Арагон ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6
1. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ.
1. 1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты . . . 7-13
1. 2. Қаржылық жағдайды талдау әдістері . . . 13-17
1. 3 Қаржылық жағдайды экспресс-талдау . . . 17-25
2. «Арагон» ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.
2. 1. «Арагон» ЖШС техника-эконималық мінездемесі . . . 25-28
2. 2. «Арагон» ЖШС-ның қаржылық жағдайын талдау . . . 28-53
2. 3. «Арагон» ЖШС қаржылық жағдайына баға беру . . . 53-58
3. «Арагон» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.
3. 1. Кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі мәселелері . . . 58-59
3. 2. «Арагон» ЖШС қаржылық жағдайын жақсарту
жолдары . . . 59-63
Қорытынды . . . 64-70
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 71-73
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика кең құлаш жаюда. Оған қоса, шаруашылық процесінің реттеуші механизмінің негізі болып табылатын бәсекелестік те дами түсуде. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір шаруашылық субъектісінің қызметі, оның қызмет ету нәтижелеріне қызығушылық танытатын нарықтық қатынастарға қатысушылардың кең шеңберінің назарын аударып отыр. Ал оны, нарықтық қатынастарға қатысушылар мекемелердің шаруашылық қызметіне талдау жасай отырып және қаржылық талдау көмегімен бағалайды.
Талдау (“analisis” грек сөзінен) - зерттеліп отырған субъектіні, оларды зерттеу және түрлі факторлар ықпалынан өзгеру тенденцияларын айқындау мақсатымен, бөлшекті түрде мүшелендіру, берілген объектіге тән субъектіні элементтерге, бөліктерге бөлу.
Талдау процесі, соның ішінде қаржылық талдау, мекеменің өндірісті- шаруашылық қызметін аналитико-синтетикалық үш кезеңдік зерттеумен негізделген:
- Өндірістің нәтижелілігін анықтайтын маңызды факторлар жүйесін бақылау мен тіркеу кезеңі;
- Математикалық, графикалық, матрицалық үлгі түріндегі маңызды факторлар арасындағы өзара байланысты сипаттауға, табуға және олардың даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеліп отырған жүйені абстракциялық үлгілеу кезеңі;
- Айтарлықтай экономикалық жолмен көзделген мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін басқарушылық рационалды шешімдерді жетілдіру кезеңі.
Нарықтық экономикада алға қойылған міндеттер қатарын шешуге мүмкіндігін беретін өздігінен бағыт бұрыннан қалыптасқан, ол бізге “Нарықтық талдау” деп белгілі. Кәсіпорындардың қаржылық есеп беретін қолданушылардың бәрі өз мүдделерін оптимизациялау бойынша шешім қабылдау үшін қаржылық есеп берулерді меншік капиталының табыстылығын жоғарылату үшін, фирма жағдайын тұрақтандыру қамсыздандыру үшін талдайды. Қарыз берушілер мен инвесторлар қарыздары мен салымдары бойынша өз тәуекелділіктерін минимизациялау үшін қаржылық есеп берулерге талдау жүргізеді. Осылайша қабылданатын шешімдер саласы бірінші орында шешімнің аналитикалық қалыптасу саласына тәуелді.
Бухгалтерлік есептің жаңа шоттар жоспарын жүргізу, халық аралық стандарт талаптарына көп мөлшерде сай келетін бухгалтерлік есеп беру фомасын келтіру қаржылық талдаудың жаңа әдістемелерін, нарықтық экономика шарттарына сәйкестендірілуінің қажеттілігін туғызады. Мұндай әдістемелер серіктесті таңусыз кезінде, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық дәрежесін анықтауда, іскерлік белсенділікті бағалау және кәсіпкерлік қызмет тиімділігіне керек.
Негізгі (ал жағдайлар қатарында жалғыз да болып) серіктестің қаржылық қызметі туралы, ақпарат көзі болып бүхгалтерлік есеп табылады, ол баршаға мәлім болуы керек. Кәсіпорын есеп беруі нарықтық экономикада қаржылық есеп берілгендерін жалпылауда негізделеді және кәсіпорынды қоғаммен және серіктестермен байланыстыратын - кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылар - ақпараттың буыны болып табылыды.
Талдау субъектісіне кәсіпорын қызметіне қызығушылық білдіретін ақпаратты қолданушылар жатады. Қолданушылардың бірінші тобына кәсіпорын құралдарының меншік иелері, банктер мен басқа да несие мекемелері, жеткізіп берушілер, клиенттер (сатып алушылар), салық органдары, кәсіпорын персоналы және басқарма.
Қолданушылардың екінші тобына- анализ субъектілері, яғни қолданушылардың бірінші тобының мүдделерін келісім шарт бойынша қорғауға міндеттілер. Оларға аудиторлық фирмалар, кеңес берушілер, биржалар, заңгерлер, баспасөз, ассоциациялар, профсоюздар жатады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін негізгі ақпарат көзі кәсіпорынның бухгалтерлік балансы болып табылады. Оның арналуы үлкенділігі соншалықты, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды жиі баланс талдауы деп атайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда қосымша ақпарат көздеріне мыналар жатады:
- Қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп беру;
- Ақша құралдарының ағымдары туралы есеп беру.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның бұрынғы жағдайына қатысты оның болашақтағы өмір сүру қабілеттілігін болжамдау мақсатында дұрыс қорытындылар алу үшін ақпаратттарды жүйелі түрде қарастыру және бағалау. Мұндай талдау маңызды сипаттамаларды - өндірістік және қаржылық, яғни фирманың сәттілік және банкроттық ықтималдығын анықтаушы сипаттамаларды, нақты бекітуге мүмкіндік береді. Ал атап айтқанда:
- Қаржылық құрылымын каинаның активтері және осы активтерді қолдау үшін алынған міндеттемелер, сонымен қатар компанияның жоспарланушы және жоспарланған өзгерістері мен олардың бұл істе икемділігін жүзеге асыру қабілеттілігі;
- Оперативті цикл- компания өтетін, оның өнімдері мен қызметтері нарыққа түсу кезіндегі, кезеңдері;
- Тенденциялар және салыстырмалы тиімділік - компанияның дамуын оның көріністен бағыттау, осы және басқа компаниялардың берілген саладағы жылдар ішіндегі қаржылық нәтижелері мен сәйкестендіру негізінде.
Дипломдық жұмысты орындау үшін менімен “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары” тақырыбы таңдалды. Таңдалған тақырыптың өзектілігі мен таңдауға негіздеме болғаны - ол банктердің өз активтерінің айтарлықтай бөлігін коммерциялық клиенттерге қарыз ретінде инвестициялауы. Көрсетілген себеп бойынша қарыз алушы - фирмалардың қаржылық жағдайы туралы талқылаудың қажеттілігі туындайды. Қаржылық жағдайды талдау банк қызметкерлеріне қарыз беру туралы шешім қабылдауға қажет, маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Берілген тақырыптың таңдалуының екінші бір себебі, қаржылық талдаудың және жалпы айтқанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың пайдалылығы. Бұл пайдалылық өндірістік процестің барлық кезеңдерінде пайдалынылмаған резервтерді айқындаумен, экономика дамуының қарқынын жоғарылытумен, шаруашылықта резервтерді ең дұрыс жолмен пайдалану және экономиканың қатуаларын сақтаумен аз шығын жасай отырып, аса көп нәтижелерге қол жеткізумен сипатталады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша және жағдайды тұрақтандыру бойынша әрекеттер жасау құралы болып саналатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау табылады. Көздеген мақсатқа жету үшін, берілген дипломдық жұмыста қаржылық талдауды жүргізудегі маңызды кездер мен бағыттар теориялық сияқты, тәжірибе жүзінде де қарастырылған.
Берілген жұмыстың негізгі міндеті болып теориялық негіздерді зерттеу мен кәсіпорынның қаржылық қызметін талдауды тәжірибелік әдеттерді алу болып табылады. Берілген жұмысты орындау процессі экономикалық процессте маңызын түсіну, олардың өзара байланысы мен өзара тәуекелділігі, экономикалық жағдайларды бағалау мен қойылған мақсатқа жету үшін шешімді таңдау қажеттілігін білдіреді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыттар теориялық қорытындылар мен тәжірибелік есептер арқылы бекітіліп, дәлелденген.
Осылайша, бүгінгі күнде қаржылық талдау кәсіпорынның дұрыс қызмет ету және оның әрі қарайғы әрекеттерін жоспарлауының құралының бірі болып табылады. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы экономиканың қазіргі кездегі даму кезеңінде актуалды болып саналады.
Дипломдық жұмыстағы зерттеу объектісі болып “Арагон” ЖШС табылады. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты “Арагон” ЖШС кәсіпорындарында қаржылық талдау жүргізу және оның негіздерін зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен тұрады.
1. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ.
1. 1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады»1 деп жазған. Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді». В. М. Радионова мен М. А. Федотова «кәсіпорынның қаржылық жағдайы - қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады. Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы-бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу»-деп жазады. С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің қөзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін біріңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық.
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорынға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз - өз қаражаттары есебінен активтерге жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады. Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы». В. М. Родионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсідіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы-қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді. "Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін: сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорьнның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».
В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында_өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В. Т. Артеменко мен М. В. Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А. Д. Шеремет мен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар «қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі» - деп тұсіндіреді. Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да дәл осындай көзқараста. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мұмкіндігін көрсететін төлем кабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:2
- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады. Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады. Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі-активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындығы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі, яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестерімен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартылымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғаннын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шещімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражаттарының болмауына, ал көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесідер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен оладрың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстық өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz