Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру



КІРІСПЕ

1 ТЕХНИКА.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1Кен орны туралы жалпы мағлұмат
1.2 Кен орнының геологиялық құрылымы
1.2.1 Стратиграфиясы
1.2.2 Тектоникасы
1.3 Мұнайгаздылығы
1.4 Жер асты сулары
1.5 Құмкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөніндегі қысқаша мәлімет
1.6 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы
1.6.1 Құмкөл кен орнының 1.объектісінен мұнай, газ және суды өндірудің өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау
1.6.2 Қабатқа су айдау үшін пайдаланатын су көздері.
1.6.3 Суды дайындаудың техника.технологиясы
1.7 Құм тығының сумен жуғандағы гидравликалық есебі

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 "Құмкөл мұнай" МГӨБ.ң ұйымдастырудың сипаттамасы
2.2 Техникалық басшылық органдары
2.3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника.экономикалық көрсеткіштерді талдау
2.4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау
2.5 Құм тығының жуғандағы тиімділіктің есебі

3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
3.1 Таңдап алынған технология мен техника
3.2 Қиын жағдайларда мұнай ұнғыларын пайдалану кезіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі
3.3 Жұмыскер адамның жұмыстан кейінгі тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыру

4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
4.1 Негізгі қойылатын талаптар
4.2 Ластаушылардың сипаттамасы
4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс.шаралар
4.4 Гидросфераны қорғау
4.5 Литосфераны қорғау шаралары

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі
болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен
орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орны
да жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасының Геология
Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен
ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай
ойпатының мұнайгаздылығын растады.
1987 жылы ТМД-ның ҚЖИК-нің бекітуімен байланыстық 153208 мың
тонна болып мұнай қоры бекітілді.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс Құмкөл кен орнын пайдалану шарттарына
сәйкес "Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын
талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру" арналған.
1 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1Кен орны туралы жалпы мағлұмат
1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл
мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа
өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.
Құмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды
облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын
географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын
тұрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы
(210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр).
Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен
орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр жөне 290 километрдей
болады.
Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта
Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал
шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.
Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез
келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран,
үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы
тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп,
батпаққа айналадьг. Тура осындай жолдар Құмкөл кен орнын Қызылорда мен
Жезқазған арасындағы грейдерлік жолмен шектесе асфальтталған жол арқылы
Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210
километр).
Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск -
Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары
дала қыраттың үстінде орналасқан.
Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның
ішінде ең үлкені - Арысқұм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан
ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң
Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90
метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп тұрады.
Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала,
солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен ұласады.
Абсолютті ең биік белгі 240,1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75,1 метр.
Биік қыраттардан қазан шұңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары
бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа
және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі
бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады жөне осы
батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.
Кен орнының құрамы жөне оған жақын жатқан территория аймақтар майда
тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100
метр терендікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез
ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста
-40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін
негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады. Негізінен
соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз
боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге
тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады.
Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан
алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 гдм3. 50-70 метр
тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.
Судың құрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына
сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық
жағынан аудан қауіпсіз.

1.2 Кен орнының геологиялық құрылымы
70 жылдардың басында оңтүстік Торғай ойпаты кек көзін жоғары палеозой
шөгіндісімен байланыстырып, негізінен геология-лық, магниттік, гравиметрлік
өлшемдерге сүйеніп жасалуда.
КМПВ Арысқұм мен МОВ Жыланшы мұнай газ аудан-дарында жасалған
сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәти-жесінде мұнай газ кеніші триас,
грабен — синклинальдарымен мезозой қабаттарының дәуіріне жататыны болашағы
бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жұмыстар
(МОВ) Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.
1976-1981 жылдарда оңтүстік Торғай өңірінде геологиялық зерттеу
жүргізілген жоқ.
1982 жылы "Актюбенефтегаз геология" ПГО бекіткен жоба бойынша алдынала
есептеліп дайындалған (КМПВ) профильдік структуралық бұрғылау басталды.
Бұрғылаудың алдына негізгі Қойған мақсаты 2000 метр терендікке дейін
ұңғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық құрлысын анықтау болды.
1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм
ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофиль-деуден кейін 2п-Арысқұм
ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арысқұм мұнай аймағындағы профиль
структура бұрғылау жалғастырылды.
1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде
Құмкөл кен орнында төменгі неоком мен жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарында
мұнай кеніштері бар екендігі анықталды.
1985 жылы Тұрлан геологиялық барлау экспедициясы мен Құмкөл кен
орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл
сатысы деп атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің солтүстік
синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды.
1986 жылы Құмкөл кен орнының орталық бөлігінің барлау жұмыстары
негізінен аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен орнының
солтүстік бөлігіне ауысты.
1987 жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен
орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігі анықталды.
Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен игерілуде. Мұнай
фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.

1.2.1 Стратиграфиясы
Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер
нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте
протерозой негізгі бетінде орналасқан.
Төменгі протерозой РR1
18 ұңғыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.
2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120
метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта
тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды
құрамға айналады.
3-ші ұңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз
интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.
Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыранқы аймақтармен
бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір
жерлерінде темірге айналған.
Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына
сәйкестелінген.
Мезозой - кайнозой топтары МZ-КZ
Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық)
құрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-
палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.
Триас - Юра бөлщері Т - J
Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің
шөгіндісімен басталады.
Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі тілігінде жоғарғы
триас - төменгі юра шөгінділері де бар.
Құмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының бары-сында аталған
шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т3, төменгі
юра бөлімі J1 грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы
айболин тастопшаларынан тұрады.
1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен соң бірі қабаттасып құмтастар
мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден құралып кейбір жерлерінде
конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды
алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған
өсімдік қалдықтарына бай.
Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.
Юра жүйесі J
Орта бөлім J2
Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер Дощан
қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.
Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (скважина 12) 56 метрге дейін (скважина
6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін (горизонт ю-
4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында 4-6 метр
көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4,5,6). Тастопшаның төменгі жаппа құрлымды
бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе жынысқабығына
жатады.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде Дощан топшасы түгелімен үшкірленіп
(ұңғы 17,19), ал қанаттарында оның қалыңцығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы
5).
Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3
Юраның орта-жоғарғы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай
тастопшасына бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып,
ал бұл тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық
жағынан өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз,
гидрослюда - каолинитті құрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан
текшеленген.
Оңтүстік-батыс құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17,19) тастопша жоқ, ал
қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан
тастопшасы үстегі доломиттер ретінде
көрсетеді.
Грабен-синклинальдарда тастопшаның жоғарғы бөлігі жанғыш сланецтерден
түзілген. Тастопшаның қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар
нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына
жатқызылған.
Жоғарғы бөлім J3
Жоғарғы юра қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан
және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді. Кен орнындағы Құмкөл
тастопшасы (І3к) үш қабат горизонтальды өнімдік құмайттар, құмдар және
алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-
3).
Бүкіл аймақта горизонттар саз және сазды алевролиттер болып
бөлінген.Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал
қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін
өзгереді.Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклиналь-дарында 300
метрге дейін артады.
Бор жүйесі - К
Кен орнының төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау
негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.
Орта төмен бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон бор
жүйелеріне бөлінеді.
Төменгі бөлім К1
Неоком жоғарғы текшесі (К1пс)
Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы
тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл
тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына
жатады және ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен
саздан тұрады.
Арысқұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге
дейін жетеді.
Арысқұм жазық горизонтты литологиялық құрамы жағынан Құмкөл
құрылымында үш буда текшеге бөлінеді: төменгі Мен жоғарғы құмды алевролитті
және ортаңғы - сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол
(горизонттар М-1 жөне М-2). Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы
сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңцы-ғы
113-163 метр болатын саздан тұрады. Жоғарғы дауыл тастопшалыгы тіліктің
төменгі және орталық беліктерінде қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты
сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі жағы негізінен сазды.
Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.
Дауыл тастопшасының негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының мөлшеріне
қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен тұратындығы анықталып неоком дәуір
аралығына жататыны дәлелденді.
Апт-альб ярустары (К1 а-К1 аl)
Апт-альб шәгіндісі шайынды арқылы дауыл тастопшасының үстіне
орналасып, қарашатау тастопшасымен бірігеді. Тастопша төменгі жағында қатты
бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысып отыратын құм қабаттарымен
жоғарғы жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер
қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.Спорово-пыльца
талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб дөуір аралығына
жатады.
Төменгі - жоғарғы бөлімдер К1-2
Альб-сеноман ярустары (К1 al+s)
Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау тастопшасының үстінде орналасып,
қызылқия тастопшасынан ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар саздар алевролиттер
мен сазды құм қабаттарымен қүмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындығы 87-
186 метр.Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-
тұқымдар негізінде анықталған.
Жоғарғы бөлім К2
Турон ярусы К2t
Турон шөгіндісі балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті
қызылқия тастопшасының үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм мен жұқа сазды
қабатшалардан тұрады.
Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да
кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-
тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.
Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)
Бұл қабат шөгінділері шайылған жыныстар мен балапан тастопшасымен
шекараласады. Литологиялық бұл қабат ала-шұбар түсті құм мен сазды
балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты
түқымды, тозандар негізінде анықталған.
Жоғарғы сенон (К2sn2)
Жоғарғы сенон қабаты (құрылым жағынан) барлық ұнғыларда шайылып
кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен ақ құм
қабаттарына әктас қабатшасы қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы шөгінді
қалыңдығы 43 метрге жетеді.
Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) жөне
тұқым шаң тозандары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып
кампанмаастрихті кезеңге жатқызылған.
Кайнозой тобы - КZ
Палеоген жүйесі - Р
Палеоцен - төменгі эоцен Р1-Р2
Палеоцен - төменгі эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде
жоғарғы бор үстінде орналасқан. Олар көмірленген өсімдіктер дәнекер
қалдықтарымен бай қара сұр саз балшықтар мен кварц-глауконитті құмдардан
тұрады. Ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.
Неоген - төрттік жүйелері N-Q
Арысқұм ойпатының батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік
шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық шегіне шартты түрде жазықтықты басып
жатқан құмдар, саздықтар мен құмтастар да енгізілген. Олардың қалындығы 10
метрден аспайды.

1.2.2 Тектоникасы
Оңтүстік Торғай ойпаты Торғай тегістігінің солтүстік-шығысында
орналасқан. Ол Ұлытау тау жоталарымен оның шығы-сында орналасқан оңтүстік
жалғасының.төменгі Сырдария күмбезі мен батыста Орал бір беткей құрамалы
құрлымның ортасында өзіндік бір беткейлігімен жағымсыз роль атқарып тұр.
Оңтүстігінде Қаратау тау жоталарымен ал солтүстігінде Қостанай қақпағымен
шекараласады. Оңтүстік Торғай ойпаты өз тарапынан екі ойысқа бөлінеді.
Солтүстігінде Жыланшы оңтүстігінде Арысқұм, орталығы Мыңбұлақ қаңбақшасымен
бөлінген. Құмкөл антиклинал құрлымы бор-палеоген жинағында 1500-1700 метрге
жетіп, Арысқұм ойысында орналасқан. Мұнда триас-юра шөгіндісі өзінше жеке
құрлымды қабат құрап, ол төмендегідей ерекшеленеді. Қабат қалындығы
максимал, мезозойға дейінгі гетероген негізінде ортасы опырылып түскен,
жақтары бір-біріне қарсы құлаған созылған сынақтар бұлар тіліктерді толық
стратиграфиялық зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Геофизикалық
мәліметтер бойынша Арысқұм ойығының шекарасында бес желілі созылған
субмеридионалды бағытта грабен сиклиналдарымен үш орталық қабаты көшірілген
жарықтар жүйесінен антиклиналды күмбездер оларды бөліп тұрады. Бұл
дәлелдеме ұңғылау нәтижесінде анықталған. Құрлымы жағынан Құмкөл дөңесі
Сарыбұлақ горст антиклиналды шығысының оңтүстік батыс жағында орналасып
Ақшабұлақ және Сарылан грабен синклиналдарымен бөлініп тұрады.
Платформаның үстіңгі бүркеме қабатының шөгіндісі дөңестің шектік
аймағында бұрыштың және стратиграфиялық қабаттар үйлесімсіздігімен жыныс
негізіне орналасады. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағыттарында
тектоникалық бұзылу себептерінен негізгі бірнеше блоктарға (шоғырларға)
бөлінген.
Шөгіндінің үстінгі бүркеме қабатында тектоникалық бұзылу тек қана
солтүстік-батыс бағытта байқалады.
Негіздің жүйелі бұзылуы бірнеше орталық қанаты көтерілген жарықтар
жүйесінде бөлінуі дөңестің амплитудасы 320 метрдей, ал ені 2,5-3,5 километр
және ұзындығы 24 километрге жетеді.
Негіздің беттік орналасу тереңдігі 1200-1600 метр шамасында.
Үшінші, бесінші және жиырма екінші ұңғыларда грабен шығыста
амплитудасы 100 метрге дейін төменделе шектеліп ерекшеленеді. Солтүстік-
батыс бағытта грабен кең қысым айырмашылықтарына иеленіп негіз 1460 метрден
1820 меір терендікке дейін орналасады.
Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытта дөңестің орталық бөлігі
қасқа сыңықтар сериясы (29, 30, 16, 20, 14, 21, 8 ұңғылар аймықтарында)
горст-грабенді амплитудасы 80 метрге дейін, өлшемдері 2,5-3,5 километрге
тең болатын блоктарға бөледі.
Аймақтық солтүстік жөне оңтүстік бөліктері де орталық тұсы төмен
құлдыраған жарықтар жүйесімен күрделенген.
Аймақтың орталық бөлігінде негіздің ең аз тереңдікте (1160-1170 метр)
орналасуы (2,9,12,17,19 ұңғылар аудандарында) байқалады. Сейсмикалық
құжаттармен, жүйелі ұңғылау нәтижелерінің күрделі бағдарламамен өңдеу,
дөңестің тектоникалық шөгіндісінің жан-жақты, деталды мағлұматтарын
ұсынады.
Юра шөгінділерінде екі түрлі беттік қабаттың құрлымы өте жақсы
байқалады, оның біреуі - Құмкөл дөңес горизонтының қабат құрлымын жоғарғы
Юраға, ал екіншісі дөңес қабаттың орта юра құмайт шөгіндісімен айқындайды.
Беттердің біріншісі өнімді Ю-1 горизонтымен байланысып, табан
горизонтымен бірігеді. Екінші бетке 4 табан горизонты жанасшрылып өз
тарапынан жамылғы өнімді Ю-4 горизонтымен бірігеді.
4 табан горизонтының жамылғысында Құмкөл кен орнының күрделінілген үш
күмбезінде брахиантиклиналды қыртыстың бар екені байқалады. Қыртыстың
тұнықталған теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтарынан
максималды амплитудалары 160 метр, биіктігі 1330 метр өлшемдер 20x8
километр болады. Қыртыс үш тектоникалық үйлесімсіздіктермен (Ғ1,F2, Ғ3)
күрделіленген.
Қыртысты шығыстан шектейтін ең ұзақ төмендеу амплитудасы Ғ2 60-100
метрге жетеді. Солтүстікке қарай бұл өзгеріс Р3 бұзылуымен байланысты ары
қарай сенімді.
Қыртыстың солтүстік-батыс синклинальды бөлігі максималды амплитудасы
30 метрге жететін шашыраңқы алысқа ұзаған бөліктері-мен күрделіленген.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігі 12,17,19 үңғылар ауданында орта юра
шөгіндісі мүлде жоқ. Орта юра шөгіндісінің негіздің көтерілуі шамасына
қарай азаюы оған тіліктің теменгі белігінің қосылуының нәтижесінде іске
асады. Үшінші ұңғы ауданында өлшемдері 1x1,5 километр, ал амплитудасы 25
метр болатын өте үлкен емес изометриялық күмбез байқалып, ол батысынан жөне
шығысынан тектоникалық ажырауларымен қабаттасып келіп отыра-ды. Соңғы
ажырасуға (шығыстан қосылатын жартылай күмбездің) амплитудасы 40 метр
тұйықталған изогипс "минус" 1260 метр болатын шығыстан келіп қосылатын
жартылай күмбез жатады.
Бүкіл аудан аймағында орта юра шөгіндісі 0-200 метр аралығында
өзгереді. Дөңестің өнімді горизонты Ю-1 жаппасының өлшемдері 20x9 километр
құрап, тұйықталған изогипсте "минус" 1220 метрге дейін жетіп дөңестің
амплитудасы 120 метр болады, қыртыс қанатгарының бұрыштың түсуі төменгі
бетке ұқсас. Түгелімен Ю-3 горизонты дөңестің жоспарын қайталап үш күмбезді
брахиантиклиналды болып солтүстік-батыс бағыттан амплитудасы 30-100 метр
Ғ2, төмендеуімен шектеледі. Солтүстік және батыс күмбездер шығанақ тәріздес
кішігірім синклиналмен өзара бөлініп тұрады.
Үшінші ұңғы ауданында негізгі төмендеу Ғ2-ден шығысқа қарай
сейсмикалық материалдар негізінде өлшемдері 4x2 километр жөне амплитудасы
40-45 метр тұйықталған изогипса "минус" 1130 метр болатын дөңеспен
анықталып шығыстан тектоникалық түзілу Ғ3 жартылай күмбезбен қосылып (34
ұңғы аумағында) өлшемдері 1x0,8 километр шамасында болады.
Құмкөл тастопшасының қалындығы аудан бойынша негізінен 55-75 метр
шамасында ауытқып дөңестеу жерлерінде 38-44 метрге (ұңғы 2,17,19) дейін
өзгереді.
Арысқұм горизонт жаппасы бойынша (өнімді бор М-1 горизонт жаппасы)
Құмкөл құрлымы желілі асимметриялы антиклинал қыртысы болып келіп, күмбезі
оңтүстікке қарай ауытқыған. Дөңес өлшемдер 17x4 километр, амплитудасы 51
метр тұйықталған изогипс "минус" 1000 метр болады.
Құрлымның шығыс қанаты флексурамен күрделіленген, юра Швгіңці келіп
өтетін Ғ1 тектоникалық бұзылумен сөйкес келеді.
Кен орнының орталық бөлігінде 3 шағылу горизонтында айақтың изогипстың
бағытының солтүстіктен шығысқа қарай күрт өзгеруіне байланысты "минус" 1000
метр еңдігінің кеңеюі байқалады.
Шығыстан Батысқа қарай 890934 уақыт бөлігінде осы аудан арқылы өтетін
локалды иілту байқалып, бұл жерде амплитудасы аз күмбез екендігіне дәлел
болады.
Дөңес ауданның әртүрлі бетінің жоспарларын салысттыру барасында арықұм
дөңес горизонтының жаппасының ені азайып, оның пішіні өзгеріп дөңестің
орталық шығыс жақ бетіне қарай Ю-1 горизонтымен ығысқан.
Тілікпен жоғары қарай құрлым амплитудасы 160 метрден Ю-3 горизонтынан 51
метрге арысқұм горизонт жаппасынан дейін азаяды.

1.3 Мұнайгаздылығы
Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және
жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.
Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен
М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған
жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.
Төменгі-бор горизонттары М-1 және М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін
сазды қабатпен бөлінген.
Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1 горизонтында мұнай кеніші бар.
Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің орналасу қабаты күмбезді.
Абсолюттік СМШ деңгейлері "минус" 981,1-ден "минус" 985,6 метр аралығында,
оңтүстік күмбездің құрлымына батыс қанатында орналасқан ұңғылар қатарында
(2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің "минус" 977,7-ден "минус" 979,7 метр
аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар анықталған.
Мұнай қабаты – күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің
орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр
қабаттың абсолютті СМШ деңгейі “минус” 996-дан “минус” 999 метр аралығында,
құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032)
түйісу деңгейлері “минс” 991,4 және “минус” 992,6 метрге дейін көтеріледі.
Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4) өнімді горизонтгар
айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие
болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.
1190-1322 метр аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді
кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу
контактісі "минус" 1179 метр, ал су мұнай контактісі "минус" 1194 тен
"минус" 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің
деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.
Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын
кеуекті жөне жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.
Қабат қысымы: кеніш бойынша мұнай-газ өндіру жұмыстары басталмай
тұрғанда қабат қысымының мөлшері сол кеніштің тереңцігше төуелді болады.
Жоба бойынша ол төмеңдегі формула арқылы табылады:

Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, тұтқырлыш. Мұнайдың
тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ал
тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр
қосымшалары және температура.
Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық, нафтендік,
ароматтық қатарларының күкіртті, азотты жөне оттекті қосылыстарының
қоспаларынан тұрады.
Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 ттәу. Қабат қысымы шамамен 8 МПа.
Құмкөл мұнайының тығыздығы - 821 кгм3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с, құрамындағы
күкірт мөлшері - 0,11 пайыз, парафин —11,7 пайыз, асфальт-шайырлы заттар -
5,9 пайыз.

1.4 Жер асты сулары
Құмкөл кен орны Торғай артезиан бассейінінің оңтүстік бөлігінде
орналасқан.
Кенішті барлау процесінде (өтеу әдісімен) 22 субергіш жөне 2 ашық
оқпан объектілері өтеу әдісімен сыналған.
Ұңғылау нәтижесінде терендік, өлшемдік, іздеулік, гидрогеологиялық,
құрлымдық және барлаулық скважиналар Құмкөл, Арысқұм аймақтарында
протерозой, юра, бор, пологенді, неогенді шөгінділерінде субергіш
комплекстері айқындалған.
Құмкөл 2 ұңғысын сынақтан өткізу кезінде негіздің шөгіндісінен 1416-
1503 метр аралығында минералдағы 76,6 гдм3 су ағыны алынды.
Су хлорлы кальций тектес, хлорлы топтағы натрий топшасында, құрамында 69,2
гдм3-ге дейін бромы бар.
Құмкөлдің (2, 8, 12 және 16) ұңғыларында орта юра шөгіндісінен су
бергіштік горизонты зерттелген.
Алынған су арынды, оқпан тесіктерінен өтетін су ағынының жылдамдығы
жоғары, бұл қабат сүзгіштік қасиетінің жақсы екендігінің дәлелі болып
табылады.
Жоғарғы юра шөгіндісіндегі сулы комплексі үш субергіш горизонттарынан
құралған: Ю-1, Ю-2 және Ю-3. Комплекс жоғарғы орналасқан қабатан ала сұр
түсті сазды қабатпен бөлінген.
Су орналасқан жыныстар сұр және ақшыл сұр құмайттар. Бұл
горизонттардың гидродинамикалық мінездемесі Ю-4 горизонтының
мінездемесіне сәйкес келіп, олардың өзара байланыстарын тағы да дөлелдейді.
Ю-1, Ю-2, Ю-3 горизонттарының сулары ағынды. Сынақ интервалдары
динамикалық деңгейі күшті ағынды, өте тез қалпына келеді (1 сағаттан 5
тәулікке дейін).
Неоком субергіш шөгіндісі құрамына М-1 және М-2 субергіш горизонттары
кіреді. Олар жасыл сұрғылт құмайттармен байланыста болады.
Апт-альб субергіш комплексі неоком горизонтынан аймақты дамыған сазды
жоғарғы неоком қабатымен бөлінген. Қуатты сазды қабат аралығын қосқанда
комплекс қуаты 250 метге дейін жетеді.
Апт-альб субергіш шөгіндісінің кедергісі ете жоғарғы тұрақсыздықпен
мінезделіп, комплекстің жоғарғы белігінде 50 метрге жетеді. Тіліктің
жоғарғы бөлігінде су тұщылау болуы мүмкін.
Апт-альб субергіш комплекстің суы өте кеп (водообильный), контур
сыртындағы сулармен химиялық құрамы біркелкі оны техникалық су ретінде
қолдануға болады.
Жоғарғы альб-сеноман шөгіндісінің субергіш горизонты кеңінен таралған.
Су жасыл сұрғылт және қызыл-қоңыр құм қабаттары мен ала саздардың ішіндегі
аз цементтелген құмайттар жыныстарында орналасқан. Горизонт қалындығы 46
метр. 2743 ұңғысында алынған су арынының дебиті 24,4 ттәулік.
Тәуліктің статикалқы деңгейі - 16 метр тереңдікте орналасқан.
Суы тұздылау, минералдығы 1,7 гдм3.
Төменгі туран-сенонды субергіш комплексі кенінен таралған. Сулар жасыл-
сұр жөне сұр құмдардың ішінде орналасқан, орналасу тереңдігі 270 метрге
дейін. Суы тұщы, минералдығы 0,6 гл.
Палеогенді, неогенді 14 субергіш шегінділері аудан бойынша
анықталған.Шаруашылық жене ішім су турон-сенон субергіш комплесінен, ал
техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман комплексінен алынады. Апт-альб
горизонттағы су қорын қабат қысымын тұрақты ұстп туру үшін қолдану
ұсталған.

1.5 Құмкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөніндегі
қысқаша мәлімет
Кен орнын игерудегі бекітілген варианттардың негізгі бағыттары мұнай
кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның
үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте
болуы керек.
Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра
шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4
қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу скважиналары 300x600 сеткасы
бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті
көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың
қысымының жеткіліксіз болуы.
Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант
тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы
алынатын өнім 156-568 мың тонна.
Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25 млн тонна
мұнай өндірілуі керек.
Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау
Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады.
1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991
жылы 1192,43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай,
сулану 1,94%, газ өндіру 92,99 млн м3 болады.
1992 жылы 1993,04 мың тонна сұйықтың 1318,5 мың тоннасы мұнай сулануы
3,26%, газ өндіру 87,59 млн м3 болады.
1993 жылы "Южказнефтегаз" өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген
шаралар арқасында мұнай өндіру 1677,5 мың тонна, газ өндіру 111,73 млн м3
болады.
Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.
Терең сораптың НСН-95, 44, 30, 15 және НСН-25, НСН-57, 30 түрлері
қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-
16) және 2 өлшеу қондырғысы.
2000 жылы 23 жаңа үңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050,
2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002,
1003, 1012, 2018, 2019, 2011).
Механикаландырылған тәсілге 11 ұңғы аударылды: NN 347, 150, 1013, 346, 343,
134, 124, 342, 1009, 135, 340.
1993 жылы су айдау 1207,620 мың м3 болды. Игеру басынан бері 1922,825
м3 . Айдауға керекті судың 3613,6 мың м3 жетпейді, яғни 64,6% сулану 4,8%.
2002 жылы кен орны бойынша 1805,623 мың тонна мұнай, 125,7 млн м3 газ
және 1925,6 мың тонна сұйық өндірді. Кен орны бойынша өнімнің орташа
сулануы 70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық қондырғы орташа төуліктік
шығымы 2-объект бойынша 37,5 тонна және 3-объект скважинлары енгізілді.
120 ұңғының тәуліктік өнімі 5679 мұнайды құрайды. Бір ұңғының орташа
тәулік шығымы 35 тоннаға есептелген. Яғни, шығымның жобадағы деңгейден
жоғары болуы 44% құрайды.
Жобаға сәйкес мұнай өндірудің жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру
ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.
2001 жылдың аяғында өндіріс объектілерін тұрғызу 93,3% құрады. Қабат
қысымын ұстау үшін, игерудің технологиялық схемасы қарастырған үш игеру
объектілеріне, тоғыз нүктелі схема бойынша қабатқа су айдау жүргізіледі.
Қазіргі барлық су аңдау қоры 44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті
арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу қысымы 10,7-
10,8 МПа құрайды.
Жылына ұңғылар бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде
көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104,
1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.
Айдау аймағынан алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015,
1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс
қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303,
3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999
жылы бойында қабатқа 296,352 м3 су, ал игеруден бастап 5314,44 м3 су
айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013,635 м3 су айдалды.
Объектілер бойынша алуды қайтару ретіне 78,8; 58,3; 82,3% құрайды.
Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар
жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және
штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен
орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы,
су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу
бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.
Кен орны бойынша мұнай өндіруді арттыру негізінен жаңа ұңғыларды
енгізу арқасында болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді.
Олар бойынша өндіру 462,527 мың тонна мұнайды құрайды. Ал игерудің
көрсеткіштерінде мұнай өндірудің төмендеуі көрінеді. Бұл сол уақыттағы
Сібір жеңіл мұнайының келмеуіне байланысты ұңғылардың бір бөлігін (2-
объектте) тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені Құмкөл кен орнының мұнайы қою,
сондықтан Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек. Қаңтар айы бойынша 89 мың
тонна мұнай және 95,77 мың тонна сұйық алынады. Ол 2000 жылдың алдыңғы
айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.
Айдау ұңғыларының орташа қабылдағышы 2,94 м3тәу болғанда, қабатқа су
айдау 218,6 мың м3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161,4% құрады.
Наурыз айында 1-объектінің сулануына байланысты және қысымның көбеюіне
байланысты, ұңғы төңірегінің қабылдауы нашарлап, көптеген ұңғыларда сулану
артты. Соның есерінен "Мұнай газ ғылыми зерттеу жөне жобалау" институтының
ұсынысы бойынша су айдау тоқталды.
Сәуір айынан бастап, тоқтатылған ұңғыларды жұмысқа қосуға байланысты
мұнай өндіру өсе бастады. Оның өзінде мамыр айында 194,7 мың тонна
деңгейіне жетіп тұрақтанды. Мұнай өндірудің одан өрі өсуі, ай сайын 5-15
аралығында жаңа өндіру ұңғыларының іске қосылуына байланысты болды.
2002 жылы айдауға 10 жаңа ұңғы енгізілді, оның ішінде 1-объектіде 2
ұңғы (N 1009, 1017), 2-объектіде 5 ұңғы (NN 2012, 2061, 2075, 2078, 2802)
және 3-объектіде 3 ұңғы (NN 3015, 3017, 3023). Жұмыс істемей тұрған қордан
3 ұңғы іске қосылды.

1.6 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы
Құмкөл кен орны бойынша 2001 жылы пайдалану қоры 256 ұңғы болды. Оның
ішінде істеп тұрғаны 138, істемейтіні -29, меңгеру және тұрғызуда -25.
Істеп тұрған ұңғылар саны: 1-объектіде - 31, 2-объектіде -30, 3-объектіде
17. 2001 жылы 18 өндіру ұңғысы енгізілді. Жоспар бойынша - 50,
механикаландырылған тәсілмен 24 ұңғы аударылды.
Пайдалану қоры фонтандық тәсілмен өндірілді. Ол қабат қысымының,
онымен қоса қабат энергиясының төмендеуіне әкеліп соқты.
2002 жылы пайдалану - 295, істеп тұрғаны - 141 ұңғы, 84 ұңғы фонтандық
тәсілмен, ал 57 ұңғы механикаландырылған тәсілмен өндіреді. Бір ұңғының
тәуілігіне беретін орташа шығымы - 54 тонна. 2 және 3 объектілерде
күнделікті қабат қысымы 9,7 МПа түсті, оның өзі сұйықты алу қарқынына, су
айдау арқылы жетпей тұр. Өйткені, тұрғызу объектілері қанағатсыз жұмыс
жасауда.
Ал 2002 жылдың қаңтарының бірінші жұлдызыңдағы пайдалану қорына
келетін болсақ, осы уақыт ішінде 160 ұңғы өнім беріп тұр, 101 ұңғы
фонтанды, 59 ұңгы механикаландырылған тәсілмен жұмыс жасауда. Меңгеру мен
тұрғызуда 80, оның ішінде 47 ұңғыда көтергіш құбыр мен фонтанды қондырғы
жетіспейді. Жұмыссызы - 8 ұңғы, өйткені қабат қысымдары қаныққан қысымнан
төмен. Консервацияда 50 ұңғы, оның 30-ы жинау қондырғыларынан қашық
болғандықтан консервацияланған 20 пайдалану ұңғылары. Оның 10-ы (NN 240,
244, 2070, 2080, 242, 330, 336, 400, 431) меңгерген кезде таза газ шыққан.
Сосын 10 ұңғы (NN 1013, 1002, 1003, 152, 240, 2046, 347, 345, 340, 2059)
нұсқа үстінде болғандықтан 100 пайыз суланған.
Су айдау қоры 50 ұңғыдан тұрады, оның ішінде істеп тұрғаны 24 ұңғы,
қалғандары әртүрлі себептермен тоқтап тұр. Су алатын ұңғылар саны 10, бірақ
оның 5-6 ғана тұрақты жұмыс істейді.
Құмкөл кен орнында 2002 жылдың аяғына дейін 457 ұңғы бұрғыланды. Жобамен
салыстырғанда 86,3% құрайды. Сол қазылған ұңғылардың 296 - пайдалану, 77 -
айдау, 2-газды қабатқа қазылған. 3 бақылау, 15 - су алатын 20 - барлау және
2 уақытша тоқтатылған ұңғылар.
Пайдалануға берген 457 ұңғы орнына 2003 жылдың аяғында шын мәнінде
жұмыс істеп тұрған 415 ұңғы, 289 фонтандық тәсілмен және 126 механикалық
тәсілмен жұмыс істейді. Қалғандары жұмыс жасамай тұрған 28 меңгерулер жөне
тұрғызылған 15 ұңғы. Әр түрлі жағдаймен 43 ұңғы тоқтап тұр, оның өзі
пайдалану қорының 16,6% процентін құрайды. Жұмыс істемей тұрған 28 мұнай
ұңғысы, оның ішінде 21 фонтандық және штангалы терең сорапты тәсіліндегі 28
жұмыссыз тұрған ұңғының 17-сі газ факторының көбеюіне байланысты тоқтап
тұр. Оның 4 ұңғысы (NN 1002, 1030, 2004, 2005) өнімнің азаюына байланысты
механикалық тәсілге көшіруге мәжбүр болып тұр. Өндіретін 2 ұңғы фонтадық
өндірудің азаюына байланысты айдау ұңғысы көшірілді. 2001 жылы айдау
қорында 57 ұңғы, оның 37-сі нақты жұмыс жасап тұр. Тұрғызуды күтіп тұрғаны
-16, жұмыссыз тұрғаны -4 (NN 100, 301, 302, 304).
NN 100, 301, 304 ұңғылары апатқа ұшырауларына байланысты тоқтап тұр.
Жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғылары. Мұнай шығыны бойынша таралуы келесі
түрде көрінеді: кен орны бойынша барлығы -408 өндіру ұңғысы, оның ішінде 52
ұңғының шығымдылығы 10 тоннатәу дейін, 11-ден 30 тоннатәулікке дейін 91
ұңғы, 31-50 тоннатәу 50 ұңғы, 51-70 тоннатәулікке дейін 80 ұңғы, 20 ұңғы
71-90 ттәу, 90 тоннатәуліктен жоғары 8 ұңғы. Игерудің басынан бері кен
орны бойынша 610092,3 мың м3 газ өндірілді, оның ішінде 1-объект бойынша -
42273,9 мың м3 , 2-объект бойынша - 379592,9 мың м3, 3-объект бойынша -
179923,9 мың м3, 4-объект бойынша - 8301,6 мың м3.
Қабаттағы қысым мен газды фактордың өзгеруі.
Кен орнында бірінші қатардағы аудандарда мұнай өндіру ұңғылары жылына
395 және 701 мың тонна мұнай береді.
2001 жылы бұл аудандарда кен орындарын игерудің технологиялық
схемасының бұзылуына байланысты 1805,623 тонна мұнай алынды.
2001 жылы қабат қысымы 118 ұңғыда тұрақты. Қысымы 258 ұңғыда өлшенді.
8 өндіру ұңғыларына режимдік зерттеу жүргізілді. (NN 232, 234, 239, 333,
339, 1010, 2027, 2081) алынған нәтижелер бойынша индикаторлық қисық
тұрғызылуы әсер етеді. Төменде игеру объектілеріндегі зерттеу жүргізілген
ұңғылар саны көрсетілген.
1-объект 40 ұңғы - 95 ұңғы,
2-объект 64 ұңғы - 136 ұңғы,
3-объект 14 ұңғы - 24 ұңғы.
Игеру объектілерінде қабат қысымының интенсивтік төмендеуі ұзақ
пайдалану бойынша түсіндіріледі. Табиғи игеру режимде және өнім қабатында
қабат қысымын қалыпты ұстау үшін системалық әсер етулерді ескертеміз. Кен
орнын игерудің процесі N1 бүрғылау (1984) ұңғысын қазған кезде, қабаттарға
газдардың бір-бірімен әсеріне байланысты құрылды. Бұл аймақтың құрылысының
дұрыстығын анықтайды. Бұнымен байланысты КазНИПИ мұнай институтының N1
ұңғысын жабу жобасы дайындалды. Айдалған судың есебі және сұйықтың шығымын
өлшеп, жазып отыру керек. Кейбір техникалық жағдайлар қиындықтар туғызады.
Өлшеу приборларының тереңдік манометрлерінің кен орнын игеруді бақылап
отыратын арнайы техникалардың жетіспеуі - дәл мәлімет алуға кедергі
келтірді.
Сұйықты тым көп алу нәтижесінде үңғы төңірегінде судың жиналуына және
әр үңғыдағы судың 95%-ке дейін көтерілуіне себебін тигізді. Мысалы: N135
-30 пайыз, N151 -75 пайыз, N1006 -50 пайыз, N134 -80 пайыз, N134 -84 пайыз,
N187 -70 пайыз, N1007 -79 пайыз, N139 - 85 пайыз, N1345 -80 пайыз, N2046
-80 пайыз,N348 -80 пайыз, N1009 -90 пайыз, N143 -90 пайыз, N11013 -95
пайыз.
Ұңғылардағы суланудың тез өсуі мұнайдың шығымын азайтып жібереді. 3-
объектіде төмендеу орнын жаңа ұңғыларды енгізу арқылы толықтырылды.

1.6.1 Құмкөл кен орнының 1-объектісінен мұнай, газ және суды өндірудің
өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау
Құмкөл кен орнының 1-игеру объектісі бір өнімді Ю-1 қабатты қамтиды.
Мұндағы алғашқы мұнай алу қоры 23,184 млн тоннаны құрайды. Мұнда кен
орнының барлық қорларының 23,3 пайызы шоғырланғын. 2001 жылы "Южнефтегаз"
өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру
259,66 мың тонна, газ өндіру 59,5 млн м3 болды. Қабаттан алынған су мөлшері
15,13 мың тоннаны құрады. Өнімнің сулануы 9,8 пайыз. Мұнай негізінен
фонтандық тәсілмен өндірілді.
1-объект бойынша қазіргі барлық айдау қоры 34 ұңғыны құрайды. Су
айдау, су бөлу пункті СБП (ВРП) бір ББСС (БКНС) және үш сорап арқылы жүзеге
асады. Шығу қысымы 9,7-9,8 МПа. 2001 жылы қабатқа 382,563 мың м3, ал
игеруден бері 2518,966 мың м3 су айдалды. Су алудын компенсациясын 38,3
пайызды құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай профилактикалық
шаралар жүргізіледі.
Ыстық мұнаймен және ыстық сумен өңдеу штуцерлер мен шығу желілеріне
ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымдылығының объектіде азаюына себеп болушылар:
СКҚ-ның (НКТ) бойына Парафинның жиналуы, су мен газдың көрініс беруі, ұңғы
түбіне Құмның жиналуы. Ұңғыны жер асты жөңдеу бригадасы мұндай кездерде
ұңғының түбін жауып, құмдардан тазартады.
3-объектіде газ факторы өте жоғары (83,5 м3 тәу). Кейбір ұңғыда құбыр
аралық кеңістікте газ жиналған. Оның себебі пайдалану тізбегі дұрыс
цементтелмеген. МГӨБ-де ұңғыны күрделі жөндеу бигадасы болмағандықтан, оны
2002 жылға құрып, қажетті жұмыстарды жүргізді. Игеруден бастап 2002 жылдың
аяғына дейінгі аралықта кен орнының 1-объектісінен 931,147 мың тонна мұнай
алынды. Алғышқы қордан өндірілген мұнай 9,2 пайызды құрады.
Жиналған сұйық өндіру 232,967 мың тонна, ал орташа сулану 8,6 пайыз.
Қабатқа 298,135 мың м3 су айдайды, бұл жағдайда компенсация 27,2 пайызды
құрады. Сұйық бойынша ұңғының орташа шығымы 24,3 ттәу, мұнай бойынша 23,8
ттәулікке тең болды. Бір ұңғының орташа қабылдағышы 145 м3тәу. 01.01.2000
жылға қарағанда игерудің басынан бері кен орнының 3-объектісінен 2546,052
мың тонна мұнай алынған. Бастапқы алынатын қорларға қарағанда қорды игеру
дәрежесі 11 пайызды құрайды.
2001 жылы 3-объект бойынша 32,264 млн м3 газ өндірілген. Бүкіл кеніш
бойынша газ өндіруді есептеу терендік сапа алуды зерттеу мәліметтері
бойынша, газдық фактор шамасына байланысты жургізіледі. Топтық қондырғы мен
өлшеу қондырғыларындағы өлшеу аппараттырының жетімсіздігіне байланысты
газды ұңғы бойынша есептеу жүргізілмейді. Объектілер және кеніш бойынша
негізгі игеру көрсеткіштері.
Қабат қысымның өзгеру динамикасы
2002 жылы 3-объектіге айдалған барлық су мөлшері 1632,885 мың м3. 2002
жылдың 1-кварталында үңгының көпшілігі тоқтап қалды, бұл қабат энергиясының
күйіне әсер етті.
Ақпан және наурыз айларында 1-ші және 2-ші объектілерде Қабат қысымы
шамасының өсуі белгіленеді: 0,63-0,67 МПа, 2-объектіде 1,75 МПа. Сәуір
айында барлық нақты ұңғыларда қысымның түсуі көрінеді, объектідегі өлшенген
орташа қысым 10,45 МПа.
Қабат қысымының төмендеуі көрінетін 2-ші бір участок, жаңа ұңғылар
2002 жылдың 2-бөлігінде берілген бұл ұңғылар әзірге еріген газ режимінде
жұмыс істейді. Су айдау ұйымдастыру жағдайларына байланысты кешігуде.

1.6.2 Қабатқа су айдау үшін пайдаланатын су көздері.
Кен орнын игеруде мұнай алуда қабат энергиясының жете бермейді.
Жоғарғы коэффицетті мұнай бергіштік және тез арада керек орында мұнай алу
үшін. Қазіргі кезде қабат қысымын ұстау (ППД) әдісі көп қолданылады. Бұл
үшін жиынға су немесе газ айдау арқылы іске асады.
Қабат қысымын ұстау үшін, қабатқа табиғи суларды жөне жер асты суларын
құрамына минералды тұздармен эмульсиясы бар суларды айдауға болады.
Құмкөл кен орнының ауданы көп жағдайда өзара жалғасқан ондаған тұзды
келдермен қоршалған. Олар жауын-шашынмен және мұнаймен өндірілген сулармен
толып тұрады. Барлық мұнай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жойылған ұңғылар қоры
Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелуі
Жалпы ұңғылар қоры
Құмкөл кен орнының игеру тарихы
Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер
Құмкөл кен орыны туралы жалпы мағұлматтар
Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану
Тастопшаның қалындығы 257 метр
Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр
Құмкөл кен орны
Пәндер