Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы және кәсіпорынның негізгі сипаттамасы



Кіріспе

1.ТАРАУ ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
1.1 «САК.комбинат Продоформление» АҚ.ның сипаттамасы және негізгі көрсеткіштерін талдау
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және кәсіпорынның есеп саясаты

2.ТАРАУ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебі
2.2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
2.3 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым сомасын есептеу тәртібі
2.4 Жалдағы негізгі құралдарды есептеу тәртібі
2.5 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

3.ТАРАУ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты мен міндеті
3.2 Негізгі құралдардың аудиті
3.3 Ұйымдағы негізгі құралдарды тиімді пайдалануын экономикалық талдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысуын ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... .
1-ТАРАУ ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 САК-комбинат Продоформление АҚ-ның сипаттамасы және
негізгі көрсеткіштерін талдау ... ... . 5
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және кәсіпорынның есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
... ... ... ... ... ... ...
2-ТАРАУ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ 11
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... . .
2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 11
... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Негізгі құралдардың қозғалысының 16
есебі ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық
аударым сомасын есептеу тәртібі ... .. 26
2.4 Жалдағы негізгі құралдарды есептеу 36
тәртібі ... ... ... ... ... ..
2.5 Негізгі құралдарды жөндеудің 39
есебі ... ... ... ... ... ... ... . .
3-ТАРАУ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ 45
АУДИТІ ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
... ... ... ... ... ...
3.2 Негізгі құралдардың 48
аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Ұйымдағы негізгі құралдарды тиімді пайдалануын
экономикалық 60
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 62
... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер 64
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін
ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін камтыды.
Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің,
қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл
деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған
жағдайлар да бар, өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда
ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және
өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.
Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына он бес жыл уақыт өтті.
Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. 2002 жылы маусымның 24-
де Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының Заңы күшіне енді, бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
жүргізудің халықаралық стандарттарына көшті, Бас шоттар жоспарының орнына
Типтік шоттар жоспары енгізілді.
Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары
шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға,
ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы
бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірсін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің
өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян
келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте
бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
Осы дипломдық жұмысты жазудағы мақсаты - зерттеу объектісі ретінде
негізгі құралдар есебі мен аудитін қарастырып, талдап, оны жетілдіру
жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу
болып табылады. Қандай ұйым болмасын, оның негігі құралдары болады.
Менің дипломдық жұмысқа Негізгі құралдардың есебі мен аудиті
тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
кез-келген кәсіпорынның түпкілікті қаржы нәтижесін анықтаудағы басты буын
болып табылады, ал негізгі құралдар өнімнің өзіндік құнының қалыптасуына
үлкен әсерін тигізеді. Негізгі құралдар туралы ақпарат тек бухгалтерлік
есеп үшін ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқарушылық шешім қабылдау және
жалпы бизнесті ұйымдастыру үшін маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық
жұмыстың басты мақсаты Алматы қаласындағы САК комбинат
Продоформление акционерлік қоғамы материалдары негізінде, ондағы негізгі
құралдар есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуының сондай-ақ
аудиторлық тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.
1-ТАРАУ. ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ
СИПАТТАМАСЫ

1.1 САК-комбинат Продоформление АҚ-ның сипаттамасы және негізгі
көрсеткіштерін талдау

"САК - комбинат Продоформление" акционерлік қоғамы 1994 жылы 31 -ші
мамырда шаруашылық жүргізуші субъект ретінде тіркелген.
Акционерлік қоғамның жарғысы 1994 жылдың 27-ші мамырында мемлекеттік
мүлікті басқару жөніндегі Алматы қалалық территориялық комитетінің №56552
Қаулысымен бекітілген. Алматы қаласының Әділет басқармасы 1997 жылдың 17-ші
қыркүйегінде бекіткен қайта тіркеу жөніндегі № 13360-1910-АО куәлігінің
негізінде "Комбинат продоформление" акционерлік қоғамы "САК - комбинат
Продоформление" акционерлік қоғамына ауыстырылған.
Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады және ол өз қызметін
Қазақстан Республикасының заңдарымен өзінің жарғысына сәйкес жүргізеді.
Акционерлік қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық
даралық негізінде жүзеге асады. Акционерлік қоғамның өзінің жеке (дара)
балансы, банктерде есеп айрысу және өзге де шоттары, орысша қазақша аталуы
жазылған мөрі бар.
Акционерлік қоғамның қызметінің мақсаты - пайда тауып, оны
акционерлердің мүддесінде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын ұжымының және
қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Қоғам
этикеткалық орамдық, кітаптық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық,
және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке
саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен және
Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған қызмет түрімен
айналысады.
Акционерлік қоғамның қатысушылары - "Financial Management Group"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - жарғылық қордың - 90%-ы, "САК
-комбинат Продоформление" акционерлік қоғамының жұмысшылар ұжымы -жарғылық
қордың - 10%-ы.
Акционерлік қоғамның барлық қатысушылары акционерлік қоғамнан алған
акцияларының құнын өтегеннен кейін акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес
құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Нарықты қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлік есеп және
аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда.
"САК-комбинат Продоформление" акционерлік қоғамының бухгалтерлік
есебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті жасаған типтік,
арнайыландырылған типтік және типтік унифициалданған құжаттар қолданылады.
Кәсіпорындағы есеп толығымен компьютерлендірілген.
Машинограммалардың көпшілігі журнал-ордерлік қағида бойынша құрылған.
Акционерлік қоғам тауарлық материалдық қорлар есебіне оперативтік-
бухгалтерлік әдіс қолданады.
Өндіріске кеткен шығындар есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі.
Қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беру Қазакстан Республикасының
бухгалтерлік есеп стандартының №3 стандартында қарастырылған "САК-комбинат
Продоформление" АҚ-ң қаржы шаруашылық қызметін талдап көрсетеу үшін оның
негізгі "қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері" кестесін келтіреміз.
Мұндағы коэффициенттер келесідей есептелінеді:
Актив айнылымдылығы = негізгі кұралдардың орташа жылдық
құныөнімді өткізуден түскен табыс
Қор сиымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құныөнімді
өткізуден түскен табыс.
Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден түскен табыснегізгі
құралдардың орташа жылдық қүны
Сату рентабелділігі = Таза табысөнімді өткізуден түскен табыс
Активтердің рентабелділігі=Таза табысактивтердің жалпы орташа
құны*100%
1-кесте
"САК- комбинат Продоформление" АҚ қаржы шаруашылық қызметінің негізгі
көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер өткен жыл Есепті жыл Ауытқулар
(2005ж) (2006ж)
Сомада %
1 Өткізуден (сатудан) 299862,2 382993311 +37999469
түскен табыс (мың.тг)
2 Өнімнің өзіндік 291463,4 371550290 +36863566
құны (мың.тг)
3 Жалпы табыс (мың.тг) 8398,8 11443021 +11434623
4 Кезеңдік шығындар 43795,8 58680207 +58636412
(мың.тг)
5 Салық салынғанға 23667,1 -47237186 -47260853
дейінгі табыс (мың.тг)
6 Таза табыс (мың.тг) 23667,1 -47237186 -47260851
7 Негізгі құралдардың
орташа жылдық құны134 1081 +947 8,067
(мың.тг)
8 Еңбек өнімділігі 45 3125 +3080 69,44
(мың.тг)
9 Қор қайтарымдылығы 0,14 0,23 0,09 1,64
(мың.тг)
10 Қор сиымдылығы 0,30 0,001 0,699 11,09
(мың.тг)
11 Активтердің 0,19 0,098
айналымдылығы (рет)
12 Сату табыстылығы 0,0006 0,004 0,0034 6,4
(рентабелділігі), %
13 Активтердің 0,0004 0,005 0,0046 12,5
пайдалылығы
(рентабелділігі), %

Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда
көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай
2005 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстык
мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік кұны да
жоғарылаған. Яғни 2005жылы 291463,4 тг. болса, 2006 жылы 371550290 тг.
болған.
2006 жылы сатудан түскен табыс 382993311 тг. болып, өнімнің өзіндік
құны 371550290 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни
58680207 тг. соған байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр.
Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда
кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ
табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.
Сондықтан үйым корпоративтік табыс салығын төлемейді. Өйткені салық
салынғанға дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.)- Жалпы ұйымның қаржы-
шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2005 жылы сатудан түскен табыстың
мөлшері 382993311 тг. болса 2004 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы
(+37999469 тг.) болды. Мүнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен
салыстырғанда сату мөлшері (+37999469 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік
құны (+36863566 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа
ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мүнда
әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.
Ұйымның есепті жылғы, яғни 2005 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп
отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен
жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз
сомасы 2004 жылы 3491636 тг. болса, 2005 жылы 12766806 тг. жоғарылаған.
Бөлінбеген пайда 2004 жылы (-48424407 тг.) ал, 2005 жылы (-93598568
тг.) қүраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір
дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым
қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып
алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем
қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі
дегеніміз - бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде
төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті Бұл
белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу
дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ,
мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2005 жылы
79448 тг. , 2006 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі
өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді
баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни
ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық "мезгіл дефицитін" кеміту
қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның
іскерлік белсенділігін де арттыруға болады.

1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және кәсіпорынның есеп саясаты

Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз
жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің
күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар,
пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе
және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай
кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар
өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды
ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру
және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін
және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін
арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінін бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету,
кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары
межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге
бағытталғаны жөн.
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы
экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс факторы рыногы,
екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы
жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен
зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке
кәсіпорынның мүддесі ретінде көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз
байланысты. Микроэкономика - бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни
жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір
бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі
фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды қамтиды. Ал макроэкономика -
әр елдің ұлттық экономикасы.
Акционерлік қоғамның қызметінің мақсаты - пайда тауып оны
Акционерлердің мүддесіде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын коллетивінің және
қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану.
Қоғам этикеткалық орамдық, кітаптық, газеттік-журналдық, бланкілік,
жарнамалық және өзге де полиграфиялык өнім өндіріп өткізумен, көтерме және
жеке саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен
және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиім салынбаған қызмет түрімен
айналысады.
2-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебі
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек
құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде
атқаратын рөліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
салада да ұзақ уақыт қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе
ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналармен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік
және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді
жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі кұралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, ұйымға жататын меншік
құқығын , шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлык объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлык объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін
дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет
материалдық жағдайын жасайды. Негізігі өндірістік құралдардың пайдалануын
сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып
табылады, ол негізігі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған кұрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді. Меншікті дегеніміз - ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа үйымнан
алынған негізгі құралдар, жалға алынған күралдар болып саналады. Оларды
жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған
негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі
аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен
сатып алуына болады. Оларды 121-ші "Жер", 122-ші "Үйлер мен ғимараттар",
123-ші "Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары", 124-ші "Көлік
құралдары", 125-ші "Басқа да негізгі құралдар", 126-шы "Аяқталмаған
құрылыс" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп түрған, істемей
тұрған және қор ретінде түрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп
тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп түрғандар болып саналады. Жұмыс
істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға
байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар
болып жұмыс істеп түрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас
бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су
ресурстары, ғимарттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ
шығындар жатады.
Әр ұйымда негізгі құралдар пайдалану мақсатына ақарай және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар;
өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш беретін машиналар
және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу
аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;
басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік
мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал;
көпжылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да
негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
- жер - ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік
құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып
саналады;
- үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып
табылады;
- ғимараттар - енбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке
ғимарат мүліктік объект болып табылады;
- өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикилық энергияны өткізу
қондырғылары;
- машинамен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы
машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар
мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік
объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған
тиісті заттарды аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады.
Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
- күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор-машиналары түрлі энергияны механикалық энергияға
яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары;
- жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек
затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және құрал-жабдық;
- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар;
- өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар;
- есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;
- басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа
құрал-жабдық;
- көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен
заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
- құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т.б.
өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің
құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
- өндірістік мүлік және соған жататындар - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа
материалдарды сақтауа арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар
басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын
және дербес мәні бар заттар да мүліктік объекті бола алады;
- шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес
мәні бар әрбір объект - мүліктік объект бола алады;
- жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе, және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі
қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер;
бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой
мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
- көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас
өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке
алғанады;
- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар - ауыл шаруашылық мақсатта
пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын
жақсартудың шараларына жүмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;
- басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою,
тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы құны - негізгі құралды сатып алуға немесе кеткен нақты
өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ
орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін
пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.
Ағымдағы құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі
нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн - Бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдың
бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату құны - бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын
тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін
құн.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған
жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымның шығысы
ретінде таратылады. Бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі - бұл кезең ішінде негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі - бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдардың тозуын есептейді.
Салық заңдарына сәйкес акционерлік қоғам негізгі құралдарды
технологиялық жабдықтар және негізгі құралдардың жөндеуі деген топтарға
бөле отырып негізгі құралдардың салықтық есебін үйымдастырады.

2.2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын
үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып
алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі
табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдікке өткеннен; басқа
ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп
түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан
үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.
Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі
құраладарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген
объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі
ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға
берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне
орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға
берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да ұйымдарға берілген кезінде
оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің
өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір
данадан акт жасайды. Негізгі кұралдардың бірнеше объектісін қабылдау-
тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның,
жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл
объектілер бір типті болса, қүндары бірдей болып, бір күнтізблік ай ішінде
қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектілерге
қатысты құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер
қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса,
комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету
мерзімін ұйым дербес анықтай алады, яғни ол негізгі қүралдың техникалық
жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық
жою құны негізінен ұйымның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса
оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы
құнының 0,01-ден 2,0%-ға дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және
тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал
екінші данасы тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа ұйымдарға сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізуші ұйымда қалады, үшінші дана негізгі
құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға
арналған, техникалық сипаттамасы және қүны бірдей шаруашылық мүліктің бір
типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп,
мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті
мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалынады.
2-кесте
Негізгі құралдар келіп түсүінің шоттар корреспонденциясы

№ Шаруашылық операцияларының мазмүны Шоттар
корреспонденциясы
Дебет Кредит
1 Негізгі құралдарды кәсіпорын ішінде 121-125 121-125
ауыстыру
2 Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке
тұлғадан алынды:
- келісім шарттық құнына 122-125 671
- ҚҚС сомасына 331 671
3 Құрылтайшылардың кәсіпорын жарғылық 121-125 511
қорына салған салымдарына салған негізгі
құралдары кіріске алынды
4 Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардан
алынды:
баланстық құнына 122-125 641-643
ҚҚСсомасына(16%) 331 641-643
беруші жақтың есептеген тозу сомасы
122-125 131-134
5 Тегін алынған негізгі құралдар
кірістелді:
баланстық құнына 122-125 727
берілген күніне дейін есептелген тозу 122-125 131-134
сомасы
6 Түгендеу барысында есепке алынбаған
негізгі құралдар анықталды:
негізгі құралдардың эксперттік жалмен
анықталған қалдық құнына
негізгі құралдардың эксперттік жолмен
анықталған, бірақ есепке
алынбаған тозу сомасына 122-125 727
7 Кәсіпорынның өзі дайындаған негізгі
құралдары:
- негізгі өндіріс цехында 122-125 900
- көмекші өндіріс цехында 122-125 920

Бұл мүліктерді бір карточкада есепке алуға рұқсат етіледі.
Бұл мүліктік карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың
актілері, техникалық төлқұжаттары, және басқа құжаттар негізінде
толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық
элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол
техникалық қүжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралдарды
басқа ұйымға тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға,
сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің ұйым ішінде орын ауыстыру кезінде
"Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі" ескіру және тозу салдарынан
негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға "Негізгі құрал объектілерін
есептен шығару актісі" негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен,
жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы
жазбаларды карточкаға жазу үшін "Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған
объектілерді қабылдау-тапсыру актілері" негізінде жазылады.
"Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы" бөлімінде негізгі объектінің тек
негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық
құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым
маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштерімен шектеліп, оған қатысты маңызды
қосымша қүрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі
құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге
жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілердің тобына
тұтастай береді.
Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай
өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка
анықтама құжаты ретінде сақталады.
Бухгалтерияда толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі
құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге
тіркейді, ол негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.
Тіркеу кезінде карточкалар нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды
жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде - қолдану орындары
мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша
көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: "Қолданыстағы
негізгі құралдар", сондай-ақ "Ағымдағы айда келіп түскені", "Ағымдағы айда
шығып кеткені", "Ішкі орын ауыстырудағы", "Жөндеудегі", "Қордағы", "Тоқтап
тұрғаны", "Жалға берілген негізгі құралдар", "¥зақ мерзімге жалға берілген
негізгі құралдар", "Жалға алынған негізгі құралдар", "Архив". Ай ішінде
"Түскендері", "Есептен шыққандары" және "Ішкі орын ауыстырғандары"
бөлімшелерінің карточкалары 12-"Негізгі құралдар" бөлімшесінің шоттарында
есептелген айналымдармен салыстырылғаннан кейін, картотеканьщ тиісті
бөлімдерінде орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға
алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткенне кейін, қордан
қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін Бұл объектілердің карточкалары
картотеканың тиісті бөлімдерінде салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар
бойынша картотекаларды "Архив" бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың
дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс
есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.
Ұйымның материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың
барлығы бөлімдер бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне
енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сақталады және жедел
мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі
және мүліктік карточкадағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану орны
бойынша негізгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан
жазылып алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның
карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі
мәліметтермен бірдей болулары керек.
Ұйым қолданып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді,
ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды
басқа ұйымдарға беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін
пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық
тозуына байланысты жою қажет болған жағдайда; құрылыс жүргізгенде;
кәсіпорында, цехтарда немесе басқа да объектілерді техникалық қайта
жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп
тапқанда; табағи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың
қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тагін бергенде; сыйлағанда;
шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде,
өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде олар толық немесе
ішіннара жойылады. Ұйымның балансынан жоютәртібіне сәйкес, пайдалану
мерзімі біткен, табиғи зіл-залалардың және аппаттардың нәтижесінде өзінің
өндірістік мәнін жойған, қайта қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз
немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа
үйымға беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-
жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құрал-жабдыктардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ
қажетті құралдарды дайындау үшін басшының бұйрығымен комиссия құрамы
тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе ұйым жетекшісінің
орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық
жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік
инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар қүрылады.
Негізгі қүрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға
арнайы салалық мамандар да қатыстырылады.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті
объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі
пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда
объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын; кейбір
тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және
олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару
актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық
жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы
жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.
Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшекері тозғанда, қайта
қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда,
тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар - тек негізгі
тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп
жылдық ағаштар - биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен
жойғанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз
жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде ұйымдар үйлерді, ғимараттарды,
машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті
қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен зіл-заланың
нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.
Негізгі құрал-жабдықтарды толық және ішінара есептен шығару
пайдаланылатын Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы акт арқылы жүзеге
асады. Актіні ұйымның басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті
адам екі дана етіп дайындайды. Актінің бірінші данасы бухгалтерияға
беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада
болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді,
материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге
негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді,
ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық
құндылықтардың бағасы актінің "Объектіні есептен шығару нәтижелерінің
есебі" деген бөлімінде қарастырылады.
Баланстан автокөлік құралдарының барлық түрін есептен шығару
"Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде" көрсетіледі. Актіні
комиссия екі дана етіп дайындап, ұйымның басшысы немесе өкілетті уәкілі
бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екншісі негізгі қүрал-
жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғаға беріледі де, ол автокөлік
техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық қүндылықтар мен
металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.
Автокөлік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық
құндылықтар бағасы "Автомобильді есептен шығару нәтижесінің есебі" деген
бөлімшесінде көрсетіледі.
Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі және
оның есептен шығару себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы
көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект
табиғат аптттарының, аварияның және тағы да басқа күтпеген жағдайлардың
салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да
бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекітілгеннен кейін
объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдаланылуы
мүмкін болатын бағасы бойынша қүндылықтар тиісті шоттар бойынша
кірістеледі.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бүзған
жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен
қарау анықталса, онда оған кшәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте
жауапқа тартылады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын,
приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім
алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру
кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу
карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне
негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі
соғады.
Негізгі құралдар ұйымның өз ішінде орын ауыстыруы кезінде, орын
ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негігі құрал-жабдықтардың
бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің түрған жеріндегі
мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі
соғылады. Негізгі құралдар шаруашылык ішінде орын ауыстырғанда 12 "Негізгі
құралдар" бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік
жазулар жазылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға
түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.

3-кесте
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттар
корреспонденциясы

№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Шоттар
корреспонденцияс
ы
Дебет Кредит
А. Негізгі құралдардың барлық түрін жою
1 Негізгі құралдарды есептен шығару актісі
негізінде өндіріс құрал-жабдықтары есептен
шығарылды: 132 123
объектіні пайдалану кезіндегі есептелген тозу
сомасына 842 123
объектінің баланстық қүнына
2 Объектіні бөлшектеу үшін еңбек ақымен
қоса аударымдар бірге есептелінді:
есептелген еңбек ақы сомасы 842 681
аударылған әлеуметтік салық пен зейнетақы 842 634
қорына
3 Жойылған объектіні тасымалдағаны үшін
автокөлік шаруашылығының шоты акцептелінді 842 671
4 Негізгі құрал-жабдықтар объектісін жоюдан 206 722
түскен материалдар кіріске аланды
5 Жыл аяғында кіріс пен шығыс
"Жиынтық табыс" шотына жатқызылды:
негізгі құрал-жабдықтарды жою шығындары 571 842
негізгі құрал-жабдықтарды жоюдан түскен табыс 722 571
Ә. Негізгі құрал-жабдықтарды сату
1 Құрал-жабдықтарды сату кезінде жинақталған 132 123
сомасына
3 – кестенің жалғасы
2 Сатылған құрал-жабдықтардың баланстық құнына 842 123
3 Сатылған құрал-жабдықтар үшін, сатып
алушыларға ұүсынылған төлем шоты:
келісім шарттық құнына 301 722
ҚҚСсомасына(15%) 301 633
Б. Негізгі құралдардың шаруашылық ішінде орын ауыстыруы
1 Негізгі құрал-жабдықтар бір цехтан екіншісіне121-125 121-125
берілді
В. Негізгі құралдар басқа кәсіпорынға тегін берілді
1 Негізгі құралдар басқа кәсіпорынға тегін
берілді: 132 123
есептелінген тозу сомасы 842 123
берілген объектінің баланстық құнына 821 633
берілген объектінің құнынан алынатын ҚҚС
Г. Негізгі құралдардың жетіспеушілігі
1 Негізгі құралдардың жетіспеушілігі
анықталды: 132 123
есептелінген тозу сомасына баланстық құнының
өтелуі талап етілді 334 123
ҚҚС-ның сомасына
бұрын зачетқа жатқызылған сомасы қызыл жазумен 633 331
жазылды 821 331
қызылмен жазылған ҚҚС сомасы шығынға жатқызылды
2 Егер де кінәлі адам табылмаса немесе сот
шешімі бойынша іздестірілуі тоқтатылса 821 334
3 Кінәлі адам табылса,ондаол бухгалтерлік
есепте келесідей жазба бойынша көрініс
табады: 333 334
объектінің баланстық құнына 333 633
ҚҚС-ның сомасына (15%) 441,451 333
кем болған мүлік сомасы өтелді 681
Д. Негізгі құралдар басқада шаруашылық серіктестіктердің жарғылық
қорына қосқан үлесі
1 Кәсіпорынның басқа да шаруашылық
серіктестіктерінің жарғылық қорына негізгі
құралдар түрінде қосқан үлесі: 842 123
берілген негізгі құралдардың баланстық құнына 132 123
қосқан үлесіне дейін есептелетін тозу сомасына
қабылданған негізгі құралдардың 141-144 722
келісім-шарттық құнына


Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп
түседі және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол
12 "Негізгі құралдар" бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша
жүргізіледі.
Кәсіпорын негізгі құралдардың қозғалысына типтік алғашқы құжаттарды
толтырады. Негізгі құралдарға түгендеу жылына бір рет жүргізіледі, ал
қозғалмайтын негізгі құралдарға - үш жылда бір рет түгендеу жүргізіледі.
Бухгалтерияда негізгі құралдардың инвентарлық карточкаларында бастапқы
құны бойынша көрсетіледі.

2.3 Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым
сомасын есептеу тәртібі
Негізгі құрал өндірі процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен,
табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың
екі түрі болады: табиғи және сапалық.
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу
нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі
сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс
әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен
технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас
өнімдерінің арзандауына ықпал етеді.
Осыған орай, пайдаланудағы негізгі құралдар, өздерінің құндарының бір
бөлігін жоғалтып, қүнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер
мен ғимараттардың барынша жаңа, неғүрлым жетілдірілген және үнемді
түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсар -тылған өнімді тұқымдарын,
көпжылдық өсімдіктердін түрлері мен сорттарын өндіріске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ұйымдастыру принциптері
Өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Менеджмент теориясы
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Жоба ұғымының анықтамасы
Өнім өндіруді оптимизациялау
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері туралы
Потенциал терминінің сипаттамасы
Өнім сапасын басқарудың шетелдің тәжірибесі
Пәндер