Қазақстан Халық Банкінің экономикалық сипаттамасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 бөлім. Төлем карточкалар нарығының теориялық аспектілері . . . 6

1. 1. Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі . . . 6

1. 2. Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы . . . 14

1. 3. Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық

аспектілері . . . 21

1. 4. Банкомат - электронды төлем жүйесінің элементі ретінде . . . 27

2 бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық сипаттамасы . . . 31

2. 1. Қазақстан Халық Банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы . . . 31

2. 2. Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкалары арқылы

көрсетілетін қызметтер . . . 34

3 бөлім. Төлем карточкаларының даму перспективалары мен

механизмдері . . . 42

3. 1. Қазақстан Халық Банкі шығаратын төлем карточкаларының

түрлері . . . 42

3. 2. Қазақстан Халық Банкінің карточкаларын ұстаушыларына салыстырмалы талдау . . . 47

3. 3. Төлем карточкалар нарығының кемшіліктері мен оларды дамыту перспективалары . . . 54

Қорытынды . . . 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе.

Қазақстан Республикасындағы соңғы он жыл адам өмірінің барлық сферасына және экономикаға әсер ететін ғылыми-техникалық прогрестің өсу темпімен белгіленеді. Экономикалық субъектілерінің ара-қатынастарын орталықтандыру үшін бірінші кезекте ақпараттық технологиялар мен электронды коммуникациялар тұратын жаңа техникалық жетістіктер қолданылады. Соңғы жылдарда банкке келмей-ақ банктік төлемдерді жүзеге асыруға және дүкендерде пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысуға мүмкіндік беретін төлем жүйелері пайда болды. Қазіргі төлем жүйелерінің дамуымен электронды ақшалардың пайда болуы тығыз байланысты. «Электронды ақшалар» сөз тіркесі Батыста да, Қазақстанда да кең таралған.

Электронды ақшаларды қолданатын төлем жүйелерінің ерекшелігі болып эмитентке алдын-ала төленген құнының эквиваленті микропроцессорлы картада сан түрінде сақталады.

Электронды ақшалардың таралуы бірқатар сұрақтармен байланысты. Солардың ішінде ақша массасының көлеміне электронды ақшалар эмиссиясының ықпал етуі, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының бұрынғы тәсілдерін жүзеге асыра алу қабілеті мен жаңа экономикадағы банк жүйесінің рөлі. Электронды ақшалардың басты артықшылығы - қолма-қол ақшалар және чектермен салыстырғанда транзакцияның төмен құнында. Дамыған елдерде қолма-қол ақша айналымы ЖІӨ-нің 2-3% құрайды.

Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.

Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын, қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.

Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.

Төлем карточкасы - бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т. б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.

Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі. Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді. Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN, ЕРТІС, Каспийский) қолданылады. Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International, Europay International, American Express, HSBC, Dinners Club International) . 1

Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі - олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады. Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.

Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды әмияндарды (кошелек) » белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық халықаралық карточкалар түрлері бар.

Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:

  • халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
  • алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
  • магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.

Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда төлем карточкалар нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау; карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкаларына талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымына толық түсінік берілген, төлем карточкалардың түрлері мен құрылымы талданған, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың рөлі анықталды, Қазақстан Халық Банкі төлем карточкаларының түрлері толық талданып, олар арқылы көрсетілетін қызмет түрлеріне беріліп, Халық Банкі төлем карточкаларының ұстаушыларына салыстырмалы талдау жүргізілді.

Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық Банк болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны соңғы екі жылда 3, 6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.

Зерттеу көрсеткіштері болып төлем карточкалар нарығының дамуы туралы отандық және шетел авторларының кітаптары мен журналдары табылады, заңдар, нормативті құқықтық актілер.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Халық Банкінің мәліметтері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Төлем карточкалар нарығының теориялық аспектілері.

1. 1. Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі.

Ақша қоғамдық қарым-қатынаста өзіне тиесілі қызметтерді ғана атқарады. Жинақтау құралы ретінде ақшалар банктік және басқа да шоттарда заңды және жеке тұлғалардың салымдары ретінде сақталады. Ақша айналымының ерекшелігі болып оның ағымдылығы және үздіксіздігі табылады. Ақша айналымын жалпы алғанда негізгі орынды қолма-қолсыз айналым алады.

Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді. Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі - студенттен зейнеткерге дейін - карточканы пайдаланады. Бірақ та бұл әлі жетістік емес және де 2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің қажеттілігін және қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.

Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші банктік бағдарлама 1994 жылы Қазақстан Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа және Жапонияда карточка 100 жылға жуық айналымда жүр. Карточканың төлем құралы ретінде пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың аяғына таман пайда болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің «Взгляд в прошлое: 2000-1887» атты кітабында айтылған болатын.

Бірінші несие картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation of California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай өнімдері саудасында пайдаланылды.

1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші болып металл пластинкалар шығарды, онда мекен-жай эмбоссирленіп, несиеге қабілетті клиенттерге берілді. Саудагер бұндай пластинканы арнайы құрылғы-импринттерге салып, ондағы ақпараттар сауда чегіне шығатын.

Бірінші кең ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы пайда болған «Dinners Club» компаниясы болды. Бұның негізгі ерекшелігі клиент пен коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс істеді. 1952-1953 жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада, Мексикада, Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын пластикалық карточкаларға ауыстырады.

Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге қолдану 1969 жылмен белгіленген. Пластикалық карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі француз журналисі Ролан Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды микросхемасы бар карточкаларды пайдалануды ұсынды. Микросхема орналастырылған пластикалық карточкалар «интеллектуалды», чип (chip) немесе смарт (smart) -карточкалар деп те аталады.

Карточкалардың даму кезеңдері төмендегі кесте 1. 1 және кесте 1. 2. берілген.

Кесте 1. 1

Карточкаларға қызмет көрсету мен оларды дайындау технологиясының даму тарихы.

Жылдар
Мағынасы
Жылдар: 1914
Мағынасы: АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен картонды несие карточкаларының шығуы.
Жылдар: 1928
Мағынасы: Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының пайда болуы. Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады.
Жылдар: 1940 жылдар
Мағынасы: Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды өндіруді арзандата түседі.
Жылдар: 1960 жылдар
Мағынасы: Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда сәйкестендірме ақпараттарды кодталған түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код транзакцияны жүргізуді қауіпсіздендіреді.
Жылдар: 1974
Мағынасы: Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы бар карточкалардың пайда болуы.

Кесте 1. 2

Карточкалық есеп айырысулар жүйесінің даму эволюциясы

Жылдар: Жылдар
Оқиғалар: Оқиғалар
Жылдар: 1910 жылдар
Оқиғалар: Бөлшек сауда кәсіпорындары мен мұнай компанияларының карточкаларының пайда болуы
Жылдар: 1946
Оқиғалар: Флэтбуш Джон С. Биггинс несиелік сызба бойынша жұмысты ұйымдастырды
Жылдар: 1949
Оқиғалар: Фрэнсис Макнамара Dinners Club бірыңғай төлем жүйесінің негізін қалады
Жылдар: 1950 жылдар
Оқиғалар: Бір банктің төлем жүйесін жүзеге асыратын американдық банктердің жекеменшік карточкалық бағдарламаларын белсенді түрде өткізу
Жылдар: 1958
Оқиғалар: American Express компаниясының пайда болуы
Жылдар: 1966
Оқиғалар: Bank of America басқа банктерге BankAmericard карточкаларының шығарылуына лицензия бере бастауы және Bank Americard Service Corporation ұйымын жеке ұйымдастырады. Төлем жүйесі көп эмитентті болады.
Жылдар: 1968
Оқиғалар: EuroCard International компаниясы Interbank Card Association, MasterCard-пен келісімшарт жасаты
Жылдар: 1969
Оқиғалар: Bank of America бәсекелестері МКА компаниясының негізін қалады
Жылдар: 1969
Оқиғалар: «Интурист» Dinners Club-пен карточкаларды қабылдау туралы келісімшарт жасасты
Жылдар: 1970
Оқиғалар: Шілде айында National BankAmericard Incorporation-NBI пайда болды. Bank of America-ның лицензияларды беру бойынша монополиясы аяқталды
Жылдар: 1971
Оқиғалар: Worthen Bank and Trust Company of Little Rock MasterCard және Visa-ның мүшесі болды
Жылдар: 1974
Оқиғалар: MasterCard «AccessCard» британ жүйесімен келісімшарт жасасты
Жылдар: 1974
Оқиғалар: American Express КСРО нарығына келді
Жылдар: 1975
Оқиғалар: Dinners Club корпоративті карточкалар жүйесін жүзеге асырады
Жылдар: 1975
Оқиғалар: MasterCard және EuroCard КСРО нарығына келді
Жылдар: 1976
Оқиғалар: MasterCard Visa карточкалық бағдарламасына өз карточкаларының эмитенттерінің қатысуына тыйым салуын алып тастады
Жылдар: 1989
Оқиғалар: КСРО Внешэкономбанк «EuroCard» карточкаларын шығарды
Жылдар: 1991
Оқиғалар: Ірі ұлттық компаниялар үшін корпоративті карточкалар бағдарламасының жүзеге асырылуының басталуы
Жылдар: 1991
Оқиғалар: КСРО Кредобанктің бірінші Visa карточкаларын шығаруы
Жылдар: 1992
Оқиғалар: EuroCard International S. A., Eurocheque International S. C. және Eurocheque International Holdings S. A. компаниялары бірікті. Жаңа ұйым Europay International деп аталды
Жылдар: 1993
Оқиғалар: Сәуір айында Автобанк және Инкомбанк «Юнион Кард» жүйесін құрды. Қазан айында Мост-банк МКА және НБИ жүйелерінің карточкаларының эмиссиясы туралы хабарландыру жасады
Жылдар: 1994
Оқиғалар: «AlemBank Kazakhstan» банкімен AlemCard жергілікті карточкалары шығарылды
Жылдар: 1995
Оқиғалар: «AlemBank Kazakhstan» банкімен Visa жүйесінің карточкалары шығарылды
Жылдар: 1996
Оқиғалар: «Қазкоммерцбанк» MasterCard жүйесінің карточкалары шығарылды
Жылдар: 2000
Оқиғалар: «Қазкоммерцбанк», «Халық Банк», «ТұранӘлемБанк» Visa және MasterCard жүйелерінің карточкаларын шығарады
Жылдар: 2001
Оқиғалар: Қазақстандық банктерге MasterCard және Visa жүйелерінде VSDC және Mchip карталарының EMV эквайрингін және эмиссиясын жүзеге асыруға сертификат берілді

Алғаш рет төлем карточкалары Америкада 50 жылдардың басында пайда болды. «Dinners Club International» компаниясы ең алғаш болып хаалықаралық пластикалық карточкаларын шығарды. Одан кейін «DCI» және «American Express» компаниясы мен «Интурист» акционерлік қоғамы арасында бұрынғы КСРО территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісімшартқа қол қойылды. Артынан «Visa» және «Eurocard-Mastercard» компанияларымен, тағы он жылдан кейін «JCB International» компаниясымен келісімшартқа қол қойылды.

Қазіргі таңда әлемде үш ірі төлем жүйесі белгілі: «Visa International», «Europay-Mastercard International», «Dinners Club International».

«Visa International» - карточкаларының саны мен айналымы бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі болып табылады. 1972 жылы Bank of America базасында негізі қаланған. Компанияның иелері - бүкіл әлем бойынша 21 мыңнан астам қаржы мекемелері. Басқару органы - Директорлар кеңесі, ол ең белсенді мүшелердің арасынан таңдалады (шығарылған карточкалар саны мен орындалатын операцияларының көлеміне байланысты) . Директорлар кеңесі президентті тағайындайды. Штаб-пәтері Сан-Матеода орналасқан. Мүшелермен аймақтық Директорлар кеңесі арқылы байланысады. Әлемдік нарықтығы үлесі - 50 % шамасында.

Eurocard-Mastercard International- америкалық Mastercard және европалық Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі - 20 % шамасында. Visa сияқты компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.

American Express - пластикалық карточкалар нарығында карточкалар көлемі жағынан үшінші компания болып табылады, карточкаларының жалпы көлемі 18 % шамасында. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express корпоративтік қаржылары автоматты түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен қамтамасыз етеді.

Dinners Club International (DCI) - бірінші болып пластикалық карточканы 1949 жылы шығарған американдық компания, карточкалар алғашында Нью-Йорк ресторандарына арналған болатын. Кейіннен Dinners Club карточкалары бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты саяхатшыларға қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық тобына 100 % тиесілі және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың әлемдік нарықта алатын орны көп емес, шамамен 2 %.

JCB International 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон банктерімен шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және Ұлыбританияда негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып шығарылады. Әлемдік нарықта алатын орны 1 % шамасында.

Қазіргі нарықтағы пластикалық карточканың жалпы көлемінің үлесі бойынша рөлдерінің бөлінуін төмендегі сурет 1. 1 көруге болады:

Сурет 1. 1 Шығарылған карточкалардың жалпы көлеміндегі әлемнің басты компанияларының үлесі.

Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар Стандартизация бойынша халықаралық ұйыммен (ISO-International Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар төмендегідей:

  • ұзындығы - 85, 6 мм;
  • ені - 54 мм;
  • қалыңдығы - 0, 76 мм;
  • карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті сызық болуы керек.

Соңғы 10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз ақша айналымын ұйымдастыруда және оның технологиясында түбегейлі және елеулі өзгерістер болды. Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер кем дегенде бір апта бойы жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды. Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді.

Қазіргі таңда қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер, квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.

Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік сфера мен төлем жүйесіне де әсер етті. 1980-жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты арнайы банктер жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың басындағы реформа мемлекеттік емес коммерциялық банктер массасын құруға, мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда төлем қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде. Кеңестік дәуірінде отандық төлем жүйесі өз технологиясы бойынша шетелдіктерден елеулі түрде артта болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік шетелдік банктер белсенді түрде халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және ол үшін батыстық төлем жүйелерінің технологиясын қолданды. 1980-жылдардың аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды және VISA пластикалық карталарына қызмет көрсетуде делдалдық рөл атқарды. Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде American Express жүйесінің өкілеттілігі ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы) Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.

1990 жылдардың ортасынан бастап пластикалық карталар немесе экспресс-аударулар сияқты жүйелерді жаппай енгізу қолға алынып, сол кезде отандық компаниялар бағдарламалық қамту өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі жоғары шешімдер қабылдай бастады.

Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады. Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды. Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық төлем жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың басында басталып, тек қана 90-жылдардың ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады. Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары - микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен әр түрлі қызмет көрсету түрлерін қамтыған.

Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т. б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады2.

Несиелік карточка - оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. Несие карточкалары клиентке ссуда берілгенін білдіреді. Барлық несиелердегі сияқты, карточканың берілуі карточканы шығаратын банк пен клиент арасындағы келісімшартты білдіреді. Келісімшартта пайыздық ставка, карточканы пайдаланғаны үшін жылдық төлем, несиені пайдаланудың мерзімі және т. б. шарттар айтылады. Несие тек банкпен ғана емес, сонымен қатар American Express сияқты мамандандырылған компаниялармен беріледі.

Дебеттік және несиелік карточкалардың айырмашылықтарын төмендегі кесте 1. 3 көруге болады.

Кесте 1. 3

Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы қасиеттері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физикалық клиенттердің банктік салымдардың есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Халық банк акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы
Банкноталарды айырбастау тәртібі
«БТА Банкі» АҚ-ғы ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері
Шағын және орта бизнесті несиелендіру
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Сақтандыру ұйымдардағы қаржылық менеджмент
Банктік операциялардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz