Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы (ХХІ ғ. басы) .
Жоспар
Кіріспе . . . 2 - 6 бб
I Тарау. XX XXI ғғ. басындағы жаңа геосаясат және Иран.
1. 1 Биполярлық жүйенің ыдырауынан кейінгі жаңа әлемдік тәртіп және Иран саясаты . . . 7 11 бб
1. 2. ИИР ның жаңа сыртқы саяси концепциясы . . . 12 22 бб
1. 3. Иран және АҚШ қатнастары . . . 23 26 бб
II Тарау. Аймақтық қауіпсіздік жүйесі және ИИР
2. 1 Таяу Шығыс мәселесі және Иран саясаты/ Ирак мәселесіне байланысты және Израйль Палестина/
2. 2. Иранның қазіргі кездегі ядролық саясаты және халықаралық қатнастар
2. 3. Каспий мұнайы және Иранның аймақтық саясаты . . . 27 39 бб
Қорытынды . . . 55 58 бб
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59 60 бб
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы қалыптасқан жаңа геосаяси конфигурацияда Иран Ислам Республикасының алатын орны ерекше. Иран өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешеді. Аталмыш диплом жұмысының өзектілігі жаңа геосаясатпен және Иран Ислам Республикасының (ИИР) қалыптасқан жағдайдағы сыртқы саясатының трансформациялануымен ерекшеленеді.
Иран Оңтүстік Батыс Азиядағы аса ірі елдердің бірі. Ауданы бойынша ( 1648 мың шаршы шақырым) онымен шекаралас Түркия (солт батыс ), Ауғаныстан мен Пәкістан (шығысында), Ирак (батысында) елдерінен анағұрлым басым болып келеді. Егер Иранды Еуропа елдерімен салыстырсақ, онда оның аумағы Англия, Швецария, Италия, Флоренция, Испания территорияларын бірге алғандағымен тең болады. Солтүстігінде Иранды Каспий теңізі жуып өтеді, ал оңтүтігінде Парсы және Оман шығанағы жатыр. Азияда бұл көрсеткіш Қытай және Индонезия аумағымен тең. Шекара ұзындығы шамамен, 8 шаршы шақырымға тең. Иран арийлер елі деген мағынаны беретін « Ариана » сөзінен шыққан ел атауы. Бұл атау Сасанидтер мемлекетінің ( б . з. д І І І ҮІІ ғғ) негізгі бөлігінің аты болған. Ирандықтар өз елін барлық уақытта Иран деп атаған, ал батыс елдері және АҚШ оны бұрындары Персия деп атаған. Себебі онда негізгі халық парсылар болып, сәйкесінше көпшілік парсы тілінде сйлеген. Сонымен қатар мұның себебі, елдің орталық аумағы Фарс немесе Парсы деп аталған. 1935-жылы Иран үкіметі елдің бұрынғы ұлылығын көрсету үшін әлем мемлекеттеріне елді ресми түрде Иран деп атауларына өтініш білдірді. Елдің қазіргі астанасы Тегеран. Иран көпұлттылығымен ерекшеленеді. 34 млн халықтың негізгі ядросы парсылар халықтың небәрі 50 % -н ғана құрайды, одан кейінгі орында әзірбайжандар, күрдтер тұрады. 1905- 1906 жылдары қабылданған конститутция бойынша мемлекет басында шах отыратын және ол қарулы күштердің бас қолбасшысы болтын конститутциялық монархия болған еді. Шахтың сол конститутцияға бірнеше рет өзгеріс енгізуінің арқасында шахқа жеке бас тәртібін орнатуға мүмкіндік беретін айрықша құзіретке ие болды. Кейіннен бұл жағдай әлеуметтік саяси дағдарысқа соқтырған көпшілік наразылығын тудыруға себеп болды. 1975 жылы шах енгізген бір партиялық жүйе ауқымды наразылықтар туғызып, 1978 жылы өз күшін жойды. Осының бәрі жиналып, шахтың биліктен кетуіне себеп болды, яғни халық көтерілісінің нәтижесінде шах тәртібі жойылды. Осылайша Иран капиталистік даму жолын таңдаған дамушы елге айналды. Мұнай экспортынан алынатын ірі табыстарды пайдаланып, елдің басқару орталығы жасаған әлеуметтік-экономикалық реформаларға сүйене отырып, Иран соңғы жылдары шаруашылық дамуында үлкен секіріс жасады, енді оны артта қалған аграрлық ел болды деп атауға ауыз бармайды. 1972 жылы аяқталған аграрлық реформадан кейін жер иеленушілердің ұстанымдары жойылып, 15 млн шаруалар жер иеленді ( оның бағасы 15 жыл ішінде төленуі қажет ), бірақ негізгі жер иеленушілер ауылдағы үкімет таянышы болған шаруалар еді. Осы реформаға дейін ірі жер иеленуші болғандар, елден құн сатып алу арқылы ірі өнеркәсіп акцияшыларына айналды. Иран қазіргі таңда аграрлық индустриялық ел болып саналады. Мұнай сатудан (1976 жылдан 20 млд. доллар ) түсетін қаржыдан Иран өзінің өндіріс саласын жедел қарқынмен дамытып келеді, оның жаңа салаларын құрды ( мұнайхимиялық, машина құрылысы, соның ішінде автомобилдік, авиацалық, әскери ), металлургия саласын дамытып жатыр. Иран алдығы қатарлы капиталисттік елдердің ірі монополияларымен тығыз байланысты. Осы елдермен бірлесе отырып құрған өнеркәсіптердің тауарларын Иран тек өз ішінде ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде Таяу Шығыс, Оңтүстік- Шығыс Азия және Аумағындағы тауар айналымға қосу көзделіп отыр. Алғашқы кезде сырттан ағылып келген қаржыны игере алмай, шетке шығара бастады. Ол дамыған және дамушы елдердің арасында қаржылық көмек көрсететін ірі елге айналды. 1970 - жылдары Иран Англия ( 1. 2 млд долл) , Үндістан( 1 млд ), Египет (1 млд) , Пәкістан, сондай ақ Зайр және т б елдерге қарызын санкциялады. Иранның басқа елдерге берген қарызының жалпы саны 10 млд . долларды құрап, Иран Халықаралық Валюта Фондының қарыз берушісіне айналды. 1978- 1979 жылдардағы әлеуметтік саяси дағдарыс ел экономикасын әлсіретті. Мұнайшы жұмыскелердің шеруі мұнай табысын тоқтатып тастады . Ел экономиканың жалғыз қайнар көзі ретіндегі мұнай өндірілудің тоқтатылуы орны толмас зиян әкелді. Көптеген ірі факторлардың әсері себеп болған қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Ресей ИИР-ң стратегиялық мақсаттарын Ресей өте жақсы түсінеді.
Таяу, Қиыр Шығыс, Кавказ, Каспий теңізінің зонасы, Орталық Азия кіретін Жер шарының маңызды аймағы Батыс Азияда ИРИ жетекші роль атқаратынына ешкім күмән келтіре алмайды. Иран бірдей уақытта Үнді мұхитының Парсы, Оман шығанағымен қоршалған, орташығыстық, кавказдық, орталық-азиаттық, каспийлік ел бола отырып, маңызды әскери-стратегиялық, жағдайға ие. Аймақтың бүкіл жаралы жерлері Иранға байланысты болды. Аймақтың жеке бөліктерініңі ішкі мәселелері, этникалық немесе діни, әскери немесе экономикалық, есірткі саудасы мен босқындар мәселесі, сепаратизм, терроризм мәселелерінің қайсысы болсые тек Иранның қатысуымен ғана нәтижелі шешіле алады. Иранның көмірсутектік табиғи қазбалардың қайнар көзі ретінде және мұнай-газ өнімдерін тасымалдаушы шекара ретінде жоғары дәрежелі құндылықтарға ие екендігің ескерту артық болар еді. Иранның қаралған ішкі мұнай қоры 90 миллиард баррельді құрайды. Бұл оны әлемнің ең ірі мұнай өндіруші елдерінің біріне айналдырады. Бүкіл мұнай шығу орнына жоғары өнімділік және табыстың өз бағасының төмендігі тән. Иран ОПЕК елдерінің арасында мұнай өндіру көлемі бойынша екінші орында келеді. Иран Ресейден кейін газ қорлары бойынша әлемде екінші орынды алады. Қазіргі уақытта оның барланған және зерттелген қорлары әзірге 21 триллион метр кубты құрайды, бұл 14% әлем қорынан асып түседі.
ИИР-дің қазіргі басқарып отырған әскери-саяси биігі (саяси ориентацияға емес не либералдар, не консерваторлар, не неоконсерваторлар болсын) өз қоғамының қазіргі әлемдік әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы мен тенденцияларын түсіну ішкі және сыртқы векторларының үйлесу қабілетін арттыруға тырысады.
Бірақ соңғы кезекте Иран идеологтары мен саясаткерлерінің көзқарастарының шын өзгеруімен «Ислам төңкерісінің экспортының» жүзеге асырылуы туралы сөз қозғалады. Бұл әрине Иран радикалды шейіттері мен тақтан түсірілген шах Мұхаммед Реза Пехлеви 40 жыл бұрын жүзеге асыра бастаған аймақтық гегемония идеясынан бас тартады деген сөз емес, керісінше бүкіләлемдік Ислам төңкерісінің қияли идеясы Парсы шейіттерінің аймақтық деңгейде басымдылыққа ие болған жаңашыл идеяға ауысты, яғни ең алдымен Қиыр және Таяу Шығыста. Сондай-ақ бұл идеяның діни құрамы ұлтшылдықпен біте қайнасты. Біртіндеп Тегеран мемлекетінің саясатындағы прагматизм идеологиялық ойлардан басым түсті, ең алдымен шейіттерді қолдай саласында басым түсті. Бұл тек ислам төңкерісі идеясынсыз күштеу экспортынан және ислам фундаментальдылығының түзу жолды насихаттаудан бас тартуда ғана емес, сонымен қатар ИИР ішкі саясатын түзетуде де көрмеді. Сонда да өзінің аймақтық мақсатына жету үшін Иран Таяу және Қиыр Шығыстағы саясатын қалыптастыруда шейіттік құралдар пайдалануды жалғастырып келеді. Тегеран Ауған шейіттеріне қолдау көрсетіп, «Хезболла» ливандық экстремистік тобын демеп келеді. Ираннан шейіт руханилығының өкілдері дәстүрлі түрде бағыт алады, Тегеран бұны тиімді пайдаланып келеді.
Қазіргі уақытта ИИР-дің аймақтық саясатының негізгі бағыттары болып мыналар табылады:
- Ирак
- Ауғанстан
- Кавказ аймағы
- Каспий мәселесі
- Орталық Азия мемлекеттері (бұрынғы КСРО құрамындағы елдер)
- Палестиндік-израильдік басқарма
- Парсы шығанағы.
Диплом жұмысының мақсаты. ИИР-ң жирмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы сыртқы саясатының трансформациялануымен және ИИР-ң аймақтық беделді мемлекетке айналуынан туындайды. Бұл мақсатқа жету үшін автор өз алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
- ИИР-ң сс-ң даму эволюциясын зерттеу;
- ИИР-ң сс-ң негізгі бағыттарын анықтау;
- ИИР-ң Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының өзекті мәселелерн зерделеу;
- Қазақстан Республикасвмен ИИР-ң арасындағы қарым қатынастарды сараптау;
Диплом жұмысының деректік негіздері. Атлмыш диплом жұмысының деректік негіздерін автор өз ойынша төмендегідей топтарға топтастырады.
Жирмысыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындаға ИИР-ң сыртқы саясатының қалыптасыу мен дамуына байланысты деректердің бірінші тобына дипломатиялық құжаттар мен заң актілері жатады. Бұл деректердің ішінен негізінен ҚР-мен ИИР-ң арасындағы дипломатиялық ққ- орнауы туралы құжаттар, ИИР-ң сыртқы саяси стратегиясының деректерін атап өтуге болады.
Деректердің екінші тобын белгілі мемлекет басшылары мен дмпломаттардың сөйлеген сөздері құрайды. Бұл деректердің ішінд ҚР Президенті ННА екі мемлекет арасындағы қарым қатынастары туралы сөйлеген сөздері, қазақстан дипломаттары К. К. Токаев, ҚР ИИР ғы бұрынғы төтенше және өкілетті елшілері И. Гиззатов және М. Ж. Жолдасбековтың еңбектерін ерекше атауға болады.
Деректердің үшінші тобын мемуарлар мен естеліктер құрайды. Бұл деректердің қатарында Иранның саяси қайраткерлерінің естеліктерін ерекше атап өткен жөн (Хомейни, Рафсанжани, Хаттами) . Бұл деректер Иранның тарихи длмуын және сыртқы саясатын терең зерттеуге көмектеседі.
Деректердің төртінші тобын Ирандық және шет елдік информациялық құралдарының деректері қалыптастырады. Бұл деректердің тобына ресми БАҚ- ры жатады.
Тарихнама. ИИР ның ХХ ғ. тақсаныншы жылдары сыртқы саясат және оның эволюциясы туралы жарық көрген тарихнамалық деректерді автор шартты түрде отандық, ресейлік және шет елдік деп бөледі.
Отандық зерттеулер ішінде ИИР сыртқы саясатының дамуы, стратегиясы туралы еңбектерлің қатарында Н. А. Назарбаев, Қ. Токаев, И. Гиззатов, М. Ж. Жолдасбеков, С. Батырша ұлы. Қазақстандық зерттеулер негізінен ИИР сыртқы саясатын 1991- 2006 жылдар аралығында қарастырады. Әсіресе Иранның Каспи мәселесі бойынша ұстанымына көбірек көңіл бөледі.
Ресейлік авторларды ресейлік және кеңестік зерттеушілер деп еіге бөлуге болады. Кеңестік тарихшылар негізінен КСРО мен Иран арасындағы қарым қатынасты, АҚШ-Иран қарым қатынасын зерттеуге көңіл бөлсе, қазіргі ресейлік зерттеушілер Ресей Федерациясы мен ИРИ арасындағы қарым қатынастарды зерттеп, Иранның саяси жүйесін сараптайды. Кеңестік-ресейлік авторлардың ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: Л. С. Васильев, А. Дугин, В. Ушаков, С. Л. Агаев және т. б.
Шет елдік авторлар зерттеулерін шартты түрде англосаксондық, европпалық зерттеушілер деп қарастырған жөн. Американдық зерттеушілер Иранның XIX-XX ғасырлардағы тарихын, сытқы саясатын, қырғи қабақ соғыс кезіндегі Иранның ұстанымына көңіл бөледі. Бұл авторлардың ішінде: Д. Фуллер, М. Олкед, Г. Глиссон және т. б. Ал Иранның Орталық Азиядағы рөлі туралы Киссенджер, З. Бзежинскийдің еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі Иранның сыртқы саясатының тарихнамасын сараптауда автор сонымен бірге проблемалық принципті пайдаланды. Бұл принципке сәйкес қазіргі жарық көрген еңбектерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:
- ИИР-ғы исламдық фактор;
- Дін мәселесі;
- ИИР-ың сыртқы саясатының өзекті мәселелері;
- Каспи мәсәләсі;
- АҚШ- Иран қатынастары
- Иран- Ресей қатынастары
- Қазақстан-Иран қатынастары
ИИР сыртқы саясатының өзекті мәселелеріне байланысты жарық көрген тарихнамалық зерттеулерді са раптай келе бұл мәселе туралы арнаулы монографиялық еңбектердің тапшылығын атап өткен жөн.
Диплом жұмысының теориялық әдістемелік негіздері. Аталмыш диплом жұмысының теориялық әдістемелік негіздерін жалпы ғылыми әдістер құрайды. Мұның ішінде автор тарихи салыстырмалы әдісті, контент-анализ әдісін және социялогиялық әдісті пайдаланды.
Тарихи салымтырмалы әдіс ИРИ ың сыртқы саясатының эволюциясын анықтауға көмектеседі. Контент анализ әдісі ИИР қазіргі сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Ал социологиялық әдіс ИИР ың ішкі саяси жүйесін зерттеуге көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Дипломның жалпы көлемі бет.
I Тарау . Иранның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы.
1. 1. Биполярлық жүенің ыдырауынан кейінгі жаңаәлемдік тәртіп және Иран саясаты.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады. Шетел тауарларының елге кігізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды.
40- шы жылдардың ортасында Иранда феодалдылықтың қалдықтары мен үлкен әлеуметтік бөлініс әлі де орын тапты. Көптеген артықшылықтарға ие әлауқаттылар және халықаралық сауда монополиясына қолы жеткен шексіз байлыққа кеңеліп өмір сүрді. Ал ұсақ буржуазия өкілдері мен ауыл тұрғындары және де басқа әлеуметтік топтар кедейшілік жағдайда өмір сүруге мәжбүр болды.
Экономикалық зерттеулердің нәтижелеріне қарайтын болсақ, Иранның Исфахан, Мазендеран, Лурестан, Хузестан қалаларында жұмысшылардың табысы күніне 50 риалдан аспаған ресми мәліметтер бойынша мамандандырылған жұмысшылардың айлық еңбекақысы 1961-1962 ж. ж. орта есеппен 2500 риалды құраған, ал шын мәнінде бұл көрсеткіш әлде қайда төмен болған. 1961 ж. 29 мамырындағы «Кейхан» газетінің мәләмдеуі бойынша барлық жұмыспен қамтылған халықтың 87 проценті 2500 риалдан төмен кіріс алған, яғни бұл ресми төменгі өмір сүру көрсеткішінен 12 есеге артық болған, ал осы жылдар ішінде өмір сүру индексінің құны 12 есеге өскен.
Бағаның тоқтаусыз өсу қарқынында халықтың көп бөлігі аштық жағдайында өмір сүруге мәжбүр болуы кедейшілік, аштық, антисанитария өз ізін қалдырмай қоймады. Елде эпидемиялық аурулар өршіді, көптеген аймақтар медициналық көмекке қолдары жетпеді. Жалпы ел ішінде 20 мың дәрігерлік орын болса соның 8 мыңы Тегеранда орналасты. Жағдайды медициналық жұмысшылардың тапшылығы ушықтырды. Елдегі 5 мың дәрігердің 4700 Тегеран және басқада ірі қалаларда жұмыс істеді, ал 45 мың ауылды мекендерге небары 300 дәрігер тура келді. Балалар өлімінің көрсеткіші өте жоғары болды, жас балалардың 80 процетке жуығы 4 жасқа дейін жетпей өліп отырады. [14; 23-28 б. ]
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу және орта Шығыс халықтарының ұлт-азаттық және демократиялық қозғалысы Иранды да қамтыды. Елде демократияландыру күресін 1945 ж. құрылған Иранның ұлттық партиясы (Туде) басқарды. Осы ретте өз биліктерінен айырылғысы келмеген және елді демократияландыруға қарсы шыққан Иранның билік өкілдері импералисттік державалардар көмек сұрады. Олардың ерекше сенім білдіргендері АҚШ болды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өзін «капитализм қатерінен» «әлемді азат етуші » ел ретінде сезінген АҚШ өзінің пиғылының таза екендігін және оның ұмтылысы Иранды «батыс өркениетіне » қосу екндігін БАҚ арқылы насихаттап отырды.
Импералиттік державалармен жақындасу жолына түскен Иран үкіметі бірте-бірте өзінің жеке даралығынан айрыла бастады. АҚШ империализміне бағытталу арқылы Иран күрделі әлеуметтік-экономикалық проблемаларға әкеліп соқтырды. Иран үкіметінің бұл әрекеті АҚШ-тың Иранды экспансиялауына және елді өндірістік дамуын халықаралық монополиялық капиталға бағындыруына жол ашты.
Соғыстан кейінгі жылдары Иранның билік өкілдері ел экономикасын тығырықтан шығаруға бағытталған біршама әрекет жасады. 1946 ж. Квама ос-Салтане үкіметі елді экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан реконструкциялауға бағытталған жеті жылдық жоспарды жасауға кірісті. Бірақ, бұл жоспарды жасау үшін Иранның жеткілікті дәрежеде кәсіби мамандары болған жоқ және бұл жоспарды жүзеге асыруға қажетті қаржының мүмкіндігі төмен болды. Осы мәселелерді шешу мақсатында Иран үкіметі АҚШ-тан жеті жылдық жоспарды жасауға және оны қаржыландыруға көмектесін сұрады. Осы ретте АҚШ-тың алдында Иран экономикасын өз мүддесінде пайдалануына жол ашылды. Американдық «Моррисон-Надсен» және «Оверсиз Консалтанс» фирмалары жеті жылдық жоспарды құрастыруда консультант ретінде елге шақырылды. [14; 45 б. ]
Бірақ ел экономикасын құлдыраудан алыпшығарудағы шах режимінің әрекеттері нәтижеге алып келмеді. Көптеген себептердің әсерінен алғашқы жеті жылдық жоспарды (1949-50, 1955-56) жүзеге асыру нәтиже берген жоқ. Англия мен АҚШ-тан келген көптеген кеңесшілер жоспарлау комитеті мен экономика министрлігінде негізгі әрі маңызды орындарды ұстап алып, елдің өндірістік дамуын әдейіге тежеумен болды. Онысы түсінікті де, олардың негізгі мақсаттары өздерінің монополиялық капиталы үшін өндірістік база табу және оны инвестициялау көздерін қарастыру болып табылады. Ипералисттік державалар жоспарлау коммитеті алғашқы орынға әскер-стратегиялық обьектілердің салынуын жүзеге асуына қол жеткізді.
Бірінші жеті жылдық жоспардың нәтижесіз болғанына қарамастан Иран үкіметі ел экономикасын жоспарлы түрде дамытуға шешім жасап, келесі жеті жылдық жоспарды жасады, оны 1956 ж. Иранның мәжілісі бекітті.
Жеті жылдық жоспардың жүзеге асырылу кезеңінде импералисттік державалар Иранның валютаға деген мұқтаждығын түсініп оған көптеген кредиттер мен займдар бере отыра, елде өз позицияларын күшейтіп, Тегеранның оларға қажетті саяси экономикалық бағытты жүргізуіне қол жеткізбек болды. [15; 12-13 б. ]
Екінші жеті жылдық жоспар ресурстарды мобилизайиялауды, шетел капиталын көптеп тартуды, елдегі жеке кәсіпкерлікті қолдауға және капитализмді өсіруге бағытталды. Осы мақсатта 1957 ж. Жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заң қабылданды . заң бойынша кәсіпкерлікті банктер арқылы несиелеу қарастырылды. Жеке кәсіпкерлікке бағытталған несие көлемі 1955 ж. 7, 6 млрд. риалды құраса, 1958 ж. басында бұл көрсеткіш 14, 7 млрд. риалға жеткен. Осы уақыт ішінде мемлекеттік секторды несиелеу 1, 8 млрд-тан 18, 9 және 20, 7 млрд. - қа деін өскен. Тек қана жергілікті капитал ғана емес шетелдік капитал да көптеген жеңілдіктерге ие болды. Мұндай саясат Ирандағы капиталисттік қатынастардың дамуын және сауда операцияларын несиелеумен айналысатын жеке банктердің пайда болуына алып келеді деп жоспарланды. Егер 1956 ж-ға деін иранда 13 қана банк болса, 1956-59 ж-ға дейін тағы да 14 банк пайда болды. [6; 1-2 б. ]
Көптеген Ирандық авторлардың сөзіне қарасақ та екінші жеті жылдықтың нәтижесінде едәуір әлеуметтік экономикалық өзгерістер болған жоқ. Ауылды жерлерде сақталып қалған жартылай феодалдық жүйе Иранның ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік берген жоқ. Жер онда жұмыс істейтін шаруаның меншігі болған жоқ. Осы уақыт аралығында ауыл шаруашылығына небары 23464 млн. риал жұмсалды. Бұл ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы негізгі рөл ойнайтынын ескермегенде, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін халықтың 56, 2 пайызы шоғырланған.
Жартылай феодалдық қатынастар аграрлық саладағы технологиялардың ескі болуы, жердің тұздануынан сақтандыратын әдістердің болмауы егін науқанының төмен болуына алып келіп соқтырды. Иран бидай, арпа, күріш сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін сырттан ипорттауға мәжбүр боды. 1961-1962 ж. ж. осы өнімдердің импорты 126000 тоннаға жеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz