Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1.тарау. Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi және оның қылмыстық жауаптылықтан босатумен арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5

2.тарау. Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
2.1. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын.шартты түрде босату ... ... ... ... ... ... .. 19
2.2. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру ... .. 24
2.3. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру ... ... ... ... ... ... 27
2.4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
2.5. Төтенше мән.жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
2.6. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату ... . 36
2.7. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жазадан босату ... 39

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Пайдаланылған нормативтiк құқықтық актiлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1-тарау. Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi және оның қылмыстық
жауаптылықтан босатумен
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
2-тарау. Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi
мен тәртiбi
2.1. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату
... ... ... ... ... ... .. 19
2.2. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн
кейiнге
қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 30
2.5. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуiн
кейiнге қалдыру
мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 34
2.6. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден
босату
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.7. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жазадан
босату
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 45

Пайдаланылған нормативтiк құқықтық
актiлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . 49

Кiрiспе

Өзектiлiгi. Қазақстан Республикасы жаңа егемендi демократиялық әрi
құқықтық мемлекет ретiнде орнықтыру үшiн маңызды мiндеттерiнiң бiрi ретiнде
құқықтық тәртiптi нығайту мен құқықтық саясатты жетiлдiру мақсатын өз
алдына қойған.
Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуының
маңызы: онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – ол құқықтық
мемлекет құрудың басты басым мақсаты ретiнде қойылған және қажеттi
шараларының бiрi ретiнде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қамтамасыз ету жөнiнде халықаралық актiлерге сәйкес келетiн жаңа заңдар
белгiленген.
Қылмыстық әрекеттердiң, олардың алуан түрлерi мен әдiстерiнiң қарқынды
дамуы кезеңiнде қылмыстылықпен күресудi қамтамасыз ететiн заңдардың сапасын
жақсарту керек. Қазiргi нарықтық қоғамның дамуына сәйкес келетiн
мемлекеттегi сапалы заңдардың қабылдауына құқықтық ғылымдардың, әсiресе
соның iшiнде қылмыстық құқықтың әсерi өте зор.
Қылмыстылықпен күресуде қылмыстық жаза маңызды орынды иеленедi. Бiрақ
та заң шығарушы жазаны барлық жағдайларда да қолдануды көздемейдi,
мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы ретiнде жаза тек қылмыс жасаған адамға басқа
әсер ету амал-жолдарының болмауының негiзiнде, сонымен қатар әлеуметтiк
әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды және сотталған
адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру
мақсатында қолданылады.
Қылмыстылықпен күресудiң жазалаумен қатар, бiр жолы ретiнде кейбiр
қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жазадан босату шараларын қолдану
танылады. Заң шығарушы осындай нормаларды белгiлей отырып, жазаларын өтеп
жүрген адамдардың түзелуiн қамтамасыз етедi, мәселен сотталғандар түзелу
арқылы жазадан босатылуы немесе өз жағдайларын жеңiлдетуi үшiн ұмтылады.
Мұның барлығы қылмыстық заңның iзгiлiгiн бiлдiредi. Қылмыстық жазадан
босату институтын қолданудың көп жылдық тәжiрибесi қауiптi құқық
бұзушыларды түзеудiң бiрден-бiр құралы екендiгiн дәлелдейдi.
Қылмыстық жазадан босату тек қазiргi ғана емес, бұрыннан да заң
әдебиеттерiнде өзектi зерттеу объектiлернiң бiрi болып табылады. Бұл
мәселеге осындай көп көңiлдiң бөлiнуiнен бұл институттың қылмыстық құқық
теориясындағы алатын орнын көремiз. Мысалыға, Г.Б. Виттенберг, И.И. Крапец,
С.Н. Сабанин, С.И. Зельдов, Н.Д. Дурманов, Ю.М. Ткачевский, А.С. Михлин,
А.Т. Потемкина, И.М. Гальперин, И.И. Рогов және қазақстандық ғалымдар Е.
Қайыржанов, С.М. Рахметов, Д. Бұғыбайқызы және т.б. ғалымдардың
еңбектерiнде көрiнiс тапқан.
Бiрақ та осындай көптеген зерттеулерге қарамастан, қылмыстық жазадан
босатудың кейбiр мәселелерi толықтай ашылмаған және одан әрi зертеудi қажет
етедi. Қылмыстық жазадан босату институтының құқықтық табиғатын анықтауда
түпкiлiктi пiкiр жоқ және оны жауаптылықтан босату институты мен
арақатынасын анықтағанда бiрқатар қарама-қайшылықтар да кездеседi.
Зерттеулердiң көбiсi қазiргi заман талабына сай келмейдi және ескi заң
көзқарасымен жазылған. Көптеген зерттеулерде жазадан босатудың жаңа
негiздерi қарастырылмаған, сонымен қатар қылмыстық заңға одан әрi зерттеудi
қажет етедi. Осы мәселелер менiң дипломдық жұмысымды осы тақырыптан таңдап
алуыма әсер еттi.
Жұмыстың мақсаты: осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып қылмыстық
заңнама мен оны тәжiрибеде қолдануды жетiлдiруге бағытталған қылмыстық
жазадан босату институтының теориялық мәселелерiн одан әрi зерттеу, сондай-
ақ осыған байланысты белгiлi бiр қорытындыға келiп, оны заңнама мен
тәжiрибеде қолдануға байланысты ұсыныстар енгiзу басты мәселе болып
табылады.
Осы мақсатттарға жету үшiн алға төмендегi мiндеттер қойылған:
• қылмыстық жазадан босату нормаларының тиiмдiлiгiне әсер ететiн
факторларды анықтау;
• қылмыстық жазадан босатудың жекелеген негiздерi бойынша жазадан босату
заңдарын қолданудағы кемшiлiктерiне баға беру;
• жазадан босату нормаларын жетiлдiруге бағытталған ұсыныстарды
қалыптастыру;
• осы нормаларды тәжiрибеде қолдануды зерттеп, онда орын алып жатқан
кемшiлiктердi жою шараларын қалыптастыру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген қылмыстық құқық
ғалымдарының еңбектерi, диссертациялық жұмыстар, Қазақстан Республикасының
заңнамалары мен ҚазКСР заңнамалары салыстырыла отырып қолданылды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары және Ақтау
қалалық сотынан алынған қылмыстық жазаға тартылған және одан
босатылғандардың есептерi пайдаланылды.
Жазадан босату нормаларының қылмыстық заңмен белгiленбегенiмен, бұл
жөнiндегi заңдарды тәжiрибеде соттармен қолдануда кемшiлiктер мен
олқылықтар жиi орын алғанымен, ондай келеңсiздiктер де кездеседi. Мәселен,
көптеген соттар қоғамға онша қауiптi емес қылмыс негiздерi бар iс-
әрекеттерiн жасаған адамдарға қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзеу және қайта
тәрбиелеуде қылмыстық жазадан босату нормаларын қолданудың қылмыстылықтың
алдын алушылық пен адамды тәрбиелеуде маңызының мүмкiншiлiгiн жете
бағаламайды. Сол себепті, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босату кезінде
қылмыстық заңның ескертушілік міндетін жете назарда ұстау қажет.
Осы нормаларды тәжiрибеде қолдануда жiберiлетiн қателiктерден бұрын,
осы қылмыстық заңды қабылдаудағы заң шығарушының назарынан тыс қалған
мәселелерге байланысты кемшiлiктердi де атап өтуiмiз керек. Мысалыға,
жоғарыда қарастырылып кеткендей тек жүктi әйелдердiң жазасын өтеуiн кейiнге
қалдыруды көздейтiн норманың заңда белгiленуi асырауында жас балалары бар
жалғыз басты ер азаматтардың жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру мүмкiндiгiн
көздейтiн норманың заңда көрiнiс таппауы, олардың жағдайын ескермеушiлiк
пен оларға қатысты әдiлетсiздiктің орын алғандығы туралы мәселе туындайды.
Сонымен қатар, қылмыстық заңда кәмелетке толмаған адамға қатысты жазадан
босатудың бiр негiзi – жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза
түрiмен ауыстыру мен қосымша жазалардан босату мүмкiндiктерiн қолдануды
көздейтiн нормалардың орын алмауы, қылмыстық саясат кәмелетке толмағандарға
қатысты iзгiлiк бағытында дамуы тиiстiгiн белгiлеген Қазақстан
Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының талабының орындалмауының
бiрден-бiр көрiнiсi болып табылады. Бұл жерден бұрынғы қылмыстық заңмен
қарастырылған бiрiншi аталған мүмкiншiлiктің көзделуiне байланысты жаңа
заңда осы мәселеге қатысты шектеушiлiк орын алғандығын көруге болады.
Жоғарыда аталған заң шығарушының назарынан тыс қалған мәселелермен
қатар, заң шығарушылық қызметiнде iс жүргiзу құжаттарына қатысты кейбiр
терминолгиялық қателiктер де орын алған, мәселен мерзiмiнен бұрын-шартты
түрде босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен
ауыстырудан бас тарту туралы сот ұйғарымы деген қателiк заңның өзiнде бұл
норманы қолдану – қолданбауға байланысты сот шешiмi қаулы түрiнде
шығарылады дегенге қарамастан кездеседi.
Қылмыстық заңда бұрын болмаған жаңа жазадан босату негiздерi мен соңғы
енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты мәселелер қарастырылып,
оларға баға берiлген.

1-тарау. Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi және оның қылмыстық
жауаптылықтан босатумен арақатынасы
Тақырыпқа кiрiспес бұрын қазақ қоғамындағы құқық жүйесiнiң даму
тарихына көз жүгiртсек.
Тәуке ханның реформаторлық қызметiнiң сапынан ерекше орын алатын
мәселе – қазақ қоғамының құқықтық жүйесiн қалыптастыруы. Мемлекеттi
нығайтып, тәртiп орнату үшiн тиiмдi халық мүддесiне сай келетiн заң жүйесi
болуы шарт.
Сол замандағы қазақ қоғамының ұлттық хартиясы – Жетi Жарғы болды.
Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетiн құқықтық құжат емес. Оның
мәнi және мазмұны жағынан көшпелi қазақ халқының ерекшелiктерiне сай
қабылданған аса құнды құқықтық ескерткiшi болып келедi.
Бекiтiлген ереже бойынша Жетi Жарғының қылмыстық нормалары құқық
субъектiсiн қылмыстық әрекеттерi үшiн қылмыстық жазадан босатуды да
қарастырады. Атап айтсақ, балаларын өлтiрген ата-аналар қылмыстық жазадан
босатылады. Тек некеге тұрмаған әйел күйеусiз туған баласын өлтiрсе, оған
керiсiнше өлiм жазасы кесiлген [1]. Екiншiден, әйелi еркегiнiң көзiне шөп
салғаны үшiн, егер әйел еркекпен жатқан жерiнде күйеуi ұстап алса, өлтiруге
құқық бередi, ол үшiн күйеуi ешқандай жауапқа тартылмайды. үшiншiден,
күйеуiн өлтiрген екiқабат әйелге ешқандай жаза қолданылмайды, ол ел
арасында жеккөрiнiштi болып қарғысқа ұшырайды. Төртiншiден, әкесiнiң және
күйеуiнiң ұрлық iстегенiн бiлiп тұрып, оны хабарламағаны үшiн әйелi және
балалары жауапқа тартылмайды. Бұл норма жалпы адамгершiлiк, қандық
қасиеттің заңнан да жоғары болуы қажеттiгiн анық көрсетедi [2].
Тарихтан осылай бастау алған бұл норма әлi күнге дейiн өз жалғасын
табуда.
Қылмыстық жазадан босату – соттың үкiмi бойынша сотталған адамды
тағайындалған жазадан толық немесе iшiнара босату. Босатудың мәнi қоғамға
аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық қудалауды үнемдеуге
негiз беретiн өзге де жағдайларға сәйкес қылмыс жасаған адамға әсер етуден
тұрады.
Жазадан босату институтын тағайындаудың басты мақсаты сотталған
адамныњ түзелуiн ынталандыру, тез арада оны қайта тәрбиелеу, сонымен бiрге
жазаны қолданбай-ақ қылмыстық құқықтың мақсаттарына қол жеткiзуге болатын
жолдарды қолдану табылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның iзгiлiгiн
бiлдiредi.
Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi адамға
соттың үкiмi шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн,
сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот
жазаның мақсаттары орындалды және сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған
жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.
Қылмыстық құқықсаласындағы қылмыстық жазадан босату институты
қылмыстық-атқару құқығымен ұштасып отырады [3].
Бiрақ та, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды.
Жазадан босату жазаны өтегеннен кейiн не жазадан босату туралы ұсыныстан
кейiн орындалады. Жазадан босатудың материалдық негiзi сотталған адамға
оның денсаулығына қатысты немесе басқа мән-жайлардың болуымен байланысты
немесе кiнәлiнiң түзелуi үшiн жазаны толық өтеуiнiң қажет еместiгi болып
табылады. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл
жаза қолдану (ҚР ҚК-тің 55-бабының 1-бөлiгi) және шартты түрде соттау (ҚР
ҚК-тің 63-бабы) мiндеттi белгiлер ретiнде саналады, яғни қылмысытық жазадан
босату институтымен әсiресе осындай жаза тағайындау кезiнде тығыз
байланыста болады.
Белгiлi бiр деңгейде жазадан босату қылмыстық жауаптылықтан босатуды
еске түсiредi. Бiрақ жауаптылық ұғымы жаза ұғымынан неғұрлым кеңiрек.
Қылмыстық құқықтың қылмыстық жазадан босату институты қылмыстылықпен
күресудiң адамгершiлiк бағытта жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi, яғни
қылмыс жасаған кейбiр тұлғаларды түзеу және қайта тәрбиелеудiң бiр жолы,
сондай-ақ репрессияның үнемделуi болып табылады. Мiне, осы арқылы қылмыс
жасаған тұлғаларды түзеу – қылмыстардық алдын алудың бiрден-бiр құралы.
Ресей ғалымы В.В. Скибицкий қылмыстық жаза мен қылмыстық жауаптылық
ұғымы бiр-бiрiне өте жақын түсiнiк дейдi. Алайда, бұл екi ұғым арасында
қанша ұқсастық болғанымен қолданылу негiзiне байланысты үлкен айырмашылық
бар [4].
Қылмыстық жазадан немесе қылмыстық жауаптылықтан босату институттары
– ол қылмыстық құқықта адамгершiлiктің көрiнiс табуы және ол өзiнiң
қалыптасу тарихында ешқашан жазаны қылмыс жасаған тұлғаға физикалық күш
көрсету немесе оның ар-намысын, қадыр-қасиетiн аяқ асты, кекшiлдiк
мақсатында қолдануды көздемеген, керiсiнше құқықбұзушыны түзеу және қайта
тәрбиелеу мақсатын көздеген.
Қазiргi қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстық жазадан босату
түсiнiгi Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату деген 5-бөлiмiнде
көрсетiлген, бұл жерден қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық
жазадан босату түсiнiктерiнiң тығыз байланысты екенiн көремiз. Алғашында
бұл екi түсiнiк туралы заң әдебиеттерiнде екеуi ұқсас синонимдес ұғымдар
деген қате пiкiрлер қалыптасқан едi, бiрақ та сол кездiң өзiнде-ақ КСРО
Жоғары Сотының тәжiрибесiнде бұл түсiнiктердiң ара-жiгi ажыратылып
көрсетiлген, оған дәлелдеме ретiнде сол кездегi тезис Кодекстің 43-бабын
қолдана отырып, оның екi бөлiмiнен тұратынын ескеруiмiз керек, яғни
бiрiншiсi қылмыстық жауаптылықтан босату, ал екiншiсi қылмыстық жазадан
босату мәселелерiн қамтиды [5].
Қылмыстық жазадан, сондай-ақ жауаптылықтан босату институттарының
қылмыстық құқықта орын алуы оның адамгершiлiк, iзгiлiк және жауапкершiлiктi
дараландыру қағидаларымен тығыз байланыстылығымен түсiндiрiледi.
Қылмыстық жазадан босату институттарының қазiргi заңға сәйкес
түсiнiгiн бермес бұрын, оның даму тарихына көз жүгiртiп өткенiмiз жөн,
сонымен қатар жоғарыда аталған институттардың ара-жiгiн ажыратуды сол
кезден бастап қарастырайық.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институты Ресей қылмыстық заңнамасында
жазадан босату институттарынан кейiн пайда болды. Ол бiрiншi рет 1958 жылғы
КСРО және Кеңестiк Республикалардың қылмыстық заңында көрiнiс тапты [6].
Тарихта қылмыстық жазадан босату институты XVII ғасырдағы I Петрдың
әскери Артикулынан бастау алады және онда жазадан босатудың екi жағдайы
қарастырылған:
• егер тұлға қоректiк-iшетiн немесе құнды емес заттарды ұрласа және оларды
нәресте жас бала жасаған жағдайда;
• егер ер азамат өзiнiң кiнәлi әрекетiнiң нәтижесiнде некеден тыс туылған
баласының анасына үйленген жағдайда.
Ал 1845 жылғы қылмыстық және түзеу жазалары туралы ережеде жазадан
босатудың 3 негiзi қарастырылған едi, мәселен:
• қылмыскердiң қаза болуына байланысты;
• жәбiрленушiмен татуласуына байланысты;
• жасалған қылмыстың ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты.
1845 жылғы ережеге сәйкес қылмыскердiң шын өкiнуi тек жағдайды
жеңiлдететiн мән-жай ретiнде қарастырылады.
1864 жылы қабылданған бiтiмгершiлiк соттармен қолданылатын жазалар
туралы жарғыға сәйкес қылмыстық жазадан босатудың жаңа негiздемесi пайда
болды және ол тек кәмелетке толмаған балаларға қатысты қолданылды. 10 жас
пен 14 жастың арасындағы балалар қылмыстық жазадан босатылады және олар ата-
аналарының немесе қамқоршыларының бақылауына берiледi.
Қылмыстық жазадан босату институтының одан әрi дамуы 1903 жылы
қабылданған ережеден көрiнiс тапты. Онда шын өкiну қылмыстық жазадан босату
негiзi ретiнде көрiнiс тапты. Кәмелетке толмағандар (17 жасқа дейiн) және
жас балалар қылмыстық соттылықтан алынып тасталынып, кәмелетке
толмағандардың iстерi кәмелетке толмағандар жөнiндегi комиссияның
құзыретiне жатқызылады делiнген. Осы уақытта қылмыстық жазадан босатудың
ерекше түрлерi пайда болды, мысалыға, пара алу iстерi бойынша қару-жарақ
сақтау, қашқындық iстерi және басқа да iстер бойынша.
1922 жылғы РСФСР-дiң Қылмыстық кодексiнiң 21-бабында алғашқы рет
қылмыстық жаза қолданылмайтын ескiру мерзiмiнiң өтуi туралы норма
қарастырылды, ал қылмыстық жазадан босатудық арнайы түрлерi көрiнiс
таппады. Бұрынғы қылмыстық заңда қарастырылған қашқындық, қару сақтау, пара
алу және өзге де iстерi бойынша шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жазадан
босату негiздерi бұл Кодексте көрiнiс таппады.
1958 жылғы Қаз КСР Қылмыстық кодексi қылмыстық жазадан босатудың
төмендегi негiздерi көзделген:
• мерзiмiнен бұрын-шартты түрде жазадан босату және жазаның өтелмеген
бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру:
• сотталған адамды мiндеттi еңбекке тарта отырып, бас бостандығынан айыру
жерлерiнен шартты түрде босату:
• кәмелетке толмаған адамдарды жазасынан мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен
ауыстыру;
• әскер жағдайында әкери қызметшiлердiң немесе әскери мiндеттiлердiң
үкiмдерiн орындауды кейiнге қалдыру;
• үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру;
• Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiлерiнiң негiзiнде жазадан босату.
Ал қазiргi қолданыстағы жаңа Қазақстан Республиксының Қылмыстық
кодексi қылмыстық жазадан босатуды реттейтiн құқықтық нормалар жүйесiнде
бiрқатар өзгерiстер енгiзген, мәселен, Қаз КСР ҚК-нiң 45-бабының 2-
бөлiгiнде қарастырылған қылмыс жасаған тұлға өзiнiң әдептi мiнез-құлқы мен
еңбекке әдiл және жауапкершiлiкпен қараған жағдайда, ол қоғамға қауiптi деп
танылмай, сот үкiмiнiң негiзiнде қылмыстық жазадан босатылу мүмкiндiгiн
көздейтiн норма ҚР ҚК-де көрiнiс таппаған.
Сонымен қатар, Қаз КСР ҚК-нiң 41-бабының 1-бөлiгiмен қарастырылған
үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру нормасы ҚР ҚК-мен қарастырылмаған. Бұл
норма бiрiншi рет 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
сотталған тұлғаларға ғана қолданылған едi. Бұл норманың жаңа кодексте орын
алмауының себебi ретiнде онда шартты түрде соттау институтының орын алуын
көрсетуге болады. Бұл норма үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру нормасымен
бәсекелес деп айтуға болады [7].
ҚР ҚК-де жазадан босатудың жаңа түрi – ауруға шалдығуына байлансты
жазадан босату енгiзiлдi. Қылмыстық жазадан босатудың бұл түрi бұрын Қаз
КСР Еңбекпен түзеу кодексiнiң 107-бабымен, ҚIЖК-нiң нормаларымен, сондай-ақ
iшiнара ҚК-нiң 11-бабымен реттелген едi және оса нормаларға сәйкес кiнәлi
тұлға сот үкiмi шығарылғанға дейiн өз әрекетiне есеп беру мүмкiндiгiнен
айыратын жан дүниесi ауруға шалдыққан жағдайда, ол жазалануға жатпайды деп
танылған.
Жаңа қылмыстық заң жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң
жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру нормасын қарастырады, сондай-ақ ҚР-ның
Құқықтық саясат тұжырымдамасы қылмыстық саясат бiрiншi кезекте ауыр емес
және бiрiнiшi рет орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарға, сол секiлдi
халықтың әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз топтарына – жүктi және жалғызiлiктi
әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары барларға қатысты iзгiлiк
бағытында даму тиiстiлiгiн белгiлеп көрсеткен.
Сонымен қатар, жаңа заңнамада жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты
түрде босату мен жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен
ауыстыруды қолданудың шеңберi кеңейтiлiп, кеңiнен ашылып көрсетiлген [8].
Қазiргi қолданыстағы қылмыстық заң қылмыстық жазадан босатумен бiрге
ҚК-нiң 5-бөлiмiнде қарастырады. Қылмыстық жазадан босату институты
қылмыстық құқықта мемлекет кейбiр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты
адамгершiлiк қатынасты қалыптастыруда маңызды әлеуметтiк роль атқарады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудан жазадан босатудың ерекшелiгi – ол сот
айыптау үкiмiн шығарғанда тек тұлғаны жазалаудан босатады (мұнда сот жаза
тағайындайды ма әлде жоқ па ескерiлмейдi), соның өзiнде де қылмыстық
жауаптылыққа тарту жүзеге асырылды деп есептеледi.
Қылмыстық жазадан босату – бұл жазалаушылықтан босатылу, жазаның
мазмұнын құрайтын және тағайындалған жазаны өтеу кезiнде сотталушылардың
нақты кейбiр құқықтарын шектеу мен айырылудан босатылуы. Қылмыстық жазадан
босатылған жағдайда қылмыстық құқықтық қатынастар тоқтатылады, бiрақ та
кәмелетке толмағандарды жазадан босату бұл ережеден тыс, яғни ҚР ҚК-нiң 81-
бабында көрсетiлген бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс
жасағаны үшiн сотталған кәмелетке толмаған тұлға, егер оны түзеуге
Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу
шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны
жауаптылықтан босатуы мүмкiн, яғни:
• ескерту;
• ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не болмаса
мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
• келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;
• бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше
талаптар белгiлеу;
• кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне
орналастыру.
Сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн және ҚК-тің 73-бабының
1-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыс жасағаннан кейiн оның өз iс-әрекетiнiң
(әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не
оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуы негiзiнде сот оны
жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот жазасын өтеуден
босатады. Мұндай адамдарға сот ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн және бұл адамдар ҚК-нiң 69 және 75-
баптарында көзделген ескiру мерзiмi өтпеген болса, олар сауыққан жағдайда
қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалану мүмкiндiгiн көздейтiн нормаларды
көрсетiп өтуiмiз қажет.
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату институттары ҚК-тің бiр
бөлiмiнде қарастырылғанымен, бұл екi институт мазмұны, заңды салдары,
процессуалдық тәртiбi жақтарынан бөлек, бiрақ та өзара тығыз байланысты
институттар. Бiрiншi аталған институт екiншiсiне қарағанда мазмұны жағынан
кеңiрек, қылмыстық жазадан босату ол қылмыстық жауаптылықтан босатумен
қамтылады, яғни қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда жазадан босатылу орын
алады және керiсiнше қылмыстық жазадан босату жауаптылықтан босатуды
бiлдiрмейдi, ол тек қылмыстық жазасыз жауаптылыққа тартылуды бiлдiредi.
Қылмыстық жауаптылық пен жаза арақатынасын ғалымдар әрқалай
бағалайды. Аталған мәселенi шешудегi екi негiзгi бағытты айтуға болады.
Мысалы, И.М. Гальперин, қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықтан
бостумен теңестiре келе, жазадан босату сонымен қатар қылмыстық
жауаптылықтан босатуды бiлдiредi деп айтады [9]. Бiздiңше, С.И. Зельдовтың
пiкiрi көңiлге қонымды сияқты. Оның тұжырымдауынша, нақты қылмыс жасағаны
үшiн кiнәлi адам үшiн қылмыстық-құқықтық қатынастың тоқтатылуы қылмыстық
жауаптылықтың да тоқталғанын бiлдiредi [10]. Алайда, қылмыстық
жауаптылықтан босатуға қарағанда тек жазадан босату қылмыстық жауаптылықты
жүзеге асырудың бiр нысаны ғана. Ал басқа авторлар қарастырылып отырған
категориялар мазмұны бойынша бiр-бiрiне туыс, өзара байланысты құқықтық
институттар болғанымен, бiрақ олар заңдық жағынан бiр ғана емес, олардың
негiздерi, заңдық салдары және процесуалдық қолдану тәртiбi әртүрлi [11].
Бұл тұста қылмыстық жауаптылықтан босату мен жазадан босату арасындағы
айырмашылықты анықтау тек заңдық емес, сонымен бiрге этикалық мәселе деген
пiкiрлер де кездеседi [12].
Қылмыс жасаудың әлеуметтiк-құқықтық салдары ретiндегi қылмыстық
жауаптылықтың кеңейтiлген формуласына кiнәлiге сот арқылы тағайындалатын
жаза да бiр элемент ретiнде кiредi. Сондықтан бiздiңше, бүтiн мен бөлiктi
теңестiру әдiстемелiк тұрғыдан дұрыс емес.
Алдында аталып өткендей, қылмыс жасағанына айыпты деп танылған адамға
соттың үкiмi бойынша жаза қолдану (аталған жазаның орындалуы) қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асырудың негiзгi түрi болып табылады. Бiрақ өмiрде
мынадай да жағдай орын алуы мүмкiн: не айыптау үкiмi шығарылған сәтке
дейiн, яғни орындалуы басталғанша, не сотталған адамның жазаның бiр бөлiгiн
өтегеннен кейiн сотқа жазаның мақсаттары әлден орындалғаны, сөйтiп
сотталушыны түзеу үшiн оған тағайындалған жазаның орындалуы қажет еместiгi
Айқын болады. Мұндай жағдайларда сотталған адам ол жөнiндегi айыптау үкiмi
шығарылғаннан кейiн не жазаны орындаудан мүлде босатылады, не (егер жазаның
орындалуы басталса) одан әрi қарай орындаудан босатылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату сияқты, жазадан босату да iзгiлiк пен
әдiлеттiлiк қағидаларын жүзеге асыру болып табылады. Ол да өз соңынан
белгiлi бiр қылмыстық құқықтық зардаптарды ерте жүредi. Қылмыстық
қудалаудан босату фактiсi қорғаушы қылмыстық-құқықтық қатынасты тоқтататын
заң жүзiндегi факт болып табылады. Ендеше мұндай босату әлгiндей құқықтық
қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды
бейнелейдi. Тоқтатылған қылмыстық-құқықтық қатынастарды қайта жаңғырту
қылмыстық заңмен арнайы көзделген жағдайларда ғана мүмкiн болады (мәселен,
жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату, ауруға шалдығуына
байланысты жазадан босату және жүктi әйелдердiң және жас балалары бар
әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру).
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық заңға және қылмыстық iс
жүргiзу заңына қылмыс жасаған адамға мемлекеттiк органның қылмыстық-
құқықтық шараларды қолдануынан бас тарту. Жауаптылықтан босату институтында
сонымен қатар, әдiлеттiлiк, iзгiлiк, жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы
теңдiгi қағидалары мiндеттi түрде бiрге жүзеге асырылады. Кейбiр
жағдайларды кiнәлi адамды қылмыстық жауаптылыққа тарпай-ақ немесе оған жаза
тағайындап, бiрақ оны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны өтеуден
мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату, өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым
жеңiл жаза түрiмен ауыстыру арқылы көзделген мiндеттердi орындап, тиiстi
мақсатқа жетуге болады. Қылмыстық жауаптылықтан босату адамның жасаған
әрекетiнiң қоғамдық қауiптiлiгi аз, онша ауыр қауiптi болмауы және адамға
қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуi мүмкiн болған жағдайларда
қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан
босату немесе жазаны жеңiлiрек жазамен алмастыру институтын орнықтырған.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының жазадан босату
институтынан айырмашылығын қағидалық тұрғыдан қарастыруға болады:
• қылмыстық жауаптылықтан әдетте кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс
жасаған адам босатылады, ал жазадан босату ауыр және аса ауыр қылмыс
жасаған жағдайда да орын алуы мүмкiн;
• қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн
сот, тергеушi, прокурор, анықтаушы да жүзеге асырса, ал жазадан босату
айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн орындалады және жалпы ереже бойынша тек
сотпен жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған институттардың айырмашылығы тек құқықтық қана емес,
сонымен қатар этикалық өзектi мәселе болып табылады, себебi бұл жерде
тұлғаны қылмыстық әрекет жасағандығына кiнәлiлiгiн мойындау немесе
мойындамау туралы орын алып отыр [13].
Заңнамада қылмыстық жазадан босатумен қоса қылмыстық жазаны өтеуден
босату деген түсiнiк пайда болды. Жазаны өтеуден босату немесе оны одан әрi
өтеуден босатудың аталған институттан айырмашылығы ол тек сотталғанның
үкiмде белгiленген жазаның мазмұнын құрайтын сотталғанның белгiлi бiр
құқықтарынан айыру немесе шектеуден жазаның басқа түрiмен
ауыстырмай,соттылығын сақтай отырып, толық немесе iшiнара босату болып
табылады. Алайда сонымен қатар қылмыстық құқықтық қатынас тоқтатылмайды,
сондықтан кiнәлi тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту аяқталды деуге
болады.
Көрсетiлген бағыттар әрине, қылмыстық жазадан босатудың анықтамасына
әсер еттi. Қазiргi уақытта қарастырылып отырған институттарды мұншалықты
аралсатыру iс жүзiнде басылды. Алайда, қылмыстық құқық теориясында
қылмыстық жазадан босату түсiнiгi жөнiнде әлi күнге дейiн бiржақты түсiнiк
берiлмеген.
Мысалы, С.И. Зельдов бұл институтты былай анықтайды: Жазадан босату деп...
қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп танылған адамға заңмен қарастырылған
процесуалдық нысанда қолданылған, сонымен қатар мұндай адамды және
тағайындалған жазаны өтеу процесiн нақты кешiп жүрген сотталған адамды
жазаның мазмұны болып табылатын белгiлi бiр айырулардан және құқықтарды
шектеулерден, сонымен бiрге сотталудың құқықтық салдары – соттылықтан толық
босататын әдiл сот актiсi [14]. Мұнда С.И. Зельдов жазадан босатуды дұрыс
анықтай келе аталған анықтамаға жеткiлiктi негiздерсiз адамды соттылықтан
босатуды да енгiзген.
И.Я. Козаченко, қылмыстық жазадан босату қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамға жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жазаларды толық не iшiнара
өтеу мiндеттерiн жүктеуден заңға сәйкес негiзделген және сот актiсiнде
сипатталған бас тартуды айтады [15] Мұнда да И.Я. Козаченконың пiкiрiмен
келiсу қиын. Себебi, қылмыстық жазадан қылмыстық жауаптылыққа тартылған
адам емес, тек қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп танылған адам, яғни жаза
тағайындаумен байланысты сот үкiмi шыққан адам ғана босатылады. Жаза
тағайындауға дейiн әңгiме тек қылмыстық жауаптылықтан босату жөнiнде болуы
тиiс.
Бұл мәселе жөнiнде Ю.М. Ткачевский: жазадан босату кезiнде адам
сотталады, бiрақ бұл кезде ол тек жазаны нақты өтеуден немесе оны толығымен
өтеуден ғана босатылады деп негiздi көрсетедi [16]. Сондай-ақ, А.Б.
Мельниченко мен С.Н. Радачинскийлер де өз еңбектерiнде дұрыс баяндайды.
Олардың тұжырымдауынша, жазадан босатуда қылмыстық заңмен қарастырылған
негiздер бойынша қылмыс жасаған адамды сот:
а) тағайындалған жазадан босатады:
ә) соттың үкiмiмен тағайындалған жазаны нақты өтеуден босатады;
б) iшiнара жазасын өтеген сотталған адамды жазаны одан әрi өтеуден
мерзiмiнен бұрын босатады [17].
Жоғарыда көрсетiлген ғалымдардың берген анықтамаларында назар
аударылатын жағдай, ол бiздiңше, бұл анықтамлар қылмыстық заңда
қарастырылған жазадан босатудың барлық түрлерiн қамтымайтындығында. Заң
шығарушы жазадан босатудың түрiне жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл
жаза түрiмен ауыстыруды да жатқызады. Құқықтың 71-бабына сәйкес, ауырлығы
онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру
жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқын
ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның жеңiл түрiмен ауыстыра
алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрiн өтеуден толық не iшiнара
босатылуы мүмкiн.
В.Ф. Карауловтың пiкiрi бойынша: Жазадан босату деп кiнәлiнiң қылмыс
жасағандығы сотпен белгiленген тұлғаның жазадан босатылуы танылады[18]
Жазадан босатуды осы пiкiрге ұқсас негiздейтiн Т.Ф. Минязева былай
түйiндейдi: Қылмыстық жазадан босату деп бекiтiлген заң нормалары жүйесiнiң
негiзiнде қылмыс жасағаны үшiн сот арқылы кiнәлi деп танылған адамды
қылмыстық жазадан толық немесе iшiнара, шартты немесе шартсыз босатуды
айтуға болады [19].
Сондықтан А.С. Самойловтың берген анықтамасы жеткiлiктi дәрежеде
қамтылған секiлдi. Оның пайымдауынша, жазадан босату деп кiнәлi адамға
оған тағайындалған жазаның мазмұнын құрайтын қылмыстық заңмен қарастырылған
мәжбүрлеу шараларын қолданудан немесе одан әрi қолданудан мемлекеттің бас
тартуын түсiну қажет [20]. Бұл анықтама тағайындалған жазаның мазмұны
деген жағдай арқылы жазадан босатудың Құқықтың 71-бабындағы түрiн де қамтып
тұр. Себебi, жазаны неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру кезiнде бұрын бас
бостандығынан айыру түрiндегi тағайындалған жазаның мазмұны өзгередi.
Жоғарыда баяндалған талдауларды ескере отырып, қарастырылып отырған
институтқа келесiдей анықтама беруге болады: жазадан босату институты –
қылмыс жасағаны үшiн сот арқылы кiнәлi деп танылған адаға оны жаза
тағайындаудан, жазаны нақты өтеуден белгiлi бiр жағдайлар бар болған кезде
мемлекеттің бас тартуын қарастыратын және арнайы құқық қолдану актiсiнде
көрiнiс тапқан қылмыстық-құқықтық нормалардың жиынтығы. Осы анықтамадан
жазадан босатудың шартты түрлерiнiң түсiнiгiн де шығаруға болады. Бiздiң
ойымызша, жазадан босатудың шартты түрлерi деп қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi
деп танылған адамды заңда және қылмыстық процесуалдық актiде қарастырылған
белгiлi бiр шарттар бойынша жазаны нақты өтеуден немесе одан әрi өтеуден
босатуды түсiну қажет.
Жазадан босатудың бұл аталған түрлерi жазаны нақты өтеудiң немесе
одан әрi өтеудiң материалдық негiзiн бiрiктiредi. Яғни, жазаны орындаудың
немесе одан әрi жүзеге асырудың мақсатқа сай келмеуiн бiлдiредi. Сонымен
бiрге, жазаның мақсаттары бұл сатыда толығымен жүзеге асырылмағандықтан
кiнәлi адамға белгiлi бiр тәрбиелiк, ескертушiлiк мәнi бар шарттар
жүктеледi. Бұл жалпы негiз шартты жазадан босатудың нақты түрлерiн
қарастыратын қылмыстық құқықтың нормаларында нақтыланады.
Жазадан босатудың әлеуметтiк мәнi бiрқатар жағдайлармен анықталады.
Мысалы, А.И. Рарог мұндай жағдайларға: а) қылмыстық қудалаудың шараларын
үнемдеу; ә) қылмыс жасаған адамды түзеуге ынталандыру және оның тез арада
құқықтық тәртiп талаптарына, әлеуметтiк тәртiп нормаларына бейiмделуiне
ықпал ету; б) жазаның мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаса жаза
тағайындаудан бас тартуды жатқызады [21].
Қылмыстық жауаптылық пен жазаның шараларын белгiлеу кезiнде әрекет-
адам арақатынасында әрекет анықтаушы болып табылады. Жаза жасалған әрекет
үшiн тағайындалады, сондықтан ең алдымен қылмыстың қоғамға қауiптiлiгi
ескерiледi. Бiрақ жаза қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi адамның өткен iсiндегi
әрекетiн бағалауға негiзделе отырып болашаққа бағытталады, яғни жеке
криминологиялық болжау сипатын иемденедi. Сондықтан жазаны өтеуден
босатудың сотталған адамды түзеу, оның жаңа қылмыс жасауын алдын алуға
ықпалы сөзсiз.
Қылмыстық жазадан босату жазаны өтеуден босату сияқты қылмыстық
құқықтың көбiнесе материалдық нормаларынан тұратын институт. Ал қылмыстық
iс жүргiзу, қылмыстық атқару құқықтарын құрайтын, бiрақ та қылмыстық
құқықтық мәселелердi реттейтiн кейбiр нормаларды қамтуы, осы өзара
байланысты құқық салаларының негiзгi ортақ мақсатының болуымен
түсiндiрiледi. Жазадан босату институтын кең мағынада қарастырсақ, ол
жазаны өтеуден босатуды реттейтiн нормаларды қамтиды және де параметрлерiне
байланысты қылмыстық құқық нормалары жетекшi болып табылатын кешендi
салааралық институт ретiнде көрсетуге болады.
Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты және рақымшылық
немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босатуды қоспағанда, қалған
барлық жазадан және оны өтеуден босату тек соттың ғана құзыретiне жатады.
Бiрақ та бұл жерден де өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан
айыруға сотталған адамға ескiру мерзiмiн қолдану туралы мәселенi сот
шешедi.
Қылмыстық жазадан босатуды жiктеу мәселесiне байланысты қылмыстық
құқықтың түрлi пiкiрлердi ұстанады, мысалы, С.М. Рахметов ҚР ҚК-не жазадан
босатудың жаңа төмендегiдей жаңа түрлерiн ұсынады:
1. жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату (ҚК-нiң 70-бабы);
2. ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (ҚК-нiң 73-бабы);
3. төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату (ҚК-нiң 74-бабының 1-
бөлiгi);
4. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату (ҚК-нiң
76-бабы);
5. кәмелетке толмағандарды жазадан босату (ҚК-нiң 81-бабы);
6. кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын
босату (ҚК-нiң 84-бабы).
Ал Г.Ф. Поленов болса, жоғарыда аталғандарға қоса жазаның өтелмеген
бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру мен жүктi әйелдердiң және жас
балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыруды да қарастырады
[22].
Сонымен қатар, жоғарыда қарастырылған жазадан босатудың негiздерiн
олардың құқықтық табиғатына байланысты жiктеуге болады:
• Айқындылық деңгейiне байланысты: мiндеттi, яғни соттың құзыретiнен тыс
және оның формальды шешiмiн қажет етпейтiн жағдайларды қамтиды (мысалы,
ескiру мерзiмiнiң өтуi, психикасының бұзылуы, Рақымшылық немесе кешiрiм
жасау актiсi негiзiнде) және факультативтi, яғни соттың қарауына жататын
жағдайлар (қалған жазадан босатудың қалған барлық түрлерi);
• қолданылу мерзiмiне байланысты: жазаны өтеу кезiнде (мерзiмiнен бұрын-
шартты түрде босату) және тағайындау кезiнде (төтенше мән-жайлардың
салдарынан жазадан босату) қолданылатын негiздер;
• жазадан босату мерзiмiнен бұрын-шартты (ауруға шалдығуына байланысты)
немесе сөзсiз түпкiлiктi (мысалы, ескiру мерзiмi) болуы мүмкiн [23].
Жоғарыда көрсетiлген негiздерден басқа жазадан босатуды соттың
құзыретiне байланысты жiктеуге болады деп ойлаймын, мәселен соттың мiндеттi
түрде жазадан босату (мысалы, ҚК-нiң 73-бабының 1-бөлiгiне сәйкес кiнәлiнiң
психикасының бұзылуына байланысты) және оның құқықы болып табылатын
негiздерге жазадан босату (мысалы, ҚК-нiң 73-бабының 2-бөлiгiне сәйкес
жазаны өтеуге кедергi келтiретiн өзге де ауыр науқастан зардап шегуiне
байланысты жазаны өтеуден босату) және сонымен қатар жазадан босату
қолданылатын субъектiлерге байланысты кәмелетке толмаған тұлғаларға және
кәмелетке толмағандарға қолданылатын негiздер.
Жазадан босатудың заңдық мағынасын, оныњ түрлерiн ескере отырып
анықтаған жөн.
ҚР ҚК-нiң V бөлiмiнде жазадан босатудың түрлерi көрсетiлген:
1. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату (70-бап);
2. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру (71-бап);
3. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге
қалдыру (72-бап);
4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап);
5. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату
(75-бап);
6. Рақымшылық актiсi негiзiнде жазадан босату (76-бап);
7. Кешiрiм жасау актiсi негiзiнде жазадан босату (76-бап).
Заңдық табиғатына сәйкес шартты түрде соттауды (ҚР ҚК 63-бап) да
соттың тағайындаған жазасын нақты өтеуден босататын норма болғандықтан
жазадан босатудың бiр түрi ретiнде қарастыруға болады. Сонымен қатар, ҚК-
тің VI бөлiмiнде кәмелетке толмағандарды тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу
шараларын қолдана отырып, жазадан босату (81-бап) және кәмелетке
толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (84-бап)
жөнiндегi нормалар да бар.
Заңда қарастырылған жазадан босатудың түрлерi заң әдебиеттерiнде
түрлi негiздер бойынша жiктеледi. Мысалы, Р.Ф. Сундуров жазадан босатудың
барлық түрлерiн мына екi негiзге байланысты жiктейдi: а) жазадан босату
қолданылатын саты мен сипатын; ә) босатылатын адамға белгiлi бiр мiндеттер
жүктеудi. Ол бiрiнiшi топқа: 1) айыптау үкiмiн шығару кезiнде жазадан
босату; 2) соттың тағайындаған жазасын өтеуден босату; 3) жазаны одан әрi
өтеуден босату; 4) айыптау үкiмiн шығару кезiнде және жазаны өтеу барысында
жазадан босату. Ал екiншi топқа шартты және шартсыз жазадан босатудың
барлық түрлерiн жатқызады.
Соттың шешiмiн шығару сатысын ескере отырып, С.И. Никулин жазадан
босатуды: а) кiнәлi адамды жаза тағайындаудан босату; б) оны нақты
тағайындалған жазаны өтеуден босату; в) соталған адамды жазаның өтелмей
қалған бөлiгiн өтеуден мерзiмiнен бұрын босату деп үшке бөлiнедi [24].
Жазадан босатуды түрлерге жiктеу сол бөлiнiп отырған түрдiң мазмұнын,
тағайындалу мақсатын және босатудың қылмыстық-құқықтық салдарын негiзге ала
отырып жүргiзiлуi қажет. Сонда ғана жүзеге асырылып отырған жiктеудiң
теориялық және практикалық мағынасын анықтауға болады.
Тап осындай жағдай АҚШ-та аталған уақытта сынақ жүйесi, ал
Ұлыбританияда ақшалай өкiлдiкпен қатар жүретiн соттың алып қою институты
пайда болды.
Франция мен Бельгияда жазаны орындауды жою арқылы кейiнге қалдыру
институты жұмыс iстедi. Әр түрлi аталуына қарамастан аталған қылмыстық
құқықтық шаралар жазаны шын мәнiнде өтеуден босату мүмкiн және сотталғанның
үстiнен сынақ қадағалауды орнатуды қарастыратындарды бiрiктiредi. И.Я.
Фоиинцкий сондай-ақ австро-германдық әкiмшiлiк шартты кешiрiм беру жүйесiн
бөлiп атаған [25].
1869 жылы АҚШ-та мiндетiне пенитециярлы мекемелердегi кәмелетке
толмаған қылмыскерлердi қадағалау кiретiн агент лауазымы бекiтiледi. Ол
егер жасөспiрiмдер бұдан былай заңға құлақ асатын мiнез-құлық көрсететiн
жағдайда оларды еркiндiкке мерзiмiнен бұрын босату құқығына ие болды.
Осыған орай сынаққа жiберу туралы үкiмдi орындайтын лауазымды тұлғалардың
институты пайда болды (Protion ofiser).
Бостон қаласының судьялары маңыздылығы онша емес терiс қылықтар
жасаған кiнәлi тұлғаларды оларға қайырымды ықпал жасауға тырысқан
азаматтардың берген ақшалай кепiлпұлына жиi босатып отырған. Мысалы, Джон
Август әр түрлi полицейлiк және муниципалдық соттарда өкiлдiкпен 2000-ға
жуық рет болған.
Сөйтiп, АҚШ-тағы сынақ қадағалауы Англиядағы сияқты ақшалай
кепiлпұлмен толықтырылған. Сынақ мерзiмiнiң ұзақтығы 2 айдан бiр жылға
дейiнгi мерзiмге орнатылған.
В.П. Шупиловтың атап өтуiнше, Американдық заңнамада сынақ қадағалауы
институтының пайда болуына әсер еткен жағдай, ол ағылшын келiмсектерiмен
бiрге келген ағылшындық жалпы құқықтың қағидалары, сондай-ақ Құрама
Штаттарды сипаттаған саяси дамудың шартты босатантындығы жазаны тағайындау
мен орындауды кейiнге қалдыруды мүмкiн жасады [26].
Алайда, қарастырылып отырған институт бүкiл мемлекеттiк деңгейде
қолданылуы үшiн жарты ғасырға жуық уақыт қажет болды (тиiстi заң 1925 жылы
қабылданды). Оны ғалымдар позитивтi бағалап, үкiметтiк құрылымдар мен
қоғамдастық қабылдау үшiн осынша уақыт қажет болды.
Шартты соттау Ұлыбританияда әлдеқайда терең тамыр жайған. Шын
мәнiнде олар орта ғасырда пайда болған. XIX ғасырда тек заңдық тұрғыдан
бекiтiлдi.
1879 жылы судьяларға ауырлығы онша емес қылмыстарды жасағаны үшiн
кiнәлi тұлғаларды түрмеден босатуға құқық берiлдi. Сотталушылардан тиiстi
қолхат алынған. Сынақ мерзiмiнiң iшiнде жаңа құқықбұзушылық жасаған
жағдайда ол жаңа жазалауға және ақшалай айыпқа тартылды.
1887 жылғы актiге сәйкес кiшiгiрiм қылмысты бiрiнiшi рет жасаған,
жазаның ең төменгi мөлшерi кесiлген кiнәлi тұлғаға сот кепiлпұл қою немесе
сенiм бiлдiрушi арқылы босатуға құққылы болды. Кiнәлi тұлға сотқа алғаш
шақырғанда-ақ қалмауға, жәбiрленушiге келтiрiлген залалдың орнын толтыруға
сынақ мерзiмi iшiнде заңға құлақ қоюға мiндеттi. Егер көрсетiлген шартты
бұзған жағдайда, оған жаза қолданып және қосымша айыппұл салынған.
1907 жылы қылмыскерлерге сынақ жүргiзу (Protion of offenders act)
туралы Акт қабылданды. Оған бiрiншiден, халықаралық соттың бақылауында
жүрген, шартты сотталғандардың мiнез-құлқына бақылау жүргiзу институты
енгiзiлдi. Екiншiден, аталған заңда осындай соттылықты қолдану негiзi анық
көрсетiлдi. Сот шартты соттауды қолдану туралы мәселенi шешу барысында
қылмыстың ауырлығына ғана емес, сондай-ақ кiнәлiнiң жеке басына қатысты
жақтарды: жасы, денсаулық жағдайы, ақыл-есi, өмiрлiк тәжiрибесi және басқа
да қасиеттерiн есепке алуы тиiс.
Көп мемлекеттi Европада бұл уақытта әдебиеттерде франко-бельгиялық
жүйе деп аталатын басқа да тәжiрибе орнықты. Францияда, Бельгияда және
басқа да мемлекеттерде сот үкiм шығару және жаза тағайындау барысында
сотталушыны шартты түрде босатуға қаулы шығарды. Бұл жерде оғн тек жаңа
қылмыс жасамаудан басқа ешқандай мiндеттеме жүктелген жоқ.
Жазадан босатылатын адамға қандай да бiр мiндеттер жүктелу не
жүктелмеуiне байланысты жазадан босатуды шартты және шартсыз деп бөлуге
болады. Шартты түрлерiне: шартты түрде соттау, жазаны өтеуден мерзiмiнен
бұрын-шартты түрде босату, жүктi әйелдердiң және жас балалары бар
әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру. Жазадан босатудың қалған түрлерi
шартсыз және түпкiлiктi болып табылады.
Айқындылық деңгейiне байланысты жазадан босату мiндеттi және
факуьтативтi болып бөлiнедi. Бiрiншi тобы заңның өзiнде қолданылуы
Айқындалған, соттың құзыретiнен тыс және оның формальды шешiмiн қажет
етпейтiн жағдайларды қамтиды: а) ауруға шалдығуына байланысты; б)
Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде; в) кешiрiм жасау актiсi негiзiнде; г)
ескiру мерзiмiнiң өтуi. Ал басқа түрлерi факультативтi болып табылады.
Қолданылу мерзiмiне байланысты жазадан босатуды бiздiңше: жазаны өтеу
кезiнде (мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату) және жаза тағайындау кезiнде
(төтенше мән-жайлардың салдарынан) деп те бөлуге болады [27].
Ресей қылмыстық заңына сәйкес қылмыстық жазадан босатудың түрлерi
мен Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасында айтарлықтай
айырмашылықтар бар екенiн мынадан көруге болады.
Қылмыстық жазадан босатудың түрлерi Ресей Федерациясы қылмыстық
кодексiнiң түрлi тарауларында қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 12-
тарауында былай көрсетiлген:
1. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату (РФ ҚК 79-бап);
2. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру (РФ ҚК 80-
бап);
3. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (РФ ҚК 82-бап);
4. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге
қалдыру (РФ ҚК 82-бап);
5. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату
(РФ ҚК 83-бап);
Қылмыстық кодекстің 13-тарауында жазадан босатудың екi түрi
қарастырылған:
1. Рақымшылық етуге байланысты (РФ ҚК 84-бабы);
2. Кешiрiм жасауға байланысты (РФ ҚК 85-бабы); [28]
Қылмыстық кодекстің 14-тарауында қарастырылған түрлерi:
1. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және тәрбиелiк әсерi бар
мәжбүрлеу шараларын қолдану (РФ ҚК 92-бабы);
2. Мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату (РФ ҚК 92-бабы);
Қылмыстық жазадан босатудың түрлерi бiр топқа, екнiшi топқа дәстүрлi
түрде жазадан босатудың шартты және шартсыз түрлерi жатқызылады [29].
С.И. Никуллин жазадан босатудың бұл түрлерiн үш топқа бөледi:
1. Кiнәлiнi тағайындалған жазадан босату;
2. Оны тағайындалған жазадан нақты түрде босату;
3. Жазаның қалған бөлiгiн мерзiмiнен бұрын босату [30].
И.Я. Козаченко жазадан босатудың барлық түрлерiн үш топқа бөлiп
қарастырады: шартты, шартсыз және жалпы (жан-жақты) т.с.с. [31]
В.Д. Иванов және М.М. Смирнов бiздiң пайымдауымызша қылмыстық
кодекстің 12 және 13 тарауында көрсетiлген түрлерiн жазадан босатудан
негiзсiз шектеп тұрған сияқты [32].
Жазадан босатудың заңмен қарастырылған түрлерi заң әдебиеттерiнде
түрлi негiздерге санатталады. Есте сақтайтын бiр жайт кейбiр ұсынылған
жүйелер қылмыстық, қылмыстық-атқару және қылмыстық iс жүргiзу
заңнамаларындағы өзгертулерге байланысты өзiндiк тәжiрибедегi мәнiн
жоғалтып алды [33].

2-тарау. Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi
мен тәртiбi
2.1. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату
Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату өзiнiң мазмұнына
қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың бiр түрi болып табылады.
Сот тағайындаған жаза қолданылған адамның түзелуiне, жоғарыда
айтылғандай, ол жаза толық өтелгенге дейiн де қол жеткiзуге болады. Егер
айыпкер өзiнiң түзелгендiгiн дәлелдесе, жазасын орындауды жалғастырудың
керегi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жазаның негізгі түрлері
Қылмыстық құқықтағы жаза туралы
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық құқық түсінігі және оның қағидалары
Шешімді шығарған соттың атауы
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
Пәндер