
$ адам басына
Мемлекет: Қазақстан
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 54
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 618
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 39
83
34
52
Мемлекет: Қырғызстан
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 2
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 87
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 12
81
11
53
Мемлекет: Тәжікстан
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 1
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 19
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 5
25
6
24
Мемлекет: Түркменістан
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 4
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 141
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 1
7
0
0
Мемлекет: Өзбекстан
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 5
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 37
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 9
11
4
4
Мемлекет: Армения
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 4
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 201
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 14
151
10
77
Мемлекет: Азербайджан
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 25
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 560
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 8
31
19
51
Мемлекет: Грузия
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 5
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері: 186
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 12
89
16
88
Мемлекет: Барлығы
Тікелей шетелдік инвестициялар 1991-2005: 100
1993-2004 жж Әлемдік Банк несиелері:
ХҚҚ Несиелері 1993-2004 гг.: 100
100

Кесте: Сыртқы ресурстардың макроэкономикалық маңызы

:
Шетелдік тікелей инвестициялар: Шетелдік тікелей инвестициялар
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ
:
Шетелдік тікелей инвестициялар: % негізгі капиталға салым үлесі
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: % ІҰӨ
Жиналған инвестициялар % ІҰӨ
Әлемдік банк
ХҚҚ
:
Шетелдік тікелей инвестициялар: 1991-1994 жж.
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 1995-1999 жж.
1995-2000 жж.
2000-2001 жж.
1995-2003 жж.
1995-2003 жж.
: Армения
Шетелдік тікелей инвестициялар: 2. 0
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 31. 3
5. 8
32. 2
3. 7
1. 7
: Азербайджан
Шетелдік тікелей инвестициялар: 2. 5
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 64. 4
19. 9
89. 2
0. 9
1. 6
: Грузия
Шетелдік тікелей инвестициялар: 19. 4
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 34. 9
4. 4
27. 2
1. 8
1. 6
: Қазақстан
Шетелдік тікелей инвестициялар: 13. 3
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 33. 4
6. 3
53. 8
0. 8
0. 3
: Қырғызстан
Шетелдік тікелей инвестициялар: 14. 7
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 29. 5
4. 3
32. 7
3. 5
1. 7
: Тәжікстан
Шетелдік тікелей инвестициялар: 2. 1
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 4. 3
1. 8
11. 9
2. 8
2. 0
: Түркменстан
Шетелдік тікелей инвестициялар:
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ:
2. 9
16. 6
0. 2
0. 0
: Өзбекстан
Шетелдік тікелей инвестициялар: 1. 4
Шетелдік инвестициялар, % ІҰӨ: 2. 8
1. 3
17. 0
0. 4
0. 15

Аймақта инвестициялардың негізгі бөлімі энергоресурстарды өңдеу саласына (мұнай, газ) келді, әсіресе Қазақстанда.

Кесте: Қазақстандық тікелей инвестициялардың салалық құрылымы (жыл бойынша %)

:
1993-1994: 1993-1994
1995: 1995
1998: 1998
2001: 2001
2003: 2003
2005 (январь-июнь): 2005 (январь-июнь)
: Мұнай және газ
1993-1994: 78. 7
1995: 32. 0
1998: 70. 3
2001: 74. 1
2003: 71. 2
2005 (январь-июнь): 80. 8
: Басқа ресурстар өндірісі
1993-1994: 0. 0
1995: 0. 0
1998: 0. 0
2001: 1. 5
2003: 0. 8
2005 (январь-июнь): 0. 1
: Электроэнергетика, су/газ қамт ету
1993-1994: 0. 0
1995: 0. 0
1998: 7. 4
2001: 1. 2
2003: 0. 4
2005 (январь-июнь): 0. 6
: Қара металлургия
1993-1994: 0. 0
1995: 10. 4
1998: 0. 0.
2001: 0. 3
2003: 2. 6
2005 (январь-июнь): 0. 5
: Түсті металлургия
1993-1994: 0. 9
1995: 35. 0
1998: 6. 0
2001: 1. 6
2003: 0. 4
2005 (январь-июнь): 0. 1
: Тамақ өндірісі
1993-1994: 4. 5
1995: 3. 9
1998: 1. 0
2001: 0. 3
2003: 0. 7
2005 (январь-июнь): 0. 2
: Телекоммуникация
1993-1994: 1. 4
1995: 3. 5
1998: 1. 0
2001: 0. 3
2003: 0. 7
2005 (январь-июнь): 0. 2
: Тұтыну тауарларын өндіру
1993-1994: 0. 0
1995: 0. 0
1998: 1. 9
2001:
2003:
2005 (январь-июнь):
: Қаржы, сақтан, банктер
1993-1994: 1. 0
1995: 1. 2
1998: 2. 7
2001: 2. 1
2003: 1. 1
2005 (январь-июнь): 0. 6
: Меншікпен операциялар
1993-1994:
1995:
1998:
2001: 8. 8
2003: 10. 2
2005 (январь-июнь): 9. 4
: Басқа
1993-1994: 13. 5
1995: 13. 9
1998: 7. 3
2001:
2003:
2005 (январь-июнь):
: Барлығы
1993-1994: 100
1995: 100
1998: 100
2001: 100
2003: 100
2005 (январь-июнь): 100

Кесте: Аймақтың негізгі инвестор-мемлекеттері (қаржы салынуы)

Мемлекет: Мемлекет
Азербайжан: Азербайжан
Қазақстан: Қазақстан
Қырғызстан: Қырғызстан
Тәжікстан (жиналған): Тәжікстан (жиналған)
Мемлекет:
Азербайжан: 1994-200 жж.
Қазақстан: 1993-2001жж.
Қырғызстан: 1995-2001жж
Тәжікстан (жиналған): 2000 жж.
Мемлекет: АҚШ
Азербайжан: 24. 3
Қазақстан: 35. 4
Қырғызстан: 12. 5
Тәжікстан (жиналған): 0. 5
Мемлекет: Ұлыбритания
Азербайжан: 13. 9
Қазақстан: 13. 1
Қырғызстан: 10. 8
Тәжікстан (жиналған): 31. 4
Мемлекет: Түркия
Азербайжан: 13. 1
Қазақстан: 3. 5
Қырғызстан: 11. 0
Тәжікстан (жиналған): 0. 2
Мемлекет: Италия
Азербайжан: 2. 6
Қазақстан: 4. 6
Қырғызстан: 2. 7
Тәжікстан (жиналған): 14. 4
Мемлекет: Оңт. Корея
Азербайжан:
Қазақстан: 10. 7
Қырғызстан:
Тәжікстан (жиналған): 19. 4
Мемлекет: Жапония
Азербайжан: 3. 4
Қазақстан: 2. 2
Қырғызстан: 4. 1
Тәжікстан (жиналған):
Мемлекет: Қытай
Азербайжан:
Қазақстан: 4. 4
Қырғызстан:
Тәжікстан (жиналған): 1. 0
Мемлекет: Ресей
Азербайжан: 10. 0
Қазақстан: 1. 9
Қырғызстан: 0. 4
Тәжікстан (жиналған): 0. 1
Мемлекет: Барлығы
Азербайжан: 100
Қазақстан: 100
Қырғызстан: 100
Тәжікстан (жиналған): 100

Кесте: Шетелдік тікелей инвестициялардың таза көлемі, жыл бойынша орташа болжанатын және шынайы көлемі

:
1996-2000 жж.: 1996-2000 жж.
2001-2005: 2001-2005
:
1996-2000 жж.: Барлығы млн. $
2001-2005:

%

ІҰӨ

Орт. адам бас $
%
Барлығы $ млн.

%

ІҰӨ

Орт. адам бас $
%
: Армения
1996-2000 жж.: 112
2001-2005: 6. 1
30
4. 3
13-
6. 0
34
5. 1
: Азербайджан
1996-2000 жж.: 681
2001-2005: 17. 1
86
26. 8
450
7. 4
55
17. 7
: Грузия
1996-2000 жж.: 152
2001-2005: 3. 0
28
6. 0
160
2. 7
29
6. 4
: Қазақстан
1996-2000 жж.: 1289
2001-2005: 6. 7
86
50. 6
1300
5. 2
88
51. 2
: Қырғызстан
1996-2000 жж.: 59
2001-2005: 3. 7
13
2. 3
90
5. 0
18
3. 5
: Тәжікстан
1996-2000 жж.: 25
2001-2005: 2. 3
4
1. 0
30
2. 2
5
1. 2
: Түркменстан
1996-2000 жж.: 94
2001-2005: 3. 1
20
3. 7
130
2. 2
26
5. 1
: Өзбекстан
1996-2000 жж.: 135
2001-2005: 0. 9
6
5. 3
250
2. 2
10
9. 8

Қайнар көзі: Жуков С., Резникова О. Центральная Азия в социально-экономических структурах современного мира. М. 2001 .

КСРО ыдырауынан кейін бірнеше жылдарға созылған экономиналық құлдырау кезеңінен кейін соңғы кездері аймақтағы бес мемлекеттердің экономикасы да өсуде, бірақ бұл өсім әлемдік нарықтағы конъектура өте тығыз байланысты бір немесе екі шикізат өндіруге енгізделген. Осы салалардағы даму экономиканың басқа салаларына таралмайды.

Әр мемлекет экономикасының нарыққа көзделу деңгейі әртүрлі, бірақ барлық жерде мемлекеттің экономикаға араласу деңгейі өте жоғары - мемлекет бағаларды реттейді, кедендік барьерларды тағайындайды және монополияларды қолдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Геосаяси жағдай
ҚР-ның геосаяси мүдделері
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты мүддесінің шығу негізі
Орталық Азия одағы
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға әсері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ШЫҢЖАҢНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz